Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау



КІРІСПЕ
1. Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты
2. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
2. 1. Жазаның түрлері
2. 2. Жаза тағайындау
2.2. 1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.2.2 Бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау
2.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану
2.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жаза соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болғандықтан, қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады. Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Міне, сол себептен курстық жұмыстың тақырыбының зерттеу үшін үлкен тәжірибелік мәні бар.
Жұмыстың мақсаты қылмыстық құқықтығы жазаны тағайындауды көрсетіп талдау. Осыған орай міндетер туындайды ол:
жаза туралы тусінікті оның белгілерін және мақсатын қарастыру;
қылмыстық құқықтағы жазаның түрлерін, оның тағайыдалуын зерделеу;
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.
2. Назарбаев Н.Ә. «Сот жүйесін реформалау мен құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығы. Астана, 17 тамыз 2010.
3. Ағыбаев А.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше бөлімдер. – Алматы: Жеті жарғы, 2010.
4. Агыбаев А.Н. «Уголовное право». Учебник. Алматы «Жеті жарғы» 2001.
5. Алауханов Е., Зарипов З. «Профилактика преступлений» Учебник. Алматы 2008
6. Каиржанов Е.И., Накипов Б.И. «Рецидивная преступность: состояние и профилактика». Алматы 1996
7. Сейілханов Е. Сот ісін жүргізу: Оқу құралы. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2011.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» № 8 нормативтік қаулысы.
9. Скаков А.Б. «Влияние прогрессивной системы исполнения наказания на профилактику пенитенциарной преступности». Матр.межд.науч. прак.конф. 2005 М., ВНИИ МВД России, 2006
10. Южанин В.Е., А.В.Армашова. Проблемы рецидива преступлении и ответственности за него. М., 2007.
11. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Орталық Қазақстан Академиясы

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау тақырыбына
курстық жұмыс

Орындаған: ЮС-26 топ студенті
Исатаев Р.
Тексерген: __________________
____________________________

Қарағанды -2013

КІРІСПЕ

1. Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты

2. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

2. 1. Жазаның түрлері

2. 2. Жаза тағайындау

2.2. 1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

2.2.2 Бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау

2.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл
жаза қолдану

2.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және
қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық
қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық
заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен
күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған
қылмысына сәйке жаза тағайындалады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жаза соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы
болғандықтан, қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және
Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан
айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға
мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады. Жазаға
тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз –
жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық
және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және
қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға
байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру
арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен
қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық
жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу
шараларының бірі болып табылады.
Міне, сол себептен курстық жұмыстың тақырыбының зерттеу үшін үлкен
тәжірибелік мәні бар.
Жұмыстың мақсаты қылмыстық құқықтығы жазаны тағайындауды көрсетіп
талдау. Осыған орай міндетер туындайды ол:
жаза туралы тусінікті оның белгілерін және мақсатын қарастыру;
қылмыстық құқықтағы жазаның түрлерін, оның тағайыдалуын зерделеу;
қылмыстардың жиынтығы бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындауды,
белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза
қолдануды талдау;
аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың
қайталануы жағдайында жазаны тағайындауды белгілеу.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім екі бөліктен тұрады. Бірінші жаза ұғымы, мазмұны,
оның белгілері және мақсаты қарастырылады, ал екінші жаза тағайындаудың
жалпы негіздері мен жазаның түрлеріне байланысты жазаны
тағайындауды, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша, бірнеше үкімдер бойынша
жаза тағайындау; белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым
жеңіл жаза қолдануын, аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін
және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындауы қарастырылған.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу
кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста
заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен
дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң
нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.

І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

1.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға
қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді.
Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза
— соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол
қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды
қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе
шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:
• жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
• жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және
ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік
жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
• жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын
шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және
белгілі бір құндылықтардан айырады.
XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай
түрлері болған:
• а) рудан қуып жіберу;
• ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
• б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар
үшін айыппұл тағайындау;
• в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң
тағайындау;
• г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
• ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты
бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған
жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның
мақсаттары мынадай:
• а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны
қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық
мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген
зиянды өтеуді білдіреді;
• ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге
бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық
заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;
• б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты
қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның
орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен
сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.
Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат
етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін
өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып
өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне
анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық
жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн
Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан
тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті
шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға
асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң
сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге
әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17
дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық
оқиғада олар тек әйелдер болған.
Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты
әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын
мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына
келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы
уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың
сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-
құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-
ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы
адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп
танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу;
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту;
әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік
әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа
мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан,
сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және
мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс
жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар
ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау;
айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап
шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен
келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан;
қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын
қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты
ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы
қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін
қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген.
 Жаза – кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-
қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы біздің Ата заңымызда да
айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, ол үшін қоғам
алдында жауап береді. Қолымен істегенді – мойнымен көтеру қажет.
    Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Сот кінәлі
адамға арнаулы заңда көрсетілген шеңбер шегінен шықпай, жаза тағайындайды.
Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын
мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, ол мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттері
үшін, кінәлінің кінәсін бетіне басатын құқықтық баға болып табылады.
   Кез-келген қылмысқа қолданылатын жазаның негізгі мақсаты, ол:
-           біріншіден, қылмыс жасаған тұлғаны жазалау;
-           екіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
-           үшіншіден, жазаға кесілген адамды тәрбиелеу болып табылады.
Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады
және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде
қолданылады.
Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға
қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР Қылмыстық
Кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының
алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану
қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай
отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл
талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім
шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: Жаза әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және
сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан
сақтандыру мақсатында қолданылады.
Яғни жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке
сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың
мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы
тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес,
жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына
келтіруге єрект жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және
балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-
тің 39 бабы).
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар
жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес,
жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту;
әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік
әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол
тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын
жағдайда қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе
құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік
сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл
жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген
жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.

2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

2. 1. Жазаның түрлері

 Жазаның түрі сан алуан. Оларға тек қылмыстық – құқықтық шаралар ғана
емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Жазаның түрлері
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілген. Соның
ішінде, бас бостандығынан айыру жазасына тоқталайық. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 48 бабының 1-ші тарағына сәйкес, бас бостандығынан
айыру жазасы – сотталушыны қоныс-колониясына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше
режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан
тұрады.   Бас бостандығынан айыру мерзімі қылмыстың қоғамдық қауіптілігі
мен ауырлығына, сотталушының кінәлілігіне және басқа да мән жайларға
тікелей байланысты. Бас бостандығынан айыру жазасын – 6 айдан 15 жылға
дейін, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1 бөліміне
сәйкес ерекше ауыр қылмыстар үшін – 20 жылға дейін мерзімге, не өмір бойына
белгілейді.
   Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса
ауыр қылмыстар жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде
белгіленеді.  
   Жазаның түрлерi
1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен,
дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк
наградаларынан айыру;
б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа
толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға:
айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру
жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың
кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот
тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам
ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.
Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма
бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі
аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде
тағайындалады.
Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және
адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған
адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған
жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар -
бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық
пайдалы жұмыс атқаруы.
Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін
мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына
сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес
пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу
жүргізіледі.
Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау
болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға
дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да
анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін
екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған
адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары
бар әйелдерге қолданылмайды.
Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы,
қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен
оқшаулаудан тұрады.
Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына
шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен,
еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас
бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар
үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы
— бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы
қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек
орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім
жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі
комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда,
оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді
Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі
бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты
деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс
үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы
бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға
сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу
жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі). Қылмыстардың жиынтығы
бойынша жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:
1) жиынтыққа кіретін қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау;
2) сол қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеу.
Жиынтықты құрайтын қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау ҚК-тің
58-бабының маңызды талабы, одан ауытқуға жол берілмейді. Жаза тағайындаудың
мұндай тәртібі сотталғаннан кейін айыпкерге қылмыстың әрбір нақты түрі
бойынша рахымшылық немесе кешірім жасауды қолдануға мүмкіндік береді.
Қылмыстық істі кассациялық немесе қоғамдық тәртіпте қараған жағдайда әрбір
бөлек қылмыс үшін тағайындалған жазаны, егер негіз болса, жеңілдетуге
немесе үкімнен тіптен алып тастауға мүмкіндік болады. Сонымен қатар кейбір
қылмыс үшін жаза тағайындай отырып заң оның құқыктық салдарын қарастырған.
Мысалы, қылмыстың қайталанғандығының орын алғандығын анықтау (ҚК-тің 13-
бабы), бас бостандығынан айырғанда колонияның нысанын белгілеу (ҚК-тің 48-
бабы), т.б.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындау әрбір қылмыс
бойынша тағайындалған жазаларды жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң
жазаға сіңіру немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу
принципі бойынша жүргізіледі.
ҚК-тің 58-бабының 2 бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана соттың
сіңіру немесе қосу принциптерін тандауға кұқы бар, яғни ауырлығы шамалы
қылмысты жасағаны үшін жаза тағайындағанда ғана. Басқа жағдайларда (егер
жиынтықка тек ауырлығы шағын ғана емес, басқа санаттағы да қылмыстар кірсе)
сот тек жазаларды қосу принципін ғана колдануға міндетті.
Сіңіру принципін қолданғанда сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкердің
әрекеті сараланатын бабын назарға алмайды, жасалған әрбір қылмыс үшін осы
санкциялар шегінде тағайындалған нақты жазаларды назарға алады. Жеңілірек
қатаң жаза ауырырақ қатаң жазаға сіңіріледі. Егер сот сотталғанға ҚК-тің
221-бабының 2 бөлігі бойынша үш жыл бас бостандығынан айыруды белгілесе, ал
ҚК-тің 341-бабының 1 бөлігі бойынша екі жыл бас бостандығынан айыруды
белгілесе, қатаңырақ жаза - үш жыл, жеңілірек жаза екі жылды өзіне
сіңіреді, ал жиынтық бойынша түпкілікті жаза — үш жыл бас бостандығынан
айыру болады. Жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін әртүрлі жаза тағайындағанда
да осы принцип сақталады.
Мысалы, бірінші қылмыс үшін сот айыпкерге бір жыл мерзімге түзеу
жұмыстарын, жалақысының 20%-ін ұстауды тағайындады, ал екінші қылмыс үшін —
үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қосу принципін
қолданып, сот, бұл жағдайда, айыпкердің түкпілікті жазасы ретінде үш жыл
бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Жазалардың қатаңдығын салыстырғанда
сот ҚК-тің 39-бабындағы, яғни жазалар жүйесіндегі көрсетілген жазалардың
ретін басшылыққа алады.
Жекелеген қылмыстар үшін тағайындалған жазаларда қосу толық немесе
ішінара болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда қосқаннан кейінгі түпкілікті
жаза жекелеген қылмысқа тағайындалған жазаның кез-келгенінен қатаң болуға
тиіс. Жазаларды толық қосқанда олардың жиынтығы жеке жазалардың қосындысына
тең болуға тиіс. Жазаларды ішінара қосқанда басқа қылмыс үшін тағайындалған
жазаның бір бөлігі қатаңырақ жазаға қосылады.
Жазаларды қосуға белгілі бір шектеу қойылған (ҚК-тің 58-бабы). Егер
қылмыстардың жиынтығы тек ауырлығы шамалы қылмыстарды қамтитын болса, онда
қосқаннан кейінгі түпкілікті жаза жасалған қылмыстардың ең ауыры үшін
жауаптылық жөніндегі Ерекше бөлімнің тиісті бабының санкциясында
көзделген жазаның ең көп мерзімінен немесе мөлшерінен асуға тиіс.
Мысалы, адам ҚК-тің 182-бабының бірінші бөлігі және ҚК-тің 253-бабы бойынша
сотталады. Бұл қылмыстың екі түрінің біріншісі ауырырақ болып саналады, ол
үшін ең қатаң жаза - екі жылға бас бостандығынан айыру. ҚК-тің осы
көрсетілген баптары бойынша бөлек тағайындалған жазаларды қосу принципін
қолданып, сот тек 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.
Егер қылмыстар жиынтығы орта ауырлықтағы қылмысты, ауыр және ерекше ауыр
қылмыстарды қамтыса, онда түпкілікті жаза тек жазаларды косу принципін
қолдану жолымен тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру
түріндегі түпкілікті жаза қолданылған қылмыстық заң нормаларының ауқымымен
шектелмейді, тіптен 20 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Егер қылмыстар
жиынтығы жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім
жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза көзделген
кемінде бір ерекше ауыр қылмысты қамтыса, бұл жағдайда да түпкілікті жаза
тек жазаларды қосу принципі жолымен ғана тағайындалады. Бұл жағдайда бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза 25 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы
мүмкін.
Сонымен соттың қылмыстар жиынтығы болғанда жаза тағайындау
принциптерін, сондай-ақ жазаларды қосу принципін қолданғанда бас
бостандығынан айырудың ең көп шегін таңдау мүмкіндігін заң реттейді (ҚК-тің
58-бабы) және ол жиынтық құрайтын қылмыстардың қай санатқа жататындығына
және олардың арасында 20 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру
немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза
карастырылған қылмыстардың бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер сот
айыпкерге ҚК-тің 288-бабының 1 бөлігі бойынша алты ай мерзімге қамауға алу,
ал 101-баптың 1 бөлігі бойынша екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру
түрінде жаза тағайындаса, ол толық қосу принципіне сәйкес 2 жыл 6 ай бас
бостандығынан айыру түрінде жиынтық бойынша түпкілікті жаза тағайындауға
құқылы. Егер сот ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігі бойынша 2 жыл 9 айға бас
бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, онда тек ішінара қосуды ғана
қолдана алады, яғни 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға 288-бап бойынша
тағайындалған 6 ай қамауға алудың 3 айын ғана қоса алады, себебі ҚК-тің 101-
бабының 1 бөлігінде көзделген мерзімнің ең көп мөлшері 3 жыл, сондықтан
түпкілікті жаза одан аспауға тиіс. Сонымен жазаларды қосқанда жазаның ең
көп мөлшерін түпкілікті анықтау, егер осы мысалға қатысты алсақ, жиынтыққа
кіретін екі қылмыстың да ауырлығы шағын қылмыстар санатына жатқандығына
байланысты.
Осы келтірілген мысалда орын алып отырған әртекті жазаларды косу
тәртібі ҚК-тің 61-бабымен реттеледі, онда қылмыстардың жиынтығы және
үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас
бостандығынан айырудың бір күніне қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде
ұстаудың бір күні, бас бостандығын шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының
немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні, қоғамдық жұмыстарға
тартудың сегіз сағаты сәйкес келеді делінген.
Кейде сот жиынтық құрайтын қылмыстар үшін әртүрлі, пара-пар емес
жазалар тағайындайды.
Мысалы, бір қылмыс үшін - айыппұл салу, екінші үшін - бас бостандығынан
айыру, үшінші үшін — белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын қолданады. Әрине, бұл жерде
жеңілдеу жазаның катаңдау жазаға — бас бостандығынан айыруға сіңіру
принципін қолдануға болады (егер негіз болса). Бірақ бұл жағдайда
жазалаудың ықпалы, әсіресе сіңірілген жазаның жеке сақтандыру мүмкіндігі
пайдаланылмайды. Сондықтан да айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы әскери
немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден,
біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ
мүлікті тәркілеу сияқты жазаларды бас бостандығын шектеу, түзеу
жұмыстары, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру
түріндегі жазалармен қосқан кезде жазалардың бірінші тобы дербес
орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін қосымша
жазалар тағайындалса, онда олар да, негізгі жазалар сияқты, бірін бірі
сіңіре алады немесе біріне бірі қосыла алады. Әртекті қосымша жазаларды
қосқан күнде де (мысалы, айыппұл салу мен мүлікті тәркілеуді) олар дербес
орындалады. Қылмыстар жиынтығы бойынша қосымша жазаларды түпкілікті
тағайындау тәртібін ҚК-тің 58-бабының 5 бөлімі реттейді, онда қылмыстар
жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар
үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін делінген. Қосқаннан
кейінгі түпкілікті қосымша жаза қылмыстың осы түрі үшін белгіленген ең көп
мерзімнен немесе мөлшерден асуға тиіс емес (ҚК-тің 40,41, 50, 51-баптары).
ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіп іс бойынша сот үкімі шыққаннан
кейін сол сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шыққанша басқа қылмыс
жасағандығы анықталған жағдайға да таралады. Бұл жағдайда түпкілікті жаза
мерзіміне бірінші үкім бойынша толық немесе ішінара өтелген мерзім кіреді.
Бұл норма жиынтық құрайтын қылмыстар әр бөлек уақытта ашылып, осы әр бөлек
қылмыстар үшін айыпкерді соттау әр уақытта шығарылған екі немесе одан көп
үкімдер бойынша жүзеге асырылған жағдайға да қатысты. Мысалы, адам екі
қылмыс жасайды — бұзақылық және ұрлық. Бұзақылық үшін ол сотталғанда, оның
ұрлығы әлі ашылмаған. Бұзакылық үшін үкім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң,
ол ұрлық үшін жауапқа тартылып сотталады. Бұл жағдай да қылмыстар жиынтығы
деген ұғымға сай келеді, себебі адам бір қылмыс бойынша сотталғанға дейін
екі қылмыс жасаған. Сондықтан да бұл ретте де жаза тағайындаудың ҚК-тің 58-
бабы белгілеген тәртібі қолданылады.
ҚК-тің 58-бабының 6 бөлігінде көрсетілген жағдайларда қылмыстардың
жиынтығы бойынша жаза тағайындау мынадай үш кезеңнен өтеді:
1) сот жаңа үкім бойынша, яғни кейін ашылған қылмыс үшін жаза
тағайындайды;
2) екі үкім бойынша тағайындалған жазалардың жұмсақтауын қатаңдауына
сіңіру жолымен немесе жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен, бұрынғы
шығарылған үкімдерді ескере отырып, түпкілікті жаза тағайындайды.
3) ҚК-тің 62-бабының ережесіне сәйкес бірінші үкім бойынша жазаның
нақты өтелген мерзіміне есептеу жасалады. Жаза мерзімін есептеу дегеніміз -
егер адам үкім шыққанша бас бостандығынан айырудың алты айын өтесе, ал сот
оған үкім бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті
тағайындаса, онда қылмыстар жиынтығы бойынша екінші үкім шығарылған кезге
дейін оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеу керек.

2. 2. Жаза тағайындау

2.2. 1 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті –
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Кодекстің
негізгі міндеттері - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік
пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып
табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері
белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер
қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге
де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. Қылмыс жасау, яғни
Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет
қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыс жасаған
адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген
мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
   Қылмыс жасаудың да себептері әр түрлі. Біреулер қылмысты абайсызда
жасаса, енді біреулері заңды білмеуден, енді бірі қасақана, тағы басқалары
арақ, есірткі заттардың буынан қылмысқа барады. Жоқшылықтан қылмысқа
баратын, керісінше баршылықтың, байлықтың арқасында не істерін
білмей қылмысқа ұрынатындары да кездеседі.   Тамағы тоқтық, көйлегі көктік
аздырар адам баласын деген қанатты сөзді ұлы Абай осыдан бір ғасырдан
астам уақыт бұрын айтса да, өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтқан
емес.
   Кез-келген қоғамдағы қылмысты - азайтатын да, көбейтетін де, сол
мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық ахуалдың деңгейі. Қоғамның
дамуына байланысты әр кезеңде қылмыстың, жазаның да дамып, өзгеріп
отыратыны заңды құбылыс. Еліміздегі жұмыссыздық, халықтың әлеуметтік
жағдайы, идеологиялық саясат, қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты –
қоғамымызда ауыр қылмыстардың өсіп жатқаны баршамызға аян.
Мысалы: терроризм (233 бап)– қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып
табылады. Мұндай қылмыстар ұлттық шектен шығып, халықаралық сипат алуда.
Біздің мекемеде осындай қылмыс жасаған – 6 сотталған жаза мерзімдерін
өтеуде.
 Қазіргі уақытта тағы бір назар аударатын нәрсе, жылдан-жылға қылмыс
қатыгездігімен, шектен шыққан жүгенсіздігімен ерекшеленіп бара жатқаны.
Сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын пайдалану, адам өлтіру, әйел зорлау,
тонау, денеге ауыр жарақат салу, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық сияқты
қылмыстардың көбеюі. Мысалы: біздің мекемеде ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша
2007 жылы - 44 сотталған жаза мерзімін өтесе, 2008 жылға – 78 сотталған
жаза мерзімдерін өтеуде.
    Қылмысқа жауап – ол жаза қолдану, сонымен бірге жаза қолдану –
қоғамды қылмыстан сақтайтын және жаңа қылмыстың жасалуына жол бермеудің
қажетті құралы.
Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық,
тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады,
сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да
бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны
қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы
күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие,
қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру
арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу
шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге
асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң
атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр
қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын
қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары
сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық,
әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу
шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық
заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi
тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi
адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай,
жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi
неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан
тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында жаза дегеніміз
соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы делінген.
Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да Жаза тағайындау — жасалған
қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық
ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және
маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру
сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге,
қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу
көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі Қылмыстық
жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы № 1 қаулысында
былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында
тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды
және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала
отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және
коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай
шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де
ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында
көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-
ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын;
рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай
сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық
мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе
келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын;
жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін
көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты
соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған
адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға,
сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін
ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет.
Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған
жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында
көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген
қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады.
Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп
танылады.
Қылмыс жасаған адамға белгілі бір жазаны жеке дара тағайындау Жаза
тағайынаудың жалпы негіздері деп аталатын арнайы ережелерге сәйкес
жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы
негіздері көрсетілген.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз — әрбір нақты іс бойынша
жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген
белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде
жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Қылмыстық
кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-
нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-нің Жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады делінген.
Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты
мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына
сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Мұнда сәйкес термині
бір ғана ұқсастық емес, тепе-теңдік деген мағынада қолданылады, яғни жаза
қылмысқа сыртқы формальды жағынан емес, әлеуметтік жағынан және
арифметикалық жағынан емес, заңдық жағынан тең болуы керек дегенді
білдіреді. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы,
сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз
жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады.
Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған
қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың
түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі
керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарты ретінде
қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате
әділетсіз жаза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫН ҚҰРАЙТЫН БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қоғамға қауіпті зардаптар
Қылмыстық құқықтағы жаза
Қылмыстық құқықтағы шешім
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер