Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу


Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі
Облыс,
аудан,
мектеп
(толық атауы)
Ғылыми жоба тақырыбы:
«Қазақтың ұлттық аспаптары»
Бағыты: Музыка
Автор: Садилла Әмина
Жетекші: Дукенбаев Ш. А
2023-2024 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕКТІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАБЫ - ДОМБЫРА
ДОМБЫРАНЫҢ ДАМУ ТАРИХИ
ДОМБЫРАНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ
ДОМБЫРА ҚАҚПАҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
ДОМБЫРА ТҮРЛЕРІ
ДОМБЫРА ҚАЗАҚТЫ БАЯНДАҒАН МУЗЫКАЛЫҚ АСПАП
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақтың музыкалық аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау, оның өміршеңдігін таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу;
- Қазақ халқының музыкалық бұйымдардың жасалу жолымен зерттеу;
- Алынған мәліметтерді қорытындылау
Күтілетін нәтиже: Жиналған материалдар негізінде қазақтың ұлттық музыкалық өнері туралы зерттеу жұмыстары көбейтіліп, әлі де қолданысқа еңгізуге ықпал жасау.
Аннотация
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған. Домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке үнді сүйемелдеуге, күй тартуға, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Зерттеу нысаны: қазақтың музыкалық аспабы - домбыра
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау, салыстыру, жинақтау және талдау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді Қазақстан тарихы, технология, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері сабақтары мен тәрбие сағаттарда қолдануға болады.
Аннотация
Актуальность исследовательской работы: домбра - самый распространенный двухструнный, многогранный музыкальный инструмент казахского народа. Это инструмент, имеющий свой музыкальный характер, занимающий важное место в жизни казахов. Впервые в рамках эпической традиции он использовался для сопровождения поэм, толгау, термов. Домбра впоследствии способствовала становлению жанра инструментального произведения-кюя. В настоящее время домбра является музыкальным инструментом широкого спектра возможностей, используемым для индивидуального индийского сопровождения, привлечения кюев, исполнения классических произведений.
Объект исследования: казахский музыкальный инструмент - домбра
Методы и приемы исследования: сравнение, обобщение и анализ.
Теоретическая и практическая значимость исследования: полученные в ходе исследования результаты могут быть использованы на уроках истории Казахстана, технологии, казахского языка и литературы и в воспитательных часах.
Abstract
Relevance of the research work: dombra is the most common two-stringed, multi-faceted musical instrument of the Kazakh people. It is an instrument that has its own musical character, which occupies an important place in the life of Kazakhs. For the first time in the epic tradition, it was used to accompany the poem, tolgau, and thermae. Dombra subsequently contributed to the formation of the genre of instrumental work-kuya. Currently, the dombra is a musical instrument of a wide range of possibilities, used for individual Indian accompaniment, attracting kuis, performing classical works.
Object of research: Kazakh musical instrument - dombra
Research methods and techniques: comparison, generalization and analysis.
Theoretical and practical significance of the study: the results obtained in the course of the study can be used in the lessons of the history of Kazakhstan, technology, Kazakh language and literature and in educational hours.
«Қазақтың ұлттық аспаптары»
тақырыбындағы ғылыми жұмысының зерттеу күнделігі
Бағыты: Музыка
Автор: Садилла Әмина
Жетекші: Дукенбаев Ш. А
Бүгін кіріспе бөлімді бастап жаздым.
Жоспар құрдым, зерттеу бөліміне көшпенділердің байырғы қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы маңызды мәліметтерді іздей бастадым.
Кітапханаға барып мәлімет таптым.
Газет беттерінен көптеген құнды ақпараттарды алдық
Жаңа мәліметтерді жоспар бойынша негізгі бөлімге кірістірдім.
№72 С. Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
5 «ж» сынып оқушысы Cадилла Әминаның «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты ғылыми жұмысы жайлы
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2023 . . . -2024 . . . жыл)
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, тың деректермен, іс-құжаттармен жұмыс жасау,
олардың ішінен қажеттілерін іріктеу
І. Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау, оның өміршеңдігін таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу;
- Қазақ халқының музыкалық бұйымдардың жасалу жолымен зерттеу;
- Алынған мәліметтерді қорытындылау
Күтілетін нәтиже: Жиналған материалдар негізінде қазақтың ұлттық музыкалық өнері туралы зерттеу жұмыстары көбейтіліп, әлі де қолданысқа еңгізуге ықпал жасау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған. Домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке үнді сүйемелдеуге, күй тартуға, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Зерттеу нысаны: қазақтың музыкалық аспабы - домбыра
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау, салыстыру, жинақтау және талдау
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді Қазақстан тарихы, технология, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері сабақтары мен тәрбие сағаттарда қолдануға болады.
ІІ. Негізгі бөлім
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕКТІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАБЫ - ДОМБЫРА
Қазақтың музыкалық аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар.
Музыка аспаптарын жаугершілік заманда халыққа хабар бергенде, аң үркіткенде, әнші-күйшілер ән-күй орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырған. Мысалы, жау шапқанда елге хабар беру үшін үрмелі аспаптарды (дабыл, дауылпаз, ұран, керней) ; бақсылар сарнағанда - даңғара, асатаяқ, шаңқобызды; әнші-күйшілер өлең-жыр, терме-ән айтқанда немесе күй шерткенде - домбыра, сыбызғы, сырнай, қылқобыз сияқты шекті аспаптарды пайдаланған. Музыка аспаптары кептірілген қайың, шырша, емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған. Музыка аспаптарына арнаулы қап жасап, қоржынға салып, аттың қанжығасына байлап немесе асынып алып жүруге ыңғайлаған.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күйтартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қол данылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
ДОМБЫРАНЫҢ ДАМУ ТАРИХИ
XIXғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кеңтараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге ғажап күй де шығарған. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскті. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз. Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7-8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады. Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. « Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой», - деп ойлайды. » Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат. Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 - 9, әрі кеткенде 14 - 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т. б. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т. б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша Қашағанов, Махамбет Бөкейхановтар, Төлеген Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т. б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар - Қаршыға Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат Тілеуханов, Айгүл Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т. б. Домбыра - тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, Қ. Байбосынов т. б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
ДОМБЫРАНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік) . Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек) . Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен - құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады. Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған.
Домбыраның формасы екі түрлі болып келеді. Біреуі- Абай, екіншісі- Жамбылдың домбырасы деп аталады. Домбыраның негізгі материалы - ағаш. Домбыра жасау үшін алдымен ағаштың қасиеттерін, сипаттамасын білулері керек. Музыка аспаптарын жасауда қолданылатын негізгі материал ағаш болып табылады. Ағаштың да табиғатта кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық, механикалық қасиеттері бар. Алғашқы негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: түр- түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлығы, ағаштың кескіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы. Түр- түсі - ағаштың ең жақсы физикалық қасиеттерінің бірі. Осы қасиетін шеберлер музыка аспаптарын жасағанда ескеріп пайдаланған. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың өзінің жеке -дара түр- түсі, өзіне тән иісі болып, табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Әр оюдың өзіне тән оюлау әдісі және түрі бар. Домбыраның негізгі материалы табиғи ағаш болғандықтан экологиялық таза бұйым. Ол сувенир ретінде жасалғандықтан көлемі 15-20 см болуы мүмкін, сондықтан ол экономикалық тиімді. Сыйлық ретінде ұсынуға болады. Эстетикалық жағынан сыртында ұсақ өрнек жасап әшекейленген, ұлттық нақышты білдіреді. Оны сувенир бұйым ретінде жинап қоюға, сөмкеге салып алуға да болады, тасымалдауға да жақсы.
Домбыраны дайындау технологиясы.
Домбыра дайындаудың негізгі технологиялық кезеңдері:
- Шикізат пен материалды әкелу, жинау, жұмыс орнын дайындау.
- Жеке бөліктерін өңдеу, жұмсақ ағашты тезге салып ию.
- Шынақшаларын өндеу, бекіту, бөлшектерін өңдеу.
- Мойынға басын отырғызу.
- Қақпақ жасау, мойынбет жапсыру, жылтыр жағу.
- Сапасын бақылау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz