Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ. . 6

1. 1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы6

1. 2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі. 17

1. 3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері24

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ. 32

2. 1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама. . 32

2. 1. 1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру . . . 35

2. 1. 2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру38

2. 2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы………. 41

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. . 46

3. 1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау46

3. 2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау. 53

ҚОРЫТЫНДЫ. . . 57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . . . . 59

КIРIСПЕ

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуде, оның негізгі механизмі ретінде қос тілділікке көңіл бөлу керек. Билингвизм тілдердің қоғамдық қолдану және даму ғылымы ретінде социолингвистиканың объектісі болып табылады. Бірақта, Билингвизм сол сияқты психолингвистиканың да объектісі болады, себебі ол адамдардың сөздік қатынастарында хабарларын бірінші және екінші тілде білдіру процестерін зерттеуден толық бөлініп қарастыра алынбайды. Педагогика бойынша қос тілділік адамның танымдық іс-әрекетіне зор ықпал етеді, сол себептен Полиэтникалық аудиторияларда екінші тілді меңгеру жолдары мен тәсілдерін, ойлау іс-әрекетіндегі педагогикалық механизмдерді үйрену қажет.

Полиэтникалық аудиториялардағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы бүгінгі күнде өте өзекті мәселе болып саналады, себебі полиэтникалық жағдайда студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы, олардың даралық, танымдылық, мотивациялық, эмоционалдық, ұйымдастырушылық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Полиэтникалық аудиторияда студенттер әртүрлі әлеуметтік ортада, өздерінің белсенділіктерін көрсете отырып, жоғарғы деңгейде дамыта алады, жалпы адамдармен іс-әрекет және қарым-қатынас барысында жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндіктері көбейе түседі.

Зерттеу мақсаты: полиэтникалық аудитоиядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін, және оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынастарын анықтау. Бұрынғы кеңестік және шетел педагогикасында полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшелігін зерттеу негізгі мәселелер ретінде қаралған, оларға мына авторлардың жұмыстары жатады: Величковский Б. М., Выготский Л. С., Эльконин, Тихомиров О. К., Давыдов В. В., Леонтьев А. А., Ломов Б. Ф., Арутюнян А. В., Андреева Т., Крысько В. Г., т. б. Жалпы айтқанда біздің егеменді елімізде осы мәселе толық қарастырылып зерттелмеген. Ғылыми зерттеуіміздің өзектілігі Полиэтникалық Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің этникааралық өзара әрекетінің тиімділігін арттыру және олардың танымдылық іс-әрекетінің нәтижелілігін көтеру мақсатымен анықталады.

Зерттеу объектісі - жоғарғы оқу орнында оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынастары мен әрекеттерін қамтитын оқыту және тәрбиелеу процесі.

Зерттеу заты - қарым-қатынас, іс-әрекет барысындағы студенттердің ұлттық ерекшеліктерінің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары.

Негізгі болжам - Полиэтникалық аудиториядағы педагогтардың іс-әрекетінің нәтижелілігі этникалық топтардың танымдылық ерекшеліктерін жетік білуіне байланысты.

Жалпы болжам төмендегі жанама болжамдармен нақтыланады:

  1. Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы мен қалыптасу барысында, олардың этникааралық өзара әрекет тиімділігі жүзеге асады. Полиэтникалық аудиторияда студенттердің жалпы танымдық іс-әрекеттерімен бірге олардың жеке басындағы қасиеттері мен белсенділіктері дамиды.

Қойылған мақсат пен тағайындалған болжамдарға сәйкес зерттеудің міндеттері:

  • Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктері мәселесін педагогикада зерттелуін қарастыру.
  • Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
  • Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама беру.

Зерттеуге қойылған негізгі міндеттерге байланысты келесі әдістемелер жүргізіледі:

  1. Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасы. Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы.

Зерттеудің методологиялық негізінде жан-жақты және гормониялық дамыған жеке адамның қалыптасуының тұтастай процесіндегі ұлттық педагогиканың әлеуметтік тарихи табиғатындағы, бір халықтың ұлттық педагогикасының екінші халықтың педагогикасына әсер етудегі кординалдық жағдайлар болуы керек.

Зерттеудің теориялық негізі мыналар болады:

  1. Педагогика мен психологиядағы жүйелі жақындаудың қолданылатын негізгі принциптерін ашатын және жеке адамға жүйелі құрылымдық жақындауды жүзеге асыратын отандық психологиядағы мен педагогикалық ғылымдарда қарастырылған концепциялар. ( Ананьев Б. З., Ковалев А. Г., Кузмина А. С., Кулюткин А. Н., Мерлин В. С., Платонов К. К., Сластелин Б. А., Спирин А. Ф., Шорохиева Е. В., Щадриков В. Д., т. б) ;
  2. Этнопедагогикалық құбылыстардың негізгі мазмұнын ашатын педагогикалық, философиялық, этнографиялық ғылымдар мен қарастырылған концепциялар (Андреева Г. Н., Арутюнян А. В., Богромов Э. А., Жандильдин Н., Козлов В. И., Крысько В. Г., Кузнецов Н. Н., Ниязалиев Ш., Парщнев В. П., Старовойтова Г. М., Трусов В. П., Щехиров П. Н., Феденкон Ф., т. б. )

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы

Егеменді Қазақстан Республикасының өмірінде негізгі рольді қоғамның белсенді бөлігінің бірі - студенттер қауымы алады. Ол жастардың кәсіби дамуы, әсіресе қазіргі кездегі заманға сай жеке бастарының ерекшеліктерінің дамуы, қоғамның әрі қарай дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да педагогикалық зерттеудің маңыздылығы - полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін зерттей отырып, қоғамның болашақ иелерін жеке адам ретінде дұрыс қалыптастыру.

Полиэтникалық аудиторияда студенттердің танымдылық іс-әрекеті тек білімге, оқуға ғана бағытталмай, өзімен бірге жүрген достарының өмір-салтын, өзіндік-этностық ерекшелігін тануға, сөйтіп, өзінің зерделік, мәдениеттілік өрісін кеңейтуге бағыттайды. Жастар өз өмірінің студенттік кезінде үлкен психикалық өзгерістерге ұшырасады. Біріншіден студенттің “Мен” дәрежесі көтеріледі. Екіншіден, ұлт мәселесіне басқаша қарайды. Ұлттық намыс, ұлттық сезім, ұлттық санасы оянады. Осыған орай оқу іс-әрекетінің мотивациялық өрісі де өзгереді. Оқудағы меңгеру процесінің механизмдері: білім, дағды, шеберлік жүйелерінің нәтижелік көрсеткіштері өзгеріске ұшырасады. Негізінен оқу түрткісі, қажеттіліктері курстан курсқа өткен сайын анықтала түседі [9] .

Полиэтникалық аудиториядағы басқарушының іс-әрекетінің негізгі элементтерінің бірі - әр жақтық этникалық топтардың өкілдерінің спецификасын білу. Басқарушы алдын ала оларды қызықтыратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысады. Оларда осы сұрақтар жөнінде білімдері болып немесе басқа ұлттардың қарым-қатынас тәжірибесі болғаны дұрыс.

Ұжымның мүшелерінің ұлттық- педагогикалық ерекшеліктерін білмеуі, ұлтаралық қақтығыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Барлық ұлттардың өкілдеріне бірдей тең қарым-қатынас болуы керек. Полиэтникалық аудиторияның басқарушысы әрбір студентке, оның ұлтына тәуелсіз сын көзбен қарау керек. Әртүрлі ұлттың өкілдерінің арасындағы достықты нығайтуға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілуі керек. Тағы бір айта кететін жай, бұл студенттердің арасында қақтығыс жағдайларының болдырмау мәселесі. Себебі ұлттық негіздегі қақтығыстар бір ұлттың өкілдерінің басқа ұлтқа деген кері қатынастарын туғызады. Мұндай жағдайларда олардың себептерін мұқият ашып қарау керек. Әртүрлі ұлттардың өкілдерінің қарым-қатынастарының тәжірибесі болмауы, осындай түрдегі қарым-қатынастарды негативті эмоционалды қабылдау. Сол үшін басқарушыларға тек қана топпен емес, әр студентпен жеке дара жұмыс жасау қажет. Бұндай жағдайда қоршаған адамдардың ең бірінші жақсы жақтары мен жоғары қасиеттерін көруге үйрету керек. Көп ұлттық аудиторияда студенттердің арасында ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетін қалыптастыру керек.

Ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті - бұл кең көлемдегі түсінік, бірінші жағынан халықтардың қарым-қатынасының өткен тәжірибесін, ал екінші жағынан осы тәжірибе жиналу процесінде қалыптасқан дәстүрлерді қамтиды. Ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетіне ие болған адамдар, өз елдірінің және басқа халықтардың діни құндылықтарына деген қызығушылықпен, ұлттарына тәуелсіз бүкіл адамдарға бірдей достық көзқараспен, қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын тұратындарымен ерекшеленеді. Полиэтникалық жағдайда басқарушылар және әлеуметтік қызметкерлер қандай ұлттың өкілдерімен жұмыс жасаса, солардың ұлттық- педагогикалық ерекшеліктерімен, салттарымен, құлықтылық және педагогикалық құндылықтарымен таныс болуы керек. Әр ұлттық топтардың өкілдерінің ұлтаралық қарым-қатынас шеңберлерін кеңейту қажет. Көп ұлттың аудиторияда ұлттарына тәуелсіз студенттер басқа құрыбыларындағы өздерін олардан ерекшелейтін қасиеттерді бағалауға үйрену керек. Ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті ұлтаралық қарым-қатынастардың аумағындағы қызметкерлердің іс-әрекеттерінің нәтижелігін және жемістілігін қамтамасыз етеді. Бұның мазмұны әр ұлттық топтардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты реттейтін ережелер мен нормаларды білу; ұлтаралық қарым-қатынастың құрылған дәстүрлі және топтауырынды түрлерін сақтау; ұлтаралық қарым-қатынастың қарама-қайшылықтарына қарсы тұру қабілеті [22]

Өзіміздің егеменді елімізде көп ұжымдар өздерінің құрылымдары бойынша Полиэтникалық болып келеді. Полиэтникалық жағдайда жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарына әсер ететін ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер, адамдардың жүріс-тұрыс нормалары көрінеді. Полиэтникалық аудиториялардағы студенттерге этникааралық қарым-қатынастың бедсенділі сипатты. Ұлттық- педагогикалық ерекшеліктер әрбір ұлттың өкілдерінің Полиэтникалық аудиторияның жетекшілерінің талаптарына бейімделуіне қамтамасыз етеді, немесе кедергі жасайды. Әртүрлі ұлттық өкілдерінің педагогикалық іс-әрекетке бейімделу процесін 3 сатыға бөлуге болады:

а) бастапқы сатыда студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері жетекшілердің іс-әрекеттеріне кедергі жасайды, немесе әрі қарай жақсы дамуына ықпалын тигізеді. Егерде олар жетекшінің мақсатына қарама-қайшы келсе, онда жалпы педагогикалық іс-әрекеті, мазмұны мен қасиетін қайта құру керек. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің спецификасын, олардың нақты этникалық топтардың өкілдерінде қызмет ететін түрлерін анықтау үшін және міндетті түрде ұжымдағы жағдайды мұқият білу үшін ұзақ уақыт қажет болады.

б) келесі сатысында жетекшілер мен студенттердің арасындағы қарым-қатынастар тұрақталады, өзара тіл табысып бірін-бірі түсіне бастайды және студенттер өз белсенділіктерін көрсетеді.

в) ең соңғы этапта бүкіл ұлттық өкілдерінің араларындағы потенциалдық мүмкіндіктері ашылып бір-бірімен өзара әрекеттене бастайды. Ендеше студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері пән оқытушының белсенділігінің ұйтқысы болады. Бұл кезеңде ұжымның ішінде қиыншылықтар пайда болса, онда этникалық жалпылықтың өкілдері өздері-ақ жая алады, полиэтникалық жағдайда студенттердің бір-біріне деген жанашырлық қайғыға ортақтасу, қиын жағдайда кеңес пен көмек беру сияқты қасиеттері дами түседі. Бір ескеріп кететін жай Полиэтникалық аутиторияда өздерінің дәстүрлерімен, моральды және құлықтылы құндылықтарымен, әлеуметтік жағдайымен өмір сүру стилімен, жүріс-тұрысымен ерекшеленетін адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек.

Бүгінгі күнде біздің еліміздің экономикалық дамуы өте күрделі кезеңде өтпелі болып отыр. Себебі адамдардың көпшілігі саясатқа келіп, коммерциялық іс-әрекетпен айналысып, басқарудың әртүрлі сфераларына қатысып, және осыларға керек болатын арнайы дайындықсыз, соның үстінен бұлардан кәсіби сапалар талап етіледі. Полиэтникалық аудиторияның жетекшісі әртүрлі жалпылықтардың өкілдерімен байланыста бола отырып, біраз уақыт өткеннен кейін олардың өзара қарым-қатынастарын реттеудің арнайы дағдылары мен іс-әрекеттерін ие болады [37] .

Ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетіне әртүрлі халықтардың адамдарының өзара әрекеттену және бір-біріне әсер ету процесі қарастырылады. Ұлтаралық қарым-қатынаста әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдері өздерінің халықтарының жекеленген қсиеттерін ғана көрсетпей, сонымен қатар өзінің ұлтының қоршаған ортаға, басқа этностарға кең және жүйелі қарым-қатынаста, сол сияқты ұлтаралық қарым-қатынасының ұғымында өзін іс жүзіне асырған болатын. Кәсіпқойлық ұғымын біріншіден ұлтаралық қарым-қатынастарға, адам кейін қатынасқа жатқызуға болады. Ол осымен өзінің ғылыми, әлеуметтік және тәжірибелік құндылығына ие болады. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынаста кәсіпқой өзіндік ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерінің негізінде әртүрлі ұлт өкілдерінің қатынастарын реттеп ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар әр этностың адамдарының идеялық және педагогикалық құндылықтарын, олардың ұлттық идеологияларын, әлеуметтік топтауырындағы, жүріс-тұрыс пен іс-әрекетті жалпы қызығушылықтар ретінде пайдаланады. Ұлтаралық қарым-қатынастарда кәсіпқойлықтың даму мәселесінің қалыптасуының үлкен саяси маңызы бар. Себебі полиэтникалық аудиторияда саяси процестерді икемді реттеуге жағдай жасайды, әртүрлі жалпылықтардың өкілдерінің өзара қарым-қатынастарында пайда болатын аздаған келіспеушіліктерді жойып етеді.

  1. Психолого-педагогика ғылымының кейінгі даму жылдарында тиімді оқытуды жақсарту мәселесі жан-жақты оқытудың бір объектісі болып жүр. Бұл мәселе жөнінде Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Маркова, Л. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, В. Я. Ляудис, Б. Хасанов еңбектерінен көруге болады.

Полиэтникалық аудиторияда ұлтаралық қарым-қатынаста кәсіпқойдың білімдеріне, дағдыларына және іскерлігіне жауапты талаптар қойылады, әсіресе деңгейлері мен сапаларына және олардың дамуына. Бұл жерде өте жоғары кәсіпкер туралы сөз болады, себебі оған бүкіл адамдарға маңызды саяси қарым-қатынастар мен саяси іс-әрекеттер тәуелді.

Міне осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынастарда біз кәсіпқойлықты қарастырғанда онымен әртүрлі қабілеттердің жақын дамуының кәсіпкерліктің іс-әрекетінің аумағында ғана көрінетін терең және кең білімдеріне байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы адамзаттық мәдениеттің ерекшеліктерін, әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің арасындағы еңбек қатынасының мәдениеті, ұлтаралық өзара әрекеттенудің құлықтылық мәдениеті.

Осы білімдерді тәжірибе пайдалану, оған күнделікті өмір сүру және іс-әрекет барысында бүкіл елдердің адамдарының теңдігін нәтижелі түрде іске асыру, қоағмдағы белгілі процестердің әлеуметтік салдарын алдын ала білу, әр этникалық жалпылықтардың өкілдерінің өзара қарым-қатынастарына әсер ететін олардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау; бірігіп күш салудың негізінде бүкіл адамдардың интеллектуалдық және әлеуметтік күштерін біріктіру, ынтымақтастыққа реалды және сенімді жолдар табу, дауласқан сұрақтарды қиындықсыз шеше, ұлтаралық қарым-қатынастардағы иеленушіліктер мен қақтығыстарды болдырмау.

Қорыта келгенде ұлттық қарым-қатынаста кәсіпқойлықтың жеке адамдар арасында көріну деңгейлері жеке адамның мынадай дағдыларын, іскерліктерін және қасиеттерін қалыптасуын талап етеді: әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің өзара іс-әрекеттері мен қатынастарындағы әртүрлі қиындықтарды жеңуді қамтамасыз етеді, басқа ұлттың адамдарына деген жанашырлық, ұлтаралық қатынастардың нәтижелігіне қажетті жағымды педагогикалық атмосфераны тудыру, сол сияқты біріккен іс-әрекет барысында жағымды нәтижелерге жету. Алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін кәсіпкерліктердің ең біріншіден мынандай білімдері болуы керек: әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің ұлттық-педагогикалық және басқа ерекшеліктерін білу, ұлтаралық қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларында олардың жүріс-тұрыстарының түрлері мен тәсілдерін білу, қатынастарымен өзара әрекеттенулерін, дәстүрлерді және таптауырындарды басқа ұлт өкілдерінің қабылдауы, ұлттық сана-сезімнің қызмет етуінің өзіндігі. Ұлтаралық қарым-қатынаста кәсіпқойлықтың көріну түрлерінің құрылымы мен мазмұны өте күрделі және көптүрлі. Олардың негізін құрайтындар өте жақсы дамыған қабілеттер; өзіндік қалыптасқан қызығушылықтармен олармен қатынас жасау процестерінен қанағат алуға тырысу.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде студенттерде танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай - ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.

Бұл теорияда ақыл - ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi - ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен - дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн - эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын - ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады.

Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.

Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде-ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой - тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.

Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, VI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.

Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай - ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ - жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.

Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.

Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой - өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға «о дүниеге» дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой - өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.

Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И. Г. Песталоцци, И. Кант және т. б. еңбектерiнде айтылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ерекшеліктердің педагогика ғылымында зерттелуі
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
Студенттің психологиялық сипаттамасы
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері
Интербелсенді оқу оқыту түрлері
Студенттердің білімдермен алмасуы
Студенттің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz