Апаттар, авариялар, АЭС


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
- Апаттар, авариялар және АЭС-тен авария нәтижесінде туындайтын зардап аймақтарына сипаттама.
- Аварияның экологиялық салдары.
- Радиацияның көздері және авария кезіндегі жергілікті жердің радиоактивті ластануы.
- Табиғи апаттар.
- Эпицентр, гипоцентр дегеніміз не.
- Апаттардан қорғану.
Апат - (гр . katastrophe - өзгеріс, төңкеріс)
- кенеттен болған ауыртпалық; арты қайғыға соқтыратын жағдайлар - қирау, бүліну, жойылу, біреудің немесе бірнәрсенің қаза болуы; аса ірі әскери жеңіліс
- жеке және қоғамдық өмірде күрт өзгеріске әкелетін күйзеліс;
- жүйенің қирауына немесе оның жұмыс тәртібінің елеулі бұзылуына әкелетін секірмелі құрылымдық-функционалдық өзгерістер.
Табиғи-техногендік апаттардың жиілігі мен оны талдау негізінде келесідей түрлерін анықтауға болады:
- жер шарын шарпитын,
- жаһандық,
- ұлттық,
- аймақтық,
- шағын (жергілікті),
- нысаналы апаттар.
Табиғи-техногендік ортада апаттардың былайша жіктелуі оларды талдау әдістері мен жүйелерін және оларды болжау мен алдын алу бағытында жол сілтейді.
Атом электрстанцияларында (одан әрі - АЭС), ғылыми-зерттеу мекемелерінде - санитарлық қорғаудан тыс зонада қоршаған ортаның радиоактивті ластануы 100 және одан көп; АЭС үшін болуы мүмкін тәуліктік тастамалардан 10 есе артық радиоактивті заттардың шығарылуы; трансшекаралық таралуға әкелетін радиоактивті заттардың шығуымен болатын кез-келген авариялар техногендік сипаттағы аварияларға жатады.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді
Экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан аумағы жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аймақ болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында баршаға мәлім болған деректердің негізінің өзінде, экологиялық мәселенің ең күрделі, әрі көкейтесті екендігіне көз жеткіземіз. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64, 5 мың шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді құрады. 60-шы жылдардан бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19 метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км 3 -қа қысқарды. Теңiз суының минералдануы 33, 3-тен 60 г/л-ға дейiн екі eceге жуық көтерiлдi. Арал өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн. гектар құрайды. Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен орналасқан, 186, 3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы №520 қаулысымен 2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама бекiтiлдi.
Адамның іс-әрекетінің жанурлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жанурлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі ьір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір тү жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.
Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.
Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрьір азамат ззін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Біздің санамызда радиоактивтік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайды болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.
Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т. с. с. Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор.
Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті мыңдаған тоннамен есептеледі.
Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:
- ауа толқынының соққысы;
- жарықты сәулелену;
- өткір радиация;
- радиоактивтік ластану;
- электромагниттік импульс.
Ауа толқынының соққысы - жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшаңдықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.
Радиоактивті ластанудың салдары:
Табиғи апаттар.
Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Сел ( арабша сайль - жойқын тасқын ) - таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.
Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.
Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
ЖЕР СІЛКІНІСІ - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бӛлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Жер сілкінісінің негізгі сипаттамаларына: ошақ, гипоцентр, эпицентр, магнитуда қарқындылық жатады.
Жер сілкінісі Рихтер шкаласы бойынша өлшенеді:
Жер сілкінісін сейсмографпен өлшейді:
Су тасқыны.
Тасқын - қар мен мұздықтың тез еруінен және мол нөсер жаңбырдан өзен деңгейінің қысқа мерзімде күрт көтерілуі. Тасқынның су тасудан айырмашылығы жылдың кез келген уақытында болады. Егер Тасқын өзеннің жеке бір бөлігінде байқалса, онда бұл құбылыс ағыспен төмен қарай қатты шапшаңдықпен (жазық өзендерде - 5 км/сағ., тау өзендерінде 45 км/сағ. ) таралады. Күшті Тасқындар су басуына ұласуы мүмкін. Ағыны реттелген өзендер алқабына тасқын қауіпті емес.
Су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысында, көп жылдар бойы бақылау мәліметтеріне және алдын ала болжам есептерге сәйкес, жартылай немесе толығымен 15510 адам санымен 63 елдімекенді су алуы мүмкін. Су алу аймағына шаруа қожалықтары, теміржол және автожол көпірлері, авто және темір жолдарының телімдері түседі.
Ең қауіпті су алу жағдайы Бұқар жырау, Осакаров, Абай, Нұра, Шет және Қарқаралы аудандарында болуы мүмкін, өйткені көктемде қар ери бастаған кезде өзендердің суы 15 см бастап 3 м дейін көтеріледі және төмен тұрған телімдерге 0, 5 бастап 3 км дейін жайылады.
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз) . Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.
Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз.
Гипоцентр - жер сілкіну кезде пайда болатын тереңдегі ошақ. Одан жер сілкіну толқындары жан-жаққа таралады. Гипоценрт көбінесе 50км-ге дейінгітереңдікке орналасады, кейде одан да тереңге тіпті 700-800 км-ге дейін кетеді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz