Word мәтіндік редакторы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 2
Негізгі бөлім 3
MS WORD . мәтіндік редакторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Қорытынды 26
Глоссарий 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
I. Кіріспе
Өзектілігі: Қазіргі кезде информатика оқу пәні жастардың кәсіби болашағын анықтаудағы, кәсіптік қызметке,еңбекке даярлаудағы ролі аса маңызды болып отыр.Ақпараттық қызмет мәнінің артуы оны өңдеуге байланысты оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары күннен күнге артуда.
Заман талабына сай ақпараттық технология ағымы өзгеріс үстінде.
Оқушылардың игеретін алғашқы программаларының бірі мәтіндік редактор.Бұл редактор түрі компьютердің техникалық және программалық қамтамасыз етілуіне байланысты болады.
Жобаның мақсаты:
• оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту;
• ақпараттандыру, ақпарат технологиясы программаларының бірі мәтіндік редакторды игеруі;
• компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Оқушыларда ақпарат ұғымының және оны өңдеу тәсілдерін қалыптастырып,
күнделікті өмірде компьютерді пайдалануға деген қызығушылықтарын ояту,
мәтіндік редактор мүмкіншіліктерін анықтау.
Зерттеудін нысаны: Оқушылардың жетістіктерін бағалау
Зерттеу пәні: оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейлерін тапсырмалармен бағалау.
Болжам: Егер оқушылар ақпараттық технология құралдарымен негізгі программалық редакторларын жетік меңгерсе, болашақта заман талабына сай компьютерлік сауатты жастар қалыптасады.Мәтіндік редактордық қарапайым мүмкіндіктерін білетін оқушылар ақпараттық технологияның кез келген программаларын жақсы игере алады.
Күтілетін нәтиже:
 мәтіндік редактормен жұмыс жасау;
 өз бетімен ізденуі қалыптасады;
 ақпарттық технологияларға қызығушылығы оянады;
 заман талабына сай ақпараттық технологияны игере алады.
1.Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, О.П.Заречная «Информатика оқыту әдістемесі» ,
Жазушы 2006ж.
2.Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланова «Информатика» оқулық ,
«Жазушы» Алматы 2006ж.
3.Н.Т.Ермеков, Б.Қ. Төлбасова, С.Т.Мұхамбеджанова « Информатика» оқу пәні, Алматы 2007 жыл.
4. Ермеков Н. Т. , Ғалымжанова М.А., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика, Алматы
«Жазушы» 2007 жыл.
5.«Информатикадан 30 сабақ ». Б.Бөрібаев., Е.Қ. Балапанов, Алматы
«Жазушы» 2007 жыл.
6.Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева «Информатика» жұмыс дәптері Алматы «Мектеп» 2006
жыл.
7.Интернет желісі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 2
Негізгі бөлім 3
MS WORD - мәтіндік редакторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Қорытынды 26
Глоссарий 27
Пайдаланылған әдебиеттер 28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

I. Кіріспе

Өзектілігі: Қазіргі кезде информатика оқу пәні жастардың кәсіби
болашағын анықтаудағы, кәсіптік қызметке,еңбекке даярлаудағы ролі аса
маңызды болып отыр.Ақпараттық қызмет мәнінің артуы оны өңдеуге байланысты
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары күннен күнге артуда.
Заман талабына сай ақпараттық технология ағымы өзгеріс үстінде.
Оқушылардың игеретін алғашқы программаларының бірі мәтіндік редактор.Бұл
редактор түрі компьютердің техникалық және программалық қамтамасыз етілуіне
байланысты болады.
Жобаның мақсаты:
• оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту;
• ақпараттандыру, ақпарат технологиясы программаларының бірі мәтіндік
редакторды игеруі;
• компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
Оқушыларда ақпарат ұғымының және оны өңдеу тәсілдерін қалыптастырып,
күнделікті өмірде компьютерді пайдалануға деген қызығушылықтарын ояту,
мәтіндік редактор мүмкіншіліктерін анықтау.
Зерттеудін нысаны: Оқушылардың жетістіктерін бағалау
Зерттеу пәні: оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейлерін
тапсырмалармен бағалау.
Болжам: Егер оқушылар ақпараттық технология құралдарымен негізгі
программалық редакторларын жетік меңгерсе, болашақта заман талабына сай
компьютерлік сауатты жастар қалыптасады.Мәтіндік редактордық қарапайым
мүмкіндіктерін білетін оқушылар ақпараттық технологияның кез келген
программаларын жақсы игере алады.
Күтілетін нәтиже:
✓ мәтіндік редактормен жұмыс жасау;
✓ өз бетімен ізденуі қалыптасады;
✓ ақпарттық технологияларға қызығушылығы оянады;
✓ заман талабына сай ақпараттық технологияны игере алады.

II. Негізгі бөлім

MS WORD - мәтіндік редакторы

    MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып
шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және
графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай
алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
 жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп ,
безендіруге қажет көптеген Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға
болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа
ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше
түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы,
Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден
бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық дайын
шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар
тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп
артылады.
WORD редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау.
  WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа
программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден
немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
  Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге
асырлады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить)
командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске
қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды
екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын
жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б. 
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын
таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ
шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе
батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау; 
- редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу
батырмасын (Х) басу;
-Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп,
бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша
сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да)
керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді.
Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-
Отмена) болады.
Word экранымен танысу
Word программасын іске қосқаннан кейін экранда оның негізгі терезесі
ашылады. Word терезесі төрт стандарт жолдардан (тақырып жолы, меню жолы,
аспаптар панелі, күй жолы), сызғыштардан және жұмыс аймағынан тұрады:
Тақырып жолында құжаттың аты және терезенің өлшемдерін реттеуші үш батырма
тұрады.
Меню жолы – Word-тың негізгі командаларынан тұрады. Тышқанның шертпесі осы
менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.
Жиі қолданылатын меню командалары аспаптар панелінде батырма түрінде
бейнеленеді.
Аспаптар панелі Стандартты және Пішімдеу деген бөліктерден тұрады.
Қажетті аспаптар панелін экранда орнату үшін Сервис→ Баптау→ Аспаптар
панелі (Сервис→ Настройка→Панель инструментов) командасын орындап, пайда
болған тізмнен Стандартты немесе пішімдеу (Форматирование) бөлімдеріне
белгісін қою керек.
Word-тың жұмыс аймағы
Microsoft Word - ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау
қажет.
Пуск – Программы - Microsoft Word

Жаңа құжат құру – Файл – Создать;
Бұрыннан бар құжатты ашу Файл-Открыть;
Құжатты сақтау – Файл-Сохранить немесе Файл-Сохранить как командаларын
орындау қажет.
Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын
қолданыңдар. Delete -батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында
орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редакторларда мәтіннің бүтін
блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу
керек. Маустың батырмасын блоктың басында шертіңдер де, оны жібермей
нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы
қалпында ұстап, меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мәтінді
белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.
Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер
комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды
жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.
Жұмыс аймағында құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу және
пішімдеу, графиктік объектілерді кірістіру және кестелерді құру осы жұмыс
аймағында жүргізіледі.
Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер
экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр→Сызғыш (Вид→Линейка) командасының
көмегімен шығарып алуға болады.

Қалып – күй жолы – экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда
құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.
Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны (айналдыру
жолағында орналасқан кішкене шаршы) немесе айналдыру жолақтарын қолдануға
болады. Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп, оны босатпай
жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтыққа дейін жылжиды. Айналдыру
жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.
Word – та құжат көру режимінің бес түрінің бірінде құжатты өңдеуге
болады. Оларға кәдімгі, электрондық құжат, құрылым, шен салу парағы және
бас құжат режимдері жатады. Режимдерді Вид менюі арқылы көруге болады.
Құжат көру режимдерін қосу үшін (бас құжаттан басқасы) терезенің сол
жақ бұрышындағы пернелердің біріне шертуге болады. (Сол жақ шеттегі перне –
Кәдімгі (Обычный) режим, келесі – Электрондық құжат (Электронного
документа) режимі, одан кейінгісі Шен салу парағы (Разметка страницы)
режимі шетінде орналасқаны құрылымдық (Структура режим). Бас құжат
(Главный документ) режимі Вид менюі арқылы қосылады.
Кәдімгі режим мәтінді енгізу және өңдеу үшін қолданылады. Бұл Word
–тың алғашқы келісім бойынша орнатылған режимінде құжаттың жеңілдетілген
версиясы ұсынылады. Дегенмен, бұл режимде құжаттың соңғы көрінісін көру,
яғни парақтың жолақтары, объектілердің бағаналары мен қадамдары
көрінбейді, бет үзілімі сызықтар түрінде көрінеді, ал графикалық
объектілер тіптен көрінбейді. Егер сендер құжат көру режимінің басқа
режимдеріне ауысатын болсаңдар, онда сендер әрқашанда сол жақ бұрыштағы
Обычный пернесін шерту арқылы кәдімгі режимге орала аласыңдар.
Электрондық құжат режимі экраннан құжатты оқуға ыңғайлы болып
табылады және құжат бойымен бірінше орыннан екінші орынға оңай ауысуға
болады. Бұл режимге Электронный документ пернесін шерту немесе Вид –
Электронный документ командасын таңдау арқылы қосылуға болады.
Құжат құрылымын өзгерту үшін Құрылымдық режимі қолданылады. Бұл
режимде мәтін иерархиялық түрде бейнеленеді, құжаттың тек қана негізгі
тақырыптары және толық түрде қарастыруға болады. Сонымен қатар, құжат
бөлімдерінің орналасу тәртібін өзгертуге және мәтін блоктарын
айтарлықтай ара-қашықтыққа ауыстыруға болады. Бұл режимге қосылу үшін Вид
? Структура командасын орындаңдар.
Шен салу парағы режимінде құжат баспаға басқанда қалай шығарылса сондай
етіп бейнеледі. Бұл жұмыс режимі, мұнда бет жолақтары және төменгі жоғарғы
колантитулдер, графикалық объектілер толық көрінеді және құжаттың нақты
басылған түрін көру ыңғайлы. (Бұл режимнің алдын-ала көру режимінен
айырмашылығы мұнда құжатты өңдеуге болады.) Бұл режимге қосылу үшін
экранның сол жақ бұрышындағы Режим разметки пернесін шертіңдер.
Көлемді құжаттармен жұмыстар орындау үшін Бас құжат режимі
қолданылады. Бұл режимде бір үлкен құжатты бірнеше кішкене құжаттарға
бөлуге және оның құрылымын өзгертуге болады. Бұл режимге қосылу үшін
экранның сол жақ бұрышындағы Вид – Главный документ командасын орындаңдар.
Бұл режимдерден басқа құжатты баспаға жіберудің алдында қарауға берілген
Алдын-ала қарап шығу режимі бар. Файл –Предварительный просмотр командасы
немесе құралдар қатарындағы Предварительный просмотр пернесін таңдау
арқылы қосылады. Windows’98 –дің Word -ның әр режимінің параметрлерін
өзгерту мүмкіндігі бар. Орнатылған параметрлерді өзгерту үшін Сервис –
Параметры командасын орындауға болады. Параметры диалогтық терезесінде
ағымдағы көру режимі параметрлерін тағайындауға болады.

Емлесін тексеру
Word әр түрлі сөздіктерді қамтиды, сонымен қатар өзіңнің жеке
сөздігіңді құруға және бірнеше сөздіктермен қатар жұмыс орындауға
мүмкіндік береді.
Орфографияны тексеру үшін негізгі сөздік және пайдалнушы сөздігі
қолданылады.
Негізгі сөздік программаға кірістірілген сондықтан оны өзгертуге
болмайды.
Пайдаланушының сөздігі қосымша сөздік болып табылады және егер сен
сөздің жазылуының дұрыстығына сенімді болсаң онда жаңа сөз қосуға, сөздік
толып қалса немесе сөз қажет болмаса сөзді өшіруіңе болады.
Құжатты теру барысындағыдай және дайын құжаттағы мәтіннің дұрыстығын
тексеруге болады. Толығымен терілген құжаттың емлесін тексеру үшін
Сервис – Правописание командасын орындаңдар немесе Правописание
батырмасын шертіңдер. Егер қате жазылған сөз кездессе онда тексеру
тоқтатылады да экранда қате сөздің орнына алматырылатын сөз нұсқалары бар
диалогтық терезесі пайда болады. Егер сендер ұсынылған нұсқалармен
келіссеңдер онда Изменить батырмасын шертіңдер, егер сендердің сөздерің
дұрыс жазылса онда бұл ұсыныстар сендерге сәйкес келмейді, Пропустить
немесе Следующее батырмаларын шертіңдер.

Орфографияны мәтін теру барысында да тексеруге болады, қате жазылған
сөздер кездессе сөздердің аты ирек қызыл сызықпен сызылады. Берілген сөзді
тексеру үшін сол сөзді мауыстың оң жақ батырмасымен шертіп, динамикалық
менюден ауыстырылуға берілген нұсқалардың бірін таңдаңдар.

МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ ПІШІМДЕУ.
Пішімдеудің мәні. Пішімдеу режимдері.

Формат шрифт

Формат - Шрифт командасы арқылы:

✓ Қаріп түрін;
✓ Қаріп мөлшерін;
✓ Қаріптердің астын сызу
✓ Қаріп символдарының түсін;
✓ Астын сызу;
✓ Арнайы әсерлер;
✓ Жоғарғы және төменгі индекс;
✓ Белгіленген үзіндіні кіші әріптерге немесе үлкен әріптерге
айналдыру;
✓ Белгіленген үзінділерді жасырын түрінде т.б рәсімдеу түрлерін
өзгертуге болады.
Формат - Интервал командасы арқылы:
➢ Интервал (символдар ара қашықтығы) – обычный, разреженный,
уплотненный
➢ Смещение (выше, ниже строки) – нет, вниз, вверх
➢ Кернинг шрифта – символдар ара қашықтығын автоматты түрде
тағайындау. Кернинг қосқышы символдарды бір біріне жақын
орналастырады.
➢ Символдар анимациясын тағайындауға болады.
Жартылай қарайтылған Ctrl + B
Курсив Ctrl + I
Астын сызу Ctrl + U
Жоғарғы индекс Ctrl + =
Төменгі индекс Ctrl + +
Символдар регистрін өзгерту Shift + F3

Абзацты пішімдеу.

Сол жақ шеті бойыншаCtrl + L
туралау
Оң жақ шеті бойынша Ctrl + R
туралау
Ортасы бойынша Ctrl + E
туралау
Оң және сол жақ шетіCtrl + J
бойынша туралау

Формат – Абзац диалогтық терезесіндегі Отступы и интервалы қосымшасы арқылы
мына әрекеттерді орындауға болады:
➢ Абзацты тегістеу;
➢ Басылатын қағаз абзац шегіністерін тағайындау;
➢ Жеке абзацтар арасындағы интервал;
➢ Абзацтың бірінші қатарының түрі – красная, висячая, без отступа;
➢ Абзац ішіндегі қатараралық интервал (одинарный, полуторный, двойной и
др.)
Формат – Границы и заливка қосымшасы арқылы мына әрекеттерді орнатуға
болады:
➢ Шекара түрін;
➢ Қолданатын сызықтың түсі мен қалыңдығын;
➢ Заливка түрі мен түсін;
➢ Заливка фоны мен түсін;
➢ Бетті пішімдеу үшін суреттің түрін;.
Формат→Буквица командасы арқылы мәтіннің бірінші әрпін үлкейтуге болады.
Формат→Колонки командасы арқылы мәтінді бағандарға бөлуге болады.
Формат→Список командасы арқылы мәтінді нөмірлеуге және маркерлеуге бөлуге
болады.
Word редакторына тән қосымша элементтер.
Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер
бар.   Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің
іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп
тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар:
  ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді
күйде екенін көрсетеді;
  ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде,
олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
  ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі
екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске
қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір
символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді
кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы
орындалады;
  ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып
енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне
ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі.
  Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері
белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді
қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті
индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын
білген дұрыс.
  Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін
ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу
белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар
атқарады.  
  Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен: 
  - абзац алдындағы жаңа жол басын;
  - беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (
поле) аумағын;
  - мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
  - көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге
болады.
  Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол
абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.
  Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында
орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында
қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін
өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің
мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса,
мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.
  Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы
көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан
тұрады:
  - кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша
редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін
қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир –
сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін
жылдам орындайды.
  - беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай
бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте
ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
  - құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете
алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау
мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте
көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға,
көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
  Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін
ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған
ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі
бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту
арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады,
өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты
көрініп тұрады.
Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана
атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word
редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек
алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының
атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі.
  Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар
қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы
(рабочая область) болып саналады.
Жаңа құжатты даярлау.
Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос Терезе
пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен
кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-
нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай
өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп
отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып
нөмірленеді.
  Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны)
пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл
параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос
қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б.
жатады.Нұсқалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Word бағдарламасын оқытудың әдістері
Мәтіндік программаның жұмыс терезесі
Microsoft Office Word мәтіндік редакторы
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
HTML редакторлары және конвертерлері
Мәтіндік редактор және баспалық жүйелер
Windows жүйесінің стандартты программалары туралы
МS Word бағдарламасындағы формулалар редакторы
Функцияның парамерлерін енгізу
Word редакторы жайлы
Пәндер