Қазақстан Республикасының банк жүйесі



ЖОСПАР.

Кіріспе

І .Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі.
2.1.Ұлттық банкі, оның мақсаттары мен міндеттері және
қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті
2.3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
2.4.Ақша айналысын басқару
2.5.Ақша.несие саясатының құралдары
2.6.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі . “Банктердің Банкі
2.7.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым .қатынасы
2.8.Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылады. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейін жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, сапалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ғ.С. Сейітқасымов –«Ақша, несие, банктер». Алматы - 2001 жыл.
2. А.Қ. Мейірбеков , Қ.Ә. Әлімбетов –«Кәсіпорын экономикасы». Алматы -2003жыл.
3. Ө.Қ. шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Б.И. Комягин –«Экономикалық теория». Алматы –Ақтөбе 2002 жыл.
4. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов. «Экономикалық теория». Алматы 2004жыл.
5. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова-«Макроэкономика». Алматы -2003жыл.
6. С.С. Сахариевич, С.А. Сембаевна –«Жаңа кезең экономикалық теориясы». Алматы «Дәнекер». 2004жыл.
7. “Ақша Несие Банктер” оқулық.
8. “Атырау” газеті.
9. “Экономика” журнал.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.

Кіріспе
І –Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95
жылғы банк жүйесін реформалау
1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі.
2.1.Ұлттық банкі, оның мақсаттары мен міндеттері және
қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті
2.3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
2.4.Ақша айналысын басқару
2.5.Ақша-несие саясатының құралдары
2.6.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – “Банктердің Банкі
2.7.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым –қатынасы
2.8.Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып
келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік
банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік
мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие
жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың
монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік
банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен
ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының
13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне
қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен
бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы
қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791
тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың
жоғарғы дәрежесіне жетті.
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік
монополия қағидасы іске асырылады. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейін
жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі
бір мемлекетке жататын, сапалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік
жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын
көздеген несиелік және қарыздық жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады.
1924 жылы ауылшаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру
мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу
рұқсат етіледі.
1926 жылы 1 сәуір КСРО –да 16 185 серіктестіктер құрылды, бұлардың
ішінде 2426 –несиелік және қарыздық жинақ, 12424 –ауылшаруашылық
серіктестіктері болды.
КСРО –да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформалардың нәтижесінде
жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылып, өнеркәсіптік және электр
шаруашылық несиелендіру банкі -өнеркәсіп және электр шаруашылық күрделі
құрылысын қаржыландыру банкі банкі болып қацта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО
құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
КСРО –да банктік реформа 1987- 1988 жылы жүргізілді.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі Монополиясын
жоюя керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі –Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметін атқаратын1917 жылы Қазан революциясынан
кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске
асырылады. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейін жеке коммерциялық және
басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын,
сапалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі
мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын
көздеген несиелік және қарыздық жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады.
1924 жылы ауылшаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру
мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу
рұқсат етіледі.
1926 жылы 1 сәуір КСРО –да 16 185 серіктестіктер құрылды, бұлардың
ішінде 2426 –несиелік және қарыздық жинақ, 12424 –ауылшаруашылық
серіктестіктері болды.
КСРО –да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформалардың нәтижесінде
жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылып, өнеркәсіптік және электр
шаруашылық несиелендіру банкі -өнеркәсіп және электр шаруашылық күрделі
құрылысын қаржыландыру банкі банкі болып қацта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО
құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
КСРО –да банктік реформа 1987- 1988 жылы жүргізілді.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі Монополиясын
жоюя керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі –Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болады.
70 ж бойы КСРО ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік банкті ықпал ету әдістерде
әкімшілі, өктесмдік, ұсақ түйек регламенттері сондай ақ шаруашылық
органдарына да ұсақшыл регламенттеу басым болады. Қалыптасқан ақша несиелік
қарым қатынас тәжірибесі келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай
келмеді.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылы желтоқсанда Қазақстан бірден
нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін
құруға кірісті 1991 жылы қаңтарында елдегі банктік реформаның бастамасы
болып табылатын “Қазақ КСРО дағы банктер және банктік қызметтер туралы” Заң
қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалармен
бөлімшелері бар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне айналды.
Республикалық өнеркәсіптік құрылыс банкі акционерлік коммерциялық Тұран
банкіне, агроөнеркәсіп банк –Қазақстан Республикасы Акционерлік
–коммерциялық Агробанкіне, Республикалық жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы
бұл банктер акционерлік –банктер болып қайта өзгерді, ол жинақ банкі
Қазақстан Республикасының Халақтық банк деген атқа ие болды.

1989 жылдан бастап, алғаш коммерциялық, аралас, кооперативтік жеке
банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты
және т.б. коммерциялық банктер құрылды.

І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.

Банктік жүйе- нарықтық экономиканың маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы –ақшалай қарым –қатынастарының дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір –бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдел ретінде шпруашылық органдарының капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтерінің үрдісінде босаған басқа да бос
ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізіледі және экономика үшін басқа да
көптеген қызметтер көрсетіледі, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен
қызметтері өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (5 сызба).

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиеттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ол қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық
ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдардық деп аталады.

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының “тобын” құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеленген талаптарды қанағаттандыра
алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе
“ертегідей күшке” ие бола отырып, “нақты өндіріске ең қауіпті түрде
араласуы” мүмкін. К. Маркс келесіде “Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда
мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің
орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың
кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы
басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау
үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс
табады.

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын көрсетеді. Ол әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ол экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді
пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер
басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр
түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелер
мен немесе қолма қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет
етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз
қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін
айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында
қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің муддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін
қорғайды.

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық),
салалық (минестерстволар, компания, фирмалар), аумақтарды (жергілікті
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыспен жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиеттері
арасындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық
жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне,
ведмоствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни
өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен
байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар
мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз
етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін
несиелік сипаты жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар
болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиеттерінің негізгі қызметі
туралы ақпарат болып табылады.

Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді
қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы
шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші
болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген
тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері
бухгалтерлік есепті құруды күтпей –ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген
маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын –ала көруге мүмкіндік
береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға
және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма –қол және қолма –қолсыз
ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара
тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың,
жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының
жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі
оларға ықпал етеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған:
мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол
арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда,
меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары
санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек
қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.

Қоғамда бір бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда.
Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің
экономикалық рөлі күшеюде: Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік
-әміршілік әдістердің орнын –экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп,
экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта
түседі.

Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың
нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен
мемлекетсізденудегі рөлі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты
–несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін
жетілдіру, есеп айырысуді тездету және төлем тәртібін сақтау болып
табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап
өзіміздің ұлттық валютамыз төл теңгемізді еңгізді. Бірақ инфляция
тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 пайызға, жетті. Ұлттық
банкпен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде
айында инфляция 25 пайызға, төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13.5 пайызға,
қыркүйекте 10.9 пайызға тең болды.

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
300 ден 250 пайызға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы
пайыздық мөлшерлеменің 460 тан 280 пайызға төмендеуі, яғни несие үшін төлем
сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған нарыққа айналды. Теңгенің ресми және
бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда
қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарлауда. Инфляция
төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді
беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін
ғана сақталады. Несиелік ресурсар аукциондарда сатылады.

Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды
төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және
төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің рөлі маңызды.
Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет
көрсететін клиенттерінің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік
реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек
жүргізілмеуі керек. Сондықтан бан,ктік реформаның негізгі мақсатының бірі
–экономикалық жеке секторын құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде
демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны –банктік реформа.
Мемлекет меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар
шығынды несиелерден арыла алмайды. Бұл қазіргі кезде көптеген мемлекет
кәсіпорындарының несие портфелі сапасының төмендігіне байланысты.

Банктік реформа кәсіпорындарды тарату және қайта құруда өз үлесін алуы
керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеу
мен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп
шығынды кәсіпорынның өміршең кәсіпорындардын бөлініп және олардың жаңадан
құрылған даму банкінеберілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктерден
нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырландыруын болдырмауы тиіс.

Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарлату және
сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға
қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің рөлі жекешелендіру бағдарламасның
негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды
кәсіпорындарға корпаративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі.
Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып,
олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, Яғни жеке
меншік құқық және тұлғаларға көшеді деген сөз.

Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын
қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол
шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Жекешелендіруші кәсіпорындаға республикада банктік реформаны құрудың
барысында қажетті ипотекалық банктер, маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл
жерде әңгіме жекелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала
отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы
болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен Заң базасын жасау керек.

1.2.Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы
банк жүйесін реформалау.

Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені
басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету
механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде
экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар,
банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы
өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді
ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі,
дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер
категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде
макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды.
Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған
мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі
тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі.
Екінші категорияға банктердің сапасыз қарыздары мен мемлекеттік зиянды
кәсіпорындарын жатқызымыз.

Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық
ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.

Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем
төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.

1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың
көбеюі байқалады. 1992 жылдың 2 тоқсанында несиенің сомасы ЖҰӨ нің 11,3
пайызын құраса, ал 4 тоқсанда 29,8 пайызды құрады. Бұл негізінен қайта
қаржыландыру және Ұлттық банктердің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз
кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен
қаржыландырылады. Оларды келесідей мәліметтер куәләндырады: 1992 жылдың 1
тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы
-6,7 пайызды құраса, 4 тоқсанында 17,8 пайызды құраған. Мұндай несиелік
ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру
-өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде
банктерде жұмыс жасалмайтын несиелердің яғни банктердің несиелік
портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.

1993 жылы Ұлттық банктен 7,5 млрд. Теңге сомасында орталықтандырылған
несие берілді, 5,6 млрд. Теңгесі үкіметке, яғни олардың үлесі 75 пайызды
құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын жалпы сома 138,5 млн. теңгеге
немесе 3,9 пайызға тең болады, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып
табылады.

Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің
жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін –еркін кіру
мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру
ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа мұндай несиелерді субъективтік негізде
орналастыруда кедергі болған тағы да бір фактор –бұл төмен пайыздық
мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс
бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірген мемлекеттік кәсіпорынның
қаржылық тәжірибесінің әлсіреуіне әсер етеді.

Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе
оларды инвестор үшін емес, жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды
жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің
номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жыл наурыз
айында 25 пайызға жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының
жылдық инфляциясы 500 пайыздан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында
номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65 пайызға дейін жоғарлағанда, инфляция
1000 пайызды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің
қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.

Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу
саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік
ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкеледі.

Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін
ескермей, тікелей несиелендіру мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ұлғаюына
әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған нарықтық қатынастарға
бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.

Төменгі пайыздық мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге
толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен
жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды
қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз
қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар
сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан,
инфляциядан қоғайтын ең басты құрал болып табылады. Салымдар үшін төлейтін
банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығындардың орнын жаппады. Мекемелер
мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне
банктердің байланысты несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді
мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.

Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға
субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері әсерін
тигізеді. Субсидиялық несиелер толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған,
сонымен қатар кәсіпорындардың дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін
шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктердің қайта қаржыландыратын несиелерге
қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жыл 4 тоқсанында 65 паыз төмен)
мөлшерлеме бойынша беріледі.

1992 жыл Ұлттық банктің несиелерінің үлесі барлық қайта
қаржыландырылған несиелерінің 70 пайызын немесе барлық несиелік салымның 42
пайызын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауылшаруашылық және
дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.

1993 жыл мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін
орталықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен 3, 25,
65 пайызға беріледі.

Ұлттық банк кәсіпорындарының қарыздарының жаппай есеп айырысуын
жүргізу кезінде қарық кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер
берді. 1992 жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік
несиелерінің 30 пайызы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.

Дегенмен жоғарда аталған несиелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жақсартуға берілгені мен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың
құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер
бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы
үлкен айырмашылық қаржылық алып –сатарлыққа мүмкіндік туғызды.

Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз
бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы
жоғары: 1992 жылы 1 қаңтарда олар тиісінше 13,7 және 11 пайызды құраса,
1993 жылы 1 қаңтарда 1,5 және 2 пайыз, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты
жабуға 877 млн. теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының 11,8
пайызды құрайды.

1991 жылы 1 қаңтарда уақында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн.
теңге құраса, 1992 жылы 1 қаңтарда 11,2 млн теңге құраса, 92 ж маусымда 384
млн. теңге немесе ЖҰӨ нің 12,3 немесе алынған банктік несиелердің жалпы
сомасы 84,1 пайызды құрады. 93 ж мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн
теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін немесе 60есе жоғары өсті.

1992 жыл соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорынның қарызын
өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы
1992 жылғы аяғында 80 млн. теңгені құраған.

1993 жылғы қараша айында Ұлттық банкке Ұлттық валютаның енуімен ақша
несие саясатын жүзеге асыру, бюджетпен банктер мен өзара қарым қатынаста
классикалық қағидаларды ендіруі банктердің қызметтерін реттеу жүйесін
нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.

Ұлттық валютаның еңгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін орталық
банктің қызметін атқару жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай –несиелік саясат жүргізу тәжірибесін
қолға алды.

1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Призедентінің
қаулысымен бекітілген, 1995 ж арналған Қазақстандағы банктік жүйені
реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда
келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:

Ұлттық банкінің негізінен алассикалық орталық банктерге тән валюталық
және ақшалай несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын еңгізуді
аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай
несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық
банкінің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік
береді.

Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді
жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық
коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың
капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға сай
банктер тобын қалыптастыру.

Банкааралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету
жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағам
тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және
жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;

Республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банкінің тарапынан тікелей
несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда
инфляциялық емес әдістері арқылы қаржыландыруға көшу;

Шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында төлемдердің қауіпсіз,
уақытылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің
сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық
төлем жүйесін дамыту;

Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес
несиелеу жүйесінің негізін қалау.

Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан істің нақты жағдайын ескере
отырып, оны жүзеге асырады.

Ең алдымен ақша несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами
түсті.

Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер
болды. 1995 жылы қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру
тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелердің көлемі
және мерзімі қысқарады. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық
банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы
несиелеудің шаруашылық жүргізу субъектілерінің бос қаражаттарын, халықтың
жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен
қамтамасыз етуге бейімдейді.

1995 жылдың 1 жартысында Ұлттық банктің 2 деңгейлі банктерге беретін
несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге
берілсе, 2 жартысында операциялардың барлық ауыртпалығын мемлекеттік бағалы
қағаздардың 2 нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкааралық несие
нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап, ломбарттық несиелеу жүйесі
еңгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде
Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша массасының
өсімін стерилизациялап отырды.

1995 ж Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын
қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995 ж қаңтарында 8,9 пайыздан 2,4
пайызға дейін төмендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі біртіндеп 210 нан 45 пайызға дейін төмендеді. Кейінгі
айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің
қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5 пайызға дейін арттыруына мәжбүр етті.
Бұл өзгерістер өз кезегінде 2 деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да
көрініс алды.

1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын
қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде 1, 2
нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 95 ж айналыс мерзімі
3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд. Теңгені құраса, мерзімі 6
айлық қазынашылық вексельдер 0,8 млрд. Теңгені айналысқа шығарды. Екінші
нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд. Теңге құраса, оның ішінде
ашық нарықтағы операциялар 2,2 млрд. Теңгені құраған.

1995 жылы Қазақстандық банкааралық валюталық қор биржасындағы АҚШ
долларын сатып алу туралы Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек,
кәсіпорындардың ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан
түсетеін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30 пайызға дейін
төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау
қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және
ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.

1995 ж алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар
жүзеге асырылды. 1995 жыл сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта
резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.

Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен
қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді.

Мұндай ақша несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 ж монетарлық
бағдарламаларға жүктелген параметрлер негізінен орындалады. Ол инфляцияның
орташа айлық қарқынын 24,1 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендеуге әкелді.
Әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанады. Ұлттық банктің
жүргізіліп отырған ақша несие саясаты экономиканың тұрақтануына жақсы
жағдай туғызады. ЖІӨ нің құлдырауы (1994 ж 23,7) 9 пайызға дейін төмендеді.
1997 ж салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі
байқалады. Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.

Қазақстан Республикасында төлем құралдарын тиімді пайдалануды
жоғарылату үшін 95 ж Ұлттық банктің басқармасымен: Қазақстан
Республикасында есеп айырысудың вексельдік жүйесі туралы уақытша ереже
Банктік сервистік бюро туралы уақытша ереже, Қазақстан Республикасы
аумағында дебиттік және кредиттік карточкаларды пайдалану мен байланысты
шетел валютасындағы есеп айырысудың уақытша тәртібі нормативтік құжаттар
дайындалып бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы және Қазақстан
Республикасы банктер және банктік қызметтер туралы Призеденттің заң күші
бар жарлығы шықты.

97 ж . 6 наурызда Заң күші бар, Қазақстан республикасы
Президентінің жарлығына толықтырулар еңгізу туралы, 1997 ж 28 сәуірде
Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы, 97 ж. 11 шілде
Банктік қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы заңқабылданды.

1.3 Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері.

Банктік заңдарда, банктің жарғылық қоры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банк жүйесінің дамуы
Банкілік қатынастар субьектілері өз құқықтарын қорғау тәсілдері
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Пәндер