Қарым - қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру


ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ 373. 881. 151. 02 Қолжазба құқығында
АБДИМАНАПОВА АКНУР БАУЫРЖАНКИЗИ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
7М01301- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші PhD
Абдуллаева П. Т.
Шымкент, 2024
1
ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика және филология» факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Байбекова М. М. пс. ғ. к.,
қауымдастырылған проф. м. а.
(ғыл. дәрежесі, атағы АЖТ)
«___ _ »2023 ж.
Магистрлік диссертация
Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
Білім беру бағдарламасы: 7М01301- Бастауышта оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі
Магистрант: Абдиманапова Акнур Бауыржанкизи
Ғылыми жетекші: Абдуллаева П. Т.
PhD
Шымкент, 2024
МАЗМҰНЫНОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1. ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛ-ҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНА-МАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Мәдениет», «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымдары мен «оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» түсінігінің мәні және олардың зерттелу жайы
1. 2 Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
1. 3 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін мәдени қарым-қатынас негізінде қалып-тастырудың әдіснамалық тұғырлары
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫ
2. 1 Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалып-тастыру диагностикасы
2. 2 Оқушылардың мәдениетті қарым-қатынас негізінде тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру әдістемесі
2. 3 Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРБұл диссертациялық жұмыста нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (Стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 26. 02. 2021
№ 521 Жарлығымен) .
Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы
№ 726 қаулысымен бекітілген) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауы. 1 қыркүйек 2023 ж.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27. 07. 2007ж., № 319- III ҚРЗ. - Астана. Ақорда.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы) .
Берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. - Астана, 2018 http://adilet. zan. kz/kaz/docs/v1800016989
АНЫҚТАМАЛАРБұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Мәдениеттілік - адам баласының өз өмірінің мәні мен түрін анықтауға құқы және міндеттемесі бар екенін танытатын демократиялық, этикалық өмірлік ұстаным, адамдарды сүю, жақсылық жасау, жанашыр болу, барлық адамзат баласын бауырым деп қарау.
Қарым-қатынас - біртұтас материалдық әлеммен детерминденген барлық құбылыстардың өзара байланыстарының қажетті элементі.
Мәдениетті қарым-қатынас - жеке тұлғаның бойындағы мәдениетті әрекеті, мінез-құлқы, мәдениетті білімдер жиынтығы.
Қарым-қатынас мәдениеті - мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, адамгершілік сезімді дарыту және дамыту.
Динамикалық қозғалыстағы интеграция - жекелеген элементтердің біртұтастықты құрауға кірігу үдерісі.
Тізбектелген сабақ - бұл түрлі пәндерден алынған ортақ мәліметтердің бірінен соң бірінің тізбектеле берілген және интегративтік үдерістің горизонталды түріне бейімделген интегративті сабақ түрі.
Қаттастырылған сабақ - білімдік ақпараттың жай кеңеюі емес, күрделі логикалық міндетті шешіп, келесі сатыға көтерілгенін оқушы сезінетін, түсінетін қадамдар жасатуға дағдыландыратын және интегративтік үдерістің вертикалды түріне бейімдейтін интегративті сабақ түрі.
Шиыршықталған сабақ - жоғары және кеңейтіле дамып, толықтырылып отырылатын, эвристикалық ізденіс жолымен жүре отырып, нәтижесінде теориялық белгілі бір ереже жасау, ол ережеден ары қарай жүре отырып, жаңа ақпарат алу интегративті сабақ түрі.
Кіріккен сабақ - оқу-танымдық әрекеттің негізгі деп таңдап алынған біреуіне басқа әрекеттер түрі біртіндеп қосыла отырып, нәтижесінде өзара кіріге келе, мүлде жаңа нәтижеге қол жеткізетін интегративті сабақ түрі.
Панорамалық сабақ - бастауыш сынып мұғалімінің екі не үш пән бойынша балалардың тыңдауына әсерлі, көруіне танымдық қызықты, қабылдауына өте қолайлы етіп ұйымдастыратын интегративті сабақ түрі.
Интегративтік курс - міндетті оқылатын пәндердің білім мазмұны негізінде мұғалімнің бір тақырып бойынша бірнеше пәннен біріктіріп әзірлеген факультативтік курсы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ҚР БжҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ҚазҰПУ- Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
БС- бақылау сыныбы ТС - тәжірибелік сынып
БСОІҚҚИНҚ - оқушылардыңмәдениетті қарым- қатынасын тұлғалық
КІРІСПЕт. б. - тағы басқа
Экс. дейінгі Бақ. т. - экспериментке дейінгі бақылау тобы Экс. дейінгі Тәж. т. - экспериментке дейінгі тәжірибе тобы
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі жаңа Қазақстанды құру жағдайында адамзаттық, ұлттық мәдениеттіліктер мен құндылықтар жүйесін жаңадан ойлап табуды емес және қайта бағалауды емес, есесіне, қазақстандық құндылықтар жүйесін басқаша етіп құру жолдарын қарастыру қажеттілігі артып отыр. Ал бұл білім беру жүйесіндегі бастауыш мектептің әрбір оқушысының ғылыми тұрғыдан негізделген мәдениеттілік мазмұнындағы білім алуын қамтамасыз етуді, қоғамымыздың ізгі бағытта дамуын талап етеді.
Осыған байланысты білім беру мазмұнын реформалау мемлекеттің ұлттық саясатының құнды басымдықтары қатарынан табылады. Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, әр уақытта сөйлеген сөздерінде заманауи педагогиканың даму бағдарлары ұлттық құндылықтар тұрғысында қарастырылу керектігі көрсетілген. Президент осы саладағы міндеттерді: «Тәрбие - сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі. Әл- Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс», - деп атап көрсетті. Сонымен қатар «Отандық білім саласы туған жеріне, қоршаған ортаға, өз тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі» тиіс екені міндеттелген [1] . Осы белгіленген міндет өз кезегінде жас ұрпақты мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеудің маңызын және бастауыш білім мазмұнын ізгілендіру қажеттілігін арттырады.
Осы айтылғандар оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың өзекті екенін танытады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде бүгінгі күні барлық деңгейі мен қырында өзгерістер мен қарқынды даму бағыты байқалуда. Сондай қарқындылықтың бір арнасы білім беру жүйесіндегі үдерісімен байланысты. Білім беру үдерісіндегі қарапайымнан күрделіге қарай жүре отырып, өмір құбылыстарын біріктіре, өзара байланыстыра тануды білдіреді. Оқушының білім алуы арқылы өмірдің сан қырының сырын біліп қана қоймай, ол құбылыстардың болмысын адам өміріне пайдалы етудің жолдарын да біліп өсуі тиіс екені белгілі. Осынау құдіретті, бірақ соншалықты нәзік өмірді сақтау мен бағалау үшін әрбір танылған білім нысанына деген құрмет пен білімінің нәтижесінде, жалпы тіршілік иелеріне, адамға, қоғамға, табиғат дүниесіне мәдениетті қарым-қатынас орнату білім, үйрену арқылы келетін қасиеттер екені анық.
Бастауыш сыныптан бастап оқушы дүниені біртұтас қабылдауы арқылы өзі үшін де, қоғам үшін де, табиғат үшін де ең маңыздысы мәдениетті қарым- қатынас екенін ұғынып өсуі керек. Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асырудың бір сапалы бағыты оқыту деп санаймыз [2] . Осы бағытта әдіснамалық және теориялық негіздері анықталған арнайы әдістемелік жүйе жасалынуы уақыт талабымен үндес келіп отыр. Өйткені қазіргі кезең адам баласының мына Жерді, Өмірді, Адамның қадірін біртұтастықпен түсіне алмай, бөлшектеп танудың салдарынан Әлемнің бір компоненті жойылса, қалғанына да сол жол тұрғанын түсінуден қалып барады. Бейбітшілік деген сөз жай пафосқа айналып кетпеуі керек, шындығында ол сөздің мағынасы Жерді, Адамды, Әлемді тұтас түрде аман сақтап, оған мәдениетті қарым-қатынас жасау дегенді білдіретіні ұмытылып бара жатқандай.
ХХІ ғасырдағы өркениеттің дамуындағы бағыттар, көп жағдайда, қоғамдық өмір мен адамның құндылығын түрлі елде әр түрлі көзқараспен қарауға алып келіп отыр. Бұл, бір жағынан, алдыңғы өткен ғасырлардағы қарым-қатынас мәдениетінің жалпыадамзаттық құндылық ретінде түрлі елде түрліше бағытта қалыптастырылуынан деп ойлаймыз. Екінші жағынан, білім беру жүйелерінің барлығында бөлек-бөлек пәндердің ұстанымдары канондандырылып, өмірдің тұтастығын, құбылыстар мен материалдық дүниелердің барлығы, түптеп келгенде, бір ғана Адам баласының жақсы өмірі, бейбіт өмірі үшін қызмет етуіне жол ашу керектігін ұмыттырып бара жатыр.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі . Оқушыны мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеудің, мәдениеттілік, адамгершілік, моралдық құндылықтарды меңгертудің жалпы-әдіснамалық және әлеуметтік-философиялық, педагогикалық аспектілері Әбу Насыр Әл-Фараби [3], Жүсіп Баласағұни [4], Қожа Ахмет Яссауи [5], Абай Құнанбайұлы [6], Ыбырай Алтынсарин [7], Ахмет Байтұрсынұлы [8] еңбектерінен бастау алады.
Сонымен бірге Я. А. Коменский, Ж. Руссо, И. Гербарт, К. Гельвеций, Д. Дидро, К. Ушинский, И. Яковлев, Л. Толстойдың қарым-қатынас мәдениеті туралы идеялары олардың педагогикалық еңбектерінде қарастырылады.
Балалардың дүниетаным тұтастығын қалыптастыруға байланысты Әбу Әли Ибн Синаның пікірлері, білім беру мен этикалық және тәрбиеге қатысты Имам әл-Ғазалидің көзқарастары түркі тілдес елдерде кең зерттеліп келеді [9], [10], [11], [12] .
Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру және тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі мәселесі А. Бейсенбаева [13], Ә. М. Мұханбетжанова [14], К. Ж. Жүнісова [15], Ж. А. Қараев [16], Т. С. Сабыров [17], Р. М. Қоянбаев[18], Р. К. Бекмағамбетова[19], Қ. Т. Ыбраимжанов [20], Г. Шолпанқұлова [21], Н. А. Оразахынова [22], Т. Б. Байназарова [23], Н. С. Алгожаева [24], Б. М. Жапарова [25], А. Д. Болтаев [26], Ж. А. Жұмабаева [29], Р. А. Дарменова [28], Ә. М. Шарзадин [29], А. А. Куралбаева [30], С. А. Фейзулдаева [31], Ж. М. Саурыкова [32], Д. Ж. Кішібаева [33], Ш. А. Убниязова [34], Г. К. Меңдіғалиева [35] және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерделенген.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыратын педагогтерді даярлау мәселесін зерттеу В. В. Сериков [36], Е. В. Соколова [37], И. И. Гончарова [38], Б. Сайлыбаев [39], М. А. Кененбаева [40], Г. Б. Нурадин [41], М. З. Джанбубекова [42], Түркменбаев Ә. Б. [43], Т. П. Досанова [44], Г. З. Сауытбаева [45] және т. б. ғалымдар еңбектерінің арқауы болған.
Қоғамның, ғылымның, білім беру жүйесінің дамуында интеграцияның алатын орны зор. Білім мазмұнын интеграциялау арқылы жаңа сапалы деңгейге шығу жолдарын қарастырған ғалымдардың еңбектерін талдау барысында, бастауыш мектептегі білім беру мазмұнының интеграциялануға ыңғайлы екенін және бастауыштан бастап интеграциялық негізде оқытудың қажетті екеніне көз жеткіздік.
Жоғарыда көрсетілген еңбектерге жасалған талдау оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мәселесінің зерттелмегенін көрсетті. Проблеманың өзектілігін талдау барысында оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыруда қоғамның сұранысы мен педагогика ғылымында оның теориялық және практикалық негізделуі арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі айқындалды:
- қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажеттілігі мен оның зерттелу деңгейінің жеткіліксіздігі арасында;
- қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру білім беру үдерісіне ендіру қажеттігі мен оны жүзеге асыру әдістемесінің жасалмағандығы арасында.
Айқындалған қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесін анықтады, ол қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау және оның тиімді әдістемесін ұсынып, практикада жүзеге асыру қажеттілігімен анықталады. Аталған қарама-қайшылықтардан туындаған зерттеу мәселесі бізге тақырыпты «Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру » деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды теориялық негіздеу, моделін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің білім беру үдерісі
Зерттеу пәні: қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
Зерттеу болжамы - егер қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен компонент-тері, өлшемдері, көрсеткіштері айқындалса, аталған қалыптастыру үдерісінің педагогикалық мүмкіндіктері анықталып, оларды жүзеге асырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалса және тәжірибеге ендірілсе, онда оқушылардың мотивациялық-қажеттілік, танымдық-интеграциялық, тұлғалық-мінез-құлықтық сапаларының дамуына және біртұтас дүниетаным көзқарасы негізінде мәдениетті қарым қатынасын қалыптасуына қол жеткізу мүмкін болады, өйткені білім мазмұнын интеграциялаудың нәтижесінде жүйелі білім беру барысында оқушының ой-санасында қалыптасқан дүниенің тұтас ғылыми бейнесін оқушыда өзіне және қоршаған ортасына деген мәдениетті қарым-қатынасын оятады.
Зерттеу міндеттері:- Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.
- Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау;
- Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін көрсету.
4. Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Қазіргі жас ұрпақты ізгі адам деп, ең жоғары құндылық деп бағалап, білім беру үдерісінде дүниені бөлшектеп емес, тұлғалық қасиеттерінбіртұтас тануына мүмкіндік жасау оқушы бойында мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруға септігін тигізеді.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми материалдары, Білім және ғылым министрлігінің білім беру мәселелері туралы нормативті құжаттары мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бағдарламалары және т. б. ) ; зерттеу тақырыбы бойынша философ, психолог, педагог, ғалымдардың еңбектері, интегративтік оқыту, мәдениетті педагогика, мәдениеттілік философиясы, білім беру философиясы, пәнаралық байланыс, мектеп педагогикасы мен психологиясы, пәндерді оқыту әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері; мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері, ғылыми мерзімді басылымдар, интернет- ресурстар, автордың педагогикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде (2018-2020 жылдар) диссертацияның тақырыбы бойынша отандық және шетелдік философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік-дидактикалық тұрғыдан ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары жинақталып, оларға ғылыми талдаулар жүргізілді. «Мәдениет», «мәдениетті қарым-қатынас», ұғымдары мен мәселелері бойынша талдаулар жасалынды. Зерттеу жұмысының әдіснамалық тұғырлары мен теориялық негіздері жүйеленді.
Зерттеу жұмысының екінші кезеңінде (2020-2021 жылдар) оқушылардың мәдениетті қарым-қатынасын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Арнайы әзірленген авторлық «Табиғат - Мәдениеттілік әлемінің бастау көзі» атты қосымша білім беру сабақтар жүйесі мен интеграциялық бағдардағы тапсырмалар мен жаттығулар кешені» тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтау, оқыту-қалыптастыру, бақылау кезеңдерінен өткізіліп, сыналды. Нәтижелері бойынша математикалық статистика тұрғысынан талдаулар жасалынып, әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Диссертация мәтіні түзіліп, ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасалынды.
Зерттеу әдістері:- зерттеу жұмысында келесі теориялық әдістер қолданылды: талдау, жинақтау (анализ бен синтез), контент-талдау, индукция, дедукция, салыстыру, нақтылау, жүйелеу, жіктеу (классификациялау), модельдеу;
- зерттеу жұмысында келесі эмпирикалық зерттеу әдістері қолданылды: бақылау, тексеру, бағалау, сауалнама, тестілеу, диагностикалау әдістері эксперимент әдісі, математикалық статистика әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: таным теориясы, тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, жүйе теориясы, мәдениеттілік философиясы, білім беру философиясы, даму философиясы, коммуникация теориясы, әлеуметтану, синергия теориясы, гуманистік педагогика, тұлғалық-бағдарлы оқыту теориясы, дидактика, жобалау теориясы, интеграция теориясы, жаңа педагогикалық технологиялар теориясы.
Зерттеудің базасы: Шымкент қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №44,
№65 гимназия-мектептерінің бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:- қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалды;
- қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды;
- қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды;
- қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үдерісінің құрылымдық- мазмұндық моделі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының нәтижесінде әзірленген «Табиғат - Мәдениеттілік әлемінің бастау көзі» атты қосымша білім беру сабақтар жүйесі мен интеграциялық бағдардағы тапсырмалар мен жаттығулар кешенін мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында және зерттеу жұмысының нәтижелерін болашақ мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында элективті курс ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:- Мәдениетті қарым-қатынас - болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге, халық даналығын жоғары бағалауға тәрбиелеу, даналар салған ашық жолмен жүрудің сенімді әдістерін меңгерту, мәдениетті мазмұндағы білімді белсенді алу үдерісі.
«Мәдениетті қарым-қатынас» пен «қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың» ұғым, түсінік ретіндегі нақтыланған мәні мен оның құрылымы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негізін жасаудың базасы болып табылады.
Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру - оқу пәндерін интеграциялау арқылы дүниені біртұтас тану үдерісі және сол арқылы әлемнің, өзін қоршаған ортаның тұтас бейнесін санасында мәдениетті әрекет, мінез-құлық, мәдениетті білімдер жиынтығы ретінде кіріктірілген тұлғалық сапаларының көрініс табуының кешені.
- Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиет-терін қалыптастыру үдерісі мотивациялық-қажеттілік, танымдық-интеграция-лық, тұлғалық-мінез-құлықтық құрамдас бөліктерінің бірлігін, оған сәйкес өлшемдер мен көрсеткіштердің біртұтастығы негізінде қарастырылады.
- Зерттеу барысында анықталған педагогикалық мүмкіндіктер қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуын оқу мақсаты, оқу құралы ретінде тану тұрғысында қамтамасыздандырады.
- Қарым-қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін құрайтын «Табиғат-Мәдениеттілік әлемінің бастау көзі» атты қосымша білім беру сабақтар жүйесі мен бағдардағы тапсырмалар мен жаттығулар кешені, интегративті әдіс оқушылардың өз ішкі мүмкіндіктерін, оқу-танымдық әлеуетін жетілдіруге және мәдениетті қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін іске асыруға деген ішкі ұмтылысын, мотивациясын дамытуға жол ашады.
Зерттеу жұмысының мазмұны бойынша 15 мақала жарық көрді.
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда 3-еуі жарияланды:
- Оқыту процесінде оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыруда дүниетану пәнінің мүмкіндіктері. //«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал. ‒ № 8/2. ‒ 2019. ‒ Б. 117-123.
- Қазіргі қоғамда оқушы бойында қарым-қатынасты қалыптастыру. //«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал. ‒ № 11. ‒ 2019. ‒ Б. 212-214.
- Оқушылардың қарым-қатынасын мәдениеттікке бағыттай отырып тәрбиелеу // Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. «Педагогика. Психология. Әлеуметтану» сериясы. - № 2(135) . - 2021. - Б. 164-171.
Шет елдік және Отандық халықаралық конференция материалдарында басылымдарда 11 мақала жарық көрді:
- Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу // IX Халықаралық әлеуметтік ғылымдардың «Қытайдан Адриатқа» Конгресі мен Халықаралық Наурыз саммиті, 20-23 наурыз. -2019. - Б. 476-484. Анталия/ Түркия (Г. Т. Сәдуақас) .
- Requirement of civilized development-humanization of society//8th international symposium on social studies education, november 7-9. - 2019. - Р. 336-
341. Ankara/ Turkey.
- The upbringing of the humane relations among primary school pupils//"Innovation Management and Technology in the Era of Globalization": Materials of the VII International Scientific-Practical Conference January 8-10. - 2020. -Р. 117-120, UK Volume II London (Г. Т. Сәдуақас 20) .
- Мәдениетті көзқарас қалыптастыру - ұрпақ тәрбиесінің бастауы //
«Innovation Management and Technology in the Era of Globalization»: Materials of the VII International Scientific-Practical Conference January 8-10. - 2020. -Р. 220-
224. -UK Volume II London.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz