III - XI ғасырлардағы индияда феодалдық қатынастардың қалыптаса бастауы


КІРІСПЕ
Үндістанның мемлекеті және құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең-Солтүстік Үндістан (V-VI-VII ғ. ғ. ) мен Оңтүстік Үндістандағы (VI - VII - XIV ғ. ғ. ) ертефеодалдық қатынастар кезеңі. Ірі империялар - Гупта империясы (IV - V ғ. ғ. ) мен Харши империясы (VII ғ. ) бірқатар ұсақ феодалдық князьдықтарға бөлінді;
2 кезең - дамыған феодализм кезеңі (XIII ғ. - XVI ғ. бірінші жартысы), бұл кезде Үндістанда ірі феодалдық мемлекеттер қалыптаса бастады: алдымен Дели сұлтандығы (XIII ғ. ), содан кейін Ұлы Моғолдар империясы (XVI ғ. басы) ;
3 кезең - кейінгі феодализм кезеңі (XVI - XVIII ғ. ғ. ) .
VI-XVII ғасырларда Үндістан көптеген мемлекеттердің - князьдықтардың жиынтығы түрінде болған, бұл мемлекеттер өзара экономикалық тұрғыдан байланысы жоқ болатын, тек соғыс кездерінде ғана ірі князьдықтардың (Харши империясы мен Гупта империясы) маңында бірігетін. Бұл кезеңдегі үнді мемлекеттері монархиялық басқару нысанында болған, оларды махараджа - басты князь басқарған. Махараджаға кеңесшілері - монтри паришад көмектесетін. Мемлекеттік аппаратта маңызды орынды әскерлер мен салық жинаушылар иеленетін болған.
Гупта және Харши империялары провинцияларға (деша, бухти) бөлінген еді, оларды шекаралық облыстардың басшылары (гонтри) мен патша өкілдері (упарика) басқаратын. Провинциялар округтарға (вишая) бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік болып селолық қауым табылған, оның басында староста - граминк тұрған.
Бұл кезеңде де, кейінгі кезеңдерде де Үндістанда касталық жүйе (варналар) сақталып қалған болатын, олардың ішінде ең жоғарғысы брахмандар, ал төменгісі құлдар болатын.
XII ғасырдың екінші жартысында ауған сұлтандарының жаулап алу жорықтары басталды. Екі онжылдық барысында Гуридтер династиясының сұлтандары бүкіл Солтүстік Үндістан аумағында үстемдік орнатты. Жаулап алынған жерлер алдымен Гуридтер державасының мемлекеттік жерлерінің құрамына емес, XVIII ғасырдан бастап Дели сұлтандығы деп аталған дербес мемлекет болып бөлініп шықты. 1229 жылы Дели сұлтандығын бағдат халифі тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Дели сұлтандығындағы барлық мемлекеттік жерлер екі санатқа бөлінді: халиса, бұларды мемлекеттің салық саласындағы шенеуніктері басқарды, және икта, бұларды феодалдар - иктадалар иеленген. Феодалдық жеке меншіктің де бірнеше нысандары болған: вакуф - мешіттердің, медреселерлің, улемдердің және шейхтердің меншігі; мильк - әскери ақсүйектердің, саудагерлердің, ірі шенеуніктердің меншігі.
Империяның саяси өмірі мен басқаруының орталығы болып сұлтан сарайы табылған. Сарайдағы басты шенеунік болып вакил - и - дар - сарай басшысы табылған, ол сұлтанның отбасының, жақындарының және құлдарының жағдайын қадағалап отырған. Сарайда оған тез лауазымды әмір-хаюб-салтанатты іс-шараларын жүргізуші иеленген. Сарайды қамтамасыз етуді карханахтар жүзеге асырған.
Дели сұлтандығында екі басты ведомство болған: қаржылық және әскери. Қаржыларды реттеуді сұлтанның басты минситрі - уәзірдің ведомствосы жүзеге асырған, ол диуан - ивазират деп аталған. Әскери ведомствоны арид - и - мамалик басқарған. Диуан - и- инша арнайы ведомствосы сұлтанның хат - хабарларын алып - жөнелтумен, диуан - и - расалат ведомствосы діни істермен, диуан - и - кази сот істерімен айналысатын.
Дели сұлтандығы 23 провинцияға бөлінген болатын. Ірі провинциялар облыстарға - шикаларға, ал облыстар аудандарға - паргандарға бөлінген, паргандар бірнеше ауылдардан құралатын. Провинциялардағы билік орталық әкімшіліктегіге ұқсас болып келетін.
XVI ғасырда Солтүстік Үндістанды Ферғананың бұрынғы билеушісі Бабыр жаулап алады, ол 1526 жылы Ұлы Монғолдар династиясының негізін қалады. Монғолдар барлық жаулап алған жерлерін халисе қорына өткізіп отырған. Тек падишах қана жерді феодалдарға шартты әскери ұсыну - джагир нысанында бере алатын. Жеке жер иелену сюргаль (мұсылман басшылары шейхтарға, дінді уағыздаушыларға беретін жерлер) және заминдер меншігі (монғолдарға бағынған үнді феодалдары) болған.
Дели сұлтандығы сияқты Монғолдық Үндістан да деспотиялық мемлекет болып табылған және Дели сұлтандығына тән көптеген мемлекеттік институттарды таныған. Ұлы Монғолдар мемлекетінің басында падишах тұрды. Империядағы басты ведомстволар болып әскери және қаржылық ведомстволар сақталып қалды. Қаржылық ведомствоның басында бірінші министр - диуан тұрған. Мир - бакши әскери ведомствоны басқарған. Басты төрт министрлардың құрамына мирсаман - падишахтың шеберханалары мен қоймаларын басқаратын басты шенеунік дәне садр - уссудар - діни және сот басқармасының басшысы енген.
Монғол империясы 15 облысқа бөлінген, оларды падишахтың өкілдері - хакимдер басқарған. Әрбір облысқа хакимдерден тәуелсіз фоуджи - дарлар - әскербасылар, гомашттар - салық жинаушылар және қала басшылары - котвалдар тағайындалған.
Феодалдық Үндістанның құқықтық жүйесіне мұсылман құқығы көптеген өзгерістер әкелген, бұл құқық елге мұсылмандық жаулап алушылардың жорықтарының нәтижесінде енген. Үндістанда мұсылман үстемдігі орнатылғаннан кейін, жергілікті құқық - дхармашастрдың қолдану саласы адамдар арасындағы таралу шегі және қоғамдық қатынастарда таралу шегіне қарай қысқартылған. Дінге тікелей қатысы бар деген қатынастардың барлығы: неке және отбасылық, мұрагерлік және діни қызметпен байланысты қатынастар мұсылман адамға қатысты болса мұсылман құқығымен, ал индусқа қатысты болса индус құқығымен реттелетін болған. Дәл осы кезеңде нормалары жаңа жағдайларға икемделген, қазіргі кездегі Үндістанда да индуизм дініне сенушілерге де қатысты әрекет ететін құқықтың персоналдық жүйесі, яғни, үнді құқығының жүйесі қалыптасты.
1. III - XI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИНДИЯДА ФЕОДАЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСА БАСТАУЫ.
1. 1 III - V ғасырлардағы Солтүстік Индияның әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
Нарбадда өзені мен Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер Солтүстік Индия, ал олардан оңтүстікке қарай жатқан жерлер - Декан/”дакхин” - оңтүстік/деп бөлінеді. Бұл жерлерде көптеген тайпалар тұрды. Олардың тілдерінде біраз ерекшеліктер болды. Тайпалар дамудың әртүрлі сатысында еді: біреулері алғашқы қауымдық құрылыста болса, енді біреулері құл иеленушілік құрылыста, келесі біреулері - феодалдық қоғамға аяқ басқан еді.
Cолтүстік Индияда дәнді дақылдар, жеміс-жидек, май алынатын, қабығынан жіп жасалатын өсімдіктер өсірілді.
Малдың да көптеген түрлері өсірілді. Тау - кен кәсібі дамыды: мысалы, алтын, темір, т. б. металдар өндірілді. Металды өңдеу ісі, жоғары дәрежеде дамыды. Делидің маңындағы V ғасырдың басында қойылған, әлі күнге дейін сол баяғы қалпында сақталған биіктігі 6, 7 м., диаметрі 0, 4 м., жазуы бар, ешқандай коррозияға берілмейтін колонна металлургтерді таңқалдырып келеді. Ертеректе тек қолөнерінде қолданылған темірден жасалған еңбек құрал-саймандары V-VI ғасырларда жер өңдеу ісінде де кеңінен пайдаланыла бастады.
Өндіргіш күштердің жетілуінің тағы бір көрсеткіші - құрылыс ісі болды. Бұрынғы ғибадатханалар мен т. б. қоғамдық үйлердің негізгі құрылыс материалы болып келген ағаш енді таспен, кірпішпен алмастырыла бастады. Жаңа ғасырдың басында тастан салынған құрылыстар тек тас өңдеушілердің шеберлігін ғана емес, олардың өңдеу құрал-жабдықтарының жоғары дәрежеде жетілгендігін де көрсетеді.
Осы кезде Индияның атақты үңгір храмдары, яғни басынан аяғына дейін тек тастан қашап салынған будда храмдары өмірге келді. Сондай құрылыстың бір үлгісі - Анджанттағы будда вихрасы. Көне құл иеленуші қоғамның мәдени орталықтарында әртүрлі кесіп: зергерлік, қару - жарақтық, гончарлық, тері, ағаш өңдеу, тоқу - орын алған. Әсіресе, тоқу кәсібі жоғары дәрежеде дамыды.
Көптеген археологиялық қазба материалдары: тиындар, әдеби шығармалар Индияда сыртқы сауданың да дамығандығын көрсетеді. Индияның Риммен саудасы сонау I - II ғасырларда - ақ кеңінен қанат жайған болатын. Рим Индиядан тәтті тағамдар, бояу, иіс су, үлбіреген мата алып тұрды. Ол тауарлар үщін Рим Индияға алтын, шыны, ыдыс - аяқтар, қорғасын, шарап, құлдар беріп отырды. IV ғасырдан бастап бұл сауда Византия қолына көшті. Индия көпестері батыста Аденге, шығыста - Бирмаға, Үнді - Қытайға, Ява мен Суматраға дейін барып, сауда жасады. Қытаймен тек сауда байланысы ғана емес, діни байланыс та орнады.
Индиялық буддистер буддизм әдебиетін санскрит тілінен қытай тіліне аударуға көмектесті. Индия сауданы құрғақта да кеңінен жүргізді. Археологиялық қазба материалдары Индияның Орта Азиямен де байланысты болғандығын көрсетеді. Әдеби, жазба ескерткіштер бұл кезде үндінің ауыл шаруашылығы қауымында үлкен отбасыларының шағын, жеке отбасыларына бөліну процесі күшейгендігін көрсетеді. Бұрын үлкен отбасының басшысы өлгеннен кейін де бөлінуге тыйым салынатын болса, енді жаңа дәуірдегі брахман заңы бойынша ондай отбасының басшысы тірі кезінде де бөлінуіне рұқсат беріле бастады.
Мұндай ірі отбасыларының кішігірім жеке-жеке отбасыларына бөлшектенуі үнділік ауыл шаруашылығы қауымындағы мүлік теңсіздігін туғызып, жікке бөлінуді тездетті. Кейбір қауым мүшелері өз үлестерін сатып жіберді. Қауым ол үлестің келімсектерге өтіп кетпеуін қадағалап отырды. Бұл туралы бізге сақталып жеткен “Артхашастра” деп аталған саясат туралы трактаттан білеміз. Оның авторы б. з. д. IV ғасырда өмір сүрген Каутилья. Ол трактат бойынша қауым мүшесі жерін сатуға ерікті болды. Бірақ ол жерді сатып алуға ең алдымен оның өз туыстары құқылы болды, тіпті болмаса тек сол қауымның басқа мүшесі ала алатын.
Трактатта “даса” деген құлдардың жаңа түрі туралы айтылады. Бұл жерін сатып жіберіп, қарызға белшесінен батқаннан кейін басқа біреуге құлдыққа жалдануға мәжбүр болған, жолы болмаған бұрынғы тек құқылы қауім мүшесі.
“Артхашастрадан” біз патша иелегінде құлдар мен қатар майда жалгерлер де болғанын білеміз. Халық өте тығыз орналасқан жерлерден еріктілерді патша иелігіне көшіретін, басқа патшалықтан қоныс аударғысы келетіндер шақырылатын. Мұндай ұсақ жалгерлер патшаға өнімнің жартысына жуығын беріп тұратын. Қажет болса патша ондай қоныс аударушыларға материалдық көмек көрсететін: мал, тұқым, ақша беретін. Жалгерлер патша чиновниктерінің бақылауында болатын. Патша бос жатқан жерлерді сатуға да, жалгерлерге беруге де құқылы болды.
Сқйтіп, жаңа дәуірде ірі жер иелері өз шаруашылықтарын прогрессивті негізде жүргізе бастады. Құлдар еңбегі тиімді болмады. Сондықтан жер иелері оларға өз шаруашылығын жүргізетін үлес бөліп берді. Ол үлес үшін құлдар жер иесіне жұмыс істеп беретін немесе өнімнің белгілі бір мөлшерін беретін. Сонымен, құлдық қоғамда қанаудың феодалдық қоғамға тән түрі кеңінен қолданыла бастады.
1. 2 Гупттар державасы. Декандағы жағдай.
IV ғасырда Солтүстік Индия Магадхалық ақсүйектердің қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта әулетінің өкілі Чандрагуптаның/320 - 340/қолына тиді. Оның баласы Самудрагуптаның/340 - 380/тұсында Гупттар билігі Батыс Бенгалиядан Пендажбқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Индияға таралды.
Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери аппарат құрылды. Ондай аппарат тек астана Паталипутрада ғана емес, басқа маңызды қалалар мен елді мекендерде де құрылды. V ғасырдың ортасында халықтың салыққа деген наразылығы көтеріліске әкеп соқты. Державадан батыс облыстар бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекетке айналды. 458 жылы гупттар өз державасын көшпелі гунн - эфталиттер шабуылынан қорғап қалды. Бірақ V ғасырдың аяғына қарай, Будхагупта тұсында гунн - эфталиттер гуптталарға қарсы қатты соққы беріп, батыстағы Мальва, Гуджарат, т. б. бірқатар облыстарды алды.
Гупттар тек Магадхты ғана ұстап қалды. Эфталиттер Шакала қаласын өз астанасына айналдырды. Эфталиттер езгісі елді ауыр күйзеліске ұшыратты. Ол езгі үнділіктерді көтеріліске шығарды. 528 жылы гупттар басшысы Баладитья Орталық Индиядағы Мандасордың басшысы Яшодхарманмен одақтаса отырып, эфталиттерді талқандады. Эфталиттер қуылды. Бурақ бұл күрес Гупттар мемлекетін өте қатты әлсіретті. Ішкі талас-тартыстар тоқтамады. Ақыры, VI ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Гупттар державасы құлағаннан кейін Декан аумағында бірнеше ұсақ, дербес князьдықтар құрылды. Олардың ішіндегі ең ірілері жарты аралдың оңтүстік батысындағы Чера, Қиыр оңтүстіктегі Пандья, Оңтүстік шығыстағы Чола және шығыстағы Андхра болды. Деканның солтүстік батысында скиф әулетінен шыққан басшылар құрған кішігірім мемлекет болды. Бұл князьдықтардың кейбіреулерінде бұрынғы ақсүйектер билігі сақталып қалды. Басқаларын төменгі сословие - шудра мен вайшилерден шыққандар немесе Индияға басып кірген тайпалар өкілдері басқарды. Деканның біраз князьдықтарында жергілікті әскери аристократиядан шыққан өкілдер билігі орнады. Декан елдерінде Солтүстік Индиядағыдай құл иенушілікпен қатар алғашқы қауымдық қатынастар да сақталды.
Археологиялық мәліметтер мен әдеби ескерткіштерден Декан патшалықтарының I - III ғасырларда Риммен қызу сауда - саттық жүргізіп тұрғандығы белгілі. Деканның теңіз жағалауларынан табылған тиындар соның айғағы. Бұл аймақ тәтті жеміс - жедіктерге бай болған. Деканның ішкі аймағы адам кіре алмайтын тоғай еді. Деканда негізінен мал өсіріп, аң аулаумен шұғылданатын тайпалар тұрды. Бұл тайпалар құлиенушіліктен соншалықты алыс тұрған жоқ. Олар мен Деканның егіншілікпен айналысатын құл иеленуші халықтары арасында тығыз қатынас болған.
1. 3 Индияның VI - XI ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық құрылысы.
Құл иеленуші қоғаммен тығыз байланыстағы тайпалардың әлеуметтік - экономикалық дамуы жоғары болды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс тез ыдырады. Декан тайпалараның ішінде аұсүйектер тобы бөлініп шыға бастады. Тайпа көсемдерінің рөлі арта түсті. Тайпалар арасындағы қақтығыстар, олардың бірін - бірі бағындыруы күшейді.
Жер иесі - феодалдың билігі өз қарамағындағы басыбайлы немесе толық құқылы емес шаруаларға тарады. Олар феодалдардың жерінде ұсақ шаруашылықпен айналысып, феодалға жер рентасын төлеп отырды. Декан князьдықтарындағы ең ірі жер иелері - махараджалар/ұлы князьдар/болды. Князьдар бос жатқан жерлер мен қауым жерлерінің біраз бөлігін күшпен тартып алу арқылы өздерінің жер иеліктерін құрастырды. XI ғасырдан бізге жеткен бір мәлімет мынаны хабарлайды: “Оңтүстіктегі бір князь өз көршілерінің жерін жаулап алған соң ол жердің бұрынғы иелерін қуып шығып, оған өз шаруаларын көшірді. Сөйтіп, 1900 ауыл құрған. Ол жерді өте мұқият бөліп, көшіп келгендердің қанша салық төлейтіндігін белгіленген”.
Сақталған князь грамоталары қауым жерінде бос жатқан жерлер князьдікі болып есептелгендігін хабарлайды. Ол жерлер “раджа жері” деп аталған. Князьдардың қауымға тиісті жерде де үлесі болды. Оны сол қауымның шаруалары өңдейтін. Храмдар мен монастырлар да ірі жер иелері болды. Князьдар храмдарға көп жерлерді жомарттықпен сыйлап отырған. Мысалы, XI ғасырда “Батыс Декандағы бір князь храм мен дінбасыларына 1400 село мен деревня сыйлаған”, - дейді бізге жеткен князь грамоталары.
Храмдар өз иеліктерін жерлер сатып алу арқылы немесе ашаршылық жылдары өсімқорлық операциялары арқылы ұлғайтып отырған. X - XI ғасырларда ірі жер иеліктері бар храмдар Катхъявар жарты аралығындағы Сомнатха, Индияның оңтүстігіндегі Мадура болған. Князьдар мен храмдарда басқа қауымның байып алған өкілдері де феодалдарға айнала бастады. Князьдар әскери қызмет атқарғандарға да жер үлесін бөліп отырды. Бұл туралы біз Сюан Цзанның қалдырған жазбаларынан білеміз. Ол былай дейді: “Губернаторлар, кеңесшілер, сот чиновниктері мен қызметкерлер жер үлесін алып, соның түсімімен күн көреді”.
Индияда қызмет орны әкеден балаға көшіп отырды/негізінен/. Сол себепті қызметі үшін берілетін жерлер де атадан балаға қала беретін. Әскери міндеткерлігі үшін де жер берілетін. Сол жері үшін оның иесі жасақшыларымен князь шақырған кезде жиналып келуі керек болды. Егер келмей қалса, жерді князь қайта алып қоюға құқылы. Мұндай жер беру жүйесі әсіресе Гуджаратта, Мальвада, Раджпутан мен Джамна - Ганга өзендері маңында кең өріс алды. Сөйтіп, Индияның бір аудандарында феодалдық қатынастар мен таптар дамып, жетіле түсті, ал енді бір аудандарда жаңадан қалыптасып жатты. Феодалдар өздерінің таптық артықшылықтарын иұрагерлікке заң жолымен бекітіп, феодалдық қоғамның билеуші, үстем сословиесіне айналды. Феодалдардың қауым жерін басып алулары бейбіт жолмен жүргізілмеді. Қауым мүшелері феодалдарға қарсы күресіп бақты. Бірақ әлсіз қауым мүшелері жеңіліс тауып отырды.
Ерте ортағасырлық үнді қауымы туралы мәліметтер VII ғасырда Бана деген жазушы қалдырған “Харшачарите” деген шығармада сақталған. Ол әр үйдің өзінің астық қоймасы болғандығын, үй ауласы қоршалатындығын баяндайды. Үйдің айналасы бау-бақша болған. Үйдің қасындағы усадьбадан басқа жер жыл сайын қайта бөлініп отырған. Бана: “көп жер ну тоғайлы болғандықтан күріш егіп, қырман жасалатын жерлер жыл сайын қайта бөлініп отыратын. Бірақ әр жыл сайын таластартыс, дау - дамай болып отыратын, ” - дейді. Бананың шығармасында бейнеленген ауыл күріш пен мақтадан басқа көкөніс пен қант тростнигін өсіретін. Шаруалар сонымен қатар қосымша аңшылықпен айналысатын. Қауымның иелегіндегі тоғайдан жабайы жеміс - жидек теретін.
Жер иеленуші қауым ыдыс-аяқ, құрал-сайман жасайтын ұста, шаштараз, кір жуушы, қарауыл, мүраб/сушы/, тері өңдеушілерді жалдап ұстайтын. Бірнеше деревнядан тұратын үлкен қауым зергерлер мен тас кесушілер жалдайтын. Өз еңбектері үшін олар қауымнан азық - түлік алып отыратын. Әрбір қауым мүшесі сол жалдамалы шеберлер үшін астық өнімінің белгілі бір мөлшерін бөліп беріп отыратын. Кейбір қолөнершілер натуралдық жалақысына қоса қауымнан кішігірім жер үлесін алып, үрімбұтағына мұраға қалдырып отыратын. Қауымның старостасы, хатшысы, қазысы, балгер - болжаушысы/астролог/болды. Соңғысы жұлдызнама құрастырып, әр жұмыс үшін сәтті күнді анықтайтын, брахмандар мен қауымның қадірлі адамдарының балаларын оқытатын. Староста, хатшы, астрологтар мен мұғалімдер қауымнан натуралды жалақы алды. Олардың жалақыларының мөлшері қолөнершілердің жалақыларынан едәуір көп болды. Оларға жер үлесі көп берілді.
Қауымның халқының қатары үнемі келімсіктермен толықтырылып отырды. Әртүрлі себептермен өз жерлерінен қашып, басқа қауым арасына келіп паналаған келімсектер бара - бара сол қауымға сіңіп кетіп, тең праволы мүшесі болып шығатын. Үлес алып, оны мұрагерлікке қалдырып отыратын. Бірақ олардың қауім жерінен түсетін/өнімді/табысты бөлісуге құқысы болмады. Тең праволы қауым мүшелерінің арасындағы мүлік теңсіздігінің дамуы бірте - бірте қауымдағы демократияны әлсірете бастады. Бұл теңсіздік өскен сайын қауым мәселелелерін шешу жалпы жиналыстан әулеттер басшыларының, кейін-селолық панчаяттың/“бестің” кеңесі/қолына көшті. Ал панчаятта шешуші рөльді староста мен оның көмекшісі-селолық писарь/хатшы/атқарды.
1. 4 Индия князьдықтарындағы аграрлық қатынастар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz