Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

  1. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі 5«Әділет» ЖШС - нің сипаттамасы 5«Әділет» ЖШС - нің еңбекақы төлеу бойынша есеп саясаты 12
  2. Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі 22
  1. Еңбекақы ұғымы, түрлері мен нысандары 20
  2. Еңбекақы есебі, құжаттық рәсімделуі және есептелуі 30

Қорытынды 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Қосымша А - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы

хабарлама

Қосымша Ә - жеке еңбек келісім шарты

Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы: Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.

Казіргі жағдайда халықтың жұмысбастылығы, жұмыссыздық, халықтың және еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессі, демографиялық жағдай, еңбек ресурстарын басқару мәселелері елдің экономикасы үшін ең басты мәселелердің бірі болып саналады.

Еңбекақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбекақының номиналды және шынайы түрлері болады.

Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмыс кезінде ауысулар жүргізіледі. Адам құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізіледі. Ол жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша кызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы: жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша кызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді.

Мемлекет міндеттерін орындау барысында қызметкерлерге кепілдеме және өтемақылық төлемдер, сондай-ақ жұмыс берушінің нұсқауымен медициналық тексеруден өту, біліктілікті арттыру және қайта дайындықтан өту. Қызметкерлерді өзі қызмет ететін ұйымдармен бірге басқа орындағы жұмысқа ауыстыру барысындағы тәртіп пен шығын өтемақсының мөлшері келісіммен анықталады. Толық материалдық жауапкершілік туралы жазба келісім шартты жұмыс берушінің он сегіз жасқа толған, оған өндіріс процесінде тапсырылған құндылықтарды қолданумен тасымалдаумен, сақтаумен, сатумен, өңдеумен тікелей байланысты жұмыс істейтін және қызмет ететін жұмысшымен бекітуі мүмкін.

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып қалып отыр. Елдегі нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықтың жұмыспен қамтылуына байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

2010 жылы еліміздің экономикасы әлі де күрделі жағдайда болатынын ескеріп, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын шілденің 1‑інен бастап көтеру ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының ең басты тапсырмасы - ол әрбір азаматқа деген қамқорлықты қамтамасыз ету. Жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны көтеру, бюджет қызметкерлеріне сауықтыру төлемдерін енгізу - осының айқын дәлелі. Бүгінде барлық өңірлердің басты міндеті ретінде педагогтар еңбегінің маңыздылығын, әлеуметтік мәртебесін көтеру, рухани және тұрмыстық мәселелерін шешу ісі кешенді түрде қолға алынып келеді.

Шынайы жалақы - алған ақшаға сатып алуға өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Еңбекақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақының есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

- еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;

- субъектінің әрбір қызметкеріне еңбек ақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;

- еңбек ақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;

- белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;

- есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;

- өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен еңбек ақы туралы деректерді алу;

- еңбек және еңбек ақы бойынша статистикалық есептемені жасау.

Осы курстық жұмыстың объектісі - жұмыссыздыққа қарсы атқарылатын шаралар.

Осы жұмыстың мақсаты - қазіргі кезде болып жатқан еңбекақы жағдайын зерттеу, еңбекақының жалпы қоғам өміріне әсерлерін, оның есебін реттеу үшін жасалынатын әрекеттерді анықтау болып табылады.

Бірінші бөлімде, еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі қарастырылады.

Екінші бөлімде, еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі, қосымша еңбекақы зерттеліп, негізгі мәселелері қарастырылады.

1 Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі

1. 1 «Әділет» ЖШС - нің сипаттамасы

«Әділет» ЖШС-ң экономикалық сипаттамасы және оның қаржылық жұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы. Кәсіпорынның қызметтік стратегиялық мақсаты - қызмет көрсетулер мен тұрақты тұтынушылар мүдделерін барынша қанағаттану.

Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен ресімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

«Әділет» ЖШС-ң өзінің есеп жұмысын Қазақстан Республикасы президентінің заң күші “Бухгалтерлік есеп туралы” жарлығына сәйкес жүргізіледі. Оның өзінің есеп шоты бар. Оған Темірбанк қызмет етеді. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарты және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланылады.

«Әділет» ЖШС үшін басты қызмет тұтынушысы болып Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің атынан Қазақстан Республикасы табылады. Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында «Әділет» ЖШС тұтынушымен үнемі қарым-қатынаста болып, нарық сараптамасын жүргізіп отырады. Берілген ұстанымды жүзеге асыру арқылы ағымдағы талаптарды орындап қана қоймай, озық жұмыс жасауға, яғни тапсырыс берушінің болашақ талап-тілектерін болжауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорында журналды - ордерлі форма қолданылады. Кәсіпорында журналды - ордерлі формаға жазу алғашқы құжаттар, есеп регистрлерінен түсіріледі.

Кәсіпорының бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттері болып:

- Субъектіні, тағыда басқа қызығушы тұлғаларды кәсіпорынның шаруалық қызметі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету;

- Субъектілердің шаруашылық қызметтерін Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сай жүргізілуін бақылау үшін мемелкеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;

- Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп - есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, маңыздылық, шындық, тәуелсіздік, жан - жақтылық, толықтылық, салыстырылымдылық, кезектілік ұстамдарына негіздделе отырып жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есептің қызметін ұйымдастыру өткізетін

шаруашылық операцияларға ішкі және алдын - ала бақылауды бас бухгалтердің міндетіне алудан басталады.

Кәсіпорынның қаржы жұмысынң негізгі бөлімдері мыналар:

- қаржылық жоспарлау. Бұл жерде қаржылық жоспардың баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары ақша қозғалысы жоспары сияқты құжаттары жасақталады.

- жабдықтаушылармен есеп айырысу. Бұл жерде жабдықтаушылармен келісім шарт жасалып, олармен есеп айырысуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар толтырылады.

- қаржы органдарымен есептесу. Бұл жерде бюджеттен есеп айырысу бойынша, сақтандыру операциялары бойынша мәмілемелер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.

- айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігі мен айналымдылығын үдейтуді көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.

- несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.

- кассалық операциялар. Кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына оның қаржылық жағдайына байланысты болады.

Кәсіпорынның таңдаған бухгалтерлік есептегі шаруашылық іс- әрекетінің ағымдағы топтастырылуы мен жалпылама қызметін жүргізу кәсіпорынның есеп саласында көрнуі керек.

Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша қаражаттары, сондай-ақ фирма әрекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша қаражаттары, сондай-ақ фирма әрекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

Есеп саясатын қалыптастыру - бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір тәсілін нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.

Есеп саясаты мынадай қағидаларды қамтиды: есептеу - қоғамның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау

болып табылады.

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары - БЕХС (IAS) және оған Интерпретациялар, сонымен қоса бухгалтерлік есепті реттеу бойынша уәкілетті орган әзірлеген ҚЕХС-ны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде әзірленген. Қоғамның Есеп саясатының қағидалары барлық оның құрылымдық бөлімшелеріне және олардың еншілес ұйымдарына қатысты. Бұл есеп саясаты Қоғамның есебіне және есептілігіне 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесінің жалпы ұстамдарын кәсіпорынның есеп

саясатында іске асырған кезде мыналарды есепке алады:

- кәсіпорынның мүліктік жағдайы;

- кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі;

- есеп саясатын жүргізген кезде шаруашылық операциясын көрсетудің қабылданған әдісінің мүлік бағасының және міндеттемелердің есепті жыл ішінде өзгермеуі.

Есеп саясатының басты тапсырмасы - шаруашылық қызметін жоғары деңгейін көрсету, бұл әрекетті тиімді реттеу мақсаты үшін шаруашылық жөніндегі толық объективті ақпартты қалыптастыру.

Қандай да болмасын кәсіпорында өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Тауарды сатудан түскен қаржылар тауар өңдірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалығының және жеке табыстарының негізгі көздері жоғары өлшеміне айналады. Кесте 1-де кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу корреспонденциясы көрсетілген.

Кесте 1 - Еңбекақы есептеу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

Мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
Мазмұны: Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу
Шоттар корреспонденциясы: 7210
1010
Мазмұны: Жұмыскерлердің еңбекақыдан ұсталынатын алимент, ерікті сақтандыру және т. б.
Шоттар корреспонденциясы: 3350
3390
Мазмұны: Еңбекақыдан жеке табыс салыға ұсталынды
Шоттар корреспонденциясы: 3350
3120
Мазмұны: Еңбекақыдан зейнетақы жарналары ұсталынды
Шоттар корреспонденциясы: 3350
3220
Мазмұны: Еңбекақының шоттарға еңгізілетін және кассадан төленетін ақша
Шоттар корреспонденциясы: 3350
1010
Мазмұны: Еңбекақыдан орындау қағазы, есепті сома және басқа сомалардан ұсталымдар
Шоттар корреспонденциясы: 3350
3390
Мазмұны: Еңбекақыдан залалды өтеу, жұмыске қарыз алушыдан ұсталған сома
Шоттар корреспонденциясы: 3350
1250

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды. Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:

- жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома - 10%

- жеке табыс салығы (ЖТС) - (еңбекақы - зейнетақы қорына аударылатын сома - белгіленген заңға сәйкес минималды еңбекақы төлемі (2010 ж. 15999 тг) ) *10/100

- заң, сот органдарының үкім қағаздары бойынша ұсталымдар (алимент және айыппұл және тағы басқалар) .

- әртүрлі жарналар.

- дербестік сақтандыру шарттарына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларын сақтандыруға байланысты жарна аудару.

- еңбекақы есебінен алдын ала берілген төлемдер, аванстар.

- банкіден алынатын несиелер үшін ұсталымдар.

- шаруашылық субъектісіне келтірген зияндары үшін өтемақылар.

- қызметкердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейін субъекті қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін төленетін төлемдер және балабақшаға балалары үшін төлемдер.

«Әділет» ЖШС-ң демалысқа шыққанда төленетін және уақытша жұмысқа жарамсыз күндерінің төленетін еңбек төлемі. Жұмыскерлер кәсіпорынның жоспары бойынша және Еңбек туралы кодексі бойынша 12 ай күнтізбелі жыл бойынша демалысқа өтініш бойынша жіберіледі. Демалыс уақытының жалақысы демалыс уақытына 3 күн қалғанда беріледі. Еңбек туралы кодекс бойынша демалыс уақытының нормасы 24 күннен кем болмайтын уақытқа беріледі. Жыл сайынғы еңбек демалысына рұқсат ететін еңбек стажына мыналар кіреді:

- жыл ішіндегі істелінген нақты 12 айдың жалақысы;

- заңсыз жұмыстан босатудағы еріксіз жұмысқа келмеу уақыты;

- уақытша еңбекке қабілетсіздігі қағазда расталған, емдеудегі кеткен уақыт.

Жұмыскер 24 күнге демалысқа жіберіледі. 12 айдың жалақысы есептеледі, яғни 458 000 тг, нақты 12 айда жұмыс істеген күні 224 күн. Бір күндік жалақысы 2044, 64 тг, содан 2044, 64 * 24 күн = 49 071, 36 тг.

Жұмысқа жарамсыз күндері уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы, ол жалпы ауруларға байланысты уақытша еңбекке жарамсыз жағдайында тағайындалады және төленеді. Жарамсыз күндерінің еңбекақысын есептеу үшін 1 айлық жалақысын есепке аламыз. Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны емдеу мекемесі берген уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын парақша, егер бұл құжат болмаса оның нұсқауының көшірмесі негізінде есептелінеді. Жұмысқа жарамсыз күндері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді». Сондықтан кәсіпорынның бухгалтериясы мемлекеттік қорға ауру парағының көшірмесін жібереді.

Кәсіпорын әр ай сайын мемлекеттік әлеуметтік қорға жұмыскерлердің есептелінген жалақысынан 4% мөлшерінде есептелінеді, синтетикалық есебі 3210 пассив шотында жұмыскер 1-ші сәуірінде 10-шы сәуірге дейін жұмысқа жарамсыз болғаны үшін және оған қоса 1 күн демалысы бар. Жұмыскерлердің 12 айға есептелінген еңбекақысы - 368 000 тг, нақты істелінген жұмыс күні - 298 күн. 1 күндік еңбекақысы = 368 000 тг / 298 күн = 1234, 9 тг. Жұмысқа жарамсыз күндер саны 9, онда төлемі = 1234, 9*9=4, 1 тг. Оның корреспонденциясы төмендегі кесте 2 - де көрсетілген.

Кесте 2 - Әлеуметтік сақтандыру міндеттемесі бойынша корреспонденция.

Дебет
Кредит
Сома
Дебет: 3210
Кредит: 3350
Сома: 4, 1

Жарамсыз күндерінің еңбекақысын есептеу үшін 1 айлық жалақысын есепке аламыз.

«Әділет» ЖШС-ң қаржылық қызметінің алдындағы тұрған басты тапсырмалары болып төмендегілер табылады:

- кірісті өсірумен рентабельділікті көтерудің жолдарын іздестіру;

-кәсіпорын органдарымен кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді толық және уақытында орындау.

- қаржыландыру, несиелендіру мақсатында алынған қаражаттарды мақсатты пайдалану.

- айналым қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

2005 жылы «Әділет» ЖШС қызмет нарығындағы жағдайды, сондай-ақ мемлекеттің жергілікті өндірушілердің қызметі мен тауарларының сапасын жақсарту саласындағы бағытты сараптап, ИСО 9001:2000 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің өңдеу және енгізуге шешім қабылдады. Тұтынушының күткен талаптарын қанағаттандыру және жүйенің қызметін үнемі жақсарту мақсатында компания қызметінің қиындығын және қызметкерлердің құзыреттілігін негізге ала отырып, «Әділет» ЖШС ұжымы Сапа Менеджменті Жүйесін барлық процестерін анықтады.

«Әділет» ЖШС-ң іскерлік қызметінің және Сапа Менеджменті Жүйесінің сәттілігіне бірден бір жол болып табылады. Бас директор бизнес - процестерін кайтадан жобалау салдарынан қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін нәтижелі түрде бөліп беру арқылы, сондай-ақ негіз болатын құжаттарды өңдеу және процестерді енгізуге өз үлесін қосумен Сапа Менеджменті Жүйесін енгізу процесінде басшылық етеді және атсалысады.

Деректерге сүйене отырып шешім қабылдау әдістемесі. Берілген ұстаным бойынша басшылық анық деректерді жалған немесе күдікті деректерден ажырата білу шеберлігін жобалайды. Бұл әдістеменің негізі - процес жөнінде мәлімет алу үшін жүргізілетін өлшемдер, сонымен қатар

бірте-бірте білімге айналатын ақпарат жинақтау. Жеткізушілермен өзара тиімді қарым-қатынас. Бұл ұстаным жеткізушілермен шағын шығынмен үлкен мөлшерде сапалы қызмет алуға, сонымен қатар екі жақтың сұранысын қанағаттандыруға көзделген жаңа қарым-қатынас жасауға бағытталған. Қызметкерлерді жұмысқа жұмылдыру. «Әділет» ЖШС-ң бас директоры міндеттер мен өкілеттіктерді бөліп беру арқылы кәсіпорын қызметкерлерін Сапа Менеджменті Жүйесін элементтерін өңдеу және жүзеге асыру жұмыстарына жұмылдырады. Мұндай әдістеме адамдарда жауапкершілік және Серіктестікті басқаруда қатыстылық сезімін туғызады.

Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат, өнімділік туралы рапорты және т. б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады. Есепті оңайлату мақсатында көп күндік бастапқы құжаттар, аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі қолданылуы мүмкін.

Қызметіміздің стратегиялық мақсаты - қызмет көрсетулер мен тұрақты тұтынушылар мүдделерін барынша қанағаттануы арқылы Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамды жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетулердің вагондар операторлары мен жеткізушілер арасында жетекші көзқарасты нығайту мен сақтауы «Богатырь Транс» ЖШС қызметтерге тұрақты сұранысты және орнықты пайданы қамтиды.

Көрсетілген мақсаттарға жету:

- сапа саласында компания мен бөлімшелер белгіленген мақсаттардың өткізілімдігін, процесстердің нәтижелігін талдау арқылы сапа менеджмент жүйесін тұрақты жақсарту мен осы Саясаттың мақсаттарына сапа менеджмент жүйесінің жарамдылығымен;

- сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің ұйымдастыру мен техникалық деңгейін жетілдірумен;

- компаниямен басқару стратегиялық, операциялық, бюджеттік, қаржы қазіргі жүйелер мен тәуекел-менеджмент дамуымен;

- компанияның табысты қызметінде тұтынушылар, жеткізушілер, акция иесілер және қоғамның түгелінде барлық мүдделі тараптар қанағаттануымен қамтамасыз етіледі.

Қызметіміздің негізі - қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығының қорғауын қамтамасыз ету, олардың әл-ауқаттарын арттыру; барлық бизнес серіктестерімізге құрмет көрсету ; тұтынушылар және жеткізушілер қатынастарында ашықтық, оларға тең құқылық және өзара пайдалық серіктестік талаптарын жасау.

Басшылық көрсетілген қағидаттарға жетуге ниеттенген, осыған кәсіпорынның барлық қызметкерлерін шақырады. Басшылық ISO 9001 талаптарына сай болу, сапа менеджмент жүйесінің нәтижелігін арттыру және көрсетілген қызметтер сапасының үздіксіз жақсартуына талап ететін қаржы және материалдық қорларын бөлу, қажетті ұйымдастыру талаптарын құруға міндеттенеді.

Біздің Саясатымызды жүзеге асыратын негізгі қағидаттар:

- кепілдік сапасы қызметінен бизнес сапасының түгел жоғарылауына көшу.

- сапаны сақтай, жылжымалы құрамға жасалатын жөндеудің өзіндік құнын төмендету.

- қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін көтеру мақсатымен жүйелі оқу өткізу.

- әлуетті тәуекелдерді азайту және нәтижелерді арттыруға көзделген ұжым ұйымдастыру.

- үдерістердің нәтижелігін қамтамасыз етуге қызмет көрсетудің барлық циклы бойынша қызметкерлердің жауапкершілігі мен өкілеттіктерін бөлу.

- өнегелік пен материалдық жағдай жасау арқылы жоғары өнімді мен сапалық еңбек қызметкерлер уәждемесі.

- анықталатын сәйкессіздіктерді ескертуге ғана емес түзетуге де көшу.

- компанияның әрбір қызметкерінің ойлау мен іс-әрекеті арқылы тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын барынша қанағаттандырудың есебі.

Есеп саясаты мынадай қағидаларды қамтиды: есептеу - қоғамның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

«Әділет» ЖШС осы ұстанымдарды мына жолдар арқылы жүзеге асыруды жоспарлайды:

- ISO 14001; 18001 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін енгізу;

- қоршаған ортаны қорғау қарекетіне «Әділет» ЖШС Бас Директорынан бастап қатардағы жұмысшыға дейін жұмылдыру;

- «Әділет» ЖШС-ң қызметкерлерінің экологиялық сауаттылығын жетілдіру;

Қоршаған орта мәселелерін шешу маңыздылығын, олардың кәсіпорынның басты қызметімен біртұтастығын, «Әділет» ЖШС жұмысының экономикалық аспектілерімен өзара байланысын зерделей отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі ұстанымдар мыналар:

- кез келген өндірістік қызметінің қоршаған ортаға потенциалды қаупі;

- «Әділет» ЖШС -ң қызметінің қоршаған ортаға жағымсыз ықпалын ескертуге бағытталған шаралар мен әрекеттердің артықшылығы;

- экологиялық менеджмент жүйесінде қызмет нәтижелерін дәйекті жетілдіру ұстанымы.

- қоршаған ортаны қорғау органымен қатар жалпы елге «Әділет» ЖШС қоршаған ортаны қорғау қарекетінің «ашықтығы»;

- «Әділет» ЖШС қызметінің экологилық аспектілеріне қойылатын қоршаған ортаны қорғау және басқа талаптарын ұстану.

1. 2 «Әділет» ЖШС - нің еңбекақы төлеу бойынша есеп саясаты

Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.

Бухгалтерлік есептің жүру жолы: алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т. б. арқылы жиналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудиті
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі. Еңбекақы бухгалтерлік есебі
Ағымдағы міндеттемелердің аудитін ұйымдастыру
Кредиторлық қарыздардың теориялық негіздері
Уақытша еңбекке жарамсыздығына төлем
Басқарушылық есеп дамуының осы заманғы деңгейі және келешегі, негізгі кезеңі
Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz