Жаратылыстану пәндер цикылындағы экологиялық білім беру


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
I-ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ . . . 5-7
1. 1 Физика пәнінен экологиялық тәрбие беру . . . 7-8 1. 2 Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары . . . 8-9 II-ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ «ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ПРИНЦИПІ . . . 10-14
2. 1 География пәнінде экологиялық тәрбие беру . . . 15-22
2. 2 Химия пәнін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық білім беру . . . 22-26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27-28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр. Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады. Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді:
біріншіден
,
табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру;
екіншіден,
тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу;
үшіншіден
,
экологиялық мәдениетті дамыту;
төртіншіден
,
қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру. Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді. Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т. б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды. Казіргі кезде адамзат алдында тұрған аса күрделі экологиялық проблема қоршаған ортаны калыпты жағдайда ұстау. Табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесі болып отыр. Қоғамымыздын " бүгінгі нақты мүмкіндіктерін ескереотырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу, жүйесінің негізгі міндеттерін белгіледі. Онда табиғат ресурстары - жерді, суды ауаны, пайдалы кендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, оларды қорғау мәселесіне айрықша мән берілді. Әсіресе, республикамыздың "Табиғат корғау" Заңының" Елімізде табиғат қорғау ісін түбегейлі кайта құру туралы" бағдарламасында адамдардың бойында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, жер су ресурстары мен пайдалы қазбаларға ұқыпты да жоғары адамгершілік көзқарасты тәрбиелеуге аса назар аударылған. Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың қарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі. өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне-қуат, бойына-күш, өнеріне-шабыт, көңіліне-қанат береді. Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, окушылардың өз бетімен ізденіп, жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді. Оқыту мақсатына сай және белгілі бір жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын меңгеру психологиясы, дайындығы, қызығушылығы ескерілуі кажет. Оқушылардың экологиялық сауатылығын, мәдениетін, «танымдық белсенділігін арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді.
I-ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулыйтын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам - адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық: стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан ; Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004) және т. б. құжаттар қабылданды. Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә. Бейсенова, Ж. Жатқанбаев, Н. Сарыбеков, К. Сарманова, А. Сотников, С. Тілеубергенов, Н. Торманов, / / т. б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты. Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
-
көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына сәйкестендіріп, экологиялық білім беру) ;
- бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі) ;
- аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) . Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А. Захлебный, И. Суравегина, Б. Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде оқушылардың "экологиялық сауатын" ашудан сөз бастағанды жөн көрдік. Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады. . Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі үғымдар мен түсініктер бар, олардың негізділері: "экологиялық сана", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет", "экологиялық білім", т. б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады. Ауа-табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат-адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық жауапікершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
- ағартушылық функциясы;
- дамытушылық функңиясы;
- тәрбиелік функциясы;
- ұйымдастырушылық функциясы;
- болжаулық (прогностикалық) функциясы.
Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады. Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек. Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен айқындалады. Экология - табиғатты үнемдеу туралы ғылым.
Экология - грекше oikos - үй, мекен және логия сөзінен құралады. "Экология" терминін 1866 жылы Австралия ғалымы биолог Э. Геккель ұсынған. БҰҰ шешімі бойынша маусымның 5-ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп атап өтілуде. Қазіргі кезде балаға жас шамасына қарай экологиялық білім және тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т. б. зиянды өнімдер бар. Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы. Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек. Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету. Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады. Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың
"Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын"
деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз. Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.
Балаға экологиялық тәрбие бере отырып, онымен келешекте оқытылатын жаратылыстану пәніне дайындық жұмыстарын жүргіземін.
Экологиялық білім және тәрбие нәтижесін үш түрге бөлемін:
- Оқушыға экологиялық білім туралы ой саламын.
- Жеке өз бетінше ізденушілікке бағыттаймын.
- Зерттеушілік қабілетін дамытамын.
1. 1Физика пәнінен экологиялық тәрбие беру
«Булану және қатаю» тақырыбын өткенде өзімізді қоршаған ортада бұл құбылыстардың алатын орнын, өмір тіршілігіндегі қажеттілігін айта келіп, физикалық құбылыстарды экологиямен байланыстыра оқытуға болады. Экология ол ауа атмосферасынан бастап байтақ даламыз, сол даламызда өтетін табиғи тіршілік, топырақтағы, тіпті, ормандағы, көлдердегі, сулардағы кездесетін өсімдіктер, жан-жануарлар, жәндіктер. Физикалық құбылыстар - жұтылу, жылудың берілуі тіршіліктің ішкі қозғалатын күші.
Олай болса қар тоқтату пайдасы булану мен ылғалдылық тақырыбын өткенде экологиялық тәрбие беріледі. Булану топырақтың ылғалдылығын азайтады. Топырақтың буланғыштығы деп оның булану арқылы өз ылғалдылығын жоғалтуын айтады. Булану жердің ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы: түстік беткейлер көп буланады, ал терістік беткейлер аз буланады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, ол булануды тездетеді. Ауа ашық, тұнық түндерде топырақтың беткі қабатын қатты салқындатып кетеді, соның әсерінен топыраққа жақын ауа қабаты салқындайды.
Қар суларының өзенге ағып кетуіне кедергі жасап, ол су тасқынын бәсеңдетеді және орман жазда да су деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді, өзендердің энергетикалық қуатын арттырады. Орман жауын суларының ағынын азайтып, жер қыртысының жоғарғы қабатын жауын-шашын ша йып кетуден сақтайды, әр-түрлі кір-қоқыстың өзенге құйылуын тежейді. Ол өзеннің таяздауын баяулатады. Орман құнарлы егістік топырағын қар суымен ағып кетуден де сақтайды. Мысалы: Семей өңірінде Ертіс өзеніне әр жыл сайын 1га жерден 510т құнарлы топырақ ағып кетеді екен. Көктемде орман қар еруін баяулатады. Желдің соғу бағытына немесе көлденең отырғызылған орман алқабы қар тоқтауда зор пайда келтіреді.
Архимед заңын 7-сыныпта оқығанда мысалы экология жайлы әңгімелеуге болады. Жер бетіндегі тіршілік ететін көптеген жануарлардың орташа меншікті салмағының судың меншікті салмағынан айырмасы онша көп емес, сондықтан, жануарлардың көпшілігі суда қиналмай жүзеді. Құрлыққа шығарылып тасталған кит тез өліп қалады, себебі нәзік қан тамырлары бүрісіп қалады да, қан айналуы тоқталады. Кейбір құстар суда еркін жүзеді, себебі олардың өкпесінде көп ауа бар. «Атмосфералық қысым»
Атмосфералық қысымының азды-көпті өзгерісіне адам сезім мүшелерімен сезе алады, ал көптеген жануарлар адамнан да сезгіш келеді. Мысалы: жәндіктердің көбі (шыбындар, соналар т. б. ) ауаның қысымы төмендегенде және бұлынғыр ауа-райы кезінде мазасыздана бастайды. Кейбір үй жануарларының да қысым төмендегенде шамалы тынымсыздана бастағанын көруге болады. «Жылу өткізгіштігі» тақырыбын өткенде, жылу өткізгіштік физикалық денелердің механикалық, құрылымдық, энергетикалық т. б. қасиеттеріне тәуелді екен. Қар, әсіресе, жаңа жауған үлпілдек қар жылуды өте аз өткізеді, әрі қар қабатының шағылысу қасиеті өте жоғары 30-50%. Бетін қар басып жатқан топырақ сыртқа жылуды аз шығарады, қар топырақты суықтан сақтайтын тамаша қорғаныс, қар қабаты қыстық дақылдарды үсуден сақтау міндетін атқарады. Мысалы: бидай суықтан сақталады, әрі ерте піседі, өнімі де жақсы болады.
1. 2 Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары
Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған күрделі мәселенің бірі - өзімізді қоршаған тіршілік ортасын биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп - көріктендіріп жеткізу. Өйткені тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты. «Не ексең, соны орасың» демекші еліміздің болашағы қазіргі жастарға байланысты, біз оларға қандай білім беріп тәрбиелесек, олар да сондай жеміс береді.
Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс - әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы. Жан - жақты білімді іскер маман даярлауда мектептегі биология пәнінің атқарар рөлі зор. Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің жеке дара құрам бөлігі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік, қарым қатынас қалыптастыруы тиіс. Мектептегі биология сабақтарында оқушылардың ғылыми әдістемелік көзқарасын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің табиғатты қорғау қабілетін, экологиялық білім алуына назар аударылады. Оқушылардың биология пәнінде экологиялық білімді игеру мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам мен биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық сипатталған болатын. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты - жеке оқушы бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, «Адам - Қоғам - Табиғат» арасында толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру өте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте - бірте қалыптастыру көзделеді.
Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Олардың негіздері: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық этика», «Экологиялық мәдениет», т. б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, қызығушылығын арттырады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда әрбір сабақ кезінде және сабақтан тыс шараларда көрнекі құралдар, диафильмдер, кеппешөптер, коллекциялар, бақылаулар пайдаланған жөн. Сабақта әдебиет, география, саз өнері, көркем сурет, зертханалық жұмыс, бақылау және қосымша материалдар қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Халқымыздың табиғатқа деген қайырымдылық, қамқорлық сезімі, аялы алақаны, көздің қарашығындай қорғай білуі аты аңызға айналған Асан қайғы, күй атасы Қорқыт бабаларымыздың өсиетке толы сөздерінде елеулі орын алған. Қорқыт бабаның: «Қара орманың шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын»деген сөзі көп нәрсені аңғартпай ма? Биология пәнінің әр сабағында табиғат қорғау, оны көздің қарашығындай сақтай білу, көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысу оқушыларға бағыт - бағдар беріп отыру қажет. Сабақтың құрылымына қарай ақын - жазушылардың өлеңдерін, табиғат суреттерін, мақал - мәтел, сөзжұмбақ, шытырман ойындарын пайдалану оқушы ынтасын арттырады.
Қазақта «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті» деген даналық сөздері ұрпағына мирас етіп қалдырып, табиғаттың арайлы ажарын, көркін, сымбатты сұлулығын сақтай біл дегенді білдіріп тұр. 1892 жылы Абай Құнанбаев «Дала уәлаяты» газетінде экологиялық мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып, құрылысқа пайдаланыла бастағанын, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны айтылады. Бұл деректің өзі - ақ қазақ халқының бойында экологиялық сауаттылықтың ерте кезден - ақ болғанын айғақтаса керек.
II-ТАРАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ «ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ПРИНЦИПІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz