Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны


Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: Студенттің өзіндік жұмысы
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері:
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: Тексеруші:
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері:
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: Орындаушы:
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері: тобы
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері:

Жоспар:

  1. Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны.
  2. Қауіпсіздік туралы түсініктеме.
  3. Қауіп-қатер туралы түсінік.
  4. Төтенше жағдай - түсініктеме. Оның топтастырылуы және себебі.
  5. Білім орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.
  6. Азаматтық қорғаныстың әскери және бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдың мақсаты мен тапсырмасы.
  7. Азаматтық қорғаныстың басқару орындары.
  8. Азаматтық қорғаныстың штабтары, қызметкерлері.
  9. Азаматтық қорғаныс туралы заңда қарастырылатын мәселелер.
  • «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттерді адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.

Курстың мақсаты :

  • Болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибемен қамтамасыз ету;
  • Табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда халықты, қоршаған ортаны қорғау жөнінде бағдар алып, шешім кабылдай білу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқытып-үйрету;

Курстың міндеті :

  • Халықты бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда қорғау әдістерін және зардабын жою, қорғану мәселесін үйрету;
  • Зардап шеккен адамдарды құтқару;
  • Зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрену;
  • Студенттерге жұқпалы аурулардың алдын алу мен алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуге үйрету;
  • Қазіргі заманғы зақымдағыш құралдармен таныстырып, зардаптың алдын алуды білуге үйрету.
  • Қауіп-қатер туралы түсінік

Қауіп-қатер - адамдарды зақымдайтын, оларға материалдық шығын келтіретін, қоршаған ортаға қиратушылық әсер ететін құбылыстардың немесе үдерістердің пайда болуы ықтимал жағдай.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.

Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі.

Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

  • адамның өзі;
  • өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

  • Төтенше жағдай

Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.

Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар) ;
  • апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Төтенше жағдай пайда болу жағынан - табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.

  • Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, т. б. жатады.
  • Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т. б. жатады.
  • Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т. б. жатады.
  • Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.
  • Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер, терроризм, геноцид, соғыс және басқалар кіреді.
  • Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.

Білім орындарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру

Мектептер мен оку орындарында Азаматтық корғанысты ұйымдастыру аумақтық-өндірістік принцип бойынша жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс бастығы оқу орнының жетекшісі болып табылады. Штаб, қызмет орындары, эвакокомиссия және азаматтық қорғаныс құрылымдары құрылады.

Ірі оқу орындарында азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып қызметтен босатылған, лауазымы штаттық кестеге кіретін кызметші тағайындалады; шағын оку орындарында азаматтық қорғаныс штабы бастығының міндеттерін негізгі жұмысынан босатылмаған (оку ісі бойынша меңгеруші) қызметкерлердің бірі орындайды. Эвакокомиссия төрағасының қызметін, әдетте, мектептегі оку ісінің меңгерушісінің бірі орындайды.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы - ректор.

Оку орындарындағы кұрылымдар негізінен өз объектілеріндегі адамдарды құтқару бойынша шараларды жүзеге асыру үшін кұрылады.

Ірі оқу орындары мынадай құрылымдардан тұрады:

  1. құрама және кұтқару жасақтары (командалар, буындар) ;
  2. барлау топтары (буындар) ;
  3. байланыс топтары (буындар) ;
  4. өртке қарсы командалар;
  5. апатты-техникалық командалар (топтар) ;
  6. залалсыздандыру командалары;
  7. санитарлық постылар;
  8. санитарлық дружиналар;
  9. санитарлық дружиналар жасағы;
  10. коғамдык төртіп тасаларын күзету командалары (топтар) ;
  11. паналарға күтім көрсету топтары (буындар) .

Азаматтық қорғаныстың әскери және бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдың мақсаты мен тапсырмасы.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды.

ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заң ҚР аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің міндеттері, ұйымдасуы мен қызмет әрекеттері қызмет туралы ережелермен анықталады, ол Азаматтық қорғаныстың сәйкесінше бастығымен келісіледі. Республикалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары Қызметтер туралы ережені әзірлеп, бекітеді, қызметтің ведомоствосы орындау үшін міндетті нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығады.

  • Азаматтық қорғаныстың басқару органдары:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Фонетика онлайн оқыту курсын құру
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Ғылыми жұмыс жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz