Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Естияр тобындағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
1.1 Естияр тобындағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың экологиялық мәдеуниетін қалыптастыру үшін жасалатын жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған технологиялық карта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Табиғат –біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да ,олар қоршаған ортада рөльдерін бөліп , табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру –қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу –осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті-балалардың табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек .Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай ,оған қамқор болуға,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Баланы туған елге, жерге, халқына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге баулып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру – бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттің бірі. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, — демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
2. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесігің. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. А. 1991 ж.
4. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
5. Ыдырысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
6. Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
7. Қамақов Ә.Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
8. Жұмабекова Ф. И. Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
9. Құдашева Д. Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Естияр тобындағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
1.1 Естияр тобындағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың экологиялық мәдеуниетін қалыптастыру үшін жасалатын жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған технологиялық карта ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Табиғат - біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да ,олар қоршаған ортада рөльдерін бөліп , табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру - қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу - осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті-балалардың табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек .Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай ,оған қамқор болуға,оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Баланы туған елге, жерге, халқына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге баулып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру - бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттің бірі. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", -- демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар - мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.
Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын табиғат - баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шетел классик ағартушылары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоццидің еңбектері мен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.
XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық кезеңнен тұрақты даму парадигмасына ойысып барады. Осы жаңа бағыттағы тенденциялар, жаңа концепциялардың мәні де, мақсаты да адамның экологиялық санасын, мінез-құлқын, табиғатпен қарым-қатынасын жақсарту, яғни жалпы адамзат ізгілігінің құндылығын биік деңгейге жеткізу. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, Қазақстанның эколог-педагог ғалымдары экологиялық білім, экологиялық тәрбие мәселелерімен шұғылданып, бұл жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.
Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім -- біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова, Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов, Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина, К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, И.Кон, Е.Кудрявцева, В.Ясвин, Л.Божович, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. С.Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты бөліктерінің бірі - қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып "...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз - дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам" -- дейді.
Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үдерісі (процесі).
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мақсаты мектеп оқушыларының айналадағы ортаның жай-күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру; оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп, орнықтыру; қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру; табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрұдың нормаларын сақтау; табиғатпен сырласа білу қабілетін дамыту; табиғат пен қайта қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі қызметті пәрмендірек ұйымдастыра түсу жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталады.
:: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
:: жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
:: қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
:: экологиялық білімді насихаттау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері: осы мақсаттардан зерттеу жұмысының міндеттері туындайды.
:: Экологиялық білім беру және тәрбие
:: Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері.
:: Қазақстанның ғылыми-технологиялық және әлеуметтік прогресс жағындағы экологиялық мәселелері.
:: Мектеп оқушыларына экологиялық тәрбиені табиғатпен қарым-қатынаста жүргізу.
:: Мектеп бағдарламасындағы экологиялық тәрбиенің мәні.
:: өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
:: табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
Зерттеу жаңалығы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми -- әдістемелік тұрғыдан негізделді.
Экологиялық сана, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді.
Бастауыш сынып балаларының дүниетанымын қалыптастырудың формалары жүйеленіп, тиімді әдістері іріктелді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Экологиялық сана, табиғат -- балалардың дүниетанымын қалыптастырудың негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми әдістемелік педагогикалық тұрғыдағы сипаттамасы.
Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістері.
Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.
Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң өзектiлiгi негізделіп, зерттеудің мақсаты, мiндеттерi, объектiсi, пәнi анықталды, зерттеу әдiстерi, зерттеудiң ғылыми болжамы ұсынылады, зерттеу кезеңдері, әдiснамалық негiзi, ғылыми жаңалығы сипатталады.

1.1 Естияр тобындағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Экологиялық мәдениетті мекетепке дейінгі балаларға қалыптастырудың жолыдарының бірі ол топсаяхаттарға балаларды шығару.
Дүниетануды оқытуда топсаяхаттардың маңызы зор. Саяхаттар, балалар мен жасөспірімдер, сонымен қатар теменгі және орта мектеп жасындағылар туристік саяхаттарға қатысқан уақыттары ұйымдастырылады. Осындай серуендер олардың денсаулығын сауықтыру, түсініктерін жақсарту және тәрбиелік мақсатында өткізіледі. Естиярлар тобындағы балаларға арналған туристік серуендерінің узақтығы 1-1,5 сағ. аспауы керек, ересектер тобындығы балалар үшін 3 сағ. дейінгі көлемде. Серуендеуге шығар алдында оған қатысушыларға арнайы тапсырыс беріледі: демалатын жерлерді жайғастыру, табиғат көріністеріне кеңіл аудару, жайғасқан жерлерін анықтау
Топсаяхат оқушылардың зерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделеді.
Топсаяхат - сабақ түрі, мұнде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Топсаяхаты кезінде балалардың таза ауада болуы, далада хош иісті, көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру - терең ой, ширақ қозғалыс, көтеріңкі көңіл күй тудырып, оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.
Топсаяхаты кезінде балаларға ауа-райын, маусымдық өзгерістерді, өсімдіктердің өсуін байқатады, табиғат материалдарын пайдалана отырып түрлі ойындар ұйымдастырылады. Балалар табиғат заттарының қасиеттерімен (су-сұйық, мұз-әйнек тәрізді) танысады.
Топсаяхаттарының танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді. Балалар табиғат обьектілерін табиғи ортада көреді, барлық обьектілердің және құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығын анықтайды. Топсаяхат кезінде тек түсіндіріліп немесе зерттеп қою ғана емес, олардың әсемдік образды сөздер, теңеулер салыстырулар арқылы ұғымын кеңейту керек.
Балалардың ойлау тұтастығын яғни, табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін жыл мезгіліне сай жүйелі, мақсат міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысын оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтық борыш, ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуға негізделген. Экологиялық тәрбие жұмысын осындай міндеттерді атқарта отырып, жүзеге асырады.
Мысалы:
* Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-бағуға балу,
Олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру;
* Табиғаттың сан-алуан сырлары мен байлықтары жөнінде
эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;
* Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланысты
Болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде
Ескеру қажеттігін үйреніп отыру.
Топсеруенге шығу
Топсеруенге шығу үшін негізгі нәрсе-дайындық, оның жүйелі өтуі, қызықты болуы.Қызықты, дұрыс ұйымдастырылған топсеруен жеке тұлғаның дамуына үлкен ықпал етеді:
-Ақыл-ой тәрбиесінің дамуына (алған білімдерәін, табиғаттан да алуға, яғни үйрену)
-Еңбек тәрбиесі (орманда отырып демалатын орынды қалыпқа келтіру кезінде, өзіне қажетті заттарды алып жүру ,еңбекқор болуға)
Эстетикалық тәрбие ( табиғаттың сұлулығын бағалай білуге т.б)
-Этикалық тәрбие (қоршаған ортаны қорғау, аялауға, сүюге т.б)
-Дене тәрбиесі шаршандыққа қимыл-қозғалысының дамуына т.б)
-Салауатты өөмір сүруге ( аурудың алдын алуға,, табиғат аясында шынығуға т.б)
-Топсеруен ұыймдастырылған , ұжымдық түрде болғаны жөн. Балалардың ықпалы мен қызығушылығы болғаны дұрыс.Олар, яғни балалар өздері топсеруенге бараыйқшщы! Дегні, өте дұрыс.
Топсеруенге дайындық ұйымдастыру
1.Дайындық жасау .(Балалар толық хабарданр болуы керек, қажетті жолазық т.б. айтылуы керек).
2.Алдын ала обьектіні анықтау. Өтеген батыр кенті бойынша - экологиялық соқпақ еске алынады, таныстырылады.)
3.Әртүрлі әдістер қолдану.
4.Жоспарын жасау, дайындау.
Топсеруеннің 10 ережесі
1. Топсеруен тәрбие жұмысының бір бөлігі.
2. 2.Топсеруеннің мақсаты болуы.
3. 3. Жазғы демалыс Балдәурен лагерінің жұмыс жоспарына сай жүргізу
4. 4.Барлық бала қамтылуы керек, оларда төсбелгісі болсын.
5. 5.Топсеруенге баратын жер экологиялық соқпақ көрсетіліп, таныстырылғаны дұрыс.
6. 6.Топсеруен уақыты- қай уақыттан, қай уақытқа дейін екендігі айтылуы керек.
7. 7.Топқа бөлу, топ басшысы болуы керек.
8. 8.Ждол дәрігері болу жөн.
9. 9.Ата- ана хабардан борлғаны дұрыс.
10. 10.Тағам 1 тәулікке арналған болуы керек.
Топсеруеннің қауіпсіздік ережесі:
1.Балаларға ағаштан, биіктен секірме- деп ескерту.
2.Бірден көрген нәрсесіне тарпа бас салмау керектігін балаларға айту.Топ жетекшісінің нұсқауын күту.
3.Өз тобындағы балардың жүзін, атын бала білуі керектігі айтылсын.
Топсаяхат түрлері
Тәрбиеші тірі табиғат мүйісіндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, балалардың білімін байытады және кеңейтеді, олардың осімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы топтарда және одан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін (агава, алоэ, аспагарус, бальзамин, бегония-рекс, глоксиния, кактустар, тасжарғыш,кливия, пеларгония, традесканция, фукция т. б.) тікелей сынып бөлмесінде арнаулы тіректерге орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөліктерін, көбею жолдарын, қоршаған ортаға бейімделулерін көрсетуге балаларды жер шарының әр тараптарының өсімдік әлемі өкілдерімен таныстыруға болады.
Табиғат байлытарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.
Балалардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар парасаттылың тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым жасау мен шектеушілікке душар болады. Табиғат, кеңес жазушысы С.Залыгиннің сөзінен айтқанда, адамның "ар-ұят санаспауына табиғатты үнемі ана ретінде еске алып отыруына" көмектеседі".
1.2 Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың экологиялық мәдеуниетін қалыптастыру үшін жасалатын жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
Мектепке дейінгі балаларда айналардағы түрлі заттар туралы алғашқы қарапайым және жалпылама түсінік қалыптасады, сондықтанда олар табиғат дегенде жыл мезгілдерін, көктемнің шыққанын, жаздың болғанын немесе қар түсіп қыстың басталғанын тәрбиешілердің көмегімен ажырата алады.
Серуен кезінде гүлзарлардағы гүлдерді жұлмай қайта оған қамқор болып жүруге үйрету, өсімдіктерді дұрыс атай білуге, көкөніс пен жеміс-жидектерді бір-бірінен түсіне, дәміне қарай ажыратып, оларды атай білуге үйрету. Құстарды, олардың қимыл әрекеттерін оны күтіп бақылап қарауға бейімдеу.
Естиярлар тобының балалары айналадағы заттар мен нәрселерді танып қана қоймай, оларды жақсы-жаман, әдемі, әдемі емес деп ажырата бастайды. Бұл топта балалардың білуге деген құмарлығының шапшаң дамуына байланысты неге? неліктен? Деген сұрақтарға жауап іздеп отырады. Сондай-ақ қоршаған табиғаттың эстетикалық қасиеттерін таныстыру үлкен орын алады. Айналадағы өмірде жиі кездесетін құбылыстар жайында түсінік қалыптастыру. Жануарларға, өсімдіктерге деген ұқыпты қарым-қатынаспен оларды күтіп баптауға, қамқор болуға әсемдікті түсінуге табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, ауа-райын бақылатып, күн мен түнді айыра білуге үйрету.
Судың, қардың, саз балшықтың қасиеттеріне тоқталу, атай білуге үйрету. Қар ақ, суық, ұстасаң еріп кетеді, су- суық, жылы болады, мұз-қатты, тайғанақ, кепкен балшық қатты ол дымқыл болғанда илеуге болады т.б.
Өсімдіктердің түріне, түсіне, үлкен, кішілігіне негізгі ерекшеліктеріне қарай ажырата білуді, бөлме өсімдігі, қатты күтім қажет етпейтін қазоты (герань), үнемі гүлдеп тұратын бегонияны бір-бірінен ажырата біледі. Бегония - сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көп жылдық шөптесін өсімдік.
Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт - бағдар береді.
Бұл топта балалардың сөздік қоры молайып, айналадағы түрлі құбылыстарды сөзбен жеткізуге әрекет жасайды, табиғат туралы түсініктері одан әрі дамиды. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы түсініктерін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай- ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға табиғаттың әдемілігін сезініп, сүйе білуге, өсімдіктермен жануарларға қмқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Мысалы: гүлдерді баспай айналып өту, кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою, құстардың және басқа да жануарлардың қасынад өзін байсалды ұстау, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау т.б.
Табиғаттағы мерзімді құбылыстар туралы нақты білімдерін қалыптастыру.
Бұл топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен жүйесінің қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл топтағы балалардатабиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімегімен (көшені, жолды тазарту, қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалау мен қатар қысқы табиғатты қорғай білуге назарларын аудару.
Бұл топта балалардың қоғамдық өмір құбылыстары туралы ұғымын, білімін кеңейту, оқытудың ең қарапайым дағдыларын қалыптастыру, табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыдан түсіндіру көзделеді. Балаларды жанды-жансыз табиғатпен одан әрі таныстыра отырып, олардың құбылыстары жайындағы бастапқы нақты ұғымдарды қалыптастырады. Табиғатқа деген белсенді сүйіспеншілігін өз алдындағы және табиғат бұрышындағы өсімдіктермен хайуанаттарға қамқоршы бола білуі.
Табиғатты қорғаудың қалай жүзеге асырылатыны мен ағашты бей-берекет кесуге жылдың құрғақ кезінде от жағуға тыйым салынуы, көктемде және жазда балапан шығарар кезде құстарды аулауға тыйым салынуы, жабайы аңдарды, бұландарды қыста қосымша азықтандыру, бөгеттерді тазалау т.б. жұмыс түрлерімен таныстыру. Ауа - райы және жануарлармен өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге жыл бойы бақылау жүргізіп, табиғат календарына тиісті суреттеме жасалуы тиіс. Табиғат құбылысы мен адамдардың еңбектерінің арасындағы байланыстары туралы балалардың білімдерін жүйеге келтіру және тереңде
Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық мәдениет, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.
Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.
Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға көкті жұлма болмаса құсты атпа, су анасы-бұлақ, судың да сұрауы бар -- деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.
Экологиялық мәдениет мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Адамдардың өмірі табиғаттың қолдауына байланысты (су, ауа, күннің көзінің қуаты, тағам және т.б. қажеттіліктер) және денсаулық, ал табиғат факторлары, қоғам тұтұнушылары құндылығына экологиялық мәдениет құндылығы жүйесіндегі ұнамды салт болуы керек. Бұдан басқа В.И.Вернадскидің нақты лебізі "жаңа күштің келісуі өзімен өзі дұысталады және адамның өмірқызметінің бір көзі шындығында өмірдің әртүрлі формасы болып есептелінеді".
Экологиялық мәдениет ресурстағы бар табиғат мүмкүншілігі талаптарын өлшеу мүмкүншілігімен қалыптастырады, қоршаған орта мүмкүншілігі, яғни жеке тұтұнушылық жүйелі экологиялық негіздеуді қажет етеді. Жеке мәдениеттің ең бір маңызды белгісі болып ғылыми және этикалық негіздеу нормативі болып табылады, және, керісінше, тіртіпсіздік мәдениетсіздіктің белгісі болып табылады. "Фетишизм дүние - мүлкі - қазіргі заман қоғамындағы тұтынушылар беталысы (тенденциясын) өтте алаңдатады деп көрсеткен Н.Н.Моисеев. Және жыйнақтауға онша ынта жоқ, үнемдеуге ие болу ынтасы көп".

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
Тіршілік иелерінің өміріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz