Төменгi сатыдығы өсiмдiктер
Мазмұны
1. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
2. Жасыл және қоңыр балдырлар
3. Жасыл балдырлар бөлiмi (CHLOROPHYTA).
4. Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi.
5. Хомидомонада, және оның жыныссыз көбеюi
6. Хломидомонаданың жынаста көбеюi
7. Көп жасушалы жасыл балдырлар
8. Қоңыр және қызыл балдырлар.
9. Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi , қоректенуi, көбеюi
10. Балдырларды қолдан өсiру
11. Хламидомонаданың жыныссыз көбеюi
12. Хламидомонаданың жынысты көбеюi
13. Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi, маңызы.
14. Қыналар, олардың құрылыстары, қоректенуi, көбеюi
15. Қыналардың iшкi құрылысы.
16. Қыналардың көбеюi.
17. Қыналардың маңызы.
18. Пеницил саңырауқұлағы

ТӨМЕНГI САТЫДЫҒЫ ӨСIМДIКТЕР
Құрлық жер шары бетiнiң 30 % жуығын алып жатыр, қалған бөлiгi теңiздер мен мұхиттар.
Өзен, көл және теңiз суларында өсiмдiктер көптеп кездеседi. Ұсақ жасыл өсiмдiктер суда қалқып жүредi, кейбiр тұтасып өскендерi су түбiн жауып жатыр, осы өсiмдiктердiң көпшiлiгi балдырлар деп аталады, олар кәдiмгi гүлдi өсiмдiктерден ерекше. Балдырлар негiзiнен су өсiмдiктерi , дегенмен кейбiреулерi жер бетiнде кездеседi : топырақта, ағаш дiңiнде т.б.
Альгология (немесе фикология) балдырлар жөнiндегi ғылым. Бүкiл жер бетiне таралған олар, фотоавтотрофты ағзалар ретiнде табиғат тiршiлiгiнде орасан зор рол атқарады. Суда олар органикалық заттар жасаушы (түзушi) ретiнде болғандықтан – қорек тiзбегiнiң алғашқы буыны. Келесi бiр үлкен маңызы балдырлар судағы жануарлар мен өсiмдiктер үшiн фотосинтез кезiнде суға оттегiн бөледi. Оларда көбiнесе хлорофилден басқа да пигменттер болады. Сондықтан олар сарғыш, қоңыр, қызыл түстi де болады. Әрине, жасыл балдырлар да көп.
Үлкен су қоймалары түбiнде өсетiн балдырлар – жасыл түстi жiңiшке жiп тәрiздi. Балдырлардың тамыры болмайды, сондықтан олар су түбiне кiшкене өсiндiлерi – ризоидтары арқылы бекiнедi. Олардың өткiзгiш түтiктерi бар сабақтары , жапырақтары, гүлдерi , жемiстерi мен тұқымдары болмайды. Мықты сүрегi, тiн талшықтары жоқ балдырларды су демеп ұстап тұрады. Судың қозғалысы мен балдырлар тербелiп тұрады.

Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. В.И. Билай. Основы микологии. Киев: Высшая школа, 1989.
2. И.А. Дудка. Грибы. Киев: Наукова думка, 1987.
3. Ф. Вент. В мире растений. 1972.
4. Э.Н. Кудряшева. Микология с основами фитопатологии. Минск: Высшая школа, 1918.
5. О.А. Абдрахманов. Практические работы по систематике низших растений. Часть 1. - Караганда, 1994.
6. О.А. Абдрахманов. Практические работы по систематике низших растений. Часть 2. - Караганда, 2000.
7. Культиасов И.М. Экология растений. М.: МГУ, 1982.
8. Горышина Т.К. Экология растений. М., 1979.
9. Лархер В. Экология растений. Изд-во Мир, 1978.
10. Дорохина Л.Н. Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии растений. М.: Просвещение, 1986.
11. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1., М., 1996.
12. Рейвн П. и др. Современная ботаника. М., т. 1, 2, 1990.
13. Бурова Л.Г. Экология грибов макромицетов.-Москва: Наука, 1986 г.
14. Лихачева Е.А.Грибы.-Алма-Ата: Кайнар, 1986 г.
15. Саут Р., Уиттик А., Основы альгологии. - Москва: Мир, 1990. С. 15
16. Абдрахманов О.А., Альгология. – Қарағанды, 1997 ж.
17. Абдрахманов О.А., Айдарханова Г.С., Лихенология. –Алматы, 2003 ж.
18. Шапиро И.А. Загадки растения – сфинкса: Лишайники и экологический мониторинг. – Л.:гидрометеоиздат. 1991-80 С.
19. Шуберт Р. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем.М.1986г.
20. Шинников А.П. Экология растений. М: Сов.наука, 1950.
Қосымша әдебиеттер
1. Абдрахманов О.А., Нуркенова А.Т., Экология низших растений. Электронный курс лекций.-Караганды: КарГУ, 2009 г.
2. Абдрахманов О.А., Нуркенова А.Т., Систематика растений (низшие растения). Электронный курс лекций.-Караганды, 2007 г.
3. Голубева Н.В. Альгология, 1998.
4. Жизнь растений, 1-6 Т.т., 1973, 1978-1982.
5. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л:В., Уранов А.А Систематика растений. M.,1975. 608 с.
6. Курс низших растений. Под ред. Горленко МВ .1981.
7. Гарибова Л.В., Горбунова н.п. и др. Низшие растения. М.,1975.
8. Дорохова Л.Н., Нехлюдова АС. Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии. М:. 1980. 143 с.
9. Поплавская Г.И. Экология растений. Изд-во АН СССР, 2.с.148
10. Лаптев Ю.П. Растения от А до Я/ Лаптев Ю.П.. - М.: Колос, 1992.
11. Грибы и лишайники в экосистеме/Под ред. Э.К.Вимба.-Рига, Изд-во Латвия, 1985 г.
12. Черепанова Н.П. Морфология и размножение грибов.-Ленинград: ЛГУ, 1981 г.
13. Великанов Л.Л., Сидорова И.И., Успенская Г.Д., Полевая практика по экологии грибов и лишайников.-Москва: Госиздательство МГУ, 1980 г.
14. Лабораторный практикум по грибам и лишайникам.-М, 2001 г.
15. Водоросли, лишайники и мохообразные СССР / Л.В. Гарибова, Ю.К. Дундин, Т.Ф. Коптяева, В.Р. Филин. М.: Мысль, 1978-366 С.
16. Давыдова Н.Н. Диатомовые водоросли – индикаторы природных условий водоемов в голоцене. – Л: Наука, 1985
17. Водоросли Справочник. Киев. Наукова думка. 1989г.
18. Лишайники и их практическое использование,- Ленинград, АН СССР, 1945 г
Негізгі әдебиеттер
1. В.И. Билай. Основы микологии. Киев: Высшая школа, 1989.
2. И.А. Дудка. Грибы. Киев: Наукова думка, 1987.
3. Ф. Вент. В мире растений. 1972.
4. Э.Н. Кудряшева. Микология с основами фитопатологии. Минск: Высшая школа, 1918.
5. О.А. Абдрахманов. Практические работы по систематике низших растений. Часть 1. - Караганда, 1994.
6. О.А. Абдрахманов. Практические работы по систематике низших растений. Часть 2. - Караганда, 2000.
7. Культиасов И.М. Экология растений. М.: МГУ, 1982.
8. Горышина Т.К. Экология растений. М., 1979.
9. Лархер В. Экология растений. Изд-во Мир, 1978.
10. Дорохина Л.Н. Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии растений. М.: Просвещение, 1986.
11. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1., М., 1996.
12. Рейвн П. и др. Современная ботаника. М., т. 1, 2, 1990.
13. Бурова Л.Г. Экология грибов макромицетов.-Москва: Наука, 1986 г.
14. Лихачева Е.А.Грибы.-Алма-Ата: Кайнар, 1986 г.
15. Саут Р., Уиттик А., Основы альгологии. - Москва: Мир, 1990. С. 15
16. Абдрахманов О.А., Альгология. – Қарағанды, 1997 ж.
17. Абдрахманов О.А., Айдарханова Г.С., Лихенология. –Алматы, 2003 ж.
18. Шапиро И.А. Загадки растения – сфинкса: Лишайники и экологический мониторинг. – Л.:гидрометеоиздат. 1991-80 С.
19. Шуберт Р. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем.М.1986г.
20. Шинников А.П. Экология растений. М: Сов.наука, 1950.
Қосымша әдебиеттер
1. Абдрахманов О.А., Нуркенова А.Т., Экология низших растений. Электронный курс лекций.-Караганды: КарГУ, 2009 г.
2. Абдрахманов О.А., Нуркенова А.Т., Систематика растений (низшие растения). Электронный курс лекций.-Караганды, 2007 г.
3. Голубева Н.В. Альгология, 1998.
4. Жизнь растений, 1-6 Т.т., 1973, 1978-1982.
5. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л:В., Уранов А.А Систематика растений. M.,1975. 608 с.
6. Курс низших растений. Под ред. Горленко МВ .1981.
7. Гарибова Л.В., Горбунова н.п. и др. Низшие растения. М.,1975.
8. Дорохова Л.Н., Нехлюдова АС. Руководство к лабораторным занятиям по ботанике с основами экологии. М:. 1980. 143 с.
9. Поплавская Г.И. Экология растений. Изд-во АН СССР, 2.с.148
10. Лаптев Ю.П. Растения от А до Я/ Лаптев Ю.П.. - М.: Колос, 1992.
11. Грибы и лишайники в экосистеме/Под ред. Э.К.Вимба.-Рига, Изд-во Латвия, 1985 г.
12. Черепанова Н.П. Морфология и размножение грибов.-Ленинград: ЛГУ, 1981 г.
13. Великанов Л.Л., Сидорова И.И., Успенская Г.Д., Полевая практика по экологии грибов и лишайников.-Москва: Госиздательство МГУ, 1980 г.
14. Лабораторный практикум по грибам и лишайникам.-М, 2001 г.
15. Водоросли, лишайники и мохообразные СССР / Л.В. Гарибова, Ю.К. Дундин, Т.Ф. Коптяева, В.Р. Филин. М.: Мысль, 1978-366 С.
16. Давыдова Н.Н. Диатомовые водоросли – индикаторы природных условий водоемов в голоцене. – Л: Наука, 1985
17. Водоросли Справочник. Киев. Наукова думка. 1989г.
18. Лишайники и их практическое использование,- Ленинград, АН СССР, 1945 г
Мазмұны
1. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
2. Жасыл және қоңыр балдырлар
3. Жасыл балдырлар бөлiмi (CHLOROPHYTA).
4. Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi.
5. Хомидомонада, және оның жыныссыз көбеюi
6. Хломидомонаданың жынаста көбеюi
7. Көп жасушалы жасыл балдырлар
8. Қоңыр және қызыл балдырлар.
9. Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi , қоректенуi, көбеюi
10. Балдырларды қолдан өсiру
11. Хламидомонаданың жыныссыз көбеюi
12. Хламидомонаданың жынысты көбеюi
13. Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi, маңызы.
14. Қыналар, олардың құрылыстары, қоректенуi, көбеюi
15. Қыналардың iшкi құрылысы.
16. Қыналардың көбеюi.
17. Қыналардың маңызы.
18. Пеницил саңырауқұлағы
ТӨМЕНГI САТЫДЫҒЫ ӨСIМДIКТЕР
Құрлық жер шары бетiнiң 30 % жуығын алып жатыр, қалған бөлiгi теңiздер
мен мұхиттар.
Өзен, көл және теңiз суларында өсiмдiктер көптеп кездеседi. Ұсақ жасыл
өсiмдiктер суда қалқып жүредi, кейбiр тұтасып өскендерi су түбiн жауып
жатыр, осы өсiмдiктердiң көпшiлiгi балдырлар деп аталады, олар кәдiмгi
гүлдi өсiмдiктерден ерекше. Балдырлар негiзiнен су өсiмдiктерi , дегенмен
кейбiреулерi жер бетiнде кездеседi : топырақта, ағаш дiңiнде т.б.
Альгология (немесе фикология) балдырлар жөнiндегi ғылым. Бүкiл жер
бетiне таралған олар, фотоавтотрофты ағзалар ретiнде табиғат тiршiлiгiнде
орасан зор рол атқарады. Суда олар органикалық заттар жасаушы (түзушi)
ретiнде болғандықтан – қорек тiзбегiнiң алғашқы буыны. Келесi бiр үлкен
маңызы балдырлар судағы жануарлар мен өсiмдiктер үшiн фотосинтез кезiнде
суға оттегiн бөледi. Оларда көбiнесе хлорофилден басқа да пигменттер
болады. Сондықтан олар сарғыш, қоңыр, қызыл түстi де болады. Әрине, жасыл
балдырлар да көп.
Үлкен су қоймалары түбiнде өсетiн балдырлар – жасыл түстi жiңiшке жiп
тәрiздi. Балдырлардың тамыры болмайды, сондықтан олар су түбiне кiшкене
өсiндiлерi – ризоидтары арқылы бекiнедi. Олардың өткiзгiш түтiктерi бар
сабақтары , жапырақтары, гүлдерi , жемiстерi мен тұқымдары болмайды. Мықты
сүрегi, тiн талшықтары жоқ балдырларды су демеп ұстап тұрады. Судың
қозғалысы мен балдырлар тербелiп тұрады.
Жасыл және қоңыр балдырлар
Жүйелiлiк (систематика) жағынан балдырлар 10 бөлiмге бөлiнедi. Оларды
шығу тегi, түр-түсi, жасуша құрылысы бойынша топтастырады. Бiз тек үш
бөлiмнiң өкiлдерiмен танысамыз – жасыл балдырлар , қоныр балдырлар және
қызыл балдырлар.
Жасыл балдырлар бөлiмi (CHLOROPHYTA).
Жасыл балдырлар әртүрлi құрлықтағы су қоймаларында кең таралған,
сондықтан тiрi күйiнде оларды зерттеу қолайлы. Жасыл балдырлар бiр
жасушалы, көп жасушылы және колониялы болады. Көп жасушалы балдырлардың
денесi сабақ, жапырақ болып бөлiнбегендiктен таллом деп аталады. Жасуша
қабықшасы целлюлозалы (жасунықты). Хлорофилi бар пластидтер хроматофор деп
аталады. (Гректiң хромос – бояу, форос -тасыушы деген сөздерiнен).
Хроматофорларда крахмал жинақталады. Хроматофорлар әртүрлi формалы. Кейде
iрi бiр-бiрден немесе бiрнешеу , кейбiреулерiнде – ұсақ, дән тәрiздi, өте
көп. Балдырдың түр-түсi хлорофилден басқа каротин және ксантофиллдерге де
байланысты.
Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi.
Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка,
жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны
–хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл
жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады.
Осындайды гүлдеген су деп атайды. Сулардың осылай гүлдеуi
хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.
Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi..
Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi
талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы
сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi
тостаған тәрiздi хроматофоры бар.
Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш
көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада
сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль
артық суды бөлiп шығарады.
Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық
заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп
те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады.
Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында
қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде
жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4
кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар
деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала
алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi.
Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада
түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн
үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi.
Хломидомонада, және оның жыныссыз көбеюi
Хломидомонаданың жынаста көбеюi
Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз
кезең басталғанда жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi.
Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың
гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен
қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4
хламидомонада түзiледi.
Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл
балдыр.
Домалақ шар тәрiздi хлорелла жасушасы қабықшамен қапталған, iшiнде
цитоплазма, ядро және жасушасын жасыл түске бояп тұратын iрi хроматофор
бар.
Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар
тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да
көрiнедi.
Бұл хлорелла өсiмдiгi. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр
жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен
тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де
көруге болады.
Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде
оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен
жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-
бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады. Осы споралар аналық
жасушы қабықшасын жарып шығып суда жүзiп өзбеттерiнше тiршiлiк етедi. Бұл
жасыл шарлар суда ерiген минералдық заттар мен көмiр қышқыл газын сiңiрiп
өз хроматофорларында органикалық заттар тұзедi.
Өзiнiң аса кiшi көлемiне қарамастан хлорелла қазiргi ғалымдардың , оның
iшiнде тек ботаниктердi ғана емес ғарыш кемесi конструкторларын ,
ғарышкерлердiң көңiлiн аударуда.
Екiншi ғарыш кораблiнiң iшiнде басқа да өсiмдiктер мен жануарлар
арасында осы хлорелла да болған. Планета аралық саяхат кезiнде ғарышкерлер
кабинасында үнемi оттегi мөлшерi тұрақты болып, жаңа дайындалған тағам
қажет. Ғарышкерлер кабинасында кiшкене бiр тұйық әлемдегiдей зат айналымы
жүрiп тұруы керек.
Жаңа азық-түлiк алуға шикiзат ретiнде де хлорелла ғалымдарды
қызықтырады (мысалы Орта Азияда хлорелланы мал азығына қосады). Өсiмдiк
өнiмдерiн алу үшiн теңiздер мен мұхиттарды пайдалану көзделiп отыр, ал олар
бiздiң планетамыздың 23 бетiн алып жатыр. Хлорелла және де басқа
микроскоптық балдырлар мен жануарлар 100 м тереңдiкке дейiнгi су қабатын
алып жатыр. Оны планктон деп атайды.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Бiр жасушалыдан басқа суда көп жасушалы балдырлар да көп. Осы балдырлар
iшiнде ұйысқан тұтас жiп тәрiздi балдыр улотрикс бар.
Улотрикс ағыны қатты сулардың беткi қабатында кездеседi. Оның өсiндiсi
тұтасқан шым тәрiздi болады. Олар сумен тербелiп жиектерде , жарларда және
су астындағы тастарда бекiнедi. Улотрикстiң жақсы тiршiлiк етуi үшiн үнемi
ауа ағыны қажет , сондықтан балдыр жағаға жақын өседi.
Улотрикс қысқа цилиндр тәрiздi жасушалардан тұрады. Ол жасушалар бiр
қатарда тiзiлiп орналасып жiпше түзедi.
Талломның барлық жасушалары бiрдей құрылысты. Ризоиды түссiз ұзын болып
созылған жасуша. Су түбiндегi тасқа осы ризоидтарымен бекiнедi. Жасуша
қабықшасы целлюлозадан тұрады. Улотрикстiң ересек жасушаларында ядросы,
хроматоффорасы бар цитоплазма жасуша қабырғаларына қарай орналасқан.
Жасушасында хроматофоры бiреу.
Аса көп таралған көп жасушалы балдырлардың бiрi – спирогира
(Spirogyra). Кез келген тоғанда, немесе өзек тоқтауларында кездесетiн жасыл
үстi қолға ұстағанда тайғақ тәрiздi болатын салындыны кездестiруге болады.
Осындай салындының көпшiлiгi спирогира жiпшелерiнiң жиынтығы, олар суда
еркiн жүзiп жүредi. Жiпшелерi шырышты қапшықпен жабылған.
Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр. Жiпшесiндегi жасушалары
бiр қатарға орналасқан. Көпшiлiк жасушалары бөлiнедi, соның арқасында
жасушалар саны артады. Спирогира жасушалары (клетчатка) жасунықты
қабықшамен қапталған. Цитоплазмасы жасуша қабықшасына ығыстырылған жасуша
ортасында ядрошығы бар iрi ядро орналасқан. Жасуша iшi үлкен бiр вакуольмен
толы. Бiр немесе бiрнеше таспа тәрiздi хроматофоры жасыл түстi болып
келедi.
Тұщы суларда кездесетiн көпшiлiк балдырлардың бiрi кладофора
(Cladophora) Кладофора теңiздерде де жиi кездеседi. Спирогира сияқты
кладофора да жiп тәрiздi балдыр, бiрақ оның құрылымы күрделi болып келедi.
Көпшiлiк жағдайда кладофора жiпшелерi тармақталып су түбiне бекiнiп тұрады,
әсiресе жас өсiмдiктерi. Үлкейген өсiмдiктер суда жүзiп жүредi.
Хроматофорлары iрi тор тәрiздi болып келедi. Осы балдырдың бiр қызықты
ерекшелiгi әрбiр жасушасы көп ядролы. Бұндай ерекшелiк жоғары сатыдағы
өсiмдiктерде ешқашан болмайды.
Қоңыр және қызыл балдырлар.
Қоңыр балдырлар (PHAEOPHYTA) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде
орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi
шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге
тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.
Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар
бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр
фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына
байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi
кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.
Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит
теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi.
Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша
келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың
барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды.
Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне
ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi –ризоидтарымен (гректiң ризат – тамыр,
идес – түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа
балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл
бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты
оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы
балдырларға оның қажетi де шамалы.
Жағалауда өсетiн кәдiмгi қоңыр балдырлар қатарына фукус та жатады.
Қайыс тәрiздi аса тармақталған фукустың қабаттамасы 50 см-ге дейiн
жетедi. Бұл балдыр суда ауаға толы кең қуыстары арқасында тiк тұрады. Су
деңгейi төмендегенде фукустың ну өсiндiлерi құрлықта, құрғақта қалады.
Қызыл балдырлар (RHODOPHYTA) өте тереңде мекендейдi. Балдырлардың осы
типтерiне тән пигмент – қызыл фикоэритрин. Қызыл балдырларда одан басқа
хлорофилл, каротин, ксантофилл және фикоциан сияқты пигменттер де бар.
Қоңыр балдырлар сияқты бұлардың да осы пигменттер көлемiнiң әр түрлi
болуына байланысты түстерi де қара-қоңырдан ашық-қызылға дейiн өзгерiп
отырады. Қызыл балдырлардың түсi олар мекендейтiн 100 м тереңдiкке дейiн
жететiн күн сәулесiне байланысты.
Қызыл балдырлар көпжасушалы . Олар кейде жiп тәрiздi тармақталған
ағзалар, кейде күрделi тармақталған таспа тәрiздi болып сыртқы құрылысы
жоғарғы сатыдағы жапырақты өсiмдiктерге ұқсайды.
Хлорофилдерiнiң есебiнен жарықта фотосинтез жүредi. Осы кезде суға
оттегi бөлiнiп, судан көмiрқышқыл газы сiңiрiледi. Олардың денесiнде ақуыз,
май, қант, крахмал сияқты органикалық заттар түзiледi.
Көк – жасыл балдырлар (CYANOPHYTA). Көк – жасыл балдырлар жасушаларының
қарапайым құрылыстылығымен ерекшеленедi. Жасушаларының қабықшасы пектиндi,
шырышпен қапталған. Цитоплазмада органоидтары жоқ. Цитоплазма шеттерiнде
пигменттер орналасқан, жасуша ортасында ядролық зат бар. Жасуша құрылысының
ерекшелiгiне байланысты олардың көбеюi қарапайым бөлiну арқылы жүредi. Көк
жасыл балдырлар прокариоттарға жатады(қалыптасқан ядросы жоқ). Бұл
балдырлардың әртүрлi пигменттерi болады. Көк-жасыл түс беретiн жасыл
хлорофилл және көк пигмент фикоциан . Осы екi пигменттен басқа бiрде аз,
бiрде көп мөлшерде қызыл түс беретiн –фикоэритрин және сарғыш түс беретiн
каротин де бар.
Көк-жасыл балдырлар әртүрлi экологиялық жағдайларда тiршiлiк етедi:
әртүрлi деңгейде ластанған тұщы және тұздылау су қоймаларындағы су
қабаттарында, топырақта, ағаштар дiңдерiнiң түбiнде.
Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi , қоректенуi, көбеюi
Балдырларды қолдан өсiру
Балдырлар барлық сулардағы әсiресе теңiз суларындағы негiзгi
продуценттер. Балдырлардың түрлерi өте көп, олардың 30 мыңнан аса түрлерi
бар. Олардың көбеюi әртүрлi жолмен жүредi. Кейбiреулерiнде , мысалы көк –
жасыл балдырларда жаңа ұрпақтары тек вегетативтiк жолмен пайда болады.
Вегетативтiк көбею. Бiржасушалы балдырларда вегетативтi көбею жасушаның
бөлiнуiмен жүзеге асады. Колониялы балдырларда-сол колонияның ыдырауымен
немесе, аналық дараның iшiнен жаңа колонияның түзiлуiмен болады. Жiп
тәрiздес балдырларда вегетативтiк көбею жiпшелерiнiң кездейсоқ үзiлуiмен
өтедi.
Жыныссыз көбею балдырларды арнайы жасуша – спора түзу арқылы жүредi.
Көпшiлiк балдырлардың споралары қозғала алады. Оларды –зооспоралар дейдi.
Жынысты көбею балдырларда үш түрлi жүредi. Көлемдерi мен құрылыстары
бiрдей жыныс жасушаларының (Қозғалмалы гаметалардың) қосылуын –изогамия деп
атайды. Қозғала алатын екi гаметаның (аналық гамета iрi) қосылуы
–гетерогамия. Оогамия, бұл кезде қозғалмайтын iрi жұмыртқа жасуша (аналық
жасуша) қозғалатын аталық гамета-сперматозоидпен ұрықтанады.
Хламидомонаданың көбеюi. Хламидомонада екi түрлi жолмен көбейедi
–жынысты және жыныссыз. Жазда, қолайлы жағдай туған кезде хламидомонада
жыныссыз көбейедi. Осы кезде ол жүрiсiн тоқтатып, талшығын тастайды.
Жасушаның iшiнде 4-ке бөлiнiп, әрқайсысы талшыққа ие болып жеке-жеке
қабықшамен қапталады.
Хламидомонаданың жыныссыз көбеюi
Аналық жасушаның қабықшасының iшiнде 4 арнайы жасуша – споралар
түзiледi. Олар көбею мен таралу үшiн. Талшықтары бар споралар-зооспоралар
деп аталады.
Хламидомонаданың споралары (зооспорлар) талшықтары бар болғандықтан өз
беттерiмен қозғала алады. Сөйтiп, хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралар
арқылы жүредi. Ол споралар аналық жасушаның қабықшасы ашылғаннан соң
кiшкене хламидомонадалар түрiнде суға жүзiп шығады. Суда бiраз уақыт жүзiп
жүрген жасушалар аналық жасуша деңгейiне дейiн өсiп, жыныссыз көбеюге
кiрiседi.
Жынысты көбею күн суып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз
жағдайлар туындаған кезде болады. Осы кезде хламидомонаданың аналық
жасушасында қос талшықты гаметалар түзiледi. Олар аналық жасуша
қабықшасынан шығып басқа хламидомонада дараларының гаметаларымен жұптасып
қосылып, сырты қатты қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай
туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.
Хламидомонаданың жынысты көбеюi
Хлорелла тек қана жыныссыз жолмен көбейедi. Хлорококка екi жолмен
көбейедi, жыныссыз – зооспораларымен, жынысты – изогамды.
Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр – жыныссыз және жынысты
жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi кезiнде екi жiпше бiр-бiрiне параллель
орналасып, шырышпен қапталады. Осыдан соң қарсы жатқан жасушаларда өсiндi
пайда болып олар қосылады да саты тәрiздi зат шығады.
Сатының әрбiр тармағы басындағы қабықша ерiп әрбiр жасушаның iшкi
заты араласып зигота түзiледi. Осындай жынысты көбеюден соң жас спирогира
пайда болады.
Жыныссыз көбейгенде спирогира жiпшесi бөлек-бөлек болып үзiлiп оның
әрқайсысынан жаңа ағза түзiледi.
Кладофора жыныссыз да, жынысты да көбейе алады. Бұлардың спораларымен
гаметалары хламидомонаданың споралары мен гаметаларына ұқсас.
Балдырлардың құрылыс ерекшелiктерi, маңызы.
Теңiздер мен мұхиттар балдырлары әртүрлiлiгiмен сипатталады. Олардың
көпшiлiгi аса iрi, бiрақ жағалаудағыы таяз жерлерге, әсiресе 30-50 м
тереңдiкте тiршiлiк етуге бейiмделген. Осындай балдырлардың жағалаулардағы
көптiгi сонша, тiптi су асты ормандары деп атауға болады.
Дүние жүзiлiк мұхит су өсiмдiктерiнiң қызықты өкiлдерiне толы. Жаңа
Зеландия және Отты Жер мен көршiлес оңтүстiк елдiктiң теңiздерi iрi, алып
балдырларымен аты шыққан аймақтар.
Оңтүстiк жартышар теңiздерiнде ең iрi балдыр алмұртты макроцистис
кездеседi. Оның жалпы ұзындығы 150 деп 300 м дейiн және одан асады.
Макроцистис дегенiмiз iрiжасушалы дегендi бередi. Шынында осы балдырдың
жасушалары iрi болып келедi, басқа өсiмдiктермен салыстырғанда тiптi алып
жасушалар.
Алмұртты макроцистистiң ешқандай да алмұрты жоқ, бiрақ оның алмұрт
тәрiздi көптеген томпақтары бар. Осы томпақтардың iштерi қуыс, сыртқы тығыз
қабығы оған су өткiзбейдi, сондықтан бұл балдырлар жүзiп, қалқып жүре
алады.
Ламинариялар теңiз капустасы деген атпен белгiлi, олар адамдарға үлкен
пайда келтiредi. Азия, Еуропа және Американың көптеген елдерiнде
ламинарияларды тамаққа, малға азыққа, өндiстiк өңдеуге пайдаланылады.
Олардан альгинат, маннат, ламинарин сияқты құнды препараттар алынады.
Әсiресе Қытай мен Жапонияда ламинарияны өте ертеден және кеңiнен
пайдаланылады. Олардан көкөнiстiк уылдырық, салаттар, консервлер тiптi
кәмпиттер жасайды.
Теңiздер мен мұхиттарда әртүрлi қызыл балдырлар немесе багрянкалар
көптеп кездеседi. Олар солтүстiк теңiздерде де мекен дейдi, бiрақ негiзгi
мекенi оңтүстiк жылы аймақтар.
Багрянкалар өз көлемдерi бойынша еш уақытта қоңыр балдырға жете алмайды
және теңiз толқындары таралмайтын терең жерлерде өседi.
Багрянкалардың денелерi өте нәзiк, осал. Олардың түстерi алуан түрлi,
ашық қызылдан тiптi қараға дейiн болады. Осы түстерiнiң әртүрлiлiгi олардың
кескiнiмен бiрiгiп су асты патшылығының әсемдiгiн бередi. Өйткенi
багрянкалар кейде жiп тәрiздiлерi, кейде жапырақ тәрiздi қабаттама, кейде
мүк топтамасындай, ал кейде нәзiк тарамдалған ергежейлi ағаштай болады.
Багрянкалардың адам үшiн практикалық маңызы зор. Мысалы Солтүстiк
теңiздегi мекендейтiн балдырлардың бiрi – хондрус. Оны құрғатылған күйiнде
тыныс жолдары ауруларын емдеуде дәрi ретiнде пайдаланады. Басқа
багрянкалардан таза микроорганизмдер культурасын алу үшiн дүние жүзiнiң
барлық зертханаларында пайдаланылатын агар-агар өңдiредi. Осы агар-агар
тамақ өндiрiсiнде, және кинофотопленка жасауда да аса қажеттi шикiзат болып
табылады. Кондитерлер, нан пiсiрушiлер агар-агарды аздап қамырға қосады,
сонда әртүрлi бәлiштер (пирожный), бисквиттер мен нандар ұзақ уақыт қатпай
сақталады.
Егер сiздерге теңiздерде пайдалы өсiмдiктердi өсiруге болады десе
сенбеген болар едiңiздер, себебi, теңiз бау-бақша немесе алқап емес.
Ал, шын мәнiсiнде теңiз бау-бақшалары бар. Оларда тек қана су
өсiмдiктерiн себу емес, тiптi жаңа, жетiлдiрiлген iрiктемелерiн шығаруға
да болады. Теңiзде өсiмдiктерден жақсы өнiм алу, және осы ерекше
шаруашылықты тиiмдi ету, әрине ғалымдардың ерекше тынымсыз зерттеулерiнiң
нәтижесi.
Теңiзде, әсiресе оның жағалауларында әртүрлi өсiмдiктердiң аса көп
екенi белгiлi. Ал, осылардың тек кейбiреулерi ғана тұқымнан көбейетiн
жоғарғы сатыдағы гүлдi өсiмдiктер. Iрi теңiз өсiмдiктерiнiң көпшiлiгi
балдырлар, ал олар аса ұсақ бiржасушалары – зооспоралары көмегiмен
көбейедi. Олардың бұлай аталу себебi судағы микроскоптық жануарларға ұқсас
суда еркiн қозғалатын, талшықтары көмегiмен жылдам жүзедi. Олардың аса
ұсақтығы сондай олар тек микроскоптың көмегiмен көрiнедi.
Теңiз капустасының зооспоралары пiсiп жетiлген табақшалары бетiнде
ерекше қапшықтар – зооспорангияларда түзiледi. Олардың саны аса көп. Бiр
планарияның өзiнде 12 000 000 зооспоралар болады. Осыншама зосопоралар суға
шыққанда су мөлдiрлiгiнен айырылып лай су тәрiздi болады.
Бiраз уақыт суда жүзiп жүрiп зооспоралар оның түбiне тұнады. Егер олар
тастарға түссе, онда оларға бекiнiп, өседi. Бiрақ, олардан бiрден теңiз
капустасы өсiп жетiледi деп ойлауға болмайды. Әуелi зооспоралар жiңiшке,
нәзiк, тарамдалған жiпшелер — өскiндерге айналады. Бiр өскiндерден
(аталықтар) ұсақ, қозғалмалы сперматозойдтар , басқаларынан (аналықтар) –
iрiрек қозғалмайтын жұмыртқа жасуша түзiледi. Сперматозоидтар жұмыртқа
жасушаларына жүзiп келiп олармен қосылады. Осыдан соң жұмыртқа жасуша
бөлiне бастайды да, одан жас өскiнше жетiлiп бiрте-бiрте ол ересек теңiз
капустасы өсiмдiгiне айналады.
Зооспоралар шыққан соң бiр – екi айдан соң ламинария қаусап бiрте-бiрте
өле бастайды. Солтүстiк суық теңiздерде теңiз капустасы екi-үш жыл тiршiлiк
етедi, ал оңтүстiк жылырақ суларда барлық дамуы бiр вегетациялық кезеңде
өтедi.
Теңiз капустасын қолдан өсiру үшiн ең әуелi себетiн материал жинау
қажет. Жазда теңiз капустасы жақсы өсетiн жерлерден пiсiп жетiлген
зооспарангилерi бар iрi балдырларды жағалауға алып шығып, аздап кептiредi.
Осылай етудiң себебi зооспоралардың тақташалардан суға шығуын бiр мезгiлде
болу үшiн.
Зооспоралардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz