Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны



КІРІСПЕ
1. ҚР Конституциялық құқығының түсінігі.
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні.
1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері
1.3 Конституциялық құқық әдістері
2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны.
2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі оның орны.
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы және маңызы.
3 Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.
3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).
3.1.1 Құқықтық мемлекет
3.1.2 Азаматтық қоғам
3.1.3 Әлеуметтік, демократиялық мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне, басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше орнын көрсетеді. Адам мен азамат құқықтарының мазмұны туралы мәселелер маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. «Адам құқығы» институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны. Адам құқықтары бұл оның болмысының маңызды белгілерін іске асыратын әр жеке адам мәртебесінің ажырамас бөлігі . Олар арқылы тұлғаның өмірін, адамгершілік қасиетін және қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ету бостандығын қамтамасыз ететін нақты және формальды түрдегі табиғи мүмкіндіктері пада болады. «Адам құқығы» түсінігінің туындауы мен оны бөлек санаттағы құқықтар ретінде танып білу, табиғи құқық идеяларының пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі қоғамда негізгі құқықтар мен бостандықтар ажырамас және әркімге туылған сәтінен бастап тиесілі екендігі танылады. Бұл құқықтарды олардан ешкім және ешқандай жағдайда айыра алмайды.
Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да көзқарастарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, таптық, өзге де жағдайына қарамастан адам барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс. Бұдан басқа, адамнаң қай елге немесе аумаққа тиесілілігіне байланысты, бұл аймақтың тәуелсіз, біреудің қамқорлығындағы өзін-өзі басқара алмайтын немесе өз егемендігі бойынша әлде бір шектеулері бар болатындығына қарамастан саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай өзгешеліктер болмауы тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам мен азаматтың құқықтары туралы мәселе тұлғаның қоғамда және мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама бөлігі болып табылады. Әр адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және белгілі көлемдегі материялдық және рухани игіліктерге ие. Олардың қамтамасыз етілуі үшін қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс. Бұл тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымы және материялдық өндіріс жағдайына байланысты болып келеді. Адам құқықтары оның өмір сүруінің маңызды белгілері ретіндегі әркімнің айрылмайтын және бөлінбейтін қасиеті. Адам құқықтары өзінше «ұлттық жүеді нақты
1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.1. Нормативтік актілер:
1. ҚР Конституциясы. Алматы, Жеты жарғы, 1995ж.
2. ҚР «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңы – 8.08.1998ж.
3. ҚР «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы» № 254-ІІІ Заңы – 21.05.2007
4. Каз.ССР-дің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Каз.ССР –
дің Жоғарғы Кеңестің ведомостары, 1990ж. №44, 408б.
5. ҚР «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
16.12.91ж.
6. ҚР «Президенті туралы» Конституциялық Заңы. 26.12.1995ж.
7. Конституционный закон РК «О Первом Президенте РК», Каз.правда
от 22.07.2000г.
8. ҚР «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»
Конституциялық заңы. 16.10.95ж.
9. ҚР «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңы. 18.12.95ж.

1.2. Арнайы әдебиеттер:
1. Государство и право. Начальный курс. М., 1995
2. Сапаргалиев Г. Конституционное право РК. Алматы 1998г.
3. Сагиндыкова А. Конституционное право РК. Курс лекций. А.,
1999г.
4. Богданова Н. Конституционное право. 2 части. Учебное пособие.
М., 1994г.
5. Страшун Б. Конституционное право зарубежных стран . В 4-х т.,
М., 1994г.
6. Конституционное право РК. Терминологический словарь. А., 1995г.
7. Толковый словарь Конституции РК. А., 1996г.
8. Конституция РК (научно-правовой комментарий). Под ред.
Сапаргалиева Г., А.,1998г.
9. Казахстан: этапы государственности. Конституционные акты.
Составитель Баишев Ж. А.,1997г.
10. Конституционное право РК. Сартаев С.С. и др. Учебное пособие.
А.,1994г.
11. Лившиц Р.З. Теория права. Учебник. М.,1994г.
12. Марченко М.В. Основы государства и права М.,1995 г.
13. Лазарев В. Общая теория государства и права. М.,1996г.
14. Основы государства и права. Под ред. Кутафина О.Е. М.,1994г.
15. Теория государства и права. Под ред. Г. Манова, М., 1995г.
16. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Учебник. М., 1995г.
17. Атаманчук Г.В. Новое государство: поиски, иллюзии, возможности.
М.,1996г.
18. Ашитов З.О. Право суверенного Казахстана. А.,1996
19. Баишев Ж. Над властью и с народом: о конституционно-правовом
статусе президента РК. Каз.правда от 29.10.98г.
20. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты
демократии. А.,1996г.
21. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК. А.,1996г.
22. Котов А. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. А.,
1997г.
23. Назарбаев Н. Послание Президента РК народу Казахстана. О
положении в стране и основных направлениях внутренней и
внешней политики: демократизация общества, экономическая и
политическая реформа в новом столетии. Каз.правда от 1 сентября
1998г.
24. Назарбаев Н. Конституция – основа стабильности и процветания
Казахстана. Каз.правда от 30 августа 2000г.
25. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской
власти – к президентской республике. А., 1996г.
26. Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. М.,1993г.
27. Сахаров Н.А. Институт президентства в современном мире.
М.,1994г.
28. Тарбер Джеймс. Разделённая демократия. М.,1991г.
29. Кубеев Е.К. Конституционный строй РК. Караганда,1998г.
30. Сапаргалиев Г.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық
құқығы. Алматы, 1998ж.
31. Шайо А. Самоограничение власти. Краткий курс
конституционализма. М.,1999г.
32. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт становления и
эффективность механизма власти. А.,2000г.
33. Сапаргалиев Г.С. , Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р.
34. Правовые проблемы унитаризма в РК. А.,2000г.
35. Баишев Ж. Конституционное право РК. А.,2001г.
36. Конституционное право РК: Учебник / Сост. Д.ю.н., профессор А.
Т. Ащеулов. – Алматы – 2001 год.
37. Амандыкова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық
құқығы. Оқу құралы. Астана, 2001ж.
38. Сапаргалиев Г. С. Конституционное право РК. Алматы – 2002 год.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
1. ҚР Конституциялық құқығының түсінігі.
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні.
1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері
1.3 Конституциялық құқық әдістері
2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық
жүйесің орны.
2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесіндегі оның орны.
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтың басқа құқық
салаларымен байланысы және маңызы.
3 Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.
3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).
3.1.1 Құқықтық мемлекет
3.1.2 Азаматтық қоғам
3.1.3 Әлеуметтік, демократиялық мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін,
олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше
бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам
және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне,
басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай
Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше
орнын көрсетеді. Адам мен азамат құқықтарының мазмұны туралы мәселелер
маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. Адам құқығы
институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты тарихи
дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны. Адам құқықтары бұл
оның болмысының маңызды белгілерін іске асыратын әр жеке адам мәртебесінің
ажырамас бөлігі . Олар арқылы тұлғаның өмірін, адамгершілік қасиетін және
қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ету бостандығын қамтамасыз ететін
нақты және формальды түрдегі табиғи мүмкіндіктері пада болады. Адам
құқығы түсінігінің туындауы мен оны бөлек санаттағы құқықтар ретінде танып
білу, табиғи құқық идеяларының пайда болуымен және дамуымен тығыз
байланысты. Қазіргі қоғамда негізгі құқықтар мен бостандықтар ажырамас және
әркімге туылған сәтінен бастап тиесілі екендігі танылады. Бұл құқықтарды
олардан ешкім және ешқандай жағдайда айыра алмайды.
Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да көзқарастарына,
ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, таптық, өзге де жағдайына
қарамастан адам барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс. Бұдан
басқа, адамнаң қай елге немесе аумаққа тиесілілігіне байланысты, бұл
аймақтың тәуелсіз, біреудің қамқорлығындағы өзін-өзі басқара алмайтын
немесе өз егемендігі бойынша әлде бір шектеулері бар болатындығына
қарамастан саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай
өзгешеліктер болмауы тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам мен азаматтың құқықтары туралы
мәселе тұлғаның қоғамда және мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама
бөлігі болып табылады. Әр адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және
белгілі көлемдегі материялдық және рухани игіліктерге ие. Олардың
қамтамасыз етілуі үшін қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс. Бұл тұлғаның
қоғамдағы әлеуметтік құрылымы және материялдық өндіріс жағдайына байланысты
болып келеді. Адам құқықтары оның өмір сүруінің маңызды белгілері ретіндегі
әркімнің айрылмайтын және бөлінбейтін қасиеті. Адам құқықтары өзінше
ұлттық жүеді нақты (Абсолютті және ажырамас)өұқықтарды және жеке тұлғаның
мүдделерін (игілігі мен құндылығын)қорғау мен реттеуді, сондай-ақ ол арқылы
қоғам өмірінің әр түрлі салаларында бостандықты , теңдікті және
әділеттілікті жүзеге аcырады деп теңбе –тең өзінің бекітуін алған.
Курстық жұмыстың мақсаты:  – Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесіндегі Конституциялық құқықтың орынын көрсету, басты ссалаларының бірі
екендігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеті: ҚР Конституциялық құқығының түсінігін талдау;
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқықтын
орынын, маңызын басқа да құқық салалармен баиланысын қарастыру; Қазақстан
Республикасы Конституциялық құрылысының негіздерін жіктеу.
Конституциялық қүқықтың бастауы, ең алдымен, Конституция,
конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер,
құқықтық әдет-ғұрыптар, нормативтік келісімшарттар болып табылады.
"Конституция" сөзі негізінде латын тілінен шыққан, "constitutio" латын
тілінен аударғанда "мекеме", "бекітілім" дегенді білдіреді.
Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық
жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық мемлекеттің қажетті белгілерінің
бірі болып табылады. Конституцияның болуы — заңдылықтың, құқық тәртібінің
және билік институтының тұрақтылығының міндетті шарты.
Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей
әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің
ерекше тәртібіне ие.
Конституция — құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен
қабылданды, демек конституция нормаларында халықтың ерік-жігері жүзеге
асырылады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы сипатқа ие
деген сөз. Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды реттейді,
ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам
және адамның өмiрi, құқықтар мен бостандықтары, - делінген
Конституциямыздың 1 бабында.

1. ҚР Конституциялық құқығының түсінігі.
ҚР консититуциялық құқығының ұғымы түсінігі мен пәні.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол
"мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа
салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады.
Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық,
азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың
тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы
негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан
құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері
түсіндіріледі.
Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар
конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының
негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі
түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси,
экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын
қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің
қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді.
Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық
қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі
бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін
құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік
билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар
конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында
азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік
берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге
асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі).
Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және
заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-
ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған
жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция,
прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы
реттейді. Оларға мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған
жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан
тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі
колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін
пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру
әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес
адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі
(көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздері және оның түрлері

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады.
Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен
жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы
бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың
жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек
мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
Конституция;
конституциялық заңдар;
әдеттегі заңдар (жай заңдар);
президенттің нормативті жарлықтары;
үкімет қаулылары;
қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының
ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан
Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың
(өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған
мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер
туралы" Заңында толық карастырылған.
Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан
Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа
барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы
келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа
актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен
бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік
органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық
қатынастардың басты жақтарын реттейді.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен
қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі
бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда
қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі —
конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген
нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана
реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми
қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі;
республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі
бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін
ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және
оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің
кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді.
Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді
жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті
жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты
президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары —
үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық
мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық
құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық
бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері
туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті
ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер
конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

1.3 Конституциялық құқық әдістері

Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын
ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:
1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға
қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан
Республикасы Конституциясының 6, 18–баптары).
2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік органдарға, қоғамдық
құрылымдарға қатысты қолданылады, шектеулі жағдайларда азаматтарға қатысты
қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).
3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқындау үшін
(Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы), сондай-ақ мемлекеттік
органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
4. Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи құқығын тану (Қазақстан
Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы –
Қазақстан Республикасы мен қоғамның басты негізгі бастауларын реттейтін заң
нормаларының жиынтығы болып саналады.
Конституциялық-құқықтық норма – азаматтық қоғамды ұйымдастыру
негіздерінен, мемлекет пен жеке тұлғалардың өзара байланысынан, мемлекеттің
аумақтық құрылымдарынан, оның органдарының қызметі мен оны ұйымдастырудан
туындайтын қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген тәртіптің жалпыға
міндетті ережесі. Осы нормалармен қаралған, өзара құқықтар мен міндеттер
формасындағы субъектілер арасындағы заңдық байланыстар конституциялық-
құқықтық қатынастардың мазмұны болып саналады.

2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық
жүйесің орны.
2.1 Конституциялық құқық жүйесі, Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесіндегі оның орны.
Конституциялық құқықтар жүйесі - конституциялық-құқықтық
институттардың жиынтығы.
Конституциялық-құқықтық институт - өзара байланысты бірыңғай қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Конституциялық-құқықтық нормалар мен конституциялық құқық институтына
анықтама берілген. Конституциялық-құқықтық институтты өзара байланысты
бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттеуші конституциялық-құқықтық нормалардың
жиынтығы ретінде анықтай отырып, біз конституциялық құқық жүйесін
анықтайтын қорытынды жасай аламыз.
Конституциялық құқық жүйесі – оның ішкі құрылымын сипаттайтын және оны
құқықтың басқа салаларынан өзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып
саналады.
Конституциялық құқық институттарының жүйесі мынадай түрде беріледі:
   конституциялық құрылыстың негіздері;
   жеке адамның (тұлғаның) конституциялық мәртебесі;
  әкімшілік-аумақтық құрылым;
  мемлекеттік органдар жүйесі.
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол
"мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа
салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады.
Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық,
азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың
тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін
құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік
билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар
конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында
азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік
берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге
асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі).
Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және
заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-
ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған
жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция,
прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы
реттейді. Олардың ерекшелігі және мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.
А.К. Айтқожиннің айтуы бойынша, адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының Қазақстандық қоғамның жоғары құндылығы ретінде
Констиуциялық бекітілуі, олардың түбегейлі дәрежесін көрсетді. Сондықтан
барлық мемлекеттік органдардың қызметінде құқықтар мен бостандықтардың
басымдағын және осы құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуының бағытын
түсіндіреді.

2.2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтың басқа құқық
салаларымен байланысы және маңызы.

Көріп отырғанымыздай, адам құқықтарының пайда болуы, дамуы және
бекітілуі жайлы жоғарыда көрсетілген ережелер мемлекеттік құрылу
мәселелері мен, азаматтық қоғаммен,құқықтың үстемдік теориясы мен, сонымен
қатар құқықтың ізгілік институтарының пайда болуы және олардың құрылуы мен
тығыз байланысты. Жеке тұлғаның жағдайы туралы, әсіресе феодолизм кезіндегі
оныңезгі көрсетіліп отыратын таптарына қатысты құқықтар мен бостандықтар,
феодалдардың озбырлығы, біртұтас құқықтық жүенің болмауы туралы айта отырып
ескеретініміз, мүліктік қатынастардың, бірнеше әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың дамуы мен адам құқықтары біртіндеп нақты шынайлыққа көше
бастады. Бұлардың барлығы құқықтық мемлекеттің негізін тұлғаның құқықтары
мен бостандықтарын сақтау және оларды қамтамасыз ету бағытталыан ізгілік
қағидалары құрайтынын көрсетеді.
Ізгілік пен әділеттілік мұраттары өздерінің сабақтастығын Қазақстан
Республикасының Конституциясынан тақан. Бұлар өз бастауын 25.10.1990 жылғы
Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның, 16.12.1991 жылғы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралыКонституциялық заңның,
сонымен бірге 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияның қабылдауынан
алған.Республикамыздың Негізгі Заңы адам жанеазаматың құқықтары мен
бостандықтарының жаңа концепцисын бекіті.Яғни бұған сәйкес азамат
мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысқа түсіп отырады және қоғамның
лайықты мүшесі болуға қабілетті тәуелсіз субьектісі болып танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың конституциялық
мәртебесін анықтайтын, олардың құқықтары мен бостандықтарының кең дәрежесін
реттейтін алғашқы құқықтық құжат ретінде танылған адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі (құқықтық )кепілі болып
табылады. Конституцияда адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын
қорғаудың халықаралық танылған қағидалары да орын алған.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдауымен
елімізде болып жатқан бірқатар демократиялық, экономикалық, әлеуметтік,
құқықтық өзгерістер ескерілген. Мемлекет өзінің негізгі функциясын, яғни
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғау үшін жеке тұлғаның
құқықтарын қорғауға кепіл береді. Сондықтан оларды қамтамасыз ететін
рәсімдер, механизмдер, инситуттар жүйесі мен, реттеуші және қорғаушы
шаралары мен қамтамасыз етілуі тиіс. Адам мен азаматтың құқықтарын кең және
әр түрлі органдар мен рәс жүйесі қалыптасады, онсыз бірде бір мемлекеттік
механизм жұмыс істей алмайды. Құқықтық мемлекеттіктің мақсаты – тұлғаның
қажеттіліктеріне қызмет ету. Бұл ең алдымен, барлық мемлекеттік орындардың
қызметінде адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарынын
басымдылықтары, оларға сәйкес заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы анықталады.
Адам мен азамат құққықтары екі түрлі қызмет атқаруда. Біріншіден, олар
моральдық көрсеткіш, ал екіншіден, мемлекеттік саясаттың құрылу қағидасы
болып табылады (құқықтық басымдылық ортаның құрылуы). Құқықтардың осы
функциялары адам құқықтарының жүзеге асуына мүмкіндік бере отырып, бірінші
кезекте даулардың туындауының ықтимал мүмкіндіктерін азайтып заңдылықты
бекітеді, сонымен қатар қолданыстағы заңдардың жүзеге асырылуына тұрақтылық
пен болжамдылық, сатылмаушылық пен айқындылық
сенімін шақыра отырып құқықтық мемлекетімізді одан әрі нығайта түседі.
Конститутциялық құқықтың негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға
болады:
адам және адамның өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын ең қымбатты
қазына ретінде тану қағидасы;
адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі екендігі;
құқықтар мен бостандықтардың абсолютті деп танылуы және олардың
айнымастығы;
заң мен сот алдында азаматтардың теңдігі қағидасы;
құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалуы;
құқықтар мен бостандықтарға қол сұқпаушылық;
саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай
да бір шектеуге жол берілмейтіндігі;
заңдылық;
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің
қамтамасыз ету қағидасы;
күштеу, психикалық немесе өзге де мәжбүрлеуге жол бермеушілік.
Қазақстан Республикасының конститутциялық құқығынды мазмұны бойыншы
ізгілік сипатқа ие басқа да қағидалардың болуы мүмкін. Яғни осының
негізінде атап өтетін жағдай, ізгілік қағидалары адам құқықтары және
бостанықтарымен байланысты болып келеді және де олардың бұлжымас маңызын
құрайды. Басқа сөздермен айтқанда, кез келген, оның ішінде адамның да жеке
субьективтік құқықтары ізгілік қағидаларына негізделген. Өздерінің
қызметтерін атқарудың негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері
адам мен азаматтың құқықтарын сақтай келе, осы арқылы өмірге ізгілік
қағидаларының идеяларын жүзеге асырады.
Ата Заңымыздың мазмұнынан біз адам құқығы мен демократия мәселесі тығыз
байланысты екенін көреміз. Осыны есепке ала отырып, жеке тұлғаның құқығы
саласында саясатты негіздейтін қағидаларға ерекше көңіл бөлейік.
Біріншіден, олардың ең басты кепілі болып демократия табылады. Екіншіден,
демократияның өзі адам құқықтарын аяққа басуға жол бермейді, себебі тек
қана заңдылық конститутциялық институттардың тұрақтылығын қамтамасыз ете
алады. Үшіншіден, адам құқықтары әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар
бірлігінің, бір жүйелігінің белгісі болып табылады. Сондықтан азаматтардың
қандай да бір құқықтарын олардың басқа құқықтары үшін бұзу мүмкін емес.
Төртіншіден, мемлекеттің сыртқы саясаты да осы жалпы танылған адам
құқығының қағидаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігін қмтамасыз ету мен тұрақты даму концепциясына сәйкес:
Қазақстан Республикасы тұрақты даму стратегиялық мақсаттарының ішінде
қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін қоғамның негізгі субьектілері ретінде
азаматтардың қауіпсіздігін қарастырады. Жоғарыда айтылғаннан, яғни адам
құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ең тиімді саясат – ол жеке
тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат
етіп алған саясат болып табылады деп білеміз.
Қорыта келе конститутциялық құрылыстың демократиялық қағидаларына
экономикалық еркіндік, идеологиялық және саяси әр-алуандылық, барлығының
заң алдында теңдігі жатады. Біздің елімізге адамның құқықтары мен
бостандықтарының конститутциялық деңгейде бекітілуі өте маңызды.
Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы Конститтцияның екінші
тарауының баптарында айтылған. Адам құқықтарының жалпыға бірдей
Деклорациясы (1948 ж.) және басқа да Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған
пактілерге сәйкес адам, оның құқықтары ең үлкен қазына болып табылады.
Адамның конститутциялық құқықтары заңи түрде қорғалынады, сондықтан
адам сұрамай, керісінше, олардың қамтамасыз етілуін талап етуге құқылы.
Конститутциялық құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қамтамасыз
етілуінің деңгейі мемлекеттің дамуын айқындайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.

3.1. Конституциялық құрылыс негіздерінің жіктеуі (классификациясы).

Конституциялық құрылысқа басқаша түрде анықтама беретін болсақ,
мемлекет құрылымы өзіне басқару нысанын, мемлекеттік құрылым формасын,
саяси тәртіпті енгізеді (1,2,3-баптар). Мемлекет құрылымы туралы айта
отырып, біз, өзіне адам және азамат, меншік нысандары, қоғамның саяси, діни
бастаулары сияқты түсініктерді енгізуші қоғам құрылымын болжаймыз. (1-
баптың 1-тармағы, 5-баптың 5-тармағы; 6-баптың 3-тармағы және т.б.).
Басқалай айтқанда, ңКонституциялық құрылысң жиынтық түрде мемлекеттік
және қоғамдық құрылысты немесе құрылымды құрушы, мемлекет пен қоғамды
ұйымдастырушы қоғамдық қатынастарды білдіреді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ңЖалпы ережелерң 1 бөлімінің
конституциялық-құқықтық нормаларын реттеуші предметі болып саналатын
қоғамдық қатынастар конституциялық құрылыс негіздері институтын құрады.
Конституцияның өзге бөлімдерінің нормалары бар болғаны конституциялық
құрылыс негіздерін құрайтын қағидаларды нақтылайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (1-бап), адам және
оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналатын
Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып
саналады. Демократизм ең алдымен халық билігін қамтамасыз етуден; заң
шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуден; идеологиялық және саяси
алуан-түрліліктен; жергілікті өзін-өзі басқарудан көрінеді.
Мемлекеттегі демократизмнің көрінісі сондай-ақ ұлттың және халықтың
егемендігін бекіту болып саналады.
Ұлттық егемендік ұлттардың өз тағдырына өзі иелік ету, мемлекеттік,
экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі айқындау мүмкіндіктерінен
көрінеді.
Саяси қатынастарда оның мемлекеттік билік пен мемлекеттік егемендіктің
бастауы болып саналатын халықтың егемендігімен қосылуы болады. Сөйтіп, осы
арқылы ұлттық қатынастардағы шиеленіс көздері алынып тасталады.
Халықтың егемендігін анықтай отырып, мемлекеттік биліктің бастауы
ретінде конституциямен және ұйымдық, құқықтық формалардағы заңдармен
белгіленген қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асыратын халықты
танимыз.
Халықтың егемендігі мемлекеттің егемендігімен өзара байланысты;
мемлекеттің егемендігі – бұл өзінің ішкі және сыртқы қызметтерін жүзеге
асыру кезінде оның өзге мемлекеттер ықпалынан тәуелсіздігін және
дербестігін сипаттайтын мемлекеттің қасиеті.
Мемлекеттік биліктің бір тұтастығының жоғары тұрушылығы мемлекеттің
тәуелсіздігі, конституциясының, ұлттық заңдарының, өз азаматтығының,
аумағының болуы мемлекет егемендігінің белгілері болып саналады.
Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы құқықтық,
әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып саналады.
Құқықтық мемлекет – бұл құқық, заң үстемдік ететін, адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын танитын және оған кепілдік беретін жерде
бәрінің заң және тәуелсіз сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етілетін, ал
билікті ұйымдастыру негізі болып биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот
билігіне бөліну қағидалары қаланған демократиялық мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет – бұл қоғамға қызмет ету және әлеуметтік
айырмашылықтарды жоюға ұмтылу, Конституцияны халықаралық құқықтың жалпыға
бірдей танылған нормаларында көрсетілген, жалпы азаматтық құндылықтарға
бағдарлау басты міндеттері болып саналатын мемлекет.
Зайырлы мемлекет – дін, діни бірлестіктер мемлекетпен байланысты емес,
қандай салада болсын оның саясатына ықпал ете алмайтын, мемлекеттік
органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне және т.б. араласуға құқығы жоқ
мемлекет.
Мұндай мемлекетте ешқандай дін мемлекеттік немесе міндетті болып
белгілене алмайды, мұндай мемлекеттің бірде-бір азаматын қандайда бір дінді
уағыздауға мәжбүрлеуге болмайды.
Конституцияның 2-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы
Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады.
Біртұтас мемлекет – аумақтық құрылымында басқа мемлекеттік құрылымдарға
ие емес мемлекет.
Қазақстан Республикасы оның аумағында ұлттық-мемлекеттік және
автономиялы құрылымдарға жол бермейтін, әкімшілік-аумақтық бөліністерден
тұратын біртұтас мемлекет болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару нысаны, біріншіден,
Президент мемлекеттік биліктің бірде-бір тармағына жатпайтынынан;
екіншіден, Президентті халық сайлайтынынан және Президентке тәуелді
еместігінен; үшіншіден, Президент кең өкілеттіктермен бөлінгендігінен және
Конституцияға сәйкес, олардың өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыруына
ықпал ете отырып, олардың өзара қатынастарында мемлекеттік биліктің барлық
тармағына сындарлы әсер ете алатындығынан көрінеді.
Президенттік басқару нысаны елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық
келісімді қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес,
егемендік Республиканың барлық аумағына таралады. Мемлекет өз аумағының
тұтастығын, қолсұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің егемендігі, оның барлық жоғары органдары өздерінің
құзырлары шеңберінде қажетті шараларды Республиканың бүкіл аумағында жүзеге
асыратындығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында саяси тәртіп түсінігі жоқ,
бірақ саяси тәртіпке қатысты қандай бір мәселелердің тәртібін реттейтін
нормалар бар.
Сондай-ақ, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың және бұл процеске елдегі
азаматтардың қатысу формалары мен әдістерінің жиынтығы ретінде ңмемлекеттік
тәртіпң термині қолданылады.

3.1.1 Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық
жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік
бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік
тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық
мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын
мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау
ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И.
Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам
және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр.
Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік
көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы.
Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының
зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын
мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық
мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және
азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі
шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты,
маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң
үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары,
құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі
мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы
қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет
идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның
негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары
конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы
болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері
қалыптасады.
Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда
болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет
туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен
құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда
құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық
доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы,
абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен
теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық
және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм
теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқық әдістері
Сот билігі туралы
Конституциялық бақылаудың мәртебесі
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде. Конституциялық құқықтың пән
Президенттің нормативтік жарлықтары
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Пәндер