Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері
Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.
Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп-қатермен кездесуде. Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.
Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:
- қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар) ;
- апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.
Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады. Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға.
Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т. б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
- экологиялық катастрофа;
- өндірістік немесе көліктік катастрофа;
- техногендік катастрофа.
Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге, атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.
Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с. с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.
Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды.
Төтенше жағдайды топтауға келсек, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан -табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.
Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т. б. жатады.
Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т. б. жатады.
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.
Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер, терроризм, геноцид, соғыс және басқалар кіреді.
Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.
Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының бір ғана жүйесінде, технологиялық тізбегінде, қондырғысында орын алған оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға сол мекеменің өз күштері жеткілікті.
Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік -орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал.
Глобальді төтенше жағдай - бұл төтенше жағдайдың зардабының ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады.
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz