Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 373. 881. 151. 02 Қолжазба құқығында

АБДИМАНАПОВА АКНУР БАУЫРЖАНКИЗИ

Ағылшын тілін оқытудың орта кезеңде диалогтік сөйлеуге үйрету

7М01301- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші PhDАбдуллаева П. Т.:

Ғылыми кеңесші PhD

Абдуллаева П. Т.

Ғылыми кеңесші PhDАбдуллаева П. Т.:

Шымкент, 2024

1

ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және филология» факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Байбекова М. М. пс. ғ. к.,

қауымдастырылған проф. м. а.

(ғыл. дәрежесі, атағы АЖТ)

«___ _ »2023 ж.

Магистрлік диссертация

Ағылшын тілін оқытудың орта кезеңде диалогтік сөйлеуге үйрету

Білім беру бағдарламасы: 7М01301- Бастауышта оқытудың

педагогикасы мен әдістемесі

Магистрант: Абдиманапова Акнур Бауыржанкизи

Ғылыми жетекші: Абдуллаева П. Т.

PhD

Шымкент, 2024

КІРІСПЕ . . .

1 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің теориялық негіздері . . .

1. 1 Ағылшын тілі сабағында диалог түрінде сөйлеуге үйрету әдісі . . .

1. 2 диалог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі- мәтін . . .

1 . 3 . Бөлім бойынша тұжырым . . .

2 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі

2. 1 Диалогты ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары

2. 2 Тәжірибе жұмысының қортындысы

3. ҚОРТЫНДЫ . . .

4. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген [1] . Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.
Ағылшын тілі - əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген.
Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру - қазіргі заман талабы. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Сондықтан оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым.
Қазіргі заманда білім адамды бұрынғыдай табиғатты өзіне бағындырып, дүниені игеру немесе өзгерту үшін қажетті ұғымдармен «қаруландырмай», керісінше адам баласының болмыс пен жаратылыс заңдылықтарын біліп, әлем мен дүниеге бейімделіп, өмірге «кірпіш» секілді «қалануына» әкелуі керек.
Білім адамға иман, ақыл мен даналық беріп, өзінің ішкі жан дүниесін ашып, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелеуі қажет, әр адамға өз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беруі керек. Сол арқылы адам өзін-өзі басқаруға, өз өмірін жоспарлауға үйренеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесі тұлғаның дамуын оның зияткерлік (интеллектуалдық) деңгейімен өлшесе (Бұл адам қандай деңгейде ақылды? деген мағынаны), бүгінде бұл мәселе тұлғаның өзіндік рефлексиясымен (яғни қоршаған, зерттеліп жатқан болмысқа деген адамның өзіндік көзқарасы, оның құндылықтарын, себептері мен салдарын, мағынасын түсінуі, өзіне-өзі есеп беруі мен бағалауы) байланыстырылады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготский когнетивті дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі отандық және шет елдік тарихи педагогикалық, психологиялық-педагогикалық еңбектердегі теориялық-әдіснамалық қағида-ларды басшылыққа алуымен, тұжырымдарға негізделуімен, зерттеудің мақсатына сай теориялық, эмпирикалық әдіс-тәсілдерді қолдануымен, алынған нәтижелерді қорытындылауымен қамтамасыздандырылды.

1 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ОРТА КЕЗЕҢДЕ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ

1. 1 Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі

Диалог сөзі гректің "діа1оgos" сөзінен пайда болған. Оның мағынасы - жалпы сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара әңгімелесу ұғымын білдіреді. Тіл білімінде ол екі не одан көп адамдардың кезектесіп сөйлесу формасын білдіретін термин ретінде қолданылады яғни, диалог - екі немесе бірнеше қатысушылардың бірігіп, бір тақырып төңірегінде пікірлесуі. Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі болады: келісу, талқылау, сұрақ-жауап, ойдың бірдей шығуы т. б.

Диалогті зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативті лингвистиканың негізгі нысанындарының бірі болып тұр. Қазіргі тіл білімінде қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Тұлға аралық қатысымның, диалогті қатысымның компоненттері ретінде мыналарды атасақ болады: 1) сөйлеуші мен адресат (субьект факторы жеке психологиялық, сөйлеушінің тұлғалық әлеуметтік ерекшеліктері; адресат факторына оның тең қатысымға дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар арасындағы интеракциялық және тұлғааралық қарым-қатынас) ; 2) сөйлеушінің коммуникативті ниеті, уәжі, қатысым мақсаты; 3) қатысым өтетін уақыт пен кеңістікке (коммуникативті акт барысындағы қатысымның жалпы әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени жағдаяттарына сүйенетін шарттарын белгілейтін экстралингвистикалық факторлар) байланысты шынайылық деңгейі; 4) белгілі бір қоғамдық және статустық рөлі бар коммуниканттардың өзара қарым-қатынасы; 5) қатысым жағдаятына сай пресуппозияларды (авторлық интенцияның дұрыс қабылдануы, өйткені сөйлесімнің прагматикалық мағынасы сөйлеуші мен адресаттың пресуппозияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығы, импликацияны анықтай алу қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады) [1, 12] .

