Қазақстан жеріне интенсивті технологиялар негізінде сүдірлі жерлерді дайындаудың қарақұмық өніміне келтіретін әсері


Кіріспе
Көкейкестілігі. Диқаншылардың басты жұмысы жер бетіндегі өсіп келе жатқан халықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті астық мөлшері мен өсімдік шаруашылығының басқа өнімдерін өндіру болып табылады.
Мамандардың пікірі бойынша келер жүзжылдықта егіншілікті дамытудың дүниежүзілік стратегиясы ең алдымен халықтың жалғасып өсуімен және өңдеуші өнеркәсіп үшін тамақ өнімдері мен шикізаттың талап етілген мөлшерін өндіруге қажетті агроөнеркәсіптік кешенді ресурстық қамтамасыз ету мүмкіндігімен анықталатын болады.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына жоспарлық енуі бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруды қарастырады, оны жасау үшін егіншілік пен агротехнологияның жетілген жүйелерін әзірлеу қажет.
Бүгінгі таңда Республикамыздың аграрлық ғылымы ауылшаруашылығының өнімділігін айтарлықтай арттыру жолдарын тапты. Өнімділігі жоғары және сапалы көрсеткіштері бар ауылшаруашылық дәнді-дақылдарының жаңа сұрыптары жасалды, өсімдік шаруашылығы өнімін егудің қазіргі жоғары тиімді технологиясы әзірленді, оларды өндірісте игеру экономиканың аграрлық секторын арттыру құралына айналуы мүмкін.
Сонымен қатар Республикада, соның ішінде солтүстік-шығысында (Павлодар облысы) егілетін астық, жарма және басқа дақылдардың өнімділігі орташа дүниежүзілікпен салыстырғанда анағұрлым төмен екендігін атап өткен жөн. Себептер өте көп, бірақ бастыларының бірі жерді пайдаланудағы тиімді жүйелерінің жоқтығы болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенде жүргізілген реформалардан соң бұрын ұсынылған аумақтық егіншілік жүйелерінің кемшіліктері анық байқалды, оларды қолдану тұтастай топырақ пен табиғаттың айтарлықтай тозуына әкелді.
Бүгінгі таңда егіншілік жүйесін дифференциалау әртүрлі агроэкологиялық жағдайларға сәйкес болу керектігі күмән тдырмайды, яғни топырақты қорғау жүйесі агроландшафтық егіншілікке өзгертілуі керек.
Павлодар облысының жағдайларына сәйкес басты жетілдіру бағыты топырақты қорғау, өңдеуді барынша азайту және органикалық затты қайтару толықтығы жағына аударылуы тиіс. Аймақтағы агротехнология жергілікті топырақты-климаттық жағдайларға, жерді пайдалану аймағының ландшафтына бейімделуі керек.
Бейімдеу-ландшафтық негізде әртүрлі қарқындандыру деңгейдегі егіншіліктің топырақты қорғау жүйесін әзірлеу мен енгізу жел және су эрозиясын азайту арқылы өсімдік шаруашылығының өнімділігін тұрақтандыруға көмектеседі, агроландшафтының өзін-өзі реттеуі арқылы түрлі маусымдық құрғақшылықтың қайталануын төмендетеді, озық ғылымды қажетсінетін технологияларды (бейімделген ауыспалы егіс, топырақты өңдеудің дифференцияланған жүйелері, мөлшерленген тыңайтқыштар) қолдану арқылы топырақ құнарлылығын тұрақтандыруға және арттыруға көмектеседі. Озық технологияларды қолдану материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін шоғырландыруға және арттыруға, ЖЖМ-ға шығынды 40% дейін азайтуға және егістіктің өнімділігін 25-30% арттыруға көмектеседі.
Топырақ құнарлылығын болжауды реттеу, егістікте анағұрлым құнарлы топырақты қолдану астық өнімділігі мен сапасын арттыру, оның жалпы өнімінің өсу мүмкіндігін тудырады.
Әзірленген тәсілдер жер ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалануға, саланың өнімділігін және қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайларға төзімділігін арттыруға, өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және еңбек өнімділігін, өсімдік шаруашылығы саласының экономикалық тиімділігін айтарлықтай көтеруге, аймақ егіншілігін дағдарыстан шығаруға, ауылда қалыпты өмір сүру жағдайын жасауға көмектеседі.
Зерттеу мақсаты . Бейімдеу-ландшафтық негізде егістікті тиімді пайдалануды, өсімдік шаруашылығының жоғары өнімділігін және саланың қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайларға төзімділігін қамтамасыз ететін, Павлодар облысында әртүрлі қарқындандыру деңгейдегі қарақұмық өндірудің интенсивті технологияларын оңтайлы үлгілерін ғылыми негіздеу.
Зерттеу міндеттері
- ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің ылғалды сақтауға, жинауға және тиімді пайдалануға бағытталған, бейімделме технологияларын әзірлеу;
- ландшафтық кеңістіктің барлық түрлілігінің су-физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын анықтау мақсатында агрофитоценоздар мен сыртқы ортаның өзара әрекет ету нұсқаларын зерделеу;
- аумақтың агроландшафтық ұйымдастырудың көптеген ерекшеліктерін ескере отыра, зиянды ағзалардан өсімдіктерді экологиялық тұрғыда қауіпсіз қорғау жүйесінің тәсілдерін әзірлеу;
- егетін дақылдардың мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отыра, топырақтың агрохимиялық параметрлерін оңталандырудың жүйелік тәсілін әзірлеу және тыңайтқыш түрлерінің әртүрлі микроаумақтардағы топырақ құнарлылығы мен өнім сапасына әсерін зерделеу;
- әртүрлі шығын деңгейі бар, жергілікті табиғи жағдайлар мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделген, ауылшаруашылығы дақылдарын егудің микроаумақтық топырақты қорғайтын, ресурс сақтайтын, экологиялық тұрғысынан қауіпсіз технологиялар пакетін әзірлеу және олардың экономикалық тиімділігін анықтау;
- әртүрлі қарқындандыру деңгейлерінің өсуге әсерін, қарақұмықтың дамуы мен өнімділігін зерделеу және өнімді қалыптастырудың барлық қосынды элементтерінің анағұрлым оңтайлы өзара әрекет етуі үшін технологиялық шешімдер әзірлеу;
- өндіріске өнімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, қарақұмық егудің анағұрлым тиімді агротехникалық тәсілдерін ұсыну.
1. Мәселенің зерделеу жағдайы
Облыстың жер пайдалану жүйесін жетілдірудің міндетті талабы ауылшаруашылығының бейімдеуіш қарқындандырудың төмен шығындылыққа, төзімділік пен табиғатты қорғауға бағыттайтын стратегиясы болып табылады.
Павлодар облысының жер пайдаланудағы қиын мәселе ауылшаруашылығындағы экологиялық сәтсіздігімен байланысты, оның бірнеше себептері бар:
- облыстың табиғи жағдайларының түрлілігі жерді пайдалануда әр қарапайым ландшафтық ареалға жеке қарауды талап етеді;
- ауылшаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімін алуда ылғал шешуші рөл атқарады, сондықтан ауылшаруашылығы дақылдарын егу технологиясының ылғалды сқтау және тиімді пайдалануға барынша бейімделуі қажет;
- жерді пайалану түрлерінің аумақтық құрылымының өзгеруі АЛСЗ енгізуді ұсынуды талап етеді, ол егістік пен жайылымдарды пайдаланудың тиімді құрылымын, өріс пен өндірістік телімдердің оңтайлы көлемін, ауыспалы егін жүйесін, агротехника жинақтарын қарастырады;
- деградациялық топырақ үрдістерін күшейту топырақтың эрозиялық көнгіштігін және олардың генезисін ескере отыра, егіншіліктің топырақты қорғау жүйесін агроландшафттыққа ауыстыруды талап етеді;
- ауылшаруашылығы дақылдарын егудің жаңа ресурс сақтаушы технологияларын енгізу жергілікті табиғи жағдайларға және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделуі тиіс;
- егістің фитосанитарлық жағдайының нашарлауы аумақтың агроландшафттық ұйымдастырудың көптеген ерекшеліктерін ескере отыра, өсімдіктерді қорғау жүйесінің көп нұсқалылығын талап етеді;
- топырақтың төмен тиімді құнарлылығы егетін дақылдар мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отыра, топырақтың агрохимиялық параметрлерін оңтайландырудың жүйелік тәсілін көрсетеді. [1] .
Ауыл шаруашылығында табиғатты тиімді пайдаланудың басты шарты - өсімдік шаруашылығының орта жағдайларына бейімделуі, ландшафтық негізде егіншілік жүргізу.
Агроландшафтардың жүйелік мәнін түсіндірудің алғашқы іргелі негіздері В. А. Докучаевтың «Наши степи прежде и теперь» кітабында жазылған, мұнда ғалым аумақты егіншілікпен пайдалану кезінде табиғатты бөлек-бөлек емес, толық, біртұтас, бөлінбейтін түрде назарға алу қажет, ал шаруашылық іс-шаралар жергілікті табиғат түрлеріне лайықты болуы керек» деп атап көрсетті [2] .
Дұрыс ұйымдастырылған аумақ тек өндірістік агроэкожүйелермен ғана емес, табиғи экологиялық инфрақұрылымның әртүрлі элементтерімен қанықтырылуы керек. Қажетті және жеткілікті мықты экологиялық тіректің болуы агроландшафтардың төзімділігінің анағұрлым объективтік көрсеткіштерінің бірі болып табылады [3] .
Воронеж аграрлық университетінің ғалымдар тобы профессор М. И. Лопыревтың жетекшілігімен ландшафтық әлуетті пайдаланумен егіншіліктің қазіргі экологиялық жүйесін әзірлей отыра, ландшафтық негізде егіншілік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі егістік алаңдары мен ауыспалы егіс құрылымы болып табылады деген қорытындыға келді. Сонымен қатар ауылшаруашылығы дақылдарының жиыны өз алдына басқаруға болатын және басқаруды қажет ететін тиісті тамақ, су және жылу тәртіптері (агрофациялар) бар агроэкожүйесінің компонентін білдіреді [4] .
А. Н. Каштанов технологиялық әсер ету тұрпаттылығы бойынша біртекті топырақ түрлілігін және дақылдар бейімділігін жұмыс телімін білдіретін агроландшафтық контурға біріктіруді ұсынады. Салыстырмалы біртекті агроландшафтық контурларгенетикалық, геоморфологиялық, гидрологикалық және микроклиматтық жағдайлар бойынша агроландшафтық массивтерге біріктірілуі мүмкін. Агроландшафтық массивтер негізінде ауыспалы егіс алаңы қалыптасады [5] .
Белгород мемлекеттік академиясында (О. Г. Котлярова және т. б. ) әзірленген егіншіліктің ландшафтық жүйесі аумақты контурлық ұйымдастыруға, бөктерлер жарына және эрозиялық үрдістердің қарқындылығына байланысты ауылшаруашылығы дақылдарын дифференциялық орналастыруға, әр жұмыс теліміне бейімделген топырақты өңдеу жүйесін енгізуге негізделген [6] .
Госсен Э. Ф өлкесінің атласында қар жабыны 50 см асатын, 40-тан 50 дейін, 30-дан 40 дейін және 30 см төмен аумақтары көрсетілген Солтүстік Қазақстанның қар жабыны биіктігінің картасы бар екендігін айтады. Ол мұны агроландшафтық аудандастырудың табиғи белгісі деп санайды, өйткені оңтүстік-батыстың қатты желдерінде солтүстік-шығыс экспозициясының су айыратын және беткейлік аумақтарын жоғары ылғалдандыру топырақта көңнің өте көп болуын, демек, ауылшаруашылығы дақылдары өнімінің тұратылығын қамтамасыз етеді [7] .
Азаров Н. К Солтүстік Қазақстанның жағдайларына сәйкес әр жер пайдалануда құнарлылығы, экологиялық жағдайы және экономикалық әлуеті бойынша егістік бөлумен аумақтарды агроландшафтық аудандастыру жүргізу керек, оны төрт санатқа бөлуге болады:
- дүниежүзілік нарық талаптарын қанағаттандыратын, экологиялық тұрғысынан таза азық-түліктік астық өндіруге арналған егістік (анағұрлым құнарлы, неғұрлым эрозиялық - қауіпті топырақ) ;
- тауарлық сапалы азық-түліктік астықты өндіруге арналған егістік (эрозиялық үрдістерге аз дәрежеде ұшыраған жер құнарлылығы) ;
- жемшөп астығы және азық жем өндіруге арналған жерлер (жел және су эрозиясына ұшыраған кешенді топырақтар) ;
- аз өнімді жерлер егістіктен шығарылады, көпжылдық шөптермен жабуға беріледі және шөп шабу мен жайылымға пайдаланады (аз дамыған, сортаңдық және эрозиялық үрдіске қатты ұшыраған топырақ) [8] .
Агроландшафтық энергия сақтау егіншілігіне көшеуге байланысты өнім жинауда және топырақ құнарлылығын сақтауда ғылыми - негізделген ауыспалы егістің рөлі арта түседі.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, қысқа алмастыру кезінде таза пары бар астықты ауыспалы егістерде органикалық зат анағұрлым қарқынды жоғалады. Алтай егіншілік және селекция ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерінде 16 жыл ішінде 3 танапты астықты егісте 6, 1 % көң жоғалғандығын көрсетті, ал 21 жыл ішінде бұл көрсеткіш 13 % құрады. Сонымен қатар жетіпольді астықты ауыспалы егісте 4, 8 % көң жоғалған, яғни қысқа ротациялы астықтыға қарағанда шамамен 3 есе аз [9] . Ахметов К. А. [10], Гнатовский В. М. Ақмола облысының оңтүстік карбонатты топырағында, Құлындының қоңыр топырағында және Новосібір облысы т. б. жүргізген зерттеулерінде де осындай деректер алынды [11] .
Егіншіліктегі пар мәселесінің жан-жақты әзірленгендігіне қарамастан оның барлық аспектілері жеткілікті терең зерттелмеген. Әртүрлі топырақты-климаттық аумақтарда жүргізілген жұмыстармен анықтағандай, пар айдайтын жер көптеген жағдайларда қысқамерзімді әсерге ие және пардан кейін келесі екінші, үшінші, төртінші дақылдардың өнімділігін тұрақтандырмайды. Ылғал жинау бойынша парға жоғары баға бере отыра, көптеген ғалымдар жауатын жауын-шашынға қатысты парлау кезінде ылғалды игерудің төмен тиімділігін, органикалық заттың өте көп жоғалуын көрсетеді [12, 14] .
Қазақстанда тапшылықсыз балансты қолдау үшін 1 га-ға 3, 5 т стандарттық көң әкелу қажет, бұл қосымша энергетикалық және қаржы шығынымен шарттасады [10] .
Көптеген авторлар көң жоғалту астық дақылдары өнімінің сабандарын қалдырған кезде азаяды деп санайды. 0, 8 тонна сабан көңіне қатысты органикалық затты ұдайы өндіру коэффициенті кезінде 3, 5 тонна көң эквивалентті, сабанды шығару астық жинауды 1, 2 есе рет арттыратындығы белгілі болды [15, 16] .
Топырақ құнарлылығын реттеудің анағұрлым қол жетімді және экологиялық тұрғысынан қауіпсіз жолдардың бірі пар айдайтын жерлерді өсірілетін сидераттар түріндегі жасыл тыңайтқыштарды қолдану болып табылады, олар биологиялық егіншіліктің негізін құрайды [17, 18] .
Егіншілікте биологиялық әдістерге көшу қажеттілігі бүгінгі таңда дәлелдемелерді қажет етпейді. Алайда, биологиялық егіншіліктің мүмкіндіктерін бағалау өте әртүрлі: ауылшаруашылығы өніміне қажеттілікті қамтамасыз етпейтін өте минимальдіден жоғары тиімділікке толық сенімділікке дейін [19, 21] .
Пікірлердің мұндай қарама-қайшылығы егіншілікті биологияландыру мәселесінің жеткіліксіз зерттелуімен байланысты екендігі анық.
Қазіргі егіншілікте құнарлылығын кеңінен ұдайы өндірудің талабы ретінде топырақты механикалық өңдеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, ауылшаруашылығы дақылдары өнімділігінің ары қарай өсуіне, сонымен қатар оларды егуге энернетика және еңбек шығындарын төмендетуге өту көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар топырақты өңдеу неғұрлым энергеяны өажет ететін операция болып қалатыны белгілі: оған астық дақылдарын егу кезінде жалпы технологиялық үрдістегі барлық энергетика шығындарының жартысы кетеді. Сондықтан да соңғы жылдары дүниежүзінің көптеген елдерінде ауылшаруашылығы дақылдарының жаңа технологиясы - минималды кең таралымға ие болды [22, 24] .
Қазіргі жағдайларда өсімдікті қорғаудың химиялық құралдарын кеңінен қолдану арқасында механикалық өңдеулерді барынша қысқарту, кейбір жағдайларда олардан мүлдем бас тарту (нөлдік өңдеу, тікелей егу) мүмкіндігі пайда болды [25, 26] .
Топырақты механикалық өңдеуді ауылшаруашылығы дақылдарын егу технологияларынан алып тастау идеясы жаңалық емес екендігін атап өту керек. Нөлдік өңдеудің жеке элементтерін көптеген ҒЗИ зерделеді, соның ішінде Павлодар АШҒЗИ ғалымдары да кеңінен зерттеді. Егіншіліктің дүниежүзілік тәжірибесін талдау көптеген алаңдарда ауылшаруашылығы дақылдарын топырқты өңдеумен дәстүрлі технологиялар бойынша, тек 20-30 % ғана нөлдік екендігін көрсетті. Нөлдік өңдеу тиімділігі туралы айта отыра, әр нақты жағдайда пайдалану орны мен уақытына, ауа райы жағдайларына және басқа факторларға байланысты он және теріс салдарын бағалау қажет. Көптеген деректер бойынша тікелей егіс топырақ құрылымын жақсартады, органикалық заттың жинақталуына, оның бұзылуының баяулауына, су ұстағыш қасиеті мен ылғал қорын арттыруға көмектеседі. Американ ғалымдары топырақ бетінде орташа есеппен кем дегенде ақ сабақтардың 25 % сақтайтын кез келген топырақ өңдеуді «косервілеуші» деп санайды. АҚШ құрғақ аудандарында бұл жүйеге бидай сабақтарын күзгі механикалық өңдеудің орнына арамшөптерді жою үшін гербицидтерді қолдану жатады, бұл күзгі-қысқы кезеңде ылғалдың жиналуына көмектеседі [27] .
Сонымен қатар қысқартылған топырақ өңдеулермен көп айналысу нәтижесінде егетін дақылдар өнімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін, мұны канадалық ғалымдар айтады [28] .
Агроландшафтық тәсіл табиғи, өндіргіш, әлеуметтік және басқа антропогенді шарттасқан фнукцияларды жүйелік іске асыру қабілеттілігінде тұжырымдалады және келесі міндеттерді шешеді:
- агроландшафтың экологиялық тұрақтылығын сақтау;
- бөлек заттай энергетикалық және ақпараттық ағындарды дәлме-дәл сандық және сапалық өтеу;
- функциялау және өзін-өзі реттеудің табиғи механизмдерін максимальді сақтау;
- агроландшафты пайдаланудың экономикалық және энергетикалық тиімділігімен қамтамасыз ету [29, 31] .
Егіншілік ғылымында аграрлық ландшафтарды экологиялық оңтайландыру әдісі кеңінен белгілі, ол В. В. Докучевтың «егіс, шабындықтардың, орман мен сулардың салыстырмалы алаңдарын анықтайтын нормаларды» жасау туралы іліміне сүйенеді, мұндай нормалар, әрине, жергілікті климаттық, топырақ пен жер асты жағдайларына лайықты болу керек және басты дақылдардың сипатымен бірдей болу тиіс» [32, 33] .
Бұл ғылымды дамыту үшін В. И. Кирюшин[34], М. И. Лопырев[35], Ю. Одум[36], А. Н. Каштанов [37], еңбектерінде ұсынылған бейімді экологиялық және ландшафты-экологиялық егіншіліктің ғылыми концепциясы үлкен теориялық және әдістемелік мәнге ие .
ХХІ ғасырдың бейімді ауылшаруашылық табиғатты пайдалану стратегиясы қазіргі агроландшафтарды мақсатқа сай оңтайлы кеңістікті - уақыттық ұйымдастыру болып табылады, ол табиғи құрылым мен динамикада анағұрлым сай болуы тиіс. Ауылшаруашылық өндірісі мен табиғи ортаның өзара әрекетін оңтайландыру агроландшафтың экология - шаруашылық балансы мен экологиялық негіз концепциясына сүйенуі керек. АЛСЗ басты мәні агроландшафтардың экологиялық теңгерімділігін қамтамасыз ететін табиғат заңдарын қатаң сақтауда тұжырымдалады [38, 41] .
Бұл жүйенің негізгі мазмұнын профессор М. И. Лопырев алты блокта ұсынды. Аумақтық бірліктерді қалыптастыру мен балансталған құрылымы бірінші блокқа жатады . Құрам міндеті мен жер - судың экологиялық жоспардағы ара салмағы егісті біруақытта қысқартумен бірге ортаны тұрақтандырушы жер - сулар (орман алқаптары, жайылым, шабындық, көпжылдық шөптер, су кеңістігі және т. б. ) үлесін көбейтумен шешіледі[39] .
Екінші блокқа агроорман - шабындықты мелиорация кешені жатады. Бұл блокта орман алқаптарының (егіс алаңының 5-6 %), бұталы өсімдіктердің т. б. қатаң арасалмағы қарастырылады.
Үшінші блок подразумевает агротехнологиялық кешенді түсіндіреді. Бұл - агроэкологиялық, экологиялық және басқа ғылыми негізделген талаптарды ескере отыра, егістер құрылымын жетілдіру; егіс құрылымында көпжылдық шөптерді егу кезінде ауыспалы егістің дұрыс жүйесін игеру; дақылдар мен ландшафтардың ерекшеліктерін ескере отыра, органикалық, сидеральді және минералды тыңайтқыштарды саралап қолдану; топырақты (топырақ қорғау-контурлы, әртүрлі тереңдікті, минимальді т. б. ) өңдеудің, егістерді күту мен өнім жинаудың сараланған ресурс сақтағыш технологиялары; жаңа, анағұрлым тиімді және бейімді сұрыптар мен гибридтерді енгізу.
Төртінші блок - гидромелиоративті кешен. Бұл - жыралардың алдын алу, су жинайтын орынды реттеу және т. б.
Жалпы биосфералық блокқа егісті және басқа азған жер-суларды (20 % дейін) уақытша қорғау; жабайы аңдар, құстар мен пайдалы жәндіктердің өмір сүруі мен санын көбейтуге қолайлы жағдайлар жасау кіреді.
Қорытынды блок - бұл егіншіліктегі қолайсыз факторларды шектеу мен жою бойынша іс-шаралар. Блокқа бос емес және сидеральді пармен жартылай ауыстыру арқылы таза пар алаңын қысқарту; аудармай негізгі өңдеуді кеңінен енгізу жолымен аударып жыртуды қолдануды азайту; пестицидтерді шектеп қолдану және оларды енгізудің анағұрлым жетілдірілген (қауіпсіз) препараттары мен технологияларын енгізу; топырақтың тозуын болдыратын ауыр егіншілік техникасын пайдаланудан бас тарту[41, 46] .
Егіншіліктің дағдарыстық жағдайының көптеген себептері арасына бастысы - жерді пайдаланудың барлық жүйесінің бейімсіздігі, ең алдымен, өсімдіктерді егу үшін анағұрлым қолайлы топырақты-климаттық аумақтарда оларды өсіру түрлерін орналастыру туралы талаптардың бұзылуы. Бұл ауылшаруашылық жер-суларының құрылымының топырақты қорғау және топырақты жақсарту функцияларын жеткілікті бағаламауды, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың тегістігін, ірі ауқымды ауыспалы егістің жоқтығын, кеңістікте лимиттеуші шаманы бөлудің бірқалыпсыздығын, сонымен қатар өсімдіктің әр түрі мен сұрыбының бейімделу мүмкіндіктерінің ерекшелігін тудырады [47] .
Жаңа технологиялық саясаттың мәні тауар өндірушінің өзіне жерді пайдаланудың анағұрлым мақсатқа сай тәсілдері туралы шешім қабылдау мүмкіндігін беруде тұжырымдалады. Ол үшін егіншіліктің бейімдеу-ландшафтық жүйелері шеңберінде дақылдарды егу технологиясының әртүрлі нұсқалары әзірленді, олар көрнекі үлгілермен қызмет атқарады және өндіріспен белсенді игеріледі.
Қазіргі агротехнологиялар 3 түрге бөлінеді: экстенсивті, аз интенсивті, интенсивті және экологиялық қауіпсіздікті және белгілі экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету кезінде жоспарланған өнімге және өнім сапасына қол жеткізу мақсатында агроценоздарда ауылшаруашылық дақылдардың өнімдік үрдісін басқару бойынша технологиялық операциялар кешенін білдіреді. Агротехнологиялар ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құралдары арқылы агроландшафты басқарудың бірыңғай жүйесіне байланысқан.
Топырақтың құнарлылығының ары қарайғы төмендеуін болдырмау, өнімділікті тұрақтандыру үшін егіншіліктің бейімді-ландшафтық жүйесін енгізу қажет. Мұндай жүйенің маңызды элементі топырақты қорғау жүйесі болып табылады, оның барлық құрамдас бөліктері табиғи-аймақтық кешендермен, ең алдымен, жердің бедерімен арақатынаста болады[48-49] .
Егіншіліктің экологиялық-ландшафтық жүйелерін әзірлеу кезінде олардың толыққандылығының басты критерийі экологиялық тепе-теңдікке қол жеткізу қызметін атқарады, яғни табиғи ортаның негізгі табиғи компоненттерін қорғау мен ұдайы өндіру сәйкес келетін өзін-өзі реттеу сияқты жағдайы мүмкін болған кезде. Егіншіліктің бейімдеу-ландшафтық жүйелерін қалыптастырудың көптеген қағидалары арасында егіншілік жүйесінде дақылдардың біркелкілігін болдырмау қағидасы үлкен қызығушылық туғызады. Астықтың дәл осы дара дақыл егісі жер құнарлылығының апаттық жоғалуының, олардың зиянды ағзалармен және өсімдік ауруларын туғызушылармен ластануының, соңында өнім мен оның сапасының төмендеуінің басты себебі болып табылады.
Аграрлық өндірісті экологиялау идеясын іске асыру үшін егіншіліктің көп дақылдылығынан басқа келесі қағидалар қабылданды:
- топырақ құрылымын сақтау және жақсарту;
- табиғи жағдайларға байланысты ауылшаруашылығы салаларын, дақылдарды, сұрыптарды орналастырудың дифференциалды тәсілі;
- топырақтың ластануын, қоқыспен ластануын, эрозияны, қатаюды болдырмау;
- ауылшаруашылық жем-сулардың табиғи құрылымын жиектерімен, сай-салаларымен т. б. бірге сақтау;
- сол жерге сай топырақ белсенділігі мен топырақты гумификациялау деңгейін сақтау және арттыру; ауылшаруашылық жер-су түрлерінің тиімді арасалмағын белгілеумен аграрлық ландшафтардың құрылымын оңтайландыру;
- ауыспалы егіске оңтайлы алмасудың нақты аумақтар мен табиғи жағдайларға анағұрлым бейімделген ауылшаруашылық дақылдарды орналастыру [50] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz