Көліктегі қылмыстар



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Көліктегі қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жол көлік оқиғалары ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Жол қауіпсіздігі туралы заң түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Жол көлік оқиғаларына байланысты қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Жол көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарға сипаттама ... ... ... ... ... ..11
2.2. Көліктегі есірткімен күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3. Теміржол бойындағы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.4. Жол қауіпсіздігі апталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. Жол бойындағы жолсыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.1. Жол қауіпсіздігін бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
КІРІСПЕ

Әуе және теміржол қатынастарындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне тоқтала кетсек, міндет жолаушылар қауіпсіздігін сақтау. Олардың құқықтарының бұзылмауы, заттарының немесе жүктерінің ұрланбауы сияқты полиция қызметіне қатысты істерге жауап беру. КОІІД қызмет көрсету аясы бойынша 86 жолаушылар поезы жүрсе, оның 36 халықаралық бағыттардағы рейстерге, қалған 50-і республикалық қатынастарда жолаушылар тасымалдайтын поездар болып табылады. Осы поездармен бір тәулікте орта есеппен 28 мың 270 адам жол жүреді. Биылғы жылы 6534 жолаушылар поезы ілеспе күзет жеке ротасы қызметкерлерімен ілеспе күзетілді. Осы қызметкерлердің арқасында 121 қылмыс ашылып, 13 қылмыс оқиға орын алған жерде ізі суымай ашылды. Тәулігіне 40 жуық жолаушылар поезы қадағаланып отырады. Жолаушылар поезындағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау барысында әкімшілік құқық бұзған 7276 азамат ұсталып, құқық бұзғандары үшін жауапқа тартылды.
Қазақстан теміржолдары қылмыстың ошағына айналып барады. Соңғы он айдың ішінде пойыздарда 800-ден астам қылмыс жасалған. Оның ішінде есірткі заттарын тасымалдауға қатысты 400 факті тіркеліп, 80 келіге жуық есірткі заттары тәркіленген. Мұндай деректі бүгін көліктегі Орталық ішкі істер департаментінің қызметкерлері таратты. Сонымен қатар, олар теміржол бойындағы ұрлық-қарлықтың да толастамай тұрғанын айтады. Мамандар осындай 300-ге жуық қылмыстың бетін ашты. Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, теміржол көлігінде 2 мыңнан аса азамат әкімшілік құқық бұзып, 3000-дай адам ішімдік ішкені үшін айыпталған. «Есесіне жолсеріктер арасында жемқорлыққа қатысты қылмыстар азайды»,-дейді олар. Көлікте жылда да ұрлық, есірткі қылмыстары азаймай отыр. Ол жылда-жылда былтыр, алдыңғы жылға қарағанда биыл қылмыс көбірек болып тұр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР:

1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: 1995.
1.1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы: 2009.

2. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

2.1. Толеубекова Б.Х. Словарь основных уголовно-процессуальных терминов. Караганда 1992г.
2.2. Рыжаков А.П. Субъекты уголовного процесса. Тула, 1996г.
2.3. Петрухин И.Л. Неприкосновенность личности и принуждения в уголовном процессе М. 1989 г.
2.4. Гесснер Р., Херцег У. За фасадом права: методы новой тайной полиции М., 1990г.
2.5. Рыжаков А.П. Меры пресечения. М., 1997г.
2.6. Попов Л.Л., Сергеев А.И. Задержание работниками милиции нарушителей общественного порядка и лиц, подозреваемых в совершении преступлений. ДСП М., 1990г.
2.7. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования.
2.8. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение: принципы, гарантия, реализация. - Астана, 2001.
2.9. Капсалямов К.Ж. Уголовное преследование и способы собирания доказательств. - Астана, 2001.
2.10. Капсалямов К.Ж.. Капсалямова С.С. Уголовное преследование в органах дознания. – Астана, 2002.
2.11. Божьев В.П. Источники уголовно-процессуального право и новое законодательство. М., 1990г.
2.12. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в РК. Алматы, 1998г.
2.13. Сборник нормативных актов. Выпуск I, 1994г. Права человека при аресте и нахождении в следственном изоляторе.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Көліктегі
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..6
1.1. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жол көлік
оқиғалары ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Жол қауіпсіздігі туралы заң
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Жол көлік оқиғаларына байланысты
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...11
2.1. Жол көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарға
сипаттама ... ... ... ... ... ..11
2.2. Көліктегі есірткімен
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..12
2.3. Теміржол бойындағы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..16
2.4. Жол қауіпсіздігі
апталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 17
3. Жол бойындағы
жолсыздар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .20
3.1. Жол қауіпсіздігін
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25

КІРІСПЕ

Әуе және теміржол қатынастарындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне
тоқтала кетсек, міндет жолаушылар қауіпсіздігін сақтау. Олардың
құқықтарының бұзылмауы, заттарының немесе жүктерінің ұрланбауы сияқты
полиция қызметіне қатысты істерге жауап беру. КОІІД қызмет көрсету аясы
бойынша 86 жолаушылар поезы жүрсе, оның 36 халықаралық бағыттардағы
рейстерге, қалған 50-і республикалық қатынастарда жолаушылар тасымалдайтын
поездар болып табылады. Осы поездармен бір тәулікте орта есеппен 28 мың 270
адам жол жүреді. Биылғы жылы 6534 жолаушылар поезы ілеспе күзет жеке ротасы
қызметкерлерімен ілеспе күзетілді. Осы қызметкерлердің арқасында 121 қылмыс
ашылып, 13 қылмыс оқиға орын алған жерде ізі суымай ашылды. Тәулігіне 40
жуық жолаушылар поезы қадағаланып отырады. Жолаушылар поезындағы қоғамдық
қауіпсіздікті сақтау барысында әкімшілік құқық бұзған 7276 азамат ұсталып,
құқық бұзғандары үшін жауапқа тартылды.
Қазақстан теміржолдары қылмыстың ошағына айналып барады. Соңғы он
айдың ішінде пойыздарда 800-ден астам қылмыс жасалған. Оның ішінде есірткі
заттарын тасымалдауға қатысты 400 факті тіркеліп, 80 келіге жуық есірткі
заттары тәркіленген. Мұндай деректі бүгін көліктегі Орталық ішкі істер
департаментінің қызметкерлері таратты. Сонымен қатар, олар теміржол
бойындағы ұрлық-қарлықтың да толастамай тұрғанын айтады. Мамандар осындай
300-ге жуық қылмыстың бетін ашты. Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша,
теміржол көлігінде 2 мыңнан аса азамат әкімшілік құқық бұзып, 3000-дай адам
ішімдік ішкені үшін айыпталған. Есесіне жолсеріктер арасында жемқорлыққа
қатысты қылмыстар азайды,-дейді олар. Көлікте жылда да ұрлық, есірткі
қылмыстары азаймай отыр. Ол жылда-жылда былтыр, алдыңғы жылға қарағанда
биыл қылмыс көбірек болып тұр.
18 жылда 60 мың адам қаза болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің
мәліметтеріне қарағанда, елімізде соңғы 18 жылда жол көлік оқиғалары
салдарынан 60 мыңдай адам көз жұмған. Ал осы уақыт аралығында жол апатынан
қайтыс болғандардан бөлек, миллионғатарта адам түрлі деңгейде дене
жарақаттарын алған. Алайда, баршаңызға белгілі, 2008 жылдан бастап елімізде
жолжүру ережелеріне қатысты заңнамалар біраз қатайып, осыған сай жол көлік
оқиғалары бұрынғыға қарағанда шамалы болса да азайған сыңайлы.
Үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы апатты жол көлік оқиғалары өткен
жылға қарағанда 9 пайызға төмендеген. Яғни, түрлі жағдайдағы көлік
апаттарының кесірінен қазаға ұшыраған адам шығыны биыл 18 пайызға азайып
отыр. Ал, жарақат алған азаматтардың қатары 10 пайызға дейін кеміген.
Халықаралық сарапшылардың болжамына қарағанда, 2020 жылы әлемдегі адам
өлімінің үштен бірі осы көлік оқиғасы салдарынан орын алатын көрінеді. Ал,
біздің елде жол апатынан қаза болған адамдардың 80 пайызының жасы әлі 50-ге
жетпеген азаматтар мен азаматшаларды құрайды екен. Бұл әрине осыншама
адамдардың шаңырағы мезгілсіз қара жамылып жатыр деген сөз. Сол сияқты
көлік оқиғалары кесірінен қаншама сәбилердің өлім құшқанын айтуға, тіпті,
аузың бармайды. Осы бір елең еткізер қайғылы жағдайлардың тым болмаса,
алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар елімізде аз емес.
Үстіміздегі жылы Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Ішкі
істер министрлігі еліміздің жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бойынша бірқатар
шараларды іске асырды. Биыл құзырлы органдар[1] жол қауіпсіздігене
байланысты құқық бұзған миллионнан аса жүргізушіні анықтап шара қолданған.
Оның ішінде 500 мың азаматтың көлікті мас күйінде басқарғаны және бар. Ал,
еліміздің бас қаласы – Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында ІІД демалыс күндері жол полициясы қызметкерлерінің қатарын
нығайтқан болатын. Нәтижесінде 1669 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері
тіркелген. Оның ішіндесі автокөлікті мас күйінде басқарғандар болса, 468-і
қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар және 242 жүргізуші көлікті басқару
кезінде ұялы телефонмен сөйлескендер. Сол секілді Алматы қаласында да
аталған іс-шараны өткізуге ІІД жол полициясының 1083 қызметкері
жұмылдырылған. Сондай-ақ, түнгі уақыттардағы көлік қозғалысын бақылау үшін
355 қызметкер тартылған.
Қалада өткен демалыс күндері 2587 жол қозғалысы ережесін бұзу
фактілері анықталды, оның ішінде 125 оқиға – автокөлікті мас күйінде
басқарғандар болса, 42 жүргізуші автокөлік әйнектерін қараңғылап заңға
қайшы келгендер. Қауіпсіздік белбеулерін тағынбаған 200-ге тарта көлік
иелері жауапқа тартылып отыр. 87 азаматтың автокөліктерді құжатсыз
басқарғаны анықталған. Соңғы кездері көлікті басқару кезінде ұялы телефонды
пайдаланғандар да тәртіпке шақырылуда. Осы орайда 122 жүргізуші жол
полицияларының көзіне түскен. Жалпы, бар болғаны 2 тәулік ішінде жол
қозғалысы ережесін өрескел бұзған 205 автокөлік иелерінің көліктері арнайы
автотұрақтарға қойылыпты.

1. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАР

1.1. Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жол көлік оқиғалары

Жыл сайын жол-көлiк оқиғалары үш есеге, ал оның салдарынан қаза
тапқандардың саны 2 есеге ұлғаюда. 100 мың тұрғынға шаққанда жол-көлiк
оқиғаларының салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 28 адамды құрайды. Бұл
көрсеткiш жағынан бiз ТМД елдерiнiң iшiнде Ресейден кейiн екiншi орында тұр
екенбiз. Ал, Еуроодақ елдерiнде бұл көрсеткiш 100 мыңға шаққанда 6-12
адамнан ғана келедi. Демек, бiзде үш еседен көп деген сөз. Өйткенi, бүгiн
бала да, шаға да, тiптi нәзiк жандар да көлiк жүргiзу құжатын ақшаға сатып
алып, рөлге жармасатын болды. Әрине, қолынан келсе көлiк жүргiзе берсiн
ғой. Алайда, қалталылардың балалары көбiне арнайы курсты оқуға ерiнiп,
сатып алуға әдеттенген. Мiне, жол ережелерiн жиi бұзу оқиғасы да дәл
осындай сауатсыз әрi тәжiрибесiз жүргiзушiлердiң кесiрiнен орын алып
жататыны өкiнiштi. Сорақысы сол, елiмiздегi жол оқиғасынан көз жұмғандар
саны жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болғандардан кейiнгi екiншi
орында. Сондықтан да елiмiздегi жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету мәселесi Елбасының төрағалығымен Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында соңғы
2 жылда екi мәрте қаралғандығын айтқан министр Үкiметтiң үш жылға арналған
арнайы жоспары жолдағы жағдайды бiршама жақсартуға мүмкiндiк бергенiне
тоқталды.
Бұл деректер Iшкi iстер министрлiгiнде өткен отырыста мәлiм болды.
Кезектi жиынға Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов пен жолдағы жағдайларды
реттеуге қатысы бар министрлiк басшылары да қатысты. Олар Iшкi iстер
министрлiгi түсiрген бейнетаспадан жан түршiгерлiк жайтқа куә болды. Қас
пен көздiң арасында iшiмдiктен есi ауысқан жүргiзушiнiң кесiрiнен бiр емес
екi адамның өмiрi қиылды. Бұл Iшкi iстер министрлiгiнiң жанынан құрылған
көлiк қозғалысын бақылау орталығының мұрағатынан алынған көп апаттың бiр
көрiнiсi ғана. Жалпы, соңғы онжылдықта көлiк апатынан отыз мыңға жуық адам
мерт болған. Жол үстiнде қауiпсiздiк шараларының сақталмағандығынан болар
Iшкi iстер министрлiгiне Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмовтың өзi келiп,
мәселенiң мән-жайына тереңнен үңiлуге тырысты. Осы жағдайға қатысты ел
iшiнде ақпараттандырудың ақсап тұрғанын атап өткен Кәрiм Мәсiмов халықтың
құлағы, көзi һәм тiлiне айналған ақпарат құралдарына өтiнiш жасау барысында
бiрқатар тапсырмалар жүктедi. "Үкiмет атқарып жатқан шаруалардың нәтижесiн
бiз ақпарат құралдары арқылы бiлiп отыруымыз керек. Қолға алған iстердiң
дұрысы мен бұрысын ажырату үшiн де БАҚ өкiлдерiнiң жұмысы осы мәселеге
жұмылдырылуы тиiс. Осыған қатысты, Мәдениет және ақпарат министрлiгiне
мемлекеттiк арналардан халықты сақтыққа шақыратын арнайы бейнематериалдарды
әзiрлеудi тапсырамын. Осы мәселеге байланысты халықтың танымдық-құқықтық
сауатын ашатын телехикая түсiрудiң де қажеттiлiгi туындады. Адамдар
көлiктiң жылдамдығын шамадан тыс арттыру қауiптi екенiн, сондай-ақ көлiктi
қауiпсiздiк белдiгiн тақпай жүргiзудiң дұрыс еместiгiн түсiнулерi қажет"
дедi ол. Бұл тапсырманы өз мойнына алған ҚР Мәдениет және ақпарат министрi
Мұхтар Құл-Мұхаммед Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, жол апатының
алдын-алуға ықпал ететiн бiрқатар iс-шаралардың жоспарын бекiтуге кiрiстi.
Алдағы он күннiң iшiнде алдымен "Қазақстан" және "Хабар" телеарналарынан
берiлетiн бейнероликтiң[2] жобасы дайын болады. Жаңа бейнематериал
коммерциялық каналдардан да көрсетiледi. Оның сыртында жол қауiпсiздiгiне
қатысты арнайы танымдық бағдарламалар әзiрлеудi де жоспарға алып отыр.
Көлiктiң жыл санап көбеюi, оның iшiнде, ескi көлiктiң елге көптеп
келуi де өзектi әңгiмеге арқау болды. Статистикаға сүйенсек, бүгiнде әр
бесiншi тұрғында темiр тұлпардың кiлтi бар. Ал, жыл сайын Қазақстанға сырт
елден үш жүз мың көлiк келсе, оның тоқсан пайызының тозығы жеткен. Көршi
Ресейде келер жылдан бастап мұндай көлiктердi елге кiргiзбеу туралы жаңа
Заңның күшiне енетiнiне тоқталған Индустрия және сауда министрi Владимир
Школьник бұл мәселенi алдағы Үкiмет отырысында тағы да пысықтайтынын айта
кеттi.
1. Жеңiл дене жарақатын алуға немесе материалдық зиян шегуге соқтырған жол
қозғалысы ережелерiнiң бұзылуы немесе жол көлiгiнiң пайдаланылуы.
2. Көлiк құралы жүргiзушiсiнiң жол-көлiк оқиғасы болған жерде тұруы
мiндетiн бұзуы.
3. Көлiк құралын мас күйiнде немесе есiрткiлер, сондай оған ұқсас әсер
ететiн басқа да заттардың әсерiнде болып жүргiзу.
4. Көлiк құралын тоқтату туралы милиция (полиция) қызметкерiнiң заңды
талабын орындамау.
5. Мас болу күйiн белгiленген тәртiпке сәйкес куәландырудан өткiзуден бас
тарту.
6. Көлiк құралын басқаруды мас күйiндегi адамға беру.

1.2. Жол қауіпсіздігі туралы заң түсінігі

Сонымен, көптен күткен игi жаңалыққа да қол жеттi. Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев 5 шiлдеде "Жол қауiпсiздiгi туралы" Заңға енгiзiлген
толықтырулар мен өзгертулердi мақұлдап, құжатқа қол қойды. Жаңа заң
ертеңнен бастап күшiне мiнедi. Жол қозғалысы туралы заңға бiрқатар
түзетулер енгiзiлiптi. Дәл осы шараға байланысты Iшкi Iстер министрi
Бауыржан Мұхамеджанов жаңа Заң бойынша тәртiп күшейтiлiп, ереже бұзған
көлiк жүргiзушiлерi 10 жылға дейiн жүргiзушiлiк құқығынан айырылуы мүмкiн
екендiгiн ескерттi. Бұған қарағанда, жаңа заң жынды судан ұрттап алып,
жосылып жүретiн желөкпелердiң де желiгiн басатын болды. Яғни, есiрткiге
елiрiп немесе мас күйiнде көлiк тiзгiнiне отырған жүргiзушi бұдан былай екi
жылға дейiн көлiкке отыру мүмкiндiгiнен айрылып, темiр торға тоғытылады.
Егер де бұл жағдай екiншi немесе үшiншi мәрте қайталанса, жүргiзушiнi
жазалау мерзiмi ұзартыла бередi. Айталық, бiр мәрте ұсталса 2 жыл, екiншi
рет қолға түскен сәтте 5 жыл, ал үшiншi мәрте құрықталса — 10 жылға жүргiзу
құқығынан айырылады. Себебi, мас жүргiзушi өзiнiң ғана емес өзгелердiң
өмiрiне де қауiп төндiредi. Айтпақшы, жаяу жүргiншiлерге де қатысты өзгерiс
бар. Бұдан былай көшенiң кез келген жерiнен қиып өтiп, көлiктiң тұспалынан
жүгiре шығатын жаяу жүргiншiге де арнайы шара қолданылады. Деректерге
қарасақ, көп жағдайда жол көлiк оқиғасының орын алуына осы жаяу
жүргiншiлердiң өздерi кiнәлi болады екен. Жол полициясы қызмектерлерiнiң
айтуынша, ереженi бұзған мұндай жүргiзушiлер үш күнге дейiн әкiмшiлiк
қамауға алынады. Әрине, бұл алдымен адам денсаулығын сақтау әрi қауiпсiздiк
шараларын күшейту үшiн жасалынып жатқан шаруа.
Ал жүргiзу құқы жоқ бола тұрып рөлге отырғандарға қолданар жаза да
күшейтiлдi. Олар 15 күнге бас бостандығынан айрылып, қоғамдық жұмысқа
жегiледi. Қауiпсiздiк белдеуiн тақпаған жүргiзушiге де, жолаушыға да 5 мың
теңгеден айып салынады. Басты жаңалық, ендi жол үстiнде ұялы телефонмен
сөйлескен жүргiзушiлерге де қомақты айыппұл салынбақ. Көшеде орнатылған
электронды бағаналар барлық келеңсiз көрiнiстердi суретке түсiрiп,
жүргiзушiнiң үйiне айыппұл мөлшерi көрсетiлген тiлiмдей қағаз жiбередi.
Айыппұл уақытылы төленбесе, өсiм көбейе бередi. Демек, жаңа заңдағы жаңа
тәртiптiң арқасында қолданылатын шара да барынша қатайтылды. Әуелi, көлiк
жүргiзу кезiнде сорақы әрекеттерге жол бергендерге салынатын айыппұл көлемi
ұлғайды. Әгәрәки, қауiпсiздiк белбеуiн асынуды ұмытып, жылдамдықты
белгiленген мөлшерден асырсаңыз, 5840 теңге төлейсiз. Көлiк жүргiзу кезiнде
ұялы телефонмен сөйлесудiң де айыппұлы жеңiл емес, кемiнде 8176 теңге
шығындалуға тура келедi. Ал машинасына заңсыз дабыл орнатып, жолдың қарсы
бетiне шығып көше-көшенi тайраңдап, жұрттың мазасын қашырғандарға салынатын
айыппұл бұдан да көп. Көлiктiң меншiк түрiне қарай 17 мың 520 теңгеден
бастап 2 миллион 336 мың теңгеге дейiн қағылуыңыз мүмкiн. Сол сияқты
көлiгiн бейберекет, рұқсат етiлмеген жерлерге қаңтарудың да заманы өттi.
Мұндай жағдайда көлiк иесi 6 408 теңге төлейтiн болады.
Тағы бiр жаңалық, ендi жаңа заңға сәйкес, барлық жүргiзушi әр 10 жыл
сайын теориялық емтихан тапсырады. Жүргiзу куәлiгiңiздi жоғалтып,
ауыстырған болсаңыз, емтиханды қайта тапсыруға тура келедi. Ал автомектептi
бiтiрушi емтиханнан сүрiнсе, қайта оқуға жiберiледi. Айтпақшы, болашақта
министрлiктiң сайтында "Құқық бұзушылықтар жөнiндегi мәлiметтер" атты
арнайы бет ашылмақ. Оған Астана қалалық Iшкi iстер департаментiнiң Жол
полициясы басқармасы орталығының мәлiметтер базасынан түрлi құқық
бұзушылықтар туралы ұдайы ақпарат берiлiп тұрады. "Болашақта интернетке
қолы жетiмдi әрбiр азамат жол бойында болған құқық бұзу әрекеттерi жайында
хабардар бола алады. Ал құқық немесе жол ережесiн бұзған азамат тиiстi
айыппұлын төлейтiн болса, ол жөнiндегi ақпарат жойылады. Мұндай тәсiл
республиканың барлық аймағында қолданылмақ. Сондай-ақ, осы айдан бастап
ашық әрi жариялы түрде жол полициясы қызметкерлерiн аттестациялау жұмыстары
жүргiзiледi. Жол сақшыларына қолданылар жаза тiптен қатаңдана түспек.
Парақор полицей тек жұмыстан қуылып қана қоймайды, оған заң талабы бойынша
қатаң қылмыстық жазаның ең ауыр түрi қолданылады.
2007 жылғы Жедел жағдайды талдай отыра және жедел-қызметтік жұмыс
нәтижелерін қарастыра келе, Көліктегі Орталық ІІД 2008 жылға арналған
негізгі басым міндеттері белгіленген болатын. Оның ішінде азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау,
қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды шешу кезінде заңдылықты сақтау,
бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күресті жандандыру, ұйымдасқан қылмыс,
сыбайлас жемқорлыққа, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға, экстремистік[3]
және террористік бағыттағы көріністерге қарсы күресті жандандыру, ауыр және
аса ауыр қылмыстарды тергеу және ашу, ішкі істер органдарының бұқаралық
ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру, ішкі істер органдарының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, өз қатарларын лайықсыз
қызметкерлерден босату болып белгіленді.

2. ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР

2.1. Жол көлік оқиғаларына байланысты қылмыстарға сипаттама

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Көліктегі Орталық ІІД қызмет
көрсету учаскесінде 2008 жылғы 12 айда барлық ЖІІБ бойынша 950 қылмыс
тіркелді, 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,93 % артық.
Бірақ қылмыстардың саны өссе де, жасалған қылмыс әрекеттеріне жедел ден
қоюдың нәтижесінде қылмыстардың жалпы ашылуының - 94 % дейін өскендігін
есепке алу керек.
Қабылданған шаралар Көліктегі Орталық ІІД қызмет көрсету учаскесінің
аумағында жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстарға немесе қасақана кісі
өлтіруге және адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру қылмыстарына жол
берілген жоқ.
Жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде темір жол вокзалдарында
және әуежайда жасалған қылмыстық жазаға тартылатын бұзақылықтар саны
төмендеді. Бөтеннің мүлкін ұрлауға жасалған қылмыстардың саны 4 фактіге
өскен кезде, жедел сипаттағы шараларды қабылдау нәтижесінде осы қылмыс
түрінің 100 % ашылуы қамтамасыз етілді. Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына
қарсы іс-әрекеттерді жасау және ішкі істер органдарының жұмысын жандандыру
мақсатында Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен жұмыстың жаңа нысандары мен
әдістерін енгізу және жұртшылықты жаппай тартуды көздейтін Бағдарлама
бекітілді.
Осы Бағдарламаны орындау үшін Көліктегі Орталық ІІД жұмыстың негізгі
бағыттарын белгіледі. Олар: жылжымалы құрамнан жүктерді, түрлі-түсті металл
бұйымдарын ұрлаудың, вагон, локомотив, сигнализация және байланыс құралы
детальдарын бөлшектеудің, тауар, жүк және билет кассаларынан ақша
қаражаттарын ұрлаудың және талан-таражға салудың алдын алу және ашу.

Бөтеннің мүлкін ұрлауға жасалған қылмыстардың саны 293 фактіге өскен
кезде қабылданған жедел шаралар нәтижесінде осы қылмыс түрінің ашылуы 87%
құрады (осындай кезеңмен салыстырғанда 5 % артық).
Жылжымалы құрамнан жүк ұрлау қылмыстарының ашылуы 78 % жетті. 2008
жылғы шілде-тамыз айларында Көкшетау қаласының алты азаматы қылмыс жасауға
сөз байласып, жүк таситын поездан аса ірі мөлшерде бензин ұрлаған. Ұрлықтың
нәтижесінде акционерлік қоғамның біреуіне 1,5 миллион теңге сомасында зиян
келтірілген. Қабылданған шаралар барысында топтың барлық алты мүшесі
ұсталды және әртүрлі жылдарға бас бостандықтарынан айырылды.
Есірткіні заңсыз тарату және олармен әуестенуге байланысты жасалған
қылмыстар, бұрынғыдай әлеуметтік жағымсыз көріністердің бірінші қатарында
тұр. Ол кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына,
даму келешегіне, ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді.
2008 жылы Көліктегі Орталық ІІД қызмет көрсету аумағында есірткіге
қатысты анықталған есірткі қылмыстарының, соның ішінде оларды өткізу
үрдісінің өсуімен сипатталады. Заңсыз айналымнан 91 килограмнан астам
әртүрлі есірткі заттары алынды. Көліктегі Орталық ІІД есірткі бизнесіне
қарсы күрес бөліністері Алматы және Жамбыл облысының қызметкерлерімен
бірлесіп, есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтау мақсатында бақылауда
жеткізу әдісі бойынша іс-шара өткізді. Оның нәтижесінде 1 кг гашиш
есірткі заты алынды.
Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті жедел-қызметтік жұмыстың
басым бағыттары бойынша жұмыстарды жандандыруда барлық кешенді шараларды
жүзеге асырады.

2.2. Көліктегі есірткімен күрес

Бүгінгі күнгі заман зардаптарының біріне айналған есірткімен
күрес көліктегі құқық қорғау органдарының жұмысының ең бір маңызды
салаларының біріне айналып, одан таралатын жағымсыз құбылыстарды түп
тамырымен жұлуға барлық мүмкіндіктер пайдалануда. Бұлай дейтін себебіміз
адамның есін алып, оны қолданғаннан кейін кейбіреулерді өзі жасаған іске
есеп бермейтіндей күйге түсіретін бұл уландырғыш құралдардың дені темір жол
көлігі қатынастары арқылы тасымалданып, жол бойындағы кейбір жұмыссыз
жүргендер бұл іс-әрекетке тартылуда.Қоғамыздың қалыпты дамуына, отбасындағы
үйлесімділікке барынша зиянын тигізіп, сананы сан жаққа жүгіртетін,
жасөспірімдердің өмірдегі өз жолын таңдауына, ұрпақ тәрбиесіндегі кейбір
түйінді мәселелерді дұрыс шешуде кедергі келтіруде. Қазіргі кезде
Қазақстанда үш аймақтық: көліктегі Оңтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс ішкі
істер департаменттері жұмыс істейді. Біздің департаментке Ақтөбе, Батыс
Қазақстан, Атырау, Ақтау және Қызылорда облыстарындағы теміржол, әуе
қатынас­тары көліктеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі тапсырылған.
Жұмысымыз өзіндік күрделілігімен, ерекшелігімен сипатталады. Әсіресе
ұзындығы бірнеше мың шақырымға созылып жатқан және бірнеше тораптардан
тұратын темір жол көлігіндегі ахуал әрқилы болып келеді. Негізінен
кездесетін қоғамға жат қылықтар деп мыналарды айтуға болады: азаматтардың
көліктерде қоғамдық тәртіпті бұзуы, жүк тасымалындағы ұрлық, темір жол, әуе
жолы нысандарына зиян келтіру. Міне, осындай және бұдан да басқа
қылмыстарға жол бермеу, олардың алдын-алу, болған оқиғалардың бетін ашу
үшін, әсіресе қылмыс көп тіркелетін темір жолдың қыр-сырына қанық болу
керек. Көліктердегі, темір жол стансаларындағы, бекеттердегі және
әуежайлардағы контингентті зерттеп, алдын-ала біліп отырған жағдайда іс
алға басатын болады. Бұл адам санасына айрықша әсер ететін зиянды дәрі-
дәрмектер бұрын біздің тұрмысымызда кездеспегендігі, тіпті дербес халық
ретінде ұлттық салт -санамызға сиыспайтындығы өз алдына, бұрын-соңды мұндай
есірткі пайдалану арқылы ауру, шалдыққандардың емдеудің түрі және тәртіптік
салада күресу тәжірибелері болмағандықтан, бұл қылмыспен күресудің айла-
шарғылары көпке дейін өз нәтижесін бермей келген болса, қазіргі уақытта
құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көліктегі қылмыстар түрлері
Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы
Ішкі Істерді басқару
Қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру
Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
Көліктегі қылмыстар туралы
Көлік қылмыстарының алдын алу мәселелері
Көліктегі қылмыстар туралы ақпарат
Пәндер