Мектеп кадр бөлімінің автаматтандырылған акпараттық жүйесін кұру


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . .
3
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1. Автоматтандыру және басқарудың элементтері
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Басқару жүйесіне қатысты кибернетиқалық принциптер……
6
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Ақпараттық жүйе ұғымы және ақпараттың құрамды бірлігі . . .
9
МАЗМҰНЫ: 1. 3
Агрегат ұғымы . . .
13
МАЗМҰНЫ: 1. 4
Мәліметтер қорының жіктелуі (классификициясы) . . .
17
МАЗМҰНЫ: 1. 5
Мәліметтер қоры жайында негізгі пікірдің дамуы . . .
21
МАЗМҰНЫ: 1. 6
Мәліметтер қорының қасиеттері және оған қойылатын талаптар . . .
26
МАЗМҰНЫ: 1. 7
Қолданбалы бағдарлама пакеттері. Access . . .
30
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2. Бағдарламаның Delphі ортасында құрылуы
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Delphі тілінің басқарушы құрылымдары . . .
48
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Объекті-бағдарлы бағдарламаның элементтері . . .
59
МАЗМҰНЫ: 2. 3
Excel қолданбалы бағдарлама туралы қысқаша мәліміт . . .
64
МАЗМҰНЫ: 2. 4
Бағдараламаның сипаттамасы
68
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . .
73
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
74
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар өте үлкен қарқынмен дамуда және бұл жай барлығымызға да мәлім. Соңғы технологиялық жетістіктердің арқасында компьютерлер өміріміздің барлық саласында қолданысқа еніп, көптеген жұмыстарын жеңілдетіп, жаңа жетістіктерге жетелеуде.

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Сондықтан да біздің өмірімізбен байланысты кез-келген оқиға, кез-келген дүние автоматтандырылып, құнды ақпарат көзіне айналып, компьютер деген машинаның өңделуіне түсіп, жік-жікке бөлінуде. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі үлкен көлемдегі материалдық және шикізат ресурстарын пайдалануға негізделген индустриалды экономикадан, негізгі ресурсы ақпарат болып табылатын информациялық экономикаға өту. Информатика мамандары қоғамдағы информация рөлінің күшеюін бір ауыздан мойындап отыр. Оның статусы өзгеруде. Ақпарат бара-бара қоғамдық әл-ауқат деңгейін анықтайтын шешуші факторға айналуда. Ол бизнестің стратегиялық ресурсы болып қалыптасып келеді.

Бізді қоршаған ортада әрқашан қозғалыста болатын ақпараттар жиындары өте үлкен. Уақыт өтуімен олар арту тенденциясына ие. Сондықтан кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыстарды қамтамасыз ететін мәліметтерді басқару мәселесі туады. Кейбір ұйымдар бұл үшін папкалардан тұратын шкафтарды пайдаланады, бірақ көпшілік ұйымдар компьтерленген мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Қазіргі күнде көпшілік қаржы ұйымдары, өнеркәсіптер, сауда-саттық, оқу мекемелер, яғны мектептер және т. б. ұйымдар мәліметтер қорысыз жұмыс істеуі өте қиын. Мәліметтер қоры болмағанда олар ақпараттар көшкінінде жай ғана тұншығып қалар еді.

Үлкен көлемдегі сақталған ақпараттарды қолдану, жүйелік құрылғылардың дамуынан басқа, мәліметтерді тасымалдау құралдары, жады үшін адам мен ЭЕМ арасында диалогты қамтамасыз ететін, файлдарды оқу үшін, сақталған мәліметтерді модификациялауда жаңа мәліметтерді қосу немесе сақталынған мәліметтер негізінде шешім қабылдау үшін мүмкіншіліктер туғызуы керек. Бұл функцияларды қамтамасыздандыру үшін мәліметтер қорын басқару жүйесі деген мамандандырылған құрал енгізілген. Қазіргі заманғы МҚБЖ (Мәліметтер қорын басқару жүйелері) - ақпараттар массивін басқаруда бір немесе бірнеше қолданушылардың бір уақыт ішінде жұмыс істеуіне бағытталған мәліметтер қорын басқарудың көп қолданушылар жүйесі.

Ақпараттандыру концепциясының негізгі идеясы қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына ақпарат пен жаңа ақпараттық технология әсерінің өсе түсуі болып отыр. Осы жерде екі ұғымның түсінігін анықтау проблемасы туады - информациялық ұқыптылық және компьютерлік сауаттылық. Бұл екі ұғымды жиі алмастыру байқалады. Бірақ, алғашқы ұғымның арнасы кеңірек, ол информацияның қай жерде және қандай түрде сақталатынын біле отырып, информацияны табу қабілетін ғана емес, сонымен қатар, ол нақты қандай ақпарат, ол қалай классификациаланып, жөнделген, оны қалай пайдалануға болады және ең бастысы белгілі бір жағдайда ол байлық табу жолында қандай үлес қоса алады деген мәселелер туралы нақты біле алады. Ал мұндай ой еңбегі тек жалпы білімде ғана емес, арнайы дайындықты да қажет етеді. Екінші жағынан, әрбір қоғамның ақпараттандыру деңгейі информация саласында жұмыс істеушілер санымен анықталады. Сондықтан да, жан - жақты білімді және компьютерлік сауатты мамандар дайындау қазіргі заманның үлкен қажеттілігі болып отыр. Информатизация процесінің алдында тұрған тағы бір мәселе - қазіргі заманға сай жаппай компьютер жасап шығару, оларды телекоммуникация жүйелерімен байланыстыру. Мұндай жағдайларда информация жүйелері бизнес жүргізу құралына, кәсіпорынға немесе бөлімге айналады, Қазіргі кезде қолмен пайдаланылатын информациялық жүйе (есептеп шығару техникасының көмегінсіз) және автоматтандырылған информациялық жүйе болып бөлінеді.

Ғылыми техникалық прогресс және нарықтық қатынасқа өту процесі жоғары білімді мамандардың мамандық номенклатурасының кеңеюін талап етіп отыр. Әсіресе информациялық жүйе технологиясында білім алушылар арасында даму динамикасы өте қатты білінеді. Қазіргі кездегі информацияны қағазда емес, ЭЕМ-де сақтау анағұрлым арзан. Компьютер қолдануда мәтіндер ғана емес, чертеждер, қол жазба түріндегі документтер, фото суреттер, дыбыс жазбалары және тағы басқа сақтауға болады, яғни компьютер қандай да болсын ақпаратты жадында сақтай алады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Адамдар мектепте білім алып, тарбиеленеди. Бирақ сол білімді мектепте мұғалімдер беретіндіктен қаншама муғалімдерді жұмысқа алады. Сол кезде кадрларды алынған соң ол жерде көптеген құжаттар айналымы болады. Оларды қолмен дайындау уакыт жоғалтумен байланысты. Сонымен қатар мұғалімдер туралы барлық мәлімет мектеп үшін аса маңызды: мәселен әрбір мұғалімге тиісті жеке каталог болып оларды сақтау. Қажет кезінде қолдану қажет. Оның бәрін кадр бөлімінде бір адам істейтін жұмыс емес. Сонымен қатар қызметкерлердің алтын уақытын мәліметтер іздеумен кетеді. Ал есептеуіш техниканың дамуы нәтижесінде кадр бөлімін автоматтандырудың комплексті жүйелері пайда болды. Бұл қызметкерлердің уақытын іс-қағаздар толтырумен жоғалтпай, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мұндай бағдарламалар күнделікті құжаттарға байланысты операцияларды бір ғана дербес компьютердің көмегімен шеше алады. Ақпараттық технология - бұл ақпаратпен және есептеуіш техникамен білікті жұмыс істеуді білдіреді. Автоматтандыру мен ақпаратты өңдеудің жалпы жаңа технологияның артықшылықтары қайталанатын тапсырмаларды орындағанда, көп есептеу жүргізетін есептерде немесе таза механикалық есептерде көрінеді. Компьютерлік техника кез-келген творчествалық процесті жылдамдатуға мүмкіндік береді. Творчестваның дамуы адамдардың компьютерлік техниканы және жаңа ақпараттық технологияларды игерумен тығыз байланысты.

Диплом жұмысының мақсаты. Үлкен қызмет салаларында, мекемелерде, кәсіпорындарда, жоғарғы оқу орындарында және мектептерде адамдар өздерінің керекті мәселелерін шешетіндіктен бұл қызмет салаларын ақпараттандыру өте тиімді болады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданбай бұл қызмет салаларының жұмыс істеуі қиындыққа соғады. Дер кезінде керекті мәліметтердің ішінен іздеу жүргізу үшін, өңдеу үшін, басқару үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Диплом жұмысының мақсаты қазіргі таңдағы үздік визуалды бағдарламалардың бірі болып табылатын Delphi 7. 0 бағдарламасымен, дерек қорымен жұмыс істей алатын Access бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мықты бағдарламалық комплекс құру, яғни Мектеп кадр бөлімінің автаматтандырылған акпараттық жүйесін кұру болып табылады.

Әрине шикізатсыз тауар (өнім) шығару мүмкін емес, сол сияқты білім және мәліметтер жиынтығынсыз, кестесіз және ақпаратсыз автоматтандырылған жүйе жасай алмаймыз. Бұл бөлімнің іс-қағаздары, бұйрықтар т. б. қағаздар өте көп. Мектеп кадр бөлімінің іс-құжаттарын автоматтандырылған өңдеу жүйесі қызметкердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бағдарлама қолданушы үшін өте тиімді және қолданылуы қарапайым болуы шартымен орындалған. Автоматтандыру процесі методикалық, тілдік, техникалық, алгоритмикалык және бағдарламалық құралдардың жиынтығын құрай отырып, белгілі пән саласында жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан дипломдық жұмыс мектеп кадр бөлімі үшін өте тиімді әрі пайдалы болып табылады.

Диломдық жұмыстың негізінен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім теориялық мәліметке арналған. Ол Автоматтандыру және басқарудың элементтері деп аталады. Оның өзі жеті бөлімшенен тұрады: Басқару жүйесіне қатысты кибернетиқалық принциптер, Ақпараттық жүйе ұғымы және ақпараттың құрамды бірлігі, Агрегат ұғымы, Мәліметтер қорының жіктелуі (классификициясы), Мәліметтер қоры жайында негізгі пікірдің дамуы, Мәліметтер қорының қасиеттері және оған қойылатын талаптар, Қолданбалы бағдарлама пакеттері. Access.

Екінші бөлім Delphі ортасы туралы мәліметтер мен орындалатын жұмыстың сипаты беріледі. Бұл бөлімде Бағдарламаның Delphі ортасында құрылуы деп аталады. Ол төрт бөлімшенен тұрады: Delphі тілінің басқарушы құрылымдары, Объекті-бағдарлы программалаудың элементтері, Excel қолданбалы бағдарлама туралы қысқаша мәліміт, Бағдараламаның сипаттамасы.

Сонан соң қорытынды және әдебиеттер тізімі беріледі.

1. Автоматтандыру және басқарудың элементтері

1. 1 Басқару жүйесіне қатысты кибернетиқалық принциптер

Есептеу техникасы мен математикалық әдістерді қолдану арқылы ақпаратық жүйелердің дамуы, басқару жүйелерінің қалыптастырылуы, басқару туралы ғылым - кибернетикамен тығыз байланысып, әрі олар қолданбалы кибернетика элементтеріне саналады.

Философ Платон қолданған "кибернетика" (кемені жүргізу тұтқасы) сөзіне бертін келе, XX ғасырдың ортасында математик Н. Винер жаңаша ұғым берді. Ол енді есептеу техникасынсыз, күрделі математикалық әдістерсіз, автоматтық реттеу теориясынсыз, математикалық логикасыз, қала берді. Ақпараттық теориясыз қарастырылмайтын күрделі ұғымға айналды. Ол енді динамикалық күрделі жағдайларды басқаруға себепші болды.

Жалпы, кибернетикалық басқару деп:

- объектіні "үлкен жүйе" ретінде қарастырып, оның әрбір элементін үлкен жүйенің бір "бөлігі" ретінде есептейтін;

-көп нұсқалы (вариантты) динамикалық есептерді
оңтайлы (оптимальді) шешімдермен жабдықтайтын;

- кері байланыс, өзін-өзі реттеуші, үлгілеу және т. б. секілді әдістерді қолданатын;

- басқару жұмыстарында ақпараттық жүйелерді пайдаланатын басқару түрін түсінуге болады.

Басқаша айтқанда, кибернетика, академик А. И. Бергтің "күрделі динамикалық жүйелерді мақсаттарға бағыттап оңтайлы басқару туралы ғылым" деген пікірі де жоғарыдағы ойды растайды.

Қоғамдық, өндірістік, объектілік, кешендік және т. б. жүйелерді басқару үрдісі әр түрлі ыңғайды, яғни күрделі жүйені, немесе қарапайым жүйені басқару ыңғайын қажет етеді. Бұл жерде әр түрлі мақсаттар мен оған жетудің әр алуан баламалары қарастырылады.

Дегенмен, кибернетика ғылымы олардағы басқару үрдісінің ұқсастықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Себебі, басқару үрдісі қашанда ақпараттық кезендермен немесе үрдістермен тығыз байланысты, яғни басқару ақпаратсыз жүзеге асырылмайды. Кибернетика ақпаратты алу, өткізіп беру, жинақтау, түрлендіру мен өңдеу және беру үрдістерін меңгереді. Сонымен, ақпараттық үрдісті басқару технологиясын қарастырайық. Оның сатылары сурет 1-де бейнеленген.

Бірінші саты - басқарылып отырған объектінің күйі туралы ақпаратты алу және оны дайындау. Объект жайындағы деректер оны сипаттайтын көрсеткіштер сандық түрінде бейнеленуі мүмкін. Бұл жағдай математикалық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.

Екінші саты - қажетті шешімді алу үшін, алынған ақпаратты өңдеу. Жинақталған ақпарат логикалық немесе математикалық тәсілдермен алынып, осы тәсілдер - басқару алгоритмдері деп аталады.

Сурет 1- Ақпараттық үрдіс сипаты

Үшінші саты - алынған шешімдер негізінде атқарушыларға басқарушы ұйғарылымдарын - ақпаратгық бұйрықтарды жеткізіп беру.

Кибернетикалық тұрғыда басқару - келіп түскен ақпаратты өндеу жолдары арқылы алынған шешімдер негізінде бұйрықтық ақпаратты беру. Бірақ, басқару мен ұйымдастыру амалдары өзара ұқсас секілді болғанмен, олардың айырмашылықтарын ескерген дұрыс. Басқару -объектікі дамытатын динамикалық күйімен сипатталса, ұйымдастыру - объектінің қызметін, құрылымын реттеп тәртіптеу түріндегі салыстырмалы статистикалық күйімен сипатталады.

Тағы бір ескеретін нәрсе, басқару мен ұйымдастыру өзара кері пропорционалды. Себебі, объектіні ұйымдастыру деңгейі неғүрлым жоғары болса, соншалықты оны басқару деңгейінің қажеттілігі төмен болады.

Бір қарағанда, объектіні ұйымдастыруды дамыту арқылы оны басқаруды жоққа шығаруға болатын секілді. Дегенмен, жоғары деңгейдегі ұйымдастыру шаралары арқылы объект ұлғайып дамыған сайын, оны сапалы басқарумен қамтамасыздандыру қажеттілігі туындайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, басқару - бір жүйенің басқа бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ақпараттық әсері деуге болады.

Басқарудағы кибернетикалық принциптерге изоморфизм, кері байланыс, басты факторға әсер ету арқылы басқару, бүтінділікті ішкі жүйелерге бөлшектеу, математикалық тәсілдер мен әдістер және т. б. жатады.

Кибернетика тірі ағзалар мен машиналардағы басқару құрылымы мен функцияларында изоморфизмнің бар екендігін тұжырымдайды. Басқару мен байланыс тұрғысындағы тірі ағзалар (яғни, тірі жүйелер) күрделі, динамикалық жүйелерден, айталық автоматтандырылған жүйелерден аса айырмашылықтары жоқ. Оған дәлел, адамның жүйке талшықтары мен есептеу техникасыңдағы триггерлер қозған немесе қозбаған (тыныш), яғни "иә - жоқ" принципі қалпында болатын ұқсастықтары.

Компьютер көмегімен жүргізілген статистикалық сынақтар әдісі изоморфизмге негізделген. Динамикалық күрделі үрдістерді компьютер арқылы үлгілеу мүмкіндігі үлкен жадылы компьютердің кез келген динамикалық жүйеге изоморфты деп есептеуіне мүмкіндік береді де, сол себепті, компьютерді кибернетикалық машина деуге болады.

Енді кері байланыс принципін қарастырайық. Мысалы, сурет 1-дегі кибернетикалық жүйеде (4) - басқарушы жүйе (5) тікелей және (6) кері тізбекгер арқылы (3) басқарылатын жүйемен байланысады деп қарастырғанбыз. Сол кезде қалыптасатып тікелей және кері байланыстар - тұйықталған тізбекгі құрағаны белгілі. Осы жағдайдағы кері байланыс теріс немесе оң түрде болуы мүмкін. Теріс түрдегі кері байланыс шығу шамасының берілген мәннен ауытқуын азайтса (яғни, тұрақты тепетеңдік жағдайы болса), ал оң түрдегі байланыс ауытқу мәнін көбейтеді (тұрақсыз тепетендік жағдайы қалыптасады) .

Кибернетикалық тұрғыда кері байланыс принципіне -ақпараттық үрдісті сипаттайды.

Басты факторға әсер ету арқылы басқару принципіне - объектіге немесе басқарылушы үрдіске ену шамаларының ішінен ең басты ену шамасымен әсер ету нәтижесінде шығу шамасын алу жатады.

Бүтінділікті ішкі жүйелерге бөлшектеу принципінде кибернетика - объектінің күрделі сипатын ашуда басқаруды ықшамдау жолдарын көрсетеді, яғни:

- толық ақпаратсыз, кері байланыс негізінде реттеу;

- басты ену сигналына ғана әсер ету мүмкіндігі;

- жағдайларды болжау мен үлгілеуде ықтималдылық әдістерін пайдалану;

-басқарылып отырған объектінің бір бірінен өзара
тәуелсіз ішкі күйелер ретіңде қарастырылуы.

Математикалық әдістер объектіні киберкетикалық баскарудың құрамды бөлігіне саналып, олар объектіні оңтайлы басқару, зерттеу, жобалау және талдау барысында пайдаланылады. Жүйені меңгеруде "операцияларды (амалдарды) зерттеу әдістері" қолданылады. Объектінің қызметін талдауда, оның математикалық үлгісі тұрғызылады. Ал үлгі - жүйенін, изоморфты бейнесі.

Жүйені үлгілеуде эвристикалық, комбинаторлық әдістер мен динамикалық үлгілеу әдістері де кеңінен қолданылуда. Динамикалық үлгілеу уақыттан тәуелді болғандықтан да, көп мерзімді үрдісті аз уақытта компьютер арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдағы үрдіс стохастикалық сипатта (кездейсоқ айнымалылардан, уақыттан тәуелді) болуы мүмкін.

1. 2 Ақпараттық жүйе ұғымы және ақпараттың құрамды бірлігі

Ақпарат -латынның іnformatіo деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизімінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және программалық.

Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.

Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұны меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Прогматикалық сүзгі ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегі қызмет барысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді.

Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге - кез келген обьектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.

Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтер мен қандайда бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады.

Ақпарат жүйесіс(АЖ) - қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі(АЖ) ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.

Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:

  • ақпараттық анықтамалық жүйелер;
  • ақпараттық- кеңес беретін жүйелер;
  • ақпараттық қадағалаушы жүйелер.

Ақпараттық- анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.

Ақпараттық- кеңес беретін жүйелер объектінің күйімен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.

Ақпаратты қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектілердегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.

Дегенмен, келтірілген жүктеулер шартты түрде қарастырылған. Оларды таңдау сәйкес факторлардан тәуелді.

Ақпарат жүйесіне қатысты ақпарат құрылымын қарастырсақ, оны ақпараттық бірліктерге: реквизиттер, көрсеткіштер, құжат массив, ақпарат ағыны және ақпарат жүйесі деп бөлуге болады. Мұндағы ақпараттың ары қарай бөлінуге жатпайтын ең кіші өлшем бірлігі- реквизит десек, оның екі түрі бар екендігі белгілі: реквизит- негіз және реквизит-белгі.

Әрбір реквизит әріптер мен сандар жиынтығынан тұрады және мән мағынаның сандық қасиетін сипаттайды. Бұл жағдайда ол реквизит негіз деп аталады. Ал ол мән- мағынаның сапалық қасиетін білдірсе, ол- реквизит белгі деп аталады.

Бұл ұғымдар экономикадағы ақпарат жүйелерін қарастыратын пәндерде осылай беріледі. Ал тек таза ақпарат жүйесінің теориясы төңірегіндегі пәндерде ақпараттың атрибут және құрамды бөлігі деп саналатын екі негізгі бірліктері қарастырылады. Атрибуттың аты және мәні(мән-мағынасы) болады. Атрибуттың аты мәліметтерді өңдеу барысындағы шартты белгілеуді білдіреді. Атрибуттың мәні деп, нақты бір жағдайды құбылыстың, жағдайдың, объектінің қандай да бір қасиеттерін сипаттайтын шаманы түсінуге болады. Атрибуттың барлық мүмкін болатын мәндері жиын ретінде біріктірілсе, ол осы атрибуттың домені деп аталады.

Егер атрибутың А деген аты болса, ол (А, d) деген жұпты белгілеп тұрса, яғни мұндағы d∈D, онда D жиыны А атрибуты мәнінің домені (анықтау облысы) деп аталады. d шамасы А атрибутының берілген уақыт мезетіндегі мағынасы болады .

МҚБЖ-ға арнап бағдарлама жазғанда, ондағы мәтінде кездесетін атрибуттар үшін доменнің барлық элементтерін тізіп шығу мүмкін емес жағдайлар болады. Осындай кезде домен үшін мәннің типі мен ұзындығы көрсетіледі. Мысалы, мекеме доменін-МЕКЕМ қарастырайық. Оның мәтіндік ұзындығы белгіге дейін шектейік. Оны бағдарламалық Паскаль тілінде былай жазуға болады:

var МЕКЕМ: strіng[15]

Мұндай домендегі мәндер жиыны мүмкін болатын мәндер жиынынан тұрады. Қажет болған жағдайда олардың жіктегіштері қалыптастырылып, шартты белгілер қамтылады. Егер жіктегіштер қажет болмаса, мәліметтер қоймасындағы обьектілерді тек реттік нөмірімен қоюға болады. Бұл реттік шартты белгілеу деп аталады.

Егер объектілер жиыны бір белгіге байланысты жіктелсе, онда объектілердің шартты белгілерін осы белгінің мағынасының санына байланысты бөліктерге (серияларға) бөлуге болады және әрбір серияға тізбектелген нөмір қолданады.

Мысалы, ″мекеменің шартты белгісі ″атрибуты мәнінің шартты белгілеудегі әртүрлі жүйесін қарастырайық. Мекеменің реттік нөмірі берілсін. Оны айталық, 1-ден 300-ге дейін кіші мекеме, ал 301-ден 500-ге дейін орта мекемелерде, 500-ден 600-ге дейін үлкен көлемдегі (ірі) мекемелер деп жіктейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында персоналды басқару жүйесі
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Visual basic отрасында скринсейвер программасын құру
Еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру
Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы және мүмкін болар қауіп-қатерлер
Кадрлар органы қызметінің бірыңғай стандарты
Білім беру жүйесінде ақпараттық техникалық құралдарды қолдану
Қазақстанның ұлттық кадрлерді дайындаудың қазіргі жайы және болашағы
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz