Зар заман өкілдері мен шығармашылығы



Кіріспе

І ТАРАУ. Зар заман өкілдері және олардың шығармашылығы

IІ ТАРАУ. Зар заман өкілдерінің шығармашылығы туралы зерттеулер
1.1. Шортайбай Қанайұлы шығармашылығының зерттелінуі
1.2. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелінуі
1.3. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығының зерттелінуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ескі әдебиеттің соңы мен жаңаша жазба әдебиеттің басы болып табылатын зар заман ақындарының бір ерекшелігі де осында. Бұлар жай ғана ақындар емес еді, халық қамын ойлаған, келешегін кеңінен көре білген ғажайып ұлт қайраткерлері туған халқының болашағына бей-жай қарай алмады.
Олардың ең басты көтерген тақырыбы – ұлт ретінде жойылып, бодандық кіріптарлыққа түсуге қарсылық, азаттық деген құндылыққа сенімнің азайып кету қаупінен сескенгеннен туындаған өршіл жырлар. Сондықтан ақындардың өлең-жырларында патшалық Ресей шенеуніктерінің озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі. Қасиет тұнған өлкенің ең шұрайлы жерлерін заңсыз басынып, қазақ халқының құқына қол сұғып, ұрпағын аздырып, дінін тоздыру секілді үстем пиғылға қарсылық әрекеттері арқылы аталған ақындар ұлт қайраткерлері дәрежесіне көтерілді. Тек қана империялық үстемдікке қарсы болды деп біржақты қарасақ, қателескен болар едік. Ақындар шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Осы жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым Зар Заман ақындары шығармашылығының маңызын түсіну.
Міндеттер. 1) Зар заман өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын талдау;2) Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының, Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелінуін талдау
Тақырыптың деректік қоры. Тақырыптың деректік қорына келер болсақ. Ең алдымен олардың қатарына Мұхтар Әуезовтың “Зар Заман ақындары” атты еңбегі жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды. Олардың қатарына С. Қирабаев, Т. Кәкішев, М. Мағауин, І. Жақанов, Қ. Мәдібай секілді кісілердің “Шортанбай Қанайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер, мақалалар” атты еңбектегі зерттеулері, Т. Кәкішевтың “Санадағы жаралар” атты еңбегі, Р. Сыздықованың “Дулатты танып болдық па?” атты Қазақ әдебиетіндегі мақаласы,, Қ. Өмірәлиевтің “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” атты еңбегі, Х. Сүйіншәлиев “XІX ғасыр әдебиеті” атты еңбегі жатады.


Реферат құрылымы. Реферат Кіріспеден, І-ІІ тараудан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Шортанбай Қанайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы
зерттеулер, мақалалар
2.Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? // Қазақ әдебиеті, 1992, 25 желтоқсан
3.Әдеби мұра және оны зерттеу. Алматы: Қазақ ССР ғылым академиясы баспасы, 1961.
4.Бабатайұлы Д. Шығармалары мен тағылымы. Алматы: Раритет, 2003.
5.Сүйіншәлиев Х., XІX ғасыр әдебиеті, А., 1991

6.Кәкішев Т., Санадағы жаралар, А., 1992
7.Өмірәлиев Қ., Қазақ поэзиясының жанры мен стилі, А., 1983

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

Зар заман мектеп өкілдері және олардың шығармашылығы
Реферат

Орындаған: Қалназар Б.

Тексерген: Уразбаева Ақжамал Машрупқызы

Алматы - 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І ТАРАУ. Зар заман өкілдері және олардың шығармашылығы

IІ ТАРАУ. Зар заман өкілдерінің шығармашылығы туралы зерттеулер
0.1. Шортайбай Қанайұлы шығармашылығының зерттелінуі
0.2. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелінуі
0.3. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығының зерттелінуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ескі әдебиеттің соңы мен жаңаша жазба әдебиеттің басы болып табылатын зар заман ақындарының бір ерекшелігі де осында. Бұлар жай ғана ақындар емес еді, халық қамын ойлаған, келешегін кеңінен көре білген ғажайып ұлт қайраткерлері туған халқының болашағына бей-жай қарай алмады.
Олардың ең басты көтерген тақырыбы - ұлт ретінде жойылып, бодандық кіріптарлыққа түсуге қарсылық, азаттық деген құндылыққа сенімнің азайып кету қаупінен сескенгеннен туындаған өршіл жырлар. Сондықтан ақындардың өлең-жырларында патшалық Ресей шенеуніктерінің озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі. Қасиет тұнған өлкенің ең шұрайлы жерлерін заңсыз басынып, қазақ халқының құқына қол сұғып, ұрпағын аздырып, дінін тоздыру секілді үстем пиғылға қарсылық әрекеттері арқылы аталған ақындар ұлт қайраткерлері дәрежесіне көтерілді. Тек қана империялық үстемдікке қарсы болды деп біржақты қарасақ, қателескен болар едік. Ақындар шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Осы жұмысты жазудағы алға қойған мақсатым Зар Заман ақындары шығармашылығының маңызын түсіну.
Міндеттер. 1) Зар заман өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын талдау;2) Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының, Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелінуін талдау
Тақырыптың деректік қоры. Тақырыптың деректік қорына келер болсақ. Ең алдымен олардың қатарына Мұхтар Әуезовтың "Зар Заман ақындары" атты еңбегі жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды. Олардың қатарына С. Қирабаев, Т. Кәкішев, М. Мағауин, І. Жақанов, Қ. Мәдібай секілді кісілердің "Шортанбай Қанайұлы өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер, мақалалар" атты еңбектегі зерттеулері, Т. Кәкішевтың "Санадағы жаралар" атты еңбегі, Р. Сыздықованың "Дулатты танып болдық па?" атты Қазақ әдебиетіндегі мақаласы,, Қ. Өмірәлиевтің "Қазақ поэзиясының жанры мен стилі" атты еңбегі, Х. Сүйіншәлиев "XІX ғасыр әдебиеті" атты еңбегі жатады.


Реферат құрылымы. Реферат Кіріспеден, І-ІІ тараудан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы аумағында туып өсті. Ол патша самодержавиясы жаулап алғаннан кейінгі ел басқару, Қазақстанда отаршылдық езгінің мемлекеттік аппаратын құру жүйесінде жүргізілген ірі өзгерістердің (1822 және 1868 жылғы) куәсі болды.Осы өзгерістердің нәтижесінде хан билігі жойылып, әуелгі аға сұлтанның, ал сонан соң болыс басқарушыларының билігі орнады. Осының бәрі ақынның көз алдында болып өтті. Сондықтан ол осы жылдар ішінде халық өміріндегі, сонымен қатар ел билеген адамдардың психологиясындағы болған өзгерістерді терең танып білді. Дулат өлеңдерінде өздерінің ежелгі жайылымдары мен жерлерінен айырылып, қайыршылық халге ұшыраған адамдардың ауыр жағдайын шынайы суреттеп, жаңа өкімет өкілдерінің адамшылыққа жат, теріс қылықтарын ашу ызамен батыл әшкерелейді. "Бейшара менің қазағым", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" және басқа өлеңдерінде өз халқының мүдделеріне қарсы шығып, сатқындық жасаған жаңа өкімет өкілдерінің жағымсыз қылықтары бейнеленеді. Сыртқы күштерге тәуелді, шарасыз жағдайға душар болу себептерін Дулат жаңа өкіметтің Абылайдың сыртқы саясатына опасыздық жасауынан көреді. Ақын бұрынғы хан билігіне қайтып оралу туралы армандайды. Сол кезде халық мүддесі және ел тәуелсіздігі жолында құлшына күрескен Еспенбет биді дәріптейді.
Шортанбай Қанайұлы (1819-1881) - патша өкіметінің отаршылдық саясатының алғашқы кезеңінде қазақ қоғамында болған әлеуметтік өзгерістердің мәнін мейлінше нақтылы және терең ашып көрсеткен ақын. Оның өлеңдерінде сауда капитализмінің тууы, байлар мен саудагерлердің көп байлық пен ақшаға ие болу жолындағы күресі, қоғамның аз уақытта байлар мен кедейлерге жіктелуі, билік үшін күрес, сайлану науқандары кезіндегі көптеген арамзалық әрекеттер мен дау дамайлар көркем тілмен мейлінше айқын да әсерлі суреттеледі. Жаңа байлар - көпестер мен шенеуніктер тарапынан халықтың аяусыз қаналуын ол шыншылдықпен және ашу-ызамен жырлады. "Алдаушы жалған" дастанында ол былай деп жырлайды:
Пітіне толды осылай,
Момын жатқан еліме;
Кәр түскендей бұзылды
Дария шалқар көліме.
Осы күнде заманның
Осылайша болып тұр!
Ақын күрестен бас тартып, отаршылдармен ауыз жаласқандарға жиіркенішке, ызаға толы сөз арнайды. Шортанбай бүкіл шығармашылығында даладағы отаршылдар мен олардың қолшақпарларының іс-әрекетін аяусыз сынайды, тәуелсіздігінен айырылған халық тағдырына қатты қайғырып, елді бірлікке шақырады.
Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906) шығармашылығы негізінен Батыс Қазақстанда болған оқиғалармен тығыз байланысты. Патша үкіметінің Ерекше комитеті1968 жылғы 21 қазанда бекіткен "Орынбор және Ьатыс сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже" халықтың жаңа толқуын туғызған болатын. Бұл кезде Түркістан өлкесі Сырдария және Жетісу облыстарына бөлініп, Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған еді. Жаңа ережеге сәйкес Қазақстанның қалған бөлігінің аумағы орталығы Орал қаласында болған Орал, орталығы Орынбор қаласында болған Торғай, орталығы Омбы қаласында болған Ақмола және орталығы Семей қаласында болған Семей облыстарына бөлінді. Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) Астрахан губерниясының құрамына кірді. Облыстар өз ішінде уездерге, болыстар мен старшындарға бөлінді. Патшаның хан ұрпақтарына сыйлаған жерін қоспағанда, жер Ресей мемлекетінің меншігіне көшті. Халықтан жиналатын алымдар көлемі көбейтілді. Батыс Қазақстанның қазақтары жаңа ережеге жауап ретінде көтеріліске шықты. Қиял-ғажайып өлке - "Жиделібайсынға" және "Тескентауға" көшіп кету идеясы таралды. Патша өкіметі әскер жіберіп, көтерілісшілердің жолын бөгеді. Мұраттың поэтикалық күші нақ осы кезеңде ерекше көрінді. Ол халықтың өз тәуелсіздігі үшін, құт берекелі өлкеге көшіп кету жолындағы күресінің қуатты жаршысына, ұраншысына айналады. "Үш қиян" деген өлеңінде Мұрат Қазақстанды жаулап алу және отарлау жағдайларындағы қазақтардың күйінішті өмірін суреттеген.
Мұрат ақын отаршылдық саясат қазақтардың ежелгі жерлерін басып алып қана қоймай, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге де кесірін тигізеді деген алаңдаушылығы мен қорқынышын жасырмайды. Мұраттың "Қазтуған", "Шалгез" деген өлеңдері өткен заманның жыршы жырауларының дәстүрін жаңа заман талаптарына сәйкес одан әрі дамытуға жол салған эпикалық үлгілер болып табылады.
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман - ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы "ауа көшу", "қонысты тастау" ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік - келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз.
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.
20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. - жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

IІ ТАРАУ.
2.1. Шортанбай -- шығармашылық жолы күрделі, өз заманының ұлы ақындарының бірі.Сондықтан да оның өлеңдерін, шығармашылық жолын түсіну бізге оңайға түскен жоқ.Коммунистік идеология режимі тұсында ақын еңбектері бір жақты ғана талданды, оның көзқарасы мен өлеңдерінің өзгешеліктері түсінуге, оларды бар болмысымен, жетістік-қайшылықтарымен тұтас күйінде қарауға мүмкіндік болмады. Ол жөнінде көп жазылды.Шортанбай мұрасын зерттеушілер ішінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев,Т.Нұртазин, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаев сияқты көрнекті ғалымдарымыз болды. Алайдасол кездегі біз ұстанған әдебиеттің таптық, партиялық принциптері шындықты дәлайтқызбады. Соған қарамастан олар Шортанбайды керексіз деп жылы жауып қоймай,одан қалған мұраға айналып - үйіріліп, бірде мақтап, бірде сынап, сыңар жақтап болса да,көңіл аударуға, Шортанбайдың үлкен ақындық талантын мойындауға тырысты. Мұның бәрі Шортанбай шығармаларының біздің ұлттық рухани мұрамыздағы орнын түсінгендіктен, заманы қайшылықтардың ең бір шиеленіскен тұсында өмір сүріп, сол өміршындығын аса бір қырағылықпен тани білген, биік көркемдікпен суреттеген ақын еңбегін мойындағандықтан еді.

Шортанбай Қанаевтың творчествосы жайында конференция сол дәуірдің негізгі
идеялары мен әлеуметтік өмірдегі ерекшеліктерін еске ала отырып, ақын бір жағынан
патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының нәтижесінде туған әлеуметтік
жағдайларды сынап отырады да, екінші жағынан хандық дәуірді мадақтайды,
шығармаларында ислам дінінің идеяларын уағыздайды деп қорытады. Бұл сияқты
ақындардың творчествосына жоғарғы мектептің программаларында орын беріліп,
негізінде ағартушылық, халықтық бағыттағы әдебиеттің осындай кертартпа ақындармен
күрес үстінде дамығанын көрсету үшін аталуы керек деп түйді.
Шортанбай жырларын ойлана оқып, көңілге тоқығандар талай шұрайлы да қомақты
ойларға, түйінді тұжырымдарға кезігіп, шынайы адамгершілік жолын іздеген үлкен дарын
екендігін көреді.
Қазақ поэзиясының озық дәстүрлерін жете меңгерген, ақындық шеберлігі кемел
Шортанбай көзі қарақты суреткер еді. Ол отарлық тәртіп туғызған келеңсіз жайттардың
көбін нақ таниды, оларға жиіркене, шошына қарайды. Ақын сақара да жаңа қатынастар
орнауына байланысты таптық теңсіздіктің күшейе түскенін, ұрлық-қарлық, барымтаның
көбейгенін, қазақ арасындағы бұрынғы қандастық, бауырластық сезімді енді ақша
құмарлық, дүниеқоңыздық ниет алмастырғанын айтады. Елді езгіде ұстап отырған би,
болыс, қожа, молдалардың озбырлығын, жемқорлығын шенейді. Ақын әсіресе қазақтың
ғасырлар бойы қалыптасқан салт, дәстүрлерінің жойылып, аяқ - асты болып бара
жатқанына қынжылады. Биттей нәрсе қалсайшы -- Бұрынғыдан ырымға! -- Шортанбай
шығармаларындағы өзекті сарын, міне, осы. Бұл сөздерден бүкіл Шортанбай өнер намысы
астары айқындалады: ақын Қазақстанның Россия империясының құрамына енуіне
байланысты Сақара келген өзгерістердің ешқайсысын да қабылдамайды.
Дулат сияқты, Шортанбай да заманға қарсы тұрар шара таба алмайды. Бірақ Дулат өз
шығармаларында халықтың өткен тарихын, ерлік күндерін еске түсіріп, бұрынғы, халық
қамын жеген азаматтардың ерлік бейнелерін жасап, әлі де ел болуға, қатарға енуге
мүмкіндігің бар десе, Шортанбай үміт сәулесі атаулыдан ада. Ақын дүниеден біржола баз
кешеді. Су түбіне кеттің, жұрт, -- Тал табылмас қарма -- бүкіл бір халықтың
болашағын кескен үкім тәрізді естіледі. Тіршілікті жеңілдетудің жалғыз - ақ жолы қалған
сияқты, ол -- Шортанбайдың ұғымын, дін жолы ғана. Соған орай, барлық тілек о дүние
қамына ғана бағытталуға тиіс. Шортанбайдың дүниеден біржола түңілуі сол кездегі қазақ
халқының басындағы ауыр әлеуметтік, қатал отарлық жағдайға байланысты болатын.
Шортанбай шығармалары ақынның көзі тірі кезінде - ақ ауызша да, қолжазбалар түрінде
де халық арасына кеңінен тарады. Ал өзі өлген соң, 1888 жылы басылған түңғыш жинағы
ақынның даңқын көтере түсті, революцияға дейін әлденеше мәрте қайта басылды. Қазір
Шортанбай таңдаулы шығармалары хрестоматиялардан,қазақ поэзиясының антологияларынан орып алды, ақын творчествосы оқу программаларына енді.

Қазақ әні мені қай жерге, қай қиырға апармады. Әлі де... әлі де жол үстіндемін. Тағы да
бір үзік сырды айтқалы отырмын. Шыңжаң қазақтарының атақты әншісі Хамит Ысқақұлы
коп толғандыра беретін-ді. Ол Алматыға бір-екі рет келді. Сол күндерде көп шырқаған
әннің бірі -- беймәлім Жиырма бес еді.
Ал бір күні Алматыда бір отырыс үстінде осы Жиырма бестің сезін айтып
отырғанымда, жазушы Әнес Сараев тебірене сөйлеп: Мен дәл осы нұсқаны Ақмола
жағында қайын жұртыма барған бір сапарымда сондағы бір көне көздердің оу, бұл
Шортанбайдың әні ғой деген сөзін естідім деді. Бұл -- ойландыратын сөз. Қатыгез
мезгілден қанша қиястық көрсе де, Шортанбай түгіл олардың ар жағындағы ірілер Бұқар
жырау, Ақтамберділердің толғаулары ұмытылды ма, ұмытылмады ғой. Шортанбайдың
сөзі де -- дуалы сөз. Ол да ел жүрегінде. Асылы, ел тегін сөйлемейді. Осы Жиырма
бестің әр шумағы үзіліп түскен гауһардай кәдімгі қара өлең боп, әр кез оқыс айтылып та
жүрді ғой. Ал, енді қаракөз Шыңжаңның асқақ әншісі Хамит оны тұтас бір толғау етіп
таңғалдырады. Оны осы қалпында Шортанбайдың Жиырма бесі десе, өз асылын өзіне
қимайтын жұрт жоқ деп бас шайқар ма екен, қайтер екен, неғылса да бұл --
Шортанбайдың үһілеген зор рухының шаршау, әм құштар лебін сездіретін бір тылсым
дүние. Бір ғажабы, Хамит Шортанбайдың бүл әнін Қазақстаннан алып қайтып едім деді.
Хамитпен Үрімшіде жүздесуім 1993 жылдың ақпан айы еді.

Зар заман деген -- XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан
бір өлеңнің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ақындарды барлық күй, сарынын бір
арнаға тұтастырғанда жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең
айтқан ақындардың барлығына Зар заман ақындары деген ат қойдық, -- дегені
Шортанбайдың бұл әдебиеттегі орны ала-бөтен айрықша екенін негіздейді.

2.2. Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ, оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған Зар заман дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды. Өткен заманның озығынан үйреніп, тозығынан жиренген, тарихтың тұнығынан қанып ішкен талғампаз Алаш қайраткерлері Семей жеріне туларын тіге отырып, сол өлкеде ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі
Дәстүрлі ақындық поэзия
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Зар заман поэзиясының бастау көздері
Заман ақыр белгісі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Шортанбай поэзиясының тағылым қырларын ашу
Пәндер