Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ересектер тобындағы балаларға қарапайым математика түсініктерін оқыту
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
2.1 Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу, есептеу, көлем туралы ұғымдарын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Арифметикалық қосу және азайту амалдарын орындау, оқу іс.әрекетінің үлгі нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Тәжірибелік.эксперимент жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі.
Балалардыңқарапайымматематикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері.Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы.
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі.
1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н.А.Менчинская, Н.НЛежова, 3.С. Пигулевская, Ф.А. Михайлова)
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. - Алматы, 1987.
2.Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.
3. Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992.
4. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж.23бет.
5. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж.
Зббет.
6. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж.
7. Әбішева А. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық
ерекшеліктері». Бастауыш мектеп 4-2003ж. 17бет.
8. Әлиева К. «1 - сыныпта математика сабақтарында дидактикалық
ойындарды пайдалану» .
9. Бантова М.А. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту
методикасы». Алматы «Мектеп» 1978ж.
10. Баймуратова Б. «Алты жастағы балаларды оқыту мәселелері».
I1. Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу».
Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет .
12. Балғабаева Г. «4 санының құрамы». Бастауыш мектеп 2-
2004ж.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ересектер тобындағы балаларға қарапайым математика түсініктерін оқыту
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету ... ... ... ... ... ... ... . .9
2 Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
2.1 Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу, есептеу, көлем туралы ұғымдарын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Арифметикалық қосу және азайту амалдарын орындау, оқу іс-әрекетінің үлгі нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі.
Балалардыңқарапайымматематикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері.Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы.
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі.
1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н.А.Менчинская, Н.НЛежова, 3.С. Пигулевская, Ф.А. Михайлова)
1932-1984 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі туралы еңбектер. 1984-1989 жылдардағы оқу мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының мазмұны және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемссінің ерекшеліктері (Н.Г.Бакет, Я.Ф.Чекмарева, A.M. Леушина). 1984-1990 жыллардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұңының қалыптасуы.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ой, қиялын дамыту;
- ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру: салыстыру, қорытындылау, талдау жасау, байланыстың себеп-салдарын анықтау.
- 5 көлеміндегі санау дағдыларына үйрету;
- заттардың көлемімен, пішінімен, олардың кеңістікке қатынасымен таныстыру;
- қарапайым уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Зерттеудің нысаны. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесін мектепке дейінгі мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып жасаса, оқу-тәрбие үрдісінің жүйелілігі мен тұтастығы, тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің жетекші идеясы. Мектепалды даярлауда арнайы ұйымдастырылған педагогикалық дамытушы ортаны ғылыми-әдістемелік негізде құру, балалардың танымдық, іс-әрекеттік, қарым-қатынас белсенділіктерінің қалыптасуына негіз бола алады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Мектепалды даярлауда балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуындағы философиялық таным теориясы, тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғаның қалыптасу теориясы, белсенділікті қалыптастырудағы ізгіліктік, іс-әрекет, тұлғалық тұрғылар туралы философиялық қағидалар, дамытушы ортаны білім беру үдерісінде ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалары.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат деректерді зерделеу, талдау, жинақтау, қорыту және жүйелеу; балабақша тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің көздері. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық еңбектер, Қазақстан Республикасының білім туралы заңы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз бағдарламалары, Отбасы және балабақша журналы, мектеп жасына дейінгі оқу-тәрбие үрдісіндегі педагог-тәрбиешілердің озық тәжірибелері, диссертанттардың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
-мектепалды даярлауда дамыту ортасын жобалау үлгісі жасалып, тәжірибеге енгізілді;
-мектепалды даярлауда балалардың белсенді іс-әрекетін дамытушы орта арқылы ұйымдастырудың жоспары жасалып, тәжірибеге енгізілді;
-зерттеу нәтижелерін мектепалды даярлауда қосымша пайдалануға болады.
Зерттеудің базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №9 балабақшасының ересектер тобы балаларымен жүргізілді.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Математиканың мектепке дейінгі арифметикалық амалдардың бірқатар қасиеттері енеді. Онымыз-қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту мен бөлудің үлестірімділік қасиеті, сондай-ақ мынадай қасиеттері санды қосындыға қосу, санды қосындыдан азайту.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тәжірибелік эксперименттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ересектер тобындағы балаларға қарапайым математика түсініктерін оқыту
1.1 Қарапайым математикалық түсініктер
Мектепке дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда ойындар, көрнекіліктердің алатын орны ерекше.
Топта есептеу бүтін затты тең бөліктерге бөлуге, сандарды жеке - жеке топтауға үйретуге балалардың ой - өрісін дамытуда алатын орны ерекше. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуде балаларға тапсырмалар немесе ойындар, жұмбақтар, сұрақ - жауаптар арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Асанда 6 алма бар еді, ол Үсенге қолындағы алмасының екеуін берді. Сонда Асанда қанша алма қалды. (4) Стол үстінде 9 карандаш жатыр. Оны үш балаға теңдей бөлу керек. Сонда қаншадан тиеді. (3) деген сұрақтар қоюға болады. Жанып тұрған 4 майшамның екеуі сөніп қалды. Сонда неше майшам қалды? (2) Қолымда 5 алма, табақта 2 алма, қосқанда барлығы қанша алма? (7) Осындай жұмбақтар жасыруға болады.
Мектепке дейінгі балаларға есептеу және есеп туралы ұғымды оқытуда есеп құрастыру және оны шығару сабағында балаларға суретті пайдаланып төмендегідей есептерді шығаруға болады.
Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, математикалық сауаттандыруды басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:
Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;
- баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
- меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;
Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.
Бастауыш мектепте оқушыларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.
Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды.
а) бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне) қарай ажырата алу білігі төмендегі: бірдей, пішіндері әртүрлі сөз тіркестерін, сондай-ақ ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші, жоғары-төмен, ең ұзын- ең қысқа, т.б. ұғымдарын игеру жүзеге асырылады; Тез фигура құрастыр, Не өзгерді?, Екі бірдей фигураны тап, Қандай?, Геометриялық лото сияқты балалар ойындарын қолдануға болады. Таратылатын материалмен (санау матер-иалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
ә) кеңістік түсініктерді қалып-тастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін Бауырсақ, Үйшік, Шалқан, ертегілерін және сиқырлы терезе ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі, гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.
Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы барысында оқушыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:
- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын;
- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін;
- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын;
- төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын.
Осыларды ұғынып біліп алу оқушыны сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі қалаытаса бастайды.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қырсырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.
Математикалық ұғым - мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым - біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі - түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым - түрлік ерекшелігі - тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.
Ұғым мазмұны - нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.
Ұғым көлемі - нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: Үшбұ-рыш ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.
Осы таңда дүние танымдылықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модель-деу идеяларын сезінуде, математикалық сауаттылық жалпы әлемдік сауаттылық ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық матема-тикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минималды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.
Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.
Балалардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын және ерекшеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.
1.2 Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.
2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.
Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі.
Цифрдың жазылуына нұсқаулар және олармен таныстыру әдістемесі:
1. Барлық цифрлар торға толығымен, он жақ жартысында кабырғасын бойлайорналасуы қажет.
2. Цифрдың ені оның ұзындығынан шамамен екі есе кіші болуы қажет
3. Цифрды жазуды түсіндірмес бұрын алдымен балаларға үлгісін көрсетіп,мұғалімнің басшылығымен әр цифр қандай элементтерден тұратынын талдауқажет (таяқша, ирек, ирек сызық).
Цифрлардың жазылу үлгісі
1 цифры бірі екіншісінен кіші 2 таяқшадан тұрады. 1 цифры үзіліссізжазылады. Алдымен кіші таяқшаны жазады. Оны тор ортасынан сәлжоғарырақ бастайды да, тордың жоғарғы оң жақ бұрышына дейін жүргізеді.
Сонан кейін қаламды қағаздан кӛтермей, негізгі кӛлбеу таяқша ны жазады.
Тордың жоғарғы оң жақ бұрышынан оның тӛменгі қабырғасының ортасына
дейін.
2 цифры ілгіштен және толқынды сызықтан тұрады, үзіліссіз жазылады.Ілгішін тордың жоғары қабырғасының ортасы нан сәл төменіректеу бастап,сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұрышта иеді жәнетордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді.Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толқынды сызық жүргізеді. (Бұл цифрдың жүзген аққуға ұқсайтынын балаларға айтуға және оның басын, мойнын,құйыршығын көрсетуге болады).
3 цифры оң жаққа ығысыңқыраған жоғары және төменгі жарты сопақшадантұрады. Жоғары жарты сопақша төмендегіден сәл кіші болуы тиіс. Цифрдыжазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды, жоғарыжарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді және қаламды қағазданажыратпай төменгі сопақшаны жазады.
4 цифры үш элементтен - таяқшалардан тұрады. Алғашқы екі элементіүзіліссіз жазылады. Бірінші таяқшаны тордың жоғары қабырғасыныңортасынан сәл әрірек бастап, тордың ортасынан сәл төменірек жеткізеді.Ортасынан бастап, қаламды қағаздан ажыратпай, көлденең таяқшаны оңғақарай жүргізеді және тордың оң жақ қабырғасына сәл жеткізбейді. Қаламдықағаздан ажыратпай 4 цифрының үшінші элементін ұзын таяқшаны жазадыжәне ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары басталып,оның төменгі қабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.
5 цифры үш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқшажазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақбастап, тордың ортасына дерлік кӛлбеу жүргізеді. Әрі қарай (ажыратпай) оңжақ сопақшаны жазады. Ең соңында солдан оң қарай цифрдың жоғарыэлементін жазады.
6 цифры сол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшалардантұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірекбастайды. Көлбей орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасыарқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықтыжоғары қарай жүргізеді және тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққақарай иеді.
7 цифры үш элементтен тұрады: толқынды сызықтан, кӛлбеу және кішітүзеу таяқшалардан. Толқынды сызықты тордың жоғары қабырғасыныңортасынан сәл тӛменірек бастап тордың оң жаң жоғары бұрышына дейінжүргіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасыныңортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.
8 цифры жоғары және төменгі сопақшалардан тұрады (жоғарысопақшатөменгісінен сәл кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғарықабырғасының ортасынан сәл тӛменіректеу және оңырақ бастап, сызықтыоңға карай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жаққабырғаларын жанастыра иеді, сонан кейін сызықты (оңнан солға қарай)жүргізгенде де иеді және тордың тӛменгі қабырғасының ортасына тамансолдан оңға карай жүргізеді. Әрі қарай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқы
нүктеге дейін жеткізіледі.
9 цифры сол жактағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкенжарты сопақшадан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғарыбұрышынан сәл тӛменірек бастайды да сызықты солға қарай жоғарыжүргізеді, тордың ортасына таман иеді, сонан кейін оңға қарай жоғарыжүргізеді де бастапқы нүктеге қарай иеді. Қаламды ажыратпай, сол нүктеденбастап, оң жақтағы үлкен сопақшаны тордың қабырғасының ортасынжинақтайтындай етіп жазады.
Сан -- математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) Сан дар ұғымы, кейіннен Сандардың натурал қатарының (1, 2, 3, 4, ...) шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі -- натурал Сандарға бөлшек Сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді. Теріс Сандар арифмет. есептерді шешудің жалпы тәсілдерін беретін алгебраның ғылым ретінде дамуына байланысты шықты. Бүтін, бөлшек (оң және теріс) және нөл сандары рационал сан деп аталды. Айнымалы шамалардың шексіз өзгеруін зерттеу үшін Сан ұғымы кеңейтіліп, нақты сандар жиынтығы пайда болды. Шамалардың қатынасын (мыс., квадрат диагоналының оның қабырғасына қатынасы) дәл өрнектеу қажеттігі иррационал сандар ұғымын енгізуге себепші болды. 16 ғ-да квадрат және куб теңдеулерді шешуге байланысты жорымал сандар ұғымы енгізілді. Сан ұғымы дамуының соңғы кезеңі комплекс Сандардың енгізілуі болды. Бұл идея 16 ғ-да 3- және 4-дәрежелі алгебр. теңдеулердің шешімін табуға байланысты пайда болған.
Сан ұғымы математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі.Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал нәрселерді санау болды.
Нәрселерді санаудың нәтижесінде натурал сандар шыққан.Натурал сандырдың әрқайсысын белгілеу үшін жасалған таңбалар цифрлар деп аталады.
Цифрлар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9, және 0. Бұл цифрлар алғашқыда Үнді (Индия) елінде қолданылған, бірақ Еуропаға бұл цифрлардың арабтар әкелген.Осыдан бұл цифрлар араб цифрлары деп аталған.
Осындай цифрлардан сандар құрастырылып, олар белгілі бір тәсілмен аталып таңбаланған.
Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп атайды.Санау жүйелері-сандарды өрнектеудің қандайда бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері деп те айтады.Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді.Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу мәніне тәуелді,ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.Позициялық емес санау жүйелерінің мынадай кемшіліктері бар:
1)үлкен сандарды жазу үшін әрдайым жаңа таңбалардыенгізіп отыру қажет;
2)бөлшек және теріс таңбалы сандарды өрнектеу мүмкүн емес;
3)орындау алгоритмі болмағандықтан,арифметикалық амалдарды орындау қиын;
Позициялық емес санау жүйесінің мысалы ретінде Римдіктерде қалыптасқан бестік санау жүйесін айтуға болады. Сандарды Рим цифрларымен жазуда осы бесттік жүйе қолданылған: бір-I, бес-V, он- X, елу-L, жүз-C, бес жүз-D, мың-M таңбаларымен белгіленген.Римдік санау жүйесі позициялық емес.
Позициялық ондық санау жүйесі шығыс елдерінде IX ғасырдан бастап тарады. Адамда он саусақ бар,ал ол алғашқы құрал болғандықтан 10 саны санаудың негізі ретінде бекінді.

2 Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
2.1 Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу, есептеу, көлем туралы ұғымдарын қалыптастыру
Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын саннын шығуы. Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау(санап aлy). Есептеу, есептеудін заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы.
Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару. Цифрлармен таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету әдістемесі.
Арифметикалық есептер
Балалардың арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі әдістемелік тәсілдер мен жүйелік +, -, , , = белгілерді қолдану әдістемесі.
Заттардың көлемі және өлшеу тәсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс.
Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері; Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардыңөлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің ролі. Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен(условный прибор) өлшеуге үйрету әдістемесі.
Мектеп жасына деиінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету жолдары. Заттардың көлемі, өлшемінеқарай өсуі бойынша реттеу тәсілдері. Көзбен өлшеуін үйрету әдістемесі. Заттардың кеңістікте орналасу жағдайына тәуелсіз өлшемін көру қабілетінің ерекшеліктері.
Берілген өлшемнің көмегімен әртүрлі көлемдегі өлшемін өлшеу туралы түсініктері. Санмен өлшем арасындағы байланыстық қызмет. Сұйық және сусымалы денелердің көлемін шартты өлшеуішпен анықтау жолдары. Заттың салмағы (масса) туралы түсінік қалыптастыру әдістемесі.
Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық түсініктері. Қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру әдістемесі.Геометриялық пішін - заттың формасын қабылдаудағы эталон. Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері. Зерттеу әрекеті және оның форманы тандаудағы ролі. Форма туралы түсініктерді қалыптастырудағы және қабылдаудағы сөздің орны.
Әртүрлі белгілеріне байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру әдістемесі, геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты салыстыруәдістері. геометриялық пішіндерді трансфигурациялау бейнелеу, таяқшалардан кұрастыру әдістемесі.
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар. Заттарды формасы бойынша жіктеудегі дидактикалық ойындар мен жаттығулар.
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Уақыт және оның өлшемі. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уакытты бағдарлауға оқытудың міндеттері. Балалардың уақытсезімін қалыптастыру әдістемесі. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.
Тәулік ұғымы. Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақыттысөзінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балабақша, мектеп және отбасы жұмысының сабақтастығы. Математиканы оқытуға қойылатын жаңа талаптар. Балабақша мен мектептің математика пәні бағдарламасының сабақтастығы. Тәрбиешінің шеберлігі мен білім деңгейін көтерудің формалары (әңгімелесу, кеңес, сабақтарға қатысу, педагогикалық кеңестегі хабарламалар).
Мектеп жасына дейінгі ұйымдағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік шараларды жоспарлау түрлері.Жылдық, айлық және күнделікті жоспардағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру міндеттерінің шешілуі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері. Басқа ғылымдарымен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі.
Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері
Мектепке даярлық топтарында санау және есептеу әрекеттерін оқып-үйрету әдістері
Ойынның ақыл – ой дамытудағы маңызы
Балалар бақшасында балаларға математикалық білім беру методикасы
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Сабақ барысында баланың ақыл ойын жетілдіру жұмыстарын белсендіру көздерін қарастыру
Пәндер