Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі


Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі. Олардың жіктелуі.
Казіргі нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдаында ұдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі қарыз міндетгемелерінің кең түрде айналымда жұруі. Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің эржактарын сипатгайды. Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
1. Қарыз міядеттемесі - оны иемденушінің басқалардың шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу құқын дәлелдейтін қарыз алушының берген заңды құжаты.
2. Қарыз міидеттемесі - қарыз алу кезінде несие алушының несие берушіге (кредиторға) беретін құжаты.
Сонымен, қарыз міндетгемесі деген жеке немесе занды тұлғалардың, яғни нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін шығарып және оган одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны эмытент деп атайды. Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндетгемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқын және эмитенттің міндетін аныктайтын шарт жасалады.
Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат. Ал нарыққа қатысушылардың қаржы жағдайын сол уақыттағы олардың табысының кірісі мен шығынының арақатынасы анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз етілудің 3 түрлі жағдайы кездеседі:
1. Тепе-теңдік жягдяй. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды.
2. Артык жяғдан . Ол кіріс шығыннан көп болғанда туындайды. Демек, сақтаудағы қоры мол, сондықтан бұл субъектінің басқаға несие беруте мүмкіндігі бар.
3. Қаржыга тапшылъщ жяғдай. Ол шығын кірістен көп болганда туындайды. Демек, бұл субъект қаржыға мұктаж, яғни оған несие алу қажет.
Бағалы кағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа тұсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелеріңің бағалы қағаздар сияқты арнаулы формасы (нысаны) болмайды. Олардың кебісі келісім құжатында 1-2 бап ретіңде көрсетіледі.
Бағалы қағаздардың жіктелуі
1 -кесте
Бағалы қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Бағалы қағаздар бірнеще түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты (1-кесте) .
1. Кіріс төлеу жөнінен карызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды, Акция оны иемденушінщ корпорацияньщ мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уакыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы кағаздардың басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімщілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы баска заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:
• жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• меншікті акцияландырғанда, яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• коғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.
Акциялардың жіктелуі
2-кесте
Облнгация деп эмитентгің белгілі бір шартгы орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеггтенген жазбаша қарыз кұжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару - қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шыгаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығьшға тең болады.
Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы (мүдде) мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін "купондарды қырқу" деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементгер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номииалы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондык молшср - жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы (мүдде) - төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: каңтар - шілде, ақпан - тамыз, наурыз - қыркүйек, сәуір - казан, мамыр - қараша, маусьім -желтоқсан. Одан басқа айдьщ жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қаңтар - 5 шілде, 20 наурыз - 20 кыркүйек және с. с.
Өтеу күяі - компанияның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz