Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау


Құрылыс материалдарын топтастыру
Құрылыс материалдары өздерінің касиеттеріне байланысты әртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшiн қолданылады. Ол бұйымдар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлi. Мысалы, көп қабатты үй салу үшiн мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, кабатаралық және төбелік жабындар, сыртқы және бөлмеаралық қабырғалар. Yй құрылысында бұлардан басқа, жылу-дыбыс-ылғал өткізбейтін бұйымдар да колданылады. Пайдаланылатын орнына, атқаратын мідетіне байланысты құрылыс материалдары екі топқа бөлінеді.
Бiрiншi топқа: үйлерге баска да ғимараттарға түсетін күшке төтеп бере алатын, конструкциялар деп аталатын материалдар жатады. Олар: 1) табиғи тас материалдар; 2) минералды шикізаттарды термиялық әдіспен өңдеу арқылы алынатын материалдар - керамикалық бұйымдар, шыны ситалдар, байланыстырғыш заттар, металдар; 3) минералды байланыстыртыш заттардың негізіңде дайындалатын материалдар - бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері автоклавта өндірілетін бұйымдар; 4) органикалық материалдар - ағаш материалдар, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер; 5) композициялық материалдар - асбестцемент, бетонполимер, фибробетон, шыныпластик.
Eкінші топқа: арнаулы міндет атқаратын конструкцияларда (бұйымдарда) пайдаланылатын “арнаулы орындарда қолданылатын” материалдар жатады. Бұлар - бұйымдардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту, үйдiң ішін - жайлы, ал сыртын көркемдеу мақсатымен, әрі конструкцияларды зиян келтіретін ортадын қорғау үшін қолданылады. Олар: 1) жылу өткізбейтін жылуизоляциялық материалдар (шыныдан істелінген мақта, ағаш талшықты плиткалар, арболит, т. б. ) ; 2) дыбыс өкізбейтін материалдар (тесіктелген - перфорацияланған ағаш жоңқалы тақталар, акмигран, фибролит) ; 3) тыстағыш (өңдегіш) материалдар (табиғи тастардан істелінген үйдiң iшін, сыртын әшекейлейтін, оларға өң беретін мәрмәр, гранит тақталар мен жасанды материалдар - керамикалық тақталар, т. б. ) ;
4) коррозияға төзімді материалдар (сыр, лак, бояулар, металл бұйымдарының бетіне тысталатын - қондырылатын заттар) ; 5) төбе конструкцияларын жабатын су, ауа өткізбейтін гидроизоляциялық және герметикалық (саңылаусыздандырғыш) материалдар (рубероид, толь, мастикалар, герметиктер) ; 6) отка төзімді кірпіштер (динас, шамот, т. б. ) ; 7) радиоактивтік сәулеге төзімді материалдар (ауыр толтырғыштар - барит, металл жоңқалар, т. б. негізінде дайындалған өте ауыр бетондар) .
Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау
Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне: олардың тығыздық кеуектілігі, ылғалдылығы, су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т. б., ал механикалық қасиеттеріне - олардың деформациялық (серпімділік, пластикалық) қасиеттеріне беріктігі, қаттылығы, үйкеліске, ұруға және тозуға төзімділігі, т. б. жатады.
Әртүрлі өнеркәсіптік, азаматтық, т. б. құрылыстарда материалдарды белгілі орында (фундаментте, қаңқада, қабырғада, т. б. ) атқаратын қызметіне сай пайдалану үшін, олардың қасиеттерін жақсы білу қажет. Бұл қасиеттер құрылыс материалдарының стандарттарында (ГОСТ, ОСТ, т. б. ) келтіріліген сан көрсеткіштерімен сипатталынады да, “Құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНШ) ” сәйкес қолданылады. Халықаралық айырбас, сауда жүргізу үшін әр мемлекет құрылыс материалдарын өндргенде ИСО-ның (халықаралық стандарттарды бекітетін мекеме) талаптарын да бұлжытпай орындауы керек.
Стандарттар орыс тілінде жазылатын аттарының бас әріптерімен белгіленген: ГОСТ (государственный общесоюзый стандарт) - ол құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындармен, олардың ведомстволығына байланыссыз, міндетті түрде орындалатын бүкілодақтық мемлекеттік документ, шарттар. ОСТ (отраслевой стандарт) - ол салалық (ведомствалык), РСТ - республикалық, ал СТП - (стандарт предприятия) - кәсіпорындық стандарттар. СНиП (строительные нормы и правила) дегеніміз - құрылысты жобалау, оны құру үшін қолданылатын материалдарды тиімді пайдалану туралы, барлық мекемелер міндетті түрде қолданылатын, бүкілодақтық нормативтік документтердің жиынтығы.
Құрылыс материалдары саласында ең көп тараған стандарттардың бірі - ТУ (технические условия) - техникалық шарттар. Бұларда құрылыс материалдарын таңбалау, буып-түю, тасу, сақтау туралы шарттар қойылады және олардың үлгілерінің немесе өздерінің сапасын сынау әдістері келтіріледі.
Техникальқ талап (шарт) қойылған ережелерi бар бұл стандарттар құрылыс материалдарының сапа көрсеткiштерiн нормалайды (мөлшерлейді) . Мысалы, ГОСТ-10178-85 кәдiмгi портландцементтерiнiң мынадай сапа көрсеткiштерiн мөлшерлейдi - ұнтақтық дәрежесiн, яғни майдалық мөлшерiн (нөмiрi, яғни тесiктерiнiң диаметрi 0, 08 мм елеуiште (електе) өтпей қалатын цемент қалдығының процентi бойынша анықталады), нормалы қоюлығын (цементтiң нормалы илемiн, яғни қамырын алу үшiн қажетті су мөлшерi процентi бойынша), ұштасу мерзiмiн (цементтi сумен араластырғанда пайда болған коллоид ерiтiндiсiнiң коагуляциялану салдарынан гель деп аталатын қатты денеге айналу, яғни ауысу уақыттарымен, мерзiмдерiмен сипатталынады), маркасын (элементтің, оған салмағынан үш есе көп) құм қосып дайындалған, ерiтiндiсiнен жасалған үлгiнiң, 20 0 С-та 28 тәулік бойы қатайғанда ие болатын, сығу күшiне, берiктiлiк шегiне тең. Портландцементтің осы келтiрiлген сапаларына стандарт мынадай шарт қояды - елеуштегі қалдық проценттен артық болмауы, қамырының нормалы қоюлығы 23 . . . 26% аралығында болуы, ұстасу мерзiмi 45 минуттан ерте басталмауы, ал ұстасудың аяқталуы 1 сағаттан кем болмауы, құм косып жасалған үлгісінің берiктiлiгi 400 . . . 600 кг с/см 2 аралығында болуы керек.
Стандарттарда бiрiншi цифрлар - олардың нөмiрiн, екiншi цифрлар - бекiтiлген жылын керсетедi; олар 5-10 жылда ғылым мен техника жетiстiктерiне байланысты қайта қаралып, бекiтiлiп отырады. Стандарт шарттарын бұлжытпай, тиянақты, жауапты орындау керек.
Құрылыс материалы қасиеттерінің, оньң құрамы мен құрылымына байланыстылығы
Құрылыс материалдарының қасиеттері олардың құрамы мен құрылымына байланысты. Құрамдар - химиялық, минералдъқ және фазалық болып бөлiнедi. Материалдық химиялық, яғни химиялық элементтерден тұратын, құрамына қарай, оның отқа, микроорганизмдер әсеріне төзімділгін, механикалық, т. б. техникалық қасиеттерін жорамалдауға болады. Құрылыс материалдары ішінде көп тараған бейорганикалық байланыстырғыш заттар мен табиғи тас материалдардың химиялық құрамы әдетте оксидтермен (тотықтармен) сипатталынады.
Минералдар - негізгі және қышқыл тотықтардың өзара байланысуынан түзiледi (құралады) . Мысалы, портландцемент құрамында үш кальцийлi силикат - минерал 3CaO- SiO 2 (қысқаша C 3 S) көбейсе (45-60%), оны құммен, сумен араластырғанда цемент тез қатаяды да, берiктiлiгi өседi.
Фазалық құрам қатты қаңқа және ауамен, сумен толған саңылауларда түзiледi. Саңылаулар ішіндегі судың қатты затқа (мұзға) айналуына байланысты, материалдардың қасиеттері өзгереді - аязға төзімділігі темендеп, жылу өткізгіштігі өседі.
Көп құрылыс материалдарының құрылымы олардың бөлшектерінің (түйірлерінің) ірілігін, формасын өзара орналасуын, байланысуын керсетеді. Құрылым үш дәрежеде анықталады: 1) материалдың макроқұрылымы (құрылымдағы саңылаулардың мөлшері 1-2 мм) жәй көзбен көру арқылы; 2) микроқұрылымы 50-ден 2000 есеге дейін оптикалық микроскопта үлкейту арқылы; 3) материал құрайтын заттың ішкі құрылымы ондаған мың есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскопта рентген сәулесімен зерттеу арқылы.
Қатты құрылыс материалдарының макроқұрылымы конгломератты, ұялы ұсақ саңлаулы, талшықты, қабатты, т. б. болуы мүмкін. Мұнда конгломератты (латынша - жиналған, құрылған деген сөз) құрылым әртүрлi. Мысалы құмнан, малта (жұмыр) немесе жарықша (қиыршық) тастардан, осыларды байланыстыратын заттардан құралған құрылым - көбінесе бетондардың сан алуан түрлерiне, ұялы құрылым макросаңылаулы газ бен кебік бетондарға, ұялы пластмассаларға, ал ұсак саңылаулы құрылым - камырға көп су қосып, оны күйдiргенде жанып кететін қосындылар - қосу әдістерімен жасалған керамикалық материалдарға тән. Талшықты құрылым ағаш материалдарға - шыны мақтадан жасалған бұйымдарға, қабатты құрылым қағазпластқа, текстолитке тән.
Материалдардың микроқұрылымы олардың бөлшектерінің мөлшерін, формасын, материал көлеміндегі санын (оптикалык микроскопта ауданның 1 см 2 келетін бөлшек санымен сипатталады) көрсетеді.
Материал түзетiн заттардың ішкі құрылымы, кристалл немесе аморф түрлi болады. Кейбір заттардың, мысалы кварцтың ізі, құрылымы осы екі түрде де кездеседі; ал кристалды түрi тұрақтырақ. Өйткені ол әкпен қосылу үшін 175 0 С және 1 МПа қысым қажет. Ал аморфты түрде кездесетін кварцтрепел кәдімгі температурада (20 о С шамасында), ешқандай қысымсыз әкпен байланысып, кристалл - түрлі сулы силикат түзеді.
Құрылыс материалдарының берік, қатты, балқығыш, т. б. қасиетті болуы, оларды тузетін заттардың ішкі құрылымына - кристалл торларының туріне (текшелі, гекоагональды, т. б. ) байланысты. Атомдардың кристалл шінде орналасуы мен атомдардың аралығын рентген сэулесінің заттын атомдық жазықтықтарынан, атомдарынан кері шағылысып, экранға түсетiн дақтарына қарап анықтауға болады. Өйткені, затты құрайтын атомдардың ара қашықтығы рентгендік сәуле толқынының ұзындығымен шамалас. Электрон сәулесі толқынының ұзындығы, рентген сәулелерінікінен әлдеқайда кем екені ақиқат. Ренгенограммада майда фазалардың сызықтары өте көмескі көрінеді, сондықтан оларды жоғарғы дәлдікпен өлшеу мүмкiн емес. Мұндай жағдайда электронография (электрондардың затқа жұтылмай қарқынды шағылысатындығына негізделген) затгың өте ұсак бөлшектерін зерттеуге кеңінен пайдаланылады.
Табиғи тас құрылыс материалдарын өндiру
Табиғи тас құрылыс материалдарын шығару. Тастардың тығыздығына, қаттылығына және қай жерде орналасуына байланысты оларды әртүрлi әдiстермен шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz