XIX ғасырдың бірінші жартысыңдағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Батыс Европалық саяси және заңгерлік ойдың негізгі бағыттары ... ... .
2 Социализм идеологтарының саяси . құқықтық көзқарастары ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер одан әрі нығая түсті. Әсіресе ХVІІІ ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодалдық-монархиялық топтар каламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси әдебиетінде Эдмунд Берк (1729—1797), француздарда — Жозеф де Местр (1753—1821) және Луи де Бональд (1754—1840), немістерде — Людвиг фон Галлер (1768— 1854) және Адам Мюллер (1779—1829).
Батыс Европада орныққан капиталистік құрылыс өз идеологиясын либерализмнен тапты. XIX ғасырда ол өте ықпалды саяси және интеллектуалды ағым болды. Оның жақтаушылары барлық қоғамдық топтарда да кездесті. Алайда оның әлеуметтік негізін — ең алдымен, кәсіпкер (өнеркәсіптік жәнс

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мухамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. Саяси – құқықтық ілімдер тарихы. Алматы: 2005 ж. – 340 б.
2. Ахметова Н.С., Оралбаев Н.К., Бирманова А.И. Саяси – құқықтық ілімдер тарихы. Қарағанды: 2009 ж. – 117 б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Батыс Европалық саяси және заңгерлік ойдың негізгі бағыттары ... ... .
2 Социализм идеологтарының саяси - құқықтық көзқарастары ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Европаның қоғамдық-саяси өмірінде буржуазиялық тәртіптер одан әрі нығая түсті. Әсіресе ХVІІІ ғасырдың аяғындағы Ұлы Француз революциясы Европада капитализмнің дамуына мықты серпін берді.
Алайда бұл капиталистік қатынастардың қарсыластары да көптеп табылды. Өмірге ене бастаған буржуазиялық тәртіптерді дворяндық-аристократиялық, феодалдық-монархиялық топтар каламады, олар өздерінің жоғалтып алған ескі жеңілдіктерін қайта қалпына келтіруге ұмтылды. Бұлардың идеяларының бүтіндей комплексін консерватизм деп атау қабылданған. Консерватизмнің ең кеңінен таралған кезі XIX ғасырдың алғашқы ширегі. Социализм мен либерализмге қарағанда консерватизмнің нақты белгіленген тұрақты концептуалды өзегі болған жоқ. Бірақ өз заманында консервативтік көзқарастарымен кеңінен танымал болған есімдерді ескерген жөн. Олар ағылшынның саяси әдебиетінде Эдмунд Берк (1729 -- 1797), француздарда -- Жозеф де Местр (1753 -- 1821) және Луи де Бональд (1754 -- 1840), немістерде -- Людвиг фон Галлер (1768 -- 1854) және Адам Мюллер (1779 -- 1829).
Батыс Европада орныққан капиталистік құрылыс өз идеологиясын либерализмнен тапты. XIX ғасырда ол өте ықпалды саяси және интеллектуалды ағым болды. Оның жақтаушылары барлық қоғамдық топтарда да кездесті. Алайда оның әлеуметтік негізін -- ең алдымен, кәсіпкер (өнеркәсіптік жәнс сауда) топтар, шенеуніктердің біраз бөлігі, еркін кәсіптің иелері, универ - ситет профессорлары құрады.
Либерализмнің концептуалды өзегінің екі негіз қалаушы тезисі бар. Біріншісі: жеке еркіндік, әрбір индивидтің еркіндігі және жеке меншік ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар болып табылады. Екіншісі: бұл құндылықтарды жүзеге асыру тек жеке тұлғаның бүкіл шығармашылық мүмкіндігінің атылуы мен игілігін камтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге бүтіндей қоғамның және оның мемлекеттік ұйымдасуының гүлденуіне әкеледі. Либералды идеологияның барлық өзге элементтері осы негізгі өзектің теңірегіне топтасады. Ол элементтердің арасында тарихтағы прогресс және әлемнің рационалды құрылымы туралы көзқарас, жалпы игілік және құқық, бәсекелестік және бақылау туралы пікірлермен қатар, міндетті түрде құқықтық мемлекет, конституционализм, биліктің, өкілеттіліктің, өзін-өзі басқарудың ажыратылуы және т.б. идеялар ұшырасады.
XIX ғасырдан батыс европалық саяси-құқықтық ойдың жалпы барысын сипаттағанда француздың көрнекті социологы Огюст Конттың да еңбектері мазмұндалады. Оның мемлекет пен құқыққа қатысты нақты арнайы зерттеуі болмағанымен қоғамды ыңғайлы әлеуметтік ұйымдастыру туралы, қоғамның қызмет ету мен даму заңдылықтары туралы көзқарастары ғылыми- танымдық тұрғыда үлкен қызығушылық туғызады. Ол кейінірек кеңінен таралған позитивизмнің негізін қалады.
1 Батыс Европалық саяси және заңгерлік ойдың негізгі бағыттары
XVIII ғасырдың аяғында Англия қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші капиталист державаға айналды, XIX ғасырдың бірінші жартысында буржуазиялық саяси ойдағы негізгі бағыт ретінде либерализм қалыптасады. Либерализм жеке инициатива, кәсіпкерлік, ұят, сөз, пікір, баспасөз еркіндіктері негізгі орын алатын "азаматтық еркін- дікті" негіздеу мен қорғауға күш салды. Бұл концепция бойынша мемлекет тұлға қауіпсіздігін, жеке меншікті, "азаматтық еркіндікке" негізделген қоғамды қорғауы тиіс. Либерализм "азаматтық еркіндікті" шектеуге қарсы шығып, мемлекеттің қоғамның эко - номикалық, өміріне араласпауын қалады.
Ағылшын либерализмінің ең көрнекті өкілінің бірі Иеремия Бентам (1746 -1832) ағылшын философтары Гоббстың, Локктың және француз материалистері Гельвецийдің, Голь бахтың бірқатар әлеуметтік-философиялық идеяларын корыта отырып утилитаризм ("utilitas"-пайда) теориясының негізін қалады. Оның негізін мынадай төрт постулат құрайды, Біріншісі: адам әрекетінің мәні, қасіретті болдырмау және ләззат алу құрайды. Екіншісі: пайдалылық, қандай да бір міндетті шешудің құралы болу мүмкіндігі -- бүкіл құбылыстарды бағалаудың ең құнды өлшемі. Үшіншісі: адамгершілік мейлінше көп адамның барынша бақытқа жетуін бағдарлайтын қасиеттерден құралады. Төртіншісі: индивидуалды және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігімен жалпы ортақ мүддені барынша арттыру адамзат дамуының мақсаты болып табылады.
Бентам саясат, мемлекет, құқық, заң шығару және т.б. тал - дау барысында осы постулаттарға сүйенді. Оның саяси-құқықтық көзқарастары "Заң шығарушылықтың принциптері", "Өкімет туралы үзінділер'', "Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің жетекші бастаулары, "Деонтология немесе мораль ту - ралы ғылым" және т.б. еңбектерінде мазмұндалады.
Бентам өзінің алғашқы шығармаларында табиғи құқық теориясын теріске шығарады, оның пікірінше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әртүрлі түсіндіріледі. "Қоғамдық шарт" ұғымының да мәні жоқ, өйткені мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасында бекітіледі. Бентам 1789 жылғы француздың "адам және азамат құқықтарының Декларациясын жалған "метафизикалық шығарма" ретінде сынға алады, себебі жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны негіздеуге алып келеді. Заңға қарсы қойылған "құқық ақыл-ойдың дұшпаны және өкіметті күйрететін күш болып табылады".
Бентам да Гоббс сияқты құқықты сувереннің (егеменнің) еркінің көрінісі деп есептеді. Құқық -- бұл мемлекеттің бекіткен және санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтар мен тыйымдар. Субъективті құқықтар заңнан туындайды, сувереннің ықтиярынсыз ешқандай да тұлға құқықтары жоқ. Бентамның айтуынша "табиғи құқықтар" -- бұл "анархиялық софизмдер'', заң мен оның қызметін өз еркімен бағалау. Саяси тұрғыда оның құқық пен заңды айырып қарастыру идеясына қарсы шығуы Бентамды заң ғылымындағы позитавизмнің негізін қалаушы ретіңде көрсетеді.
Мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мәселесіне келгенде Бентам демократиялық позицияны ұстанды. Бұл оның либерализмін күштілігін нығайтты. Ол монархия мен мұрагерлік аристократияны сынады да, негізгі үш билік тармағы бөлінуге тиіс болатын мемлекеттің республикалық құрылымын қолдады. Бірақ, Бентам бұл билік тармақтары өздерінен-өздері өмір сүріп, бір- бірінен тәуелсіз әрекет етуін қолдамады. Бентам олардың корпорациясын бір-бірімен өзара әрекетте болуын қалады, өйткені "осы өзара байланыс олардың бір-бірімен келісімге келуіне, тұрақты ережелерге бағынуына жағдай жасайды және жүйелі түрде үздіксіз қызмет етуге мүмкіндік береді. Егер биліктер мүлдем тәуелсіз болса, онда олардың арасында үнемі қақтығыстар бо - лып отырар еді". Бентам Англияда бір палаталы парламент жүйесін енгізуді және лордтар палатасын таратуды ұсынды.
Бентамның ойынша тек мемлекеттік билікті ұйымдастыруды ғана емес, қоғамның бүкіл саяси жүйесін демократияландыру қажет. Осыған байланысты ол сайлау құқығын барынша кеңейтуді, оның ішінде әйелдерге де сайлау құқығын беруді жақтады. Ол демократия институтының көмегімен (оның ішінде баспасөз бостандығы, қоғамдық пікірталас, жалпы халықтық жиналыстар және т.б.) заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметін тиімді бақылап отыруға болады деп үміттенді.
Өкіметті тағайындау Бентамның ілімі бойынша, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен меншігіне кепілдік береді, яғни негізінен қорғаушылық қызмет атқарады. Әрбір жеке адам үшін бақыттың не болып саналатынын анықтауға, бақыт туралы өз көзқарасын индивидке тануға және калай болғанда да оны бақытты етуге өкіметтің құқығы жоқ. Бентамды өкімет қызметінің көлемі, оның бағыттары мен шекаралары туралы мәселелер көп толғандырды. Ол мемлекеттің экономика саласына тікелей араласуы көп жағдайда қажетсіз, өйткені ол жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін деп есептеді. Оның экономикалық либерализм А. Смит және Д. Рикардоның саяси экономиясының заңды жалғасы болды.
Бентам заң шығару процесін қарапайымдандырып жетілдіруді, сот процесін кедейлер қорғана алатындай түрде демократияландыруды ұсынды. Бүкіл қоғамдық жүйенің негізгі жалпы мақсаты -- Бентам бойынша адамдардың неғұрлым көп мөлшерінің барын - ша бақытқа жетуі.
Бентамның бірқатар идеялары XIX - XX ғасырлардағы саяси-құқықтық ойдың дамуына, құқықтық ғылымның дамуына пәрменді ықпал етті. Мысалы, оның ұсынған заң шығарушылық және әлеуметтік мақсат пен мүдделер балансының арақатынасы мәселесі құқықтың әлеуметтік мектебінің қалыптасуына алып келді. Екінші жағынан, Бентамның қарастырған табиғи құқық және заң арақатынасы мәселесі құқықтың заңгерлік-позитивтік мектебі құрылуының алғышарты болды.
Европалық либерализмнің отаны -- Англия XIX ғасырда оның көптеген көрнекті өкілдерін дүниеге келтірді. Заң шығарушылықтың Ньютоны атанған Бентамның ілімі сол заманның идеологиялық өміріне зор ықпал етті: оның утилитаризм теориясы Джон Стюарт Милльдің (1806 -- 1873) шығармашылығында жалғасын тапса, ал оның методологиясы мен этикасы Джон Остиннің (1790 -- 1859) заңгерлік позитивизм мектебіне әсерін тигізді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси-құқықтық ойдың дамуы 1789 -- 1793 жылдардағы Ұлы буржуазиялық революцияның жетістіктерімен байланысты. Революцияның нәтижесінде "бостандық", "теңдік", "туыстық" сияқты бірқатар жаңа саяси құндылықтар өмірге енді. Бұл кезеңде Францияда Наполеон және оның режимінің құлап, Европа елдерінің саясатына ықпалын тигізген реакциялық контрреволюциялық "Қасиетті Одақтың" (1815 жыл) құрылғанымен, Бурбондар әулетінің таққа қайта оралып, елде монархиялық құрылыс орнағанымен революцияның негізгі жетістіктерін жоя алмады.
Қалыптасқан осындай жағдайларда француз буржуазиясының идеологтары капитализм дамуы үшін қажет "индивидуалды құқықтар мен бостандықтарды негіздеуге үлкен көңіл қойды. Олар бостандыққа қауіп-қатер феодалдық реакция тарапынан да, революциялық кезеңнің демократиялық теориялары тарапынан да төнуі мүмкін деп қарастырады.
Француз либерализмінің негізін қалаушының бірі публицист ғалым және саяси қайраткер Бенжамен Анри Констан де Ребек (1767 -- 1830). Констан саяси және тарихи-діни тақырыптарға бірқатар шығармалар жазды, оның ішіндегі ең танымалы өзінің мемлекет туралы либералдық ілімін ыңғайлы жүйелі формада баяндап "Конституциялық саясат бағыттағы" еңбегі. Констан бұл еңбегінде жеке инициатива, кәсіпкерлік бостандығы, сөз бостандығы, ар-ұят бостандығы ретінде түсіндірілетін индивидуалды еркіндік мөселесіне баса назар аударады.
Констанның пікірінше, Жаңа замандағы европалықтардың еркіндігі мен антикалық заман адамдарының еркіндігі арасыңда алшақтық бар. Ертедегі халықтар саяси билікті жүзеге асыруға қатысу құқығымен (заң қабылдау, сотқа қатысу, лауазымды тұлғаларды сайлауға қатысу және т.б.) сипатталатын саяси билікті ғана білді. Антикалық республикалардың азаматтары (Афиныдан өзге) ұжымдық егемендікті іске асыруға қатысу құқығына ие болғанымен, жеке өмірде мемлекеттік шектеу мен бақылауға бағынышты болды. "Антикалық заманда адамдар өзінің жеке саяси салмағы мен мемлекет басқарудағы рөлін сақтап қалу үшін өзінің жеке тәуелсіздігінен бас тартуға бейім болып келеді". Олар міндетті түрде дінді, әдет-ғұрыптарды, өмір тәртібін сақтады; қоғамдық институттар байлықтың жинақталуына кедергі болып, теңдікті ұстап тұрды. Ерте дүниедегі остракизм, аграрлық заңдар, цензура және т.б. институттар осыны дәлелдейді.
Ал, жаңа халықтар, Констанның пікірінше, еркіңдікті басқаша түсінді. Саяси билікке қатысу құқығы ерте замандағыдай құнды емес, өйткені мемлекеттер үлкейіп кетті және бір азаматтың дауысы енді шешуші маңызға ие емес. Оның үстіне құлдықтың жойылуы бұрынғыдай саяси істерге көп көңіл бөлетін бос уақытты да келмеске кетірді. Ертедегі халықтардың жауынгерлік рухы коммерциялық рухпен алмасты, қазіргі халықтар өнеркәсіппен, саудамен, еңбекпен айналысады соңдықтан басқару мәселелерімен айналысуға уақыт таппағанымен қоймай, мемлекеттің өз жеке істеріне араласқанын тіпті қаламайды да.
Демек, Констанның түйіндеуінше, мемлекет функциясын атқаруда әрбір индивидтің тікелей, үнемі қатысуы еркіндіктің бұл типінің қатаң міндетті элементіне жатпайды.
Констан практикалық-саяси тұрғыдан индивидуалдық еркіндік мәселесін қарастырғанда, адамның материалдық және ру - хани автономиясы, оның заңмен сенімді қорғалуы алдыңғы орында тұрады. Оның пікірінше, мемлекеттің мақсаты мен құрылымы осы құндылықтарға бағынуы тиіс. Саяси өмірді ұйымдастырудың осындай табиғи тәртібі мемлекет институттарының индивидуалдық еркіндік іргетасын қаланған пирамиданы елестетеді. Мұнда мемлекеттің саяси тұтастығы елдегі әр түрлі ұжымдардан құралған жүйені білдіреді.
Констан адамдар еркін болса өз өмірін дербес және саналы түрде өткізе алады деп сенеді. Олар қандай да бір тұлғадан тыс күштің ықпалынсыз өздерінің индивидуалдық күй-жігерінің себебінен өзіне лайықты өмір сүруге қабілетті. Осы көзқарастарға сүйене отырып, Констан жалпы құдіретті халық егеменділігінің қажеттілігі туралы руссоистік тезиске түзету енгізеді. Оның шекарасы "жеке адамның дербестігі мен өмірінің" басталатын жерінен аяқталуы тиіс.
Алайда, Констан мемлекеттің әлсіз болуын қалайтын либералдардың қатарына жатпайды. Ол билік институттарының әлеуметтік пайдаланушының нақты щараларын қатаң анықтауға,олардың компетенцияларының шекараларын дәл бекітуге тырысады. Бұл шаралардың өзі қоғамға қажет мемлекеттік биліктің көлемімен қатар мемлекетке қажет құқықтардың мөл- шерін (сапасын) белгілейді. "Үкімет өз саласынан тысқа шыкпауы тиіс, бірақ өз саласында оның билігі шексіз болуы керек" деген ұстанымға сүйенетін мемлекеттің күшін әлсіретуге болмайды. Констан үшін ешқашанда бейқам және әлсіз мемлекет саяси идеал болған емес.
Қазіргі мемлекет Констанның ойынша, формасы жағынан конституциялық монархия болуы қажет. Ол бұл құрылымға бекерден-бекер басымдылық бермейді. Конституциялық монархтың бейнесіне саяси қауымдастық Констан ойынша, "бейтарап биікке" ие болады. Ол белгілі үш "классикалық" биліктен (заң шығарушы, атқарушы, сот) тыс, оларға тәуелсіз және сондықтан олардың бірлігін, операциясын, қалыпты қызметін қамтамасыз етуге қабілетті. "Король әрбір билік тармағының бір-бірін теріске шығармай, керісінше бір-бірімен келісімді жөне үйлесім- ді әрекет етуіне мүдделі. Бейтарап, реттеуші және төрелік етуші биік ретіндегі король билігі идеясы монархияның заманға лайық бейімделген ("модерінделген") түрін құқық тық мемлекет құрылымына енгізу талпынысынан туындайды.
Индивидуалдық еркіндіктің кепілі ретінде баспасөз бостандығына сүйенген қоғамдык пікірмен және жалпы қоғаммен қадағаланатын мемлекеттік билік институттары мен қатар құқық маңызды рөлге ие болады. Бұл, Констанның мызғымас ұстанымы, құқық өзінің бүкіл болмысымен еркіншілдікке қарсы тұрады. Құкықтық нысандар"адамзат қоғамының желеп-жебеуші періштелері", "адамдар арасындағы қатынастардың жалғыз мүмкін болатын негізі". Әлеуметтік болмыстық теория ретіндегі құқықтық түбірлі мәні құқықты сақтауды саяси институттар қылмысының негізгі міндетіне айналдырады.
Б. Констанның еңбектері Францияда либерализмнің тамыр жаюына ықпал етті, Констанның отанында либерализм идеяларын одан әрі жалғастырған оның атақты кіші замаңдасы Алек - сис де Токвиль 1805 -- 1859 индивидуалдық еркіндікті демократиялық тұрғыша бүкіл құқық құрамдарымен қорғауға үлкен үлес қосты.
Неміс жеріндегі либералдық қозғалыс XIX ғасырдың алғашқы он жылдықтарында басталып 1848- 1849 жылдардағы революция қарсаңында өзінің ауқымы мен ұйымдасуы жағынан да, идеялық-теориялық жағынан да біршама жетістіктерге жетті.Революцияға дейінгі кезде қалыптасқан ерте неміс либера - лизм сипаты жағынан "конституциялық қозғалыс" болды. Ондағы бытыраңқы неміс мемлекеттері үшін қолайлы саяси-заңгерлік тәртіптерді ұсынған әртүрлі үлгілердің мазмұнында жие кездегі Батыс Европадағы либералдық ұстанымдар мен қалыптар мол ұшырасты. Ағылшын және француз либералдары сияқты неміс либералдары да өзінің әлеуметтік тірегін орта буржуа - зиялык, топтардан іздеді. Сонымен қатар олар партикулярлық мүдделерді көздемей, заман талабына сай жалпы шілікті жақтайтын монархтардың саналы әрекеттерінен де үміттенді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Германияның саяси жә - не рухани ахуалына өз көзқарастарымен ықпал еткен Фридрих Дальман, Роберт фон Моль, Карл Роттек, Карл Велькер, Юлиус Фребель және өзгелері сияқты неміс либерализмінің өкілдері болды. Ал Вильгельм фон Гумбольдт және Лоренц Штейннің либералдық идеялары немесе жерінен тысқа шығып, жалпы Европаға танымал болды.
И. Канттың ізбасары болған Вильгельм фон Гумбольдт (1767 -- І835) неміс либерализмінің негізін қалаушының бірі. Басты саяси шығармасы "Мемлекет қызметінің шекараларын бекіту тәжірибелері" деп аталады. Гумбольдт адам мен мемлекет арақатынасы мәселесіне келгенде гуманистік индивидуализм позициясын ұстанады. "Тәжірибелер" еңбегінің шешетін негізгі міндеті "мемлекет ішінде адам үшін неғұрлым қолайлы жағдайды табу" болатын.
Гумбольдт XVIII ғ. әлеуметтік ғылымының қоғам (азаматтық қоғам) мен мемлекетті жіктеу дәстүрін одан әрі жалғастырады. Ол мыналардың арасындағы айырмашылықтарды айқындайды:
1) ұлттық мекемелер жүйесі (индивидтердің оздерінің төменнен құрған ұйымдары, одақтары, әртүрлі өзге бірлестіктері) мен мемлекеттік институттар мен қызметтер арасында;
2) "табиғи, жалпы құкықтар" мен тікелей мемлекеттің құрған позитивті кұқығы арасында;
3) "адам" мен "азамат" арасында,
Гумбольдт қоғам мен мемлекеттің шекараларын бөле оты - рып, оларды шамалас көлемде деп есептемейді. Оның пікірінше қоғам мемлекеттен, ал адам саяси одақтың (мемлекеттің) мүшесі азаттан анағұрлым маңызды. Сондықтан да "табиғи және жал - пы құқық" мемлекеттік заңдарды дайындау мен қабылдау барысындағы позитивті құқықтың жалғыз негізі және жетекші бас - тауы болуы тиіс.
"Мемлекеттік құрылыс түпкі мақсат емес, ол тек адамды дамытудың құралы ғана" деген тезиске сүйенген Гумбольдтың пікірінше мемлекет өзінің қызметінде азаматтардың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуден өзге әрекеттерге бармауы тиіс. Гумбольдт - евролалық ерте буржуазиялық либерализмге тән минималды мемлекет" концепциясын қатаң сақтаушы. Азаматтардың жеке бақыты, өмір сүру тәртібі, денсаулығы, адамгершілігі және т.б. мемлекеттің қамқорлық көрсетуі идеясына ол толығымен қарсы болды.
Гумбольдтың ойынша, мемлекеттің белсенді кызметінің ауқымы тар болуы керек. Өйткені адамдардың әлеуметтік қауымындағы зор алуан қызмет пен әрекеттер барысында қабілеті мен абыройы жоғары адамдар оқшауланып шығады, ал жоғары билік мұндай өзгешеліктерге шыдай бермейді. Жоғары билік мемлекеттің көмегімен ұлттың, қоғамның барлық өмірлік көріністерін, адамдардың санасы мен жүріс-тұрысын бірегейлендіруге тырысады. Индивид үшін қауіп әсіресе, мемлекеттің патерналистік (әкелік қамқорлық) миссияны өз қолына алуынан төнеді.
Гумбольдтың байқауынша, мемлекеттің тарапынан үнемі көмек күту ақыр соңында кедейшілікке ұрындыратын адамдардың қамсыздығына әкеледі. Индивидтің адамгершілігіне нұқсан келеді, біреудің жетегіндегі адам әдетте өз дербестігін жоғалтып, апатияға ұрынады. Оның пікірінше мемлекеттің билікқұмар құлдары төмендегі принциптік теориялық тұрғыда да, практикалық тұрғыда да бұзады: "еркіндікке жетуге дәл еркіндіктей ықпал ететін өзге нәрсе жоқ".
Гумбольдтың мемлекет туралы пайымдауынша, мемлекеттік құрылым еркіндікті шектегендіктен, ол "қажет болғанымен зұлымдық" дегенге сәйкес келеді.Мұндай полемикалық пікірлер сөз жоқ әлеуметтік хаос пен тәртіпсіздікке жол ашады. Алайда оның "Тәжірибелерінше" келтірілген мемлекеттің кейбір әлеуметтік- қорғаушылық функцияларының пайдалылығы мен қажеттілігі, азаматтарды мемлекетті құрметтеуге шақыруы Гумбольдтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz