Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ МЖБ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері»
Орындаған:
.
Тексерген:
ҚАРАҒАНДЫ 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ . . . 5 1. 1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субъектілері5
1. 2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары9
1. 3 Экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары және оларды шешу әдістері13
ІІ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 16 2. 1 Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары16
2. 2 Қаржы-қаражат жүйесі және оның шаруашылық механизмі19
ІІІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМІ . . . 24 3. 1 Мемлекеттік мекемелер жұмысын жаңаша ынталандыру және реформалау24
3. 2 Мемлекет монополист болмау қажет және адамдарға жақын болу қажет26
ҚОРЫТЫНДЫ28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ30
КІРІСПЕ
Экономикалық саясатты жүзеге асыру -- мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды бағыты. Экономикалық саясат ерікті нәрсе емес. Ол ұлттык экономикалық жүйенің мәнімен және мазмұнымен байланысты.
Экономикалық саясат пен оның дәреже сатысының нысанын аныктайтын елелі факторға сондай-ақ даму тұрпаты (теңесетін, өтпелі, салыстырмалы артыкшылықтар негізіндегі) ; үкіметтің экономикалық бағытының сипаты экономиканы эволюциялық кайта құру; түбегейлі қайта кұруды жылдамдату; экономикалық дамудың бір бағытын бір жақты ұстану; дамуға елдің ішкі және сырткы шектеулерін ескере отырып жан-жақты қарау және т. б. жатады.
Жалпы экономикалық саясат коғамда өктемді ететін сол немесе басқа экономикалық және қоғамдық идеяға байланысты таңдалады. Аталмыш байланысы саяси факторлар ыкпал етеді.
Нарыктық қатынастарға негізделген экономикалық жүйеде экономика субъектілерінің қызметіне барабар экономикалық саясаттың нысандар басымдық еді. Осындай саясат жүйесіндегі құралдар негізінен экономика субъектілерінің экономикалық мүдделеріне жанама ықпал жасайды, сол себептен экономикаға ықпал ететін тікелей әдістер де бір уақытта пайдаланылады.
Экономикалық саясат, әдетте, қайсыбір тұжырымдамаға негізделмейді, ол орныкты даму жағдайында нарықтық-тұжырымдамалық механизмдерге (әр түрлі елдерде бір уақытта немесе бір елдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде) ерекше назар аударылатын либералдық саясатты немесе дағдарыстың даму жағдайындағы мемлекеттің экономикасына мемлекеттің экономикаға көбірек аласуына басымдық берілетін дирижизмге негізделуі мүмкін. Экономикалық саясат таза экономикалық теориядан осылайша ерекшеленеді. Экономикалық саясатқа көптеген ішкі және сырткы, экономикалық және экономикалық емес факторлар ықпал етеді, көп жағдайда ол әртүрлі саяси күштердің ымыраға келуіні нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттің экономикалык саясатының нақты бағыттары мен нысандарын былайша жүйелеуге болады. Экономикалық саясатты экономиканың деңгейі мен экономикалық саясатқа ықпал ету тәсілі бойынша келесідей бөлуге болады:
- институционалдық саясатқа (экономиканы әкімшілік-құқыктық реттеу, меншік құқығын қорғауды күшейту және т. б. ) ;
- микроэкономикалық саясат (монополияға қарсы саясат, тауарлық нарықтар мен өндіріс факторлары нарығының инфракұрылымын қамтамасыз ету және т. б. ) ;
- макроэкономикалық саясат, оның ішінде:
- құрылымдық саясат;
- бюджет-салық саясаты;
- несие-ақша саясаты.
Экономикалық саясатты уақыт аралығы бойынша
келесі екі түрге белуге болады:
- кысқа мерзімді антициклдік саясат (макроэкономикалық тұрактандыруды қамтамасыз етумен байланысты болғандықтан, тұрақтандыру саясаты ретінде анықтама беруге болады) .
- ұзак мерзімді стратегиялық саясат - озық технологиялық қатынастар мен салаларды дамытуға ерекше назар аударып, орнықты әрі сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, экономиканың құрылымын қайта құру үшін жағдай жасауға негізделеді. Кей жағдайда құрылымдық, инвестициялық және иновациялық саясатты білдіреді.
Саясат нысандарының осы жіктемесімен қатар саясаттың нысанын басқа өлшемдер, атап айтқанда экономикадағы функционалдық рөлі (функционалдық нысандар) бойынша жеке бөлуге болады. Осыған байланысты әлеуметтік даму және әлеуметтік салаларды жетілдіру міндеттерін шешуге бағдарланған әлеуметтік саясат ; инвестиция тарту мен оларды пайдалануға бағдарланған инвестициялық саясат; инфляцияны тежеу мен орнықты теөмен деңгейін қамтамасыз етуге бағдарланған инфляцияға қарсы саясат; салық жүйесін жетілдіріп, әртүрлі салықтарды тиімді қолдануға бағдарланған салық саясаты, инновациялық саясатқа жеке бөлінеді.
Мемлекет өзінің экономикалық рөлін іске асыра отырып, қабылданған экономикалық бағыттың негізінде саясаттың басымды нысандарын ғана емес, сонымен бірге оның нақты бағыттарын немесе функционалдық нысандарын да белгілейді.
Экономикалық саясаттың атап өтілген бағыттары бір-бірінен дербес емес. Кей жағдайда ол бір-бірімен тығыз ықпалдасып, бір-бірін қайталап, баска да бағыттардың құрамына кіреді. Мәселен, тұрактандыру саясаты бюджет-салык, несие-ақша, валюта саясаты және бірқатар баска бағыттар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен прогрессивтік дамуының тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық саясаттың барлық бағыттары мен нысандарын кешенді пайдалану мемлекеттің ең маңызды міндетіне айналады.
Нарыктық экономиканың калыптасуы мен трансформация жағдайында оның институттарының кұрылу шамасына орай бюджет-салық және несие-ақша саясаты нысандарының рөлі мен маңызы артады. Нарықтық экономика дамыған жағдайда макроэкономикалық саясаттың осы нысандары экономикалық процеске ықпал етуде анықтаушы рөл атқарады.
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
1. 1 Экономикалық саясаттың қалыптасыу және субъектілері
Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т. б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып-өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі - нарық механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттық-мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.
Мысал ретінде ХVIIIғ. соңы -ХIХғ. бас кезінде Батыс елдерінде болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіптік революция деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі - экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Өнімнің арзандауы, өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.
Өндірістің техникалық дамып өсуі - кездейсоқ болған уақиға емес. Оны тек адамзат қоғамындағы білімнің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды. Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңеюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Европаның шектеулі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.
ХVII-ХIХғғ. экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негізг қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әректтерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын құру болды, немесе экономикалық дамуды құқықтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет атқаруы үшін қажет болды.
Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс - соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуы жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімділік нұсқасын табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты қолдауы қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс пайда болды.
Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткен - нарықтық экономиканы сырттан реттеп үйлестіру әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігін шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу қажеттігі артты.
Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе-теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реңк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.
Экономикалық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін ХІХғ. соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған Германияны алуға болады. О. Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі - оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалық саясат теорияда «нүктелік» стратегия деп аталады. Оның шеңберінде экономикғалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХғ. бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.
Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап, оны жүргізуге қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен 1-ші және 2-ші д. ж. соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.
Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді түпкілікті үзген - жоғарғы айтылған, 30-шы ж. әлемдік экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кеңірек - халықаралық сипат алды.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х. Гирш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама бегген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің экономикалық саясаты - экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап тікелей реттеу шараларының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеудің іс-шаралары жүйесінде оның әр түрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп анықтауға болады. Практикалық жағы - бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы - бұл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды, себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде зерттеу; оның ғылыми аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін және болжау бағдарламасын жасау да жатады.
Экономикалық саясатта жалпы-экономикалық прогрестерге ықпал жасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау, т. б. жатады.
Институционалдық және сапалық анықтау принциптеріне сәйкес аграрлық, өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықталады. Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың конъюктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын анықтауға болады
1. Экономикалық саясат әрқашан да екі фактордың: шаруашылық жағдайының тоқтаусыз өзгеруі және экономикалық сана мен ойлау деңгейінің ықпалында болады. Осы факторлар өзара байланысты келеді, сонымен бірге, олар шартты түрде бір-біріне тәуелсіз болады.
2. Дамыған елдерде қалыптасқан тәжірибе көрсеткендей, экономикалық саясаттың тиімділігі сол елдің нақты жағдайына неғұрлым жақын жасалса, соғұрлым жоғары болады екен. Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпы экономикалық және жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды құрал болады.
Экономикалық саясат субъектілері. Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әр түрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алды, олардың заң қабылдау билігі жоқ.
Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде.
Мемлекеттің билігі елдегі әр түрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы - үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне бөліп береді.
Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдық-саяси типіне байланысты. Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субъектілік деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.
Батыстың құқықтық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын тағы да бірталай құрылымдар қызмет атқарады және олар да экономикалық саясаттың субъектілері ретінде танылады. Оларға «қоғамдық-праволық» деп аталатын мәртебесі бар құрылымдар жатады. Олар жеке меншік фирмалар сияқты толық ерікті емес, сонымен қатар, мемлекеттің басқару аппараты құрамына да кірмейді. Оларға мемлекеттік басқару құрылымдарының құзырынан белгілі бір қызмет түрлері алынып берілген. Мысалы, ГФР-да осындай құрылымдар қатарында аймақтық (регионалдық) сақтандыру басқармалары, жергілікті емдеу мекемелерінің касса (төлем төлеу) жүйелері бар; Швейцария - қоғамдық транпортты қолдау агенттігі, өрт қауіпсіздігін сақтау ұйымдары бар.
Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор арасындағы аралық орындарды иеленеді. Олар экономиканың жеке меншік секторы мемлекеттің тікелей және белсенді реттеу рөліне қарсы болатындығына байланысты құрылған. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизмінде олардың атқаратын қызметтері шектеулі.
Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субъектілері. Оларға белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын әр түрлі бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және кәсіпкерлердің әртүрлі одақтары.
Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының рөлі, өзінің маңыздылығы бойынша, мемлекеттік буындардың рөлінен кем емес. Мұның себебі - белгілі топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік құрылымдарына салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде. Жеке меншік экономика секторының мүдделері мен мемлекет арсында ашық айтыстар жиі болып тұрады. Олардың әрқайсысы өз мүддесін экономикалық саясатта іске асыруға ұмтылады. Бұл тартыста мемлекеттің жағдайы әрқашан өзгелерден артық бола бермейді. Кәсіпкерлер одақтары қоғамдағы өздерінің атақ-беделін, тамыр-таныстық байланыстарын астыртын жұмсап және реклама, газеттер мен телевидение арқылы мамандардың жеке пікірлерін тез әрі кең түрде таратып, өз мүдделеріне сәйкес қоғамдық пікір қалыптастырып, жалпы мемлекеттік саясатқа күшті ықпал жасайды.
Мемлекет пен жеке экономиркалық одақтардың мүдделерін келістіру нұсқаларының бірі - белгілі қызметтік міндеттерді шешу құқығын осы одақтарға бөліп беру. Мысалы, Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылық одақтарына аграрлық саясатты нақты іске асыру міндеті жүктелген.
Экономикалық саясатты жүргізу процесіне тікелей қатысатын мемлекеттік институттар мен экономикалық одақтардан басқа, саяси-экономикалық шешімдердің қабылдануына жанама ықпал жасайтын қоғамдық құрылымдар мен ұйымдады да айтуға болады. Бұл жерде саяси ұйымдар, партиялар, ақпарат құралдары, қоғамда белгілі және беделді тұлғалар, сарапшылық кеңестер және қоғамдық пікір туралы сөз қозғалып отыр. Осы субъектілердің экономикалық саясатқа ықпал жасау сипаты мемлекеттің саяси құрылымына, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты келеді.
Сонымен, «экономикалық саясат» ұғымы «мемлекеттік реттеу» ұғымынан кеңдеу. Экономикалық саясатты жүргізу барысында, мемлекет оның бастаушысы және негізгі орындаушысы ретінде қатар көрінеді. Дамыған елдердің тәжіребесі көрсеткендей, жалпы экономикалық реттеудің жемісті болуы мемлекеттің тоталитарлығында емес, керісінше, өткізіліп отырған саясатқа мүмкін болғанша қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың өкілдерін тартып, олардың өзара бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыруды.
1. 2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
Экономикалық саясат дегеніміз - белгіленген бір мақсаттарды анықтау және соларды іске асыру. Қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемалар шешудің алғышарты - оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады.
Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық дамудың түпкі мақсаты анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі мақсаты - қоғамның тұрмыстық деңгейі жоғарылауы делінеді.
Экономика теориясында «жақсы тұрмыс» ұғымы АҚШ-та және Англияда белсенді зерттелді, осы елдерде тіпті «жақсы тұрмыс экономикасы» деген ғылыми концепция да қалыптасты. Бастаушы мақсат ретінде бұл ұғым бұрынғы жоспарлы экономика теориясында да орын алғаны белгілі.
«Жақсы тұрмыс» ұғымы туралы сөз болғанда, бір мәселе: оны нақты түрде, яғни оның өлшемдік көлемін анықтап көрсету қиынға соғатыны айтылады. Бұл көрсеткіш көбінесе шартты және салыстырмалы түрде анықталады. Бірақ осы ұғым экономикалық саясаттың және экономикалық дамудың түпкілікті және жалпылама мақсатының мазмұнын дұрыс жеткізетініне күмән жоқ.
Осы түпкі мақсаттан кейін екінші анықтау деңгейіндегі міндеттер шығады. Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады. Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функциялары ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынадай әдістемелік жағдайға назар аудару жөн болады: әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық байланыста болады, яғни төменгі деңгейдегі міндеттерді орындау - түбегейлі жалпылама мақсатқа жақындаудың құралы және оған жетудің әдісі мен жолы.
Осы күнгі әлеуметтік құрылымның негізгі мақсаттарына қоғамның еркін дамуы, құқықтық тәртіп, ішкі және сыртқы қауіпсіздік жатқызылады. Негізгі мақсаттар құрамы сыртқы және ішкі жағдайға байланысты өзгереді. Олардың ең алғашқы «классикалық» анықтамалық градациясын А. Смит ұсынған еді. Ф. Бэкон және У. Петти еңбектеріне сүйене келе, ол қызметтердің келесі тізімін ұсынады;
- Сыртқы сфераға қатысты қауіпсіздікті қамтасыз ету;
- Құқықтық тәртіп орнату
- Мемлекет тарапынан нарық инфрақұрылымын бастау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz