«Интернет ресурстары» мәліметтер қорын құру


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . . …….
: 3
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: 1 Бөлім. Мәліметтер қорына теориялық шолу жасау
:
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Ақпараттық жүйе және мәліметтер қорының негізгі ұғымдары . . .
: 5
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Мәліметтер қорын ұйымдастырудың теориясы . . .
: 10
МАЗМҰНЫ: 1. 3. Реляциялық мәліметтер қоры . . .
: 15
МАЗМҰНЫ: 1. 4 Есептің қойылымы . . .
: 25
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: 2 Бөлім. Delphi-де мәліметтер қорын құру
:
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Delphi бағдарламасына жалпы шолу . . .
: 26
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Мәліметтер қорын басқаруға арналған компоненттер . . .
: 35
МАЗМҰНЫ: 2. 3 Delphi ортасында кестелерді байланыстыру . . .
: 38
МАЗМҰНЫ: 2. 4 Мәліметтер жиынымен жұмыс істеу . . .
: 43
МАЗМҰНЫ: 2. 5 Интернет ресурстары бағдарламасын қолдану нұсқаулығы
: 53
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . .
: 62
МАЗМҰНЫ: Қолданылған әдебиеттер . . .
: 63

Кіріспе

Интернеттегі мәліметтер уақыт өткен сайын көбейіп, ұлғая түсуде. Бұл интернеттегі мәліметтердің ішінен қажеттісінде, қажетсізінде кездестіруге болады. Яғни, интернетте қажетті де құнды реусурстармен бірге қажетсіз «қоқыстар»-да өте көп. Сондықтан интернет пайдаланушыларға қажетті, құнды, қызықты сайттардың мәліметтер қорын құру өзекті жұмыстардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемде интернет ресурстарына үлкен қызығушылықтың арту себебінен, әртүрлі форматта интернет ресурстарының мәліметтер қорын құру кеңінен таралды. Осындай мәліметтер қорын құрушылар, мәліметтерді іздеу тиімділігі үшін оларды әртүрлі тақырыптарға, каталогтарға және категорияларға бөліп жасауды қарастырады.

Интернет желісінде ресурстардың көптеген каталогтары бар. Бұл ғылыми жұмыстың олардан ерекшелігі мынада, мысалы сізге қажетті ресурстар әртүрлі іздеу жүйелерінде немесе сайттарды орналасуы мүмкін, осы әр жерде орналасқан ресурстарға қатынас жасау өте тиімсіз болады, ал біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты осы ресурстарды бір қорға жинақтап пайдаланушыларға тиімді жағдай жасау болып табылады.

Ресурстарды жіктеу жұмыстарын оптимальді жүзеге асыру мақсатында, біздің құратын мәліметтер қоры 1-ші категорияларға, яғни ең жоғарғы дейгейдегі тақырыптарға бөлінеді, 2-ші осы бөлінген категорияға байланысты сәйкес тақырыптардың бөліміне осы тақырыпқа қатысты веб адрестер жазылады, 3-ші әр веб адреске қысқаша түрде қандай мәліметтер алуға болатындығы туралы түсініктеме жазылады. Категория аттары, веб адрестер және түсініктемелер МҚБЖ MS Access-те құрылған базаға жазылады.

Мәліметтер қорын құруды жүзеге асыру үшін МҚБЖ MS Access және Borland Delphi 7 бағдарламалары қолданылады. Мұндағы MS Access негізгі мәлімәттерді сақтауды, олардың бүтінділігін қамтамасыз етеді, ал Delphi 7 -де осы сақталған мәліметтерге қатынас жасайтын программаның интерфейсі құрылады. Мұндай мәліметтер қорының архитектурасы және алгоритмі пайдаланушыға өте ыңғайлы болар еді және мәліметтерді сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта кез-келген салада барлық мәліметтер компьютер арқылы өңделеді. Яғни, мәліметтер қоры құрылып, сонымен жұмыс атқарылады. Менің жұмысым, осы мәліметтер қорын құруға арналғандықтан қазіргі замандағы өзекті мәселердің бірі болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты интернет пайдаланушылар үшін, инетернеттің маңызды ресурстарының қорын жасау болып табылады. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қосымшадан тұрады. Жұмыстың бірінші тарауы - мәліметтер қорын құрудың теориясы қарастырылған. Екінші бөлімде мәліметтер қорын құруды жүзегі асыру және осыған қолданылатын Delphi 7 объектіге бағытталған бағдарламалау тілі туралы мәліметтер қарастырылған.

1 Бөлім. Мәліметтер қорына теориялық шолу жасау

1. 1 Ақпараттық жүйе және мәліметтер қорының негізгі ұғымдары

Көп есептердiң шешiмiнiң негiзiнде ақпаратты өңдеу жатады. Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшiн ақпараттық жүйелер (АЖ) жасалады. Техникалық құралдарды қолданатын, оның ішінде жеке алғанда ЭЕМ-ді қолданатын, ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған деп атауға болады. Қазiргi көпшiлiк ақпараттық жүйелер, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер болып табылады, сондықтан оларды ары қарай қысқаша ақпараттық жүйе (АЖ) деп атап кете береміз.

АЖ анықтамасының кең түсiнігі ақпаратты өңдеуiнiң кез келген жүйе болып табылады. АЖ-дың қолдану облысы бойынша мынадай қолданылатын салаларға бөлуге болады: өндiрiс, бiлiм, денсаулық сақтау, ғылымда, әскери iсі, әлеуметтiк салаға, сауда және тағы басқа жүйелер. АЖ-дың мақсаттық функциясы бойынша келесi негiзгi шартты дәрежелерге бөлуге болады: бағдарлаушы, ақпараттық-анықтама, шешiмдер қабылдауды қолдау.

Кейде ақпараттық жүйе ұғымының нақты анықтамасы кейбiр қолданбалы есептiң шешуіне пайдаланылатын аппаратты-бағдарламалы құралдар жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, қандайда бір ұйымда келесi сәйкес есептер тапсырылған ақпараттық жүйе бар болуы мүмкін: кадрлардың есепке алуы және материалдық-техникалық құралдар, жабдықтаушылар мен тапсырыс берушілермен есептесу, бухгалтерлiк есеп тағы сол сияқтылар.

Мәліметтер банкі бұл - өңделетін ақпаратты орталықтандырылған сақтау мен жинақтау функциялары жүзеге асырылған және бiр немесе бiрнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпараттық жүйенің бiр түрi болып табылады.

Жалпы жағдайда алғанда мәліметтер банкі (МҚ) келесi компоненттерден тұрады:

  • мәліметтер қоры (бiрнеше базалар) ;
  • мәліметтер қорын басқару жүйесi;
  • мәлiметтердiң сөздiгi;
  • администратор;
  • есептеу жүйесі;
  • қызмет ету персоналдар.

Қысқаша осы аталған компоненттерді және кейбiр осыларға қатысты маңызды ұғымдарды қысқаша қарап шығамыз.

Мәліметтер қоры арнайы түрмен ұйымдастырылған, есептеуiш жүйелердiң жадында сақталатын және объектілер күйін көрсететiн және олардың пәндiк облысында қаралатын өзара байланыстары бар мәлiметтердiң жиынтығы болып табылады.

Мәліметтер қорында сақталатын логикалық құрылымды мәлiметтердiң берiлуiнiң моделі деп атайды. Мәлiметтердiң берiлуiнiң негiзгi моделіне (мәлiметтердiң моделiне) келесi жатады :

Иерархиялық;

желілік;,

реляциялық;

постреляциялық;

көп өлшемдi;

объективтi-бағдарланған.

Мәліметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құруға, жүргізуге және көптеген қолданушылармен бірлесіп қолдануға арналған тiл және программалық құралдардың кешені. МҚБЖ әдетте мәлiметтердiң қолданылатын моделi бойынша танып бiледi. Осылай, мәлiметтердiң реляциялық моделін қолдануға негiзделген МҚБЖ-ні реляциялық МҚБЖ деп атайды.

Алғашқы МҚБЖның бiрi келесi жүйелер болып табылады : IMS (IBM, 1968 жыл), IDMS (Cullinet, 1971 жыл), ADABAS (Software AG, 1969 жыл) және ИНЭС (ВНИИСИ АН СССР, 1976 жыл) . Қазiргi заманғы мәліметтер қорының басқару жүйелерiнiң саны мыңдап саналады.

Қосымша қолданбалы есептерді шешуге арналған ақпаратты өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететiн бағдарламалар немесе бағдарламалар кешенi болып табылады. Біздің жұмысымызда, мәліметтер қоры қолданатын қосымшалар қаралады. Қосымшалар мәліметтер қорына рұқсат алу құралын пайдаланатын, бағдарламалау жүйесiнің көмегімен МҚБЖ-ның ортасында немесе ортадан тыс жасала алады, мысалға, Delphi немесе C++ Builder. МҚБЖ ортасында жасалған қосымшаларды, көбінесе МҚБЖ қосымшалары деп атайды, ал МҚБЖ-дан тыс орталарында жасалған қосымшаларды - сыртқы қосымша дейді.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін көбiнесе МҚБЖ-ның құралдары жеткiлiктi және қосымшаларды пайдаланбауға да болады, өйткені оны құру үшін қосымша бағдарлама құру талап етеді. Қосымшаны басты түрде мынадай жағдайларда құрады, квалификациясыз қолданушыларға МҚ-мен жұмыс істегенде қолайлығын қамтамасыз ету керек болғанда немесе МҚБЖ интерфейсі қолданушыларға ұнамаған жағдайда.

Мәлiметтер сөздiгi мәліметтер құрылымы туралы ортақтандырылған сақтауға арналған, мәліметтер қоры файлдардың өзара байланыстары, мәліметтер типі және олардың ұсыныс қалпын, мәліметтердің қолданушыларға арналған саймандары, қорғау коды және рұқсат алуға шектеу қою және т. б. ақпараттарды қамтитын мәліметтер қорының ішкі жүйесі болып табылады.

Барлық мәліметтер қорында функционалдi мәліметтер сөздігі қатысады, бiрақ әрдайым мұндай функцияларды орындайтын компонент осы аталған ақапарттың барлығын толық қамтиды деуге болмайды. Көбінесе мәліметтер сөздігінің функциялары МҚБЖ-да орындалады және жүйенiң негiзгi менюiнен шақырылады немесе оның утилиттері көмегiмен жүзеге асырылады.

Мәліметтер қорының администраторы (МҚА) дегеніміз - мәліметтер қорын оның жобалауға, құруына, тиімді қолдануына және оны бақылап отыруына мәліметтер қоры талаптарының орындалуына жауапты тұлға немесе тұлғалар тобы болып табылады. Мәліметтер қорының администраторы - МҚ пайдалану процесінде әдетте ақпараттық жүйенiң жұмыс жасалуын қадағалайды, рұқсат етiлмегенген қолданудан қорғауды қамтамасыз етеді, ақапарттың қол жетімділігін қадағалайды, мәліметтер қорында сақталатын ақпаратты сақталуын және ақиқаттығын тексередi. Әдетте, бiр пайдаланушы қолданатын ақпараттық жүйелер үшiн мәліметтер қоры администраторының функциясы мәліметтер қоры қосымшасымен тiкелей жұмыс iстейтiн тұлғаларға тапсырылады.

Есептеуiш желiсiнде МҚА әдеттегiдей желiнiң администраторымен әрекеттеседi. Желi администраторының мiндетіне желiнiң реконфигурациясы, жабдықтардың ақауы және жұмыс істемей қалғаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз етуді қалпына келтіруі, профилактикалық шараның және рұқсат шектеуiнің қамтамасыз етуі аппаратты-бағдарламаның желі құралдарының жұмыс жасауның бақылауы кiредi.

Есептеуiш жүйе (ЕЖ) қабылдау процесстерiнiң автоматтандыруын қамтамасыз ететiн, қолданушыларға ақпаратты өңдеп және шығарып береретін өзара байланысты және үйлесімді жұмыс істейтін ЭЕМ немесе процессорлар және басқа құралдар жиынтығы болып табылады. Өйткені МҚ-ның негiзгi функциялары мәліметтерді сақтау және өңдеу болғандықтан, қолданылатын есептеуіш жүйе (ЕЖ), орталық процессорлардың қуаты, сыртқы жадтың тікелей ену мен жедел жадтың көлемі жеткілікті болуы тиіс.

Қызмет көрсетушi персоналдар техникалық және бағдарламалық құралдардың жұмысқа қабiлеттi күйiнде сақтайтын функцияларды орындайды. Олар жоспар бойынша, сонымен бiрге қажетінше профилактикалық, регламенттік, қалпына келтiру және тағы басқа жұмыстарды орындайды.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бұл мәліметтер корын құру, толықтыру, өзгерту және жоюға арналған программалық құрал. МҚБЖ-ның негізгі үш түрі бар:

  • Өндірістік әмбебап бағыттағы МҚБЖ;
  • Өндірістік арнайы бағыттағы МҚБЖ;
  • Нақты бір тапсырыс берушіге арналып жасалынатын МҚБЖ.

Арнайы МҚБЖ бухгалтерлік, қоймалық, банктік және тағы да баска нақты бағыттағы мәліметтер қорын басқару үшін құрылады.

Әмбебап МҚБЖ-лардың нақты қолданыс аумағы белгіленбеген, олар «өмірдің барлық жағдайларына» есептелініп жасалынған және де барынша қиын болғандығ^ан қолданушыдан арнайы білімділікті талап етеді. Арнайы және әмбебап өндірістік МҚБЖ-ларарзан әрі тиімді және де бірден жұмыс атқаруға дайын.

Нақты тапсырыс берушілерге арналып жасалынатын МҚБЖ-лар белгілі бір шығынды болады және оларды дайындау белгілі бір уақытқа созылады. Алайда өндірістік МҚБЖ-ларға қарағанда арнайы тапсырысты МҚБЖ-лар тапсырыс берушінің жұмысының спецификасын максимальды дәрежеде есепке алады, олардың интерфейсі әдетте қолданушыларға жеткілікті түрде түсінікті және олардан арнайы білімді талап етпейді.

Өз архитектурасы бойынша МҚБЖ-лар бір, екі және үш топтық болып бөлінеді:

Біртоптық МҚБЖ-да мәліметтерді басқарудың қажетті логикасы мен олардың визуализациясын қамтамасыз ететін жалғыз топ бар. Ол - клиент.

Екітоптық МҚБЖ-да мәліметтерді басқару логикасының белгілі бір бөлігін МҚ сервері өзіне алады, ал осы уақытта клиент мәліметтердің бейнеленуін қолданушыларға тиімді түрде берілуін қамтамасыз етеді.

Үштоптық МҚБЖ-да МҚ сервері мен клиенттің арасында байланыстыру қызметін атқаратын аралық топ сервер қосымшасы қолданылады. Сервер қосымшасы клиент мәліметтердерді басқаруда және МҚ серверімен байланысты қамтамасыз етуде қандай да бір кедергілерді болдырмайды.

МҚБЖ-ның жеке бөліктерінің орналасуына байланысты жергілікті және желілік МҚБЖ-лар бар.

Жергілікті МҚБЖ-ның барлық бөліктері МҚ-ын қолданушының компьютерінде орналасады. Бір МҚ-мен бір мезгілде бірнеше колданушы жұмыс істеуі үшін әрбір қолданушы компьютерінде жергілікті МҚ-ның өз көшірмесі болуы қажет. Мұндай типті МҚБЖ-ның негізгі кемшілігі мәліметтердің көшірмесінің синхронизациясында, сондықтан да бірнеше қолданушылардың бірге жұмыс істеуі қажет болған жағдаида жергілікті МҚБЖ тіптен қолданылмайды.

Желілік МҚБЖ - ға файл - серверлік, клиент серверлік таратылған МҚБЖ-сы жатады. Мұндай жүйелердің негізгі артықшылығы компьютердің ақпараттык байланысын және бірнеше қолданушылардың бірдей мәліметтермен жалпы нсүмыс істеуін мүмкін ете алғандығында.

Файл-серверлік МҚБЖ-да барлық мәліметтер әдетте эркашанда желіге қосылған және арнайы осындай мақсатқа арналған жеткілікті күшті машинаның бір немесе бірнеше каталогында орналасады. Мұндай компьютер файл-сервер деп аталады. Осыдан МҚБЖ-ның да атауы шыққан. Мұндай типті МҚБЖ-нің негізгі артықшылығы оны құру мен қызмет етудегі қарапайымдылығында. Барлығы жергілікті желіні айналуға және оған жалғанған желілік операциялық жүйелердің компьютерлерінде орнатуға алып келеді. Біздің бақытымызға орай жұмыс істеуге сәйкес келетін клиенттік орындарда, яғни қолданушылардың компьютерінің арнайы программалық қамтамасыз етуін құру үшін Delphi дүниежүзілік аса танымал Windows операциялық жүйесінің желілік құралдарын қолдана алады.

МҚБЖ-ның жергілікті және файл-серверлі түрлерінің арасында үлкен айырмашылық жоқ екендігін байқау қиын емес, себебі олардың өз МҚБЖ-сының барлық бөліктері клиенттің компьютерінде болады. Архитектурасы бойынша олар біртоптыға жатады, бірақ кейбір жағдайларда сервер қосымшасын қолдана алады. Желіге аса ауырлық түсуі файл-серверлік жүйенің кемшілігі болып табылады. Файл-серверлік МҚБЖ он шақты клиенттік орындары бар кішігірім фирмаларда көп қолданылады. Клиент-серверлік жүйелер желіге деген ауырпалықты анағұрлым төмендетеді, себебі клиент арнайы аралық байланыспен машинада орналасатын мәліметтер қорының сервері арқылы мәліметтермен байланысады. МҚ-ның сервері клиенттен сұранысты қабылдайды да қажет жазбаны іздеп тауып, оны клиентке жібереді. Осылайша, желі арқылы қысқа сұраныс және жалғыз қажетті жазба тасымалданады, тіптен егер де мәліметтері бар сәйкес келетін файл он мыңдаған жазбалардан тұратын болса да серверге жіберілетін сұраныс арнайы структуралық сұраныстар тілінде жіберіледі (SQL - Structed Query Language) . Сондықтан да көбінесе МҚ серверлері SQL - серверлер деп аталады. МҚ серверлері түрлі фирмалармен өңделініп жасақталатын құрделі әрі қиын бағдарламалар. Мысалы, Microsoft SQL Server, Sybase SQL Server, Oracle және т. б. Interbase сервері де Delphi-мен бірге ұсынылатын Borland корпорациясы шығарған SQL сервер болып табылады. Таратылған клиент-серверлі МҚБЖ-лар жүзден мыңға дейінгі клиенттік орындардан түрады. Әдетте мұндай МҚБЖ-лар республикалық масштабтағы өнеркәсіптерде қолданылады.

1. 2 Мәліметтер қорын ұйымдастырудың теориясы

Адамзат іс-әрекетінің әртүрлі салаларындағы объектілер туралы ақпараттарды сақтау үшін есептеу техникасы құралдарын пайдалануға байланысты мәліметтер қоры туралы түсінік әрбір тұлғаға таныс. Сонымен бірге білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, банкілер және өндіріс кәсіпорындарында мәліметтер қорын пайдаланатын ақпараттық жүйелер қарқынды түрде жасалынуда.

Мәліметтер қоры бойынша практикада кездесетін мәселелерді үш бағытқа топтастыруға болады:

  • теориялық жұмыстар, мұнда мәліметтер моделімен, мәліметтер қорымен өзара байланыс және сипаттаудағы тілдік құралдары оқып зерттеледі және жасалады;
  • мәліметтер қорымен жұмыс істеуді бағдарламалық қамтамасыз ететін Мәліметтер қорын басқару жүйесін жасау;
  • мәліметтер қорын жобалау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Мәліметтер қорларын қолданған кезде, мәліметтер сипаттамалары өз бетінше орналастырылған объект ретінде және пайдаланушылар программаларына тәуелсіз түрде пайдаланады. Сипаттамалар - метамәліметтер деп аталады. Метамәліметтердің орталықтандырылған жиынтығы - мәліметтер сөздігі. Метаақпарат құрамына мәліметтер сипаттамаларымен қоса көбінесе қолдану саласы, мәліметтер қорын пайдаланушылар, жобалық шешімдер, мәліметтерге сұрау жасау статистикасы туралы ақпарат кіреді. Жалпы бұндай ақпарат жүйені жобалауда үлкен көмегін тигізеді.

Мәліметтер қорының айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары, оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

  • нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;
  • әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер қорын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
  • ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары және қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде әмбебап және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған бағдарламалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
  • техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді мәлімттер қорын құруға мүмкіндік береді.

Мәліметтер қоры құру мен жүргізу процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды. Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер қоры құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер қорының ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола алады. Бұл мәліметтер қорына мезгіл өткен сайын көңіл аударатын кездейсоқ пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы білім талап етілмеуі керек.

Мәліметтер қорын жүргізу мәліметтер қорын құруды, жүргізуді және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың бұндай тобы мәліметтер қорының администраторлары деп аталады. Мамандардың бұл тобы мәліметтер қорының құрушы бөлігі болып есептелінеді.

Мәліметтер қорының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі мәліметтер қорының масшатабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына, мәліметтер қорының типіне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі-бір дәрежеде тәуелді болады.

Мәліметтер қорының администраторларының құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер қорына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық мәліметтер қоры жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.

Мәліметтер қорының администраторлары жан-жақты функциялардың үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады. Бұл функциялардың негізгілері келесідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
WEB-САЙТТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Компьютерлік желілер туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz