Картоп дақылдары


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Картоп дақылдары.
2. Картоп дақылдарының аурулары.
3. Олармен күресу жолдары.
Әдебиеттер
Кіріспе.
Картоп (нем. Kartoffel) - алқа тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесын өсімдік. Картоптың көп таралған түрі Solanum tubarasum. Картоптың 200-ден астам жабайы және екпе түрі бар. Картоптың ьиіктігі 50-80 см., бір түпте 3-6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Түйнегінің пішіні, түсі, хим. сортына, өсетін жеріне қарай әр түрлі.
Картоптың отаны-Оңтүстік Америка. Оның қолдан өсіріле бастаған алғашқы жері - Чили мен Перу. Картопты Чилиден испандықтар 1536 жылы Европаға алып келіп, әуелі Испанияның өзінде өсірген. Кейіннен ол Испаниядан Италияға, Голландияға, Англияға және басқа да елдерге тараған көрінеді.
Картоптың табылу тарихы өте қызық. XVI ғасырдың
бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оң-
түстік Америкаға сапар шеккен испандық пираттардың
кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті ха-
лықтың жерден қазып алынатын тамаша бір жеміспен
тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны
папа
деп
атайды екен. Онысы картоп еді. Папаны күнге кептіріп,
чуньо
деп атаған. Жерден қазып алынған папаны да,
кептірілген чуньоны да перуандықтар суға қайнатып
немесе отқа көміп пісіріп жейтін болған. :
Педро де Леон өзінің көрген-білгендерінің бәрін де жаза береді. 1553 жылы испан тілінде «Перу хроникасы» дейтін Педро де Леонның кітабы шығады. Осы кітап арқылы ғана картоп европалықтарға бірінші рет белгілі болады.
Картоптың тамақтық ас болатынын европалықтар көпке дейін білмей келді. Сондықтан оны алғаш рет шошқаға азық орнына беру үшін ғана өсіріп келген. Қейіннен дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде өсіретін болған. Осыдан ол Францияға да тараған. Ал Француздар картопты жер алмасы деп, итальяндар әуелі тартуфоль деп атаған. Сонымен орыстың картофель деген сөзі міне, осы «тартуфоль» деген сөзден шыққан.
Россияға картоп XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда тарауында бірінші Петрдің еңбегі зор. Ол Голландияға барғанда Россияға бір қалта картоп түйнеғін ала келеді. Сөйтіп оны өсіру үшін Россияның барлық аудандарына таратады. Бұған қосымша Пруссиядан еліне соғыстан қайтқан солдаттардың да өздерімен бірге картопты ала келуі оның Россияға тарауына себепші болады. Картоптың маңызын орыс шаруалары әуелі түсіне алмайды да, кейін аштық болғанда ғана жеп, оның аса бағалы өсімдік екенін байқайды. Оның Россия жеріне кең тарауына орыс ғалымдары да көп еңбек сіңірді.
Орыс ғалымы - агроном А. Т. Болотов, ададемик В. М. Северғин, картоп өсіруші Е. А. Грачев Россияда картоп егісін ұлғайту жөнінде көптеген арнайы ғылми мақалалар жазды. Е. А. Грачев картоптың жаңа сорттарын да шығарды. Осы еңбектері үшін Е. А. Грачевты Париждің ауыл шаруашылық ғылымдары академиясы өзінің мүшесі етіп те сайлады.
Дегенмен біздің елімізде картоп егісі Октябрь революциясынан кейін ғана шұғыл ұлғайды. Бұл жөнінде СССР дүние жүзінде бірінші орын алады.
Картоп алқа - паслен тұқымдас. Оның алақаны тілкемделіп келген жапырақтары бар, гүлі қос жынысты. Гүлінде 5 аталық, 1 аналық болады. Гүл қоршауы 5 тостағанша, 5 күлте жапырақтан тұрады. Күлте жапырақ-тары бір-бірімен түбінен барып қосылады. Картоп жәндіктер арқылы тозаңданады. Картоп гүлінің жәндіктерді өзіне «шақыратын» жұпар иісі бар. Күзге қарай оның гүлінде көк жемістер пайда болады да, олары майда тұқымға толып кетеді. Бірақ картоптың жемісі улы болады.
Картоп түйнегі тамақ ретінде өте бағалы, оның құрамында 14-24 процент крахмал бар және онда Вь В 2 , РР, С сияқты витаминдер де көп. Картоптан спирт жасалады, ал спирттің жасанды каучук алуға жүмсалатыны белгілі. Бірақ соның өзінде картоп енімінің 40 процентке жуығы тамаққа жұм-салады.
Картоптың бір тоннасынан 80 кг глюкоза алады. Осындай бір тонна картоптан 112 литр спирт, 55 килограмм көмір қышқылын алуға да болады. Ал 112 литр спирттен 17 кг жасанды каучук өндіріледі. Бір гектар жерден 600-1 200 центнерге дейін картоп алы надьь) Бірақ ол осыншама пайдалы болуымен қатар, оның «әттегенайы!» да бар. Мәселен, бір гектар жерге отырғызу үшін 2-3 тонна картоп кетеді. Сонда бүкіл СССР бойынша отырғызуға жыл сайын ондаған миллион тонна картоп керек. Демек, осынша картопты егістік жерге тасу үшін ғана 10 мыңға жуық ауыр жүк эшелоны керек болар еді.
Егер тұқымдық картоптың бәрін отырғызбай, көбісін өндіріске пайдалансақ, халық шаруашылығына қыруар пайда түсер еді.
Сонда картопты қалай өсіру керек?
Егер картоп тұқымнан өсірілетін болса, онда бір гектарға не бәрі 100 грамм ғана тұқым жетер еді. Бір одан енім аз алынады. Солай болғанымен ғалымдар тұқымнан өнетін мол енімді картоп сортын шығару проблемасымен үздіксіз шұғылданып келеді.
Картоп сақтауға арнайы салынған құрылыс. Оның тұрақты және уақытша жасалатын түрлері бар. Уақытша Картоп ұра мен үйме. Шаруашылықта түрақты қойма болмаса не тұрақты қоймада картоп сақтауға орын жетпегенде, уақытша қойма жасайды. Тұрақты Картоп қоймасы жер астынан қазылып, қабырғасы жартылай жер бетіне шығарылып не жер бетіне салынады. Мұндайқоймалар үшін ыза суы кем дегенде 2, 5-3 м тереңдікте болуы қажет. Картопты жайып немесе үйіп (биікт. 3, 5-4 м) сақтайды. Қойма күйдірілген кірпіштен, тастан, бетон блоктардан қаланады. Еденіне асфальт-бетон, бетон, қарағай төселеді. Кейде жер еден болуы да мүмкін. Есіктері ауа өткізбейтіндей болып жасалады. Картоп қоймасына желдеткіш орнатылады. Қазір картопты үрлеп желдетеді. Мұндай желдету аумағын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Картоп қоңызы колорадо қоңызы - жапырақ жегі тұңымдасына жататын насеком. Картоп және алқа тұқымдас өсімдіктердің карантиндік зиянкесі.
Ұз. 9-12 мм, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты, басы, арқасы қара даңты, қанаты қызғылт. Картоп қоңызының шыққан жері Солт. Америка (Колорадо штаты) . Колорадо қоңызы деп аталуы да осыдан. СССР-де Картоп қоңызы алғаш 1949 ж. Львов облысында байқалды. Ересек қоңыз көбіне картоп аңызының топырақ арасында қыстайды. Көтстемде, әсіресе май - июньде топырақ бетіне шығып, картоп жапырағын жейді. Бір қоңыз жапырақтың астыңғы бетіне 15-20-дан топтап, ал маусымда 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқа салу, личинкалардың өсуі күзге дейін созылады. Алғашқы шыққан личинкалар жапырақтың төменгі жұмсаң жерін жейді, эпидермисті зақымдайды, ал екінші ұрпағы жапырақтың жұмсақ жерін түгелдей жейді. Төртіпші ұрпақ личинкалары өте жебір келеді. Картоп қоңызы картоп өсірілетін жер жағдайына көндіккіш және төзімді. Сондыңтан ол - өте қауіпті зиянкес. Күрес шаралары: картоп егісі екі рет полихлорпиненнің, кальций арсенатының, хлорофостың, фталфостың препараттарымен өңделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz