Жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау


Жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау

Мазмұны

Кіріспе

1-тарау: Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін,

ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау түсінігі

  1. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау негіздері

1. 2. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін қайта қараудың қадағалау тәртібінде қараудан айырмашылығы.

2-тарау: Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларды қайта қарау өндірісі.

2. 1. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау тәртібі

2. 2. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарды және қаулылыарды қайта қарау өндірісінеің кейбір пролцессуалды мәселелері.

Кіріспе

Соттық қорғау соттөрелігі аумағындағы маңызды конституциялық құқықтардың бірі болып табылады, әсіресе, азаматтық істер бойынша, конституция мына жағдайды бекітеді: «әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын соттық қорғау өндірісіне құқықты, содай-ақ, сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға белгіленеді».

Берілген конституциялық құқық салалық заңнамада өзінің бекітпесі мен нақтылануын тапты. Соттық қорғау құқығының мазмұны, ғылымы әдебиеттерде көрсетілгендей, едәуір кең болып табылады. Оның құрамдас бөліктері болып бірінші инстанциялы сотқа белгіленген тәртіпте жүгіну құқығын танылады; сонымен бірге, жоғары тұрушы сотқа белгіленген тәртіпте жүгіну құқығын таниды; жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты өдірісті қозғау мүмкіндігі мен сот шешімдерін жүзеге асыруға құқықты таниды.

Қазақстан Республикасындағы іс-әрекет етуші сот өндірісінің жүйесі мен азаматтық сот өндірісіне қатысты соттық қорғауға конституциялық құқық келесі өкілеттілікті қамтиды:

  • бірінші инстациялы сотқа жүгіну;
  • апелляциялық инстанциялы сотқа жүгіну;
  • қадағалау инстанциялы сотқа жүгіну;
  • жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот актілерін қайта қарау жөніндегі арызбен сотқа жүгіну;
  • сот актілерін жүзеге асыру.

Берілген дипломдық жұмыс осы аталғандардың ішіндегі ең маңызды сатылардың бірі - жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарауға арналған.

Сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін, оны шығару кезінде, іс үшін маңызды болып табылатын және екі тарпқа да немесе бір тарапқа белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес жағдайлардың өмір сүруі, болғаны анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайлар жаңа ашылған мән-жағдайлар деп аталады. Сот шешімін шығару кезінде, сотқа белгілі және онымен анықталған жағдайларға сәйкес шешім, дұрыс емес, объективті ақиқатқа сәйкес емес болуы мүмкін. Мұндай сот шешімдері өз күшінде қалуы мүмкін емес. Ондай шешімдерді бұзу үшін ерекше тәртіп белгіленген, ол - жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты істерді қайта қарау.

Жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау - азаматтық процестің дербес, бірақ ерекше сатысы болып табылды, мұнда істі қарау кезінде өмір сүрген және оны шешу үшін маңызды болып табылатын жаңа жаңа ашылған мән-жағдайлар аумағында заңды күшіне енген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігі тексеріледі.

Процестің берілген сатысының ерекшелігін сот қаулыларын бұзу негіздерінен, сондай-ақ қайта қарау тәртібінен де көруге болады. Сонымен қатар, оның ерекшелігі, сот практикасында салыстырмалы түрде сирек кездесетін, сотқаулыларын бұзудың арнаулы негіздерімен байланысты болады.

Берілген тақырыптың өзектілігі сонда, жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот актілерін қайта қарау қадағалау тәртібінде сот қаулыларын қайта қарамен тығыз байланыста болса да, практикада сирек кездесетін өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Осыған байланысты мен өзімнің дипломдық жұмысымда бұл сатының кейбір мәселелері мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстым.

Дипломдық жұмыста жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау институтының кеміліктері мен жетістіктерін қарастырдым. Берілген дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым - жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау сатысының ерекшеліктерін көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет деп ойлаймын:

  • жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау түсінігін ашу;
  • жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қараудың негіздерін көрсету;
  • жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қараудан айырмашылығын көрсету.

Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және ресейлік авторлардың, атап айтқанда, И. С. Шакарян, З. Х. Баймолдина, М. К. Треушников және өзге процессуалистердің ғылымы еңбектері, сондай-ақ тақырыпқа қатысты нормативті-құқықтық актілер қолданылды.

1-тарау: Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін,

ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қарау түсінігі

  1. Жаңа ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау негіздері

Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тәртібімен қатар заңды күщіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қараудың екінші нысаны болып табылатын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау ерекше тәртібін көздейді. Осы екі нысанның өз ара айырмашылығын процессуалистер ең бастысы істерді қайта қараудың негіздері мен әдістері бойынша жүргізеді.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау-азаматтық процесін дербес сатысы.

ҚР АІЖК-сі бойынша заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері болып мыналар табылады:

  1. арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;
  2. заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгін, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
  3. заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адмдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;
  4. белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шағаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою. (ҚР АІЖК 404-бап)

Сондықтан мұнда жаңа емес, ал жаңадан анықталған мән-жайлар туралы айтылады, яғни сотта іс қарау кезінде болған іс үшін елеулі мән-жайлар туралы, бірақ арыз берушіге және сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған.

Жаңадан анықталған мән-жайлар - бұл сотта іс қарау кезінде болғн және оны шешу үшін елеулі маңызы бар, арыз беруші не сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған, сондай-ақ осы іске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне немесе қысқартылуына әсер ететін заңды фактілер.

Мысалы, заңды мұрагерлік тәртіп бойынша сот мүлікті бөлген соң қайтыс болған адамның өсиеті анықталуы.

Егер де жаңадан анықталған мән-жайлар сотқа шешім шығару кезінде белгілі болған да, онда ол сол іс бойынша соттың қорытынды шешіміне әсерін тигізуші еді.

Егер де соттың шығарған шешімінің негізділігіне әсер тигізетін жаңа дәлелдемелер анықталса, онда ол істі қадағалау тәртібі бойынша қайта қарауға негіз болып табылады.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларрын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға негіз болған мән-жайлар дәлелдену қажет, себебі сот қайта қарау үшін негіз бар - жоғын анықтау тиіс.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың және қадағалау тәртібі бойынша қайта қараудың бір-бірінен мынандай айырмашылығы бар:

  • қайта қарау негіздері бойынша (ҚА АІЖК 387 және 404- баптар) ;
  • қайта қарау объектісі бойынша;
  • істі қайта қарау туралы сұрақты тудыруға құқығы бар тұлғалар бойынша;
  • істі қайта қарайтын сот өкілеттігі бойынша;
  • істі қайта қараудың процессуалдық тәртібі бойынша.

Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы сот актілерін шығарған сот актісін қайта қарауды әр кезде жоғары тұрған сот жүзеге асырады.

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау пәні ретінде, әдетте, бірінші сатыдағы сот шешімі, істі қыстқарту туралы (яғни іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) ұйғарым, сондай - ақ қайта қарау сатыдаға соттың қаулылары табылады. Сонымен соттың бұйрығы мен жеке ұйғарымды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау пәніне жатпайды, себебі мұндай сот актілерін ҚР АІЖК-нің 44-тарауында заңшығарушы көздмеген.

Жаңа ашылған мән-жайларға - істі қарау кезінде өмір сүрген және істі шешу үшін маңызды болып табылатын, сондай-ақ бұл жөнінде сотқа хабарлаған тараптардың бірде-біреуіне белгісіз болған және белгілі болуы мүмкін емес заңды факті.

Демек:

  1. Жаңа ашылған мән-жайларға - істі шешу кезінде өмір сүрген заңды факт. Сондықтан сотпен шешім қабылдағаннан кейін анықталған дәлелдемелер жаңа ашылған мән-жайларбойынша шешімді қайта қарау үшін негіз болып табылмайды. Жаңа дәлелдемелер соттың шешімінің негізін құраған қандай да бір фактілердің дұрыс айқындалмағанын куәландыруы мүмкін, ал бұл істі жаңа ашылған мән-жайлар бойынша емес, қадағалау тәртібінде істі қайта қарауға әкеліп соғады.

б) мән-жай іс үшін маңызды болуы керек: яғни, егер жаңа ашылған мән-жайлар сотқа шешімді шығару кезінде белгілі болса, онда сот өзге (қарама-қайшы) шешім (толық немесе белгілі бір бөлігінде) қабылдауға тиісті;

в) шешімді қабылдағаннан кейін пайда болған мән-жайлар жаңа ашылған мән-жайларға жатпайды. Атап айтқанда, шешімді шығару кезінде өмір сүрген жағдайлардың өзгеруі, шешімді дұрыс емес болуын туындатпайды. Мұндай мән-жайлар тек жаңа талап үшін негіз болуы мүмкін. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімденген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттан оны дәлелдемелер қатарынан алып тастап, істі өзге дәлелдемлердің негізінде шешуді өтіне алады. Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дәлелдемелер беруді ұсына алады. Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлдай отырып, қылмыстық іс қозғау тіралы мәселені шешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

г) мән-жай, істі қарау кезінде бұл жөнінде жариялаған тарапқа белгісіз және белгілі болуы мүмкін емес болды да бегісіз болды, онымен зерттелген жоқ.

Жаңа ашылған мән-жайлардың мысалына мынаны келтіруге болады: заң бойынша мұрагерлердің арасында мүлікті бөлу жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, мұрагерлердің бірінің пайдасына өсиеттің болуы анықталуы.

Егер істі қарау азаматтық іс жүргізу кодексіндегі көрсетілген негіздер бойынша қозғалса (заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз немесе негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы; заңды күшіне енген сот үкімімен белгілленген тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, немесе олардаң өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасалған қылмысты әрекеттері), онда сәйкес мән-жайлар соттың қаулысымен немесе әкімшілік органның қаулысымен бекітілуі қажет. Сондақтан, мүдделі тұлғалардаң арыздары мен дәлелдемелердің сапасыздығы жөніндегі, процесс қатысушыларының қылмысты әрекеттері жөніндегі өзге де мәліметтер тек сәйкес тексеру мен қылмыстық істі қозғау үшін негіз болыптабылады, бірақ заңды күшіне енген соттық үкімде бекітілмегейінше, шешімді қайта қараудың негізі болып табылмайды.

Егер мүдделі тұлға сотқа заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың іске қатысушы өзге тұлғаларадың, не олардаң өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судъялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттеріне қатысты негіздер бойынша шешімді қайта қарау өтінішімен жүгінсе, онда бұл мән-жайлардан заңды күшіне енген соттың шешімімен немесе үкімімен, немесе өзге органның қаулысымен бекітілуі ққажет. Атап айтқанда, шоттың ашылуы жөніндегі талапты қанағаттандыру жөніндегі соттың шешімін бұзу үшін жергілікті әкімшіліктің тұрғын жайға ордерді беру жөніндегі шешімді бұзу негіз болып табылады.

Заң әдебиеттерде жаңа мән -жайлар болып мыналар түсіндірілді, шешімді қабылдау кезінде сотқа белгілі болуы мүмкін емес мән-жағдайлар, сондай-ақ бұл мән-жайлар шешімді шығарғанға дейін немесе шағарғаннан кейін пайда болуы ешбір мәнге ие емес,

Ең маңыздысы, бұл мән -жайлар жөнінде соттың істі қарау эәне қаулыны шығару кезінде білуі негізінен осы жолмен сот практикасы да жүрді. 1

Заң әдебиеттерде бұл мәселе бойынша түрлі көзқарастар қалыптасты.

М. С. Шакарянның пікірі бойынша бірінші инстанциялы сотпен шығарылған шешімнің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етуі мүмкін жаңа мән -жағдайларды анықтау қажет. Мұнда оның пікірі бойынша жаңа дәлелдемелер емес, жаңа мән -жағдайлар жөнінде әңгіме болмақ. 1

М. К. Треушниковтың пікірі бойынша қандай да бір фактілер жөніндегі жаңа мәлеметтерді ж. а. м-жайларға жатқызуға болмайды, егер сол фактіні негіздейтін немесе жоққа шығаратын материалдар соттың назарында болса және оған сәйкес баға берілсе. 3

Автор өзінше жаңа факті мен жаңа дәлелдеменің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.

1. Треушников М. К. Гражданский процесс. М., 2001, 205 бет.

2. Шакарян М. С. Гражданское процессуальное право России. М., 1999, 3836 бет.

3. Нешатаева Г. Н. Гражданский процесс. М., 2001, 295 бет.

Т. Н. Нешатаева жаңа мән-жайлар жаңа дәлелдемелердің көмегімен анықталады, ал жаңа, бұрын ешкімге белгісіз дәлелдемелерді анықтау фактісі жаңа мән-жзағдай болып табылады деп санайды.

Сонымен, бір авторлардың пікірі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар пайда болу уақытында «жаңа» емес, сот үшін «жаңа» болуы қажет. Сонымен қатар, ол жаңадан анықталған мән-жайлардың соншалықты мәнді болуы қажет, оларды растау кезінде шешімнің заңдылығы мен негізділігі күмән туғызуы қажет.

Екінші авторлардың піікрі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар бұл іс материалдарымен объективті байланысты болатын нақтыц деректер және осы іс бойынша заңды күшіне енген шешім қабылданған, сондай-ақ азаматтық істі қараушы сотқа белгісіз болып қалған, істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын, ерекше процессуалды тәртіппен анықталған және шешімнің объективті шынайлыққа сәйкес еместігін көрететін нақты деректер.

Үшінші автолардың пікірі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар - бұл азаматтық іс бойынша дәлелдеу пәнінің элементтерімен органикалық байлансты болатын анықталған (прокурордаың қорытындысында берілген) заңды фактілер, сондай-ақ заңды күшіне енген шешімде, ұйғарымда және қаулыда берілген қорытындыгы, бұл фактілердің белгісіздігіне (бұрын) байланысты жоққа шығаратын, сондай-ақ ешімнің объективті шынайлыққа сәйкессіздігін көрсететін заңды фактілер.

Төртінші авторолар жаңа пайда болған мән-жағдайлар емес, жаңа ашылған мән-жағдайлар жөнінде сөз болмақ деп көрсетеді. Бұл берілген жағдайда орын алған мән-жағдайлар жөнінддегі мәлеметтерге ие болмаған деп түсіну қажет. Істегі дәләлдемелер сотқа белгілі бір қорытындалыр шығаруға мүмкіндік берді және олар шешімді көрсетілді, сондай-ақ сырт көзге бұл шешімдізаңды және негіздіғып көрсетті. Алайда сотқа белгісіз болған мән-жағдайлардың іс үшін маңызды болуы, шешімнің нақтысында заңсыз және негізссіз болып табылатындығын куәландырады.

Сондықтан көрсетілген мән-жағдайлар белгілі бір процессуалды әрекеттер өндірісі жолымен анықталуы тиіс.

Сонымен, жаңадан анықталған мән-жайлар байланысты шешімдерді, ұйғарымдаррды және қаулылыарды қайта қарау үшін «жариялаушыға белгісіз және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән -жағдайлар» негіз болып табылады.

Жаңадан анықталған мән-жайлар, сонымен - сотқа да, жарияллаушыға да белгісіз және белгілі болуы мүмкін емес, істі шешу үшін маңызды болып табылатын және істі қарау кезінде өмір сүрген заңды фактілер.

Жаңадан анықталған мән-жайлардың ерекшелік белгілері неде екен?

Біріншіден, бұл істі қарау кезінде өмір сүрген, болған заңды факт; осынысымен жаңа ашылған дәлелдемеден айрмашылығы бар. Жауапкерден талап етілетін мүлікті алуға оның құқығын растайтын, жариялаушыға белгісіз құжаттың, сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, табылуы, ашылған дәлелдеме боып табылады, мұндай жағдайда сотқа белгісіз ешқандай мән-жағдай жоқ.

Істі алғашқы қарау кезінде бірінші инстанциялы сот дәлелсіздеп есептеген мән-жағдай бекітілді.

Екіншіден, мән-жағдай істі қарау кезінде өмір сүнруі, болуы қажет және ол жөнінде толық мағлұматтың болмауы сотқа өзге шешім шығаруға кедергі келтіреді. Сондықтан, оларды болған фактілерге жатқызуғға болмайды. Бұл жаңа мән-жағдайлар, олар жаңа талаптың негізін құрауы мүмкін.

Жаңадан анықталған мән-жайлардың дың үшінші белгісі, оның іс үшін маңызды болып табылуында. Істі қарау кезінде бұл - мән-жағдайды анықтау, өзге шешімді шағаруды, танытуды қажет.

Берілген жағдайда қайта қаралатын қаулының ззаңсыздығы мен негізсіздігі жаңа, яғни жаңадан ашылған мән-жағдайлардың ашылуының нәтижесі болып табылады және сот оларды қаулыны шығару кезінде ескере алмады, өйткені олар жариялаушыға да, сотқа да белгілі және белгісіз болуы мүмкін болмады, олар жөнінде тек қаулы шығарылғаннын кейін белгілі болды.

Сондықтан жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қаулылыарды қайта қарау турралы мәселені шешу үшін, іс материалдары бойынша сотпен заңның дұрыс қолданылуын, қандайда бір процессуалды дұрыс жүзеге асырылуын, дәлелдемелерді бағалаудың дұрыстығын (бұл жағдайлар қадағалау тәртібіннде шешімді қайта қарау үшін тән) тексеру талап етілмейді. Соттың басты міндеті - жаңадан анықталған мән-жайлар барын немесе жоғын айқындау және олар шығарылған қаулының дұрыстығына ықпал етуін анықтау.

Берілген жағдайда, сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігі істегі бар және қосымша табысталған материалдарға сәйкестігі тексерілмейді, керісінше жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты тексерілуге жатады. Оларды анықтағанға дейін сот қаулысы дұрыс, яки со істі қару кезінде өзінің қарамағындағы фактілерге сәйкес деп танылды.

Демек, жіберілген жетіспеушіліктің негізінде сот қателіггі жоқ. Бірақ нақты істерді қарау кезінде сотпен жасалған қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде істі қайта қарау бұған жатпайды.

Жаңадан анықталған мән-жайлардың хрестоматиялық мысалы заң бойынша мұрагерлердің арасында мұраны бөлу туралы іс бойынша бірінші инстанциялы сотпен шешімді қабылдағаннан кейін, мұрагердің бірінің пайдасына өсиеттің табылғаны болып табылады.

Жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты сот шешімдерін қайта қараудың қадағалау тәртібінде қараудан айырмашылығы.

Жаңадан ашылған мән - жағдайға байланысты сот қаулыларын қайта қарау азаматтық процесстің дербес сатысы болып табалыды. 1

Заңды күшіне енген сот қаулыларының, шешімдерінің және ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексерудегі мақсат жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты қайта қарау сатысының да мақсаты. Мұндай қатынаста бұл сатының қадағалау тәртібінде азаматтық істерді қайта қарау сатысымен сөзсіз ұқсастығы бар. Алайда осы жағдаймен ұқсастық аяқталады.

1. Треушников М. К. Гражданский процесс. М., 2001, 205 бет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың себептері мен негіздері ұғымы
Құқық ұғымы және түсінігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда сот шешімдерін қайта қарау институты
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін қарау
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
Шет елдерде сот шешімдерін қайта қарау институтының пайда болуы және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz