Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЛЕР СОТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХИ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қазақ қоғамындағы билер сотының генезисі мен табиғаты . . .
- Билер сотының дамуының басты кезеңдері . . .
- Билер соты және сөз өнері . . .
- Билер сотында іс қарардың ерекшеліктері және тәртібі . . .
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы . . .
2. 2Алқабилер сот төрелігінің тәуелсіздік кепілдіктері . . .
2. 3 Алқабилердің қатысуымен өтетін сот процесстерін ұйымдастыру мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыстың тақырыбына сай Қазақстандағы алқабилер қатысатын сот қызметін құқықтық реттеудің тарихи мәселелері қарастырылады.
Бірінші тарауда қазақ қоғамының дәстүрлі құқық жүйесіндегі билер сотының дамуының басты кезеңдері олардың сөз өнері және істі қарау тәртібі ерекшеліктері қарастырылды.
Екінші тарауда Қазақстандағы алқабилер қатысатын сот қызметінің құқықтық реттелу мәселелері қарастырылады. Яғни екінші тарауда алқа билердің қатысуымен өтетін сот процесстерін ұйымдастыру мәселелері қарастыра отыра оның тәуелсіздігі зерттеледі.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіз, егеменді мемлекетіміздің сот саласы қуатты, жақсы әрі тәуелсіз біртұтас жүйеге айналып келеді.
Сот құрылымында сот реформасы дамып, 2006 жылдың қаңтар айынан бастап алқабилер институты енгізілді және ол соттық құрамында халық сенімінен шығатын тиімді жаңалықтарымен ерекшеленуде [1] .
Елімізде 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында сот жүйесіне алқабилер институты енгізілген еді. Құқықтанушылардың айтуы бойынша, сот алқабилері алғаш рет б. э. д. 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған екен. ХVІІ ғасырдың ортасында, буржуазиялық-демократиялық революциядан кейін Еуропа мемлекеттеріне тарай бастаған. Осылайша АҚШ-та сот алқабилері 1776 жылы тәуелсіздік Декларациясы қабылданғаннан кейін пайда болса, Ресейде алқабилер 1993 жылдан бастап жұмыс істеген. Біздің елімізде енгізілгеніне аса көп уақыт бола қоймаған, ал браз бір елдердің тәжірибесінде ежелден кездесетін алқабилер соты жүйесіне көпшіліктің пікірі әралуан. Қоғамда алқабилердің қызметіне көңілі толмайтындар да, олардың қызметін аса жоғары бағалайтындар да жетерлік[2] .
Ең бастысы, алқабилер сотының жүйесі - сотта әділетті шешім шығаруға ықпал ете алатын жүйе.
Алқабилер институтының енгізілуінің ерекшелігі сот реформасындағы ең серпінді әрі ірі қадамдардың бірі болып отыр.
Тарихқа көз салсақ, бұл институт сонау кеңес кезеңіне дейінгі көшпелі қазақ даласындағы қазақ билерінің тәжірибесінде кең болғанын көруге болады. Қазақ халқының ұлы зерттеушісі, ғалымы Шоқан Уалихановтың 1864 жылғы «Сот реформасы жайлы» зерттеу жобаларында қазақтың билер сотында халық өкілдерінің сот билігін атқаруға қатысу көріністерін өте айқын бейнелеп жазған. Сол кезеңнің өзіңде халық билерінің сот алдында сот билігіне қатысатын өкілдеріне ант-су ішкізуінің өзі билерге деген сенім мен аса үлкен құрметті қалыптастырып отырған қазақ даласының жазбада қалған осындай терең зерттеулері арқылы жан-жақты дәлелдеп отыр[3] .
Бүгінгі таңда әлемдік тәжірбиеде алқабилер институтының екі түрі бар. Оның бірінде айыптау жазасын шығаруға қоғамдық өкілдермен бірге кәсіби судья да қатысуға міндетті. Бұл біздің алқа билер институтының құрамдық үлгісі. Заң алқабиге мемлекетіміздің ең алғашқы кезінде облыстық сотың соттауына жатқызылған, ауыр қылмысы үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделген қылмыстық істер бойынша сот төрелігін атқаруға қатысу мүмкіндігін беріп, өте жауапты міндет жүктейді.
Алқабилер бұл азаматтық билік. Алқаби міндетіне кіріспес бұрын ант қабылдайды: «Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімінді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлеледемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін» деп ант қабылдайды[1] .
Алқабилер соты - отандық әділ сот тарихында принципті жаңалық. Халықтың сот билігіне араласуының бірден - бір жолы мемлекетімізде бұған ерекше көңіл бөлініп, конституциялық норманы іске асыру барысында біраз жұмыстар атқаруда. Сот ісіне халық өкілдерін қатыстыру және оған көпшіліктің бақылауын ұйымдастыру демократиялық қоғамның бір көрінісі екенін дәлелдейді.
Алқабилер институтының маңыздылығы ең алдымен, өлім жазасы көзделген қылмыстық істерге қатысуында.
Бұл ретте айтуымыз керек алқаби-сотының қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Бүгінгі таңда қолданысқа енген заңға сәйкес, адам тағдырын таразылап шешуге 2 кәсіби судьямен бірге 9 алқаби араласатын болды. Осындай үлкен қауыммен шығарылған сот үкімінің әділдігі халық алдында күмән тұғызбайтыны анық.
Сонымен қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер сотының билігі, қазақ қоғамын басқару жүйесіндегі биліктің бір нысаны түрінде көрініс тапты деуге болады. Билер қазақ қоғамында ру басы, судья, жергілікті әкімшілік биліктің өкілі ретінде саяси-әлеуметтік, әкімшілік, соттық-құқықтық қызметтерді жүзеге асырды. Негізінен олардың қызметі қоғамда болып жатқан дау-дамайларды шешу болды[1] .
Би атағына ие болу үшін билер қазақ халқы алдында туа біткен дарындылығымен, шешендігімен, қазақтың әдет заңын, салт-дәстүрін бес саусағындай білетіндігімен, ойлылығымен көзге түскен, елден озған, әділдіктің жақтаушылары болған. Билер ерте замандарда пайда болып, халқымыздың ұзына бойғы тарихында белгілі бір даму кезеңдерін басынан кешірді. Олардың атқарған қызметі, ой-пікірлері, соттық қағидалары, шығарған шешімдері мен үкімдері қазіргі ұрпаққа өшпес мұра ретінде жетіп отыр. Қазақтың дәстүрлі-құқық жүйесіндегі билер соты жайлы, оның генезисі мен табиғаты, тарихына арналған талай зерттеулер жазылды. Бұл мәселеге бірнеше ғалымдар, оның ішінде әдебиетшілер, тарихшылар, заңгерлер және тағы басқалары қалам тартты. Азаматтық қоғам мен мемлекет үшін осы институттың құндылығы алқабилердің кәсіби судьяларға қарағанда сот қызметіне істі қабылдауды, өмірлік тәжірибені, ақиқат пен әдептілікті қоғамдық ұғынуды өзгеше енгізуінде болып отыр. Ресейдің атақты заңгері А. Ф. Конидің айтуынша, алқабилер сотта көріп, естігендері бойынша өздері еркін және тәуелсіз құрған ішкі нанымы бойынша істерді шешеді[4] .
Ондай наным оларға істі талқылау ықпал еткен түрлі әсерлер жиынтығын іштей өңдеуден туындайды. Қандай да бір дәлелдемелерге сенуді немесе сенбеуді олардың ар-ұжданы шешеді. Бұл сөздер бүгінгі күні де өзекті болып табылады. Алқаби сотын көп жағдайда «қоғамдық ар-ұждан соты» деп айтады, ол қоғамда ақиқат пен әділеттілік туралы ұғымды дерексіз емес, нақты түсініктер арқылы қабылдап, қолдайды.
Қазіргі кезде заң ғылымы алдында тұрған міндеттердің бірі - билер сотының құқықтық мұрасын зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер сотына байланысты олардың билік үкімдерінің тарихи-құқықтық тұрғыдан талдау жасап, олардың қазіргі таңда Қазақстанда алқабилер сот билігі түрінде жандандыру мәселелерін зерттеу.
Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- “Би” терминінің шығу, пайда болу, тарихи кезеңдерге байланысты түрленуін анықтау және билер сотының дамуының басты кезеңдеріне тоқталу.
- Билер сотының құқықтық реттелу ерекшеліктеріне ғылыми негізде талдау жасау, билер сотында іс қараудың ерекшеліктері мен билер сотында істі қараудың сатыларына жеке тоқталу.
- Билер сотын дәстүрлі - құқықтық жүйеден аластауға байланысты сот істерінің жүргізілуі және қазіргі кезеңде жандандыру мәселелерін ашу.
- Қазіргі кездегі алқа билер сотынның құқықтық реттелуін зерттеу;
- Алқабилердің қатысуымен өтетін сот процесстерін талқылау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесінде билер сотының дамуының кезеңдері, олардың даулы мәселелерді қалай шешкені және сот процесінің қалай өткені жөніндегі құқықтық деректер жоқ. Алайда, соңғы кездері республиканың заңгер-ғалымдары, атап айтсақ, Зиманов С. З., Кенжалиев З. Ж., Сартаев С. С., Өсеров Н., Сапарғалиев Ғ. С., Өзбекұлы., Қуандықов Б. Ж., Андабеков Ш. және тағы басқалары қазақ қоғамының дәстүрлі-құқықтық жүйесін зерттеуде үлкен үлес қосуда.
Қазақ халқының сот билігінің тарихын зерттеген ғалымдар В. В. Вельяминов-Зернов, А. А. Леонтьев, В. Ф. Шахматов, Л. В. Дюков, А. М. Давидович, С. Е. Толыбеков, Н. Е. Масанов., Байжанов К., Маймақов Ғ., Ударцев С., т. б. Қазақ қоғамының сот жұйесін зерттеу барысында тікелей зерттей отыра сот реформасының жобасын жазған Ш. Уәлиханов заңның «халыққа жақсысы», сонда ғана, ол кімге болса да белгілі болып, әрі оның өмір тіршілігімен сәйкес келсе деп есептеді. Теориялық тұрғыдан жұмысты жазу барысында қазақ қоғамының дәстүрлі-құқықтық жүйесіне байланысты баяндамалар және тағы басқа да еңбектерді негізге алдық.
Дипломдық жұмыстың объектісі. Бастау көзін әдет-ғұрыптардан алатын дәстүрлер, салт-саналар, жол-жоралар, үкім-кесімдердің құқықтық заң нормалары жұмыстың объектісі деп танылады.
Дипломдық жұмыстың пәні. Алқабилер қатысатын сот қызметін құқықтық реттелу ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыс қазақ қоғамындағы әдет заңдарына қатынасты және қазіргі кездегі алқа билерге қатынасты теориялық материалдарға нормативтік базаға негiзделiп жазылған зерттеу болып табылады. Еңбектiң теориялық маңызы дипломда келтiрiлген қорытындылар жетiлдiру процесiнде қолдану мүмкiндiгiмен үштасады. Зерттеу жұмысы дәстүрлі құқықтық нормаларға негізделе отыра қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетімізде алқа билер сотының ерекшеліктері және билердің шешімдеріндегі демократиялық принциптері ерекше талданады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыс жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер арқылы жазылды. Мемлекет және құқықты зерттеудің танудың әмбебап тәсілдері ретінде диалектикалық әдіс қолданылды. Мемлекеттік құқықтық құбылыстарды бір бірмен тығыз байланыстағы мағынада, тұтастық идеясында зерттеу ретінде жүйелеу әдісі қолданылды. Зерттеу обьектіміздегі қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер соты тарихи, құқықтық, салыстырмалы-тарихи, сондай-ақ тарихи-құқықтық талдау арқылы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Осы жұмыстың теориялық негізі ретінде осы тақырыпқа тікелей қатысты жазылған монографиялық еңбектермен оқулық әдебиеттер алынды. Дипломдық жұмыс негізіне кіріспеден, 2- тараудан, жеті бөлімдерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰЙЕСІНДЕГІ БИЛЕР СОТЫННЫҢ ТАРИХИ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Алқа билер сотының ағылшын - саксондық жүйесінің даму негіздері
Алқа билер сотының даму барысында 1215 жылы қабылданған ұлы еркіндіктер Хартиясы аса маңызды рөл атқарған. Онда қылмыстық және азаматтық тарту мүмкіндігі заң жүзінде бекітілді.
ХVI ғасырдың басынан бастап ағылшын процесінде біртіндеп куәлар мен алқабилер функцияларының аражігін біртіндеп жүріп жатты: біріншілері өздері білетін мәліметтерді хабарлайды, ал екіншілері кінәлік туралы мәселені шешеді және ұйғарым шығарылады [5, 9б] .
Біздің ойымызша, сол уақыттан бастап алқабилер сотының тарихың III сатысы және оның классикалық үлгісінің пішімделуі басталған.
Англияда король судьяларының еркінен тәуелсіз институт ретінде алқабилер сотының қалыптасуы XVII ғасырдың аяғына таман, Бушель ісімен және епископтар процесімен байланысты болған оқиғаның арқасында орын алды. 1670 жылы Пенн мен Мид деген біреулерге халыққа уағыз таратып, сол арқылы заңсыз толқу туғызады деген айып тағылды. Айыптау дұрыс құрылмаған және тиісті түрде негізделмеген болатын. Алқабилер сотталушыны кінәсіз деп жариялады. Пеннді заңға қайшы жиналыс шақырғаны үшін кінәлі деп танымаған алқабилер ызаланған судьялар жаңа кеңес өткізу үшін оларды шығарып жіберді. Сол кезде алқабилердің бірі - Бушельге қарап судья қорқыту және қорлау сөз айтып, ақшалай айып төлеуді мойнына салды. Екінші, үшінші және төртінші кеңесуден кезінде алқабилер өз ұйғарымын қуаттады. Ақшалай айыппұл төлеуге келіспеген Бушель түрмеге қамалды. Ол өзіне Habeas corpus берген құқықтарын алға тартып, жоғарғы судья алқабилер қатынастары туралы пікірін және соңғылардың қандай дәрежеде судьялардың нұсқауларын орындауға тиіс екенін айтып, оны босату туралы қаулы шығарды, сондай-ақ ол алқабилердің толығымен еркін болу қажеттігін мойындады [6, 8б] .
Шіркеу істеріне қатысты өздерінің ой-пікірін еркін айтқаны үшін қылмыс жасады деп сотқа тартылған епископтарға қатысты процесте де алқабилер король судьяларының айыпкерлерді кінәлі деп тану туралы табанды талабына қарамастан, оларды ақтап шықты.
Алқабилердің король билігінен тәуелсіздігін белгілеген және халық элементінің позициясын нығайта түскен осы прецеденттерді Англияда күшті және тәуелсіз алқабилер соты қалыптасуының басталуы деп санауға болады. Қоғам сотының шешімдері әкімшілік үшін міндетті күшке ие болады, және біздің ойымызша, алқабилер сотының қазіргі заманғы үлгісінің тарихын шамамен осы уақыттан бастап есептей беруге болады.
Бұл процестің нйтиежиесінде, сонымен қатар алқабилер тек қана фактілерді талқылауға тиіс, ал құқық мәселелері судьялардың құзырына жатады деген ереженің қалыптасуы үшін негіз қаланады.
Англияның ертедегі құқық дерек көздерінен көрініп тұрғандай, егер судьяның пікірінше алқабилер «бұрыс» үкім шығаратын болса, олар оны түзеуге және судья ұсынған дәлелдемелерге сәйкес шығарылуы міндетті болатын.
Алқабилерге айыппұл салуға және басқадай жолмен қорқытып-үркітуге жол беретін тәртіптік үстемдік құру алқабилер сотында іс жүргізудің мәнісін түбімен жоятын, себебі, ол негізгі қағида - алқабилердің ішкі нанымы бойынша дәлелдемелерді еркін бағалау қағидасына қайшы келген.
Алқабилер сотындағы аса маңызды қайта құру оның қарауына дәлелдемелер ұсынылатын уақыттан басталады. Бұл кезең III Эдуард патшалық құрған кезде басталды, сол заманнан бері ағылшынның алқабилер соты шын мәнінде өзінің қазіргі жағдайына келді.
Алғашқыда алқабилер ана не мына іс-әрекеттің жасалу не жасалмау фактісін анықтау мәселесін шешетін. Ал ұйғарымға кінәлілік мәселесі кіргізілген кезде, ол «жалпы» деген атауға ие болды. Бірінші уақытта жалпы ұйғарым шығару практикасы прецеденттерге негізделетін, ал содан кейін заңнама жүзінде бекітілді [7, 23б] .
XVII-XVIII ғасырларда ағылшындар өздерінің сот тәртібін Үндістан, Бирма, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африкада және т. б. елдерде орнатты. Кейін бұл тәуелділіктен босаған бұл мемлекеттерде қазір ағылшын - саксондық немесе ағылшын американдық процесс түрі сақталып қалды.
Англияда алқабилер соты тарихи түрінде біртіндеп, салт-дәстүр мен тәжірибеден қалыптасады деп айтуға болады. Осындай дамудың нәтижесінде ағылшын-саксон құқығында алқабилер сотының негізді ережелері қалыптасып, бекітілді, кейіннен олар алқабилер сотының ағылшын-саксон (классикалық) үлгісін құрады.
Алқабилер сотының классикалық үлгісінің ең басты ережелері мынадай:
- Алқабилер соты, әдетте, ауыр қылмыстар - «фелония» (фелония - ауыр қылмыс, оған кем дегенде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілетін) туралы істерді қарау үшін құрылатын, дегенмен жазалау жазасының мөлшері үш айдан асатын, қоғамдық қаупі үлкен емес істер бойыншада айыпталушы істі алқабилер сотында қарау құқығын пайдаланатын.
- Жалпы алғанда, біртұтас сот тең құқықты екі алқадан - халықтың өкілдері ретінде алқабилерден және мемлекеттік биліктің атынан өкілдік ететін тәж судьяларынан құрылатын, алқаның әрқайсысы өзінің құзырына жатқызылған мәселелерді шешу кезінде өзіне белгіленген шектерде іс-қимыл жасайтын.
Істің алқабилер сотында талқылануы қылмыс жасағанына өз кінәсін жоққа шығаратын айыпталушының құқығы ретінде қарастырылатын (бұл жерде айыпталушының кінәсіздік презумпциясы қолданылатын) «алқабилердің кінәсіздік қорғау жағдайына ғана істі қарауға кіріседі » - деп атап көрсетті И. Я Фойницкий [8, 126б] .
- және оның келісіміне байланысты болатын, яғни айыптау мен қорғау талаптарының арасында міндетті түрде құқықтық дау болуға тиіс;
- алқабилер орындығы, ережеге айналғандай, бір ғана нақты іске арнап қалыптастырылатын, ал іс аяқталғаннан кейін алқабилер таратылатын;
- төменгі соттардың сомалық юрисдикциясынан (төменгі соттардың сомалық юрисдикциясын бір судья коронер оңайлатылған тәртіппен дербес қарайтын болмашы ғана қылмыстар туралы істер құрайтын) асатын барлық істер бойынша соттасуды үлкен (айыптау) жюриі жүзеге асыратын;
- ақиқатты анықтау соттың міндетіне кірмейтін; сот тараптардың біреуінің дәлелдерінің «басым болғанын» белгілеуге тиіс болатын;
- талаптар алқабилердің бүкіл тізіміне қарсылық білдіруге, себептерін көрсете отырып алқабилерге жеке-жеке қарсылық білдіруге және дәлел келтірместен алқабилерге қарсылық білдіруге құқылы болатын (ағылшынның әдет құқығы бойынша себебін көрсетпей алқабилерге қарсылық білдіруге аса маңызды істер бойынша ған жол берілетін. АҚШ- та себебін көрсетпей алқабилерге қарсылық білдіру конституциялық құқық болып табылады) ;
- сот тергеуі 12 алқабиден тұратын шағын жюридің алдында өтетін; басында айыптау тарапының, содан кейін дәлелдері тарапын зерттелетін;
- алқабилер айыптау актісінде көрсетілетін жалғыз сұрақ - айыпталушы кінәлі ме? - деген сураққа жауап беру тиіс еді; бұл орайда кінәні жеңілдететін мән-жайлар туралы мәселе қойылмайтын.
- 12 алқабидің айыпталушының кінәлі не кінәлі еместігі сауалға жауабы бір ауыздан берілуге тиіс. Егер ұзақ талқылаудан кейін алқабилер сотталушының кінәлі екендігі (кінәлі еместігі) ортақ пікірге келе алмаған болса, судья алқабилердің жаңа құрамы қатысатын сот тағайындалғанға дейін істі уақытша тоқтатын;
- Ұйғарымды (вердикт) алқабилер ауызша шығаратын;
1670 жылға дейін ( Buchell ісі бойынша прецедент) алқабилер өздерінің ұйғарымын дәлелдемейтін, ал ұйғарым соты қаралған дәлелдемелерге сәйкес келмейтін немесе кәсіби судьяның нұсқауларына қайшы келетін жағдайда ол үшін жауакершілік көретін. «Сотта істерді қарау туралы» заң (1981ж) бойынша ағылшынның алқабилер сотында шағын жюридің ұйғарымын дәлелдеу тарап етпеу керек; қайта керісінше, «кеңесу бөлменің құпиясын білудің амалын жасайтын адам қылмыстық жаза қолдануға душар болуы мүмкін» [9, 13б] .
- алқабилердің ақтау ұйғарымының не күшін жоюға, не шағым беруге, соның ішінде ол анық қате болған жағдайда да, оны ақтауға болмайтын;
- сот талқылауына, соның ішінде 12 алқабиден құралатын шағын жюриге іс жүргізу тұрғысынан басшылықты тәж судьясы (кәсіби судья) жасайтын, ол алқабилерге дәлелдемелер жүйесінің мәні мен ережесін түсіндіріп, сот тергеуі тапқан деректерді түйндейтін және олардың заңдық маңызды ежей-тегжейлі айқындайтын, сондай-ақ кінәлі деп танылған сотталушыны қандай жазаға кесу керектігін шешетін.
Абсолютизм дәуіріндегі қылмыстық процесс өзінің сипаты жағынан іздестіруші (инквизициялық) болатын. Король билігінің агенттері қылмыс жасаған адамды іздестіруді (анықтауды) жүргізуді, ол құпия және жазбаша түрде жасалтын. Айыпталушы билік органдарының еш құқығы жоқ обьектісі болатын, оның қандайда бір іс жүргізу құқықтары да жоқ еді. Тергеуді және істі қарауға сот жүзеге асыратын, демек айыптау, қорғау және істі шешу функциялары және оның тұлғасында біріктірілген еді.
Англияда пайда болған алқабилер институты жеке адамды король билігінің озбырлығынан қорғаудың маңызды құралына айналды [10, 106б] .
Ағылшындардың алқабилер сотын тәртіпті ұстамы, саяси және азаматтық құқықтардың кепілдігі қарастырылуы тегін емес. Анлияда алқабилер соты халық судьяларының тоқсан сайын шығарылатын сессияларының немесе кароль орындығы мүшесінің жылжымалы сессиясының жанында жұмыс істейтін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz