Бағалы қағаздар нарығына сипаттама


Жоспар
Кіріспе
1. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері. . ……5
1. 1 Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері5
1. 2 Бағалы қағаздардың функциялары. . …13
2. Бағалы қағаздар нарығына сипаттама16
2. 1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы. …16
2. 2 Бағалы қағаздар нарығының реттелуі. . …. . 24
3. ҚР-ның бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы27
3. 1 Бағалы қағаздардың шешу жолдары . . . 27
Қорытынды35
Қолданданылған әдебиеттер37
Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығының дамуы мен оның проблемалары қазіргі
нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырып болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы басты қиындық нарықтың ұзақ мерзім бойы қызмет
атқармауында. «Бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығына, бағалы қағаздардың түрлеріне кең тоқталынып өтіледі. Бірінші тарауда бағалы қағаздардың түрлеріне мемлекеттік бағалы қағаздардың ерекшеліктері, айналу шарттары мен айналу мерзімдері баяндалады. Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығына сипаттама беріледі. Нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы мен ұқсастығы сараланады.
Бірінші бөлімді жазуда Б. А. Көшеновтың «Бағалы қағаздар нарығы» атты еңбегі мен Е. Ф. Жуковтың «Рынок ценных бумаг» атты еңбегі баса назарға алынды. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Ресейлік экономистердің Қазақстандық бағалы қағаздар жайлы айтқан мақалалары да негізге алынады.
Бағалы қағаздар дамуының ең басты кезеңіне бағалы қағаздардың жаңа түрлері еурооблигация және еуроакция нарығы.
Екінші бөлімінде толығымен айтылған және де осы екінші бөлімде халықаралық айналымда бұрыннан жүрген опциондар, пайызды фьючерстер және тағы басқа қаржылық құралдар сияқты қағаздардың Лондон, Франкфурт-на-Майне, Чикаго, Конзас-Сити тағы басқа әлемдік биржаларда кеңінен тарағандығы туралы айтылған. Сонымен қатар бұл бөлімде халыаралық нарық қорының бағалы қағазы және әлемдік бағалы қағаздар нарығының реттеу жолдары туралы мәліметтер берілген. Осы аталған мәселелер курстық жұмыстың негізгі бөлім тақырыбының өте маңыздылығын көрсетеді.
Үшінші бөлімде Қазақстанның бағалы қағаз нарығының құрылу тарихы, қазіргі ахуалы, проблемалары мен оларды шешу жолдары қарастырылады. Бағалы қағаздар нарығының құрылуына түрткі болған жекешелендіру
мәселесі, жекешелендіру нәтижесінде кеткен қателіктердің бағалы қағаздар нарығына әсері сипатталады. Бұл бөлімді жазуда ТМД елдерінің тәжрибесі,
оның ішінде Ресейдің бағалы қағаздар нарығы негізге алынады. Ресейлік
экономист Е. Ф. Жуковтың пайымдауынша Қазақстан нарығына барлық постсоциалистік елдерге тән проблемалар бар. Олар шешудің жалғыз бір жолы елдегі реформаларды қайта қарастыру қажет деп пайымдалады. Курстық жұмыстағытелер статистикалық мәліметтер негізінде құрылды.
1. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері
1. 1 Бағалы қағаздар түсінігі және түрлері
Бағалы қағаз - бағалы қағаз нарығының құралы болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бағалы қағаз белгілі формасы мен реквизиті бар, меншікті құқықты көрсететін, берілуі тек алушыға көрсетілген кезде ғана іске асырылатын құжат. Бұл - заңды анықтамасы. Тауар әлемінің 2 топқа бөлінуі бағалы қағаздардың экономикалық мағынасын ашады; тауарлар (материалды активтер, өндіріс құралдары және қызметтер) және ақша. Ақша жай ақша не қосымша ақша әкелетін капитал болуы мүмкін. Әрқашан заңды тұлғадан немесе жеке тұлғадан ақшаны басқа біреуге беру қажеттілігі болады. Әлемдік тәжрибеде ақша берудің 2 тәсілі бар - несиелендіру мен бағалы қағаздарды шығарып, айналымға енгізу. Тауар нарығында тауардың жолда не әлі шығарылмаған кездің өзінде тауарды біреуге беру қажеттілігі сияқты жағдайлар болады. Бағалы қағаз - ақша да, материалды тауар да емес.
Бағалы қағаздардың иесіне беретін құқығы бағалы қағаз құндылығын анықтайды. Сатып алушы өз капиталын бағалы қағазға айырбастай отырып меншік құқығын сақтайды және капиталдан түскен пайыз не дивидендті қолдану құқығын сақтайды.
Тауар мен ақша қазіргі уақыттағы капиталдың бір түрі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша бағалы қағаз - нарықта тауар сияқты айналатын және пайда әкелетін капитал.
Бағалы қағаз - ерекше нарықта айналатын ерекше тауар, бірақ нақты тауар, қызмет және ақша болып табылмайды. Бағалы қағаздардың ақшаға айырбасталуы негізгі қасиеті болып табылады (сату-сатып алу, эмитенттік қайтару т. б. ) . Оны есепке айырысуға, мұраға бірнеше жыл бойы беруге кепілдікке берілуі мүмкін.
Осылайша, бағалы қағаз қатаң тәртіпке салынған өз иесіне табыс, құқық және міндетті үшінші бір тұлғаға келісім шарт жасаспай берілетін құқық. Бағалы қағаздарды бергенде ұсыну міндетті емес, яғни трансакциялық шығындарды азайтады.
Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар қызметтерді де атқарады.
- мемлекет арасында, экономикалық салалар арасында, елдер арасында, топтар арасында ақша қаражаттарын бөледі.
- капиталдан табыс алуға және капиталдың қайтуын қамтамасыз ету;
Қазақстандағы бағалы қағаздардың сыныпталуы .
мемлекеттік
корпаративтік
жеке
шетелдік
үлестік
қарыздық
тауарлы-бөлуші құжат
аймақтық
ұлттық
халықаралық
атаулы
ұсынушылық
ордерлік
құжаттық
құжаттық емес
мезгілсіз
мезгілді
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мерзімді (1 ж-дан 10 ж-ға дейін)
- ұзақ мерзімді (10 жылдан артық)
тұрақты төлеу
бірінші ретті төлеу
пайыз мөлшерінен тіркелген қалқымалы пайыздық мөлшер
инвестициялық
нарықтық
эмиссиялық
эмиссиялық емес
ұлттық валютадағы номинал
шетелдік валютадағы номинал
екі жақты белгіленген номинал
номиналсыз
қайтарымды
қайтарымсыз
Барлық бағалы қағаздар келесідей категорияларға бөлінеді:
Негізгі бағалы қағаздар . Бұлардың негізіне тауарлар, ақша, капитал, мүлік пен түрлі ресурстарға мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаздар . Базистік активке негізделген бағалы қағаздар (базистік активтерге баға, индекстер, пайыздық мөлшерлену) . Туынды бағалы қағаздарға мыналар жатады: фьючерлік келісімдер (тауарлы, валюталы, пайыздық, индекстік және т. б. ), варанттар, опцион еркін айналымы мен құқығы.
Үлестік бағалы қағаздар кәсіпорын мүлкінің өтімді кезінде ие болуға құқық береді, жарғылық қордың құрылуына, табыстың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқару ісіне араласуға құқық береді. Акциялардың барлық түрі мен инвестициялық пай үлестік бағалы қағаз болып табылады.
Қарыздық бағалы қағаздар эмитент пен қарыз алушы арасында болатын қатнас, мұнда клиент ақшаны белгіленген күні қосымша пайызбен қайтарып беруді өз мойнына алады.
Бағалы қағаздар меншік құқығы бойынша мынадай түрлері болады: Атаулы бағалы қағаздарда барлық иегерлер идентификацияланады.
Ұстаушылар туралы ақпарат реестрде болады, меншік құқығы біреуге өткенде олар қайта идентификациялануы қажет. Ордерлі бағалы қағаздар -бұлар бойынша құқық бағалы қағазда көрсетілген тұлғаға тиесілі, олар бойынша операциялар бағалы қағаздардағы жеткізу жазбалары - индоссамент арқылы іске асырылады. Мысалы: Вексель, ипотекалық куәлік.
Ұсынушылық бағалы қағаздар бойынша құқыққа ұсынушы тұлға ие болады. Бұл бағалы қағаздарды көрсету ондағы құқықтарды іске асыруға жеткілікті
Құжатты - қағаз күйінде;
Құжатсыз - шоттарда жазылған.
Нарықтық бағалы қағаздар - бағамдық айырма бойынша табыс алынатын бағалы қағаз.
Инвестициялық бағалы қағаздар - дивиденд, купон, пацыз түрінде ағымдық табыс алуға негізделініп, ұзақ мерзімге алынатын бағалы қағаз.
Қайтарымды бағалы қағаз - мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін.
Қайтарымсыз - айналу мерзімі біткенше дейін айналымнан шықпайтын бағалы қағаз.
Айналымға мынадай бағалы қағаздар түсе алады:
- Мемлекеттік бағалы қағаздар;
- Акциялар;
- Облигациялар;
- Коносаменттер;
- Ипотекалық куәлік;
- Туынды бағалы қағаз;
- Жай қоймалық куәлік (Қоймалық + кепілдік куәлік) ;
- ҚР-да айналымға түсуге болатын шетелдік бағалы қағаз;
- Заң актілері бойынша бағалы қағаз болып табылатын өзгеде құжаттар.
Қазақстандағы қаржылық құралдарды негізге ала отырып бағалы қағаздар нарығының құрлымын былайша көрсетуге болады.
Акция - акционердің акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд күйінде алуға, акционерлік қоғамның ісін басқаруға және оның жабылған кезде мүлкінің бір бөлігін алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акция - акционерлік қоғамның капиталының қатысушылығын куәландыратын бағалы қағаз. Акцияларды мемлекеттік органдардан басқа барлық акционерлік қоғамдар шығара алады. Корпарациялармен құрылған капитал өзіндік капиталдың бір бөлігі болып табылады және корпарация жабылған кезде бұл капитал қарыздық капиталдар (оның ішінде облигациялар бойынша) бойынша қарыз жабылғаннан кейін төленеді. Акционерлер салған акцияларының мөлшеріне сәйкес жауап береді. Сондықтан эмитенттің банкротқа ұшырауы кезінде инвестицияланған ақшалардың қайту кепілдігі жоқ.
Акцияларды былайша сыныптауға болады:
1. Бір акционерден екінші акционерге беру тәсілі бойынша:
- Атаулы
- Ұсынушылық.
Атаулы акциялар - бұл акциялардың иесі міндетті түрде акционерлер реестрінде тіркелуі тиіс.
Ұсынушылық акциялар акционерлер реестрінде тіркелмейді. Мұнда акционерлік қоғамдар акциялар иелерін білмейді.
2. Табыс алуы бойынша:
- Жай;
- Айрықша.
Айрықша акциялар бойынша табыстың көлеміне қатыссыз табыс алады. Акционерлік қоғамдардың жабылған кезінде айрықша акция иелері қарызы бірінші болып жабылады.
Айрықша акцияларды өз кезегінде былайша сыныптауға болады:
- аккумулятивті - егер дивидендтер уақытылы төленбеген жағдайда олар барлығы жинақталып төленеді.
- қайтарымды - басқа акциялардан қарағанда мезгілсіз болуына қарамастан эмитентпен жабылуы мүмкін;
- конверттелетін - шығарушы эмитенттің жай акцияларына айырбастала алады.
- дауыс беру құқығы бар минималды дивиденд көлемі берілетін акциялар;
- дауыс беру құқығы жоқ минималды дивидендтер көлемі. Мұнда акционерлік қоғам жабылған кезде мүлік бірінші ретті төленді. Егер акциялар бойынша дивидендтер 3 ай мерзімінде төленбесе акция ұстаушылар акционерлік қоғам жарлығына сәйкес акционерлік қоғам жабылуы не қайта құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамдар тек атаулы акциялар шығара алады. Айрықша акциялар болса 2 түрге бөлінеді:
1. дауыс беру құқығы бар минималды дивиденд көлемі берілетін акциялар
2. - дауыс беру құқығы жоқ минималды дивидендтер көлемі.
Облигациялар - ұстаушыға шығарушы жағынан бағалы қағаздың номиналды құнын не кей жағдайларда өзгеде мүліктік эквиваленттін алуға құқық беретін бағалы қағаз. Облигация ұстаушы бағалы қағаздың номиналды құнының анықталған пайызын алуға немесе басқа да мүліктерді алуға құқық береді.
Қосымша ақша қаражатын тарту мақсатында эмитент төлем уақыты 3 жылдан ерте емес және жарғылық капитал көлемінен аспайтын облгациялар шығаруға құқылы
Облигациялар - эмитенттің қарыздық міндеттерін бектетін құжат, ол активтерге қарсы қойылады. Облигациялар есебінде жинақталған капитал акционерлік капитал болып табылмайды. Облигация шығару - капиталды қарызға алудың бір түрі. Облигациялар бойынша жедел қарыздық міндеттемелердің төлеу кепілі болып эмитент табылады. Эмитенттің банкротқа ұшыраған кезінде оның мүлкінің бір бөлігін иеленуге облигация құқық береді.
Корпорациялар үшін облигациялар акциялар сияқты инвестиция тарту көзі болып табылады. Алайда бұл бағалы қағаздардың айырмашылығы бар:
1. Облигация иесі кредитор болса, ал акция иесі корпарацияның меншік иегері болып табылады.
2. Облигация иегері эмитент табысына байланыссыз пайыз алады. Акционердің акциялары жай акция болған жағдайда акционерлік қоғамның табысы болмаған кезде дивиденд алмайды.
3. Облигация иегерінің дауыс беру құқығы жоқ, акционерлер жиынына қатыспайды, корпорацияның басқару ісіне араласпайды Акционердің мүліктік мүддесіне қатысты жайттарда акционердің дауыс беру құқығы болады.
4. Облигация бойынша төлемдер корпорация шығындарына жатады және салық төлеуге тиісті табысты азайтады. Салық салғаннан кейін қалатын таза табыс негізінде дивиденд төленді.
5. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылса, акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.
Мемлекетік бағалы қағаздар жергілікті және орталық билік органдарымен
шығарылатын қарыздық бағалы қағаздар. Олар мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарының бір түрі. Сыртқы нарықта мемлекеттің еурооблигациялары айналымға түседі. Барлық мемлекеттік бағалы қағаз құжатсыз күйде шығарылады.
Мемлекеттік бағалы қағаз әр түрлі тәсілдермен орналастырылуы мүмкін (аукциондар, сауда, ашық сату, жабық тарату және т. б. ) . Кез келген заңды тұлға мен жеке тұлға сатып алушы бола алады. Халық, екінші деңгнйлі банктер, зейнетақы және инвестициялық қорлар мен сақтандыру компаниялары негізгі инвестор болып табылады.
Мемлекттік бағалы қағаздардың сыныпталуы.
үкіметтік
жергілікті
Қысқа мерзімді (1жылға дейін)
Ұзақ мерзімді
Нарықтық
Нарықтан тыс
Пайыздық
Дисконтты
Біріктірілген
Инфляция бойынша индекстелген
Құнсыздану бойынша индекстелген
Бекітілген пайыздық мөлшер
Қалқымалы пайыздық мөлшер
Ұлттық валютада
Шетелдік валютада
Нарықтық мемлекеттік бағалы қағаздар алғаш рет орналасқаннан кейін еркін қайта бөлініске түседі.
Нарықтық емес - белгілі бір уақыттан кейін эмитентке қайтарылатын
қайта бөлуге түспейтін мемлекеттік бағалы қағаздар.
Дисконтты мемлекеттік бағалы қағаздар номиналды құнынан төмен шығарылып, номиналды бағамен өтелетін мемлекеттік бағалы қағаздар.
Купонды бағалы қағаздар номиналды бағамен шығарылып, қосымша пайызбен өтелінеді.
Біріктірілген - номиналды бағасынан төмен шығарылып, қосымша пайызбен өтеледі.
1. 2 Бағалы қағаздардың функциялары
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қызметіне кеңірек тоқталып өтсек. Бағалы қағаздар нарығына былайша анықтама беруге болады: бағалы қағаздардың айналымы мен шығарушылар арасындағы жалпы экономикалық қатынас. Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығы басқа да кез келген нарықтан айырмашылығы жоқ. Айырмашылық ретінде тек зерттеліп отырылған нарықтың объектісін айтуға болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы жеке тауарлар нарығына жатпайды, ол кез-келген елдің қаржылық нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі тауарлық нарық, ақша және ақшалық капитал.
Бұл нарықтың сыныпталуы бағалы қағаздардың түрлерімен ұқсастығы бар және олардың айырмашылығы төмендегідей:
- Халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- Ұлттық және аймақтық нарықтар;
- Нақты бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т. б. ) нарығының түрлері;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес (корпоративті) бағалы қағаздар нарығы;
- Бірінші және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығын қызметіне орай шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және ерекше. Бірінші топтың қызметіне мыналар жатады:
- Коммерциялық - нарықта жүргізілетін операциялардан пайда табу қызметі;
- Бағалық - нарықтық бағаның қалыптасуын және олардың қозғалысын қамтамасыз етеді;
- Ақпараттық - сату объектілері мен қатысушылар жайлы ақпаратты шығарады және қатысушыларға жеткізеді;
- Реттеуші - нарықтың сату және қатысу ережелерін жасап, келеңсіздіктерді шешу, басқару органдары мен басқаруды ұйымдастыру.
Бағалы қағаздар нарығының ерекше функциялары төмендегідей:
- қайта бөлуші;
- бағалық және қаржылық сақтандыру қызметі;
Қайта бөлу қызметі өз кезегінде 3 бөлімге (қызметке) бөлінеді;
- ақша қаражаттарын салалар арасында қайта бөлу;
- халықтың жинақтарын өндірістік емес формадан өндірістік формаға көшіру;
- бюджет тапшылығын қосымша ақша қаражаттарын шығармай қаржыландыру.
Бағалық және қаржылық тәуекелді сақтандыру немесе хиджирлеу (хиджирования) қызметі өндірістік бағалы қағаздар фьючерлік және опционды келісімдердің туындауымен байланысты.
Бағалы қағаздар нарығындағы сату әдісіне орай келесідей түрлері бар:
- бірінші және екінші ретті;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерленген;
- кассалық және жедел нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығының туындауы саудалық және жабдықтаушы операцияларымен байланысты. Олар вексель мен коносаменттер сияқты бағалы қағаздардың туындауына түрткі болды. Олардың әрі қарай кең етек жаюы акционерлік қоғамдардың пайда болуы мен мемлекеттің эмиссиялық іс-әрекетпен байланысты. ХІХ ғ. ортасы капиталдың бағалы қағаздарға инвестициялануының кең етек жайған уақыты болып табылады. Осы кезеңде бағалы қағаздар нарығының едәуір дамуы байқалып, нарық қатысушылары анықталды. Алғашында оларға жеке трейдерлер ретіндегі жеке тұлғалар, кейін заңды тұлғалар қосылды.
2. Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
2. 1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
60-жылдарда еурооблигация немесе еуроакция нарығы, халықаралық келісіммен орнатылған, айрықша заңдармен іске асатын реттеу бағалы қағаздар нарығында ерекше құрылысы пайда болды. Бағалы қағаздар нарығы тікелей ұлттық нарықтан тұратын, халықаралық ерікті капитал нарығымен байланысты.
Ұлттық шекарада капиталдың шамадан тыс жиналуы, ол басқа мемлекеттер мен аймақтардың таралуы болып табылады. Сондықтан экспорт капиталы - бұл дамыған экономиканың сыртқы көрінісімен оъективті қажеттілігі. ТҰК мен ТҰБ пайда болуы жеке аймақтар мен мемлекеттерде облигация мен акцияны жіберген кезде, тен қана жергіліктілерді қызықтыра қоймай, сонымен қатар инвесторларды да қызықтырады, сондықтан Бағалы қағаздар нарығы реттеу операцияларының орнына ауыстыратын халықаралық - космосаясат капиталын реттейді. Бағалы қағаздар шығарылымынан басқа, ең бірінші халықаралық айналымда бұрыннан жүрген, сондай-ақ опциондар, пайда фючерстер және тағы басқа қаржылық құралдар сияқты қағаздар түседі. Опциондар Лондон және Фракфурт-на-Майн биржаларында, ал пайызды фъючерстер - Лондон, Чикаго, Миннеаполис және Конзас-Сити биржаларында кеңінен белгіленді. Ең басты бұл қағаздардың айрықшаланатын ерекшелігі ол көлемі және нақты қаржылық құралы болып табылмайтындығы мәлім, ал стандарттар мерзімі, өлшемі және тағы басқа шарттармен байланысты ерекшеленеді. Бұндай мерзімді биржалық сауданың «келісім шарт», «фъючерс» деп атау бекітілген. Бағалы қағаздар нарығының дамуының үшінші кезіңі, еурооблигация және еуроакция - бағалы қағаздырының жаңа түрлерінің пайда болуы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары эмитенттер, инвесторлар, делдалдар. Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының құрамы мемлекттік экономикалық функциясының жағдайына тәуелді өндіріс және банктік жүйе. Осымен ондірісті қаржыландырумен мемлекеттік шығыстарды анықтайды. Тұрғындарды керекті қажеттіліктермен қанағаттандырудан жиналған қаржы көлемі маңызды болып табылады. Егер ұсық өндіріс өзінің жинақтауы мен жеке капиталын өндіріс иелері және банктік несие есебінде қаржыландырса, онда ірі акционерлік өндірістер өздерінең капитал шығындарының барлығын дерлік акция және облигация, эмиссия есебінде қаржыландырады. Меншікті бөлімше мен қаржылық кәсіпорындардың өндірістің өзінен бөлініп кетуі нәтижесін көрсетеді. Мемлекет орталық үкімет және жергілікті басқарушы органы белгілі бір уақыт бойынша бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін қаражатты қарызға алу түріне көшеді. Басты акция эмитентінің жиынын қаржылық емес корпорациялар құрайды. Олар орташа мерзімді және ұзақ мерзімді облигациялар шығарады, сондай-ақ модернизация өндірісі мен ұлғаюына байланысты әр түрлі инвестициялық программаларды іске асыратын негізгі капиталды шығару үшін арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz