Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері”

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-4

1 тарау. Соттық дәлелдеу . . . 5

1. 1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты . . . 11

1. 2 Дәлелдеу пәні . . . 12-23

1. 3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері . . . 23-30

2 тарау. Дәлелдемелер . . . 31

2. 1 Дәлелдемелердің түсінігі . . . 31-38

2. 2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау . . . 39-41

2. 3 Дәлелдемелердің жіктелуі . . . 41-44

3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері . . . 45

3. 1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері . . . 45-49

3. 2 Куәнің көрсетпелері . . . 49-52

3. 3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер . . . 53-55

3. 4 Сарапшының қорытындысы . . . 55-61

Қорытынды . . . 62-63

Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі . . . 64-66

Кіріспе

Соттық дәлелдеу - бұл істің мән- жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойынша процеске қатысушылардың қызметі. Өзгеше айтар болсақ - бұл талаптардың және өзгеде қатысушылардың дәлелдемелерді табыс етуге, жинауға және оларды зеріттеуге әрекеті.

Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Түпнұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жеке хаттар оларды табыс еткен тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Бұл орайда істі жазбаша дәлелдемелердің судья куәландырған көшірмесі қалады.

Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды енгенге дейін, егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін. Дәлелдемелерді тараптар мен іскеқатысушы басқада тұлғалар береді.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың іске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптарымен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

Сот тараптарға және іске қатысушы басқада тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

Тараптармен іске қатысушы басқада тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық бойынша дәлелдемелерді сұрақ алуға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы келтірген жағдайда, сот олардың өтінімде сол дәлелдемелер көрсетуге сондай-ақ, осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайларр анықталатыны немесе бекерге шақырлатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

Қажетті болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.

Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгіленген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге адамның соттың сұратуын алған күннен басқа бес күн мерзім ішінде көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауы міндетті.

Хабарламаға, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.

Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Егер талап сот сұратқан дәлелдеменіөзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер талаптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.

Осы дипломдық жұмыста жоғарыдағы мәселелер егжей - тегжейлі зертеліп отырып азаматтық процестегі дәлелдемелермен дәлелдеу жағдайлары көрсетіледі.

Дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым:

1. соттық дәлелдеудің түсінігі мен мақсатын ашу;

2. дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттерін ашып көрсету;

3. дәлелдеу пәнің көрсету; fd

4. дәлелдеменің түсінігін, жіктелуін және олардызеріттеумен бағалау мәселелерін ашып көрсету;

5. дәлелдемелердің жекеленген түрлерінің мазмұны:

Осы мақсатты көздей отырып, жұмысты үш бөлмеге бөлдім. әрбір бөлім қажетті мәселелерді ашуға арналған.

Жұмысты орындау барысында бірқатар алдынғы қатарлы ғалымдардың еңбектері пайдаланды, атап айтқанда, З. Х. Баймолдинаның, М. С. Шакариянның, М. К. Треушниковтың және т. б.

1 тарау Соттық дәлелдеу.

1. 1. Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.

Істің нақты жағдайларын анықтау соттық таным арқылы жүзеге асырылады. Соттық таным - обьективті дүниенің заңдылықтарына қол жеткізу процесі, адамның танымдық әрекетінің түрі.

Азаматтық сот өндірісінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызды болатын өзге де жағдайларды танудың негізгі тәсілі соттық дәлелдеу болып табылады.

Соттық дәлелдеудің негізін табиғатпен қоғамдағы құбылыстардың байланысы құрайды. Бұл байланыс бір құбылыстың негізінде екінші құбылыстың болуы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы, соттық дәлелдеуді істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын заңды фактілердің бар немесе жоқтығын анықтауға бағытталған субьектілер әрекеті ретінде көрсетуге болады.

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқада тұлғалар береді. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән -жайларды тараптардың және іске қатысушы қарсылықтарының негізінде, материялдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.

Сот тараптарға және іске қатысушы басқада тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

1. Баймолдина З. Х. Азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеу және дәлелдемелер, Алматы 2001

Тараптармен іске қатысушы басқада тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсынуы қиыандық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алуға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

Қажетті болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді. Сот дәлелдеме талапеткен, оны жалпы немесе сот бегіленген мерзімде беруге мүмкімдігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауы міндетті.

Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға

Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. соттағы талабын қасақана орындамаған жағдайда аталмаған тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады. егер талап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оның соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы талаптың мүдделеріне қарсы

бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. соттық дәлелдеудің мақсаты азаматтық іс жағдайлардың анықтау болып табылады, яғни дәлелдемелер арқылы тараптар үшін белгілі құқықтық салдардың, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін мазмұнды болып табылатын өзге де жағдайлардың туындауымен байланысты заңды фактілерді анықтау.

Соттық дәлелдеу төмендегідей өзара байланысты дәлелдемелік әрекеттің үш түрінен тұрады:

- дәлелдемелерді ұсыну және жинау.

- сот мәжілісінде дәлелдемелерді зеріттеу.

- дәлелдемелерді бағалау.

Азаматтық іс жүргізу әдебиетінде соттық дәлелдеу ұғымы жөнінде түрлі пікірлер берілген. Бір авторлардың пікірінше соттық дәлелдеу соттық дәлелдемелерді бағалау бойынша ойлау әрекеті логикалық, танымы (А. А. Старченко) . Бұл түрде сәйкес соттық дәлелдеудің мазмұнынан дәлелдемелерді ұсыну, жинау және зеріттеу процессуалды әрекеті кірмейді.

Екінші авторлардың түсінігі бойынша соттық дәлелдеу дәлелдемелерді ұсыну, жинау және зеріттеу бойынша соттық және іске қатысушы тұлғалардың процессуалды әрекетінің жиынтығы, мысалы: С. В. Куринев соттық дәлелдеуден логикалық, ойлау әрекеті алынады, сондықтан соттық дәлелдеуден дәлелдемелерді бағалау жатпайды деп санады.

Соттық дәлелдеу ұғымын азаматтық процесуалды құқық қатынастарының тізбектілерінің ойлау және процесуалды әрекеті ретінде қарастыратын процессуалис-ғалымдардың тұжырымдары дұрыс болып табылады. (П. П. Гуреев, И. М. Зайцев. В. В. Молчанев, М. К. Ттыреущинеков) . Соттық дәлелдеу логикалық және процессуалды әрекеттердің бірлігі болып табылады.

Ғылыми әдебиеттерде дәлелдемелік әрекеті кім және қандай дәрежеде

жүзеге асыратындығы жөнінде яғни соттық дәлелдеу субьектілері жөніндегі пікірлерде әр түрлі. Ревалюцияға дейінгі әдебиеттерде соттық дәлелдеу дауласушы тұлғалардың (тараптардың) дәлелдемелік әрекеті ретінде көрсетілді, мысалы: А. Х. Гольметен жазады: “Дәлелдемелер әрдайым тараппен ұсынылады: дәлелдеу тараптың ерекше құқығы; сот ешбір жағдайда өзі дәлелдемелерді немесе анықтамаларды жинамайды. Кейін дәлелдемелік әрекет тұжырымдамасы төмендегідей өзгерістерге ұшырайды.

Бастапқыда дәлелдемелік әрекетті жүзеге асыратын субъектілер кеңейтілді олардың қатарына тек тарапта ғана емес, сондай-ақ іске қатысушы өзгеде тұлғаларды жатқызылды. Мысалы: А. Ф. Клейнман дәлелдеу тараптардың және іскеқатысушы өзге тұлғалардың дәлелдемелерді сотқа ұсынуы, талдауы, даулы фактылар жөнінде дәлелдемелік қорытынды жасауы деп көрсетеді.

50-ші жылдан 80-ші жылдардың арасына дейін дәлелдеудің негізгі субектісі ретінде сот деген көзқкрас билік етті. Дәлелдеудің субъектілері болып сот және іске қатысушы тұлғалар аталды. Азаматтық процесуалды заңдылықты дәлелдеу бойынша әрекет сотпен, тараптармен және іске қатысушы өзге тұлғалармен жүзеге асырлатындығы жөніндегі ереже бекітілді.

Дәлелдемелік әрекеттің қазіргі кездегі тұжырымдамасы жаңартылған азаматтық процессуалды заңдылықта көрініс тапты.

Азаматтық процессуалды кодекс келесі ережелерді бекітеді:

- дәлелдемелерді ұсыну және жинау тараптармен және іске қатысушы өзге тұлғалармен жүзеге асырылады (15, 65, 66 баптар; 335б. 3Тармағы; 337 және т. б. )

- дәлелдемелерді зеріттеу сотпен тараптармен және іске қатысушы өзгеде тұлғалармен азаматтық істі соттық мәжілісте талқылау кезінде жүргізіледі (195-206, 208, 210, 211, 354-356, 376, 398 б. Және т. с. с. ) ;

-дәлелдемелердібағалау сотпен жүзеге асырылады (16, 77) іске қатысушы тұлғаларда дәлелдемелерге өз бағасын бере алатын, бірақ бұл бағалау жеке сипатққа ие болмайды.

Сонымен, дәлелдемелерді жинау, қатысу және зеріттеу бойынша әрекетіске қатысушытұлғалармен жүзеге асырылады. Дәлелдеу бойынша міндет, бірінші кезекте, тараптарға және үшінші тұлғаларғажүктеледі. Дәлелдемелерді жинау, ұсыну және зеріттеуде тараптар, үшінші тұлғалар, іске қатысушы өзгеде тұлғалар, белсенді қатысады.

Істің нақты жағдайларпын анықтау мақсатында сот толық босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған заңмен көзделген тәртіппен қажетті материалды алуға жәрдемдеседі.

Сот тараптармен іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған немесе мүдделі тұлғалардың дәлелді өтініші негізінде соттың тапсырмасымен алынған дәлелдемелерді зеріттеумен бағалау әрекетін жүзеге асырады.

Сөйтіп, соттық дәлелдеу - бұл азаматтық процестің келесі субъектілермен:

  • дәлелдемелерді жинау, ұсыну және зеріттеу бойынша тараптармен және іске қатысушы өзге тұлғалармен;
  • дәлелдемелерді зеріттеу және бағалау бойынша сотпен соттық дәлелдемелерді қолдану жолымен, іс үшін маңызы бар заңды фактілер мен өзге жағдайларды анықтауға бағытталған ойлау және процессуалды әрекеті.
  • Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

66-бап Дәлелдемелерді ұсыну.

Дәлелдемелерді тараптармен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың жеке іске қатысушы басқа да тұлғалардың қолданылуға тиіс нормаларын

2. Треушников м. к. Судебное доказательство М., 1999, 20б

ескере отырып, сот анықтайды.

Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірілген жағдайларларда сот олардың өтінімі бойынша ділілдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатын немесе бекерге шығарылатын.

Дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемелер

алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.

Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгіленген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім үшінде себебін көрсетіп, ол туралы сотқа хабарлауға міндетті.

Хабарламаған, сондай ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.

Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесін бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабың қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.

Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрауы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі. Және процесуалды әрекеті.

1. 2. Дәлелдеу пәні.

Дәлелдеу пәнін анықтау аса маңызды жағдай: Дәлелдеу пәні іс бойынша нені анықтау қажет екендігіне қандай жағдайлар дәлелденуге жататындығына жауап береді. Дәлелдеу пәнін анықтаудың дұрыстығы сот процесінің қорытындысына, іс бойынша шығарылған шешімнің заңдылығы және негізділігіне ықпал етеді.

Дәлелдеу пәні - бұл азаматтық істі дұрыс шешу үшін анықтауға қажетті заңды фактілер мен өзге жағдайлардың жиынтығы.

Дәлелдеу пәнін анықтау кезінде, А. Х. Гольметен ол тараптардың талаптарын негіздейтін фактілер болып табылады -деп көрсетті.

Дәлелдеу құқығының теориясында дәлелдеу пәнінің мазмұны жөніндегі мәселе дау туындатады.

Бір авторлардың пікірі бойынша дәлелдеу пәніне дауласушы субьектілердің талаптарын және наразылықтарын негіздейтін материялдық құқықтық сипаттағы фактілер (жағдайлар) ғана (А. К. Сергун, Я. Л. Штутин. М. К. Треушников) ;

Екінші авторлар дәлелдеу пәніне талапты негіздейтін және талапқа қарсы наразылықтарды негіздейтін фактілер ғана емес сондай-ақ даудың немесе құқықбұзушылықтың себептері мен жағдайларын жатқызады (Ю. К. Осипов) ;

Үшінші авторлар дәлелдеу пәні үш фактілер тобын:

1. Материялдық құқықтық

2. Процесуалды

3. Дәлелдемелік

Фактілерді қамтиды деп санайды (Д. М. Чечот)

Төртіншілері дәлелдеу пәнінің мазмұнның кеңінен қарайды және оған құқық бұзушылықтық соттық профилактикасы үшін қажетті дәлелдемелік фактілерді және материялды құқықтық және процесуалды сипаттағы фактілерді енгізеді (И. М. Зайцев) .

Бірінші пікір дұрыс сияқты. Сот шешуінің пәні даулы материялды құқықтық қатынас немесе заңды мүдде ал оның

болуы материялдықұқықтық қатынас немесе заңды мүдде болып табылады, ал оның болуы немесе болмауы белгілі бір заңды фактілерімен немесе материялдық құқық нормаларында көрсетілген фактілердің жиынтығымен айқындалады. Сотпен заңды фактілерін анықтау даулы құқықтың немесе заңды мүдденің болуы немесе болмауы жөніндегі қортынды үшін негіз болады. Осыдан шығатыны, дәледеу пәнін материялдық құқықтыққатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы үшін негіз болатын заңды фактілер құрайды. “ Дәлелдеу пәні” ұғымның “соттық зерттеу шегі” ұғымынан шеңбері тар Заң соттық зерттеушегін белгілемейді, ал дәлелдеу пәні белгіленген оған тараптардың талаптарымен қарсылықтарын негіздейтін жағдайлар жатады. Өзге фактілер“ соттық зерттеу шегі” ұғымының мазмұнына кіреді, олар азаматтық іс бойынша анықталуға жататын жағдайлар жиынтығын белгілеу үшін қолданылады.

Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдеу пәні сол іске қарай тән болып келеді, өйткені түрлі іс жағдайлары толық бірдей мүмкін емес. Талап қою өндіріс істері бойынша дәлелдеу пәні бірнеше фактілер тобынан құралады:

  • талапты негіздейтін фактілер
  • талапқа қарсылықты негіздейтін фактілер
  • қарсы талапты негіздейтін фактілер
  • үшінші тұлғалардың негіздейтін фактілер

Ерекше талап қою өндіріс бойынша дәлелдеу пәнін арызды және арыздарға талаптарға қарсылықты негіздейтін фактілер құрайды. Осы фактілерге сүйеніп сот даулы материялдық құқық қатынасына біліктілік береді, қолданылуға жататын материялдық немесе процесуалдық құқық нормаларын анықтайды.

Дәлелдеу пәніне жататын заңды фактілер келесі түрлерге бөлінеді:

  • іс -әрекет, оқиға. Жағдай;
  • жағымды жағымсыз фактілер

Дәлелдеу процесінде өтіп кеткен фактілер анықталады. Сондықтан соттық қарау кезінде дәлелдемелер негізінде өткен жағдай қалыптастырып кеткен фактілер дәлелденеді.

Алайда барлық заңды фактілер дәлелденуге жатпайды. Кейбір фактілер дәлелсіз іс бойынша шешімнің негізін құрай алады, сондықтан олар дәлелдеу пәніне кірмейді.

Сот жалпыға белгілі деп танығанмән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Соттың бұрынғы қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешіммен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде дәлелденбейді соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс- әрекеттер орын алдыма және оларды осы адам жасадыма деген мәселелер бойынша сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.

Заңға сәйкес деп анықталды деп ұйғарған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуымүмкін.

Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінші дәлелденбесе, мына мән-жайлар:

1) осы заманғы ғылымда техникада, өнерде кісіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;

2) адамның заңды білуі;

3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;

4) олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және

арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.

5) Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелер мен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

6) көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

7) егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен не алудың, күш қолданудың, қорқытудың немесежаң әсерінен жасалғандығындығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуі тиіс.

8) Қ. Р. Конституциясының жоғары заңы күші бар және ол Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданады. Осы Кодекспен Қ. Р. Конституциясымен нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда конст. Ережелері қолданылады.

9) осы кодекстің нормаларымен Қ. Р. Конститиуциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық ережелер қолданылады.

10) Қ. Р. бекіткен халықаралық шартта оның қолдануы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

11) дәлелдемелерді іске қатысушыбасқада тұлғалар береді. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушылардың басқа тұлғалардың тараптардың қарсылықтарының негізінде материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып сот анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ТАРАПТАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Қылмыстық іс жүргізудегі жанама дәлелдемелер
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz