Талап түсінігі және мағынасы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. ТАЛАП МАҒЫНАСЫ
1.1. Талап өндірісінің мағынасы
1.2 Талап мағынасы.
1.3. Талап элементтері талаптың құрамдас бөліктері ретінде
II. ТАЛАП ТҮРЛЕРІ
2.1 Талаптардың сыныпталу негіздері
2.2 Мойындату талаптары
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің жүзеге асырудың ең басты кепілі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен және басқа заңдармен берілетін сотпен қорғалу құқығы.
Азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және өзге құқықтармен заңмен қорғалатын мүдделердің сотпен қорғалуы, бұл мемлекеттің азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қол сұққандарға қарсы мемлекеттің қолданатын шаралары.
Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалуының маңызы зор болғандықтан осы мәселенің шарттары мен тәртібін анықтап зерттеу керек.
Сондықтан құқықты қолдаушы тұлғамен мүдделі тұлғаның жоғарыда айтылып кеткен мәселелердің мәні мен маңызын түсіну талап арқылы қорғалудың дамуына жол ашады.
Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі болып, талап өндірісі, ал оны туындатудың әдісі талап екені тәжірибеден мәлім.
Талап. Азаматтық іс жүргізу құқының өте күрделі және басты орын алатын институты талап болып табылады. Сол себептен талап арқылы құқықты қорғау түрлерінің теориялық мәселелері өте көп. Көптеген ғалымдардың талап түсінігі, оның элементтері, талап құқығы және талаптардың сыныпталуына байланысты бір – біріне қарама – қайшы көзқарастары көп. Сондықтан көптеген әдебиеттерде талаптың және оның элементтерінің әр – түрлі түсініктері берілген, ал ол осы мәселені шешуді қиындата
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I. Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30–шы тамыз 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі 13–ші шілде 1999 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 жыл.

II. Арнайы әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. 2030 Қазақстан 2030, Алматы “Бiлiм” баспасы – 1997ж.
2. Гурвич М.А. Право на иск. М.-Л., 1949 г.
3. Гурвич М.А. Судебное решение. М., 1976 г.
4. Гражданский процесс М., 1995 г. Под ред. Шакарян М.С.
5. Добровольский А.А., Иванова С.А. – Основные проблемы исковой формы защиты права. М., 1979 г.
6. Добровольский А.А., Иванова С.А. – Иски о признании как средство защиты права. Советская юстиция . 1977 г., № 196 с. 9-10
7. Кожухов А.Н. Право на судебную защиту исковом производстве . Кишенев 1969

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. ТАЛАП ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
1.1. Талап өндірісінің түсінігі және мағынасы
1.2 Талап түсінігі және мағынасы.
1.3. Талап элементтері талаптың құрамдас бөліктері ретінде
II. ТАЛАП ТҮРЛЕРІ
2.1 Талаптардың сыныпталу негіздері
2.2 Мойындату талаптары
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің жүзеге
асырудың ең басты кепілі ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
және басқа заңдармен берілетін сотпен қорғалу құқығы.
Азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек және өзге құқықтармен заңмен
қорғалатын мүдделердің сотпен қорғалуы, бұл мемлекеттің азаматтармен заңды
тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне қол сұққандарға қарсы
мемлекеттің қолданатын шаралары.
Азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделерінің сот
арқылы қорғалуының маңызы зор болғандықтан осы мәселенің шарттары мен
тәртібін анықтап зерттеу керек.
Сондықтан құқықты қолдаушы тұлғамен мүдделі тұлғаның жоғарыда айтылып
кеткен мәселелердің мәні мен маңызын түсіну талап арқылы қорғалудың
дамуына жол ашады.
Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі болып, талап өндірісі, ал оны
туындатудың әдісі талап екені тәжірибеден мәлім.
Талап. Азаматтық іс жүргізу құқының өте күрделі және басты орын алатын
институты талап болып табылады. Сол себептен талап арқылы құқықты қорғау
түрлерінің теориялық мәселелері өте көп. Көптеген ғалымдардың талап
түсінігі, оның элементтері, талап құқығы және талаптардың сыныпталуына
байланысты бір – біріне қарама – қайшы көзқарастары көп. Сондықтан көптеген
әдебиеттерде талаптың және оның элементтерінің әр – түрлі түсініктері
берілген, ал ол осы мәселені шешуді қиындата түседі.
Бұл жұмыста құқықтың талап арқылы қорғалуына байланысты сұрақтарға
жауаптар берілген. Олар: Талап түсінігі, талап құқығы, талаптың құрамдас
бөліктері, талап түрлері және тағы басқа.

І. ТАЛАП МАҒЫНАСЫ

1.1. Талап өндірісінің мағынасы.
Азаматтардың және ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заң мен
қорғалатын мүдделерінің сотпен қорғалуы, сотқа жолдану арқылы жүзеге
асырылады. Сотқа жолдану кезінде тұлға талап арыз береді. Осының өзінде
талап өндірісі туындайды.
Талап өндірісі – азаматтық, отбасылық, еңбек, шаруашылық және басқа да
құқықтық қатынастардан туындайтын субъективтік құқықтар және заңмен
қорғалатын құқықтарға мүдделерге байланысты дауларды шешуге және қарауға
бағытталған азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген соттың
қызметі. Сот арқылы қорғалудың осы түрі қазіргі кезде кең таралған және өте
тиімді болып табылады. Жоғарыда аталып кеткен құқықтық қатынастың
барлығында субъектілер бір – біріне байланысты бірдей жағдайда болады, ал
сотта оларға дауласудың заңды теңділігі беріледі. Талап өндірісіндегі
дауласу құқығын қорғаудың процессуалдық әдісі талап болып табылады. Талап
өндірісі - азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі, оның нормалары сот
өндірісінің және талаптық емес өндірісінің іс нормаларынан тұрады .
Қазақстан Республикасының АІЖК–нің 3 бөлімі 2 – бабының 3- тармағы бойынша
азаматтық сот сот өндірісінің заңдары азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын
үй, әкімшілік, қаржылық, шаруашылық, жер, жерге байланысты құқықтық
қатынастардың және табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны
қорғауға байланысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауласу істерін
қараудың тәртібін белгілейді.
Соттың азаматтық, отбасылық, еңбек және шаруашылық істерге байланысты
заң мен берілген құзыреттері әр түрлі болуына қарамастан олардың барлығына
бірдей белгілерінің (субъектінің теңділігі құқыққа байланысты даудың болуы)
белгілерінің болуы. Азаматтық, отбасылық, еңбек және шаруашылық істерге
байланысты сот өндірісінің жалпы тәртібін белгілеуге жағдай жасайды.
Азаматтық сот өндірісінің бірнеше түрлерге бөлінуі (талап өндірісі,
ерекше өндіріс, ерекше талап өндірісі, әкімшілік қатынастардан туындайтын
өндіріс) олардың материалдық, материалдық құқықтық табиғатына байланысты
болып табылады. Азаматтық сот өндірісінің теориялық жағдайы ескеріле
отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу Кодексінің
2–бөлімі құрылды – “бірінші инстанция сотындағы іс өндірісі” соттың даудың
туындауына субъективтік құқықтардың бар немесе жоқ екендігін тексеруінде
талап өндірісінің мағынасы көрінеді.
Талап өндірісінде сот дауды шешеді және бұзылған немесе даулы құқықтың
қорғалуын жүзеге асырады. Дауды талап арқылы екі жақтың осы дауды дұрыс
шешуіне жағдай жасау. Талап құқықты қорғаудың процессуалдық әдісі ретінде
тараптарға өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуіне жағдай жасайды: талапкерге –
өзінің материалдық құқықтық талаптарының негізділігін көрсету ал жауапкерге
– талапкердің талабын жоққа шығару және осыған байланысты өз
қарсылықтарының негізділігін көрсету. Талап өндірісіндегі жарыспалылық
талап өндірісінің толық мінездемесін ашып көрсете алмайды. Талап
өндірісінде жоғарыда аталып кеткендер мен қоса мынадай институттар
қарастырылған: талапкердің талаптан бас тартуы, талап мөлшерін көбейту
немесе азайту, талап затын немесе негізін өзгерту, талапкердің талапты
мойындауы және талапкер мен жауапкердің бітімге келуі.
Талап өндірісі келесідей кезеңдерден тұрады:
1. Сотта азаматтық істің қозғалуы.
2. Істі сот қарауына дайындау. Істі соттың дауына белгілеу.
3. Сот қарауы.
4. І – инстанция сотындағы қаулы және оны жария ету.

1.2 Талап мағынасы.

Заңды және жеке тұлғалардың сотпен қаралуға байланысты конституциялық
құқықтары олардың сотқа талапарызбен жолдануы арқылы жүзеге асырылады.
Талап бұзылған немесе дауласып жатырған субъективтік құқықты қорғаудың
ең бір ерекше әдісі екендігі даусыз. Кез келген тұлға талап беру арқылы
талап өндірісін қозғай алады. “Құқықты талап арқылы қорғаудың негізі
мәселелері атты” Добровольский А.А. мен Иванова С.А. жазған еңбегінде талап
дегеніміз – “нақты заңды фактілерге негізделген, даулы материалдық –
құқықтық қатынастардан туындайтын сот немесе өзге де юристдикциалдық
органға анықталған процессуалдық тәртіппен қарауға және шешуге берілетін
материалдық құқықтық талап”1
Добровольский А.А. мен Иванова С.А. талапты – материалдық – құқықтық
және процессуалдық жақтарды өзінде үйлестіруші бір тұтас түсінік ретінде
қарастырады. Осыған сәйкес бұл авторлар мынадай өз ой-пікірлерін келтірген:
талапкердің жауапкер атына сот арқылы берген талабында материалдық –
құқықтық талап көрсетілген болса, сот ол талапты қабылдамайды, себебі
соттың бұл жерде қарап шешетіндей еш нәрсесі болмайды. Сондықтанда кез –
келген сотқа жолдану материалдық – құқықтық талаптан тұруы керек. Бұл
жердегі ойдың түйіні мынада деуге болады: талапкердің материалдық –
құқықтық талабы процестің туындауына себеп болып табылады және ол сот
қызметінің пәні болып табылады, себебі сот талапкердің жауапкерге берген
материалдық талабының заңдылығын және негізділігін қарайды.2
Жоғарыда аталып кеткен авторлардың пікірлеріне Гурвич М.А. мен
Елесейкина П.Ф. ойлары өзгешелеу.
Олар талапты екі құқық саласына тән категория ретінде қарастырады,
яғни материалдық, азаматтық және процессуалдық құқық салалары және олар
талаптың басқа екі түрлі түсінігін береді – материалдық – құқықтық және
процессуалдық тұрғыдағы түсінігі.
М.А. Гурвич пікірі бойынша – талап процессуалдық әрекет болып табылады.
Гурвичтің “сот шешімі”1 атты кітабында талап ол сотқа жолданған адамның
әрекеті болып табылады делінген бұл автордың пікірі бойынша, азаматтық
субъективтік, құқықты бір тұлғаның мәжбүрлі түрде белгіленген әрекеті,
орындалуы болып табылады. Құқықтың мұндай құбылыс түрінде қөрінуі азаматтық
субъективтік құқықтың құбылысы болып табылады.
Гурвичтің пікіріне ұқсас пікір П.Ф. Елесейкинаның пікірі. Ол талапты
материалдық құқықтық тұрғыда сотпен қорғалатын субъективтік құқық. Ал
процессуалдық тұрғыда бұл субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын
мүдделерді қорғау үшін сотқа жолдану дейді. Ал басқа авторлардың К.С
Юдельсон, К.И. Комиссаров, В.М. Семенов пікірі бойынша талап бұл
процессуалдық деңгейдегі азаматтық іс жүргізу құқығының институты дейді.
Олар субъективтік құқықпен материалдық игілікті талаптан бөлек тұрғыдан
қарастырады. Мұндай құқық талаптың мазмұнын емес, мақсатын құрайды. Олардың
ойы бойынша егер субъективтік құқық туындаса, ол сот процедурасынсыз – ақ
жүзеге асырыла береді. Материалдық құқық нормалар соттың қатысауынсыз және
талап бермей – ақ жүзеге асырылуы мақсатталған. Субъективтік құқықты талап
беру тәртібінен қорғау мүдделі тұлғаға міндетті болып табылады. Соттың
мақсаты материалдық құқықтық қатынастан қатысушылардың материалдық құқық
нормаларын заңмен рұқсат етілген тәртіпте жүзеге асыруға рұқсат беру.
Сондықтан да сот шешімінің жоғарыда аталып кеткен бұйырымы бөлімінде мәселе
талапқа байланысты емес, ал керісінше субъективтік құқықтың өзіне
байланысты.

1.3. Талап элементтері талаптың құрамдас бөліктері ретінде

ҚР АІЖК–нің 150–бабына сәйкес талапкер өз талабында өз талабының
негізін, сол талап негізін растайтын дәлелдемелерді және талап затын
көрсетуі керек. Осы көрсетілген заңмен бекітілгеннен құрамдас бөліктері
талап элементі де болып табылады. Талап элементінің арасында тығыз
байланыс бар.

а) Талаптың заты.
Талап заты болып материалдық құқықтық талаптар болып табылады. Яғни
талапкердің жауапкерден талап етіп отырған материалдық игілік болып
табылады.
Талап затының түсінігіне байланысты ғалымдардың бірдей ой – пікірлері
жоқ деуге де болады. Себебі кейбір авторлар талап затын талапкердің
жауапкерден талап етіп отырған даулы қатынастар және материалдық құқықтық
талап. Ал кейбір авторлар жай ғана даулы құқықты қатынас ретінде
қарастырады. В.К. Пучинский талап затын “даулы құқықтық қатынас” ретінде
қарастырып сонымен қатар “кез келген фактілердің жиынтығы тек анықталған
құқықтық қатынастар тыңдататынын дәлелдеп қарастырған”1.
А.А. Добровольский мен С.А. Иванов талапкерді мойындату талабында
жауапкерге белгілі бір әрекеттерді істеуге бағыттамай өз талабын
қанағаттандыруды керек етеді деп есептейді. Сот талапкердің қандай
құқықтары бар екендігін анықтаса болғаны. Соттың, талапкер құқығын
мойындауы билік сипатына ие болады және жауапкер сот шешімін бағынуын
міндетті. Сот арқылы орындату талаптарында сот талапкердің құқығын анықтап
қана қоймай, сонымен қатар жауапкерді орындатуға міндеттейді. Сот
жауапкердің талапкер есебіне нақты қандай әрекеттерді орындауын жауапкерді
шығаруға байланысты істерді сот талапкердің тұрғын үйге деген меншік
құқығын белгілейді, яғни белгілейді, осыдан екінші құқық туындайды
жауапкерді шығару құқығы.
Талап затын даулы құқықтық қатынас объектісі, яғни талаптың
материалдық объектісінен ажырата білу керек. Осыған сәйкес жауапкерден
жауапкер атына белгіленген ақша – сомасын сот арқылы орындатуға байланысты
істерді ақша соммасы талаптың заты болып табылмайды, ал даулы құқықтық
қатынастың, яғни материалдық объектісі болып табылады. Талап затының
мөлшерін азайту немесе ұлғайтуға байланысты істерде ақша қаражатының
мөлшерін өзгертуге байланысты болып табылады.

ә) Талап негізі.
ҚР ҚІЖК–нің 150-бабының 5-ші тармағына сәйкес талапкер өзінің талап
арызында өз талабын қандай негіздерге және дәлелдемелерге сүйеніп
отырғандығын көрсетуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзім, талаптың ескіруі
Мойындату талаптары
Жасырын тергеу әрекеттері
Азаматтық істер жүргізу құқығының негіздері
Талап түсінігі және мағынасы туралы
Азаматтық іс жүргізу құқығы түсінігі
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы
Ақпараттық себепті жасаудың белгілі бір алгоритмін жасау
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердіңлексика-семантикалық ерекшеліктерініңтеориялық аспектісі
Пәндер