АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ4

1. 1. А. Байтұрсынұлын терминжасамға әкелген саты4

1. 2. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ термині мен терминологиясының ерекшеліктері22

2. ҚАЗАҚ ЭТНОСЫ ГУМИЛЕВ ПАЙЫМДАУЛАРЫНДА33

2. 1 Терминология тарихынан: периодизация, проблематика33

2. 2 Л. Н. Гумилевтің пассионарлық теориясы45

2. 2 Авторлық термин: анықтамасы ұғымдар51

2. 3 Л. Н. Гумилевтің этногенезінің пассионарлық теориясының идиолектісі61

Қорытынды70

Пайдаланылған әдебиеттер:74

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазақ терминологиясы, оның ішінде
лингвистика терминдері мәселесін сөз еткенде, біз аса көрнекті тілші Ахмет
Байтұрсынұлы еңбектерін айналып өте алмайтынымыз ақиқат. Сол себепті қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретіндегі, әсіресе, терминология саласындағы оның ұшан-теңіз істерін таратып талдау және игеру қажет. Өйткені қазақ тіл білімінің мазмұны мен міндеттерін тұңғыш рет Ахаң еңбектерінде аса бір білгірлікпен баяндалған. Сол еңбектерге үңілген сайын лингвистика терминдерін жасаудағы оның көрегендігі мен тапқырлығына, білгірлігі мен біліміне тәнті болып отырасыз. Оның өз басы халық жауы ретінде айдалып кеткенмен, ол жасаған терминдердің бәрі дерлік кейінгі оқулықтар мен оқу құралдарына негіз болып орнығып қалуы тегін емес, әрине. Өмірден өзі аласталғанмен, адам жадынан баян тапқан атау сөздердің санаға сіңгені соншама, олардың бірде-бірі қолданыстан шығып қалған емес. Әлгі оқулықтар бойынша миллиондаған қазақ балалары сауатын ашып, білімін көтерді.

Шынында, А. Байтұрсынұлының қазақ тілі пәнінің терминдерін жасауы
теңдесі жоқ ерлік десе болады. Бұл қазақ терминологиясын қалыптастыру
барысында аса маңызды кезең ретінде өз бағасын енді-енді ала бастады.
Жалпы бүкіл қазақ мәдениеті, қала берді тілі мен әдебиет саласында
А. Байтұрсынұлын тарихи құбылыс ретінде тану керек. Оның еңбектері,
әсіресе, терминжасам тәсілдері әлі күнге ғылыми зерттеу объектісіне айнала
алмай келеді. Ал мұның тарихи тағылымдық тұрғысынан да, бүгінгі күн
зәрулігі тұрғысынан да маңызы зор. Бұл аталған тақырыпты зерттеудің
өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . А. Байтұрсынұлы тіліміздің бар
байлығын игеріп, тереңіне бара отырып, тіл қолданыста өзін өте еркін
сезінген. Тілдің өзіне тән заңдылықтары мен сөз тудыру жүйесіндегі нәзік
құбылыстарды айрықша сезімталдықпен танып отырған. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінде төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де түбірлі өзгерістер болғаны мәлім. Қараңғылықта күн кешкен халқымыздың сауатын ашу ол кездегі зиялылардың ең игі мұраты болатын. Осыған орай ірілі-кішілі түзіліп жатқан оқу құралдарына енгізілетін көптеген сөздеріміз атаулық қызмет атқара бастады. Дәл осы кезде сөзжасамның, яғни терминжасамның үлгісін көрсеткен А. Байтұрсынұлы тәжірибесінің теңдесі жоқ мол материал беретіні анық. Ендеше бұл теңдесі жоқ құбылыстың рөлі мен мәнін анықтаудың ғылым үшін зәрулігі айрықша. Сондықтан да біз А. Байтұрсынұлы жасаған лингвистикалық терминдердің негізгі белгілері мен автордың өз қолданысындағы ерекшеліктерін қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді шешуді міндет еттік:

- А. Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесін айқындау;

- А. Байтұрсынұлының қазақ терминологиясында алатын рөлін ашып
көрсету;

- Қазақ терминологиясын жасаудағы Ахметтің өзіндік ұстанымын
айқындау;

- А. Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесіне тоқталу;

- А. Байтұрсынұлы пайдаланған бірегей терминдер қатарын ұсыну.

Зерттеу әдістері . Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі,
сипаттама әдісі қолданылды.

Зерттеу нысаны . Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселесі, Байтұрсынұлының терминжасам тәжірибесі.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері . Жұмысты жазу
барысында Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен әдебиеттануға қатысты жарық көрген Тіл тағылымы және Ақ жол атты еңбектері, сондай-ақ ғалымның терминдеріне талдау жасап, оның теориялық тұжырымдарын дамытқан Р. Сыздықтың, М. Сүлейменнің, Ш. Құрманбайұлының, Ө. Айтбаевтың, Т. Қордабаевтың еңбектері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы .

- Ахмет Байтұрсынұлы төл терминдер жасаудың үлгісін ұсынған ғалым;

- А. Байтұрсынұлы термин жасауды теориялық тұрғыдан ғана көрсетіп
қойған жоқ, өз еңбектері арқылы іс жүзінде жүзеге асырды;

- А. Байтұрсынұлы тіліміздің бай қазынасындағы сөздерге жаңа мағына
берді, терминге айналдырды;

- А. Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімі терминологиясының негізін салған
тұңғыш терминші ғалым.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы . Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен
оқу құралдарын жасауда, терминология пәні бойынша лекциялар курсында
кеңінен қолданылады. Жұмыстың кейбір деректері ғалымның еңбектері туралы энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша терминологиялық сөздіктерде қолданыла алады.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ 1. 1. А. Байтұрсынұлын терминжасамға әкелген саты

Белгілі бір халық тілінің ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, т. б.
терминдерін тұңғыш рет дүниеге келтіріп, нақты бірліктерін бірліктерін
(сөздерін, тұлғаларын) жасау - нағыз ауыр жүк, тарихи жүк: қоғамның мәдени-әлеуметтік тарихында ерекше аталатын, үлгісі қалатын, теңдесі жоқ құбылыс. Осы жүктің қажеттігін дер кезінде таныған да, көтерген де, құлатпай, әрі қарай жеткізген де - Ахмет Байтұрсынұлы. Ал Байтұрсынұлын бұл әрекетке әкелген - тек жалаң ғалымдық борышты сезінуі емес, одан әлдеқайда жоғарырақ тұрған мақсаттарды жүзеге асыру идеясы болатын. Бұл идея жаппай сауаттылықтан, жалпы білім-ғылымнан кенжелеп келе жатқан қазақ халқын тегіс сауаттандыру, әйтеуір, сауат аштыру емес, ана тілінде оқытып, үйрету мақсатын көздеді [1, 19] .

Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму барысында жадтан шығаруға болмайтын жайт, ол - Ахмет Байтұрсынұлының өнегесі. Әңгімені бұлайша бастаудың бас­ты себебі өзімізде бар, болған кемел үлгіні есепке ала бермейтін күйге жеткеніміз. Қолына қалам ұстағанның бәрі дерлік термин жасағыш болып алды. Термин тарихын, табиғатын танып-біліп, оның жасалу жолдары мен принциптерін ғылыми негіздеген ғалымдар еңбегінен хабары бар болса бір сәрі. Өкініштісі, әркім өз топшылау­ларын ұсынып термин сөздердің табиғатын бұзып бітетін болды. Бұл бір жағынан елдің ғылыми аталымдарға деген ықылас, ниетін білдіргенмен, екінші жағынан кез келген адамның қалауынша шағып жей беретін жаңғақ еместігін де ұғатын кез ғой қазір.

Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму барысында жадтан шығаруға болмайтын жайт, ол - Ахмет Байтұрсынұлының өнегесі. Әңгімені бұлайша бастаудың бас­ты себебі өзімізде бар, болған кемел үлгіні есепке ала бермейтін күйге жеткеніміз. Қолына қалам ұстағанның бәрі дерлік термин жасағыш болып алды. Термин тарихын, табиғатын танып-біліп, оның жасалу жолдары мен принциптерін ғылыми негіздеген ғалымдар еңбегінен хабары бар болса бір сәрі. Өкініштісі, әркім өз топшылау­ларын ұсынып термин сөздердің табиғатын бұзып бітетін болды. Бұл бір жағынан елдің ғылыми аталымдарға деген ықылас, ниетін білдіргенмен, екінші жағынан кез келген адамның қалауынша шағып жей беретін жаңғақ еместігін де ұғатын кез ғой қазір.
Лингвис­тика­лық терминдердің негізгі бел­гілері мен­ автордың өз қолда­нысындағы ерек­шеліктерін қарастыруды мақ­сат етіп отырмыз.

Лингвистика терминдерін жасау үшін, ол жалпыхалықтың тіл лексикасын еркін де шебер пайдаланады, оларға нақты кызмет телиді. Бұлардың бәpi де лингвистика шеңберінде шектеулі қол­даныста күй кешкендей кө­рін­генмен, шебер қолданыс арқа­сында орын-орнына тұра қалған терминдерге тәнті боласыз. Бұ­лар мамандарға ғана емес, тіл қолда­ну­шылардың бәріне бірдей түсінікті. Байтұрсын­ұлы жасаған 10-20 жылдар ауқы­мында пайда болған терминдік атаулар сол кездегі әдеби тіліміз­дің бір бөлігі боп енді де, сол күйінде күні бүгінгі дейін ­тұрақ­ты түрде қолданылып келеді. Және бір ғажабы, А. Бай­тұрсынұлы алып келген бұл термин­дердің көбі қайта жасалатындай көңілге күдік келтірген емес. Егер қадағалап қарасақ тіл білімінің терминдерінің көбі әу баста нақты заттың, нәрсенің атауы болған ғой. Сондықтан бұл ұғымдар талай талқыға түскен болар деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Алайда бұл атаулар терминдік мәнде мызғымай тұр. Бұл жалпы қолданыстағы сөздер мен олардың терминологиялық тініндегі өзара үйлесіп жатқан сәйкестік пен байланысты дәл байқаудан болса керек. Міне, осындай сөздерді ол­ барынша көрегендікпен ірік­тей білген. Жоғарыда ескерт­кені­міздей, әлгі сәйкестік пен бай­ланыстың мықты болғаны соншама, қазақ лингвистикасының бүкіл терминологиялық жүйесі сол­ бастапқы күйінде әлі күнге қол­да­ныста.

Байтұрсынұлы заманынан бepi әлеумет­тік және қоғамдық өмірде сан алуан өзгеріс­тер болып жатса да, ол жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық танытуы таң қалдырмай қоймайды. Мұның басты ceбeбi - жасал­ған аталымдардың жалпы терминология теориясы талаптарына сай дәлдігі мен табиғилығында. Сонымен бірre бұлардың қазақ тілінің сөзжасам заңдылықтарына тән тәсілдермен жасалуында.

Қазіргі зерттеушілерді сүйсіндіретін - әрбір терминнің негізінде байырғы сөздердің тұратыны, соған қарамастан, сол байырғы сөздердің екінші термино­логиялық мәнінің екіұдайлық танытып, мағынаны алып қашпай, құрылымдық жағынан табиғиланып, орфографиялық жазылымы тұрғысынан да бірыңғайлық ішінде тұрақтануы.

Өзінің қолданыс қызметі жағынан дамудың өзгеше сапалы да жаңа жолына түскен қазіргі қазақ тіліндегі А. Байтұрсын­ұлының терминжасам тәсілдері және сол терминдердің өзі тәуелсіз мемлекеттер қауымдастығы және бүкіл түрік жұртшылығы үшін таптырмайтын үлгі болары сөзсіз. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы терминологиясын жасауда А. Байтұрсынұлы қолданған тәсілдерінің ауқымдығы, әмбебаптығы оның жақсы ізденгіштігін байқатады. Ұлттың тегін айқын танытып тұрған бұл сан алуан терминдер әр алуан тәсілдерді кеңінен пайдалану нәтижесінде пайда болған А. Байтұрсынұлының тамаша мұрасы болып табылады.

Термин жасаудағы өнімді тәсілдің бірi сөз тipкecтipy болып саналады. Ол мұны да өте тиімді пайдаланады. Құрамы бір компоненттi терминдер ойдан шықпай жатқан тұста, екі не үш компоненттен тұратын сөз тіркесіне көз тігеді. Осы тәсілмен жасалған терминдер саны едәуір. Міне, сондықтан А. Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін осындай көп компонентті терминдер табиғатын тексере отырып, біраз жайтты анықтауға болады. Әсіресе, бұлардың лексика-семантикалық (мәністік) құрылымын жан-жақты қарастыру қажет-ақ. Ғалымның ғылыми мұраларын алдын ала қарастыру барысында дәл осы тектес терминдердің лингвистика саласында молырақ кездесетінін байқадық.

Егер қазіргі тіл білімі саласындағы терминжасам тәсілдерінде көбінесе қалька­лау мен интернационалдық терминдер қабатын құрайтын кірмелер көбейіңкіреп тұрғандығын ескерсек, жалпы халықтық тіл лексикасын терминдендіру үлгісін емін-еркін қолданған А. Байтұрсынұлы тәжірибесін зерттеудің маңызы зор. Мәселен, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша, зат есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау, одағай, дегендердің терминдендірілуі бұл саладағы тамаша үлгі болып саналады.

Қазақ тілінің дыбыстық құрылымын сипаттауда А. Байтұрсынұлы фонологияға дейінгі түсінікті ұстануы бүкіл терминология жүйесін жасауға сеп болған сияқты. Ол тірек етерлік не дайын теория, не нақты лингвистикалық тәжірибе болған емес. Оның исламдық шығыстың кітаби дәстүріне сүйене отырып жасаған кейбір терминологиялық әрекеттері болғаны рас. Ондай үлгіде жасалған әрбір лингвистикалық термин тірек сөздердің әу бастағы лексикалық мағынасынан алшақтамайды. Нәтижеде лингвистикалық жаңа терминдері және оның мағынасы көңілге тез жатталып, көкейге қонып жатады. Әлгі тірек сөздің тұрмыстық мағынасы мен терминологиялық мәні тіл ие­леріне өте жақын әрі түсінікті болып отырады. Мұндай лингво-психологиялық паралельдер оған қазақ оқырманының оқу дәстүрінің әлі жоқтығы және соған лайықты арнайы лексика жүйесінің қалыптаспай жатқаны да себеп болған сияқты. Жасалған әрбір термин өзінің бастапқы лексикалық мағынасына жақын болған сайын, ол соғұрлым жеңіл игеріліп, тез қабылданып жатты. Сөйтіп, осындай сауатты әрекет нәтижесінде оқушылар сөздің әдепкі мәні мен оның ғылыми мағынасы арасында болатын психологиялық кедергіні жеңе бас­тады. Сол себепті де А. Байтұрсынұлы тер­миндерін жеке-жеке тиянақты түрде талдау қажет болады. Бұл қазақ тіліндегі әрбір лингвистикалық терминдердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерінің дәйектілігін, олардың жасалу көздерін анықтау үшін керек. Енді нақты мысалдарды тілге тиек етіп көрелік.

I. Жалпы, лингвистика терминология­сында А. Байтұрсынұлы «Тіл мүшeлepi» дегенді сөз, сөйлеу құрамы есебінде пайдаланады, яғни олардың бір-бірiнe өзара байланысты жиынтығы. Бұлар қазақ тұрмысындағы «мал (дене) мүшелері» деген ұғымға сәйкес келеді. «Мал мүшелері» деген алғашқы үлгі компоненттерінің құрылымдық бірлігі толығымен екінші туын­ды жүйеге ауысады, осының нәтижесінде жаңа пайда болған лингвистикалық терминнің ешқандай өзгелігі сезілмей қалады.

«Мәтін» ұғымының «лингвистикалық, единица» (жазылған бөлік емес) екені А. Бай­тұрсынұлына сол жиырмасыншы жылдардың басында-ақ белгілі болған. Ал қaзipгi тіл білі­мінде «лингвистикалық единица» ретінде бертінде ғана қолданыла бастағанын ескерсек, А. Байтұрсын­ұлының зерттеушілік зердесі мен түйсігіне сүйсінбеу мүмкін емес. Ол қазіргі «лин­гвистикалық единица» ретінде алынып жүрген «текстке» тепе-тең «сөйлеу» ұғымын енгізеді. Ахаң қазақ тілі жөніндегі талдамаларын, әуелі «сөйлеуден» тартып, содан кейін біртіндеп, оның яғни сөйлеудің кіші бөлшектеріне кіріседі. Сонда сөйлеу - сөз - буын - дыбыс деген жүйе сақталып отырады. Сөйтіп, лингвистикалық талдаулар ipi тұлғадан кішкене бөлшектерге бөліп қарайтын нақты бағыт-бағдарлама бойынша жүріп отырады. Сондай-ақ тіл үйрету, оқыту процесі де осы принцип бойынша жүргізіледі. Бұл принцип оған тіл элементтерінің (бөлшектерінің) сөйлеу «текстен» дыбыс, «әріптерге» дейін­гі бөлшектерін тауып, сипаттап беруге көмек­тескен.
Ал қазақ тілінің құрылымдық жүйесі әлі күнге кіші бөлшектен, яғни дыбыстан басталып, одан әрі ірі­леу лингвистикалық единицаларға ұластырылып сипатталады. Әйтсе де көптеген зерттеушілер назарының қазіргі кезде текске кө­бірек аударылуы те­гін болмаса керек. Өйткені мәтін ең ipi линг­вистикалық единица болып саналады да, өзгелері осының компоненттері есе­бінде қара­лады. Бұлардың фонетика-грам­матикалық белгілерінің бәрі осы мәтін арқылы, соның ішінде анықталады. А. Байтұрсынұлы өзінің барлық оқу құралдарында өзі тауып, өзі енгізген тек осы принципті ұстанып отырған. Сонда, қарап отырсаңыз, А. Байтұрсынұлының өз кезеңіндегі лингвистикалық ой-пікірді ғана емес, көп мәселеде қазіргі қазақ тіл білімі өкілдерінің көбінен ілгері оза ойлап отырғанын байқаймыз.

А. Байтұрсынұлының қай еңбегін қара­саңыз да, сол кезде бел алып, үстем­дік көрсе­тіп тұрған фонологиялық тео­рия­ға бірдe-бір сілтеме жаса­мағаны байқалады. Соған қарамастан, оның фо­не­тикалық ұғымдар жүйесін соншама бір зеректікпен түсініп жасауы қайран қалдырады. Қазіргі теория тұрғысынан қарасаңыз, мүлтіксіз жасалған бұл жүйені көре отырып, бұл кici кезінде фонетика саласындағы лингвистикалық теория жетістіктерімен таныс болмады ма екен деген ойға қаласыз.

Біз А. Байтұрсынұлының фонетикалық мұра­сына ғылыми талдау жасағанда, әрине, қазіргі лингвистика талаптары тұрғысынан қараймыз. Осы тұрғыдан қарағанда, ол жасаған теорияның тұғыры мықты екенін көреміз.

Алайда тілдің даму тарихы мен қалып­тасуы жайына үңіліңкіресек, тіл заңын үнемі бұзумен келгеніміз мәлім. Бұзу емей немене, орыс тілі арқылы сатылап бізге жеткен бөгде сөздерді, яғни интертерминдерді, кеңестік ұғымдар арқалаған русизмдерді Құран сөзіндей кие тұтып, сол күйінде бұлжытпай алу ауруына шалдықтық. Бұған етіміздің үйренгендігі соншама һәм кеңес­тік тіл тәрбиесінің өтіп кеткендігі соншама, мұны біз әлі күнге тіл байытудың ең тиімді де өнімді тәсі­лі деп жүрміз.

Шынында, ойсыз-күйсіз жан ауыртпай, даяр­ға ұмтылу салдарынан тіліміздің шырқын 70 жыл бойы бұзып келгенімізді ашып айтар кез келді. Сонау 30-жылдардың орта шенінен бас алған тіл бұзар зиянкестік әлі күнге жалғасып келеді.

Тарихқа жүгінсек, өзін және өз тілін құрмет­тейтін бірде-бір ел өзге тілдердің сөз­де­рін сол күйінде өзгертпей қабылдағаны жоқ екен.

Зер салыңыз, А. Байтұрсынұлы «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін алмастыра-алмастыра, ақырында ана тілінің қайда екенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан, мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударған­да, пән сөздерінің (терминдердің - Ө. А. ) даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болады (А. Байтұрсынов. Ақжол. Алматы, 1991. 350-351) ».
Ал Х. Досмұхамедұлы жат сөздерді қабылдау жөнінде былай дейді: «Тілге кірген жат сөздер сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен сай, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып тілдің шырқын бұзады, тілге зиян келтіреді. Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады».
Ана тіліміздің ішкі зандылығын мейлінше терең түсінетін Ахаң, Жақаңдар пікіріне құлақ асудың орнына тілімізді орыстандырудың әр алуан тиімді тәсілдеріне сөздік қорымыздың қақпасын айқара ашып тастадық. Осындай талғамсыз да талапсыздығымыздың кесірінен біз тілімізге интертерминдерді көбінесе саралаусыз қаптатып қабылдадык. Бұл бір қарағанда ана тілге жасалған қиянат, тіпті шапқыншылық сияқты еді. Heгe десеңіз, жат дыбыстардың жалынан ұстаған арнайы жасақ сияқты бөгде сөздер саны қазір тіл байлығымыздың 70-80% шамасын құрайды. Сөйтіп осының салдарынан барған сайын дамып, кең қанат жаюға тиісті деген төл байлығымыздың тынысы күннен-күнге тарыла түсіпті. Қазақ тілінің, қадірінің кете бастауының бір себебі осыдан да болар ма екен деген ойға қаласың.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының термин қалыптастырудағы рөлі
Терминтанудың тарихы тереңде
Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының дамуына қосқан үлесі
А.Байтұрсынұлы және терминология мәселелері
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz