Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық білім беру арқылы еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
1. 1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы табиғат аясындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы . . . 7
1. 2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның
мазмұны . . . 10
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру
әдістемесі
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты
табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру . . . 13
2. 2. Табиғаттағы еңбек және оған балаларды
жұмылдыру . . . 16
2. 3 Мектепке даярлық топтарында табиғат аясындағы еңбек тәрбиесіне қатысты оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы . . . 21
2. 4 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары . . . 25
Қорытынды
. . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер
. . . 31
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З. Н. Борисова, В. С. Нечаева, Р. С. Буре, Г. Н. Година, Т. А. Маркова, Д. В. Сергеева, А. Д. Шатова және т. б) . Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П. Я. Миндлина. Э. М. Крарих, Г. Штейнер) .
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтурсынов/.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу мақсаты, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің турлері. Өзін- өзі қызмет ету енбегіне баулумазмұны, әдістемесі. Шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің мазмұны, тәрбиелеу әдістемесі. Табиғаттағы еңбекке баулу мазмұны, әдістемесі. Балалардың қоленбегін ұйымдастыру, казақтың қолданбалы кол өнері, матадан ою-өрнектер қию туралы /Н. Қулжанова У. Ересектердің еңбегімен танысгару әдістемесі/А. Meнжанова/.
Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары: кезекшілік, тапсырма беру, ұжымдық еңбек. Тапсырма беру түрлері. Кезекшіліктің түрлері және оны ұиымдастыру әдістемесі. Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі. Отбасында еңбек тәрбиесін ұйымдастыру.
Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.
Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.
Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.
Табиғаттағы еңбек
Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.
Гүлзарлар мен бақшада жұмыс істеуге үйрету (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау) .
Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.
Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу) .
Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл - ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.
Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді.
Дегенмен . . . жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлімгердің алты т жасар және төменгі класс балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады. Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1-11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.
«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.
Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.
Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесін» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжірибесінен» (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары, өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ, жұмбақтар берілген.
Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейді педагог.
Шакура Майғаранованың «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж. ) кітабында тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы «Тиын мен кірпі», «Кемпірқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тіл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнері сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде серуен, саяхат, сабақ кезінде жиі ұйымдастырып тұру қажет.
Зерттеудің мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Еңбекке және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу.
2. Жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.
3. Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.
4. Тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
4. Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру.
5. Жолдастары мен ересектерге көмек көрсету талабын көтермелеу.
6. Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.
Зерттеудің болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зерттеу объектісі : Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғаттағы еңбегін қалыптастыру үдерісі (процесі) .
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.
Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң өзектiлiгi негізделіп, зерттеудің мақсаты, мiндеттерi, объектiсi, пәнi анықталды, зерттеу әдiстерi, зерттеудiң ғылыми болжамы ұсынылады, зерттеу кезеңдері, әдiснамалық негiзi, ғылыми жаңалығы сипатталады.
1 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері
және педагогикалық ерекшеліктері
- 1 Балабақшаның әр түрлі тобындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балабақшадағы еңбек тәрбиелік- білімдік жұмыс жүйесін ұйымдастырудың амалы ретінде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбексүйгіштік пен басқа да адамгершілік саналарының қалыптасуына ықпал етеді. Істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін балалардың қандай да болмасын бір тәсілді меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, көшеттерді отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек түрлерін көрсете отырып, түсіндірулер арқылы толықтыру қажет болады. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдіс түрлеріне үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінін еңбек үлгісімен танысу, балаларға әртүрлі еңбек түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің кейде бүкіл топтың істеген жұмысына баға беруі жатады.
Еңбек тәрбиесі болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, ойлау қабілеті жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы- еңбек. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Балабақшадағы дұрыс ойластырылған еңбектің орны ерекше, мұндай еңбек тәрбиесі барысында бала дұрыс әрекет жасап айналадағы орта жайында алғашқы мағлұматтар алады, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Балабақшаның ересектер тобында тұрмыстық- шаруашылық еңбек пен табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөністерді өсіру, т. б. еңбек түрлері жатады. Мұндай еңбек түрлері балалардың білім- құмарлык, бақылағыштық, табиғатқа жаңашырлық, ұйымшылдық сиякты адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Табиғат аясындағы еңбек тәрбиесі баланың айнала қоршаған орта туралы талғамын дамытып, әдемілікке әуестендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, ақыл-ойын, қиялын ұштап, ересектер еңбегін бағалауға үйретеді.
Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудағы тәрбиешінің орынды пайдаланылған мақал-мәтелдері бала санасында еңбек туралы айшықты із қалдырып, айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынас қалыптастырады.
4. Халықтық тәлім-тәрбие арнасы халыктың ауыз әдебиетінен, салттарынан, әдет-ғұрыптарынан, ырымдарынан, балалар ойындары арқылы жұрнақталған білім, педагогикалық мағұлматтар мен тәрбие тәжірибесінен тамыр тартады. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал қамқорлығы қанымызға да тұла бойымызға да ананың ақ сүті арқылы дарығанын мақтаныш сезіммен айта аламыз.
Халық даналығындағы «орман- жер сәулеті, ел дәулеті», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлді үзбе», «көкті жұлма», «құмырсқаның илеуін бұзба», «көкмайсаны таптама», т. б. аталы сөздері бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелі ой-пікірлер экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруда өте құнды арна саналады.
Халқымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйіндеген екен: « . . . қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игі іс жасайтындай етіп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді. Мұның өзі ерте дәуірлердің өзінде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға білгендігін және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай білгендігін аңғартады. Наурыз ұғымы қазіргі кездегі жаратылыс тану ғылымында көбірек айтылатын табиғи тепе-теңдік /кейде оны экологиялық тепе-теңдік деп те атайды/ деген пікірлермен сабақтасып жатады».
Наурыз мейрамының тойлануындағы халыктық тағы бір түпкі мақсат- өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашу. Оған көзі бітеліп қалған бұлақ, бастау қайнардың көзін ашып, тіршілікке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игілікті жұмыстарды ұйымдастыру жатады.
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұра, даналық ұғымдар, мақал-мәтел тәрбиелік тағылымы мол аңыз-әңгімелер аз емес. Табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, ойлы пікірлер экологиялык тәрбие беруде және болашақ ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал.
Қазақ халқының тәлімдік макал-мәтелдері, бұрынғы бабалардың көрген-білген, кеңілге түйген, бастан кешкен оқиғалардан қорытқан, ғасырлар бойғы уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы.
Бала тәрбиесіндегі өзіндік орны бар ерекше жанрлардың бірі - жаңылтпаш. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, дұрыс, еркін сөйлеуіне, ана тілін еркін игеруіне себін тигізеді, мазмұнында терең мән-мағына, үйлесімді ой жатады.
Халық тәрбиесінде баланың ой- өрісін дамытып, кеңейту, тілін ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабілетін жетілдіру үшін жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмірде кездесетін тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәрсенің сол сипат-белгісі бойынша шешуі табылады.
Ғасырлар бойы санасына сіңіп, сараланып жеткен дәстүрдің бірі ырымдар, тиым сөздер. Әрбір сөздің негізінде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершілікке, көрегенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман әдет, іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.
Міне, күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған осындай ырымдар баланы ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі тиімді құралдардың бірі болып саналады. Бәрі де табиғат- анадан арна тартады! [12. 52]
Балабақшаның әр түрлі тобындағы еңбек мазмұнының ұйымдастырылуы. Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты . Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі-жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәбиесіне баулуға тікелей байланысты. Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деге ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынты-ықыласын қалыптастырған дұрыс. . Мектепке дейін жас -негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орыны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болды.
Н К Крупская мен А С Макаренко баланың мінез -құлқындағы еңбекке бағыт алу мектеп кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлуматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Енбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын(көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дән(дамытуға мәнді ықпал етеді. Қазігі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механимін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл- ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектеп дейін балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жатқан ісінің коллетив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді . Ол кезекшілер өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақылы орыдағаны үшін алғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйретед. і Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойлатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс. Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болды, топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, ұрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т . Әдетте учакедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде-күннің екінші жартысында ұйымдастырылады. Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс, емес екенін, оларды қалай бөлісу керек екенін ескертеді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді. Мына топ құрылыс материалына жуады Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатын, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Солай еткеніміз әділ болады. Балалардың бәрі ең қызық жерде, басқа іске үйрететін жерде жұмыс істейді. Әрбір топтың балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет. Сол мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: Балалар, сендер қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретін, кім кір жуатынын келісіп алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады. Бір-біріңе кедергі жасамайсыңдар. Әрі шаруаны да бітіресіңдер. Қажет болған ретте, ол мектеп жасына дейінгі балаларды өзара келісіп алуына көмектеседі.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz