Массивтерде компоненттер құру



Жоспар:
Кіріспе
Delphi программалау ортасы 3
Негізгі бөлім
1.1 Delphi ортасымен танысу 6
1.2Құрал саймандар батырмалары 8
1.3 Компоненттер 10
1.4 Массив сипаттамалары 17
1.5 Массив элементтерін енгізу жолдары 19
1.6Массивтің жеке элементтерімен орындалатын операциялар 20
Массивтерді енгізу . шығару
2.1 Массивтерді өңдеудің типтік процедуралары 22
2.2 Массив элементтерінің қосындысын есептеу 23
2.3 Массив элементінің және онын индексінің
ең үлкенін (ең кішісін) іздеу 26
2.4Бірнеше белгілі массивтер бойынша
жаңа массив алу 31
3.1 Есептің қойылымы 32
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер 42
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB –парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері , сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi – бұл қазіргі заманда ең кең тараған әр түрлі программалық қосымшаларды жасайтын орта. Бұл біруақытта редакторда және компилятор да бола алады. Берілген орта негізінен, алдымен Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған. Бірақ Delphi көмегімен Linux – ке қосымшалар өңдеп жасауға болады.
Delphi – дің кез келген программасының негізінде Object Pascal тілі - жоғары дәрежелі программалау тілі болғандықтан, ол объектті бағытталған динамикалық массивтер, әдістерді жүктеу, параметрлер т.б. тілдік амалдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды.Delphi – де шамамен 200 – ге жуық дайын компоненттер бар.Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.
DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде DELPHI құралының мүмкіншіліктері күннен-күнге артуда. Бүгінгі күні DELPHI-дің көмегімен деректер базасын интернетте де жариялауға болады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.Қ. Информатика және
2. математикалық статистика бастамалары.– Алматы: Абай атындағы
3. АлМУ, 1999.– 67 бет.
4. Абрамов С.А., Зима Е.В. Начала программирования на языке
5. Паскаль.– М.: Наука, 1987.– 112 с.
6. Алдашев С.А., Ахметов Н.Р. Информатика мен есептеуіш
7. теника терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.– Алматы, Рауан,
8. 1993.– 176 бет.
9. . Бектаев Қ.Б. Орысша-қазақша математикалық сөздік.–
10. Алматы: Мектеп, 198
11. Шаньгин В.Ф., Поддубная Л.М. Программирование на языке
12. Паскаль.– М.: Высшая школа, 1991.– 139 с.
13. Гусева А.И. Учимся информатике: задачи и методы их
14. решения.– М.: Диалог-МИФИ, 1998.– 320 с.
15. . Федорова Л.П., Глухов Д.Н. Информатика. Для 11 кл. и
16. поступающих в вузы. – Волгоград: Учитель, 1998.– 69 с.

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім миистрлігі
Алматы индустриалды колледжі

Курстық жұмыс
Массивтерде компоненттер құру

Орындаған:
Тексерген:

Алматы қаласы 2012жыл
Жоспар:
Кіріспе
Delphi программалау ортасы 3
Негізгі бөлім
0.1 Delphi ортасымен танысу 6
1.2Құрал саймандар батырмалары 8
1.3 Компоненттер 10
1.4 Массив сипаттамалары 17
1.5 Массив элементтерін енгізу жолдары 19
1.6Массивтің жеке элементтерімен орындалатын операциялар 20
Массивтерді енгізу - шығару
2.1 Массивтерді өңдеудің типтік процедуралары 22
2.2 Массив элементтерінің қосындысын есептеу 23
2.3 Массив элементінің және онын индексінің
ең үлкенін (ең кішісін) іздеу 26
2.4Бірнеше белгілі массивтер бойынша
жаңа массив алу 31
3.1 Есептің қойылымы 32
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер 42

Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB - парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену , түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым , әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған.Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері , сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi - бұл қазіргі заманда ең кең тараған әр түрлі программалық қосымшаларды жасайтын орта. Бұл біруақытта редакторда және компилятор да бола алады. Берілген орта негізінен, алдымен Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған. Бірақ Delphi көмегімен Linux - ке қосымшалар өңдеп жасауға болады.
Delphi - дің кез келген программасының негізінде Object Pascal тілі - жоғары дәрежелі программалау тілі болғандықтан, ол объектті бағытталған динамикалық массивтер, әдістерді жүктеу, параметрлер т.б. тілдік амалдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды.Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды.Delphi - де шамамен 200 - ге жуық дайын компоненттер бар.Delphi-де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді.
DELPHI - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен "клиент-сервер " архитектурасында, InternetIntranet, сонымен қатар локальді машиналар және " файл-серверлік " архитектурасында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде DELPHI құралының мүмкіншіліктері күннен-күнге артуда. Бүгінгі күні DELPHI-дің көмегімен деректер базасын интернетте де жариялауға болады.
Delphi-де программа дайындау, мәліметтер базасын басқару жүйелерін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс - әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге, кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғаламның түкпір-түкпіріндегі бұрышында болып жатқан барлық жаңалықтарды, білім, мәдениет, саясат салаларында болып жатқан жетістіктерді, яғни барлық мәліметтерді бүкіл дүниежүзілік компьютер желісі - Интернет арқылы білетін болсақ, осы мүмкіндіктерге одан да әрі қарай қол жеткізуге Delphi программасы да өз үлесін қоса алады.
DELPHI тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда
- Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi ортасын - програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы - көптерезелік жүйе.
Оның негізгі төрт терезесі:
1. Негізгі терезе (Project 1)
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.
Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.
Компоненттер жинағы - Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма құрастырушының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=New=Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.
Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.
Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties - қасиеттері және Events - оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері - параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.
Программа кодының терезесі:
Программа (немесе Модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.

Құрал саймандар батырмалары
Delphi - де компоненттің өз тобын анықтауға болады, және оны палитра бетіне орналастыру мүмкіндігі бар, сондай-ақ компоненттерді топтау мен пайдаланбайтындарды жойып тастау мүмкіндігі де бар.
Интеллектуальді редактор. Программалар редакциялауды макростарды орындау мен жазуды мәтіндік блокнотпен жұмыс істеуді, икемделетін тетікті комбинацияны және жолдың түсті айырмасын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Графикалық дұрыстағыш. Delphi - де қуатты редакторға енгізілген кодтағы қателерді тауып, оларды жоятын графикалық дұрыстағыш бар. Тоқтау нүктелерін анықтауға, үзілістерді тексеріп, өзгертуге адымдап басу арқылы программаны әрекетін дәл түсінуге болады. Ал егер өте жіңішке дұрыстағыш қажет болса, ассемблердегі нұсқауларды және процессор регисторын тексеріп, бөлек енгізу мүмкіндігі бар Turbo Debugger пайдалануға болады.
Объектілер инспекторы. Бұл құрал бөлек терезе бейнесінде көрінеді, онда сіз программаны жобалау кезінде объектінің жағдайлар мен қасиеттер мағынасын белгілей аласыз (Properties and Events) .
Жоба менеджері. Ұйымдастырушыға тиісті жобада барлық модульдерді қарауға мүмкіндік береді және жобаны басқаратын ыңғайлы механизм мен жабдықтайды. Жоба менеджері файл аттарын, таңдалған форма уақытты және т.б көрсетеді. Мәтін мен формаға тиісті атау үстіне тышқанмен сырт еткізу арқылы тез арада жетуге болады.
Объект навигаторы. Қол жетерлік объектінің кітапханасын көрсетеді және қосымшалар бойынша навигацияны жүзеге асырады. Объект иерархиясын, кітапханадағы компиляцияланған модульдерді және сіздің кодыңыздың глобальді атаулар тізімін қарауға болады.
Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.
Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға жазылған Case - құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:
* Ø Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.
* Ø Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.
* Ø Форма шаблонын сарапшысы.
RAD Pack құрамына Delphi фирмасындағы Borland Pascal 7.0 жасалған ресурстарды қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта DLL құрылысын жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.
Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.

Компоненттер
Негізгі меню - Delphi-дің функцияларына қатынасу үшін арналған ауқымды командалар жинағын қамтиды, олардың негізгілері осы командаларға сәйкес операцияларды үйрену кезінде қарастырылады.
Аспаптар панелі - негізгі мәзірдің астында негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасады және оның негізгі мәзірде жиі қолданылатын командаларды шақыру үшін пайдаланатын 15 батырмасы бар, мысалы: FileOpen (ФайлАшу) немесе RunRun (ОрындалуОрындау).
Негізгі мәзірдің көптеген командаларын пернелердің комбинациялары арқылы шақыруға болады, олар команданың атына сәйкес оң жағынан көрсетіледі. Мысалы: RunRun командасын F9 пернесі көмегімен шақыруға болады, ал ViewUnits (КөруМодуль...) командасын Ctrl+F12 пернелерін басумен.
Барлығы 5 аспаптар панелі бар:
* Standard (Стандартты)
* View (Көру)
* Debug (Жөндеу)
* Custom (Қолданушы)
* Desktop (Жұмыс орыны)
Аспаптар панелінің көрінісін және олардағы батырмалардың құрамын өзгертуге болады. Бұл әрекеттерді негізгі мәзірдің және аспаптар панелінің облыстарына тышқанның сілтеуін апарып оң жақ батырмасын басу арқылы аспаптар панеліндегі контекстік мәзірді шақырып орындауға болады. Бұл контекстік мәзірдің көмегімен экрандағы компоненттер тақтасының (Component Palette) көрінісін де басқаруға болады.
Негізгі мәзірдегі және аспаптар панеліндегі орнату бойынша ең кең мүмкіндігі бар сұхбаттық терезе Customize (Орнату) (2.2.суретте), аспаптар панеліндегі контекстік мәзір аттас командамен шақырылады. Оның көмегімен жасыруға немесе қандайда бір аспаптар панелін суреттеуге болады, ондағы батырманың құрамын өзгертуге, тағы да батырма үшін қалқып шыққан ескертуді көрсету ережесін таңдауға болады.

2.2 сурет - Жөндеудің диалогтық терезесі
Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ бөлігінде негізгі мәзірдің астында тұрады және форма шығарушымен орналасқан көп компоненттерден тұрады. Компоненттер қосымша форма құрастыратын өзі құрылыс блоктары түрінде көрінеді. Барлық компоненттер топқа бөлінеді, палитра компонентінің әрқайсысын жеке жолға орналастырады, ал компоненттің өзі тиісті жұлдызшамен (пиктограммами) көрсетеді. Керекті үлесті тышқанның сол жақ батырмасын шертіп таңдалынады. Алғашқы палитра компоненттінде келесі қосымшалар болады:
* Standard - Стандартты
* Additional - Қосымша
* Win32 - 32-разрядты Windows интерфейсі
* System - Жүйелі функцияларға кіру
* Data Access - BDE көмегімен деректер қорына кіру
* Data Controls - Мәліметтерді басқару элементтерін құру
* ADO - ActiveХ мәліметтерінің объектілерін пайдалана отырып деректер қорымен байланыс құру
* Interbase - Аттас негізгі деректер қорына тікелей кіруді қамтамасыз ету
* Midas - Үлестірілген деректер қоры үшін қосымшаларды өңдіру
* InternetExpress - Бір уақытта Web-сервер қосымшасы және үлестірілген деректер қорының қосымша-клиенті болып табылатын аттас қосымшаларды құру
* Internet - Internet торабы үшін Web-сервер қосымшаларын құру
* FastNet - Internet торабына кіруге арналған протоколдармен қамтамасыз ету
* Decision Cube - Көпөлшемді талдау
* QReport - Есеп беруді жасау
* Dialogs - Стандартты сұхбаттық терезелерді құру
* Win 3.1 - Windows 3.х интерфейсі
* Samples - Үлгі ретінде тұрғызу
* ActiveХ - ActiveХ-компоненттері
* Servers - Жалпы СОМ серверлерінің VCL сыртқы қабықшасы
Қосымша парақтарының тізімі, саны және аты Delphi-дің версиясына байланысты болуы мүмкін.
Олардың негізгілері төменде толығырақ қарастырылады:
Компоненттер тақтасын Palette Properties сұхбаттық терезесінің көмегімен өзгертуге болады. (Компоненттер тақтасының қасиеттері) (2.3 сурет). Бұл терезе Компоненнтер тақтасының контекстік мәзіріндегі Properties (Қасиеттері) командасының көмегімен немесе негізгі мәзірдің ComponentConfigure Palette... (КомпонентКомпоненттер тақтасын жөнге келтіру) командаларын таңдау арқылы шақырылады. Терезе компоненттерді жою, қосу, орнын өзгерту және де компоненттер парақтарын қосу, жою немесе орнын өзгерту операцияларын орындауға мүмкіндік береді.
Palette Properties сұхбаттық терезесінің сол жақ тізімінде парақтардың атаулары, ал оң жағында - таңдалған парақтың компоненттерінің атаулары орналасады. Тізімнің астында орналасқан батырмалардың көмегімен келесі іс-әрекеттер орындалады:
* Қосу (Add...), жою (Delete...), немесе парақтың атын өзгерту (Rename...)
* Парақты немесе компонентті жоғары (Move Up), не төменгі (Move Down) позицияға ауыстыру
* Компонентті жасыру (Hide)

2.3 сурет - Компоненттер тақтасы қасиеттерінің сұхбаттық терезесі
Ескерту:
* Қосымша парақты компоненттер болмаған кезде, яғни бос болған жағдайда ғана жоюға болады.
* Оң жақ тізімдегі компонентті таңдағанда Delete батырмасының аты Hide-қа өзгереді.
* Компонентті жасырғанда ол қосымша парақтан жойылады, бірақ оның класы сипатталған модуль дискіде қалғандықтан компонент қайта орнатылуы мүмкін.
Алғашқы кезде Форма құрастырушысының терезесі экранның ортасында орналасады да Form1 атымен аталады. Бұл терезеде форма жобаланады, ол үшін компоненттер тақтасынан формаға қажетті элементтер орналастырылады. Сондықтан форманы құрастыру қарапайым графиктік редактор ортасындағыдай орындалады. Форма құрастырушысы оны жобалау кезінде "кадрдың артында" қалады, ал өңдеушінің ісі форманың өзімен болады, сондықтан форманы құрастырушы терезесі Форма терезесі немесе жай форма деп аталады.
Код редакторы терезесі (аты Unit1.pas) бағдарламалық жүйе іске қосылғаннан кейін Форма құрастырушысы терезесінің артында орналасады да онымен толық жабылады. Бұл терезе құрастырылып отырған қосымша модулінің мәтінін қамтиды. Алғашында онда жаңа Form1 формасының коды жазылған жалғыз Unit1.pas парағы болады.
Код редакторы (редактор) қарапайым мәтіндік редакторды бейнелейді, оның көмегімен модульдің мәтінін және қосымшаның басқа да мәтіндік файлдарын (мысалы: жоба файлы) өңдеуге болады. Өңделгелі отырған әрбір файл Редактор терезесінде жеке параққа жазылады да, оған кіруге рұқсат оның ярлығын шерту арқылы алынады.
Форма Құрастырушысы мен код Редакторы терезелерін ауыстыруды F12 пернесінің көмегімен таңдаған ыңғайлы.
Код сілтеушісі (Проводник кода) терезесі Код редакторы терезесінің сол жағында орналасады. Мұнда форма модулінің объектілері, мысалы айнымалылар мен процедуралар бұтақ тәрізді көрсетіледі. Код сілтеушісі терезесінен қосымша объектілерін көру және үлкен модульдермен жұмыс жасағанда маңызды болып табылатын керекті объектілерге тез арада қатынас орнату өте ыңғайлы.
Келісім бойынша Код сілтеушісі терезесі көрсетілмеуі үшін Tools (құралдар) мәзірінен біраттас командамен шақырылатын параметрлерді құру ортасының (Environment Options) сұхбаттық терезесінің Explorer парағындағы Automatically Show Explorer (сілтеушіні автоматты түрде көрсету) жалаушасын алып тастау қажет. Код сілтеушісінің терезесін экранға ViewCode Explorer (Көру\Код сілтеушісі) арқылы шақыруға болады.
Delphi-де Dock-терезелер технологиясын қолдайды, олар өзара бір-бірімен тышқанның көмегі арқылы біріге алады. Біріктірілетін терезелерге интеграцияланған өңдеу ортасының аспаптық (сұхбаттық емес) терезелері, сонымен қатар объектілер Инспекторы терезесі де жатады. Терезелер біріккеннен кейін бірнеше бөліктерге бөлінген бір ғана ортақ терезе пайда болады. Мұндай терезелерді экранда жылжыту және олардың өлшемдерін өзгерту өте ыңғайлы.
Екі терезені біріктіру үшін тышқан батырмасының көмегімен біреуін келесісінің үстіне қойып, жылжытылған терезенің жақтаушасының түрі өзгергеннен кейін ғана тышқан батырмасын босатамыз. Бұл терезе екінші тереземен бірге пайда болады. Терезелерді бөлу үшін ортақ бастиегінде орналасқан екі сызықтың бойымен ішкері орналасқан терезені жылжыту керек.Объектілер инспекторы терезесі жүйені жүктегеннен кейін экрандағы негізгі терезенің сол жағында орналасады және ағымдағы Form1 формасының объектілерінің күйі мен қасиеттерін көрсетеді. Бұл терезені экранғаViewObject Inspector (ҚарауОбъектілер инспекторы) командасының көмегі немесе F11 батырмасын басу арқылы шығаруға болады. Объектілер инспекторы терезесінің екі парағы (қосымша бет) бар: Properties (Қасиеттері) және Events (Оқиғалары).Properties парағы Форма құрастырушысы терезесіндегі ағымдық (таңдалып алынған) компонент туралы мәлімет береді және форманы жобалау кезінде компоненттердің көптеген қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.Events парағы көрсетілген оқиға туындаған кезде компонент орындауға тиісті процедураны анықтайды. Егер қандай да бір оқиғаға арнайы жазылған процедура болса, қосымшаның орындалу барысында процедура сол оқиға туындаған кезде автоматты түрде шақырылады. Мұндай процедуралар оқиғаларды өңдеуге арналған, сондықтан да оларды өңдеуші-процедуралар немесе жай ғана өңдеушілер деп атайды. Оқиғалар сондай-ақ сәйкес өңдеушілерді көрсететін қасиеттер де болып саналады.
Query компоненті алыстатылған SQL - серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.
DataSource компоненті -- бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
MainMenu компоненті -- бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Я болмаса MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, bevelWidth, BorderStyle,BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті -- бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
ComboBox компоненті-ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.
Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.
Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.
ExcelApplication компоненті -- бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.
WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арн

Массивтер. Осыған дейінгі қарастырылып келген мәлімет типтері қарапайым болып есептеледі. Себебі олар тек бір ғана обЪектіге яғни бір ғана санға немесе символға қатысты ғана қолданылады. Turbo Pascal-да бір типке жататын бірнеше элементтерден тұратын обектілерді де пайдалануға болады. Массив осындай бір типке жататын элементтерден құралатын құрылымдық тип болып табылады.
Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (Integer,real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элементтің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылды.
Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болаты. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.
·Типі - массив элементтерінің жалпы типі;
·Көлемі - массив индекстерінің саны;
·Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
·Пішімі - көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.
Массивтің кез келген элементтерімен жұмыс істегенде программалау барысында олардың индексінің мәні типтер немесе айнымалылар бөлімінде сипатталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi ортасында программалау негіздері
ОҚУ ТӘЖІРБИЕСІНІҢ ЕСЕБІ (1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы)
ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ
Құрылымдық типтер және жолдық процедуралармен функциялар
Delphi және PASCAL тілдерінде массив ұғымын түсіндіру және массивтерді өңдеу
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Біріктіру арқылы сұрыптау
Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері
Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығы
Мұнай өнімдеріндегі салық төлеу қызметінің ақпараттық жүйесін құру
Пәндер