Көркем сурет өнер түрі



Кіріспе 3
1 Кескіндеме өнерінің қалыптасу тарихы мен мәні 5
1.1 Кескіндеме өнерінің ұғымы және танымдық мәні 5
1.2 Кескіндеменің пайда болу тарихы 8
1.3 Кескіндеменің жанры және түрлері 11
2 Қазақ кескіндеме өнері және қазақ қылқалам шеберлері 13
2.1 Қазақ даласындағы көркем сурет 13
2.2 Ұлы көркем суретші Ә.Қастеев 17
2.3 Кереку өңірінің кескіндемешісі Ә.Игембаев 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте «сезім» теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес «адамзат мәні» тұрғысынан қарастырады, яғни нақты «шынайы мәнін» сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.
Нанымдылық – сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем «жан-сарайы» жалынында жарқыратып жеткізе білмек.
Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тарақты Аселеу «Көшпенділер тарихы» Алматы «Атамұра Қазақстан» 1995ж.
2. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
3. Ә.Қастеев. Альбом. Алматы. 1978ж.
4. Ө. Жәнібеков. Қазақ қолөнерінің мәдениеті. Алматы. 1977ж.
5. Е. Жиенбаев зергерлік өнерінің әліппесі. Шымкент. 1994ж.
6. Б. Зауырбекова. Альбом. 1990ж.
7. Қазақ ССР Қысқаша Энциклопедиясы 4-том Алматы. 1993ж.
8. Ә. Мағұлан. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері 1-2 том Алматы, Өнер 1987ж.
9. С. Төленбаев. Ою салуға үйрене біл Алматы. 1993ж.
10.Е. Зарисовик. Казахский народный орнамент М. 1969ж.
11.Казахская национальная одежда. А. Жалын. 1976ж.
12.Н. Қастеев. Альбом. 1976ж.
13.С. Қасиманов Қазақтың сәндік қолданбалы өнері. А. Өнер 1966ж.
14. А.Х. Маргулан Древняя культура Центрального Казахстана. Алматы. 1966ж.
15. А. Маргулан., Т.Басенов Архитектура Казахстана. Алматы. 1959ж.
16. «Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері» Алматы. Өнер. 1990ж.
17. Ералин Қ., Халмуратов Ж. «Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері» Алматы «М-Талант фирмасы» 1997ж.
18.Шипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілермен мүсіншілерге» Алматы «Мектеп» 1989ж.
19. Е.Шорохов Композиция Москва. «Просвещение» 1986ж.
20. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай?» Алматы 1981ж.
21. Ералин Қ., Тастемиров К., «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру».
22. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания ИЗО в школе.
23. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге А.С.Шипанов Алматы мектебі 1998.
24. Батракова СП Художник XX в. и язык живописи. М., 1996.
25. Виппер Б.Р. Введение в историческое изучение искусства. М., Изобразительное искусство, 1985
26. Западное искусство XX века. Классическое наследие и современность. М, 1992.
27. История зарубежного искусства. М., Изобразительное искусство, 1984
28. История мирового искусства. 3-е издание, Издательство «Академия», М., 1998.
29. Садохин А.П. Культурология: теория и история культуры: Учебное пособие. — М.: Эксмо, 2007.
30. Современное западное искусство. XX век: проблемы и тенденции. М., 1982.
31. Суздалев П. О жанрах живописи. // Творчество, 2004, № 2, 3. С. 45-49.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Кескіндеме өнерінің қалыптасу тарихы мен мәні 5
1.1 Кескіндеме өнерінің ұғымы және танымдық мәні 5
1.2 Кескіндеменің пайда болу тарихы 8
1.3 Кескіндеменің жанры және түрлері 11
2 Қазақ кескіндеме өнері және қазақ қылқалам шеберлері 13
2.1 Қазақ даласындағы көркем сурет 13
2.2 Ұлы көркем суретші Ә.Қастеев 17
2.3 Кереку өңірінің кескіндемешісі Ә.Игембаев 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе

Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін Жаратылыс адамы теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес адамзат мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.
Нанымдылық - сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем жан-сарайы жалынында жарқыратып жеткізе білмек.
Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.

1 Кескіндеме өнерінің қалыптасу тарихы мен мәні

1.1 Кескіндеме өнерінің ұғымы және танымдық мәні

Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.
Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір - сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.
Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады - міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң ғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан - дүниесін ашып берген.
Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада - ол сансыз жүректерді бір мәнді ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.

Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі - А.Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады.
Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен, темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұлдай кескіндеме арнайы техникада әк суына араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз - ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай - ақ жарықтанатын кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі - түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).

Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.
Түс - кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ кескіндемедегі түс деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес, басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме - біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.
Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа ия деп те, жоқ деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған - қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады.
Егер заттардың дәл өзіндей түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме - дәл сәйкес келуі үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін, дұрыс та дәлме - дәл түс ретінде нанымды қабылданатындай түсті тауып, іріктеп алу қажет.
Сөйтіп суретші заттардың түсін емес, олардың түстік өзара байланысын зерттейді. Ол қайсыбір заттардың бізге белгілі табиғи түсіне онша сәйкес келмейтін, біршама басқаша сияқты болып көрінетін бояуларды пайдалануы мүмкін. Бірақ ол осы бояулардың картинаның ішіндегі барлық түстік дақтар заттың өзіндегідей бір -бірімен ара қатынаста болатындай етіп алады.
Нақ осы түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік кескіндеменің негізіне жатады.
Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі сабақтас түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, яғни түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық жағдайында, мысалыға, жазғы ашық тал түсте, жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады, ағарып түссізденеді. Бұлтты күндері немесе көлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығына ие болады да біздің көзіміз түстік алмасулармен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Кейде жаңа айналыса бастаған кескіндемешілер мұны түсінбейді де керісінше жасайды, күшті жарықта тұрғанда ең ашық бояулармен салады, ал көлеңкелердегіні күңгірттеу үшін суық түсті бояуды пайдаланады.
Кескіндеменің бүкіл құпиясы, - дейді Б.Иогансон, көлеңкелер мен жартылай көлеңкелерде.
Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық ауа қабаты әсер етеді. Бұл жөнінде ауа перспективасы туралы тарауда айтылады. Заттардың бір қабылдайтын түстері шағылысқан сәулелермен заттар бір - біріне жіберетін рефлекстерімен де анықталады. Бәрін де тесіп өтіп, қоршап алғандай болатын күшті де әлсіз, үлкен де кіші рефлекстердің осынау айқұш - ұйқыш айқасқан ағымдары ерекше түстік ортаны, әлдебір жалпы түсінік қатарды жасайды. Картинаның барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік шынайылыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтанумен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен де міндетті түрде ерекшеленеді - егер жарық жылы болса, керісінше, онда көлеңке жылы реңкте болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама - қарсы реңктер кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс.
Жылы және суық түстерді қатарлас тұруы кескіндемеге интенсивті әуен береді. Кескіндемешінің міндеті - картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылығын аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.

1.2 Кескіндеменің пайда болу тарихы

Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 - 8-мыңжылдық) саяды (Оңт. Франциядағы Фон-де Гэм, Солт. Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние кескіндемесі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қалаларында, Қара теңіздің солтүстік жағалауында сақталған) архитектуралық кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндемесінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді ( Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтіңиконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеменің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б.з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орта Азия елдерінде монументтік кескіндеме дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орта Азия мен Әзербайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс кескіндемесі дамыды.
Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған кескіндеменің маңызы артты. XIV ғасырда италиялық суретші Джоттоның кескіндемелерілері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің кескіндеме табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландыда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда).
XVII-XVIII ғасырларда Еуропада кескіндеменің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя).Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді.
Психологиялық мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. XVII ғасырда жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. XVII-XVIII ғасырларда монументтік-сәндік кескіндеме өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеуметтік жіктелу - осының бәрі кескіндемеде жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, т.б.). XIX ғасырда Балқан елдері мен Америкада кескіндеменің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері:Т.Жерико, Э.Делакруа, Г.Курбе, Ж.Ф. Милле, О.Домье, К.Коро (Францияда); Дж.Констебл (Англияда); А.Менцель, В.Лейбль (Германияда), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, А.Г. Венецианов, П.А. Федотов (Ресейде), т.б. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В.Г. Перов, И.П. Крамской, И.В. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, И.И. Левитанның, т.б. туындылары кескіндемеде жаңа бағыт туғызды.
Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм(К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. XIX ғасырда Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеменің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру "модерн" өнерінде көрініс тапты. Монументтік-сәндік кескіндеменің техника құралдары жаңарды. Силикаттық кескіндеме техникасы жасала бастады. XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырда дүние жүзі бойынша кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Латын Америкасы елдерінде кескіндеменің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм кескіндемесінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), "модерн" кескіндемесінде де XX ғасырға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады. сыріндеме "модерн" Кия, Лат. К.рлері
XX ғасырдың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Батыс Еуропа мен Америка кескіндемесі "топ-арттың" бір саласының бөлігін құрады. XX ғасырда монументтік-сәндік кескіндеменің рөлі артқанымен, қондырғылы кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды.Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік кескіндеме де жаңа бояулар - Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органикалық бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.

1.3 Кескіндеменің жанры және түрлері

Кескіндеме негізінен декоративтік, монументальдік, театральді-декорациондық, миниатюрлік, станоктық (қондырғылық) деп бөлінеді.
Декоративтік кескіндеме ғимараттарды және оның ішкі көрінісін, интерьерді безендіруде сәндеуші ретінде қолданылады. Сол арқылы ішкі фон, ғимарат интерьері нақты бейнелерге иллюзиялық әсер етеді, қабырғаларға қарағанда көздің көру аймағын үлкейтіп немесе кішірейтіп жағымды әсер қалдырады.
Монументтік сәндік кескіндеме архитектуралық құрылыстардың төбесін және қабырғаларын безендірудегі кескіндеме өнерінің ерекше түрі. Бұған қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне, тұсқа салынатын суреттер жатады.
Театральді-декорациондық кескіндеме спектакль мәнін ашуға көмектеседі. Театр суретшісі костюмдерде, гримде әрбір кейіпкердің бейнесін, мінезін, әлеуметтік жағдайын, сол сәттегі жан дүниесін ашуға ұмтылады.Осы арқылы басқа түрлерден ерекшеленеді.
Миниатюрлік кескіндеме орта ғасырларда кең етек жайып дами түсті. Кітаптарды басып шығаруға байланысты оларды безендіруде кескіндеменің рөлі зор болды. Әр жазба,әңгімелерде оларды неғұрлым қызықты әрі көркем етуде кескіндеменің осы түрі қолданыды және дамыды.
Қондырғылы кескіндеме суреттер, яғни картиналар. Бұл неғұрлым нәзік, сыршыл келеді, әдетте белгілі бір мекенмен байланыстырылады. Оған материалдық негіз ретінде ағаш, картон, қағаздар және т.б қолданылады.
Сонымен қоса кескіндеме өнері натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, маринистік, батальдық жанрларына бөлінеді.
Батальдық жанр ( фр. bataille-соғыс,шайқас) -соғыс уақиғалары, әр түрлі тарихи соғыс көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Маринист жанры-теңіз, көл сияқты табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма.
Анималистік жанр (лат. animal- жануар) - жан-жануарларды бейнелейтін көркем шығарма.Суретші-анималист мұнда негізгі нысана ретінде жан-жануарларды алады.
Пейзаж - "paysade" деген француз сөзінен шыққан - бұл Ландышафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде (VII-X ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Қайсібір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшілердің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.
Портрет-бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. Үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық Египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозайкалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Тақырыптық картина-өмірді,адамдардың өзара қарым-қатынастарын көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фонтастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды.
Натюрморт-өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Голландияда және көрші Фландрияда туып, кеңінен дамыды. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін суретшінің оларға деген көзқарасын ашып береді.

2 Қазақ кескіндеме өнері және қазақ қылқалам шеберлері

2.1 Қазақ даласындағы көркем сурет

Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тасшатқалында, Бұғытас қорымында жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. V - III ғасырлар), Шелек қорғанынан (б.з.б. VII - VI ғасырлар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады. Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың визуалды өнерде қабілеттерін дамыту
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Бейнелеу өнері сабағын өткізуде кезеңдер бойынша сурет салуда барлық заңдылықтарды меңгерту
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер