Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
КІРІСПЕ
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕ ДАМУЫ МЕН БЕКІТІЛУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық құқықтардың конституциялық құқықтар жүйесінде алатын орны
1.2 Жеке кәсіпкелік қызметтің Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес түсінігі, түрлері және әлеуметтік мәні
1.3 Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің даму кезеңдері және қазіргі жағдайы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕЛУІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық .құқықтық қағидалары
2.2 Ел экономикасын дамытуға бағытталған кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
2.3 Жеке кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуінің кейбір өзекті мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Конституция құқықтық ережелердің маңызды жиынтығы ретінде мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты анықтап, экономика аумағындағы қарым-қатынастарды реттейді. Адам өмірінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық және бостандық маңызды мағынаға ие болғандықтан олардың конституциялық бекітілуі мен жүзеге асырылуы қазіргі уақыттың өзекті мәселелерінің қатарына жатады.
Кеңестік Конституция концепциясының негізделуі адамның және азаматтардың құқығын көздеп емес, мемлекеттің мүдесінің және мемлекеттік меншіктің басым болуын көздеп жүзеге асырылды. КСРО Конституциясында «КСРО-ның экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және социалистік меншік жүйесі құрайды деп көрсетілген. Кеңестік Конституция елдегі экономикалық тәртіпті толығымен өзгертуге негізделгендігін байқауға болады, себебі нарықтық қарым-қатынас жойылып, мемлекет барлық өндіріс құрал-жабдықтарын өз қолына алды. Ал, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Въетнам Конституцияларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, экономикалық жағдайы экономикалық тәртіпке бағынады және мемлекеттік меншік экономикалық қарым-қатынастарға тәуелді болып табылады.
Біздің мемлекет экономиканың негізге алып басқару тезисінен бас тартты. Қазақстан Республикасынның Конституциясы елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері туралы, оның ішінде экономикалық құқықтары туралы жаңа тұжырымдар енгізді.
Кәсіпкерлік – ол әртүрлі құқық салаларымен реттелетін және көптеген құқықтық қарым-қатынастарды қарастыратын нарықтық қарым-қатынастың дамуының көрсеткіші және қорытындысы. Бұл құқықтық қарым–қатынастардың мәні оған қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін білдіреді, ал бұл кәсіпкерлік қызметті еркін жүзеге асыру құқықтары кәсіпкерлер тарапынан да, мемлекет тарапынан да өте көп құқықтар мен міндеттемелерді туындатады және ол кәсіпкерлердің конституциялық құқығы мен икемділігін қамтамасыздандыруға міндетті.
Конституциялық құқық теориясын және оның нормативтік-құқықтық базасының даму процесін зерттеу мемлекеттің және кәсіпкерлердің құқықтық қарым-қатынастарды реттеудің қажеттігін және бұл мәселенің теориялық қағидалары әлі толық зерттелмегендігін көрсетті. Осы жағдай аталған дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктерінің теориялық негіздерін талдау. Қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер анықталған:
- кәсіпкерлік қызметтің конституциялық негізін зерделеу;
- кәсіпкерлік қызметтің тарихи дамуын және бостандығының қайнар көздерінің құқығын қарастыру;
- кәсіпкерлік қарым-қатынас субъектісін сипаттау;

Нормативтік актілер
1. ҚР-ның Конституциясы. – Алматы:.Жеті жарғы, 1995.
2. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ ССР – ның егеменділігі туралы Декларациясы
3. 1991 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасының егемендлігі туралы» конституциялық заң
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 12 желтоқсандағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы // Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы.–1995.- №23.,ҚР-ның Заңымен өзгерістер мен толықтырулар 24 ақпанда 1997 жылы енгізілген // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы 1997. № 4 ст.44. 6 мамырда 1999 жылы // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы 1999. № 10. – 342 бап
5. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы 16 желтоқсандағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы // Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы.–1995.- №23.,ҚР-ның Заңымен өзгерістер мен толықтырулар 12 наурызда 1997 жылы; 6 мамырда 1999 жылы // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы 1999. № 10. – 342 бап
6. Қазақстан Республикасының Президенті туралы 26 желтоқсандағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы // Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы.–1995.- №24.,ҚР-ның Конституциялық Заңымен өзгерістер мен толықтырулар 1999 жылы енгізілген. // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы 1999. № 10.
7. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы 24 наурыздағы 1998 жылғы Заңы // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы.–1998.- №23.
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
9. Қазақстан Республикасы Президентінің 17.04.95 жылғы «Лицензиялау туралы» заң күшіне ие заңы өзгерістер мен тлықтырулармен бірге 7.04.97//ҚР Парламент Жаршысы. 1997.№7
10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы туралы 23 шілдедегі 1999 жылғы Заңы // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы.–1999.- №21., өзгерістер мен толықтырулар 4 маусымда 2001 жылы енгізілген // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы.- 2001.- № 13 –14.
11. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.13 қаңтар 2001жыл. // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.-2001.- № 5-6.
12. Қазақстан Республикасының «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заңы//ҚР Парламент Жаршысы. №2
13. ҚР Президентінің 14.06.96 жылғы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығының кепілдіктерінің жүзеге асырылуының қосымша мемлекеттік кепілдіктері туралы» Жарлығы//САПП. №27
14. ҚР Президентінің 6.03.97 жылға «Шағын бизнесті дамыту мен мемлекттік қолдауды жетілдіру туралы» Жарлығы// САПП. №12
15. ҚР Президентінің 27.04.1998 ж. «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет бостандығы қорғау туралы» Жарлығы//Егемен Қазақстан. 28 сәуір 1998
16. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заң. 12 маусым 2001 жыл. // Егемен Қазақстан, 20.06.01.
Арнайы әдебиеттер
1. Общая теория прав человека. Под редакцией Е.А.Лукашевой. М. 1999
2. Волков А.М. Швеция: социально-экономическая модель. М., 1991.
3. Гуманитарное право. Сб.международно-правовых документов. Ереван, 1997.
4. Қазақстан: Мемлекеттілік кезеңдері. Алматы, 1997.
5. Кубеев Е.К. Конституционный строй Республики Казахстан (социальные и духовные основы) Караганда, 1998
6. Шайкенов Н. Правовое обеспечение интересов личности.
7. Явич Л.С. Общая теория права. Л., 1976
8. Румянцев О.Г. Основы конституционного строя России М., 1994.
9. Государственное конституционное право зарубежных стран.Общая часть.Под.ред.Б.Б Старшун.М.Бек,1996.
10. Конституция Республики Казахстан. Научно-практический комментарий. Под.ред. Г. Сапаргалиева. Алматы, 2004
11. Сагындыкова А.Н.Конституционное право .К.Алматы.Білім.1999.
12. Государственное право Россиской Федераций. Под.ред.О.Е.Кутафина. М,1996.
13. Государственное право Германий. М:, 1994.
14. Здравомыслов А.Г.Потребности,Интересы,Ценности.М,1986.С-59.
15. Всеобщая Декларация прав человека.Гуманитарное право.Сборник международных правовых документов.
16. Гребенников.В.В.Институт собственности в условиях рыночной эканомики и социального государства.М,Монускрип,1996.
17. Орманбаев А.Ж. Трансформация экономической системы обществ переходного периода:мировой опыт и казахстан Алматы, 2002
18. Притоворова Т. П. Развитие социально – ориентированной рыночной экономики в Казахстане. Караганда 2001
19. Баймуратов У. Национальная экономическая система Алматы 2000
20. Альхименко В.В. Конституционное основы гражданского общесвта. Конститутционного право:Учебник под. Ред. В.В. Лазарева М., 1998 –
21. Шамхалова Ф. Государства и экономика. Власть и бизнес. М. Экономика 1999 стр. 78
22. Г.А.Гаджиев Когститутционные принципы рыночной экономики. М. Юрист 2002
23. Кантарбаева А.К. Предпринимательство: институционально-эволюционный подход. Алматы 2000
24. Ямбаев В.В.Томпиев М.К., Ильясов Ж.О Административные барьеры и полулегалная экономика в Казахстане. Алматы, 2004.
25. Амирханова И.В., Романкова В.А. Правовое обеспечение индивидуального предпринимательства: проблемы теории и практики. Алматы, 2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕ
ДАМУЫ МЕН БЕКІТІЛУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық құқықтардың конституциялық
құқықтар жүйесінде алатын орны ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Жеке кәсіпкелік қызметтің Қазақстан Республикасының
заңдылығына сәйкес түсінігі, түрлері және әлеуметтік мәні ... ... ..
22
1.3 Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің даму
кезеңдері және қазіргі жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕЛУІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық -құқықтық
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.2 Ел экономикасын дамытуға бағытталған кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеу

... ... 52
2.3 Жеке кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуінің кейбір
өзекті мәселелері

... ... .. 60
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
КІРІСПЕ
Конституция құқықтық ережелердің маңызды жиынтығы ретінде мемлекет пен
жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты анықтап, экономика аумағындағы қарым-
қатынастарды реттейді. Адам өмірінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқық және бостандық маңызды мағынаға ие болғандықтан олардың
конституциялық бекітілуі мен жүзеге асырылуы қазіргі уақыттың өзекті
мәселелерінің қатарына жатады.
Кеңестік Конституция концепциясының негізделуі адамның және
азаматтардың құқығын көздеп емес, мемлекеттің мүдесінің және мемлекеттік
меншіктің басым болуын көздеп жүзеге асырылды. КСРО Конституциясында КСРО-
ның экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және социалистік
меншік жүйесі құрайды деп көрсетілген. Кеңестік Конституция елдегі
экономикалық тәртіпті толығымен өзгертуге негізделгендігін байқауға болады,
себебі нарықтық қарым-қатынас жойылып, мемлекет барлық өндіріс құрал-
жабдықтарын өз қолына алды. Ал, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Въетнам
Конституцияларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, экономикалық
жағдайы экономикалық тәртіпке бағынады және мемлекеттік меншік экономикалық
қарым-қатынастарға тәуелді болып табылады.
Біздің мемлекет экономиканың негізге алып басқару тезисінен бас тартты.
Қазақстан Республикасынның Конституциясы елдегі жүргізіліп жатқан
реформаларға байланысты азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері туралы,
оның ішінде экономикалық құқықтары туралы жаңа тұжырымдар енгізді.
Кәсіпкерлік – ол әртүрлі құқық салаларымен реттелетін және көптеген
құқықтық қарым-қатынастарды қарастыратын нарықтық қарым-қатынастың дамуының
көрсеткіші және қорытындысы. Бұл құқықтық қарым–қатынастардың мәні оған
қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін білдіреді, ал бұл
кәсіпкерлік қызметті еркін жүзеге асыру құқықтары кәсіпкерлер тарапынан да,
мемлекет тарапынан да өте көп құқықтар мен міндеттемелерді туындатады және
ол кәсіпкерлердің конституциялық құқығы мен икемділігін қамтамасыздандыруға
міндетті.
Конституциялық құқық теориясын және оның нормативтік-құқықтық базасының
даму процесін зерттеу мемлекеттің және кәсіпкерлердің құқықтық қарым-
қатынастарды реттеудің қажеттігін және бұл мәселенің теориялық қағидалары
әлі толық зерттелмегендігін көрсетті. Осы жағдай аталған дипломдық жұмыс
тақырыбын таңдауға негіз болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен
кепілдіктерінің теориялық негіздерін талдау. Қойылған мақсатты іске асыру
үшін мынадай міндеттер анықталған:
- кәсіпкерлік қызметтің конституциялық негізін зерделеу;
- кәсіпкерлік қызметтің тарихи дамуын және бостандығының қайнар
көздерінің құқығын қарастыру;
- кәсіпкерлік қарым-қатынас субъектісін сипаттау;
- кәсіпкерлерді қорғау құқығының механизімін зерделеу;
- құқықтық реттеуді іске асыру механизімінің үлгісін өңдеу және
кәсіпкерлердің құқығын қорғау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕРКІН КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖҮЙЕСІНДЕ
ДАМУЫ МЕН БЕКІТІЛУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық құқықтардың
конституциялық құқықтар жүйесінде алатын орны
Алғашқы социалистік қоғам адам құқықтары мен бостандықтарын жариялай
отырып, олардың орындалуын бәрін бірдей теңестіру қағидасына сәйкес
қамтамасыз етуге тырысты. Әкімшілік басқару жүйесі адамды тәуелсіздіктен
айырып, олардың экономика аумағында еркін әрекет ету мүмкіндіктерінен
айырды. Бірақ та бұл жүйе әрбір адамның еңбекпен қамтамасыз етілуіне
кепілдік берді. Білімді, медициналық қызметтің ақысыз болуын, мектепке
дейінгі балалар тәрбиесін т.б. әлеуметтік құндылықтармен қамтамасыз етті.
Сондықтан да нарықты экономикаға көше бастағанда Қазақстан мен басқа да ТМД
елдерінің азаматтары осы кішігірім шектелген әлеуметтік құңдылықтардың
жоқтығын сезіне бастады. Мемлекеттің көптеген азаматтарының қызметі нарықты
экономиканың қойған талаптарына сәйкес келмеді және оған ілесе алмады.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының жаңа сипатта дамуының алғашқы
кезеңдерінде қоғамда жоқшылықтың ең төменгі шегінде тұратын адамдар қатары
көбейді.
Осы жағдайларға байланысты Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет
ретінде өзініңі әлеуметтік қызметін жүзеге асыруды қолына ала ма жоқ па?
Мемлекет бюджетінен қаржыландыратын әлеуметтік бағдарламаларды дайындап
жүзеге асыра ма? – деген сұрақтар туындайды және осы мәселелердің
конституциялық құқық ғылым саласы бойынша зерттеу жүргізу, оның ішінде адам
және азаматтардың конституциялық деңгейде бекітілген құқықтары мен
бостандықтарының орындалуы деңгейі мен Қазақстан Республикасының өзінің
әлеуметтік мемлекет ретіндегі қызметтерінің орындалуы бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып табылады.
Адам құқығы – демократиялық қоғаммен кепілденген әрбір жеке индивидтің
немесе қауымдастықтардың жақсы өмір сүруге халықаралық, ұлттық
стандарттарға сәйкес келетін тиімді әлеуметтік жүйені айтамыз. Адам
құқықтарының проблемалары мәңгілік тақырыптар қатарына жатады. Ежелгі
дүниеден қазіргі уақыттағы азаматтық қоғамда адам – ең жоғарғы құңдылық
ретінде мемлекеттік биліктің үстемділігінен қорғауды талап етеді. Адам
құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау немесе адам құқықтары туралы көзқарас
алғаш рет заң түрінде Американың Вирджиния штатының 1776 жылғы қабылданған
Коституциясында көрсетілген. 1881 жылы қабылданған АҚШ-тың Конституциясында
және 1789 жылы Францияда қабылданған адам және азаматтың құқықтары туралы
Декларацияларда көрініс тапқан. Қоғамның дүние жүзілік қауымдастықтардағы
болған өзгерістерге сай адам құқықтарын қорғау тетіктері мен әдістері көп
өзгерістерге ұшырап жатыр, бірақ та осы бағыттағы қызметтің барлығы жеке
адамның қадір-қасиетіне сай өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін жүзеге
асырылады.
Адам құқықтарын бекіткен алғашқы құжаттарда адамның құқықтары мен
бостандықтары екі тұрғыдан қарастырыла бастады.
• біріншісі, адамның өзіне туа бітетін құқықтары мен бостандықтары. Бұл
құқықтар адамнан ажырамайтын, оның табиғи болмысына байланысты пайда болады
және бұл құқықтардың орындалуы мемлекетке бағынышты;
• екіншісі, ол мемлекеттік билік бекітетін құқықтар. Бірақ қоғамдағы
болып жатқан өзгерістерге сай адам құқықтары мен бостандықтары қоғамдық
өмірдің әртүрлі салаларға бөлінуіне байланысты топтастырыла бастады, яғни
адамның құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік белгілеріне байланысты бөлу
негіздері пайда болды. Осы негізге байланысты адам құқықтары төрт топқа
бөліп қарастырылады: жеке немесе табиғи құқықтар, саяси, әлеуметтік-
экономикалық, мәдени, рухани құқықтар тобы. Адам құқықтары қандай топқа
бөлінседе оның өмірінде маңызды қызмет атқарып, бір-бірінің мазмұнын
толықтырып отырады. Сондықтан Конституцияда немесе халықаралық-құқықтық
актіде бекітілген құқықтар адамның өмір сүруіне қажетті құқықтар ретінде
бекітіліп, әр қайсысына ерекше көңіл бөлінеді.
Адам құқықтары мен бостандықтарының бір тобын әлеуметтік– экономикалық
құқықтар мен бостандықтар қалыптастырды. Бұл құқықтар мен бостандықтар
адамдардың басқа категориядағы құқықтары мен бостандықтарының негізін
қалап, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндік тудырады. Осы құқықтар адам
өмірінің маңызды салалары меншікке, еңбектік қатынастарға байланысты пайда
болып, адамдардың материалдық, табиғи, физикалық, рухани сияқты әлеуметтік
сұраныстар мен мүдделерін білдіріп отырады. Әлеуметтік–экономикалық
құқықтар мен бостандықтарының жүзеге асырылуы адамның қадір-қасиетіне сай
қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік сипатын
ашып көрсетеді.[1]
Әлеуметтік – экономикалық құқықтар мен бостандықтарды бекіткенде әр
мемлекет өзіне тән жолды таңдайды. Мысалға, Қазақстан Республикасының
Конституциясында осы топтағы құқықтарға ерекше көңіл бөлсе, Францияның
Конституциясында саяси құқықтар мен бостандықтардың үстемдігі байқалады.
Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар халықаралық
Пактіде бекітілген. Осы Пактіге сәйкес өркениетті мемлекеттегі таңылған
және бекітілген құқықтар халықаралық стандарттардан төмендемеуіне тиіс.
Өзінің сипатына байланысты адам және азаматтардың экономикалық
құқықтары адамның әлеуметтік-экономикалық салалардағы бостандығын
қамтамасыз етіп, өзінің өмірлік мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Өмірдің
қажеттілігін қамтамасыз етуде көптеген адамдар тек өз күштеріне ғана сене
алмайды. Өздерінің бостандығын сақтай отырып, әр адам мүдделері өзінікімен
сәйкес келмейтін адамдарға тәуелді. Сондықтан қоғам өз мүддесі үшін адамның
өмір сүру үшін қажетті құқықтарын экономикалық заңсыздық пен әлеуметтік
әділсіздіктен қорғауы керек.
Экономикалық құқықтар әлеуметтік, құқықтық мемлекеттердің бір қыры
болып саналады және олардың құқық жүйесінде өз көрінісін тұрақты түрде
тауып отырады. Мемлекет барлық азаматтарға құқықтық, материалдық және
рухани игіліктерді таратып бере алмайды және де таратуға міндетті емес,
бірақ оларға қадір-қасиетіне сай өмір сүру құқығын қорғау мүмкіндігімен
қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан әлеуметтік мемлекет сипатына сай келу үшін
мемлекет өзінің қызметі арқылы экономикалық және осы топтағы құқықтармен
үндесіп жатқан әлеуметтік құқықтардың бекітілуі мен жүзеге асырылуын
қамтамасыз етуі қажет.
Адам және азаматтың конституциялық құқықтар мен бостандықтарының
жүйесінде экономикалық, әлеуметтік, рухани құқықтар маңызды орынға ие. Осы
топтағы құқықтар адамның еркін дамуының материалдық негізін қалайтын
құқықтар тобына жатады. Қарастырылып отырған адам құқықтарының тобын басқа
конституциялық құқықтардан бөлек алып қарастыра алмаймыз, өйткені
конституциялық құқықтардың топтары жалпы адам және азаматтың конституциялық
құқықтық мәртебесін қалыптастырады. Бірақ басқа құқықтармен салыстырғанда
әлеуметтік-экономикалық құқықтарды нарықты экономикалық жүйеге негізделген
қоғамда олардың құқықтық қорғауы қиындайды. Ондай жағдайдың туындауы
қоғамдағы игіліктерді бөлу құзіреті тек мемлекеттің ғана қолында болмауымен
байланысты. Экономикалық, әлеуметтік және рухани құқықтар мазмұнына
байланысты әр түрлі болып келеді. Кейбіреулері (жеке меншік құқықығы)
даусыз тікелей әрекет ететін құқықтар қатарына жатса, кейбіреулерінің нақты
мазмұны ( адамның әлеуметтік қорғалу құқығы) салалық заңдармен байланысты
болып келеді, ал кейбіреулері мемлекет тарапынан орындадуы қамтамасыз
ететін міндетті тудырады. Осы топтағы құқықтардың мазмұнындағы айырмашылық
олардың көпшілікпен қолдану мүмкінгдігі құқықтардың әр түрлі деңгейлерге
бөлінуіне себеп болады. Жүзеге асырылу механизмдері жақсы қамтамсыз етілген
құқықтар адам өмірінде маңызды қызмет атқарса, әрекет ету механизмдері
дұрыс қамтамасыз етілмегендері әрекет етпей, декларативті сипатта қалады.
Сондықтан экономикалық, әлеуметтік, рухани құқықтар құқықтық нормалардан
гөрі, мемлекет өзінің саясатында бағыт алған стандарт сипатында қызмет
атқарады.[2] Ал кейбір мемлекеттер ресми түрде қарастырылып отырған адам
құқықтар тобын міндет ретінде қабылдамай өздерінің еркі арқылы жүзеге
асырылатын құқықтар ретінде ғана таниды.
Аталып өткен экономикалық, әлеуметтік, рухани құқықтарға деген осындай
көзқарастың пайда болуына БҰҰ адам құқықтарына байланысты халықаралық
Пактілерді қабылдау себеп болды. Азаматық және саяси құқықтар туралы
Пактінің ережелерін мемлекет міндетті түрде орындауы қажет болса,
экономикалық, әлеуметтік, рухани құқықтар бойынша Пактының ережелері
мемлекеттерді Пактіде танылатын құқықтарды қолындағы ресурстардың көлеміне
негізделіп біртіндеп және толық қамтамасыз етудің шараларын, оның ішінде
құқықтық шараларды қамтамасыз етулері керек делінген. Халықаралық құқықтың
осы нормасына сүйенетін болсақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтардың жүзеге асырылуы мемлекеттің материалдық мүмкіндігімен
байланысты және оның жүзеге асырылуы тікелей қоғамның экономикалық дамуына
байланысты біртіндеп қана жүзеге асыруы мүмкін. Жасалған тұжырымдамаларға
сүйене отырып әлеуметтік-экономикалық құқықтардын түсінігін келесі түрде
қарастыруға болады: әлеуметтік-экономикалық құқықтар ретінде жеке тұлғаның
еркін дамуы мен қадір-қасиетіне сай өмір сүруін қамтамасыз ететін және
кепілдейтін адамның конституциялық құқықтары саналады. Экономикалық
құқықтар өздерінің сипатымен, қасиетімен әлеуметтік құқықтармен ұштасып
жатқандықтан осы екі топтағы құқықтар конституциялық құқық ғылымында бірге
қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың анықтамада көрсетілген белгілері
осы құқықтардың басқа құқықтардан ерекшелігін көрсетеді. Бұл ережеге сәйкес
Қазақстан Республикасының конституциялық тәжірибесі үлкен емес. Бірақта
социалистік мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қамтамасыз
етуде тәжірибе мол деп айтуға болады. Социалистік қоғамда әлеуметтік-
экономикалық құқықтар адам құқықтары ішінде негізгісі ретінде саналып,
саяси құқықтардан үстемдігі бекітілген болатын.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтар институты басқа құқықтар мен
салыстырғанда жаңа категория қатарына жатады. Қарастырылып отырған құқықтар
тобы адамның жеке және саяси құқықтарымен біртұтас адам және азаматтардың
конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесін қалыптастырады да олардың
сапалық көрсеткіштерінің жоғарлауына негіз болады. Адамның экономикалық
және әлеуметтік құқықтарының тобын қалыптастыратын құқықтардың айырмашылығы
адамның азаматтығымен байланыстырылмайды және әр адамға бөлек бекітіледі.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың конституциялық деңгейде бекітілуі
мемлекеттің адамның өмірлік қажетті сұраныстарын қамтамасыз етумен
байланысты. Осы топтағы құқықтар меншікке, еңбек қатынасына және
материалдық игіліктерді өндіруге байланысты туындап адамның өміріне қажетті
әлеуметтік сұраныстары мен мүдделерін қамтамасыз етеді.
Қалыптасқан экономикалық жүйенің тәртібіне сай мемлекеттерде
экономикалық құықтардың бекітілуі де, жүзеге асырылуы да әр түрлі болып
келеді.
XIX ғасырда Конституцияларда мемлекеттің экономика саласына ықпал
ететін нормалар жоқ болғанымен жеке меншікті, еркін сауда бостадығын
бекітетін нормалар өз көрінісін тапқан болатын. Айтылып отырған құқықтар
тобының бекітілуі Францияның 1793 жылғы Конституциясында келесі түрде толық
сипатталған:
16 бап. Меншік құқығы әрбір азаматқа өзінің мүлкімен, кірістерімен,
еңбегі мен кәсібінің жемістерімен қолдану және иеленуді білдіреді.
17 бап. Азаматтарға қандай да болсын еңбекпен, жер өңдеумен, кәсіппен,
садуамен айналысуға тыйым салуға болмайды [3]
Ал XXғ. Конституцияларға мемлекеттің экономикалық өмірге араласу
мүмкіндігін бекітетін нормалар енгізіле бастады. Бірақ бұл нормиалардың
барлығы жалпы экономикалық тәртіпті бекітетін болғандықтан норма-принцип,
норма-мақсат түрлерінде бекітіледі. Адамның экономикалық құқықтарының
дамуы негізінен дүниежүзілік соғыстан кейінгі жалпыға бірдей игілікті
мемлекет теориясының қалыптасуы мен экономиясының дамуымен байланыструға
болады. Осы бағытта экономикалық-әлеуметтік құқықтардың адам өміріндегі
маңыздылығын анықтап, оларды Конституцияда қандай тәртіппен бекіту
қажеттілігін айқындауға байланысты мәселелер туындай бастады. Өйткені
Конституцияларда бекітілген негізгі құқықтар, оның ішіндегі экономикалық
құқықтар адамның өміріне қажетті негізгі құқықтар сипатына ие болады.
Сондықтан мемлекет алдында осы құқықтардың тікелей әрекет етуін қамтамасыз
ету мәселесі туындайды. Адамның жеке және саяси құқықтарының Конституцияға
сай тікелей әрекет етуін қамтамасыз етуге болғанымен, экономикалық
құқықтардың жүзеге асырылуы мемлекеттегі қалыптасқан саяси тәртіп пен
экономиканың дамуына бағынышты.
Қазақстан Республикасының конституциялық дамуында экономикалық
құқықтардың Конституцияда бекітілуі әр түрлі жолдармен жүзеге асырылды.
Кеңес Одағы кезінде экономикалық құқықтардың бекітілу тәртібі меншік
нысанымен тығыз байланысты болса, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында
мемлекеттің таңдауымен бағыт алған экономикалық жүйенің нысаны осы топтағы
құқықтардың бекітілуіне әсер етті.
Социалистік Конституциялар әлеуметтік-экономикалық құқықтармен адам
және азаматтардың негізгі конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан
бастап, олардың адамның өмірлік сұранысын қамтамасыз етуде негізгі орын
алатынын атап өтеді.
Социалистік қоғамда негізгі экономикалық құқықтар қатарына кіретін
еңбек ету құқығы 1978 жылғы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының
Конституциясында (38б) келесі тәртіппен бекітілген: ...Қазақ ССР-нің
азаматтары еңбек етуге, яғни еңбектің саны мен сапасына сәйкес және
мемлекет белгілеген ең төмен мөлшерден кем болмайтын ақы төленетін кепілді
жұмыс алуға праволы...[4]. Социалистік меншік тәртібі бекітілгендіктен
Кеңес Одағы әр адамға жұмыс орнымен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие еді.
Қатаң орталықтандырылған әкімшілік-экономикалық жүйе арқылы және еңбек
заңнамасына сәйкес кәсіпорын басшыларын жұмысқа орналасуға байланысты
азаматтардың өтінішін қанағаттандыруды міндеттеді болды. Бұл тәртіп
жұмыссыздықты жасанды жолмен жоюға және төмен еңбек ақының қалыптасуына
негіз болды. Өйткені бес адам жұмыс істейтін жерде 20 адам жұмыс істеді.
Осы тәртіпке сәйкес әр адам мемлекет тарапынан жұмыс орнымен кепілденген
жалақымен қамтамасыз етіліп отырды.[5] Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
қалыптасып келе жатқан демократиялық мемлекеттерде осы құқықтарды
Конституцияларға бекіте бастады. Бірақта жеке меншік жағдайында әр азаматқа
мемлекетпен кепілденген еңбек құқығын және осы құқықтан туындайтын басқа да
экономикалық, әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мүмкін емес еді.
Демократиялық мемлекеттердегі Конституцияны құрастырушылар осы құқықтарды
жариялап, қоғамның әлеуметтік үміттерін қанағаттандыру үшін экономикалық
құқықтарды бекітуде мемлекетті жұмыс орнын тауып бер міндетінен босататын
және азаматтардың сотқа беретін талаптарын болдырмау мақсатында нормалардың
ерекше юридикалық конструкцияларын іздеді.
Мысалға, Италия Конституциясында еңбек ету құқығын кіріспе бөлімінде
бекіткен, бұл нормалар мемлекеттің әрекет ету қағидасын және мақсатын
білдірді. Сондықтан еңбек құқығы мемлекеттің кешенді әлеуметтік-
экономикалық саясаты арқылы ғана мүмкін болатын болды. Жалпы экономикалық
құқықтардың, мемлекеттердің Конституцияларын да бекітілу тәртібіне
халықаралық-құқықтық нормалар өз әсерін тигізді. 1966 жылы қабылданған
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пакт,
Адам құқықтары бойынша Европалық Конвенция, Европалық әлеуметтік Хартия
сияқты құжаттар демократиялық мемлекеттердегі экономикалық құқықтарды
Конституцияда бекіту бағытын белгіледі. Негізінен мемлекеттер еңбек
бостандығын және ерікті түрде кәсіп түрін таңдау құқықтарын бекітіп ең
төменгі жалақы алуға кепілдік берді. Кейбір мемлекеттерде, мысалы,
Испанияда еңбек ету міндетін бекітті, бірақ бұл міндет моральдық ықпал ету
үшін бекітілген норма еді. Өйткені нарықтық экономика жүйесінде әр адам өз
өміріне қажетті игіліктерді еңбек ету арқылы қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстан Республикасында экономикалық құқықтарды бекітудің өзі
ерекшеліктерге ие. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында
адам және азаматтардың конституциялық-құқықтық мәртебесі бөлек бөлімде
бекітіліп, экономикалық-әлеуметтік құқықтар дербес тарау ретінде
бекітілген. Негізгі экономикалық құқықтар ретінде меншік иесі болуға және
меншікті өз қалауынша иеленуді қолдануды, билік ету құқығы дербес өндіруші
ретінде немес еңбек шарты бойынша жүзеге асыру құқығы бекітіліп, адамны
қалауына, қабілетіне арнайы даярлығына байланысты еркін еңбек ету құқығы
бекітілді[6] Жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономика жағдайында
Қазақстан Республикасы әр адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ете алмады. Бұл
жағдайда әлеуметтік-экономикалық құқықтарының ішінде толық әрекет еткен
меншік иесі болу құқығы болатын. Еңбек ету құқығымен тығыз байланысты еркін
кәсіп түрін таңдау құқығы және жұмыссыздықтан қорғайтын мемлекеттік
әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету қалыптасқан еңбек нарқы мен экономикалық
институттардың даму деңгейіне байланысты мүмкін емес болатын. 1993 жылы
Ресей Федерациясы әлеуметтік-экономикалық құқықтарды Конституцияда
бекіткенде мемлекеттің жаңадан туындап жатқан әлеуметтік ролін ескере
отырып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, мемлекеттегі нарықтық
экономиканың заңдарының талаптарына сай бекітті. Еңбек құқығын бекіткенде
жеке меншік институтының қалыптасып жатқанына сүйене отырып, жеке
меншіктегі өндірістерде мемлекет міндеттеу механизмін қолдана алмағандықтан
еңбек ету бостандығы бекітілді. Бірақ мемлекет экономикалық құқықтардан
мүлдем бас тартқан жоқ. Конституция деңгейінде еңбекті қорғауды қамтамасыз
ететін мемлекеттік кепілдіктерді бекітті.
Қазақстан Республикасы да экономикалық құқықтарды бекітілу тәртібіне
1995 жылы қабылданған Конституция да өзгерістер енгізді. Жалпы қазіргі
әрекет етіп жатқан Конституция 1993 жылы адамның құқықтық мәртебесін бекіту
тәртібін өзгертті. Негізгі адамның құқықтарының бекітілуінің бөлек тараулар
арқылы айқындаудан бас тартып, жалпы Адам және азамат бөлімінде жеке
немесе табиғи құқықтардын кейін бекітті. Басты экономикалық құқықтар
ретінде меншік иесі болу құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, еңбек ету
бостандығын бекітіп, осы құқықтарды жүзеге асыруда тиісті еңбек ету
жағдайымен қамтамасыз ету құқығына, тынығу құқығы мен жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау құқығы, моноплистік қызметтің заңмен реттелуіне
кепілдіктермен қамтамасыз етті.
Әрекет етіп жатқан Конституцияның ерекшелігі әлеуметтік-экономикалық
құқықтарды кеңейтумен ғана көрініс тауып қоймай, олардың мазмұнын басқа
түрде түсіндіруінде де ерекшеліктері байқалады. Конституциялық нормалар
арқылы жеке адамның экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға
негіз сала отырып, әлеуметтік нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуының
құқықтық нормаларын бекітті. Экономикалық құқықтарды бекіту қоғамдағы
қалыптасатын әлеуметтік жағдайға жауапты субъект ретінде бұрыннан
қалыптасқан тәртіпке сай тек мемлекеттің жауаптылығынан басқа экономикалық
және әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің
жауапкершілігін бекітті. Сонымен қатар конституцияда бекітілген
экономикалық құқықтар пассивті, мемлекеттің қамтамасыз етуінде болып
үйренген жеке тұлғадан өз өміріне өзі жауапты экономикалық, саяси белсенді
тұлғаны тәрбиелеуге себеп болады. Әлеуметтік экономикалық құқықтарды
бекітуде Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық нормаларды негізге
ала отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескерді, өйткені
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастыққа интеграциялау кезінде
мемлекетіміздің қызметін реттейтін нормалар халықаралық стандарттарға сай
болуы қажет.
Мемлекеттегі негізгі экономикалық құқықтардың жүзеге асырылуына
байланысты туындайтын мәселе өзінің құқықтық табиғатына байланысты
конституциялық құқықтың азаматтық, жер құқығы және т.б. салаларының бір-
бірімен үйлесімділігі арқылы ғана шешіледі. Контитуцияда бекітілген бұл
құқықтар басқа құқық салаларында, оның ішінде жеке құқық салаларында
нақтыланып өз көрінісін тауып, сақталып отырса құқықтық тәртіптің негізін
қалайды.
Адам және азаматтардың экономикалық құқықтарының жүзеге асырылуы
қазіргі уақытта айрықша теоретикалық және тәжірибелік маңызы бар мәселелер
қатарына жатады. Теориялық тұрғыдан осы мәселе құқықтық реттеу механизм
мәселесімен байланысты болса, тәжірибелік тұрғыдан адам және азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу үрдісінде ғана осы құқықтар
нақтыланып, әлеуметтік сұраныстары мен мүдделерін қамтамасыз етуге
мүмкіндік алады. Экономикалық құқықтардың әрекет етуінің тиімділігі
мемлекетте қалыптасқан кепілдіктермен байланысты. Конституциялық құқық
ғылымында адам құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз
ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани және құқықтық кепілдіктерді
бөліп көрсетеді. Экономикалық құқықтар өзінің жүзеге асырылуына байланысты
түгел осы кепілдіктерге бағынышты. Адам және азаматтардың конституциялық
экономикалық құқықтарының саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық
кепідіктерінің әрекет етуін қамтамасыз ететін нормаларға Қазақстан
Республикасының конституциялық сипатын бекітетін нормалар жатады. Адамның
әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қарастырғанда, оларды
әлеуметтік салалардың ерекшеліктеріне байланысты келесі топтарға бөліп
қарастыруға болады. Бірінші топтағы әлеуметтік-экономикалық құқықтар
негізінен еңбек бостандығы, кәсіп және қызмет түрін еркін таңдау,
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау, демалыс құқығы сияқты құқықтар бір топқа
кіреді. Келесі топқа рухани және мәдени құқықтар кіреді. Ал енді үшінші
топқа негізінен жеке меншік құқығы, кәсіпкерлік қызметпен айналысу
құқықтары сияқты экономикалық қызметпен байланысты құқықтар кіреді.
Әлеуметтік мемлекеттің қызметін қарастырғанда негізгі орын осы құқықтарды
қамтамасыз етуі қарастырылады. Өйткені осы топтағы құқықтар мен
бостандықтар басқа категориядағы құқықтардың орындалуына негіз салады.
Адамның экономикалық құқықтарының ішінде маңызды еңбекке байланысты
құқықтар мен бостандықтар. Мемлекеттің экономикалық жүйесінің элементтерін
қарастырғанда маңызды элементі ретінде еңбек және материалдық игіліктерді
өндіруге байланысты туындайтын қатынастарды атап өткенбіз. Ал еңбекке
қатысты қатынастардың негізінде адамның экономикалық құқықтары жатады.
Еңбектің қоғамдағы маңыздылығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына
түбегейлі және әмбебапты түрде әсер етуінде айқындалып отырылады, сондықтан
еңбек қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де қажетті қатынас. Адамның еңбек ету
бостандығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай қосымша әлеуметтік-
экономикалық құқықтармен ұштаса отырып, өзінің сапалық сипатын өзгертеді.
Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы заңына сай: еңбек - адамдардың
өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құңдылықтар жасауға
бағытталған адам қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясы бұл
құқықтарды бекіткенде негізінде бостандық идеясына сүйенді, яғни,
Конституция әр адамға еңбек ету бостандығын бекітіп, олардың өз қалаулары
бойынша кәсіп түрін мүмкіндіктеріне, мамандықтарына байланысты таңдау
мүмкіндігін береді. Жұмыс істемеген адам жауапкершіліктен босатылады. Бұл
жағдай негізінен Кеңестер Одағы кезіңде бекітілген болатын. Сол кездегі
құқықтық тәртіпке байланысты еңбек ету құқығы міндеттерді де тудырды. Осы
міндеттің орындалмауы азаматтар тарапынан жауапкершіліктердің туындауына
себеп болып отырды. Сондықтан да мұндай жағдай адамдардың тек әлеуметтік
сипаттағы құқықтарын ғана емес, сонымен қатар еңбек ақысының төлемін де
талқылауға және бекітуге мүмкіндік алады. Еңбек бостандығы Қазақстан
Республикасының Конститциясына сай абсолютті емес, сонымен бірге құқықтық
норма ретінде азаматтарды еңбек етуге мәжбүрлеу мүмкіндігін бекітеді.
Сондықтан Конституцияда еңбек етуге мәжбүрлеу тек соттың шешімімен немесе
төтенше және әскери жағдайды енгізгенде ғана мүмкін екенін бекітеді.
Сонымен қатар бұл норма жұмысшының қызметінің түрін өзінің келісімсіз
өзгертуден сақтайды.
Еңбекке байланысты қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшеліктерін
қарастырып, келесі тұжырымдарды шығаруға болады:
( біріншіден, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарқын қалыптастыру
еңбек заңдарын дамытып, өзгерту және азаматтардың осы заңдарды сапалық
жағынан жоғарлатуға белсенділін арттыру;
( еңбек орындарын көбейту бағдарламаларын дайындау және осы
бағдарламаларды жұмыс берушілерді қосымша еңбек орындарын
қалыптастырғандары үшін мемлекет тарапынан ынталандыру тетіктерін жасау;
( кәсіпорындардың шетел инвесторларына ауысқан уақытта Қазақстанның
жұмысшылары алатын квоталарды белгілеу және Қазақстандық кәсіпорындар
орындайтын қызметтердің көлемін бекіту;
Адам және азаматтың еңбек ету бостандығы экономикалық құқықтардың
ішіндегі нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуына байланысты мазмұнын
өзгертіп, конституцияда бекітілген нормалар қатарына жатады. Еңбек ету
бостандығы әр адамға өзінің қабілеттілігіне байланысты кәсіп түрін таңдауға
мүмкіндік береді.
Сонымен, еңбекке байланысты құқықтар мен бостандықтарға Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген:
- еңбек ету бостандығы;
- қызметпен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы;
- қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы;
- жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығы;
- ереуіл жасау құқығы;
- тынығу құқығы;
- кәсіпкерлік қызмет еркіндігін жатқызамыз.
Еңбекке байланысты құқықтар мен бостандықтар көптеген мемлекеттерде
Конституцияда бекітілгендіктен адам және азаматтарды мемлекеттің өзінен,
жұмыс берушілерден қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбекке байланысты құқықтар
жалданып еңбек ететін халықтың құқықтарын қорғауға бағытталғандықтан
мемлекет осы құқықтардың тікелей қолданылуын қамтамасыз ете алмағанымен
мемлекеттік органдармен жұмыс берушілердің заңсыз іс әрекетінен қорғауға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек ету бостандығын бекіте
отырып әр адамға өзінің әлеуметтік сұранысына байланысты ғана еңбек етуіне
мүмкіндік беріп, кәсіп пен мамандықты өзінің қабілеті мен талабына сай
таңдауға мүмкіндіктер беріп отыр. Бірақта халықтың еңбек ету мүмкіндігі
Республикада қалыптасқан еңбек нарығымен және еңбек нарығының
институттарының дамуына тікелей бағынышты.
Конституцияда бекітілген қандай да субъективті құқық өзінің сақталуы,
жүзеге асырылуы және кепілденуі арқылы ғана құнды. Сондықтан еңбек ету
бостандығымен қатар кәсіп пен мамандықты еркін таңдау құқығы да [24 бап,
2тармақ] Конституцияда бекітілген. Конституциялық нормадан басқа еркін
кәсіп пен мамандықты таңдау құқығы Қазақстан Республикасының білім туралы
заңымен реттеліп, әр адамның өзінің мүмкіндігіне, қабілетіне сай ақысыз
жоғарғы білім немесе орташа арнайы білім алуға мүмкіндіктерді бекітеді.
Жоғарғы білімнің көп сатылы құрылымы экономиканың сұраныстарын қамтамасыз
ету мақсатында жеке тұлғаның сан-алуан мәдени-білімге байланысты
талаптарына сай ғылыми және кәсіби дайындалуына жан-жақты жағдайлар жасап
отыр.
Нарықты экономиканың маңызды экономикалық қағидаларының біріне ұдайы
өндірістің инновациялық-ақпараттық сипатта болуы арқылы кең түрде сұранысты
қамтамасыз етуді атайды. Көп уақытқа дейін әлеуметтік саладағы ұдайы
өндіріс экономиканың дамуына әсер етпейді деген көзқарас сақталып келді.
Бірақ қазіргі заманың экономикалық жүйесінің тиімді дамуының қамтамасыз ету
үшін инновациялық қызметтің талабы жоғарлайды. Ал қандайда нарықты
экономикалық жүйеде адам капиталына ақпараттық жедел әрекет ету мен оны
тиімді және онымен шығармашылық сипатта жұмыс ітей білу талабы қойылады.
Сондықтан қазіргі заманда ұдайы өндірістің негізгі салаларына білім және
ғылым жатады.
Шведтің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің моделіне сай білім беру
қызметі тек мемлекеттік институттар арқылы ғана жүзеге асырады. Үш деңгейлі
мектептер мен университеттер ақысыз болып табылады және орталық немесе
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Жоғарғы білімді алуда студенттер
білім алу үшін орталық өкіметтен субсидия немесе қарыз (15-20 жылға) алады.
Ал Канаданың білім беру жүйесіне жүргізетін қаржыландыру Швед, Норвегия,
Даниядан ерекшеленеді. Мектеп білімі провинциялар құзіретіне жататын
болғандықтан қаржыландырулар да мектептің оқу бағдарламалары да әр түрлі
болып келеді. Канаданың білім беру жүйесінің ұтымды жері болып
провинциалардың мектеп білімін қаржыландыру мақсатында арнайы салықтар
енгізіп, оларды мектептің қажеттілігіне (мектептер салуға, мұғалімдерді
жалдау мен жалақысын төлеуге, мектеп транпортына т.б.) және провинция
бюджетінен гранттар бөлуге жұмсалады
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан білім саласындағы қайта
құрулар қазақстандық азаматтарды еңбек ету бостандығын кең түрде қолдануын
қамтамасыз ету шаралары деп тануға болады. Нарықты экономика жүйесі дамыған
мемлекеттерде нарықты экономиканың әлеуметтік бағыт алуын қамтамасыз ететін
негізгі шарттардың бірі – білімнің нарық талаптарына сай келіп,
азаматтардың еркін кәсіп таңдау құқықығымен қамтамасыз ету саналады.
Сондықтан білім беру саласындағы қайта құрулар жастарды түрде нарықтық
сұранысқа сай жедел түрде кәсіптерін ауыстыруға дайын тұрған, шешім
қабылдай алатын, туындайтын мәселелерді болжай білетін және командада жұмыс
істей алатын жаңа экономикалық белсенді азаматтарды дайындау. Адам және
азаматтың білім алу конституцилық құқығының жүзеге асырылу деңгейінің
жоғарлауы мен сапасының жақсаруы экономикалық дамуды қамтамасыз ететін
негіз болып саналады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жеке меншік құқығы
бекітілді. Осы құқықтың бекітілуінің өзі жаңа өзгерістерге ұшырады. Бұл
норманың ерекшелігі ретінде заңды түрде алған мүліктерге меншіктен басқа
азаматтар жерді де меншікке ала алады. Конституцияда азаматтардың меншікке
деген құқықтарын тек бекітіп қана қоймай, оларға белгілі бір дәрежеде
кепілдік береді. Бұл кепілдіктер негізінен азаматтық құқық нормаларымен
бекітілген нормалары арқылы қамтамасыз етіліп отырады. Заңға сай меншік
иесі өз мүлкін сот арқылы қайта алуына мүмкіндік алады. Сонымен бірге
меншік иесінің құқықтарын қорғайтын басқа да механизмдер заңда
қарастырылған. Сонымен қатар меншік иесінің толық құқықтарының қамтамасыз
етілуі меншік иесінің өз мүлкін толық иемдену арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты меншік иесі мүлкін сыйлауға, мұра ретінде қалдыруға толық
құқықтары бар. Негізінен меншікке байланысты құқықтар Констуциядағы
бекітілген нормалардан басқа азаматтық құқық нормаларымен реттеліп отырады.
Жеке меншік құқығымен қатар үйлесіп тұратын экономикалық құқықтарға
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы жатады. Бұл құқық адамның өз
мүмкіндіктері мен меншігін еркін түрде кәсіпкерлік қызметте қолдануын
білдіреді. Осы екі құқық бір-бірімен тығыз байланыса отырып қоғамдағы
нарықты әкономиканың негізін қалайды және Конституциялық құрылыстың бір
элементі ретінде Конституциялық құқық ғылымында қарастырылады. Кәсіпкерлік
қызметпен айналысу құқығы өзінің құрамына нақты құқықтарды қамтиды және бұл
құқықтар негізінен азаматтық құқық нормаларынан реттеліп отырылады.
Мемлекет бұл құқықты бекітіп өзіне белгілі бір деңгейде міндеттерді
тудыртады. Бұл міндеттердің негізгісі – ол мемлекеттің кәсіпкерлік
қызметтің ең басты кепілі болуында айқандалады, яғни, мемлекет кәсіпкерлік
қызметтің тіркеуін жүргізеді, оларды монополизмнен, рэкеттен қорғайды.
Сонымен қатар мемлекет кіші бизнестің қалыптасуын қолдап отыр. Оның дәлелі
болып Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуына
байланысты қабылдап жатқан заңдары мен нормативтік актілерді, мемлекеттік
бағдарламаларды айтуға болады.
Адамның құқықтары мен бостандықтарының бекітілуі көптеген өзерістерге
ұшырап отырды. Бұл өзгерістердің барлығы адамдардың саяси күресі мен дүние
жүзіндегі экономикалық қатынастардың жаңа кезеңдерінің қалыптастыруымен
байланыстыруға болады. Осының барлығы әрине, адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтарының Конституциялық реттелуіне әсерін тигізді.
Жалпы қорыта келгенде, адамдардың құқықтары мен бостандықтары
мемлекеттің Конституциялық сипатына байланысты қамтамасыз етіліп отырады.
1.2 Жеке кәсіпкелік қызметтің Қазақстан Республикасының заңдылығына
сәйкес түсінігі, түрлері және әлеуметтік мәні
Кәсіпкерлік экономиканың барлық салалары мен аумақтарына таралған көп
қырлы экономикалық қызметтің түрі. Кәсіпкерлік бастамаға негізделген әрекет
болғандықтан өндірістің барлық кезеңдерінде кездеседі. Сондықтан
кәсіпкерлік қызмет келесі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:
- тікелей өндірістік қызметті жүзеге асыру;
- делдалдық қызметті жүзеге асыру;
- қаржы саласында әрекет ету.
Бір-бірінен тәуелсіз болғанымен кәсіпкерлік қызметтің бұл түрлері бір-
бірімен ұщтасып жатуы мүмкін.Кәсіпкерлік қызметтің қандайда түрі нақты
ұйымдастырушылық нысанда жүргізілуі мүмкін және әр-түрлі құқықтық реттеу
механизмдері қолданылады.
Нарықты экономиканың дамуы қоғамдық қатынастардың өзгеруіне себеп
болып, шаруашылық қызметті реттейтін көптеген заңдар мен нормативтік
актілердің өзгеріуне және жаңадан қабылдануына себеп болды. Кәсіпкерлік
қызметтің пайда болуына және дамуына негіз болған актілер қатарына Қазақ
ССР-ындағы шаруашылық қызмет бостандығы мен кәсіпкерлік қызметтің дамуы
туралы, Жеке кәсіпкерлік қызметті қорғау және қолдау туралызаңдар
жатқызсақ 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы
ерікті кәсіпкерлік қызмет құқығын тек бекітіп қана қоймай, оның негізгі
кепілдіктерінде бекітті. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың
құқықтық негізі болып Қ.Р.Конституциясына сай қабылданған Азаматтық
Кодексті айтуға болады.
Кәсіпкерлік қызмет түсінігінің құқықтық бекітілуі бір-неше кезеңдерден
өтті. Алғашқы рет кәсіпкерлік қызмет түсінігі Қазақ ССР-ындағы шаруашылық
қызмет бостандығы мен кәсіпкерлік қызметтің дамуы туралы Заңында өз
көрінісін тапқан. Осы заңға сәйкес әрекет етіп жатқан заңның шегінде
өзінің, несиелік немесе басқа мүліктер есебінен бастамашылық негізде
жүргізілетін шаруашылық қызмет деп бекіткен. Осы заңға сәйкес кәсіпкерлік
қызметтің субъектісі ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар бекітілген
болатын. Осы заңнан кейін қабылданған (1991 ж.) кеңестік Азаматтардың
кәсіпкерлігінің негіздері туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызмет ретінде
пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған азаматтардың ерікті бастамашылық
қызметі деп бекіткен.[7] Одан кейінгі заңдарда да кәсіпкерлік қызметтің
анықтамасы осындай бағытта берілген болатын.
Кәсіпкерлік қызметті басқа қызмет түрлерінен, оныің ішінде шаруашылық
қызметінен бөліп көрсету үшін оның белгілеріне талдау жасау қажет. Заң
жүзінде кәсіпкерлік қызметтің келесі түрдегі белгілері бекітілген:
- еріктілік және тәуелсіздік негізде;
- бастамашылық негізінде;
- пайда табу немесе сұранысын қамтамасыз ету үшін;
- тәуекел негізінде жүзеге асыру.
Нарықты экономика экономикалық таңдау еркін білдіреді, яғни кәсіп түрін
еркін таңдау, товарларды өндіру мен айналымға шығару еркін, бәсеке, тұтыну
тағы басқа ерікті әрекеттерді білдіреді. Кәсіпкерлік қызметтің еріктілік
белгісі конституциялық нормаларға сүйене отырып туындап отырған белгі
қатарына жатады. Қазастан Республикасының Конституциясының 26 бабының 4
тармақшасына сай жүргізіледі. Ерікті кәсіпкерлік қызметтің көрінісін
мемлекет тарапынан кепілдік беру мен қолдауда тауып отыр. Конституцияның
осы нормасын қамтамасыз ету барысында 1996 жылы Еркін кәсіпкерлік қызметті
қамтамасыз етудің жүзеге асыру жолдарының қосымша шаралары туралы
Қ.Р.Президентінің Жарлығы қабылданған болатын. Ерікті кәсіпкерлік қызмет әр
адамның конституциямен бекітілген құқықтарының қатарына жатады. Осы құқықты
жүзеге асыру барысында кәсіпкерлерді еркінен тыс нақты қызметтің түрімен
айналысуға мәжбүрлей алмайтының білдіреді және оған кепілдіктер беріп
отырады.Сонымен қатар ерікті кәсіпкерлік қызмет түрін азаматтардың
өздерінің таңдау құқығымен ұштаса отырып, зңда шектелмеген қызмет
түрлерімен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметтің
тәуелсіздігі өз-өзін реттеу, басқару және ұйымдастырылуында айтамыз.
Тәуелсіздік кәсіпкерлік қызметті анықтаушы белгісі ретінде өз атынан басқа
кәсіпкерлерден тәуелсіз түрде әрекет ету мүмкіндігін білдіреді.
Кәсіпкерлік қызметтің екінші белгісіне бастамашылық белгісін
жатқызамыз. Бастамашылық белгіге сай кәсіпкерлер экономикалық қызметтің
заңмен шектелмеген түрімен өз бастамасымен айналысуды білдіреді.
Бастамашылық белгі негізінен еріктілік белгісінен туындап отыр. Әр жеке
тұлға өзінің қажеттілігіне сүйене отырып кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
ынтасын білдіруі қажет. Бұл белгі қосымша әлеуметтік мемлекеттілікті
қалыптастырудың да негізгі көрсеткіштерінің қатарына жатады. Әлеуметтік
мемлекеттіліктің негізгі концепциясы әр адамның өзінің игілікті тұрмыста
тұру үшін ынтасын білдіруі қажет, яғни бастамашылығыболуын талап етеді.
Әйтпесе кеңестік дәуірдегідей азаматтардың өздеріне деген жауапкершілігі
жойылады. Сонымен бастамашылық кәсіпкердің ерікті түрде құқық талаптарына
сай әрекеттер жасауға байланысты қабылдайтын шешімін білдіреді.
Кәсіпкерлік тәуекел негізінен бастамашылық пен тәуелсіздік белгіден
туындап отырған белгіге жатады. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел кәсіпкердің
өз әрекетінің нәтижесінде қатерлердің болуын алдын-ала біле отырып оған
тәукелге бел буғаның білдіреді. Кәсіпкерлік қызмет тауәкелінің ішіне
мүліктік қатерлер де коммерциялық қатерлерде ескеріліп кіргізіледі.
Кәсіпкерлік қызметтің соңғы белгісіне таза табыс табуға бағыттылған
әрекет ретінде болуы. Бұл қызмет кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде таза табыс
табуға бағытталуы қажет. Егер тұлғаның әрекеті таза табыс табуға
бағытталмаса кәсіпкерлік қызмет өзінің мәнін жоғалтады.
Кәсіпкерлік қызметтің түсінігін анықтағаннан кейін мемлекет өз
тарапынан кәсіпкерлік қызметтің нысандарын анықтауға тырысты. Әрекет етуші
заңдылыққа сай кәсіпкерлік қызмет түрлері бірнеше өрсеткіштерге негізделіп
анықталады. Яғни, меншік нысанына байланысты, кәсіпкерлік қызметтің
субъектісі мен оның ұйымдық нысанына байланысты. Кәсіпкерлік қызметтің
түрлерге бөлінуі құқықтық реттелудегі ерекшеліктеріне негізделеді. Құқықтық
реттеу ерекшеліктеріне сай олардың сипаттары анықталып, үстемдіктері мен
кемшіліктері, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Ең
сонында заңшығарушының кәсіпкерлік қызметтің қандай да түріне көп көңіл
бөлуі оның дамуына негіз болуы мүмкін.
Жалпы кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлерге бөлінуі меншік нысанына
байланысты жүргізіледі, яғни жеке кәсіпкерлі және мемлекеттік кәсіпкерлік
түрлері. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке негізделген қызмет түрін білдірсе,
мемлекеттік кәсіпкерлік мемлекеттік меншікке негізделген қызмет түрін
білдіреді.
Субъектілер құрамына байланысты жеке кәсіпкерлі қызмет заңды және жеке
тұлғалардың қызметі ретінде қарастырылса, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет
мемлекеттік заңды тұлғаларымен сипатталады. Мемлекеттік кәсіпкерлік
қызметтің түсінігі Азаматтық Кодексті қабылдағаннан кейін ғана өзінің заңды
сипатына ие болды. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ретінде мемлекеттік
кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқығының негізінде жүргізілетін
әрекеті. Бірақ жеке кәсіпкерліпен салыстырғанда мемлекеттік кәсіпкерлікті
жүргізуші тек мемлекеттік кәсіпорын ғана танылады. Бірақ бұл сипаттама
басқа мемлекетті қазыналық кәсіпорындардың құқықтарын шектелуіне себеп
болады, сондықтан заңдағы осы ақаулықтарды түзету макқсаты мемлекет алдында
тұр. Мемлекеттік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметті Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы заңға негізделе отырып жүзеге асырылады.
Жеке меншік құқығына негізделген кәсіпкерлік қызмет жеке меншікке
негізделген қызмет түріне жатады. Жеке кәсіпкерлік қызмет нысандары әр-
түрлі болып келеді. Негізінен жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық
нысандарын анықтау арқылы кәсіпкерлік қызметтің субъектісін де анықтауға
мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының заңдылығына сүйенсек жеке
кәсіпкерлік қызметті жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
ретінде қарастырылады. Заңда жеке тұлға ұғымы азаматтар деп берілген,
бірақ азаматтар ұғымына ҚР азаматтары, шетел азазаматтар және азаматтығы
жоқ тұлғалар да кіреді. Қазақстан Республикасының азазматтарына жеке
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылмайды.Олар арнайы заңды
тұлға құрмай кәсіпкер ретінде танылуы мүмкін, бірақ мемлекет тарапынан
оларға кәсіпкер ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өту қажет. Бұл
талаптардың туындауы бөлек құқықтық режим арқылы ерікті кісіпкерлік қызмет
бостандығын жүзеге асыру мүмкіндіктерін арттыру мақсаттарында талап
етіледі. Ал егер азаматтар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін заңды
тұлға құрса, онда кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып заңды тұлға
саналады. Бұл жағдайда да заңды тұлға коммерциялық ұйым ретінде мемлекеттік
тіркеуден өтуі қажет. Жалпы алғанда кісіпкерлік қызметтің негізгі
нысандарының басқа да түрлері кездлеседі. Олардың барлығы азаматтық
құқықтық заңдалаққа байланысты ерекшеліктеріне негізделе отырып құқықтақ
мәртебеге ие.
Кәсіпкерлік қызмет қоғамда әр-түрлі қызмет атқарады. Ол қызметтерін екі
топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топта жеке сипаттағы қызмет болса,
екінші топқа қоғамдық қызмет жататды. Кәсіпкерліктің қоғамдағы мәні мен
мақсаты осы қызметтер арқылы айқындалып отырады. Кәсіпкерлік қызметтің
қоғамдық қызметтеріне талдау жасасақ онда келесі түрлерін бөліп көрсетуге
болады:
1) Өндірістік факторларды тиімді үйлестіру арқылы экономикалық
резурстарды тиімді қолдану;
2) Қоғамдық өнімді қалыптастыру мен ұлттық табыстың үлестіруіне
ықпал ету;
3) Тұрғындардың товарлар мен қызметке деген сұранысын толық және
тиімді жолмен қамтамасыз ету;
4) Инновациялық қызмет.
Аталған қызметтен басқа кәсіпкерлік қызметтің қоғамдағы мәнін және
рөлін көрсететін факторға оның әлеуметтік жауапкершілігін айтуға болады.
Кәсіпкер саяси және әлеуметтік-мәдени ортада әрекет еткендіктен, өз
мүдделері мен қоғамдық мүдделердің жүзеге асырылуын үйлестіре білуі керек.
ССонымен қатар қоғамның тұрақтылығы тиімді экономиклық қызмет ету үшік
қажетті жағдай болғандықтан әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін
жағдайларды жасауға мүдделі болып келеді. Кәсіпкерлердің әлеуметтік
жауапкершілік негізде әрекет етуі оларды тиімді дамуыларына негіз болады.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі тұғырнамасы алғашқы рет Х1Х ғ.
Аяғында ХХ ғ. басында Америкада пайда болған.[8]
К.Уолтон қазіргі уақыттағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің
келесі компонентерін бөліп көрсеткен: біріншіден, жеке бастың пайда табу
көзқарасынан айрылу қажет, өйткені ол қоғамның өркендеуіне әкелмеуі мүмкін.
Егер жеке мүдде мен қоғамдық мүденің арасында қарама-қайшылық туындаса ол
қоғамдық мүддеге бағыну жағдайы туындайды; екіншіден, экономикалық жүйе
плюрализм мен конституционализм қағидасына сүйеніп, әрекет етуі қажет;
қоғамның игілікті тұрмысы өкімет немесе бизнес бөлек-бөлек қамтамасыз
етулері мүмкін емес, сондықтан осы екі субъект арасындағы қарама-қарсы
тұруды азайтып келсөзге келу қажет; төртіншіден бизнес жұмысшылардың да,
инвесторлардың да, бәсекелестің де, тұтынушылардың мүдделерін теңестіріп
маңыздысын анықтауы қажет.[9] Осы әрекеттер жүзеге асырылса нарықты
экономика жағдайында қоғамдық мүдделер шектелмеу мүмкін. Қазақстан
Республикасының Конституциясы тікелей бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін
1 баптың 2 тармақшасанды келесі түрде бекітіп отыр: ... бүкіл халық
игілігін көздеген экономикалық даму... қағидасы ретінде бекітіліп отыр.
1.3 Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің даму кезеңдері
және қазіргі жағдайы
Нарықтың дамуымен қоғамдық қатынастардың өзгеруі көптеген құқықтық
актілердің өгеруіне, олардың ішінде конституциялық нормалардың да өзгеруіне
және жаңадан экономиканың дамуын қамтамасыз ететін нормалардың пайда
болуына себеп болды. Ол нормаларға 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған
Қазақ ССР – ның егеменділігі туралы Декларациясы, 1991 жылғы қабылданған
Қазақстан Республикасының егемендлігі туралы конституциялық заң, 1993
жылғы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы мен 1995 жылға
Қазақстан Республикасының әрекет етіп жатқан конституцияларын айтуға
болады.
Халықаралық экономиканың даму тәжірибесінен белгілі болғандай, шағын
және орта кәсіпкерлік нарықтық экономика жағдайындағы дамыған елдер
экономикасының тұрақтандыру факторы болып табылады. Бұл елдердегі шағын
және орта кәсіпорындар өнімдерінің үлесі жиынтық ұлттық өнімнің (ЖҰО) 60-
70%-ын құрайды. Барлық жұмыс істеушілер жалпы санының 75-80%-ы шағын
кәсіпорындарда жұмыс істейді. Сол себепті өнеркәсібі дамыған елдерде шағын
және орта бизнестің даму деңгейі ел, аймақ немесе қала табыстарының айқын
дәлелі болып табылатындығы кездейсоқ емес. Динамикалық және үйлесімді
дамуға бағыт алған кез келген қоғам әр түрлі инициативалар үшін қажетті
алғышарттар мен жағдайлар жасауы тиіс, әсіресе экономикада. Сондықтан да,
нарықтық экономика шартында, шағын кәсіпкерлікті дамыту – бұл жалпы халық
көпшілігінің экономикалық инициативалар мен талпыныстарының айқын
көрінісі.[10]
Ел, аймақ және қалалардың даму деңгейі олардың табыстарына тәуелді
екендігі туралы қоғамның жаңа көзқарастарын қалыптастыру. Себебі қоғамның
динамикалық және үйлесімді дамуы өз азаматтарының инициативалары және
адамдардың іс-әрекет аялары арқылы, бірінше кезекте, экономикада
айқындалады.
Қазақстанда нарыққа өту дайындықсыз, спонтанды түрде жүзеге асты. Бұл
постсоциалистік Экономикалық романтизм кезеңі болды. Бұл уақытта
басқарушы элита академик В. Шаталов және нарыққа 1,5-2 жыл ішінде шұғыл
және тезарада өту туралы Яблоко қозғалысының лидері Г.Явлинскийдің
жетекшілігіндегі ірі кеңестік ғалым экономистер мен саясаткерлер топтарының
көзқарастарын ұстанды. Олар социалды-экономикалық дағдарыстан өту және
экономиканы реформалауды стандартты модель бойынша синхронды және тез
жүргізуге болады деп санады. Сол себепті нарыққа өту дайындығын жүргізбей-
ақ қоюға болады деп шешті. Осыдан нарыққа өтудің бастапқы кезеңінде
радикалды реформалар тез арада, ешқандай теориялық-методологиялық
дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат қысқа мерзімде мамандардың тар
шеңберімен жасалынып, дамыған нарықтық елдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz