Қаржылық бақылаудың әдістері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТҮСІНІГІ
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қаржылық бақылау функциясы және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

ІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. Қаржылық бақылаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ІІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән – мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Курстық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Қаржылық бақылаудың әдістері ». Бұл мәселеде курстың негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс – тәсілдерін қарастырамыз.
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне –оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады..
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы;
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс, тексеру (күжаттаманы, есепке аяу мен есеп-темені, шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашьшық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын көптеген жекеленген әдістерге бөлінеді.
Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Қаржы» Құлпыбаев С., Ынтықбаев С. Ж., Мельников В. Д. Алматы 2011 540 – бет
2. «Қаржы негіздері » Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Алматы 2007 – 722- бет.
3. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Алматы 2005
4. Балабанов А.И., Балабанов И.Т., Финансы, учебное пособие. – Петербург: 2000 – 192 стр.
5. Финансы, деньги, кредит. Учебник, под/ред. О.В. Соколовой – М.: ЮРИСТ., 2001 – 784 стр.
6. Құлпыбаев С. Қаржы теориясы. Оқу құралы., - Алматы . Мерей, 2001 – 176 бет.
7. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ., Қаржы менеджменті. Оқу құралы. Алматы., 1999 – 188 бет.
8. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Қаржы, оқулық – Алматы., 2003 – 448 бет.
9. Финансы. Учебное пособие. (Под/ред., профессора А.М.Коволевой). 4 изд. – М.; 2000
10. Қаржының жалпы курсы В.Д. Мельников В. Д. Ли –Алматы 2005 ж.
11. ҚР Салық кодексы 2001 ж. 12 маусым №209-2 сонғы енгізілген өзгертулермен
12. «Құнды қағаздар туралы» Қазақстан Республикасының заңы 2003жылдың 2 шілдесі № 461.
13. Дуйсенбаев К.Ш, Төлегенов Э.Т, Жұмағалиев Ж.Г, «Кәсіпорнынның қаржылық жағдайын талдау» 2001 ж.37-45-беттер
14. Радостовец В.К, Радоцтовец В.В, Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятиях» 2002 ж. 728с.
15. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» 2001ж. 176 бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТҮСІНІГІ
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..5
1.2. Қаржылық бақылау функциясы және қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... .7

ІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Қаржылық бақылаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .23

ІІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік - экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән - мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Курстық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: Қаржылық бақылаудың әдістері . Бұл мәселеде курстың негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс - тәсілдерін қарастырамыз.
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне - оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады..
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы;
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс, тексеру (күжаттаманы, есепке аяу мен есеп-темені, шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашьшық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын көптеген жекеленген әдістерге бөлінеді.
Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады.

І. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТҮСІНІГІ
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржылық бақылау - ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі - оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен қатар салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс - әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процесстері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады:
1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру.
2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру.
3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру.
4. Өндірістің ішкі резервтерінің - еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау..
5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.

Бақылау қоғамдық даму үдерістерін басқарудың жүйесі болып табылады. Бұл халықтық демократиялық-құқықтық мемлекеттің саяси басшылығына, әлеуметтік басқаруына тікелей қатысты. Бақылау әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Бақылау мәселелерін жоспарлау үшін істің сараптамасын талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік және шаруашылық саласы қызметіне және оны атқарушы, басқарушы қызмет нысанына жатады. Екіншіден кибернетика тұрғысынан бақылау қайта айналмалы заңы тәрізді, басқарушы жүйе бақылау арқылы өзіне қажетті деректреді жинап, оны тиімді басқаруда пайдаланады.
Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол - қолдануының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы.

1.2. Қаржылық бақылау функциясы және қызметтері
Қаржылық бақылау функциясы арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
* бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
* бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
* әрекеттілік, нақтылық, жариялылық - бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
* бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
* бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржылық тәртіп - бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың қызметтері мен міндеттері:
ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;
-мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;
-кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;
қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;
кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.



ІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у
М е м л е к е т т і к
Қ о ғ а м д ы қ

Жалпымемлекеттік
Ведомстволық

Ішкішаруашылықтық

Парламенттік (депутаттық) бақылау

Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы
А у д и т о р л ы қ б а қ ы л а у

Мелекеттік қаржылық бақылау - бұзушылықтарды анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында бақылау обьектілерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасын сақтауын бақылау және талдау жолымен жүзеге асырылатын бақылау. Ол ведомстволық бағыныштылығымен нысанына қарамастан бақылаудың кез келген обьектісіне қолданылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - Қазақстан Республикасының Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1. сәйкестікке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;
2. қаржылық есептемені бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3. тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1. кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2. тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
3. үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялар, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1. қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы - Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізіндеқабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады;
3. мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
4. ұсыным - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
5. нұсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылытар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы құжат;
6. бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;
7. бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды Республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді:
* елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау;
* қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөніндегі ұсыныстар жасау;
* шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарын тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
* өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру.
Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртәпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасық есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит - есеп - қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңмананың талаптарын сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.
Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік рәсімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар - бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы - кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттің бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіліктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органадр орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдылығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау - тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қарызсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.
Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалы және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.
Қоғамдық қаржылық бақылау - бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.
Аудиторлық бақылау - ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған аудитор біліктілігінің берілуі туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық - құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылатын құжаттар - бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде, шаруашылық - қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар - материал құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдалануына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық - қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылады.

2.2. Қаржылық бақылаудың әдістері

Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдістерді қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметі нысандарының ерекшеліктері, бақылау обьекті мен мақсаты, бақылау іс қимылының пайда болуының негізі сиақты бірқатар факторларға байланысты болады. Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп отырады, оларға есептеу техникасы негізіндегі ақпарат жүйесі белгілі түрде әсер етеді.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
* тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру);
* инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру);
* қадағалау (кәсіпорынның қаржы - қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу),
* тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру);
* қарап шығу;
* қаржы жоспарларының жобалары;
* өтінімдері;
* қаржы - шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау;
* баяндамаларды тыңдау;
* лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары.

Тағы да мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс, тексеру (күжаттаманы, есепке аяу мен есеп-темені, шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашьшық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, қүжаттық тексерісте күжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Қаржы құқықтық қатынастары
Қаржылық бақылаудың түсінігі
Қаржылық бақылауы: түрлері, нысандары, әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Мемлекеттік қаржы қызмет
Қаржылық бақылау түсінігі
Пәндер