АҚАЖ (ЗАГС) бөлімінің құжат айналымын автоматтандыру


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . .
5
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру . . .
7
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Деректер қорын басқару жүйесі . . .
7
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Мәліметтер қорын жобалау… . . .
24
МАЗМҰНЫ: 1. 3
Delphi визуалды бағдарламалау . . .
31
МАЗМҰНЫ: 1. 4
Логикалық және физикалық модельдер . . . …… . . .
48
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2. АХАЖ автоматтандырылған жұмыс орны . . .
56
МАЗМҰНЫ: 2. 1
BDE технологиясы . . .
56
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде ADO технологиясы . . .
59
МАЗМҰНЫ: 2. 3
Delphi-SQL сұранысын құру . . .
71
МАЗМҰНЫ: 2. 4
Бағдарламалық комплексті сипаттау
79
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . .
82
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
83
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Қосымшалар . …
84


Қысқартылған сөздер

БҚ - Бағдарламалармен қамтамасыздандыру

БТ - Бағдарламалау технологиясы

АЖ - Ақпараттық жүйелер

ДҚ - Деректер қоры

МБ - Мәліметтер базасы

МҚБЖ - Мәліметтер қорын басқару жүйесі

ОЖ - Операциялық жүйе

МҚ - Мәліметтер қоры

ДК - Дербес компьютер

АХАЖ- Азаматтық хал актілерін жазатын

КІРІСПЕ

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде, үлкен көлемдi мәлiметтермен жұмыс iстейдi. Яғни, түрлі берілгендерді дайындау, оларды өндеу, сақтау жиі кездеседі. Осы кезде компьютер технологиясын қолдана отырып сол обьектiлердiң мәлiметтерiн басқаратын бағдарлама түзуге болады. Қазiргi кезде үлкен көлемдi мәлiметтердi сақтауға және оларды өңдеуге арналған мәлiметтер базасының түрлерi өте көп. Олардың әрбiреуiнiң түрлi объектiлермен жұмыс iстеу ерекшелiктерiне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрiнiң өзгешелiгiне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешенi қалыптасқан. Сондықтан бiзге бiр ғана мәлiметтер базасын басқару жүйесiн қарастырсақ жеткiлiктi.

ХХ ғасырдың соңғы үш он жылдығы білім көлемінің және қоғамда айналымдағы ақпарат ағындарының бұрын болып көрмеген өсімімен сипатталады. Бұл күндері бұл ағындардың қуаты мен динамикасы соншалықты, оларды адам баласы қазіргі информатика құралдары мен жаңа жоғары тиімді ақпараттық технологияларды пайдаланған жағдайда ғана меңгере алады.

Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлі, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен медициналық диагноз қою т. б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуды электронды-есептеуіш мәшинелерсіз (ЭЕМ-сіз) ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет.

Бізді қоршаған ортада әрқашан қозғалыста болатын ақпараттар жиындары өте үлкен. Уақыт өтуімен олар арту тенденциясына ие. Сондықтан кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыстарды қамтамасыз ететін мәліметтерді басқару мәселесі туады. Кейбір ұйымдар бұл үшін папкалардан тұратын шкафтарды пайдаланады, бірақ көпшілік ұйымдар компьтерленген мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Қазіргі күнде көпшілік компаниялар, қаржы ұйымдары, өнеркәсіптер, сауда-саттық және т. б. ұйымдар мәліметтер қорынсыз жұмыс істеуі өте қиын. Үлкен көлемдегі сақталған ақпараттарды қолдану, жүйелік құрылғылардың дамуынан басқа, мәліметтерді тасымалдау құралдары, жады үшін адам мен ЭЕМ арасында диалогты қамтамасыз ететін, файлдарды оқу үшін, сақталған мәліметтерді модификациялауда жаңа мәліметтерді қосу немесе сақталынған мәліметтер негізінде шешім қабылдау үшін мүмкіншіліктер туғызуы керек. Бұл функцияларды қамтамасыздандыру үшін мәліметтер қорын басқару жүйесі деген мамандандырылған құрал енгізілген. Қазіргі заманғы МҚБЖ (Мәліметтер қорын басқару жүйелері) - ақпараттар массивін басқаруда бір немесе бірнеше қолданушылардың бір уақыт ішінде жұмыс істеуіне бағытталған мәліметтер қорын басқарудың көп қолданушылар жүйесі.

Ақпараттандыру концепциясының негізгі идеясы қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына ақпарат пен жаңа ақпараттық технология әсерінің өсе түсуі болып отыр. Осы жерде екі ұғымның түсінігін анықтау мәселесі туады - информациялық ұқыптылық және компьютерлік сауаттылық. Бұл екі ұғымды жиі алмастыру байқалады. Бірақ, алғашқы ұғымның арнасы кеңірек, ол информацияның қай жерде және қандай түрде сақталатынын біле отырып, информацияны табу қабілетін ғана емес, сонымен қатар, ол нақты қандай ақпарат, ол қалай классификациаланып, жөнделген, оны қалай пайдалануға болады және ең бастысы белгілі бір жағдайда ол байлық табу жолында қандай үлес қоса алады деген мәселелер туралы нақты біле алады. Ал мұндай ой еңбегі тек жалпы білімде ғана емес, арнайы дайындықты да қажет етеді. Екінші жағынан, әрбір қоғамның ақпараттандыру деңгейі информация саласында жұмыс істеушілер санымен анықталады. Сондықтан да, жан - жақты білімді және компьютерлік сауатты мамандар дайындау қазіргі заманның үлкен қажеттілігі болып отыр.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстанда кейбір АХАЖ бөлімдері әлі де құжаттарды қағаз жүзінде іске асырады, сондықтан АХАЖ бөлімінің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін арнайы бағдарлама құрылды, бұл бағдарлама қызмет көрсетуді барынша автоматтандырады, сонымен қатар қызмет көрсету бағдарламаларының интерфейсін жаңартып отыру қажет. Жаңа ақпараттық технологияны дамыту Елбасымыздың қойып отырған талаптарының бірі болып саналады. Осы саланы компьютерлендіру, АХАЖ бөлімінің жұмысын автоматтандыру оның әрі қарай дамуына өз септігін тигізуі сөзсіз.

Диплом жұмысының мақсаты кез-келген АХАЖ бөлімдерінде құжатты рәсімдеуде пайдалануға болатын бағдарлама құру.

Жұмыстың құрылымы:

Диломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарау теориялық мәліметке арналған. Ол «Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру» деп аталады. 1-ші тарау 4 тақырыпшадан тұрады. Деректер қорын басқару жүйесі, Мәліметтер қорын жобалау, Delphi визуалды бағдарламалау, Логикалық және физикалық модельдер қарастырылады. .

Екінші тарауда орындалатын жұмыстың сипаты, бағдарлама бөлімі беріледі. Бұл тарау АХАЖ автоматтандырылған жұмыс орны деп аталады. Ол да төрт тақырыпшадан тұрады: BDE технологиясы, Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде ADO технологиясы, Delphi-SQL сұраныс құру және бағдарламалық комплексті сипаттау

Сонан соң қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалар беріледі.

І. Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру

  1. Деректер қорын басқару жүйесі

Ақпараттық жүйелер бастапқы күйде тұрақты бар ақпаратты сақтауға, таңдауға және модификациялауға бағытталған. Ақпарат құрылымы өте күрделі, бірақ деректер құрылымы әртүрлі ақпараттық жүйелерде түрлі болып келеді, олардың арасында көп ұқсастық болады. Бастапқы кезеңде қолданылатын есептеу техникасының ақпаратты басқару үшін деректер құрылымының мәселелері әр ақпараттық жүйеде жеке шешілді. Файлдық жүйелерге (программа кітапханасы) қажетті қалпына келтірулер жүргізілді, осыған ұқсас компиляторда, редакторда жасалынатын және т. б. Бірақ ақпараттық жүйелер күрделі деректер құрылымын талап етеді, бұл деректерді басқарудың жеке қосымша құралдары ақпараттық жүйенің маңызды бір бөлігі болып табылады және практика жүзінде бір жүйеден екінші жүйеге қайталанады. Біздің көз қарасымызға қарай, күрделі құрылымды деректерді басқаруға жауапты ақпараттық жүйенің жалпы бөлігін ерекшелеп және жалпылай көрсетуге тырысқанымыз ДҚБЖ құруға себепкер болды. Жақын уақытта белгілі болды, базалық файлдық жүйе тарататын деректерді сақтаудың күрделі әдістеріне жалпы программалардың кітапханасыз болмауға мүмкін емес.

Деректер келісімі түсінігі деректер қорының кілттік түсінігі болып табылады. Шындығында, егер ақпараттық жүйе (тіпті қарапайым, біздің мысалдағы сияқты) бірнеше файлда келісілген ақпаратты сақтауды ұстайды, оны деректер қорын ұстайды деп те айтуға болады. Егер деректерді басқарудың кейбір көмекші жүйесі олардың келісімін қамтамасыз етіп, бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, онда оны деректер қорын басқару жүйесі деп атауға болады. Бірнеше файлдарда деректердің келісім талабы функцияның кітапханасынан тыс бола алмаса: мұндай жүйеде деректер тұтастығын анықтайтын жеке деректері мен білімі болуы керек.

Бірінші өркендеген файлдық жүйе 360 сериясы үшін IBM фирмасымен құрылған. Қазіргі уақытта ол ескірген, біз оны қарастырмаймыз. Ескеріп кетеміз, бұл жүйеде таза түрде тізбектелген, индексті-тізбектелген файлдар ұсталынған, ал үлестіру көп жағдайда жақында пайда болған дискілік құралдарды басқарудың бақылаушыларна сүйенді. OS/360-тағы файл түсінігі негізгі абстрактілі түсінік болып таңдалды, оған кез келген сыртқы құрылғылармен қоса сыртқы объект сәйкес келді, бірақ пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу ыңғайсыз болды. Детальмен толтырылған конструкциялар қатары талап етілді. Осының бәрі отандық аналогты IBM компьютерлерін қолдану арқылы өткен, ортаңғы және жоғары буындағы программисттерге белгілі.

Жақсы тәсіл іздеудің белсенді әрекеті және ақпарат көлемінің күрт өсуі, 60 жылдардың басында «Деректер қорын басқару жүйелері» (ДҚБЖ) деп аталатын арнайы программа комплексін құруға әкеліп соқты. ДҚБЖ жалпы ерекшелігі - оның деректердің өзін енгізу және сақтау ғана емес, сонымен бірге оның құрлымын сипаттайтын процедурасы бар. ДҚБЖ басқаруында болатын және онда сақталынатын деректер жазбасымен қамсыздандырылған файлдарды, деректер банккі деп атады, содан соң " Деректер қоры " (ДҚ) .

ДҚБЖ кез келген пайдаланушымен деректерге қатынау мүмкіндігін беру қажет, олардың білгісі келмейді:

  • деректер жадысында орналасуы және оның сипаттамасы жөнінде;
  • сұраныс деректерін іздеу механизмі жөнінде;
  • көп пайдаланушылармен (қолдаңбалы программа) бір деректі бір уақытта сұраныс жасау кезінде пайда болған мәселелер жөнінде;
  • рұқсат етілмеген қатынау және (немесе) нақты емес жаңартудан деректерді қорғауды қамтамасыз ету тәсілдері жөнінде;
  • деректер қорын актуальды күйде ұстау және ДҚБЖ басқа функциялары жөнінде.

ДҚБЖ осы функциялардың негізгісін орындау кезінде деректердің әртүрлі сипаттамасын қолдану қажет. Мұндай жазбаларды қалай құру керек? Расында, деректер қорының жобасын пәндік саланы талдаудан бастау керек және оған жеке пайдаланушылар талабын қою (деректер қоры құрылатын ұйым қызметкерлері үшін) . Бұл процесс төменде қарастырылады, ескертіп кетеміз, жобалау адамға тапсырылады (топ тұлғасына) - деректер қорының әкімшілігіне (ДҚӘ) . Ұйымның арнайы белгіленген қызметкері, сол сияқты деректер қорын пайдаланушысы және деректерді өңдеуші машинамен таныс болуы керек. Пайдаланушы сұранысы нәтижесінде алынған деректер қоры құрамын біріктіре отырып, ДҚӘ алғашқыда құрылатын деректер қорын формальды емес сипаттамасын құрады. Бұл сипаттама деректер қоры жобасымен айналысатын адамдарға түсінікті нақты тілдерді, математикалық формулаларды, кестелерді, графика және басқа құрылғыларды қолданып орындалғандықтан деректердің инфологиялық моделі деп атайды.

Сурет 1. 1. - Деректер моделінің деңгейі

Мұндай адамға-бағытталған модель толығымен деректерді сақтау ортасының физикалық параметрлеріне тәуелді. Сонда мұндай орта ЭЕМ емес, адам жадысы болып келеді. Сондықтан инфологиялық модель өзгерісті талап етпегенге дейін өзгермеу керек, бұл модель пәндік сала көрінісін береді. 2 - суретте көрсетілген қалған модельдер компьютерлі-бағдарланған болып келеді. ДҚБЖ көмегімен, олардың физикалық орналасуына қарамай, программа мен пайдаланушыға аты бойынша сақталынған деректерге қатынауға мүмкіндік береді. Керекті деректер ДҚБЖ сыртқы еске сақтау құрылғыларымен деректердің физикалық моделі бойынша ізделінеді. Көрсетілген қатынау нақты ДҚБЖ көмегімен іске асырылады, онда модельдер осы ДҚБЖ деректерді сипаттау тілінде сипатталу керек. Деректердің инфологиялық моделі бойынша ДҚӘ құрылатын мұндай сипаттамасын деректердің даталогиялық моделі деп атайды. Үшдеңгейлі архитектура (инфологиялық, даталогиялық және физикалық деңгейлі) қолданатын програмалардан тәуелсіз сақталу деректерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ДҚӘ қажет болған кезде сақталынған деректерді басқа ақпаратты жеткізгіштерге жазады және (немесе) деректердің физикалық моделін өзгертіп, оның физикалық құрылымын қайта ұйымдастырады. ДҚӘ жүйеге жаңа пайдаланушылардың кез келген санның толтырады, егер керек болса датологиялық модельді. Физикалық және даталогиялық модельдің көрсетілген өзгертулері жүйенің пайдаланушыларымен белгіленбейді (олар үшін "мөлдір" болуы мүмкін), сол сияқты жаңа пайдаланушыларда белгіленбейді. Сонымен қатар, деректер тәуелділігі бар қосымшаларды бұзбай деректер қорының жүйесін өркендеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мәліметтер қоры туралы түсінік 60 жылдардың соңында пайда болды. Бұдан алдын мәліметтерді өңдеу саласында мәліметтер файлы және мәліметтер жиыны жайлы айтылатын болған. ЭЕМ-нің үшінші ұрпағы пайда болғанға дейін (олардың алғашқылары 1965ж. орнатылды) мәліметтер өңдеудің бағдарламалақ қамтамасыздандыруы тек мәліметтерді енгізу-шығарумен ғана шектелген болатын. Мәліметтер қорын ұйымдастыруды қолданбалы бағдарламаларды жазғанда қарау керек болды, бұл қарапайым әдіспен жасалды, яғни мәліметтер тізбектелген файлдар ретінде магниттік лентаға сақталды. Мәліметтер тәуелсіздігі жоқ болатын. Егер мәліметтерді ұйымдастыру немесе еске сақтау құрылғылары өзгергенде, қолданбалы бағдарламашы сәкесінше бағдарламаларды өзгерту керек болды, оларды қайта компиляциялап, қою қажет болады. Файлды жаңалау үшін, қайтадан жаңа файл құру керек болатын. Бұрынғы файл бастапқы файл ретінде сақталып тұратын. Бұрынғы нұсқасы сақталатын, кейде одан бұрынғы нұсқалары да сақталатын. Бірнеше файл бір бағдарлама үшін пайдаланалатын. Басқа бағдарламалар үшін де сол мәліметтерді қолданды, бірақ басқа формада, басқа өрістермен сондықтан да, бір мәліметті пайдаланып, бірнеше файлдар құрылатын болған. Нәтижесінде жүйеде артық мәлімет пайда болды, бір мәліметі бар түрлі файлдар көп болды.

Кейде мәліметтерге өз бетінше рұқсаты бар файлдар қолданылды, ал ол файлды біртіндеп қарап шығудың орнына, қолданушыларға файлдың кез-келген жазбасына тікелей рұқсат берді. Жазбаларды адрестеу әдісін бағдарламаны жазу барысында қолданбалы бағдарламашы қамтамасыз етеді. Егер есте сақтау құрылғылары ауысқан жағдайда қолданбалы бағдарламаға көптеген өзгеріс енгізу қажет болды. Ал іс жүзінде есте сақтау құрылғыларын ауыстырмау мүмкін емес. Жаңа технология бір бит ақпаратты сақтау шығындарының барынша азаюына әкелді, ал қазіргі таңда файлдардың көлемі бұрынғы кезде қолданылған есте сақтау құрылғыларының көлемінен әлде қайда үлкен.

Екінші кезең (60 жылдардың соңы) бірінші кезеңмен салыстырғанда файлдардың табиғатымен, олар сақталған құрылғылардың өзгеруімен сипатталады. Қолданбалы бағдарламашыны аппаратураға әсер етуіне шек қою мүмкіндігін қабылдады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру тіпті олардың логикалық сипатын өзгертпей, мәліметтердің физикалық орын ауыстыру мүмкіндігін береді, тек оның негізгі файлдарының құрылымы немесе жазбалардың іші өзгермеген шарты болса. Осы кезеңге сәйкес мәліметті өңдеу әдісінің дамуы бірінші кезеңдегі тәрізді, файлдар тек бір бағдарламаға немесе бір-бірімен өте тығыз байланысқан бағдарламаларға негізделген.

Коммерциялық мәліметтерді өңдеудің дамунан мынаны көруге болды: қолданбалы бағдарламаларды, файлдарды сақтауда аппараттық тәсілдердің өзеруінен және файлдардың көлемінің өсуінен, сонымен қатар сақталған мәліметтреге жаңа өрістер және жаңа байланыстарды қосуда тәуелсіз ету болды.

Бізге мәліметтер қоры үнемі дамитын объект ретінде белгілі. Мәліметтер базасына жаңа жазбалар қоылады, ал бар жазбаларға жаңа мәліметтер элементі қосылады. Мәліметтер қорының құрылымы тіпті оған жаңа сұраныстар келіп осылған жағдайда да, оның тиімділігін арттыру және жұмыс істеуін жақсарту мақсатында өзгертіледі. Қолданушылар талаптарын және мәліметтерге сұраныс типтерін өзгертеді.

Мәліметтер базасының құрылымы файлдық құрылымға қарағанда статистикалық емес болып табылады. Сақталған мәліметтер элементтері және оларды сақтау әдістері үздіксіз өзгереді. Егер мәліметтерді ұйымдастыруға, есептеуіш жүйесінен файлдық құрылымның әрқашан өзгермеу талабы сияқты шектеу түссе, онда ол файлдың құрылымының өзгерген жағдайында бағдарламашылардың жаңа бағдарламаларды іске асырудың орнына оны өзгертуге көп уақыт жоғалтады.

Бір жағдайда мәлімет немесе жазба элементінің аты ғана хабарлануы мүмкін. Келесі жағдайда (басқа бағдарламалық құрылымның бар болғанында) ол осы мәлімет элементі бар теңестірілетін мәлімет элементінің және аттар жиынын хабарлау керек. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мәліметтермен жазбалар деңгейінде емес, мәлімет элементі деңгейінде (өрістер) байланысқан жағдайында ғана жаңа мәлімет элементтерінің жазбаларға қосылуы қолданбалы бағдарламаның өзгермеуіне әкеліп соқтырады. Бұл қиын құрылымды мәліметтердің құрылуына көп әкеледі. Бірақ жақсы мәліметтер базасының бағдарламалық қамтамасыздандырылуы бағдарламашыны қиын құрылымдылықпен байланысты қиыншылықтардан құтқарады. Шын мәнінде мәліметтер қалай ұйымдастырылғанына тәуелсіз қолданбалы бағдарламашы өзінің талаптарына сәйкес құрылған салыстырмалы қарапайым құрылымды файлды көз алдына елестету керек.

Мәліметтер қорының бағдарламалық 3 кезеңі (70 жылдардың басы) қолданбалы бағдарламашы мәліметтің физикалық құрылымын нақты құрылғыға сақтады және керісінше.

Бағдарламалық қамтамасыздандырудың деңгейіне байланысты қолданбалы бағдарламашы файл мәліметтерінің ұйымдасуын білуі керек. Бұл жағдайда ол мәліметтердің машиналық адресін беруі мүмкін. Егер мәліметтер тәуелсіздігі жоқ болса, онда қолданбалы бағдарламашыға жазбаның нақты физикалық форматын білуі қажет. Ең болмағанда, бағдарламашы өз ісінің мамны «навигаторң болуы шарт.

Қолданбалы бағдарламашының логикалық жазбаларға немесе логикалық жазбаның элементіне обращениесінің туындысы машиналық обращения 65754. Првязка деп мәліметтердің физикалық көрінісінің бағдарламамен байланысын айтады. Байланысты осы мәліметтер қолданады. Привязка процесі орындалғаннан кейін бағдарлама физикалық мәліметерден тәуелсіз болмайды.

Сонымен үшінші кезеңде:

  • түрлі логикалық файлдар бір физикалық мәліметтерден алынды.
  • Бір мәліметке рұқсат, бағдарлама талаптарына жауап бере алатын түрлі бағдарламамен, түрлі жолдармен жүзеге асырылды.
  • Бағдарламалық қамтамасыздандыруда мәліметтердің артық болуын кемітетін тәсіл болды.
  • Түрлі бағдарламаларға мәліметтер элементі жалпы болып табылды.
  • Мәліметтердің физикалық құрылымы қолданбалы бағдаламаға байланыссыз болды. Оны қолданбалы бағдарламалардың өзгеруін пайдаланбай-ақ, мәліметтер қорының тиімділігін арттыру мақсатында өзгертуге болатын болды.
  • Мәліметтер өрістермен немесе топтар деңгейінде адрестеледі.
  • Мәліметтер қорын басқару деңгейінде адрестеледі.

Алғашқы мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдануда тәжірибе жинақталғаннан кейін, тағы да қосымша тәуелсіз мәліметтер деңгейі керек екені анықталды. Мәліметтердің жалпы логикалық құрылымы әдеттегідей өте қиын, ал мәліметтер қоры көбейген сайын ол міндетті түрде өзгереді. Сондықтан да, қолданылатын көптеген қолданбалы бағдарламаларды өзгертпей, тек жалпы логикалық құрылымының ғана өзгеруін қамтамасыздадыру қажет. Кейбір жүйелерде мәліметтердің жалпы логикалық құрылымының өзгеруі оның бар болуының формасын құрайды, яғни бұл құрылым әрқашан дамуда болады. Сондықтан да мәліметтер тәуелсіздігінің екі деңгейі керек. Оларды мәліметтердің логикалық және физикалық тәуелсіздігі деп атайды.

Мәліметтердің логикалық тәуелсіздігі мәліметтердің жалпы логикалық құрылымының өзгерген жағдайында қолданбалы бағдаламалар өзгеріссіз қалатындығын білдіреді. (өзгеріс, әрине, мәліметтер базасынан қолданбалы бағдарламалар қолданатын элементерді өшіру дегенді білдірмеуі тиіс)

Мәліметтердің физикалық тәуелсіздігі мәліметтердің ұйымдасуы және физикалық орналасуының өзгеруі оның жалпы логикалық құрылымын, қолданбалы бағдарламалардың өзгеруін шақырмауы керектігін білдіреді.

Төртінші кезең мәліметтердің логикалық және физикалық тәуелсіздік идеясымен сипатталадлы; мәліметтердің логикалық құрылымы оның мәліметтердің физикалық құрылымынан және нақты қолданбалы бағдарламалардан қатты өзгешеленеді. Мәліметтер базасын бағдарламалық қамтамасыздандыру негізінен қолданбалы бағдарламашының мәліметтер жайлы сипатын жалпы логикалық сипатқа айналдырады, ал сонан соң логикалық сипатты мәліметтердің физикалық сипатына айналдырады.

Мұндай құрылым мәліметтер құрылымын бұрын мәліметтер қорын қолдануда және жетілуінде істелген жұмысты еш өңдеусіз өзгертуге максимум бостандық береді.

  • Мәліметтер қоры көп шығынсыз дамиды.
  • Мәліметтер администраторына жүктелген әдіс, оған бақылау функциясын және мәліметтер бүтіндігін қамтамасыз етуді орындау рұқсат етілген.
  • Мәліметтер қауіпсіздігін және бүтіндігін, құпия қорғанысын басқару тиімді процедуралары қамтамасыз етілген.
  • Кейбір жүйелерде мәліметтер қорында жылдам мәліметтерді іздеуді жүзеге асыратын инверторланған файлдар қолданылады.
  • Мәліметтер қоры бұрын жобада болмаған ақпараттық сауалдарға жауап бере алатындай етіп құрылған.
  • Мәліметтерді орын ауыстыруды қамтамасыздандырады.

Access-ті пайдаланатындар - көбінесе есептеу техникаларымен жұмыс істейтін, бірақ бағдарламалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл бағдарламаның оқып-үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері бағдарламаламай-ақ шешу мүмкіндігі сондай-ақ БҚ-дағы қажетті обьектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. Access-тің тағы бір артықшылығы -жергілікті желіні қолданудағы мүмкіндіктер .

Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез келген қолданушының Access бағдарламасын оқып үйренуіне және оны қолданып, БҚ-мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Access бағдарламасымен жұмыс істеу принцптері Windows жүйесіне негізделген, оның обьектілері терезе түрінде ашылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Кітапхананы автоматтандыру процесі
Кітапханашының жұмысын автоматтандыру
Кітапхана қоры негізінде мәліметтерге BDE технологиясы арқылы қатынау
Кітапхананың каталогтар жүйесі
Балалар құқығын қорғау
Мамандар бөлімінің ақпараттық деректері
Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бөлшектік сатып алудың ақпараттық ағыны
Кәсіпорынның сату бөлімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz