Delphi ортасында тест бағдарламасын құру


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Delphi ортасында тест бағдарламасын құру

2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе. . .: 1 тарау. Тестілеу туралы жалпы шолу
3:
Кіріспе. . .: 1. 1 Тарихи анықтама . . .
3: 5
Кіріспе. . .: 1. 2 Тестілеу және тест туралы негізгі ұғымдар . . .
3: 6
Кіріспе. . .: 1. 3 Тест - үлгерімді бақылау формасы . . .
3: 14
Кіріспе. . .: 1. 4 Тестік тапсырма мазмұнын іріктеу принциптері . . .
3: 23
Кіріспе. . .: 1. 5 Тесттердің түрлері және функциялары . . .
3: 25
Кіріспе. . .: 1. 6 Компьютерлік тестілеудің артықшылықтары мен кемшіліктері . . .
3: 34
Кіріспе. . .: 2 тарау. Компьютерлік тест бағдарламасын дайындау
3:
Кіріспе. . .: 2. 1 Қолданылатын бағдарламаларға сипаттама . . .
3: 37
Кіріспе. . .: 2. 1. 1 Объектіге бағытталған бағдарламалау тілі Delphi 7 . . .
3: 37
Кіріспе. . .: 2. 1. 2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access . . .
3: 42
Кіріспе. . .: 2. 2 Есептің қойылымы . . .
3: 48
Кіріспе. . .: 2. 3 Блок-схема . . .
3: 49
Кіріспе. . .: 2. 4 Бағдарламаны пайдалану нұсқаулығы . . .
3: 50
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 60
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 61
Кіріспе. . .: Қосымша . . .
3: 62

Кіріспе

Компьютер көмегімен оқыту идеясы арқылы ертеден-ақ пайда болған. Мұның негізгі себебі компьютердің адам тәрізді ойлап, онымен зерделі түрде диалог жүргізе алатындығына байланысты болды. Қазіргі уақытта компьютердің қызметі адамзат өміріндегі барлық салаларға енгізіліп отыр. Соның ішінде компютер білім беру салаларында да кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасының білім беру саласында, яғни, жоғарғы оқу орындарында студенттердің білімін тексеру негізінен компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл дипломдық жұмыста - оқу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін студенттердің білімін тексеруге арналған Компьютерлік тест бағдарламасы қарастырылып отыр.

Білімді компьютер көмегімен тексеру - осы Компьютерлік тест құрушылар және жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудыратыны анық. Орта мектепті бітірушілерді жоғарғы оқу орнына қабылдау үшін енгізілген бірыңғай ұлттық тесттің енгізілуі қызығушылықты айтарлықтай арттырады.

Тестілеуді кең көлемде енгізуге, мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесіне өтуге байланысты тестілеудің өзектілігі арта түседі. Абитуренттер, одан кейін оқу процесінің әр түрлі этаптарында оқушылар, және де кәсіптік жұмыс кезінде де тестілеумен кездесіп тұруға тура келеді. Қазіргі уақытта педагогикалық тесттер оқу процесіне кеңінен енгізілуде.

Соңғы он жылда Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда.

Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе студенттердің білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, студенттерді даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.

Кейінгі жылдарда студенттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару мәселелеріне қызығу арта түсті. Бұл мәселелермен жемісті шұғылданған авторлар қатарында - В. С. Аванесов, Ш. Ш. Артыгалин, Т. О. Балыкбаев, С. А. Ирсалиев, А. Н. Майоров, Г. М. Мутанов, М. Б. Челышкова, Ю. М. Нейман, В. А. Хлебников, Г. Сакса, Т. Д. Тасбулатов, М. М. Левин, И. Я. Лернер, В. П. Мизинцев, Н. Д. Никандров, В. М. Полонский, Л. И. Рувинский, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, В. А. Якунин, т. б. көптеген ғалымдар болды.

Қазіргі уақытта талапкерлер мен студенттерді аттестациялық сынақтан өткізуде бақылаудың тестік түрлері неғұрлым объективті әдіс ретінде кеңірек қолданыла түсуде. Сонымен қоса, тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында ғана емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары қарқынды іздестірілуде. Сондай зерттеулердің қатарына И. Б. Бекбоев, В. Г. Болтянский, Н. Я. Виленкин, Д. Г. Глейзер, Б. В. Гнеденко, В. А. Далингер, Ә. К. Қағазбаева, А. Н. Колмогоров, А. Д. Кудрявцев, А. И. Маркушевич, А. М. Мүбәраков, А. А. Столяр, Д. Р. Рахымбек, Л. Т. Искакова, және т. б. еңбектерін қосуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде білімді тексеру мен бағалаудың нақты тәсілдерін қарастырып қана қоймай, студенттердің педагогикалық ой-өрісін кеңейту, оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын да айқындап көрсетті.

Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында студенттердің игерілген білімінің барынша берік болуын талап етеді. Осыған орай тестік бақылау процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.

Осы дипломдық жұмыста студенттер білімін тексеруге арналған Компьютерлік тест бағдарламасын құру қарастырылады. Диплом жұмысы екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде, тест және тестілеу туралы жалпы шолу, тест құрудың формалары, компьютерлік тестілеудің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады. Екінші бөлімде жұмыстың іс жүзінде жүзеге асырылуы және Компьютерлік тест құруда пайдаланылатын бағдарламаларға сипаттама берілген. Сонымен қатар, бағдарламны құрудың блок-схема және дайындалған Компьютерлік тест бағдарламасын пайдалану инструкциясы толық жазылған.

1 тарау. Тестілеу туралы жалпы шолу

1. 1 Тарихи анықтама

Тестілеудің тарихы ғасырлардың тереңіне кетеді, ол әрбір қабілеттіктердің сынауына байланысты, білімі, икемділігі және дағдысы. Біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазғыштар дайындалатын мектептердің түлектері арасында сындар өткізілді. Кәсіби дайындалған жазғыш месопотамия өркениетінің сол уақыттағы кең білімінің арқасында орталық пішіні болды, ол міндетті түрде төрт арифметикалық әрекеттерді біліуі қажет, егістік жерлерді өлшеуді білу, рациондарды үлестіру, мүлікті бөлу, ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау өнеріне ие болу тиіс.

Одан басқа, маталарды, металдарды, өсімдіктерді және басқаны талдау шеберлігі тексерілді. Ежелгі Египетте абыз өнеріне тек қана, белгілі сынақ жүйесіне шыдай алатындар оқыды. Ең алдымен абызға кандидат болатын адам әңгімелесуден өтті, соның процессінде оның биографиялық мәліметтері, біліктілік деңгейі анықталды; бұдан бөлек әңгіме жүргізу шеберліг, сыртқы бет әлпеті бағаланды. Одан кейін еңбек етуі, тыңдауы және үндемеуі, отпен, сумен сыналуы, қапас зынданда толық жалғыздықта қорқынышты жеңуі және басқа тексерілді.

Қазіргі уақытта тестілеу, оқу орындарында білім деңгейін бағалау үшін, жұмысқа қабылдар кезде, мекеме қызметкерлерінің квалификациясын бағалау үшін, былайша айтқанда адам әрекеттерінің түгел дерлік салаларында кең қолданылады. Сыналушыға ретімен бірнеше қатар сұрақтар беріледі, соларға міндетті түрде жауап қайтаруы қажет.

Әдетте әр сұраққа бірнеше вариант жауап беріледі, олардың ішінен дүрысын таңдап алу керек. Әр варианттың жауабына кандай да бір баға сәйкес келеді. Жалпы балл, сыналушының даярлық деңгейінің қорытындысы негізінде, жауаптар үшін бағаларды қосу арқылы шығады.

1. 2 Тестілеу және тест туралы негізгі ұғымдар

Оқу процессінде компьютерді қолдану мүмкіндіктері өте алуан түрлі. Жүйелер немесе зерттелетін құбылыстарды модельдеу үшін, оқу ойындарды іске асыру, есептеулерді орындалу үшін қолдану, мәтінді редакциялау үшін, алуан түрлі тренажерлар ретінде, жобаны автоматтандыру құралы ретінде, бағдарламаланатын тәжірибелерді басқару, ақпараттық-іздеу немесе эксперттік жүйе ретінде, және соңында компьютерлік техниканы және бағдарламалауды практикалық оқыту құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.

Қазіргі кезеңде компьютердің көмегімен өте көп оқыту құралдары жасалған. Оларды келесі түрде квалификациялауға болады: компьютерлік оқулықтар, пәндік-бағытталған орталар (микроәлемдер, модельдік бағдарламалар, оқыту пакеттері) лабораториялық практикумдар, тренажерлар, бақылаушы бағдарламалар.

Тестілеу - бұл өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процессі. Тестілеудің басты мақсаты - бұл моделдердің өзара сәйкес еместігін және олардың деңгейінің сәйкес еместігін бағалау. Тестілеу арнайы тестер көмегімен, белгілі бір жиынтықтан тұратынын деңгейдің сәйкес еместігін көрсетеді. Тестік тапсырма - бұл нақты пәндік аясында анық және айқын тапсырма, бір мағынаны анықтайтын жауапты талап етеді немесе анықталған әрекеттер алгоритмін орындайды.

Тест - өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы, оқушының білім сәйкестігін бағалауды рұқсат ететін, пәндік аясының біліуінің эксперттік моделі.

Тестік кеңістік - көптеген әр түрлі тестік тапсырмалар түгел модулдерден тұратын білім моделі.

Толық тест - көпшіліктенген тестік кеңістік, объективті бағаны қамтамасыз ететін дара және эксперттік модельдің арасындағы сәйкестік.

Нәтижелік тест - көлемі және уақыты бойынша тиімді толық тест.

Тестілеу оқыту жүйесінің педагогикалық құралы ретінде шығып және оқу процессінің бақылау әдісі (технология) ретінде қолданылуы мүмкін, оқушының білімін, икемділігін және дағды деңгейін бағалауға рұқсат етеді.

Компьютерлік тестерді құру келесі жүйелік қадамдармен жүзеге асыруға болады:

1) Білімнің эксперттік мақсаттау моделін формалау;

2) Тестік кеңістікті төмендегідей жобалау;

3) Тестік тапсырмаларды қалыптастыру және толтыру;

4) Толық компьютерлік тесті қалыптастыру;

5) Тестік эксперимент;

6) Нәтижелі тесті таңдау;

7) Сараптау, түзету және тесті пайдалануға болатын түрге жеткізу.

Соңғы уақытта оқу орындарында оқушы жастар білімін бағалауда тесттік бақылау жүйесін қолданылуда. Үкімет шешімімен біздің Республикада жалпы орта білім беретін мектеп түлектері мен орта және жоғары оқу орындарының студенттерін тестілеу орталығы құрылды.

Қазіргі білім беру саласына талдау жасасақ, қоғамның сапалы білімге деген сұранысының өсуі мен оған объективті бақылаусыз қол жеткізу мүмкін еместігі арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы туындап отырған қарама-қайшылықты шешу мақсатына сәйкес психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды. Оқу тапсырмаларын орындау үрдісінде жүретін ойлау операцияларын тексеру мақсатында жасалған зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тесттерді жіктеуді екі топқа бөлуге болатынын көрсетті. Бірінші топқа, факторларды, терминдерді, ұстанымдарды білуді, жадында қайта жаңғыртуды тексеру тапсырмаларын жатқызуға болады. Тапсырмалардың екінші тобы оқыған материалды оқушының түсінуін (қабылдауын) бағалайды. Түрлендіру, қайтадан кодтау, анықтаманы интерпретациялау, нақты жағдайды жинақтау, немесе абстракциялау, талдау т. б. арналған тапсырмалар ерекше топ құрайды.

Кейбір әдістемелік еңбектерде мамандар жалпы тексеру тапсырмаларын барынша аз пайдалана отырып, студенттердің білімі, біліктілігі және дағдысы туралы барынша мол ақпарат алынатындай етіп құрады.

Тестілеу үшін интрументальді құрал ретінде келесі талаптарды қанағаттандыратын компьютелік тестілеу жүйесін пайдаланған дұрыс:

  • Тест тапсырмаларын дайындаудың қарапайымдылығы (компьютерді төменгі деңгейде білетін оқытушылар тапсырманы дайындай алатын болуы қажет)
  • Қолдану аясының кеңдігі (әр түрлі пәндерден тесттерді дайындау мүмкіндігінің болуы)
  • Тест тапсырмалары базасын басқару жүйесінің ыңғайлылығы (тапсырмаларды қосу, жою және тест базасын біріктіру мүмкіндігі)
  • Тест нәтижелері бойынша статистикалық мәліметтерді жинау, сақтау және өңдеу жүйесінің болуы (тест тапсырушы және тест тапсырмалары үшін)
  • Оқу процесінде жедел бақылауды ұйымдастырудың жеңілділігі

Компьютерлік тест бағдарламаларының бірнеше түрлерін атап айтуға болады. Мысалы, жеке компьютерге ғана арналған, локальді желілер арқылы жұмыс істейтін бағдарламалар немесе глобальды желілерде жұмыс істеуге арналған тест бағдарламалары. Қазіргі уақыттағы глобальді компьютерлік желілердің тез дамуы - интернет желілерінде немесе локальді желілерде орналасқан интерактивті тесттердің көмегімен студенттерді ұзақтан тестілеудің перспективтілігін көрсетіп отыр. Оқу процесінің интенсивтілігін және тиімділігін арттырып ғана қоймай, сонымен қатар, еліміздегі алдыңғы қатарлы университеттердің потенциалды тыңдаушыларының қатарын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік беретін, білім жүйелеріндегі мұндай ақпараттық технологиялардың кең таралуына, глобальды желілерде жұмыс істеуге арналған тесттерді дайындау процесінің күрделілігі кедергі келтіреді.

Педагогикалық бағдарламалық құралдар - оқу процесін толықтай немесе қандайда бір бөлімдерін автоматтандыруға арналған. Традициялық үлгілерде оқыту әдістері кейде оқыту әдістері, оқу әдістері және бақылау әдістері деп бөлінеді. Педагогикалық процесте педагогикалық бақылау мынадай бірнеше қызметтерді орындайды: бағалау, ынталандыру, дамыту, оқыту, диагностика жасау, тәрбиелеу және тағы басқа. Оқыту кезіндегі бақылау процесі - оқытушылар үшін және оқушылар үшін де өткір психологиялық жағдайлармен байланысты, өте қиын және жауапты жұмыстың бірі болып табылады. Ал басқа жағынан алып қарасақ, оны дұрыс қалыптастыру мамандарды дайындау сапасының артуына үлкен септігін тигізеді. Осы педагогикалық процесте біренеше бақылау түрлерін ажыратып атап өтуге болады: алдын-ала, ағымдағы, тематикалық, рубеждік, қорытынды және шығарушы. Бақылау жүйесі емтихан және сынақтарды, ауызша сұрауды, бақылау жұмыстарын, коллоквиумдарды, рефераттарды, семинерлерды, лабораториялық жұмыстарды, өндірістік практика есептерін құрады. Студенттердің үлгерімін бақылаудың мұндай әдістерін қазіргі уақытта көптеген жоғарғы оқу орындары пайдаланады. Бақылау формасы таңдау өткізу орнына, мақсатына, уақытына, мазмұнына, әдісіне байланысты болады.

Айтылған диагностика жасау әдістерінің де қандай да бір кемшіліктері бар. Соның кейбіреулерін қарастырып көрейік:

  • оқытушы жұмысының ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар туындауы мүмкін
  • бірдей жауапты бағалауда әртүрлі оқытушылардың қаталдық дейгейіне байланысты талаптарының сәйкессіздігі жиі кездеседі
  • кәсіпқойлық біліктілігінің айырмашылықтары
  • ағымдағы тексеруді ұйымдастыру барысында, студенттер саны көп болған жағдайда, бағалау негізінен формальді критерийлер бойынша жүргізіледі. Өйткені, оқытушыдан үлкен өлшемді ақпаратты дайындау, өңдеу, және оны талдау қысқа уақыт ішінде талап етіледі
  • кейбір студенттерді бағалауда оқытушының немқұрайлығы (психологиялық немесе басқада себептермен)
  • оқытушының жұмысын тексеріп, бағалау үшін пайдаланылады деп оқытушының сақтануына байланысты кейде студентке қойылған баға сенімсіз болуы мүмкін
  • білімді тексерудің традициялық формаларының ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар (әр қанағаттанарлық баға үшін жеткілікті болатын білімнің нақты қалыптандырылған стандартының жоқтығынан, оқытушы көбінесе қандай баға қоярын білмей қиналады, мысалы «қанағаттанғысыз» немесе «қанағаттанарлық»)
  • студенттерге байланысты қйындықтар (шпоргалкаларды пайдалану, басқа студенттен көшіру, бір-біріне студенттердің көмектесуі сияқты әрекеттер студенттің білімін бағалауда сенімсіздіктерге алып келеді және оқытушы өзінің нақты педагогикалық жұмысының сапасына объективті қарауына кедергі келтіреді)
  • кадрларды дайындауда дұрыс стратегияны жасау үшін өзекті болып табылатын, әр түрлі жоғарғы оқу орындарында қандайда бір пәнді (мамандықты) оқытудың нәтижелерін салыстырудың тиімді механизмінің және бағалаудың объективті критерияларының болмауы; 3-4 сұрақтан тұратын билет арқылы емтихан қабылдау, материалды толық меңгергендігін бағалауға мүмкіндік бермейді және көшіруге жол беруі мүмкін.

Тесттердің мынадай артықшылықтарын айтуға болады.

Біріншіден , тесттер - бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілі. Тесттердің объективтілігіне оны өткізу процедурасын, тестік тапсырмалардың сапа көрсеткіштерін тұтасымен стандарттау және тексеру жолымен қол жеткізіледі.

9

Екіншіден , тесттер - неғұрлым сыйымды құрал. Тест көрсеткіштері студенттерді белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес, оқу бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік, дағдыларды т. б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған.

Үшіншіден , тесттер - неғұрлым ауқымды құрал. Тест жұмысын орындай отырып, әрбір оқушы бағдарламада көзделген барлық тақырыптар бойынша тапсырма орындайды.

Төртінші, тесттердің бақылау жұмыстарынан маңызды айырмашылығы оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен студенттердің өзара қатынасын, студенттердің тестілеу кезіндегі іс- әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру процедурасын реттейтін қатаң ереженің болуы.

Бесінші, тесттердің айырмашылығы, олар баға критерийлерінің бірліктерін пайдаланып және өткізудің стандарттық шарттарын көздеп, барлық студенттерді тең жағдайға қояды.

Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда студенттердің қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті, және ауқымды түрде анықтауға жол ашады деуге болады.

Тесттердің осы айтылған басымдықтарға ие болуының негізгі себебі, оларды әзірлеу, қолдану және нәтижелерді түсіндіруден тұратын стандартталған процедурасының болуында.

Тест - бұл оқытушылардың салыстырмалы түрде аз уақыт аралығында әр студенттің оқудағы жетістігінің дәрежесін және сапасын бағалауға мүмкіндік беретін стандартты және стандартты емес сынақ. Жетістікті тексеру тесті нақты бір білімді немесе оқу пәндерінің бір бөлімін меңгеруінің сәттілігін бағалауға арналған, және ол бағалауға қарағанда меңгергендігінің объективті көрсеткіші болып табылады. Жетістік тесттерінің психологиялық тесттерден (қабілеттілік және интелектуальді тесттер ) жеке айырмашылығы бар. Оның қабілеттілік тесттерінен айырмашылығы, біріншіден, оның көмегімен нақты анықталған оқу материалдарын, мысалы, математиканың бір бөлімі немесе ағылшын тілінің курсын сәтті игергендігін анықтауға болады. Қабілеттілікті қалыптастыруға (мысалы, кеңістіктік) оқытудың әсері де айтылады, бірақ ол оның даму деңгейін анықтайтын жалғыз фактор болып табылмайды. Екіншіден, тесттердің арасындағы айырмашылық, олардың қолдану мақсатына қарай анықталады. Жетістік тесттері - нақты білімді сәтті игергендігін бағалау үшін оқулықтардың, әдістердің, бағдарламалардың тиімділігін анықтау, педагогикалық ұжымның, жеке оқытушының жұмыс ерекшеліктерін анықтау мақсатында қолданылады. Яғни, бұл тесттің көмегімен өткен тәжірибелерді және қандайда бір пәндерді немесе олардың бір бөлімен игеру нәтижелеріне болжам жасауға болады. Сонымен қатар, жетістік тесттері анықталған дәрежеде оқушының қандайда бір пәннен алға жылжуын айта алады. Өйткені, тестілеу уақытындағы білімді төмен немесе жоғары деңгейде игергендігі, оқу процесінің келесі уақыттарында дәл солай болмауы мүмкін. Жетістік тесттерінің сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін, нақты фактілер, даталар және тағы басқада білімдерді игеру қажет. Жетістік тесттерінің тапсырмаларына - жадында жақсы сақтайтын ынталы студент еш қиындықсыз жауап бере алады. Осы жетістік тесттерімен қатар, нақ пәндер немесе олардың циклдары бойынша білімді меңгеруін бағалауға арналған кең көлемге бағытталған тесттер дайындалуда. Мысалы, жеке дағдыларды бағалауға арналған тесттер. Бұдан да кең көлемді болып табылатын білгірлікке үйрететін тесттерде бар. Олар қосымша білімдерді игеруде қажет болады. Мысалы, оқулықтармен, математикалық кестелермен, сөздіктермен жұмыс істеуді үйрену.

Берілген қандайда бір мәліметтердің негізінде қорытынды шығаруға үйрететін, талқылау жасауға үйрететін, логикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған тесттерде бар. Бұл тесттер өзінің мазмұны бойынша интеллектуалдық тесттерге өте жақын болады. Егер жетістік тесттері нақты бір пән бойынша үйретуді қалыптастыру тиімділігін бағалауға арналған болса, онда жеке тапсырмаларды құратындардың ішінде оқытушы міндетті түрде болуы керек. Жеке жетістік тесттерін, тест жинақтары ретінде біріктіруге болады. Ол өз кезегінде әртүрлі пәндер бойынша оқытудың сәттілік көрсеткішін алуға мүмкіндік береді. Әдетте, тест жинақтары білім дейгейлері әртүрлі өсіп келе жатқандарға арналады және ол, курстан курсқа сәтті өткен нақты ақпаратты алу үшін бірі-біріне сәйкестендіруге болатын нәтижені әрқашан бере бермейді. Бірақ, соңғы уақыттарда осындай да нақты ақпаратты алуға мүмкіндік беретін тесттер құрылды. Тестті өткізу формаларына байланысты жеке және топтық, ауызша және жазбаша, үлгілік, пәндік, аппаратуралық және компьютерлік, вербальді және вербальді емес болады. Осындай кезде бұл тесттердің әрқайсысының бірнеше құрамды бөліктері болады: тестпен жұмыс бойынша жетекші, тест тапсырмалары жазылған дәптер, егер қажет болған жағдайда, ынталандыру материалдары немесе аппаратура, жауап парақтары (үлгілік әдіс үшін), деректерді өңдеуге арналған шаблондар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалар коды терезесі
Delphi-де тест бағдарламасын құру
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Delphi ортасында тестілеу бағдарламасын құру жобасы
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
«Тест» қосымшасын құру»
Тест - үлгерімді бақылау формасы
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz