Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері ... ... ... ... ... 4
1.2. Турбизнес кәсіпорындарда бухгалтерлің есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... 11
1.3. Шығын құрамы және туристік азық.түліктердің өзіндік құндарын калькуляциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
1.4. Туристік азық.түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі.21
2.1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ..24
2.2. Кәсіпорының нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі ... ... ... ... ...28
2.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Кіріспе
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.
Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының дамуының қажеттілігін атап өтті.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Агеева Ю.Б., Агеева А.Б. Аудиторская проверка: практическое пособие для аудитора и бухгалтера - М.: Бератор-Пресс, 2003.
2. Александров О.А. Бухгалтерский учет в туризме: практическое пособие. - М.: Омега Л, 2006. - 190с. - Практическая бухгалтерия).
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Қазақстан 1994.
4. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 ақпандағы №234 Заңы.
5. Ковалева О.В., Константинов Ю.П. Аудит - М.: «Приор-издат», 2003.- 320с.
6. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. – Алматы: 2006.
7. Туристiк қызмет туралы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы №211 Заңы
8. «Аудит». Под редакцией профессора В.И. Подольского Москва 1997г.
9. Әбдіқалықов Т.Ә. «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж.
10. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2001ж.,
11. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша- қазақша сөздік. –
Алматы: Сөздік- Словарь, 1999.
12. Т.Ә.Әбдіқалықов “Аудит және бухгарлік есеп” Оқу құралы, Алматы, “Қазақ Университеті” 2000 ж.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... 4
2. Турбизнес кәсіпорындарда бухгалтерлің есепті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... 11
3. Шығын құрамы және туристік азық-түліктердің өзіндік құндарын
калькуляциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
4. Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі.21
2.1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ..24
2.2. Кәсіпорының нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің
жүйесі ... ... ... ... ...28
2.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 33
Кіріспе
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын
Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде
халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін
өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті
салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және
тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де
кірген. Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен
(сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның
өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше
өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін
ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар
туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-
мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік
ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа,
демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай
факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан
бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс
жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туристiк
операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру,
ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.
Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі
болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең
қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар
өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. ҚР
Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының дамуының
қажеттілігін атап өтті.
1. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
Қазіргі кезде туризмнің дамуы қарқын алып келеді. Ол туристік қызмет
көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда
бөлінеді:
*келу туризмі-Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге
бағытталған;
*кету туризмі-Қазақстан Республикасы алыс-жақын шетелдерге сапарын
ұйымдастыру;
*шоп-туризмі-желқайықтармен (челноктармен)қызмет ету;
*ішкі туризм-ел ішінде отандық туристермен жұмыс;
*әлеуметтік-мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлетін қаражатынан
демеу көрсететін саяхат;
*өздігінше (самодеятельный)-туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын,
жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.
Бұған қоса туристік бизнестің өзінің ерекше терминалогиясы бар:
*турист-уакытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе 1 түнеп
қана қайтатын, денсаулығын түзейге, ел көріп, жер тануға,кәсіби іссапармен,
және ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленгендіктен елге келетін азамат;
• Туристік ресурстар- табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге
арналған әлеуметтік-мәдени обьектілер сондай-ақ туристердің рухани
қажетін өтейтін, олардың күш жігерін нығайтуға ықпал етеін басқа
обьектілер;
• Тур- туристерді орналастыру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша қызмет
көрсетудің, сондай-ақ жолбасшы- аудармашылардың қызмет көрсетуі мен
сапардың мақсатына қарай баолатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;
• Туристік азық-түлік – туристерге өткізуге арналған турға құқық;
• Туристік азық- түліктің жылжуы – туристік азық түлікті бағытталған
шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрменкелерге
қатысу, туристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т.б.
бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру);
• Туристік жолдама – туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын
құжат;
• Туристік кепілхат (вайчер) тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге
туристің құқын белгілейтін және оның көрсету фактісін растайтын құжат;
• Туристік кәсіпорын - Туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша
бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұдға, ерекшеленген
шаруашылық бірлігі.
Туризмдегі есеп

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде

(сезілмейтіндігі, өндіріспен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның

факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.Туризм
соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы
айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің
экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып
тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. Туристік кәсіпорын – бұл
мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін,
жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін
дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік
және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін
қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік
кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан
бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге;
олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және
жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге
асырады.Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты
нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын
жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне
жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін
арттыру болып табылады.

жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне

Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну
және өткiзу жөнiндегi қызметi.
Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын
құжат.
Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн
жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа
байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор
қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм
нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар
мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және
туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін
лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық
аумағында жүреді.
Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті
ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті,
содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде
беріледі.
Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың
жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат
туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-
лицензиялық алым) төлейді.
Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай
ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны
қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша
өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта
рәсімдейді.
Лицензия Лицензия туралы Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және
лицензиардың мөрімен куәландырылады. Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық
және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге:Келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;Шығу
туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында
тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты
кіреді.Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен
талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын
әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен
жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді.
Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа
фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда
кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда
ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер
шығару керек.
Туристік қызметтер бағасы
Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау республика астанасында,
Алматы қаласында, барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан
орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет
көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге
асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері
іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары
мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін
сауда кәсіпорындары үшін қажет.
Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу
орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-
қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша
алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі
жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы
шамасымен анықталады.
Үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін
(толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін,
ең бастысы тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдардың
шағын тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан да тұруы мүмкін.
Тұтыну шығыстары - халықтың тұтыну тауарлары мен көрсетілетін
қызметтерге бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Бұған тамақ өнімдерін
сатып алу, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін,
азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер сатып алу шығыстары кіреді.
Туристік бизнесте бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексімен, 2001 жылғы 13 маусымдағы №211-II Қазақстан Республикасының ҚР
туристік қызметі туралы заңымен (2002 жылғы 22 ақпандағы №296-II
өзгертулерімен), Қазақстан Республикасының №234-III 2007 жылғы 28 ақпандағы
Бухгалтерлік есеп және қаржылық тұрақтылық туралы заңымен, 2007 жылғы 23
мамырдағы Үлгілі Шоттар жоспарымен, №2 ҚЕҰС реттемеленеді. Туристік
компаниялардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесі
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Заң мен қаржылық
есептеменің ұлттық стандарттары орнатқан қағидалар мен сапалы
сипаттамаларға сәйкес құрылады. Қағидалардың екі тобы анықталады: негізгі
қағидалар (есептеу мен үздіксіз қызмет); ақпараттың сапалы сипаттамалары
(түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырымдылық).

Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға
жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін
маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризмнің ұлттық экономикаға
әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады.
Шығындарды анықтау туризмде туризм бірліктерін (келушілер) тікелей
қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауарлар мен қызметтер құны ретінде
анықталатын тұтнудың анықтамасымен байланысты.
Туристік шығындар тұжырымдамасы негізіне бірнеше көзқарастар қатары
енгізілген. ДТҰ ұсынымдарына сәйкес келушілердің, туристердің және
экскурсанттардың экономикалық маңызды болып табылатын шығындары ғана есепке
алуға жатады. Оны келушінің өзі, не оның атынан қандай да бір заңды немесе
жеке тұлға әкеле алады. Мысалы, бюджетті басқаратын отбасы иесі саяхаттау
кезінде барлық мүшелерінің атынан тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізеді.
Туысқандарында және таныстарында болған уақыттағы шығындар қабылдаушы жиі
жақ өзіне алмайды. Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен: мәселе жұмыс
нәтижелері бойынша қызметтік іс сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы
болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік
тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырыатын
қайырымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады. Кейбір
жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен
субсидиялайды.
Келушінің шығындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын
тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады. Сұрау салулардың өзі сияқты
олар өте әртүрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ
пайдаланатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен
базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен
тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа
біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар туристікке жатады.
Туристік шығындар көлемін тауарлар мен қызметтерге нақты шығындар
бойынша қолданыстағы жеңілдіктер мен бағаларды, шайлықтар және өзгелерін
есепке ала отырып, оларды қолма-қол ақшамен, жолдық чектермен, кредиттік
карточкалар бойынша және басқа да тәсілдермен төлеу нысанына қарамастан
белгілеу ұсынылады.
Туризм статистикасының басты және неғұрлым қиын проблемаларының бірі
туристік шығындар құрамын тәртіпке клтіру болып қала береді. Ол келуші
шығыншегетін уақытпен (дайындық кезінде, сапар барысында немесе
аяқталғанда), сондай-ақ туризм типімен негізделеді. Сәйкесінше
резиденттердің өз елі бойынша саяхатымен байланысты ішкі және халықаралық
туристік шығындары ерекшеленіп шығады. Соңғыларының экономикалық болмысын
түсіну үшін келушінің шығу елінен бару еліне қозғалысының бағыты маңызды
мәнге ие. Шығатын туристік ағын халықаралық туристік шығындар санатымен,
ал келу – халықаралық туризмнен түсімдермен қатынасады.
ДТҰ материалдарында халықаралық туристік шығындар қандай да бір елдің
тұрақты тұрғындарының шетелдегі саяхаты кезіндегі шығындары арқылы
анықталады. Өзгелері санында олар шетелдік көлік компанияларының
халықаралық тасымалдаулар бойынша қызметтерге төлемін, сондай-ақ шетелде
алынатын тауарлар мен қызметтерге алдын-ала төлемін қосады. Ағымдағы
есептеулер теңгерімінде оларға жұбы ретінде халықаралық туризмнен түсімдер
көрсеткіші пайдаланылады. Ол шетелдік келушілердің бару еліндегі барлық
шығындардың сомасы ретінде есептеледі. Екі көрсеткіш те бірыңғай әдістеме
бойынша құрылады және ақшалай қаражаттың трансшекаралық қозғалысымен
байланысты шығынтарды ғана көрсетеді.
Ережені қалыптандыру және туристік шығындардың салғастырымдылығын
қамтамасыз ету мақсатында ДТҰ олардың келесі топтастырылуын ұсынады: 1)
қызметтердің жиынтығын білдіретін және құрамдас бөліктерге бөлусіз біркелкі
бағамен жүзеге асырылатын кешенді турлар;
2) орналастыру;
3) тамақтану;
4) көлік;
5) мәдениет, демалыс және көңіл көтеру мекемелеріне кіру төлемін, сапар
кезінде сатып алуға, жөндеуге және спорттық мүліктерді сатып алуға
шығындарды, спорттық жеке түрлеріне үйренуге, қысқа экскурсияларға, сондай-
ақ гидтердің қызметтерін қоса отырып рекреациялық, мәдени, және спорттық
тауарлар мен қызметтер;
6) дүкендік сатып алулар;
7) өзге де баптар, сақтандыру төлемдері, комиссиялық жинаулар, фотоленканы
айқындау және фотосуреттерді басып шығару құны және т.с.с. Туристік
шығындарды анықтау үшін үй шаруашылықтарын Үй шаруашылықтарын сапарларға
шығындар туралы зерттеу сауалдамасы (Н-050) жалпымемлекеттік статистикалық
байқаудың статистикалық нысаны бойынша жыл сайынғы іріктеме зерттеу
жүргізіледі, онда келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
сапарлар саны;
өткізген түндер саны;
туристік сапарлардағы шығындар;
шетелге сапар кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шығындар;
Іскерлік сапардағы шығындар.
Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес 2010 жылы Туризмнің
қосалқы шоттарына ақпаратты қалыптастыру үшін сауалдама жүргізумен
резиденттер мен резидент еместер қамтылатын әуежайларда, темір жол
вокзалдарында, автостанцияларда, және демалыс орындарында келушілерді
іріктеме зерттеу (Келушілерді зерттеу Н-060 сауалдама) жүргізілуде.
Зерттеу нәтижесінде келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
сұралған келушілер саны;
келушілер саны және оларды туризм типтері бойынша бөлу;
келушілердің сапарлардағы шығындары;
келушілердің туризм типтері бойынша шығындары;
келушілердің болу ұзақтығы бойынша шығындары;
сапарлар мақсаттары бойынша;
көлік түрлері бойынша.
Сапар кезінде немесе оған дайындық барысындағы жасалған келушілердің
шығындары туралы деректер ТҚШ көрсеткіштерін қалыптастыру үшін де
пайдаланылады.
Бұл іріктеме зерттеуді жылына екі рет (қысқы және жазғы уақытта)
жүргізген орынды.
Туристік тұтыну нақты ел аумағында барлық келушілермен тұтынылған
тауарлар мен қызметтердің құнын қосады. Бұл ең алдымен орналасуға, көлікке,
тамақтануға, көңіл көтеруге, қаржылық қызметтер мен туристік қажеттіліктер
үшін пайдаланылатын ұзақ және қысқа мерзімді қолдану тауарларын сатып алуға
кететін жеке шығындар. Шығындар сапарға дейін және одан кейін, сондай-ақ ел
ішінде әрі шет елге саяхат кезінде жүргізілуі мүмкін.
Туристік сұраныс туристік тұтынуды және соңғы тұтыну құрамдас
бөліктермен байланысты қамтылмай қалған тауарлар мен қызметтерді қамтиды.
Оларға мыналар жатады:
1) ұжымдық туристік тұтынуға мемлекеттік ұйымдарды шығындары –
туризммен байланысты нарықтық емес қызметтер (авияцияны басқару,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, курорттардағы санитарлық қызметтер және
басқалар);
2)капиталдық салымдар – туристік индустрия қызметтерін жеткізушілермен
(жеке сектор) және жабдықтарды жеткізуге, жарақтандыруға, келушілер үшін
инфрақұрылымды құруға мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын шығындар;
3)экспорт – туристік пайдалану үшін шетелге жіберілетін тұтыну
тауарлары (қызметтерді жеткізушілердің пайдалануы үшін шетелге жіберілетін
жанармай, электроника, өндіріс құралдары (ұшақтар, круиздік кемелер)).
Туризмнің статистикалық көрсеткіштері туристердің тарапынан тауарлар мен
қызметтерге қосымша сұраныстарының көзі болып табылады. Бұл сұраныс
қосымша ұсынысты тудырады, яғни туризмге тән белгілі бір салалардың (қызмет
түрлерінің) экономикалық өсімін ынталандырады Бұдан басқа туризм
мемлекеттік қосымша табысының көзі ретінде болады, қосымша жұмыс орындарын,
инвестицияларды құруға қажеттілікті тудыра алады.
2. Турбизнес кәсіпорындарда бухгалтерлің есепті ұйымдастыру.
Туристік бизнес – әлем шаруашылығында тез дамитын салалардың бірі.
Халықаралық туризм – мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен
кейінгі үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді.Қазақстандағы туристік
қызмет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің
ерекшеліктері – қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек
сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру – тікелей
тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс, есеп жүргізуге
байланысты. Осыған байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп
саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Аудит – есептерге баға беру, ұйымның қызметіне және жағдайына
байланысты фактілерге қорытынды баға беретін, тәуелсіз жоғары білімді
тұлғамен жүзеге асырылатын қызметтің түрі. Ол ақпараттық тәуекелді
төмендету үшін бағытталады, себебі қатысушыларға қаржылық есептерде жалған
және дұрыс емес ақпараттар беруі мүмкін.
Туристік ұйымдағы аудиттің мақсаты – осы ұйымның ұйымдастыру қызметі,
нормативтік-құқықтық және есепті-сараптамалық құжаттарының дұрыстығына
аудитор (аудиторлық ұйым) қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу болып
табылады. Туристік ұйым аудитінің алдында мынадай мақсаттары мен міндеттер
бар:
− туристік ұйымның құрылымын терең бағалау;
− туристік ұйымның шығындары, шығыстары мен кірістері есебінің ақпараттық
дұрыстығын тексеру;
− туристік ұйымның валюталық операциялар есебінің ерекшеліктерін зерттеу;
− бухгалтерлік есеп және басқару есебінің жағдайын жан-жақты немесе толық
зерттеу;
− даму перспективаларын зерттеу;
− ұйымды тексеру және салық есебінің әдістемесін тексеру;
− аудиторлық қорытынды құру;
− есептік талдау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын және бағыттарын
құру.
Туристік фирманы аудиторлық тексеру – бұл туристік ұйымның қаржылық
жағдайына байланысты аудиторлық бағалау мен талдаудың дәлелдерін көрсетеді,
сонымен қатар, аудитор өзінің қорытындысында осы экономикалық субъектінің
бухгалтерлік есебі және бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығын растайды.
Экономикалық субъектінің нормативті актілерінің талаптары орындалмау
фактілерін аудитор анықтаған жағдайда, яғни ол орын алса терең зерттеп, осы
орын алған ережелердің орындалмауы бухгалтерлік есепкерліктің дұрыстығына
қалай әсер ететінін бағалау керек. Аудитор нормативті актілердің талаптары
орындалмау фактілерін аудиторлық қорытынды жасаған
кезде ескеруі қажет.Аудиторлық тексеру ерікті (ұйымның жеке басқару
шешімімен, меншік иелерімен мақұлданады) немесе міндетті болуы мүмкін.
Міндетті аудит ұйымның немесе жеке кәсіпкердің әр жылдағы бухгалтерлік
есебін және қаржылық (бухгалтерлік) есептілігін міндетті аудиторлық тексеру
болып табылады. Әдетте туристік ұйымдарда аудиторлық тексеру негізінен
ерікті түрде болады, яғни жеке меншік иесі талабымен орындалады.
Аудиторлық тексеру толық болуы мүмкін, яғни бухгалтерлік есептің
барлық бөлімдерін қарастырады. Егер аудиторлық тексеру жеке ұйымда болса,
онда турфирманың басшылығымен мақұлданған есептің тек таңдалып алынған
бөлімдері ғана тексеріледі. Туристік ұйымда аудиторлық тексеру жүргізу үшін
тексерілуші тарапынан негізінен келесі құжаттар көрсетілуі тиіс:
мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі, салық есебі және жылдық
баланстың табыстары мен залалдары есебінің шешімдері туралы куәлік, олар
тексеріп жатқан кезең туралы салық ұйымына ұсынылған түпнұсқада мөр
басылған және қол қойылған болуы керек, жарғылық құжаттар, қолда бар
лицензиялар мен бұйрықтардың көшірмесі, банктегі есеп-айырысу, валюталық
және басқа да шоттар туралы мәліметтер, қол қоюға рұқсаты бар бірінші және
екінші басшыны және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі,
лицензия мен рұқсаттың көшірмесі, аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсаттар
немесе басқа да құжаттар, ұйымның (мекен жайы) және оның құрылымдық
бөлімшелерінің мекен-жайы туралы мәліметтер, есепті кезеңдегі тексеру
кезіндегі есеп саясатының бұйрығының көшірмесі, бас кітап, барлық шоттар,
есептер бойынша алғашқы құжаттар, аванстық есептер, есеп-айырысу туралы
құжат, сатып алу туралы кітап, сату туралы кітап, келісім-шарттар,
атқарылған жұмыстың актілері. Қазіргі таңда жалпы аудитта және ұйымның
мүліктік, салалық түрлеріне байланысты аудитта көптеген әдістер
қолданылады, бірақ туризм саласында әдістемелік зерттеулер аз. Туристік
ұйымдарда негізгі құралдары, материалды емес активтері, ақша қаражаты, есеп-
айырысу қаражаты, қарыз құралдарының аудиттік әдістемесі басқа саладағы
мекемелердің аудиттік әдістемесімен бірдей. Бірақ туристік ұйымдарда өзінің
ерекшелігі бар. Туроператорлар мен турагенттердің құқықтық және нормативтік
реттелуі, кірістер мен шығыстары, валюталық операцияларының аудиттегі
ерекшеліктерін қарастырамыз. Туроператордың – ұйымның құқықтық және
нормативтік жүйесін тексеру барысында аудитор тексеріліп жатқан субъектінің
заңдық актілерін, туристік фирманың қызметінің реттелуін, яғни белгіленген
ережелерді сақтайтындығын анықтайды. Туризмдегі туристік қызмет және
бухгалтерлік есеп заңдармен және нормативтік құжаттармен реттеледі. Тексеру
барысында аудитор турфирманың қызметі нормативтік құжаттарға сай келуін
қарастыру керек. Туроперторлық немесе турагенттік қызметке лицензиясы бар
болуын міндетті түрде тексеру қажет, әріптестерімен және клиенттермен
(туристермен) келісім-шарттарын тексеру.
Туроператор – ұйым өзінің қызмет барысында сату, сатып алу, қонақ үй,
тасымалдау, тапсырмалар, агенттік келісім-шарттар, сақтандыру қызметтеріне
келісім- шарт жасау арқылы құқық алады. Аудитордың міндеті осы құжаттарда
орын алған заң бұзушылықты және қарама-қайшылықты заң тұрғысынан бағалау.
Ең бірінші кезекте келісім-шарттардың атауының мазмұнға сәйкестігін
анықтау. Содан соң, барлық шарттардың орындалуы тексеріліп, оның Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тіркелген барлық келісім-
шарттардың заңдылығы зерттелінеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкестігі
тексерілуі қажет. Агенттік келісім-шарттарға сәйкес көптеген туроператорлар
турагенттермен шаруашылық операциялар жүргізеді. ҚР Азаматтық кодексіне
және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес
барлық баптар бойынша құжаттарды тексеру, олардың осы келісім-шартта
көрсетілгендей жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Коммерциялық ұйымда жүргізілген тексеру нәтижелері жайлы ақпараттан
тұратын негізгі экономикалық құжат – аудиторлық қорытынды болып табылады.
Аудит барысында аудитордың іс-әрекеті аудиторлық тексерудің басты мақсатына
жету – экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебінің сенімділігінің
дұрыстығына назар аудару. Осы пікір аудиторлық қорытындының мазмұнын
құрайды.
Аудиторлық қорытынды – аудиттелетін тұлғалардың қаржылық есептілігін
қолдануға арналған негізгі заңды құжат. Ол аудиторлық қызметтің стандарты
ережелеріне сәйкес құрылған және онда аудиторлық ұйымның немесе жеке
аудитордың аудиттелетін тұлғаның қаржылық есептілігінің сенімділігі жайлы
пікірі, сондай-ақ, оны жүргізу тәртібінің ҚР бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы заңдарына сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Осы
заңға сәйкес аудиторлық фирма жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша
нормативті актіге сәйкес бухгалтерлік есептің берілген аспектілерінде
барлығына сәйкестілігі жайлы пікірін білдіруі тиіс, ол ҚР-дағы бухгалтерлік
есеп және есептілікке сәйкес реттеледі. Есептіліктің сенімділігі жайлы
пікір жағымды немесе жағымсыз аудиторлық қорытынды формасында бейнеленуі
мүмкін. Өте жағымды аудиторлық қорытынды да турфирманың бухгалтерлік
есебінің сенімділігі жайлы пікірі – бұл есептілік барлық қалыпты қатынаста
активтердің, пассивтердің және мекеменің қаржылық нәтиже қызметінің есептік
период аралығында нормативті актілерге сәйкес құрылған және ҚР-дағы
бухгалтерлік есеп және есептілікпен реттелуін қамтамасыз ететіндей
дайындалған дегенді білдіреді. Жағымсыз немесе кері аудиторлық қорытындыда
аудиторлық фирманың пікірі – бұл аудиторлық қорытындыда көрсетілген
жағдайлардан бөлек бухгалтерлік есеп барлық қатынастарда активтер,
пассивтер және қаржылық нәтижелер қызметі, экономикалық субъектінің жан-
жақты қызметінің, ҚР бухгалтерлік есеп және есептілік реттелуінің
нормативтік актілерден ауытқулар бар дегенді білдіреді. Аудиторлық
қорытынды үш міндетті элементтен тұрады: а) аудиторлық қорытындының кіріспе
бөлімі аудиторлық фирма жайлы жалпы мағлұматтарды көрсетеді; б) негізгі
(аналитикалық) бөлімде есепті-аналитикалық жүйенің және ішкі фирмалық
бақылау жүйесінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепті реттейтін нормативті-
құқықтық құжаттардың жағдайларымен сәйкестігін тексеру нәтижесінің жалпы
мәліметтері жайлы мағлұматтан тұрады; в) аудиторлық қорытындының қорытынды
бөлімінде фирманың бухгалтерлік есептілігі, экономикалық субъектінің
сенімділігі жайлы пікірінен тұрады.
Қорытынды бөлім мыналардан тұруы тиіс: берілген бөлімнің атауы;
қорытынды бөлімнің бағыттылығы, экономикалық субъектінің атауы; аудит
объектісі; нормативтік-құқықтық құжаттарға сілтеме, - бұлар бухгалтерлік
есепті құрудың және көрсетудің тәртіптілігін реттеуі тиіс; зерттелген
шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есептілігінің сенімділігі жайлы
аудиторлық ұйымның пікірі; аудиторлық қорытындының мерзімі. Қорытындыда
аудит жүргізілген қатынасқа сәйкес экономикалық субъектінің бухгалтерлік
есептілігі қосылып алынуы тиіс. Бухгалтерлік есептің негізгі ережелерін
ұйымдастыру және жүргізу – шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есеп беру
құрамын, мазмұнын, мерзімін және жолданым иесін, бухгалтерлік есепті
жүргізу міндеттілігін, олардың құқықтылығын, міндеттері мен жауапкершілігін
мемлекет анықтайтынын; кәсіпорында бухгалтерлік есепті мемлекеттік
реттеудің ұйымдастырылуы, оның жетілдірілуі мен оңтайландырылуына кең
ауқымды құқық беруімен ұштастыратын; бухгалтерлік есеп ақпараттарымен ішкі
және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз ететін, өндірістік ресурстарды тиімді
пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін үнемі арттыратын; мәліметтерінің
талдамалы болуын қамтамасыз ететін; серпінділігі, методологиясы мен
техникасы, бухгалтерлердің жұмысын ұйымдастыруда үнемі есеп процесінің
жетілдіретін жалпы принциптерімен құрылады. Есеп саясатын қалыптастыру
кезінде туристік кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелері осы туристік
кәсіпорынның иегерлерінің мүліктері мен міндеттемелерінен оқшауландырылуы;
туристік кәсіпорын өзінің қызметін болашақта жалғастыруы және оның өз
қызметін тоқтатуға немесе қысқартуға ойы жоқ, сондай-ақ міндеттері
бекітілген тәртіпте өтелуі; есеп саясаты ұзақ мерзімге (бір қаржы жылынан
көп) қалыптастырылуы және бір есеп жылынан басқа есеп жылында қолданылуы;
бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтеріндегі фактілер (шығыстары мен
кірістері), сол есеп мерзімінде сәйкес көрсетілетілуіне және фактілерге
байланысты ақша қаражаттарының нақты түсу мерзімінде тәуелсіз бухгалтерлік
есепте көрсетілетін ақша есептеу принципін сақтауы қарастырылады.
Туристік кәсіпорында есеп саясаты туристік кәсіпорындардың
экономикалық өміріндегі барлық фактілерді екі жақты жазба әдісімен дер
кезінде және толық көрсетуді; өзінің іс-әрекетінде абайлампаздықты танытуды
және кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығына өзінің іс-әрекетімен
залалын тигізбеуді; әрекет етуші кейбір ережелерді формальды түсінуде
құқықтық және экономикалық көзқараста болуды; аналитикалық шоттардағы дебет
және кредит бойынша айналымдарында бастапқы және соңғы қалдықтарының және
оларды синтетикалық шоттара біріктіретін дебет және кредит айналымдары
бойынша теңдіктің сақталуды; есеп беруді құру және қаржы нәтижелерін шығару
мақсаттары үшін есеп және есеп беру кезеңдерін (мысалы, ай, тоқсан, жарты
жылдық және т.б.) шектеуді; есеп беру көрсеткіштернің құрамында тәуелсіз
салыстырылымдылықтың болуын; туристік кәсіпорындардың спецификалық есебімен
бухгалтерлік есеп жүргізудің үнемділігі мен тиімділігінің болуымен
қамтамасыз етеді. Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі туристік
кәсіпорындар басшысына жүктеледі, ал есеп саясатының қабылдануы немесе
бекітілуі бұйрықпен рәсімделеді. Туристік кәсіпорындарда есеп саясаты
қолданатын есеп регистрларын таңдау, оларда бухгалтерлік жазулар жүргізу
(бухгалтерлік есеп формалары); бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары
негізінде шоттардың жұмыс жоспарын құру – турөнімді өндіру және сату
технологияларына байланысты синтетикалық шоттар мен қорытынды есептер санын
шектелген түрде қолдану; алғашқы құжаттардың типтік формаларында
қарастырылмаған шаруашылық операцияларын, сондай-ақ ішкі айналымында
жүргізілетін құжаттар үшін формаларды рәсімдеу; құжаттар айналымын жүргізу
ережесі; түгендеу жүргізудің тәртібі; тауар-материалды қорларды бағалау
әдісін құру; негізгі құралдар, материалда емес активтердің тозуы бойынша
есеп жүргізудің тәртібі мен әдісін бекіту; жеке есеп объектілері арасында
жанама шығындарды бөлу әдістерін таңдау; резервтерін қалыптастыру; курстық
айырманы есептеу тәртібі; таза пайданы пайдалану және бөлу варианттары;
туристік кәсіпорындардың бөлімшелері ретінде бухгалтерия құрамы мен
құрылымы элементтерінің негізгінде жұмыс атқарады.
Туристік кәсіпорындардың есеп саясаты – бұл олардың негіздері мен
принциптеріне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді
айқындау үшін туристік кәсіпорындардың басшылары қолданатын тәсіл-
амалдарының жиыны. Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдеріне шаруашылық
қызметтерінің фактілерін бағалау жғне топтастыру әдістері, активтер құнын
өтеу, құжаттар айналымын ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын
қолдану тәсілдері, есеп регистрларының жүйесі, ақпараттарды өңдеу және
басқада сәйкес тәсілдері, амалдары және әдістері жатады. Туристік
кәсіпорындардың шаруашылық операцияларын, активтерін, меншік капиталын,
міндеттемелерін, қаржы нәтижелерін көрсететін альтернативті әдістерін
қолдануға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп стандарттары есеп саясатының
негізі мен базасы болып табылады.
Туристік кғсіпорындардың көрсететін қызметтерінің жағдайларынан
шығатын және бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есебін көрсету үшін
негіз ретінде қабылданатын әрбір стандарт ұсынатын әдістердің бірін
таңдаумен есеп саясаты қалыптастырылады. Туристік фирмаларда бухгалтерлік
есеп шаруашылық есеп жұмысының көлеміне байланысты іске асырылады:
— бас бухгалтердің басшылығымен жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде
бухгалтериямен;
— не туристік кәсіпорын штатына енгізілген, не еңбек келісім шарты бойынша
жұмысқа қабылданған бас бухгалтермен;
— арнайландырылған ұйымдармен, аудиторлық компаниялармен;
— тікелей туристік кәсіпорын басшысымен.
Туристік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында өзара байланысты
қамтамасыз ететін, еңбекті ұйымдастыруда ғылыми жетістіктерді пайдаланатын,
барынша қарапайым және жинақы болатын, бақылау мен басқару үшін әкімшілік
басқаруды ақпараттармен қамтамасыз ететін, ақпаратты сырттан
пайдаланушыларға сенімді бухгалтерлік есеп беретін бухгалтерия аппаратының
құрылымы турөнім өндірісінің технологиясымен және арнайы ұйымдастыру
ерекшеліктерімен құрылуы керек.

калькуляциялау
Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы БЕС №7
Тауарлы материалдық қор есебі және оған әдістемелік ұсыныспен
реттемеленеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құны
табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек
ресурстары, сондай-ақ басқа да шығындардың өндірістік процесінде пайдалану
бағаларының құнын білдіреді.
Туристік азық-түліктердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға
бөлінген шығындар қосылады.
Тікелей шығындар- бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына тікелей
қосылуы мүмкін шығындар ( туристік азық-түлікткрді өндіру және өткәізумен
байланысты қызметкерлердің еңбекақысы аударым(12% әлеуметтік салық) және
әдеттегінше шығын елементтерінің қимасында (в разрезе) ескеріледі.
Жанама шығындар – бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның
бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу
шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі, жарнамалық және
сувенирлік өнімдерді дайындау, жалдық ақы). Өндірістегі процестегі
қызметтік рөлі бойынша айрықшаланатын олар кешенді баптарды (бірнеше
экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.
Туристік азық-түліктерді өндіру шығындарын топтастыру экономикалық
мазмұнына және БЕС 7 Тауарлы-материалдық қор есебі мен оған әдістемелік
ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:
а) экономикалық элементтермен
• Материалдық шығындар;
• Еңбекақы шығындары
• Аударым
• Құралдардың тозуы
• Басқадайшығындар;
ә) шығын баптары бойынша:
• Материалдар;
• Еңбекақы;
• Аударым;
• Үстеме шығындар
Туристік азық-түліктерді өндірудің шығын есебіне 900 Негізгі өндіріс,
920 Қосалқы өндіріс калькуляциялық шоттар, 930 Үстеме шығындар, жинау-
бөлу шоты Алдағы кезең шығындары 34 бөлімше шоты пайдадаланылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz