Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнім



Мазмұны
Қысқартылған сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.Қазақстан Республикасының экономикасындағы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарының негізгі сипаттамасы
1.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.Жалпы ішкі өнім ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы ЖІӨ негізгі модельдерінің шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.Қазақстан Республикасының экономикасындағы тәуелсіздік бағыттағы жалпы ішкі өнімнің динамикасын талдау
2.1.Қазақстан Республикасындағы ЖІӨ.ді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2.Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің салалық құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3.Қазақстан Республикасының даму перспективасы
3.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.2.Қазақстанның жалпы ішкі өнімін дамыту негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Қосымшалар
Өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан үшін басым міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады. Орта мерзімді перспективада бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге және қазақстандықтар үшін өмір сапасының жаңа жоғары стандартын құруға ниеттеніп отыр. Бұл күрделі міндеттердің қуаты экономикалық негізі бар, ол нақты және оған қол жеткізге болады. Қазіргі таңда тәуелсіз ел сахнасына шыққан Қазақстан Республикасы сияқты елдерге әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда ешқандай ештеңені ойлап табудың қажеті жоқ. Өйткені, әлемдік тәжірибеде әлеуметтік мемлекеттіліктің қалыптасқан классикалық үлгісі бар. Ол үлгі бойынша әлеуметтік мемлекетке тән белгілер мыналар:
- мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
- мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік қасиетінің болуы;
- экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
- табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа әділетті бөлу;
- құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
- әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы.
Әлеуметтік мемлекет ұғымына тән белгілерге зер сала қарағанда ол тек экономикалық және саяси үрдіс емес, ол сонымен бірге қоғамның адамгершілік құндылықтарымен де өлшенетін үрдіс екеніне көз жеткізуге болады. Әлеуметтік мемлекеттегі әлеуметтік саясат қазіргі таңда мемлекеттің барлық жақтарын қамтиды. Әлеуметтік саясат Қазақстандағы басты міндеттердің бірі болып табылады.
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғы дан да ауқымды шаралар белгілеп оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын, өндіргіш күштерін шетелдіктермен қатынатардан туған
Қолданылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының 2030 жылғы стратегиясы. 2007
3. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Ел Президентінің Халыққа Жолдауы 2008
4.Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика: Оқулық. Алматы “Экономика”, 2003 жыл.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика. “Экономика”, 2000 жыл
6. С. Райымқұлұлы ., Г. Утемисова ., Г. Жұманова. Экономикалық теория негіздері: М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент 2006 жыл
7. Әлжанова, Н. Шәріпқызы., “Экономикалық математикалық әдістер”. Алматы, Қазақ университеті, 2006 жыл
8. Нұрғалиев, Ө. Қазақстанның экономикалық өсу ерекшеліктері. Азия – транзит. 2007 жыл №3
9. Ж. Дильдебаева, “Экономикалық проблемаларды эконометриялық модельдеу арқылы шешу”. Экономика негіздері, 2008 жыл №2
10.А. Айтжанова., Н. Тілегенов., “Жаңа даму кезеңінде ұлттық экономиканы дамытудың мароэкономикалық көзқарасы”, Саясат 2007 жыл №3.
11.“Әлем энциклопедиясы” І-бөлім, 2003 ж.
12.“ҚР 2010 жылға дейінгі даму жоспары”, “Елорда” баспасы, 2002 ж., 3-5 беттер.
13. Ө. Нұрғалиев., “Қазақстанға қандай даму үлгісі қажет”. Аль – Пари 2007 жыл № 5 – 6
14. К. А. Мадыханова., “Еліміздегі макроэкономикалық ахуал мен сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы”. Қаржы – қаражат 2009 жыл.
15. Саясат //20 жылда Қазақстанның дамуы / №4 2011
16. “Егемен Қазақстан” 2001., №18, 8 бет.
17.. К. Мейірбеков, Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2003
18. Г. Жолдасбаева Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2002
19. Р. Ниязбекова Кәсіпорын экономикасы Алматы , 2008
20. Г. Смағұлова Қаржы, ақша айналысы және несие Алматы, 2008 [450]
21. Экономика негіздері // Кредиттік ұйымдардың Қазақстандағы даму сипаты// № 3 2004
22.Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003.
23.Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева., Н.Б. Тастандиева. Микро – макроэкономика терминдерінің орысша қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
24.Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Микроэкономика. «Экономика»..
25.С.Р. Тоқсанбай., - Толық экономикалық орысша қазақша сөздік. «сөздік – словар», 1990.
26. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов., «Жалпы экономикалық теория»,
Ақтөбе 2004

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Қысқартылған
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.Қазақстан Республикасының экономикасындағы Қазақстанның тәуелсіздік
жылдарының негізгі сипаттамасы
1.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Жалпы ішкі өнім ұғымы және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы ЖІӨ негізгі
модельдерінің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...11
2.Қазақстан Республикасының экономикасындағы тәуелсіздік бағыттағы жалпы
ішкі өнімнің динамикасын талдау
2.1.Қазақстан Республикасындағы ЖІӨ-ді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 12
2.2.Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің салалық құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.Қазақстан Республикасының даму перспективасы
3.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.2.Қазақстанның жалпы ішкі өнімін дамыту
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 40
Қосымшалар

Қысқартылған сөздер
АҚШ - Америка Құрамы Штаты
ЖІӨ – Жалпы Ішкі Өнім
ЖӨӨ – Жалпы Өңірлік Өнім
ҚР – Қазақстан Республикасы

Кіріспе

Өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан үшін басым міндеттердің бірі
бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады. Орта мерзімді
перспективада бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге және
қазақстандықтар үшін өмір сапасының жаңа жоғары стандартын құруға ниеттеніп
отыр. Бұл күрделі міндеттердің қуаты экономикалық негізі бар, ол нақты және
оған қол жеткізге болады. Қазіргі таңда тәуелсіз ел сахнасына шыққан
Қазақстан Республикасы сияқты елдерге әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда
ешқандай ештеңені ойлап табудың қажеті жоқ. Өйткені, әлемдік тәжірибеде
әлеуметтік мемлекеттіліктің қалыптасқан классикалық үлгісі бар. Ол үлгі
бойынша әлеуметтік мемлекетке тән белгілер мыналар:
- мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай
ұйымдастырылуы;
- мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік қасиетінің болуы;
- экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
- табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа әділетті бөлу;
- құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
- әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге
асыратын тетіктердің болуы.
Әлеуметтік мемлекет ұғымына тән белгілерге зер сала қарағанда ол тек
экономикалық және саяси үрдіс емес, ол сонымен бірге қоғамның адамгершілік
құндылықтарымен де өлшенетін үрдіс екеніне көз жеткізуге болады. Әлеуметтік
мемлекеттегі әлеуметтік саясат қазіргі таңда мемлекеттің барлық жақтарын
қамтиды. Әлеуметтік саясат Қазақстандағы басты міндеттердің бірі болып
табылады.
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғы дан да ауқымды шаралар
белгілеп оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын,
өндіргіш күштерін шетелдіктермен қатынатардан туған мүмкіндіктерді
пайдалана отырып жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы
тұрақты даму жолына шығудан басталды.
1997 жылдан бастап Президент Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға
дейінгі Даму стратегиясын ел назарына ұсынды. Терең ойластырылған осы
стратегия біздің бүгінгі іс-қимылдың және болашақта асатын асулардың жол
нұсқаушысы болып отыр. Ел экономикасының әр саласының дамуына арналған
мемлекеттік бағдарламаның негізгі арқауы да осы стратегия болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
жылдарындағы дамуының негіздерін реттей отырып, жалпы ішкі өнімнің
экономикадағы орнын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнімнің қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін айқындау;
- жалпы ішкі өнім динамикасының қажеттіліктерін айқындау;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, ІІІ тараудан, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың І тарауында жалпы ішкі өнім ұғымы берілген. ІІ
тарауда Қазақстанның экономикасындағы жалпы ішкі өнім талданған. ІІІ
тарауда Қазақстан Республикасының даму перспективасы берілген.

1. Қазақстан Республикасының экономикасындағы Қазақстанның тәуелсіздік
жылдарының негізгі сипаттамасы
1.1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму сипаты

Ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауында
экономиканың балансталған және тұрақты өсуін, оның жоғарғы технологиясымен
жарақаттанып және ғылыммен өндірістердің озық дамуы негізінде оны
диверсификациялауды қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл аса маңызды және
келешектегі зор міндетті орындауға соңғы кездегі бағдарламалық құжаттардың
тұтас сериясы бағытталып отыр. 2001 жылы мамырда Қазақстан Республикасының
2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасы жүргізілді. Осы құжаттың барлығының басты идеясы экономиканың
салаларын диверсификациялау және базистық инновациялар мен технологиялардың
қазіргі заманға лайықты түрлерін игеру негізінде дамудың шикізаттық
бағдарларынан кету болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономика үлгісін
таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кіріскені
жасырын жағдай емес. Ал оның пайдасы тұсы соның нәтижесінде Қазақстандық
кластерлер жүйесінің дамуына жол ашылды делінген Елбасының Халыққа
Жолдауында. Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм,
мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсіпті, көлік-
логисталық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты
салаларды 7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары жүзеге асты. Ел
экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мрезімдік мамандануын, осы
кластерлер айқындайтын болатындығын да Елбасы айтқан болатын.
Сонымен қатар, республикамызда жаңа технологиялар мен жаңа экономика
әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі-
ұлттық инновациялық жүйе жасау қолға алынды.
Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде
қалыптасты деп айта аламыз. Еліміздің индустриялы-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы-экономика салаларын
әртараптандыруға және дамудың шикізаттық бағыттарының кету жолымен елдің
тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізуге негізделгені белгілі. Осыдан 7
жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сай 2004 жылы 204 инновациялық жоба іске
асырылса, соның тек жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.[3]

1.2. Жалпы ішкі өнім ұғымы және оның құрылымы

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы:
жиынтық қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс
болып табылады.
Экономикалық әдебиетте және шаруашылық практикасында қоғамдық өнімнің
мөлшерін анықтауда екі ұдайы көзқарасты бөліп қарайды. Жиынтық қоғамдық
өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің
материалдық емес өндірісі оған енбейді. Дүниежүзілік шаруашылық
практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша қоғамдық өнім массасы
материалдық емес өндірістердің қызметтерінде де ендіреді. Бұл жалпы ішкі
өнім болып табылады.
Жалпы ұлттық өнім белгілі бір мерзімде ішкі өнеркәсіпте өндірілетін
тауралар мен қызметтердің құны. Бүұған үйлер мен бурбондар сияқты
тауралардың құны кіреді. Олардың әрбірінің өнімі нарық бағасымен өлшеніп,
жалпы ұлттық өнімнің құнына қосылады. 1929 жылдан бері АҚШ экономикасының
жалпы ұлттық өнім есебі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Одан бұрын
бағалауда өзгерістер орын лаған болатын. 1989 жылды АҚШ экономикасындағы
жалпы ұлттық өнімнің құны 5,000 миллиард дан көбірек еді. Жалпы ұлттық
өнімді есеептеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Жалпы ұлттық өнім дайын тауар мен қызмтетердің құны болып табылады.
Мысалы, біз автомобильдің толық бағасын жалпы ұлттық өнім құнына қоспаймыз,
жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігі ретінде оған дөңгелектің бағасын қосамыз.
Кәсіпкер сатқан автомобиль бөлшектері жартылай фабрикат тауар деп аталады
және оның құны жалпы ұлттық өнімге кірмейді. Сол сияқты нанға айналмас
бұрын бидай жартылай дайын тауар болып есептеледі. Жалпы ұлттық өнімнің
бөлігі ретінде бидайдың бағасын ғана есептейміз, бидайдың диірменшіге
сатылған бағасы және наубайшыға сатылған ұн бағасы есептелмейді.
Іс жүзінде қосымша құнда екі қайта есептеу қолданылмайды. Тауарды
өндеудің әрбір кезеңінде тек қосымша құн ғана сол кезеңде жалпы ұлттық
өнімнің бөлігі ретінде есептеледі. Содан кейін диірменшінің сатқан ұнынан
шегерілген бидайдың құны диірменшінің қосымша құнын құрайды. Егер біз осы
процесті жалғастырсақ, өңдеудің әрбір кезеңіндегі қосымша құнның саласы
сатылған нанның құнына тең болатын көруге болады.
Жалпы ұлттық өнімнің құны ағымдағы өндірілген өнімнің құнынан тұрады.
Біз жаңадан салынған үйдің құрылысын жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігі
ретінде есептеуге болады, бұл жерде бұрыннан тұрғын үй есептелмейді. Ол
үйді сатудағы қозғалмайтын мүліктің құны жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігі
ретінде есептеледі. Агент сатып алушы мен сатушыны біріктіріп, өзінің
күнделікті қызметін атқарады, мұнда ағымдағы өндірістің бір бөлігі деп білу
қажет.
Жалпы ұлттық өнім тауарларды нарық бағасымен бағалайды. Көптеген
тауарлардың нарықтың бағасына айналымнан түскен және акциз салығы сияқты
жанама салықтар кіреді. Тауарлардың нарық бағасы тауарды сатушының
бағасынан өзгеше. Таза нарық бұлардан жанама салықтарды шегергенде баға
факторы шығады, оның өзі тауарды шығарған өндіріс фактрынан алынған сома
болып табылады. Жалпы ұлттық өнім баға факторымен бағаланбайды, нарық
бағасымен бағаланады. Бұл мәселе жалпы ұлттық өнімді өндіріс факторынан
түскен кіріске есептегенде маңызды.
Жалпы ұлттық өнімнің кейбір компоненттерін бағалау тым қиын
болғандықтан нарық бағасымен бағалау принципі әрдайым біркелкі емес. Үй
шаруасындағы әйелдердің, өзін -өзі басқарған шаштараздардың немесе полиция
күшінің үкімет кеңесшілерінің қызметтерін бағалау қиын. Осылардың
кейбіреулері айталық, үй шаруасындағы әйелдің қызметтері күнделікті
өлшенген жалпы ұлттық өнімге жатпайды. Үкімет қызметтері құнына қарай
бағаланады, сонымен үкімет қызметкерлерінің жалақылары олардың жалпы ұлттық
өнімге қосқан үлесі болып табылады. Мұндай ыңғайсыз жағдайды баян етудің
бірыңғай принципі жоқ, алайда шарттылықтар ескеріледі.
Жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім арасында белгілі бір
айырмашылық бар. Жалпы ішкі өнім дегеніміз ел ішінде өндірілетін тауардың
құны. Бұлардың арасында қандай айырмашылық бар? Жалпы ұлттық өнімнің бір
бөлігі шетелде өндіріледі. Мәселен Жапонияда істейтін америка азаматының
табысы-АҚШ-тың жалпы ұлтық өнімінің бір бөлігі, бірақ ол АҚШ-тың жалпы ішкі
өнімі болып есептелмейді, себебі ол АҚШ-тан жалақы алмайды. Бір жағынан
қарағанда АҚШ өндіріс опреациясынан түскен Хонда кірісі АҚШ-тың жалпы
ұлттық өніміне кірмейді, ол жапон жалпы ұлттық өнімінің бір бөлігі болып
табылады, бірақ ол АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі болып есептеледі, себебі ол АҚШ-
та өндіріледі.
Егер жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнімнен артып кетсе онда
шетелдік басқа жақтан жалақыны мол алады. АҚШ-тағы жалпы ұлттық өнім жалпы
ішкіө німнен екінші дүниежүзілік соғыстан 1988 жылға дейін артып отырады.
Сол кезде шетелде жұмыс істеген американдықтар табысты өздерінің
жерлестерінен молырақ алады. Соған қарамастан 1988 жылдан кейін басқа
жақтан келгенде АҚШ-та көбірек табыс тапты да, ал АҚШ-та істеген
шетелдіктер одан аз алды.[6]

1.3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы ЖІӨ негізгі
модельдерінің шетелдік тәжірибесі

Сарапшылардың Қазақстанға қатысты келесі бір назар аударатын дерегіне
тоқталсақ, олардың болжамынша, қазақ елі экономикалық дамуы жөнінен
Малайзияға жақындады. Мысалы, Халықаралық беделді сарапшылар аталған елде
жалпы ішкі өнім 2006 жылы 141 миллиард долларға жетті. Инфляция 2,5 пайызды
құрап, малайлықтардың жылдық табысы 5300 доллардан айналды. Есесіне
Қазақстан Филиппин (мұндағы жан басына шаққандағы жылдық табыс-1200
доллар), Таиланд (2000 доллар), Иран (2900 долар), Египет (1300 доллар),
Вьетнам (670 доллар), Алжир (2900 доллар), Иордания (2200 доллар), Украина
(2000 доллар) Румыния (5000 доллар), Латвия (6000 доллар), Болгария (3900
доллар), Литва (7000доллар), Бразилия (5000 доллар), Аргентина (5100
доллар) және Түркия (4800 доллар) секілді елдердің алдын орап отыр.
Өйткені, 2007 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 8,6 пайызды құралды, бұл
адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 6560 АҚШ долларына дейін
жеткізуге мүмкіндік береді.
Индустриялық – инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі
атқарылуға тиісті міндеттер:
- елдегі индустриялық-иннвациялық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл
саладағы іс шаралар Қазақстанның Даму банкі мен Қазақстандық
инвестициялық және иннвациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған
жұмыстарды қаржыландыртаын болады;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инивациялық дамудың
мақсаттарына сай қайта құру. Бұл білім ғылым қаржы фискальдық және
тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған
жаңа бағыт –экономиканың индустриясы мен иннвациясын дамытуға жағдай
жасау саясаты;
- индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау, мемекеттік
және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру.
Қазақстанда инновациялық дамудың үлгісі біртіндеп қалыптасып келеді,
сондықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық ғылыми-
техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің
тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында
кластерлер желілерінің құрылымына көптеп қолдау көрсетілуде.
Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра
отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол женткізудің
бірегей тәжірибесі болып табылады. Сонымен қатар нарықтық және сараптамалық
трансферт пен ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлует
елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да.
Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде
де қолданысқа енгізілетін болды.[11]

2. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тәуелсіздік бағыттағы жалпы
ішкі өнімнің динамикасын талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы ЖІӨ-нің негізгі көрсеткіштері

Тарих сахнасында жеке Қазақстан деген атпен мемлекет атанғанымыздың
20 жылдығы қарсаңында жолданған бұл Жолдау еліміздің 20 жылда жүріп өткен
жолын бағамдап, бағдарлай отырып, биылғы стратегиялық мақсатымызды айқындап
берді. Президент осы жиырма жылда Қазақстан экономикасының қарыштап
дамығандығын айта отырып, өзгелерді деміктіріп кеткен дағдарыстың Қазақстан
экономикасын айналып өткендігін баяндады. 1994 жылы жан басына шаққандағы
ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл ғана асқан болса, 2011 жылдың бірінші
қаңтарында бұл көрсеткіш 12 есеге дейін артып, 9 мың долларға жеткен. Бұл
деңгейге 2015 жылы жету жоспарланған еді деді Елбасы.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, тәуелсіздігін алған жас мемлекеттердің
ешқайсысы алғашқы 20 жылдықта бұндай табысқа қол жеткізбеген екен.
Президент 2010 жылғы халыққа Жолдауында Индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасын жариялағанын айта отырып, оның өзіндік нәтижесі бар екенін де
тілге тиек етті: Біз бір жыл ішінде 152 кәсіпорынды пайдаға беріп, 24 мың
қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз еттік дей отырып: 2014 жылға дейін
құны 8,1 триллион теңге тұратын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру
жоспарлануда. 161 мың тұрақты жұмыс орны мен құрылыс кезінде 207 мың жұмыс
орнын жасау көзделіп отыр деп жалғастырды Жеделдетілген экономикалық
модернизация атты бірінші тарауында. Айталық, онда 2020  жылы Ішкі жалпы
өнімді 30 пайызға арттыру, Ұлттық қордың Ішкі жалпы өнімдегі активтері 30
пайыздан кем болмау, экономиканың шикізат емес секторында отандық және
шетелдік инвесторлардың инвестициясын 30 пайызға дейін,  ішкі жалпы
өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға дейін, ауыл
шаруашылығының еңбек өнімділігін 2014 жылға дейін екі есеге, 2020 жылға
дейін 4  есеге дейін арттыру көзделген. 2020 жылы адам саны 18 миллионға
жуықтайды деп болжанады жолдауда.  [15]
Индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу
қарқынын жылына кемінде 8-8,9 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы Жалпы ішкі өнім көлемін 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташ жылдық өсу
қарқынын 8-8,4% дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек
өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және Жалпы Ішкі өнімді энергия
сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Стратегияны іске асыру нәтижелері 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын
қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсіптік өндірістің
құрылымын түбегейлі өзгеріске ұшыратпайды.
Стратегияны іске асыруға: Жалпы Ішкі өнім құрылымында өнеркәсіптің
үлестік салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52%-ке дейінгі мөлшерде ұлғайтуға;
Жалпы Ішкі өнім құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің
үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға;
Жалпы ішкі өнім құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу
қарқынан 2000 жылғы 13,3%-тен 2015 жылы 12-12,6% дейін төмендеуін
бәсеңдетуге индустриялық саясат жүргізілмесе, 2015 жылы 10,9%-ті құрайтын
еді.
Сонымен қатар стратегия іске асырылмаса, өнеркәсіптік өндірістегі кен
өндіру салаларының қосылған құнның үлесі, оның ішінде мұнай өндіру 2000
жылғы 31,0 және 25,6 % қарағанда 2015 жылы тиісінше 55-56% және 50-51%-ке
жетуі мүмкін. Стратегияны іске асыруды есепке алғанда көп қажет ететін және
жоғарғы технологиялық өндіріс орындарының үлесі 2000 жылғы жалпы ішкі өнім
0,1%-нен 2015 жылы 1-1,4%-ке дейін артады.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігімізді шынайы түрде баяндауда
халықтың әлеуметтік жағдайын жылдам қарқынды түрде көтеру жолында
республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып экономикалық
мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау
халықытң игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.
Аталмыш стратегияның екінші көздеген мақсатын жоғарыда атадық. Ол жаңа
экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз - білім мен ғылым негізінде
дамыған экономика, яғни тек өнім тауар шығаратын экономика емес, білімге
білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология
туғызып, соның негізінде дамитын экономика.
Сондықтан да ол бұрынғынмен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы.
Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.
Бізде жаңа экономика мәселелері те ктұрақты даму жолына түскенде
көтеріле бастады. Адам капиталын дамыту мақсатымен білім саласының 5 жылдық
бағдарламасы жасалып ол орындалып жатыр. Президент атап көрсеткеніндей
таяу жылдарда ғылым саласына мемлекет тарапынан бөлінген қаржы 25 есе өсуі
керек. Қазіргі таңда барша әлемді шарлап жаңа технологиялар іздеу
қамындамыз. Мұнай химиясы өндірісі саласында, құрылыс материалдары, тағы да
кейбір өндіріс салаларына жаңа өте тиімді технологиялар әкелу ісі басталды.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, кластерлік даму үлгілері де
осы жаңа экономиканың тәсілдерін игеру мақсатымен жасалып отыр. Қорыта
айтсақ бұрынғыдан да тиімді, жаңа экономика жасау бізден көп алға кеткен
елдерге жақындау жолындағы ең маңызды қадамымыздың бірі болып отыр. Болашақ
та да осы нысана біздің жолымыздың түпкі мақсаты болады.
Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық
дамуы бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны
емес, бұл экономиканың өсуі, яғни ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан өсуі.
Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға арналған
стратегиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы
салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа
бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақмерзімді
стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін
және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға
аударылатын болады.
Инновацияның яғни жаңалықтың жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа
енгізілген дүниенің халыққа берері мол болады.
Шағын және орта бизнесті дамытуда өзекті элемент болып табылады.
Бюджет табысының проценттік ставканы көтеру есебінен емес, салық салынатын
базаны кеңейту және салық төлеушілерді қамту есебінен көбейіп отырғанын
атап көрсетуге болады. Кәсіпорындар үшін ойластырылған жеңілдік жүйесі
жұмыс істейді, сондықтан бизнесті ашық жүргізу тиімді. Бюджеттің 70 пайызы
дағдарысты 1998 жылдың өзінде салық есебінен толықтырғаны кездейсоқ емес
[24].
Қазақстанда соңғы үш жыл бойына ғылымға бөлінген қаражат көлемі ЖӨІ-ге
қатысты 0,3% деңгейінде қалып отыр. Бұл көсреткіш Швецияда 4%, Ресейде,
Германияда, Жапонияда 3%. Ұлыбритания мен Франция елдерінде 2%, Ресейде 1,5-
1,9%, Украинада 1,2-1,3% құрайды. Бюджеттік қаражаттар құрылымындағы
ғылымға бөлінген қаражаттардың үлесі Қазақстанда 50%-ға жуық. Әзірбайжанда
71-74%, ал Ресейде 60%-ды құрайды. Бұл мәліметтер ғылымды дамыту бағытында
бөлінетін бюджеттік қаражаттарды өсіру қажеттіліктерін көрсетеді. Ғылымға
бөлінетін қаражаттарды конкурстық негізде бөлудің тиімділігі, мемлекеттік
бірлестіктер, технопарктер, технополистер, бизнес инкубаторлар,
университтер мен өнеркәсіптердің инновациялық аймағын, жоғары технологиялық
аймақтар құру, ғылымның ұйымдастырушылық нысандарын дамытып, оларыдң
өндіріспен байланыстарын күшейтуге болатындығы әлемдік тәжірибеден де
белгілі. 2006 жылы Қазақстанда құрылған технопаркке арнайы экономикалық
аймақ АLАТАU ІТ-СІТU паркін жатқызуға болады. Бұл ІТ паркі аумағында жұмыс
жасайтын барлық ақпараттық және телекоммуникациялық компаниялар үшін
жеңілдетілген салық және кеден режимдері бар арнайы экономикалық аймақ
болып табылады. Алдағы уақытта бұл паркте жалпы халыққа қол жетімді бағасы
36 мың теңгені құрайтын персональды компьютерлер шығару жоспарлануда. Бұл
шаралар мемлекеттің электронды үкімет бағдарламасын жүзеге асыруды
көздейді.
Жалпы Қазақстанның әлемнің дамыған 50 бәсекелес елдерінің қатарына кіру
стратегиясында ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін қалыптастыру
жолында негізгі инновациялық контурларды бөліп қарастырған дұрыс.
Әлемдік тәжірибеде қазіргі кезде үш біршама маңызды инновациялық контур
ретінде информатика, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салалары
қарастырылады.
Соңғы жылдары әлеуметтік мәселелрді шешу, жергілікті бюджеттің ролі
арттыра түсуде. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін
жергілікті бюджет қорының жетіспеушілігі салдарынан трансферттер,
бағдарламалар, бюджеттік несиелер сияқты реттеуші механизмдерді пайдалануды
мәжбүр етті.
Ал Қазақстанның әлеуметтік аясын қаржыландыру механизмінің
ерекшелігіне тоқталатын болсақ 1999 жылға дейін негізгі қаржыландыру көзі
болып бюджеттен тыс қорлар, яғни зейнетақы әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен
қамту, міндетті медициналық сақтандыру ссияқты қорлары есептелді.
Ал бүгінгі таңда мұның бәрі әлеуметтік салықпен ауыстырылған және
қаржыландырудың негізгі көзі болып мемлекеттік және жергілікті бюджет көзге
түседі. Осы әлеуметтік аяны бюджетпен қаржыландыру қажеттілігі, қоғамдық
тауар ретіндегі әлеуметтік қызметтердің қасиететріне және олардың еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы роліне тікелей байланысты. [11]
Қазіргі уақытта бюджеттік қаржыландыруды шектеу, әлеуметтік аядағы
мекемелердің атқаратын нарықтық қызметін кеңейтудің тұрақты тенденциясын
қалыптастырады. (1 кесте)
1-кесте. ЖӨӨ халықтың жан басына шаққандағы өзгеруі, мың тг.

Қалалар, өңірлер 2003 ж. 2010 ж.
Солтүстік өңір 253 996
Батыс өңірі 596 2 824
Шығыс өңірі 229 909
Солтүстік өңір 160 657
Орталық өңір 334 1 367
Астана қаласы 597 2 668
Алматы қаласы 696 2 786
Ел бойынша 309 1327
Ескертпе: Ө. Нұрғалиев “Қазақстанға қандай даму үлгісі қажет”.
Аль – Пари 2007 жыл № 5 – 6

Отандық экономиканың қайта дәуірлеуі мен жаңаруын өндіріске жаңа
технологиялардың белсене ендірілуі қамтасыз етуде. Ал жаңа технологиялар
ескірген әдістер мен әдістемелер бойынша білім алған мамандардың қажеттігін
азайтады, юірте-бірте жоққа шығарады.
Мұндай мамандардың өз білімін дер кезінде жетілдірілмеуі экономиканың
серпінді дамуына, прогресшіл құрылымдық ілгерілеулерге кедергі келтіреді.
Өзінің бәсекелестік ұстанымдарын нығайтуға бағдарланған кәсіпорындар
білікті мамандардың жоқтығынан жаңа технологияларды игеруде, қажетті
өнімдер шығаруда елеулі қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте еңбек
рыногынан кадрлар іздеудің бұрынғы әдістері де дұрыс нәтиже бермеді.
Бір де бір оқу орны мен салалар мен өндірістер бейінінің,
кәсіпорындардың техникалық-технологиялық деңгейінің өзгеруін толы мәнінде
ескере алмайды. Қажетті ақпаратты алу қиындық туғызып отырғанда
республиканың жоғары оқу орындарында мақсатта тұрғыда оқытуды жолға қоймау
жұмыспен қамтылмаған жастар санын ұлғайтатыны анық.
Дамыған елдерде бұл проблеманы шешу үшін өндіріс пен бейіндік оқу
арасындағы өзара қатынастың жаңа философиясына көшкен. Оқу орындары
технологиялық дамудың осы заманғы үрдісін болашақ нұсқаларын ескере отырып,
кадрлар кең тұрғыдағы бейіндік даярлауды мақсат еткен.
Қазіргі кезде колледждермен және жоғары оқу орындарымен ықпалдасатын
жүздеген кәсіпорында жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ендіруге
қатысады. Мұндай жұмысты кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықта атқаратын
оқу орындарының тәжірибесі үлгі етерлік.
Жоғары мектеп жалпы және арнаулы білім алуды, таңдап алған мамандықты
игеру қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұлар жұмыс орнының
мамандануы өзгерген жағдайда мйрықша қажет. Жаңа мамандықтар бұрынғыға
қарағанда барған сайын интеграцияланған бола түсуде, мұның өзі аралас
мамандықтарға немесе қызметтің басқа саласына көшкенде біліктілігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде елімізде 750 мыңнан астам студент жоғары білім алуда.
Өндірістер мен олардағы технологиялардың жедел өзгеруі ғылыми технологиялық
және ағартушылық ақпараттың ескіру үрдісін айтарлықтай жеделдетіп жіберді.
Ал енді ақпаратты игеру тұрғысында артта қалушылық өндіріске толыққанды
қатысуды қиындатады. Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту жүйесін, бейне
кітапханалар, журналдар жүйесін енгізу ғылым мен білімнің барлық
саласындағы ең соңы новацияларға қол жеткізу мүмкіндігін арттырды.
Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ
мақсат. Өйткені әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен
тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам
құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі
мемлекеттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке
байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру
мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын
үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу
мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде ұлттық дамудың келешектегі
баста мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер
қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея.
Қорыта келгенде айтарымыз, тұрақты экономикалық даму траекториясымен
келе жатқан Қазақстан таяу жылдары алдына әлемдегі 200-ге тарта елдердің
арасына дамыған 50елдің қатарына енуді мақсат етіп отырғандықтан, ол үшін
Бүкіләлемдік экономикалық форумның әдістемесі бойынша техналогиялық және
инноватциялық даму бағыттарын жетілдіру керек. Оның нәтижесі ішкі шикізат
байлықтарын ел ішінде өңдеу, ұлттық бизнесті қалыптастыру, көлеңкелі
экономиканы азайту мен салық жүйесін жақсарту арқылы ЖІӨ көрсеткішінің
жоғарылай беруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ЖІӨ көрсеткішінің алдағы
уақыттарда да жоғарғы деңгейде болуы- республиканың экономикалық басты
мақсаттарының бірі.
Экономикалық өсуді өлшеуде қолданылатын ЖІӨ көрсеткіші көбінесе осы
уақытқа дейін экстенсивті түрдегі экономикалық өсуге байланыстыдамып келсе,
ендігі инновациялық экономикалық жағдайында интенсивті түрдегі дамуға
жедел бетбұрыс жасауы және қажет.[17]

2.2. Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің салалық құрылымын
талдау

Сарапшылардың Қазақстанға қатысты келесі бір назар аударатын дерегіне
тоқталсақ, олардың болжамынша, қазақ елі экономикалық дамуы жөнінен
Малайзияға жақындады. Мысалы, Халықаралық беделді сарапшылар аталған елде
жалпы ішкі өнім 2006 жылы 141 миллиард долларға жетті. Инфляция 2,5 пайызды
құрап, малайлықтардың жылдық табысы 5300 доллардан айналды. Есесіне
Қазақстан Филиппин (мұндағы жан басына шаққандағы жылдық табыс-1200
доллар), Таиланд (2000 доллар), Иран (2900 долар), Египет (1300 доллар),
Вьетнам (670 доллар), Алжир (2900 доллар), Иордания (2200 доллар), Украина
(2000 доллар) Румыния (5000 доллар), Латвия (6000 доллар), Болгария (3900
доллар), Литва (7000доллар), Бразилия (5000 доллар), Аргентина (5100
доллар) және Түркия (4800 доллар) секілді елдердің алдын орап отыр.
Өйткені, 2007 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 8,6 пайызды құралды, бұл
адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 6560 АҚШ долларына дейін
жеткізуге мүмкіндік береді.
2010 жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі (есепті деректер бойынша) ағымдағы
бағаларда 21 815 517,0 млн. теңгені құрады және 2009 жылмен салыстырғанда
салыстырмалы бағада 7,3% - ға өсті. Жалпы ішкі өнім құрылымында қызметтер
өндірісі 51,7% тауарлар - 45,1%, құрайды. 2010 жылғы қорытындылар бойынша
елдің ЖІӨ құрылымында қызмет көрсету 52,8% болды. Елдегі көлік және
байланыс бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің ең көп үлесі Алматы, Астана
және Солтүстік өңірге тиесілі. Бұл ретте қаралып отырған кезеңдегі
көрсеткіштің тұрақты өсуі Алматы қаласында ғана байқалды. Тауар айналымының
жалпы көлемінде 2010 жылы басым үлеске Алматы ғана ие болып отыр – 40,9%.
Елдің тауар айналымындағы ең көп үлес Шығыс өңірінде – 6,3%.
Дамудың сыртқы жағдайларын ескере отырып, 2011 – 2015 жылдары
Қазақстан экономикасы келесі ішкі факторлардың әсерінен дамитын болады.[8]
Әлемдік экономиканың жандануына және Қазақстанның экспорттық
өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына қарай өнеркәсіп өндірісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Пәндер