Қыналар – төменгі сатыдағы ерекше құрылысты организмдер тобы



Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 20000-нан астам түрлері белгілі. Бұлар – автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Кейде бұлардың кейбір сыртқы құрылысына қарай мүктермен шатастырып, оларды «бұғы мүгі» және «исландия мүктері» деп атайды. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді. Қыналардың морфологиялық құрылысы. Қыналардың сыртқы пішіні мен көлемі – алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
1. Қабықты (қаспақты) қынаның құрылысы басқаларына қарағанда қарапайым. Бұлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бұзылады және көпшілік уақытта ұнтақ, дән, кедір-бұдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80% - тейі қаспақты қынаға жатады.
2. Жапырақты қыналардың құрылысы күрделірек. Төсемікке жайылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың ұштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады және дорзовентральды құрылысты келеді.
3. Бұталы қына күрделі құрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп тұрады да, одан жан-жаққа тармақталған бұтақшалар кетеді. Бұлар тік өседі немесе орманды жерлерде ағаштың қабығында төмен қарап салбырап тұрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бұл керісінше, радиальды құрылысты келеді.
Жапырақты және нағыз бұталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын – талломы лента тәрізді, дорзовентральды құрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің систематикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты және бұталы қыналар да кездеседі. Қыналардың құрамына кіретін фикобионттардың көпшілігі жасыл, көк-жасыл, сирек әр түрлі талшықты және қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағанда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жататын – цистококк - Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орталық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла – Chlorella т.б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қыналар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 20000-нан астам түрлері белгілі. Бұлар - автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Кейде бұлардың кейбір сыртқы құрылысына қарай мүктермен шатастырып, оларды бұғы мүгі және исландия мүктері деп атайды. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді. Қыналардың морфологиялық құрылысы. Қыналардың сыртқы пішіні мен көлемі - алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
1. Қабықты (қаспақты) қынаның құрылысы басқаларына қарағанда қарапайым. Бұлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бұзылады және көпшілік уақытта ұнтақ, дән, кедір-бұдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80% - тейі қаспақты қынаға жатады.
2. Жапырақты қыналардың құрылысы күрделірек. Төсемікке жайылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың ұштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады және дорзовентральды құрылысты келеді.
3. Бұталы қына күрделі құрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп тұрады да, одан жан-жаққа тармақталған бұтақшалар кетеді. Бұлар тік өседі немесе орманды жерлерде ағаштың қабығында төмен қарап салбырап тұрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бұл керісінше, радиальды құрылысты келеді.
Жапырақты және нағыз бұталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын - талломы лента тәрізді, дорзовентральды құрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің систематикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты және бұталы қыналар да кездеседі. Қыналардың құрамына кіретін фикобионттардың көпшілігі жасыл, көк-жасыл, сирек әр түрлі талшықты және қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағанда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жататын - цистококк - Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орталық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла - Chlorella т.б. кездеседі. Жіп тәрізді жасыл балдырлардың ішінде трентополия - Trentepholia және кладофора - Cladophora туыстары қыналардың құрамында жиі кездесіп, олардың талломына жасыл түс беріп тұрады. Көк-жасыл балдырлардың ішінде қыналардың құрамында Nostoc, Gloeococapsa, Chroococcus, Hyella, Anabaena, Calothrix, Dichothrix, Stigonema, Rivularia, Scytonema т.б., ал басқа түрлер аз кездеседі. Жасыл-сары балдырлардың фикобионт есебінде қына құрамына Heterococcus енеді.

Қыналардың әрбір түріне балдырлардың белгілі бір туыстарының қатысуы, олардың негізгі айырмашылық қасиеті. Мұның әрбір түрінің құрамында кездесетін фикобионт түрлерін бір-бірінен айыру өте қиын, себебі, олар өте ұсақ, сондықтан олардың айырмашылықтарын көрсету әзірше мүмкін емес. Қыналардың құрамына кіретін микобионттардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қына түрлерінде ғана бизидиомицеттердің ішіндегі телефора - Telephora туысы қатысады. Саңырауқұлақ гифалары көлденең перделерге бөлінген. Гифа клеткасының протоплазмасы клетка қабықшасындағы тесіктерінен шығып жататын жіңішке цитоплазматикалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Кейбір гифалардың суды сіңіріп ісінетін қасиеті бар қалың қабығы болады. Гифа қабықтарына қыналарға әр түрлі түс беретін бояулар жиналады. Қыналардың құрамына кіретін микробионттарды табиғатта бос күйінде кездесетін саңырауқұлақтардың белгілі бір түрлеріне ұқсату мүмкін емес. Оның басты себебі микобионттар фикобионттармен бірігіп тіршілік етуі нәтижесінде балдырға қарағанда тек физиологиялық жағынан ғана өзгеріске ұшырап қоймай морфологиялық және анатомиялық жағынан өзгеріске ұшырауында. Қыналардың анатомиялық құрылысы. Бұларды қабаттарының анатомиясына қарай гомеомерлі және гетеромерлі болып бөледі. Гомеомерлі құрылысты қабаты бар қыналар қарапайым, оларда саңырауқұлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі таралған. Бұлар көбінесе балдырлар бөліп шығаратын кілегейге байланысты, кілегейленіп жатады. Кепкен уақытта тез сынғыш, қабыршақ, жапырақ немесе белгілі бір пішіні жоқ жастықша тәрізді келеді. Егер суға салса, тез ісініп кілегейленудің нәтижесінде көлемі ұлғаяды. Мысалы, түсі қара, жастық пішінді, оңтүстікте жартастарда өсетін коллеманы - Collema алуға болады. Оны көлденең кесіп қарағанда кілегейдің өн бойына тарап жатқан ностоктың колониясын, ондағы гетероцист клеткасын және саңырауқұлақ жіпшелерін көреміз. Лептогиум қынасында анатомиялық құрылысының біртіндеп күрделене бастағандығы байқалады. Мұнда қабықтың жоғары және төменгі қабаты болады, олар саңырауқұлақ гифаларының тығыз өрімденуінен құралады және төменгі жағынан субстартқа бекіну қызметін атқаратын резиналар кетеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас, онда саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары ретсіз орналасады.
Гетеромерлі қабаты бар қыналардың құрылысы күрделі келеді. Оның көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда үстіңгі бетінде саңырауқұлақ гифаларының өзара тығыз өрімделуінен құралған плектенхима деп аталатын қабығы байқалады. Плектенхиманың (жалған паренхима) астында гифалардың бос матасуынан құралған гонидиальды қабаты жатады, олардың арасында балдыр клеткалары орналасады. Гонидиальды қабаттан кейін ауаға толы кеңістіктері бар саңырауқұлақ жіпшелерінің бос оралуынан құралған өзектік қабат орналасады. Оның астыңғы жағындағы қабықты қабат құрылысы жағынан үстіңгі қабатқа ұқсас келеді. Қабықты қабаттан субстартқа бекініп тұрады. Қаспақты қыналардың астыңғы қабығы болмайды, сондықтан олар субстартқа гифаларының төменгі жағы арқылы тығыз орналасады. Радиальды (сәулесі) құрылысты бұталы қыналардың шеттерінде қабығы, оның астыңғы жағында гонидиальды қабат, ал ортаңғы бөлімінде өзегі болады.
Қыналардың көбеюі.
Бұлар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөлінуі немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардан бөлініп алынған балдырлар бұрын ата тегінде бар, бірақ кейін жойылып кеткен зооспоралар құруға қабілеттілігі, кейде гаметалар арқылы жынысты көбеюді қайталайтындығы байқалады. Қыналар құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын орган түзеді. Перитецийлер қына қабатына еніп жатады және оны қара нүкте түрінде томпиып жатуынан айырады. Апотецийі қына қабатының үстіңгі бетінде кішкене дөңгелек не төмпешік түрінде жатады. Апотецийлер лецидеиналы және леканориналы болып екіге бөлінеді. Бұл апотецийлердің аттары лецидея және леканора қыналары туыстасының атына байланысты қойылған. Лецидейналы апотеций саңырауқұлақ гифаларынан құралған бір ғана реңде болады. Леканориналы апотецийде балдырлардың болуы гимений қабатының қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді. Бұл - қыналардың эволюциялық дамуының бір белгісі. Біраз қыналарда қалталы спора түзуші орган пайда болудан бұрын жыныс процесі байқалады. Ол уақытта аскоген қынадан аздап шығып тұрған трихоген арқылы спермациямен ұрықтанады. Спермация - бір клеткалы спора, кейде оны пикноспора деп те атайды. Олар ерекше спорангиялардың немесе пикнидалардың ішінде жетіледі. Қыналардың көбінде нағыз жыныс процесі редукцияланған, бірақ дикарион ядролары және олардың қосылу процесі әр уақытта орын алады.Аскомицеттердегі сияқты қалталардан төгілген аскоспоралар қолайлы жағдайларда өсіп, мицелий түзейді, егер ол жерде саңырауқұлақ гифалары оны жан-жағынан орап, біртіндеп қынаның жаңа қабатына айналады. Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі және соредий, изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Соредий арқылы көбею жапырақты қыналарда және бұталы қыналарда жиі кездеседі. Соредий гонидиальды қабаттарда түзіледі. Балдырдың бірнеше клеткаларын саңырауқұлақ гифалары жан-жағынан шырмайды, одан соредий деп аталатын оқшауланған шумақтар құралады. Ол қабықтық қабаттың жыртылуы нәтижесінде сыртқа шығып, жел мен су арқылы таралады. Қолайлы жағдайға кез болса соредийлер өсіп, қынаның жаңа қабатына айналады. Изидий арқылы көбею, соредийге қарағанда сирек кездеседі. Мұнда қынаның жоғарғы қабаттарынан саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары бар қоңыр түсті өсінділер пайда болады. Осы өсінділер үзіліп, жаңа қабатқа айналады. Соредий және изидий арқылы көбейетін қыналарда қалталы спора түзуші органы сирек кездеседі. Қыналардың соредий және изидий арқылы көбеюі эволюция процесінің нәтижесінде кейін пайда болған. Қына организмінде балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуі ондағы балдырдың құрылысына аз әсер еткен. Сол себепті қынаның құрамындағы балдырлар өз беттерімен тіршілік етулеріне байланысты аз өзгерген. Ал саңырауқұлақтар бұл селбесуде басым болғанымен жаңа тіршілік
жағдайына бейімделгендігі сонша, табиғи жағдайда балдырсыз өз беттерінше дұрыс дами алмайды. Саңырауқұлақтар мен балдырлардың қыналардағы өзара қарым-қатынасын жиі мутуалистикалық селбесу деп атайды. Бұл қарым-қатынаста екі организм бір-бірімен бәсекелес болған жағдайда, мұндай үйлесімді қарым-қатынастың болуы өте күмәнді. Кейбір тәжірибелерге қарағанда, қарапайым құрылысты қыналарда саңырауқұлақ гифалары балдырлардың тіршілігіне зиян келтіретіні, яғни оның клеткасының ішіне қарай өтетін не жанасып жататын гаусториялар түзетіні байқалады. Сондықтан қыналардағы қарым-қатынасты жеңіл паразитизм немесе аллелопаразитизм деп атайды.
Қыналар суды жаңбыр жауғанда және ауадағы судың буын бүкіл денесіне сіңіреді. Ол су гифалардың арасындағы кеңістікте және олардың ісінетін қабықтарында сақталады. Көмір қышқыл газын ауадан алады. Ал басқа органикалық және органикалық емес қоректік заттарды су ерітінділерінен барлық денесімен қабылдайды. Қына ауадағы шаңмен де қоректенеді. Қоректену процесінде қабықты немесе қаспақты қынадан, жапырақты, одан бұталы қыналардан ауадағы шаңның маңызы арта түседі. Төсемік - қына үшін тек бекіну орны ғана болып есептеледі. Барлық қоректік затты қыналар ауадан, ондағы ылғал мен шаң-тозаңнан алады. Қыналар - күй талғамайтын өсімдік, ол өте баяу өседі, көпшілік жағдайларда олардың мөлшері бірнеше сантиметрден артпайды, тек кейбір түрлерінің ғана ұзындығы жарты метрге жетеді. Тіршілік ету ұзақтығы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Олар жақсы өскен жылы 1-35 мм дейін өседі. Олай болса бұғылар жайлап кеткен жайылымдар 10-20 жыл дегенде барып қалпына келеді. Қыналарды төсемікке қатысына қарай эволюциялық үш топқа: топырақта, ағашта және жартастарда өсетін деп бөлуге болады. Олар ағаш қабығының оңтүстік жағына қарағанда солтүстік жағында көбірек, таудың етегіне қарағанда басында көп өседі. Қыналар толық кеуіп қалғанда да тіршілігін сақтауға қабілетті, олар алғашқы жаңбыр жауысымен ісініп, өсе бастайды. Қыналар таза ауада жақсы өседі, сондықтан ауасы онша таза болмайтын үлкен қаланың маңында өте сирек кездеседі. Қыналардың басты ерекшелігі - басқа ешбір жерде кездеспейтін қына қышқылын түзуінде. Оның дәмі ащы және қышқыл реакция береді. Қына қышқылы гифалардың жоғарғы бетінде дән, таяқша және кристалл түрінде, кейде оның ішінде жиналады, көпшілігінің түсі қыналардың түстеріндей. Қына қышқылы күйдіргіш сілтілермен және бензидинмен қызыл түсті реакция береді. Бұл қышқылдың қыналарда болу болмауына қарап, оларды белгілі систематикалық топқа жатқызуға болады. Қышқылдың биологиялық маңызы белгісіз. Олар қорғаныс қызметін атқару мүмкін. Қыналар тау жыныстарын мекендеп, олардың үгітілуіне себепші болады. Қыналардан шығатын қышқылдар тек ізбес қосындыларын ғана ерітіп қана қоймайды, кремнеземді де ерітеді, ал одан пайда болған бұдырлар мен жарықтарға шаң-тозаң жиналады. Мұндай жерлерде алғашында төменгі сатыдағы, одан кейін бара-бара жоғарға сатыдағы өсімдіктер өседі. Қыналардың систематикасы. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. Сонымен қатар кіші топтарға бөлгенде балдырлар талломының пішініне, сондай-ақ саңырауқұлақ спораларының ерекшеліктеріне химиялық құрамына негізделе жіктеледі. Құрамындағы саңырауқұлақтарға қарай қыналарды қалталы - Ascolichenes және базидиальды - Basidiolichenes деп екі класқа бөледі. Біріншісіне - қыналардың көпшілігі, екіншісіне - тропиктік жақтардағы 20 шақты түр жатады.

Қалталы қыналар - Ascolichenes класы
Қалталы қыналар класына барлық белгілі қыналардың 90% -тейі жатады. Олардың басты ерекшелігі - спораларының қалта ішінде дамуы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Қыналар
Зат алмасу қарқыны
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Балдырлар туралы
Антарктика
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Пәндер