Пайда жане табыс


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Пайыз. Оның пайда болуы және факторлары
2. 2. Пайда теориясы және оның эволюциясы
2. 3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс
бағасының құрылуы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал - меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы -- 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.
Процент қалай пайда болады және ие не үшін төленеді ? Жаңа классикалық теорияның пайымдауынша пролцент уақыт үшін төлем. Себебі, игіліктердің бүгінгі бағасы мен ертеңгі бағасында (келешектегі) айырмашылық болады.

2. 1. Пайз, оның пайда боуы және факторлары
Оның себебеі, бүгінгі күнгі ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін де береді. Сондықтан, ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып оны қарызға беріп, оның орныны толтыруға есеп жасайды. Қарыз алушы ресурстарды пайдаланғаны үшін, яғни осы ресурстра табыс әкелгенге дейін, сатып алғаны үшін төлем төлейді. Демек, шешім қабылдау мен табыс алу арасында белгілі бір уақыт өтеді. Осы уақыт төлем процентін құрайды. Осы себепті де процент қарыз капиталының бағасы.
Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше:
- процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы;
- процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды.
- процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады. Осылардың салдарынан капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасайды.
Нарықтық қатынаста бағаның тез өзгеріп отыруына байланысты ақшаның бірдей сомасы бүгін және бір жылдан кейін әрқилы бағада, сондықтан осы ақшаны банкке салуға болады, ол бір жылдан кейін салынған сома нарықтық ставканың процент мөлшеріне ұлғаяды.
Дамыған несие жүйесінде банктер ақшаны көбейту қабілетіне ие болады. Осыған мысал келтірейік

Халық өз ақшаларын банктерде сақтайды, банктер басы артық резервтерді ұстамайды, бірақ банктің резерв нормасы 1/10 қатынасына тең делік. Егер де халық табысы 100 шартты бірлікке өссе, онда банктердегі халық салымдары қалай және қаншаға өседі ? Бұл жағдайда банк салымдарының өсімі 10-ға тең (100-дің 1/10) . Демек, банк 90 шартты бірлікті қаржыны халыққа бере алады. Халыққа берілетін банктің үстеме салымдарының өсімі 90шартты бірліктік қаржыға тең, оның 9 шартты бірлігі 900 шартты бірліктік қаржыны құрайды, ал жалпы салымдарының өсімі 1000 бірлікте қаржыға жетеді.
Банктің айналымындағы ақша массасының көлемін неше рет көбейетіндігін есептеп шығару үшін депозиттік мультипликатор (m) пайдаланлады; яғни, ол: m -1/r; мұнда r - банктің міндетті резерві және мұнда ол 10-ға тең.
Ақша ұсынымы (Мs) мен ақша базасы (В) арасындағы байланыс мына теңдеу арқылы көрсетіледі. Мs mB
Мұнда: Мs - ақша ұсынымының өсімі
В -ақша базасының өсімі
Коммерциялық банктердің қызмет ету мақсаты пайданы иемдену болып табылады.
Банк пайдасы табыстар мен шығындардың ара қатынасымен анықталады.
Банк пайдасының нормасы мына формула бойынша анықталады:
Банк пайдасы Банктің жалпы пайдасы банк ісін жүрізуге байланысты шығын
нормасы х 100%
Банк меншігіндегі капитал

Банк пайдасы - қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс -проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
б) капиталдың өнімділігі;
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы

2. 2. ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.
Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын білдіріп толықтырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып XV-XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы адамдар пайда табады.
Пайда теориясына экономнкалық теория классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері» (1776 ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді, біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі -кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді. А. Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегі өнімнен шегеру ретінде қарастырған. А. Смит ойын былай қорытындылаған: пайда - бұл жұмысшының төленбеген еңбегі, алайда оның қорытындылары қарама-қайшылықта болды. А. Смит өнім құнының осы бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын «марапаттау» ретінде жүзеге асқанын айтқан. А. Смиттің пайданы- бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні - пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Д. Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан. «…Пайданың жоғарылуы немесе темендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланыстылығын» айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда - бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К. Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: «Пайда қосымша құнның өзгерген түрі», сөйтіп барлық авансыланған капитал қызметі нәтижесінің түрін бейнелеген. К. Маркс пайданын нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.
Маркстың ойы бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін нәрсе сол-пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде өмірге келеді. Шын мәнінде пайда бұл өткерілетін қосымша құн, бұл қосымша құнның өзгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен жасалады.
Батыс экономистері жасаған қазіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.
Американ ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:
1. пайда өндіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде
және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;
2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық
жетілдіруді ендіру;
3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және
тәуекелділік үшін төлем;
4. пайда монопольды табыс ретінде.
Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің «Экономикс» оқулығының авторлары Кэмбелл Р. Макконнелл мен Стенли
Л. Брюде қалыптасқан. «Экономический образ мышления» оқулығының авторы П. Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым жәнс оның мазмұнын «екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе»‘:.
Осы әртүрлі қысқаша шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарастың барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.
Кезкелген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгілі ақшалай қолға түсетін шағым түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:
а) жиынтық табыс (ТК) -белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын(а) оның бағасына (р) көбейткенгс тең:
ә) орташа табыс (АК) - салынатын бір тауар бірлігінен алынатын, табыс:
б) шекті табыс (МК. ) - бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық (жалпы) табыстың n бірлігі тауары мен жиынтық (жалпы) табыстың n=1 бірлігі тауарының арасындағы айырмаға тең:
Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға қол жеткізеді, қай кезде шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда: МС =МR.
Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде өндіріс көлемін қысқартпайды және факторлардың өзара алмасуы мүмкін. Ең қарапайымы өндірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек қана екі өндіріс факторы-еңбек (L) пен капитальдьі (К) өзара байланысы ашылады. Бір өндіріс факторының (L) өзгеруіне қарай және басқа фактордың (К) өзгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.
Максималды пайдалылықтың тепе-теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және шекті өнім.
Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) - бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқа да өзгермейтін өндіріс факторында ендіріледі.
Орташа өнім (АР) - бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор санының (L) қолданбағанды мына қатынасы;
Шекті өнім (МР) - бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады:
Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі: онан соң төмендей, бастайды. Бұнда шекті еңбек өнімділігі төмендеуінің іс-әрекеті байқалады. Онын мән-мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.
Барлық көрсеткіштердің динамикасын графикте көрсетеміз, ол үшін жиынтық, орташа және шекті өнім еңбегінің қисығын тұрғызамыз.
2. 3. Сапа аралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс бағасының құрылуы.
Біркелкі тауарларды өңдіретін кәсіпорындар (фирма) әртүрлі техникалық жабдықтармен жабдықталған, сондықтан ондағы өндіріс шығындары мен тауар құны біркелкі емес, әртүрлі. Сапа аралық бәсеке процесінде жеке құндар үнемі қоғамдық, нарықтық құнға (өндіріс бағасына) теңестіріліп отырады. Нарықтық құн болса, негізгі тауар массаларының орташа өндіріс жағдайымен анықталады. Осы процестің салдары кәсіпорынды (фирма) бөлшектеу болып табылады және олардың бірі ішкі салалық бәсекеге өтеп бере алмай күйресе, оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан жоғары болғаны; басқалары байи түседі, онда оның тауарларының жеке құны орташа салалық құннан төмен болады. Сала арасындағы бәсеке тауардың жеке құнын қоғамдық нарықтық құнға және өндіріс бағасына теңестіреді.
Бұл жағдайдың қалай болатындығын қарастырамыз. Айталық, үш өндіріс саласында қызмет жасайтын кәсіпорындардың барлығында біркелкі айырбасталған капитал мөлшері және қосымша құн нормасы -100%-ы бар, бірақ олардағы капиталдық брганикалық құрылымы әртүрлі. Алайда, олардағы капиталдың әрқайсысы 100 долларға тең.
Өндіріс процесінің бұл жағдайында 100 бірлікке тең бір және сол капиталға, бірінші саланың кәсіпкерлері-10, екіншісі -20 және үшіншісі қосымша құнның 30 бірлігін алады. Мұндағы алынған қосымша құн мөлшері әртүрлі және пайда нормасыда ондай, сөйтіп бірінші сала кәсіпкерін өзінің капиталын өте ыңғайлы үшінші салаға аударуға итермелейді. Бірінші саладан капиталдың кетуі онда өндіріс көлемі мен тауар ұсынымын қысқартуды күшейтеді және тауардың бағасы олардың құнынан асып кетеді, пайда нормасы артады.
Өнеркәсіптің ІІІ-ші саласына капиталдың құйылуы өндірістің дамуына ілып барады, тауар ұсынымы оларға деген сұранымнан асады, демек тауар бағасы құннан төмен түседі және пайда нормасына төмендейді. Өнеркәсіптің барлық үш саласындағы пайда нормалары орташа пайда нормасына теңестірілгенде (біздің мысалда ол 20% құрайды), капиталдың уысуы уақытша тоқтатылады және нарықтағы тауарлар олардың құнымен өткерілмейді, олар өндіріс бағасы орташа арқылы өткеріледі. Өндіріс бағасы өндіріс шығыны плюс орташа иайдаға тең. Өндіріс бағасы - бұл тепе -теңдік баға, онда қарама-қарсы мақсаттар, мүдделер, бәсекенің әсері теңестіріледі және капиталды өте ыңғайлы салу сайлы ақпарат жойылады. Кейде экономистер мұндай тепе-теңдікті астрономиялық «қара тесікті» космостық объекті деп атайды. Бұл объектініц ішіидегі болып жатқан процес туралы барлық ақпарат жойылады.
4. Бәсекелестік күрес сипаты.
Бәсекелестік - бұл рынок шаруашылығына қатысушылардың арасындағы өндірістің жалпы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.
Бәсекелестік - экономикалық күрес, оқшауланған өндірушілердің өнім, жұмыс, қызмет көрсету үшін өзінің мүдделерін қанағатгандырудағы өзара бақталастығы және олар осы сенімді сатумен, жұмысты орындаумен сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетумен байланысты. Бәсеке -тауар өндірушілердің капиталды ыңғайлы салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат кездері үшін өзара жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.
Бәсеке қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталапдырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуінс, өндіріс шығынынын азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қызметтен табыс
Ұйымның табыстарының есебі мен аудиті
Табыс- тұтыну қисығы
Қаржы нәтижелерiн талдау
Кірістер мен шығыстар есебі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның өндірістік шығындары
Сақтандыру компанияларының қызметінен тускен табыс шоты
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және шығындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz