Кейбір киелі сандардың танымдық ерекшеліктері



Жоспар
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Киелі сандардың зерттелуі
2.2.Сандардың мәні
3.Қорытынды
Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Қазақ халқы киеге үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнге ерекше сипат бере отырып, жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» т.б. сандар тізбегін қазақтың салт-дәстүрінен, ырымдардан, тыйым сөздерден, афоризмдерден, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерден анық көре аламыз. Мысалы: Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың; алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді; жерден жеті қоян тапқандай қуанды т.б. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» – деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғалымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Таныммен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Таным деп отырғанымыздың өзі – адамның ішкі ойлау жүйесі. «Киелі ұғымдар» наным-сенім негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден сан атауларының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар, басқа мағынада қолданумен ерекшеленеді. Мұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен қатар бұл құбылыстың тарихы да ертеде жатқаны байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысынтудыру, білімге құштарлықты оятады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Гордлевский В. А. Числительное 50 в турецком языке, 1945, том IV, вып.3-4
ХАӘ «Алпамыс батыр» жыры
Бәрі де сандар туралы, Алматы – кітап 2008 жыл
Қазақ энциклопедиясы 3 – том, Алматы 2013 жыл
Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы Алматы 2002
Жеті қазына, Сейт Кенжеахметұлы, 1 кітап
Интернет материалдарынан

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми жобамен айналысатын оқушылармен өткізіетін іс-шараның
жұмыс жоспары

Ғылыми зерттеуді жүргізудің мақсаты: қазіргі таңда қазақтың киелі сандарының қасиеті туралы мол түсінікті нақты жеткізу;
Киелі сандардың шығу тарихымен таныстыру;
Олардың пайдасын түсіндіру.
Ғылыми зерттеуді жүргізудің міндеті: балаларды , өзгелерді қазақтың киелі сандарының қыр-сырымен толықтай таныстыру.
Зерттеудің маңыздылығы: киелі сандардың атқаратын рөлін біліп, оны өмірде өз пайдаларына асыруды дәріптеу
Дарынды оқушымен жұмыс жүргізудің жоспары


Жұмыс тақырыбы
мерзімі
Ескерту
1
Оқушымен бірлесе отырып, ғылыми зерттеудің жоспарын құру
қыркүйек
Жоспарды бекіту
2
Жоспар бойынша тақырыпты ашу, мәліметтер жинақтау
қазан
Әдебиеттер тізімін алып, киелі сандар туралы мәліметтер іздеу
3
Ғылыми зерттеу бойынша жинақталған мәліметтерді реттеп, оқушы жаңалығының маңыздылығын қадағалау
қараша
Тапқан мәлімет бойынша қосымша түсініктер беру, түзетулер енгізу
4
Мектеп оқушылары арасында киелі сандардың маңыздылығы жайлы сауалнама жүргізу
желтоқсан
Мектеп оқушыларына арнайы сауалнама дайындау
5
Сауалнама негізінде ғылыми зерттеуге толықтырулар енгізу, қосымша ақпараттар іздеу
қаңтар
Оқушы жасаған қорытындыны талдау
6
Зерттеуді толықтырып, кітапханамен байланыс жасау
ақпан
Кітапханадан қосымша ақпарат алу
7
Ғылыми жобаларға қатысу
жыл бойы
Жарқын болашақ атты қалалық олимпиадасына қатысу
8
Зерттеу бойынша оқушы жұмысын талдау
наурыз
Жобаға қатысу нәтижесі бойынша, айтылатын ескертулер мен қосымша көмек беру
9
Зерттеу жұмысын қорытындылау, слайд, презентация дайындау
сәуір
Қосымша ақпарат көзерімен жұмыс жасау
10
Ғылыми жобаның нәтижесі
мамыр
Оқушының алатын мадақтамалары жайлы қорытынды

Жоба жетекшісі
қазақ тілі мұғалімі
Б.О. Ибраева

Ғылыми жобамен айналысатын оқушылармен өткізіетін іс-шараның
жұмыс жоспары

Ғылыми зерттеуді жүргізудің мақсаты: қазақ халқының ертегілері туралы толық мәліметтер жинап,қазіргі кезде ертегінің бала тәрбиесіне беретін мол мұрағат екені туралы түсінік жинау;
Ертегілердің шығу тарихымен таныстыру;
Олардың пайдасын түсіндіру.
Ғылыми зерттеуді жүргізудің міндеті: балаларды , өзгелерді ертегілердің қыр-сырымен толықтай таныстыру.
Зерттеудің маңыздылығы: ертегілердің атқаратын рөлін біліп, оны өмірде өз пайдаларына асыруды дәріптеу
Дарынды оқушымен жұмыс жүргізудің жоспары


Жұмыс тақырыбы
мерзімі
Ескерту
1
Оқушымен бірлесе отырып, ғылыми зерттеудің жоспарын құру
қыркүйек
Жоспарды бекіту
2
Жоспар бойынша тақырыпты ашу, мәліметтер жинақтау
қазан
Әдебиеттер тізімін алып, ертегілер туралы мәліметтер іздеу
3
Ғылыми зерттеу бойынша жинақталған мәліметтерді реттеп, оқушы жаңалығының маңыздылығын қадағалау
қараша
Тапқан мәлімет бойынша қосымша түсініктер беру, түзетулер енгізу
4
Мектеп оқушылары арасында ертегі түрлері, оның маңыздылығы жайлы сауалнама жүргізу
желтоқсан
Мектеп оқушыларына арнайы сауалнама дайындау
5
Сауалнама негізінде ғылыми зерттеуге толықтырулар енгізу, қосымша ақпараттар іздеу
қаңтар
Оқушы жасаған қорытындыны талдау
6
Зерттеуді толықтырып, кітапханамен байланыс жасау
ақпан
Кітапханадан қосымша ақпарат алу
7
Ғылыми жобаларға қатысу
жыл бойы
Жарқын болашақ атты қалалық олимпиадасына қатысу
8
Зерттеу бойынша оқушы жұмысын талдау
наурыз
Жобаға қатысу нәтижесі бойынша, айтылатын ескертулер мен қосымша көмек беру
9
Зерттеу жұмысын қорытындылау, слайд, презентация дайындау
сәуір
Қосымша ақпарат көзерімен жұмыс жасау
10
Ғылыми жобаның нәтижесі
мамыр
Оқушының алатын мадақтамалары жайлы қорытынды

Жоба жетекшісі
қазақ тілі мұғалімі
Б.К.Бажаева

Сауалнама:

1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?
6. Қасиетті сандар қатысқан қандай шығармаларды білесің?
7. Қасиетті сандар атымен аталатын қазақтың қандай ұлттық ойынын білесің?
8. Сенің отбасыңда қандай сандар киелі болып саналады?

Тақырыбы: КЕЙБІР КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Киелі сандардың шығу тарихы туралы
1. 1 Киелі сандардың қасиеті
2. Киелі сандарының зерттелуі
2. 1 Зерттеуші ғалымдар
3. Сандар сөйлейді
3. 1 Зерттеу тұжырымы
4. Қорытынды
4. 1 Практикалық кезең
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайданағанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.
Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасеитті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І - теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау.
ІІ - практикалық. слайд дайындау , дерек сөздерін салыстыру.
ІІІ - бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Бақылау әдісі (анкета)

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады.

1. Сандардың шығу тарихы.
Сандар ұғымы өте ерте заманда туған. Бұл ұғым ғасырлар бойы кеңейтіліп әрі жалпылана түскен. Қазақ халқы киеге үлкен мән берген. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнге ерекше сипат бере отырып, жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. 3, 7, 9, 40 т.б. сандар тізбегін қазақтың салт-дәстүрінен, ырымдардан, тыйым сөздерден, афоризмдерден, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерден анық көре аламыз. Мысалы: Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың, алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді; жерден жеті қоян тапқандай қуанды т.б.
Ұлы ғалым Пифагор: Әр сан өзіндік ерекшелікке ие - деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғалымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Таныммен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Таным деп отырғанымыздың өзі - адамның ішкі ойлау жүйесі. Киелі ұғымдар наным-сенім негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бес күндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден сан атауларының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын төрт, жеті, тоғыз, қырық сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар, басқа мағынада қолданумен ерекшеленеді. Мұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен қатар бұл құбылыстың тарихы да ертеде жатқаны байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды.

2. Киелі сандарының зерттелуі
Қазақ тілінде сандар әр түрлі жағынан зерттелген. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Академик В.А.Гордлевскийдің Түркі тіліндегі елу сан есімі атты арнайы еңбек жазғанда, автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В.В.Радлов, Н.Я.Марр, В.В.Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г.Н.Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-моңғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3, 7, 9 сандарын киелі, қасиетті деп, ауыз әдебиетінде көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г.Н.Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысты қаралады. Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен, сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар, сондай-ақ сан төңірегінде шоғырланған ойлардың мағынасы мен тарихы, сандардың жалпы фольклордағы немесе әдебиеттегі қызметі, көркемдік ерекшелігі, сандардың этнолингвистикалық сипаты, лингвомәдени мәнділігі де қаралып келеді. Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І.Кеңесбаевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйытқы болған сандардың семантикалық қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдермен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізілді, мәселен, Л.Базен, Э.Р.Тенишев, В.И.Чернышев, Э.А.Умаров және т.б.
Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І.Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә.Хасенов, Ә.Қайдар, Н.Уәлиұлы, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Н.Оралбаева, Т.Сайрамбаев, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман, Қ.Тажиев, Қ.Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киелі сан есімдерді қазақ тілін оқытуда пайдалану
Мектепте киелі сан есімді оқытудың тиімді әдістері
Мақал-мәтелдер құрамындағы сан есімдердің этнолингвистикалық сипаты
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сан есімді тіркестер
Сандар: философиялық-танымдық мәні
Сан компонентті тұрақты тіркестердің ұлттық дүниетанымдағы, халық өміріндегі маңызы
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Сан компанентті фразеологизмдер
Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі
Пәндер