Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2 Қаржылық құқықтық негіздері, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3 Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзінде асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.1 Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.2 Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
3.3 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Дипломдық жұмыстың міндеті мен басты мақсаты. Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:
Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек;
Үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн;
Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Найманбаева С.С Финансовое право РК. Алматы, 2004. - 258 с.
2. Бельский К.С. Финансовое право - М.: Юрист, – 1995. – 497 с.
3. Лаврушина О.И Банковское дело. – М.: Финансы и статистика, 1998. - 456 с.
4. Мақыш С.Б. Коммерциядық банктер операциялары. - Алматы, 2002. - 294 б.
5. Сейкасимова Г.С. Қаржы . - Алматы, 1998. – 335 б.
6. Заң оның бірінші рет ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі // Егеменді Қазақстан. –2012. –17 февраля. С. 2
7. Мақыш С. Ақша несие банктер. - Алматы, 2000. - 365 б.
8. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система:экономическое содержание и
механизм использования // Қаржы – қаражат, 2008. - № 2. - С. 17 - 18.
9. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2002. – 374 с.
10. Мурычев А.В. Финансы и инвестиции // Деньги и кредит. - 1998. - №2. - С. 46-48
11. Москвин В.А. Кредитование инвестиционных проектов: Рекомендации для предприятий и коммерческих банков. - М. : Финансы и статистика, 2001. - 302 с.
12. Елубаева Ж. Об отдельных вопросах качества управления бюджетными
ресурсами // Финансы Казахстана. - 2004. - № 6. - С. 18-20.
13. Челекпаев А. Пути привлечения, использования и возврата иностранного капитала // Қаржы-қаражат. - 1999. - № 6. - С. 32-33
14. Мақыш С.Б. Жобалық несиелеудің ерекшеліктері // ҚазҰУ хабаршысы. Экономикалық серия. - 2009. - №6. - Б. 6-7
15. Мемлекеттік қаржы бюджетінің қаржылық есебі// Егеменді Қазақстан. -2009. - №38 . - Б. 4-6
16. Сатубалдин М.С. Международный опыт страхования банковских рисков // Банки Казахстана. - 2005. - №2. - С. 55-56
17. Воронова Л.К., Советское финансовое право. - М., 1987. – 398 с.
18. Алиева С. Качественное государственное управление и транспарентность в реализации бюджетной политики // Қаржы-Қаражат - 2004. - № 2. - С. 18-22.
19. Көшенова Б. Ақша, қаржы, несие. – Алматы, 2005. -325 б.

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Дипломдық жұмыстың міндеті мен басты мақсаты. Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:
Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек;
Үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн;
Төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді;
Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі; Алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады;
Жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.
Зерттеу обьектісінде. Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.
Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы айтарлықтай өсіп отыр.
Жұмыстың пәні Мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ғылыми тұрғыдан жан - жақты зерттей келе, қаржы құқықтық жүйенің қазіргі таңда тәжірибелік жағынан пайдалану жолдарын айқындап ұсыныс енгіздім. Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару жолдарын қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып отыр: қаржылар саласындағы басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы билік органдардың қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы) мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету.
Теориялық және әдістемелік негізі Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланылады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар, бюджет - ол басқарушылық жоспар, бюджет - ол заңнамалық құжат, бюджет - ол коммуникация құралы, бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.
Дипломдық жұмыс құрлымы кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімдерден тұрады.

1 Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы

1.1 Қаржылардың түсінігі мен мәні
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Қаржы әртүрлі және көп салалы функциялардан тұрады, яғни келесі
бағыттар бойынша әрекет етеді: мемлекеттік ақша қорын ұйымдастыру, мемлекеттік қаржы ресурсының орналастырылуы, мемлекеттік қаржы ресурстарының қолдыну мекемесі, мемлекеттің қаржысын бақылауды ұйымдастыру үшін, мемлекеттің қаржылық саласында ақша құрамын бөлу және
қолдануды ұйымдастыру, ақша эмиссиясы және мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік қаржы несие және фискальды органдарды ұйымдастыру, мемлекеттік қаржы құзіретіндегі органдардың қаржы сферасындағы іс -әрекеттерін қалыптастыру, қаржылық заң бұзушылықты қаржы заңдарына ұйымдастыру, қаржылық - экономикалық жауапкершілікті және әкімшілік территориялық жауапкершілікті ұйымдастыруды жоғарлату, Қазақстанның ұстаным бекініс шептері халықаралық қаржылық қорда және әлемдік банкіде қалыптастыру және т.б ұйымдастырулар және басқарулар болып табылады.
Қаржы термині елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорларын білдіреді. Мемлекеттік
Қаржылар бөлінуші процесс шегінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды, яғни субъекті ретінде әрдайым мемлекет қатысатын экономикалық қатынасын, бөлінуші сипаттағы жүйесін құрайды. Қаржы ғылымының дамуына Европа елдерінің сауда - саттық жұмыстағы пайда болуына себебін тигізtді (Италияның Флоренция қаласында). Қаржы термині латынның financia деген сөзінен пайда болды, осының негізінде Ресейде финакция термині пайда болған, жалпы оның мағынасы қарыз және төлем дегенді білдіреді (XIII ғасыр). Қаржы жүйесі 2 бөліктен тұрады: Мемлекеттік қаражат, түрлі шаруашылық субъектілерінің қаражаты. Мемлекеттік қаражат өз тарапынан мемлекеттік бюджеттен, мемлекеттік несиеден сақтандыру қорына және нарық қорынан тұрады. Түрлі шаруашылық қаражаты кәсіпорын қаражатынан басқа да ЖШС қаражатынан, корпорация қаражатынан, фирма қаражатынан құралады. Мемлекеттік қаржы ақша қорының қалыптасу, бөлу ауқымы мемлекеттің өмір сүруінің және нарықтық экономиканың атрибуты болып табылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесі - мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің қаржы жүйесін материалдық, экономикалық ұйымдардың мағынасында қарастыруға болады. Материалдық мағынада - мемлекеттік қаржы жүйесі ақшалай қаржының жиынтығын құрайды. (Мысалы, ресурстардың орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қорлары, әкімшілік аумақтық қалыптасқан ақша қорлары немесе бюджеттен тыс қорлар, мемлекетік сақтандыру резервтік қоры, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің орталық мағынасындағы қорлар). Экономикалық мағынада - мемлекеттің ақша құрамдарының нақты қорларының қаржылық экономикалық институттардың жиынтығын құрайды.
Мемлекеттің қаржылық қызметі - қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.
Мемлекеттік қаржы қызметінің әлеуметтік басқару механизмінің қажетті, маңызды құрамды бөлігі ретінде қатысады. Мемлекеттің қаржы қызметінің мазмұны әртүрлі бағыттардағы функцияларынан көрініс табады. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру, бөлу, пайдалану, ұйымдастыру және оларға қарсы бақылау елдің ақшалай инфрақұрылымдарын құру, ақша эмиссиясы және мемлекеттік құнды эмиссиясы, қаржылық, несиелік және фискальды мемлекеттік органдардың қалыптасуы. Мемлекеттің қаржылық сферасындағы мемлекеттік органдарды анықтау, қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық анықталады.
Қаржы қызметінің қағидалары:
- Көпшілік қажеттіліктер мен мүдделердің үстемдігі.- Қоғамдағы бақылау және есеп берушілік.
- Ашық және жария заңдылық, ұтымдылық пен тиімділік т.б. Бұл қағидалар ҚР Конституциясымен анықталып, қаржы құқығының нормаларымен нақтыланады. Мемлекеттік қаржы қызметі құқығының негізін ҚР Конституцияларының ережелері құрайды. Қаржылық заңдар арнайы және жалпы болып бөлінеді. Қаржылық қызмет әдістері:
- Ақша қаражатын қалыптастыру
- Бөлу
- Пайданы ұйымдастыру.
1) Ақша қаражатын қалыптастыру әдістері.
Ақша қаражаттарын мәжбүрлі қамтамасыз түрде олардың иелерін алу, мәжбүрлі қайта қаражаттарын заңды және жеке тұлға алу мемлекет кірісіне мемлекеттік мүлікті іске асыру және пайдаланудан алынған ақша қаражатын тарту эмиссиясы.
2) Бөлу. Қаржылану, несиелену, қаржылық міндеттерді мемлекеттің
орындауы.
3) Пайданы ұйымдастыру. Ақша қаражаттарын тағайындауды анықтау,
мемлекет қоржынынан алынған алымдарды пайдалану, тәртіп пен
нормативтілікті бекіту, ақша қаражатын бөлу.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің нысандары. Мемлекеттің қаржылық
қызметінің аясы қаржылық құқықтың аясы болғандықтан тиісті ақша қорларын
қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі әрқашанда қаржылық - құқықтық
нормалардың көмегімен, тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп, қаржылық
қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық - құқықтық актілерді айтамыз. Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау - бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз [1, 125].
Біріншіден, қаржылар деп, өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады.
Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. "қаржы" термині латынның "финис", яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мџліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған.
Қазіргі кезде "финанс" - қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді. Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы "мемлекеттік ақшалар" түсінігімен сәйкес келеді. К.С.Бельскидің айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды - мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын К.С.Бельский Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз [2, 197].
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономист айтқандай, "А-Т", "Т-А" қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады. Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт - қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету. В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды ақша қђжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады - тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А - Т - А) ұдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жџргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы - бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал ақшалар тауар - ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді. Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал "қаржы" термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді.
Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты білетін экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы жүйесін құрды. Қаржы жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының өзгешеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
Федералдық, федерация субъектілерінің бюджеттерінен және муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
oo Бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
oo Бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
oo Шаруашылық субъектілер мен салалардың қаржысы;
oo Мүлікті және жеке басты сақтандыру;
oo Мемлекеттік және банктік кредит.
- Қаржы жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И. ұйымдастырылуы бойынша қаржы жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомстволар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. ұлттық (орталық) банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.
Негізінде "қаржылар" ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді білуге байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Қаржыларды экономикалық категория қатарына біліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар өндірістік қатынастардың бір білігі ретінде базистік қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист - ғалым Мельников В.Д. қаржылардың қаржылық қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру (өндіріс); білу; айырбастау; тұтыну.
Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы арқылы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың бар жоғы анықталады, өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын білу ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай тџрінде көрсетіледі [3, 256].
Қоғамдық өнімнің жаңағыдай екі формаға қалыптасуы, олардың әрбір қоғамдық өндіріске қатысушылардың мұқтаждықтарын өтеу үшін ақша, баға, өзіндік құн, қаржы, жалақы төлеу және тағы басқа құндылық категорияларын пайдалануларына жол береді.
Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер - ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен өлшенеді. Қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық өнімді білу кезінде анық көрінеді.
Қаржылардың мағынасын түсіну үшін жекеленген кәсіпорынның өндірістік қорларын өзіндік айналымынан шығарылатын өнімдерді өткізу (сату) кезіндегі ақша түріндегі дербес қозғалысымен және құнның біліну мезгілінен бастап қарастыру қажет.
Кәсіпорын осы өнімдерді өткізу барысында тиісті ақша қаражаттарын немесе ақша қорларын құрайды. Бұл жерде оның ақша қорлары ретінде айналым қорын, амортизациялық қорды, жалақы төлеу қорын, әлеуметтік бағыттағы қорларға аударымдарын, пайда және т.б. атап өтуге болады.
Табылған пайданың немесе табыстың бір бөлігі орталықтандырылған қорларды қалыптастыру үшін мемлекет қарамағына аударылады да, ал екінші ең көп бөлігі өндірушіде қалады. ¤ндіруші оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Көбінесе пайда мен табыстың қолдағы біліктері өндірістік процесті үзбеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек құрал-жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ пайданың және бір бөлігі өндірістің басты факторы - негізгі қорларды қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен материалдық өндіріс аясында (кәсіпорындар, өнеркәсіптер т.б.) жасалған құнның бір бөлігі өндірушілерде қалса, едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында мемлекет қарамағына берілетінін білдік.
Бұл құндар ақша түріндегі дербес қозғалысқа ие болғаннан кейін мемлекеттік кіріс ретінде мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына қосылады. Бұлардан басқа, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, мемлекеттік емес заңды тұлғалардан, акционерлік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін (салықтар, алымдар және басқа міндетті төлемдер түрінде) қаражаттар мен мемлекет тарапынан халықтан ерікті түрде жұмылдырылған (мемлекеттік заемдар, мемлекеттік лотореялар, жинақ банктеріндегі салымдар (аманаттар) және т.б.) қаражаттар арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржылық қатынастардың формасы пайда болады. Осы қаржылық қатынастар орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын - республикалық және жергілікті бюджеттерді, сақтандыру қорларын бюджеттен тыс қорларды қалыптастырады.
Экономика өмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы (эквиваленттілігі) негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономикалық категорияларға - баға, өзіндік құн, жалақы төлеу, несие және т.б. тән болып табылады.
Қаржылық қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын өзгешелік, олар (қаржылар) экономиканы басқарудың қандай да болмасын деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде құралады.
Сонымен, қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі өздеріне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.
Қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың тауар-ақша қатынастары мен құн заңының әрекет етуінен туындайтынын байқаймыз.
Ақаша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы және олардың тауарлық қатынастарда (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың көмегімен жџргізіледі. Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жөніндегі міндетті түрдегі субъектісі, әрқашанда мемлекет болып табылатынын білдік.
Мемлекеттен басқа қоғамдық өндіріске қатысатын субъектілердің ақшалай қызметтері, қаржылық қызметке жатпайды, ал олардың қаражаттары немесе ақшалай ресурстары ("А-Т", "Т-А") процесіне қатысатындықтан қаржы түсінігімен қамтылмайды деген тұжырымға келеміз.
Сонымен, қорыта келгенде қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай кірістерін жиыстыру, білу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ "қаржы" терминінің екі мағынасы бар екенін көреміз: 1) материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада "қаржы" деп мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттік қаржылық ресурстарды әрдайым белгілі бір ақша қорлары ретінде көрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа сәйкес жұмсау процестерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және жеңілдетеді.
Экономикалық категория ретінде "қаржы" деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және білетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында - білу және ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр. Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары - бюджеттен бар екенін білеміз.

1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі
Әр бір мемлекеттің өз қажеттілігіне жұмсалатын ақша қаражаты болуы тиіс және ол қаражат сол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін жұмсайды. Мемлекет өз өзіне қажеті ақша қаражатын қоғамның ұлттық табысын еріксіз қайта бөлу арқылы жинайды. Жалпы қоғамдағы ұлттық табысты тауар өндіру, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде табыс тапқан субьектілердің меншігінде болады. Мемлекет арнайы заңдар қабылдау арқылы сол қоғамның субьектілердің табысының бір бөлігін салық және басқа да міндетті төлемдер ретінде мемлекет қазынасына еріксіз жинап алып отырады. Осы құбылысты ұлттық табысты қайта бөлу деп атайды. Ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде қоғамдағы қаржы қорлары 2 түрге бөлінеді.
1. Орталық қаржы қорлары. Бұл қорға мемлекет өзі ие болып өз қажеттілігіне жұмсайды.
2. Дербес қаржы қорлары. Бұл қор жекелеген қоғам мүшелерінің меншігінде болып, солардың қажеттілігіне жұмсайды.
Мемлекеттің қазынасына жиналған қаражат 5 түрлі қордан құралады және бұл қаржы қорлары мөлшеріне, жұмсалу мақсатына, билеушісіне байланысты жүйеге бөлінеді.
Қазақстан Республикасының қаржы қорларының жүйесі.
1. Республикалық орталық қаржы қоры немесе Республикалық бюджет.
Мөлшерін парламент бекітеді. Билеушісі парламент, кіріскөздері - жалпы мемлекеттік төлемдер, мақсаты-республикалық шығыстар.
2. Жергілікті қаржы қорлары облыстық, аудандық, қалалық бюджеттер.
Бұл қорларды жергілікті мәслихаттар билейді. Жергілікті салықтар мен төлемдерден құралады. Жергілікті шығындарға жұмсалады. Мөлшерін жергілікті билек органдары анықтайды.
3. Арнайы қаржы қорлары. Президенттің билеуінде болады, кейде Үкіметтің билеуінде болады. Арнайы салымдар мен төлемдерден, шет елден және ішкі қарыз алудан ерікті қайырымдылық жарналардан тұрады. Арнайы экономикалық, әлеуметтік немесе саяси мақсаттарға жұмсалады. Мөлшерін қаржы министірлігі бекітеді.
4. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорлары. Бұлар жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар шығындарына жұмсалады.Мөлшерін мемлекет бекітеді.
5. Банктік қаржы қорлары. (Ұлттық банк)
Бұл қаражатты ұлттық банк билейді. Мөлшерін мемлекет белгілейді. Мемлекет бөліп берген және өз қызметі нәтижесінде түскен пайдадан құралады, мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру үшін. Бюджетке қызмет көрсету үшін, есеп айырысуды қамтамасыз еті үшін жұмсалады.
Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:
-ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
-мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық өндіріс аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
-бақылау функциясы;
Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты - тек ақша қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.
Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің дәрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар туралы айта кететін бір жай бар [4, 194].
Қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір- талас тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан көзқарасқа келе алмай жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында - білу және ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.
Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын білу процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады деп есептейді.
Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені қаржылардың басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы төлеу, несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз [5, 104].
Осы білу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау функциясы, осы бөлу және қайта бөлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш фукнциясы көрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық ұдайы өндіріс сатыларын (бөлу, айырбастау және тұтыну) бәрінің категориясы болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу дұрыс емес деп тапқан.
Олар келтірген дәлелдер мына төмендегідей болып келеді:
-қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
-қаржылар тек қана ұдайы өндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай, қоғам өмірінің барлық аяларын қамтиды;
-қаржылар қоғамдық өнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын жан-жақты бақылау құралы болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып есептелінеді.
ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.
Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары - бюджеттен бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына төмендегідей болып келеді:
1.Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет арқылы көрсетіледі.
2.Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді органдардың бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады: облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері; қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік-әлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры; валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын қалыптастырады.
1. Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары, мынадай сақтандыру қорларымен көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры; әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры; сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі; әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда, көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда, банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Мемлекеттік қаржы қызмет
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Қамтамасыз ету функциясы
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі
Мемлекеттік қаржылық бақылау
Пәндер