Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік) .

Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады) .

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б. з. д. 384-322 ж. ж. ) .

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында) ; гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология -адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

3. Философия(б. д. д. 6-5ғғ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды. Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады. Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма. . Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi) . Философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина ) жатыр. Оың ерекшiлiктерi

1. Оның негiзгi зерттеу объектi-адам, оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.

2. Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi, мазмұны қандай

3. Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм, қиял болса; дiнде-сенiм және сезiм) .

4. Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi, базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.

Жоғарыда айтқанның ескере отырып философияға келесi анықтамалар беруге болады Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы. Философия-жалпы теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философия-материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы. Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары (табиғат, қоғам, адамсанасын) тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Бұл философиялық сұрақтардың iшiнде әң маңызды орынды «адам және әлем» мәселесi алады. Өйткенi, философия iлiмi бүкiл дүниенiң құрылымын, даму орынын, оның өзiнде адамдардын алатын орынын, оның iскерлiгiн қарастырады. Философияның негiзгi мәселесiнiң (ф. н. м. ) мәнi шындықтың екi жағынан туып тұр-объективтiк, материалдық және субъективтiк, идеялық; ойлаудың болмысқа қатынасы немесе сананың материяға, рухтын табиғатқа қатынасы деуге болады. Бұл мәселенiң екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы себебi неде, дүниенiң негiзi ретiнде ненi алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып бiлуге болама деген сұрақ. Ф. н. м. бiрiншi жағынаң-дүниенiң мәнi, табиғаты туралы-онтологиялық мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар туып отыр, олар идеалистер мен материалистер. Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы, негiзi абсолюттi рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң тыс және тәуелсiз материалды емес тек рухани, идеалды субстанция, Құдай (объективтiк идеалистер Платон, Г. Гегель, Фихте, Шеллинг) немесе адамның өзiнiн санасы (субъективтiк идеалистер Д. Беркли, Э. Мах, Р. Авенариус, Д. Юм ) . Ал екiншiлерi, дүниенiң бастамасы, негiзi тек материалды субсанция ғана, өйткенi ол мәнгi, жасанды емес, және жойылмайды су, ауа, жар, от, атом (тұрпайы материалистер Гераклид, Демокрит) ; механикалық санауда болатын зат (метафизикалық материалистер Ф. Бекон, Т. Гобс, Ж. Ламетри, Д. Дидро) ; сан алуан түрлi объективтiк нақтылық (диалектикалық материалистер Маркс, Энгельс, Ленин) . Ф. н. м. екiншi жағы- дүниенiң танымалдығы туралы-гносеологиялық мәселеге келетiн болсақ, бұл сұраққа көптеген философтар мақұлдаған жауап бередi. Бiрақ, дүниенi танып бiлу адамның танымдық мүмкiндiктерiмен шектеледi (скептиктер), немесе «өзiндiк» заттарды объективтi танып бiлу мүмкiн емес дейп есептейтiн ойшылдар (агностиктер Д. Юм, И. Кант) да болды.

Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.

Философияның функциялары

1. Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң мәнiн түсiнуге, табиғат пен қоғамда өзiнiң орының табуға, құлықтылық жол табуға көмектеседi. Адамға адам болуға көмектеседi.

2. Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн топтастыра, жинақтай отырып, терендете түседi де, арнайы ұғымдар, категориял арарқылы дүниеге толық, тұтас, жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.

3. Аксиологиялық- адамды этикалық және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан дамытады, адам санасында белгiлi бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып (жақсылық пен жамандық, еркiндiк және тендiк, әсемдiк пен гармония және т. б. ) құндылық ережелерiмен идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А. Энштейн атом бомбасын жасаудан не үшiн бас тартқан) .

4. Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам дамуының жалпы және спецификалық зандылықтарың ашады. Социумнiң дамуын сараптай отырып, оның даму бағытын болжамдайды.

5. Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани феномен ретiнде қарастырып, адамның өзiнiң жеке мәдениетiн қалыптастырады (ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен қарау, басқа адамдармен қатынас орнату) .

6. Методологиялық- философия жалпы (өзiнiң категориялық аппараты мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар үшiн жалпығылыми және жеке методологиялық фундамент болып табылады.

4. Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiн анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель(б. з. д. 384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика, метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т. б) . философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi. Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия». Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары, Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П. Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген) . Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi) . Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр. (Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары) . Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т. б. жалпы даму теориясы) . Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р. Декарттың (1596-1650) -барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар) . Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады. Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк, интерсубъективтiлiк.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Материализм
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу
Философия және дүниетаным жайлы
Мифология және дін
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
Философия және дүниеге көзқарасы
Мифология және философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz