Домбырашының концерттік орындаушылық репертуары



I. Ел аузынан тараған аңыз.
II. XIX ғ. . XX ғ. БАСЫНДАҒЫ ТУҒАН ӨЛКЕ ТҰЛҒАЛАРЫ
1. Махамбет Өтемісұлы
2. Құрманғазы Сағырбайұлы
3. Дәулеткерей Шығайұлы
4. Дина Нұрпейісова
III. Концерттік шығармашылық. Сахна өнері
Домбыра қалай пайда болды?
Ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде қылышынан қан тамған қаһарлы жанның атастырған жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыратынМыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердіңкөз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтеректе өсуін доғарды.
Ел ішінде өсек сөз, өтірік шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жері , баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен жылдар өтеді.
Қатты шаршап , діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабағы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса «ән салып»тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп ноы құлатып алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның құпиясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі шекті соған тағады. Шертіп көрсе, керемет үн шығады, құлақ тындырады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлы – Мұңлық, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты тартылған шекті қызым – Зарлық деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
Ерте, ерте, ерте заманда, ер етігімен су кешкен келте заманда, тарихтың тоғыз тарауы қарт жыраудың толғауымен қосылып, домбыраның шанағына құйылған екен. Сонда осынша байлық оның қуыс мойнынан шығып кетпесін, һәм тоғыз тараудың белгісі болсын деп, бүкіл ел болып жиналып домбыраға тоғыз толғау-перне таққан екен. Осыдан соң оның шанағы кеңейіп, мойыны жіңішкерген екен.
Ал елім деп егіліп, ел есіндегі ер есімдерін паш еткен қарияның құрметіне домбыраның құлағы тесіліп, қос бұрама қалдырған екен, бетіне жүрек тебірентіп, ой толғайтын қос ішек тартылған екен. Осылай ол халықтың алтын қазынасы боп сол заманнан қалған екен.
1. Сахарбаева К.С Домбыра үйрету әдістері
Алматы «ИЗДАТМАРКЕТ» 2006жыл.

2. А.Жұбанов “Ғасырлар пернесі”
Алма-Ата, «Жазушы» 1975жыл

3. Нұрымбетова Ж.И Ақжайық өңірінің мәдениеті
Орал, 2007 жыл

4. Рысбеков Т.З.; Бірімжаров Б.Қ.; Құрманалин С.Б.; Жақсығалиев Ж.Ж. БҚО-ның тарихы,
Орал, 2001 жыл

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тақырыбы:

Орындаған: 11304 топ студенті
Капезова А.С.
Тексерген: оқытушы Шакенова А.Н.

2010 жыл

Жоспар

I. Ел аузынан тараған аңыз.
II. XIX ғ. – XX ғ. БАСЫНДАҒЫ ТУҒАН ӨЛКЕ ТҰЛҒАЛАРЫ
1. Махамбет Өтемісұлы
2. Құрманғазы Сағырбайұлы
3. Дәулеткерей Шығайұлы
4. Дина Нұрпейісова
III. Концерттік шығармашылық. Сахна өнері

Ел аузынан тараған аңыз

Домбыра қалай пайда болды?
Ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде қылышынан қан тамған қаһарлы жанның
атастырған жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл
қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт
өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел
сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп қос бүлдіршіннің
көзін жоюды астыратынМыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір өмірге жаңа
ғана келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен
жап-жасыл ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді.
Нәрестелердіңкөз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды. Қос
жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтеректе өсуін доғарды.
Ел ішінде өсек сөз, өтірік шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады.
Бармаған жері , баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер,
арманмен айлар, жылаумен жылдар өтеді.
Қатты шаршап , діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабағы түсіп, шіруге
айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір
сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса ән
салыптұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз
егізін іздеп, түнде осы әнші ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп,
көңіл жұбатып, тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп
ноы құлатып алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, әнші ағаш қайта зарлай
жөнеледі. Қыз оның құпиясын білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен
басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан бұтаққа
керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ
еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты.
Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді де,
өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі шекті соған тағады. Шертіп көрсе,
керемет үн шығады, құлақ тындырады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні
мұңды шығатындықтан ұлы – Мұңлық, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты
тартылған шекті қызым – Зарлық деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай
күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
Ерте, ерте, ерте заманда, ер етігімен су кешкен келте заманда,
тарихтың тоғыз тарауы қарт жыраудың толғауымен қосылып, домбыраның шанағына
құйылған екен. Сонда осынша байлық оның қуыс мойнынан шығып кетпесін, һәм
тоғыз тараудың белгісі болсын деп, бүкіл ел болып жиналып домбыраға тоғыз
толғау-перне таққан екен. Осыдан соң оның шанағы кеңейіп, мойыны
жіңішкерген екен.
Ал елім деп егіліп, ел есіндегі ер есімдерін паш еткен қарияның
құрметіне домбыраның құлағы тесіліп, қос бұрама қалдырған екен, бетіне
жүрек тебірентіп, ой толғайтын қос ішек тартылған екен. Осылай ол халықтың
алтын қазынасы боп сол заманнан қалған екен.
Мінеки, екі ішекті домбыраның дүниеге келуі жөніндегі ел аңыздары
осылай толғайды. Егер Аңыз түбі шындық деген халық нақылына сенсек,
бірінші аңыздағы домбыра кездейсоқ пайда болып, адам жанына қажетті
қасиетті аспапқа айалған. Диалектикалық материализм кездейсоқтықты әсте
жоққа шығармайды.
Тағы бір аңыз домбыраның жаңғырық аузына байланысты. Бұл аңыз Ақсақ
құлан күйі тарихына байланысты екі түрлі аяқталады.
Жошы ханның бас уәзірі ұзақ сапардан оралып, құлан үйірін көргенін,
оның ішінде киелі ақсақ құланның барлығын, оған жолаған адамның тегін
қалмайтындығын әңгімелеп береді. Бұл әңгімені естіген хан баласы
жігіттермен құлан атуға аттанады. Құлан үйірін тауып, бетке алған тұста бір
ақсақ құлан бөлініп шығып, жер тарпып қалғандатөңіректі қара тұман басып
мергендер бір-бірімен көз жазып қалады. Тұман сейілгенде хан баласы да,
құлан да жоқ, оның бір саусағын ғана тауып алады. Баласын жоғалтқан хан
Кім баламның өлімін естіртсе,аузына қорғасын құямын, - деп жарлық
шығарады. Бір аңызда тазша бала, бір аңызда Кербұқа күйші келіп домбырасын
тарта бастайды. Теріс қарап жатқан хан мына домбыра балаң өлді ғрй деп
зарлап тұр ғой дегенде домбырашы: Балаңыздың өлімін өзіңіз айттыңыз,-
деп жеңіпті. Хан ызаланып, домбыраның кеудесіне қорғасын құйып, жаңғырық
ауызы осылайша пайда болды,-десе, Кербұқа күйшіге байланысты айдаһар
жыланның алдына апарып тастайды, домбыра үнінің құдіреттілігі сонша, жылан
ініне қайта кіріп кетіп ат басындай алтын әкеліпберіп, күйші байып,
мұратына жеткен екен десе, Шайтан тиекке байланысты мынадай аңызы бар.
Жаумен шайқасып, қалжыраған батыр, демалуға тоқтап, сайдың, сайдың талына
жылқының қылын тағып, дыбыс шығармақшы болып әуреленеді. Шаршап ұйықтауға
жатқан батыр қасында шығып жатқан дыбыстан оянады. Батыр мойын тұсынан
қойылған кішкентай тиекті көріп: Бұл шайтанның ісі болдыдеп ойлайды. Күні
бүгінге дейін осылай аталып қалды. Аңыз қызығушылық туғызады; бірақ онда
ақиқат та бар. Ең бастысы қарапайым түрден басталып, заман, қоғам, адвамға
байланысты жетіліп келе жатқандығының айғағы.
Бүгінге дейін қанша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, терең ғылым
саласына айналып отыр.
Домбыра - қазақ халықының арасына өте кең тараған, қос шекті, шертіп
ойнайтын музыкалық аспап. Домбырада орындалатын шығармаға байланысты ол
бірде квинтаға, бірде квартаға бұралып күйге келеді. Диапазоны екі жарым
октаваға тең. Бұл домбыраны халық арасынан шыққан қол өнер шебеолеоінің
көрнекті өкілдерінің бірі А.Ақкөзов домбырасының үлгісімен 1969 жылы
В.Кривошеев жасаған. Домбыра шанағындағы ою - өрнектерді О.Бейсенбаев
түсірген. Беткі қақпағындағы өрнектер инкрустация әдісімен салынған. Бұл
домбыраны 1968 жылы қол өнер шебері К.Оңалбаев дайындады. Аспаптық өнерді
үйретуші ұстаз ең алдымен аспапты күтіп – баптау, одан кейін ол аспапты
ұстау оң қол, сол қол әдістерімен үйретіледі. Қазақұтар баланың жас
ерекшелігін ескере отырып, оларға аспапты арнайы шеберге жасатып немесе
сатып алған. Сондықтан ұстаздың көрсеткен немесе орындаған музыкалық
шығармасын шәкірті сол күйде өз аспабында ойнауға тырысқан, қайталап
жаттыққан.
Аспапты еркін меңгеру, естіген музыкалық шығарманы өз бетінше аспапта
ойнай білу, жаттығу әдістері арқылы жүзеге асырылады. Музыкалық аспаптық
өнердің ерекшеліктерін балаларына үйретуде музыкалық шығармалардың ауыз
әдебиеті шығармашылығымен байланыстылығына ерекше мән берді. Музыкалық
аспапта күй орындау алдында күйші орындалар аңыздың мазмұнын айтып
түсіндіріп, баяндап отыратын болған. Бұл күйлердің мазмұнының көпшілік
есінде ұзақ сақталатынына, шығарманың көркемдік шеберлігін түсінуіне
себебін тигізді. Бұл күйлер ғаырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаз
орындаушы арқылы жалғасын тауып келеді.

XIX ғ. – XX ғ. БАСЫНДАҒЫ ТУҒАН ӨЛКЕ ТҰЛҒАЛАРЫ

Махамбет Өтемісұлы
(1804-1846)

Азаттықты көксеген күрескер, қол бастаған батыр, құдірет ақын,
дәулеске күйші.
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Ішкі Бөкей Ордасындағы Бекетай деп
аталатын өңірде дүниеге келген. Бұл Қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына
қарайтын жер. Даланың ауызша тарихнамасы бойынша Махамбеттің шыққан тегі
туралы әр түрлі дерек бар. Ең арғы дерек Бөкеев Шәңгерейдің шежіресі. Бұл
шежіре бойынша, Махамбеттің Ашамайлы Керейдің Балта деген бұтағынан.
Жауынгершілік заманда Махамбеттің төртінші әкесі Бахрамның Бағыр, Нәдір
деген екі баласы тұтқыннан қашып шығып, он екі ата Байұлының ішіндегі
Берішке сіңеді. Нәдірден Мәлі кейбір деректерде Құлмәлі, Құлманияз деп
айтылады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай туған. Өтемістен – он
ұл туып, Мәлі немере сүйген адам.
Махамбеттің:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік, - деп толғайтыны сондықтан.
Махамбеттің шығармашылығының басты өзгешелігі, оның көтеріліс
мүддесіне туындаған, өмірдің талабына тікелей бағындырылғандығында.
Табиғат оның тал бойына ақындық, шешендік, күйшілік, батырлық сияқты
бірнеше кесек қасиеттерді дарытты. Осынау кесек қасиеттердің бәрі шашау
шықпастан асқақ мұраттарға қызмет етті. Бұл орайда, Махамбет өзінің барша
болмыс қасиеттерімен көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы сияқты еді. Ол өзі
туып-өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер тарғын, Сыпыра жырау, Асан қайғы,
Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспанбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес
мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Жай ғана тоқып өскен жоқ, олардың артында
қалған асыл мұралары мен асқақ ойларын Махамбет өзінің өмірлік арман –
аңсарына бағдаршы етіп өтті. Махамбет өзі өмір сүоген заманнын ағымына
жүйрік, қыр-сырын жетік білген, көзі ашық, көкірегі ашық, көкірегі ояу,
білімдар адам болған. Орыс, татар, араб, тілдерін тәуір меңгерген.

Құрманғазы Сағырбайұлы
(1823-1896)

Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық
күйдің классигі. Құрманғазы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының
Жиделі деген жерінде туып, Ресейдің Астрахань облысындағы “Шайтани батаға”
деген,қазіргі Құрманғазы төбе деген жерде қайтыс болады. Алғашқы ұстазы
Бөкей ордасынан шыққан белгілі күйші – Ұзақ. Құрманғазы Ұзақпен бірге ел
аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына ілігеді. Бөкей
далсындағы атақты халық күйшілері Байбақты, Байжұма, Баламайсан, Соқыр
Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдайды.
Халықының ең асыл арманын ту еткен Исатай ердің ісін Құрманғазы күй
тілімен бедерлейді.
Халықтың аяққа тапталған асыл арманы азатшыл рухы бозбала
Құрманғазының көкірегінен Кішкентай атты күй болып сыртқа шығады.
Қашан да ел басына келген нәубеттің аурылық-тауқыметі ең алдымен
еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құманғазыны да
от жалынымен шарпып бағады. Жоқшылық, қорлық-зорлықпен беттесу,
әділетсіздікке ширыға қарсыласу, дүлей күштің темір құрсауына түсу,
көкірегін кернеген запыран зары мен мұң-сарын күй етіп сыртқа шығару, міне,
Құрманғазының маңдайына жазылған тағдыр осындай еді. Оның Түрмеден
қашқан, Кісен ашқан, Ертең кетем, Бозқаңғыр, Пәбескі, Терезеден-
есіктен, Бозшолақ, Бұқтым-бұқтым, Не кричи, не шуми, Арба соққан,
Аман бол шешем, аман бол сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның
бір-бір бекет белгісі сияқты.
Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша
қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның Қызыл қайың, Ақжелең,
Адай, Сарыарқа, Балбырауын, Серпер, Назым, Балқаймақ,
Бұлбұлдың құрғыры, Ақсақ киік, Төремұрат, Қуаныш сияқты күйлері
өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.
Жалпы Құрманғазы Сағырбайұлы – күйшілік өнердегі жаңашылдығымен халық
музыкасына жаңа бағыт тудырып, өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастырып
кеткен XIX ғасырдағы музыканың алыбы.

Дәулеткерей Шығайұлы
(1820 - 1887)

Қазақтың күйші – композиторы. Домбыра күйлеріндегі лирикалық бағыттың
негізін салушы. Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерінде дүниеге келген.
Әкесі Шығай Нұралыханұлы 1815-1823 жылдары Бөкей Ордасын билеген.
Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесінде болады.
Болашақ композитордың халыққа, қоғамға деген көзқарасын қалыптастыруда
Исатай мен Махамбет көтерілісінің рөлі зор болды. Ол ендігі жерде
Орынбордан оқу бітірген қазақ жастарымен байланыс жасайды.
Дәулеткерей Шығайұлының күйшілік өнерін үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші, 1840 жылдарға дейінгі кезең. Бұл кезде Дәулеткерей өзінің ұстазы
Мүсірәлінің күйшілік өнеріне жастық сезіммен құлай беріліп халықты телегей
– теңіз асыл мұрасына қанбас құмарлықпен ден қояды. Сол жастық сезімнің
алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дина Нүрпейісова
Домбыра туралы
Оқушылардың домбыра аспабында ойнау қабілетін дамытудағы мұғалімнің жұмысы
Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Қазақ халқының күй өнері
Фольклорлық музыка аспаптары
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Пәндер