Сыныптан тыс жұмыс



І. Кіріспе 3 . 4 беттер.
Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты
ІІ. Негізгі бөлім 5 . 25 беттер.
1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс . тәсілдері.
2. Сыныптан тыс оқыту . тәрбие жұмысының негізі.
ІІІ. Қорытынды 26 . бет.
Сыныптан тыс оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 . бет.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.
2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.
3. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996.
4. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы, 1992.
5. Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.
6. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
7. Әдебиет. (оқулы) 5 – 9 сынып.
8. Әдебиет оқу кітабына қосымша материал. Аллматы, 1997.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
3 – 4 беттер.
Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты
ІІ. Негізгі бөлім
5 – 25 беттер.
1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың
әдіс – тәсілдері.
2. Сыныптан тыс оқыту – тәрбие жұмысының негізі.
ІІІ. Қорытынды
26 - бет.
Сыныптан тыс оқытудың маңызы.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27
– бет.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен
оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті
процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал
оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында
оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла
жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз
қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады.
Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол
жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін
танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында
сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін
арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен
айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына
әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы
жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес.
Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын
арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие
беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі
болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың
салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие
беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі
тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс
пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың
бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен
шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін,
саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде,
инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда,
ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың
жас ұрпаққа берері көп.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы
негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме,
сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер
т.б.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың
пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет
үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне
әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді.
Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс
жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да
көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық
үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ.
Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, Шешендік өнер, Айтыс,
Термеші сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге
көптеп енгізілуде.
Әдеби үйірмелердің бір түріне Кітап достары немесе Кітап – білім
бұлағы деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны
мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері
кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, Құрметтейік те
көтерейік ананы! (8- наурыз қарсаңында), Менің Қазақстаным (Республика
күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі
сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы,
жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың
мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы
мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, Ұқыпты бала, Кітап
жанашыры, Білгір (кітап көп оқитын), Шапшаң немесе Алғыр (кітапты
тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық
ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде
мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті
кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек,
соған үйретеді, дағдыландырады.
Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені
осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар
драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның
өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма
үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен
тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме
жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс
жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы көркем
дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы
өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің
жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір
жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын
байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді.
Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан
үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының
көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен
адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді.
Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма
үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін
қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында
сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі
де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда
ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет
пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін
кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір
жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен
қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай
жоспар құруға болады.
Әдебиет үйірмесінің жұмыс жоспары.

рс Жүргізілетін жұмыстардың уақыты Кім жүргізеді?
тақырыбы
1 І тоқсан
Кіріспе
қыркүйек
Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі


2 Жұмыс түрлерімен таныстыру
1 Қазақстан Республикасының
ақын жазушылары
Қазан
2 Кітаптар көрмесі
1 ІІ тоқсан
Әдебиет пен өнер
Қараша
2 Әдеби шығармалардағы
кейіпкерлер
1 Қазақтың әдет-ғұрпы мен
тұрмыс-салты Желтоқсан
2 Ұлттық ою-өрнектер
1 ІІІ тоқсан
Қазақтың сөз зергерлері мен
шешендері Қаңтар
2 Мақал-мәтелдердің тәрбиелік
маңызы
1 Қазақтың хандары мен халық
батырлары Ақпан
Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
2 Ұлттық киім үлгілер
1 ІV тоқсан
Ұлттық аспап музыканың
түрлері Наурыз
2 Халық клмпозиторларының
ән-күйлері
1 Көркемөнерпаздар өнерінің
байқауы Сәуір
2 Қорытынды

Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан
тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы
жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді
долы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу
мәселесі туады.
Бұл көркем шығарманың идеялық – көркемдік құндылығы, көтерген
проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық
қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған
сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді
міндеттейді.
Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі.
Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған
шығармалар негізге алынады.
Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды
пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін
сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын
іздестірген жөн.1
Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім
оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке
алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан
тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған
көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта
оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын
әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы
дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда,
мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол
мүмкіндік беріледі. Сондай – ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға
қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа
нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға
болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген
шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы
алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын
болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі
жоқ. мысалы, 5 – сыныпта Ыбырайдың Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі
оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның Бақша
ағаштары, Мейірімді бала, Талаптың пайдасы, Әкесі мен баласы атты әр
түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында
талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді
негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5- сыныпта М.

1. Ә. Дайырова, С. Тілешова. Әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996. 39
бет.
Әуезовтың Әжемнің әңгімесін өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ.
Мүсіреповтің Ананың арашасы, Ананың әңгімесі, Ер ана әңгімелерін
сыныптан иыс оқуды дұрыс болып келеді.
Бағдарламада Әжемнің әңгімесінен кейін Ғ. Мүсіреповтің Жаңа достары
тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс –
сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері.
Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Халық
ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан
кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық
шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі
мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек.
Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген
жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан
жөн. Әсіресе, 5 – 8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты,
оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек.
Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-
теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді,
жояды. 5 – 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты –
оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар
әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке
сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, Бізде ертегі кейіпкерлері
қонақта атты кездесу сабағы немесе Алақай, Тазша баланың ертегісін
тыңдайық! атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.
Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі
басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары
жүргізіледі.
1. Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін
байқайды.
2. Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.
3. Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу
үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын
анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті
шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп
кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп, тәжірибені мұғалімдер
сыныпта Кітапхана бұрышын ұйымдастырады.
Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс-тәіслдерібар:
1. Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы.
2. Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
3. Топқа бөлініп кітап оқу.
4. Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.
Оқушыларға ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім өзі оқып, оның
мазмұнымен танысып алады. Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламаның
талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және
сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс
оқуға раналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпта аяқталмай қалған көркем
шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып
оны нақтылай, дәлелдей түседі.
Сыныптан тыс өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып
отырған дұрыс, немесе мынадай кесте толтыруға болады.

Та ав Шығыаманың Мәселелер Қысқаша пі Оқы
қы тор кейіпкер мазмұны кір ған уақы
рыбы лері тым
Жәмила Ш. Айтматов Жәми Соғыс, махаб Шынайы 22
ла, Данияр бат махаббат сәуір
айтылады.

Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер дәстүр мен
жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар сияқты
мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада жоғарғы сыныптар
үшін Әлем әдебиетінің асылдары, Адамзаттың Айтматовы, М. Әуезов әлемді
аралап кетті сияқты кітап көрмелерін жасап қоюға болады. Сондай- ақ осы
кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір,
аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып
келеді. Мысалы, Адамзаттың Айтматовы тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше
сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.
1. Айтматов Адамзаттың Айтматовы - осы бір атаудың мәні ашылады. Неге
қырғыздың Айтматовы адамзаттың Айтматовына айналды?
2. Бетпе бет повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген
адамзаттың проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?
3. Әлемді дүр сілкіндірген Жәмила. Жәмиланың әлемді таңқалдыру сыры
неде?
4. Ақ кеме. Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай
аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген?
5. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.
6. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм
мәселелері.
7. Жан пида романы. Романның осылай аталу себебі? Қалай ойлайсыңдар,
Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік
жасайды? Дала қасқыры. Адам қасқыры. Роман көтерген адамзаттың
көкейкесті проблемалар.
8. Айтматовтың әлемнің адамзат әдебиетіндегі орны.
Шығармаларды еркін танданып, сүйіп оқуға сыныптан тыс оқыту мүмкіндік
береді. Сыныптан тыс оқу мектептің оқу-тәрбие жұмысына қосатын үлесі
айтарлықтай.
Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі -
факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік
сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім
терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда
оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін
кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы –
кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке
байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы
керек. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми топтың
мүшелері М. Қ. Оразбаев,
М. Ж. Смағұлова халқымыздың салт – дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу
ісіне пайдалану мақсатында қазақ орта мектептерінің V – VI сыныптарына бір
сағаттан Қазақ халқының салт – дәстүрлері курсының бағдарламасы жобасын
ұсынады.
1. Қазақтың дәстүр - салттары туралы түсінік – 1 сағат.
2. Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер – 13 сағат.
3. Тұрмыстық салт – дәстүрлер – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формасы
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстардың формалары
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
Пәндер