Диалогтің мазмұны мен оны құрайтын сөйлемдердің құрылымы немесе жеке сөздердің тұлғалары әр түрлі болып келеді. Мысалы:

- Жүр мына дүкенге кірейік!

- Не істейін деп пе едің?

- Тапсырыс берген болатынмын, түссе, алайықшы.

- Жүрсең жүр! (Айымбетов М. «Нәзік жаңғырық»)

Демек, мұндай репликада сұраққа тура жауап болмаса да, репликалардың мазмұнынан екі адамның бірін-бірі түсініскені білініп тұр. Сөйтіп, диалогке қатынасушы адамдардың сұрақ - жауап немесе керісінше, жауап-сұрақ түріндегі сөздері жағдайға және сол диалогтің алдында немесе одан кейін айтылған сөйлемдерге байланысты. Диалог ауызекі сөйлеу тілінде де, көркем әдебиет шығармасында да көп кездеседі. Алайда диалогтің екі түрінде елеулі айырмашылық бар. Бірінші жағдайда әңгімеге қатынасушылар сөздің орын тәртібін, сөйлемнің құрылымын немесе сөз тазалығын таңдамай сөйлесе береді, ал көркем шығармада ондай диалогтер автордың үлкен толғанысын, суреттеліп отырған кейіпкерлердің бейнелерімен, оқиғамен байланысты ой елегінен өткізіледі. Қысқасы, диалог жазушының индивидуальдік (даралық) стиліне және жанрдың ақпараттық - эстетикалық нормасына тікелей қатысты болады.

Диалог сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасында қарым-қатынас орнауына себеп болатын коммуникативті жағдаят; прагматика үшін маңызды-тыңдаушының сөйлеу мәнісі мен оның коммуникативті интенциясына негізделген-тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы диалогті құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы диалог қалыптасады. Диалогті бір ғана мақсат құра алмайды, сондықтан, әртүрлі сөйлесім түрлері, мысалы, диалогті бастаушы сөйлесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті мәліметті алудан басталғанымен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым - қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі - оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.

Қайсы тілде болсада, диалог құрылуы үшін төмендегідей пинциптер орындалуы қажет.

1. Коммуникативті ынтымақтастық принципі диалогті сөйлеу формасы ретінде айқындаудың жалпылығы мен орнықтылығын белгілейді. Коммуникативті мақсатқа сәтті жетуге ұмтылған сөйлеу әрекеті белгілі ережелерге бағынуы, үйлесімді болуы тиіс. Коммуникативті қатысым кезінде сөйлеу этикетінің ережелерін ұстанып, орнықты және дұрыс жауап қайтарылуы тиіс.

2. Әрекеттесу принципі сөйлеудің құрылымында әңгімелесушілердің екеуінің де белсенді атсалысуын ұсынады. Коммуникация процесін басқару үшін әңгімелесушілердің коммуникативті бағдарламасының өзара келісімі, коммуникативті интенцияның үйлесімділігі мен қолданылу аясының коррекциясы талап етіледі.

3. Әсер ету принципі әрекеттестік принципімен тығыз байланысты. Әсер ету жоқ жерде, әрекеттесу де жоқ. Тыңдаушыға әсер ету сөйлеушінің коммуникативті интенциясының вербалдануына тікелей байланысты.

4. Коммуникативті-прагматикалық үстемдік принципі сөйлесімнің нақты коммуникативті-прагматикалық құрылымы семантикалық құрылымның бір компонентінің үстемдігіне байланысты болады. Көп жағдайда фунционалды-прагматикалық доминант пропозиция компонентімен әрекеттеседі. Сөйлемнің экспрессивтік деңгейі өзгереді.

5. Коммуникативті толықтық принципі коммуникативті үстемдік принципімен тығыз байланысты. Коммуникативті интенция - анық та нақты көрінген иллокуцияны (сұрақ, тілек, кеңес, т. б. ) ғана емес, сонымен бірге, сөйлесімнің эмоционалды, экспрессивті, көркем сипаттарын да қамтиды.

6. Алдын алу принципі адамның жиған тәжірибесінің нәтижесінде коммуникация процесінің өту барысына сай белгілі реакцияға дайын бола алу қабілеттілігі. Сөйлеу жағдаятындағы тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен байланысты қалыптасады [5] .

1. Сұрау-жауап алу диалогі. Тілдің қатысымдық, хабарлау қызметі түрліше жағдайда іске асады. Қатысымның қызметтік мақсаты бастапқы сөйлеуші екінші әңгімелесушіге сұрақ қояды да, одан жауап күтеді. Бірінші, сөйлеушінің сөзі сұраулы сөйлем болуы семантикалық- құрылымдық моделі ретінде барлық диалогке тән. Бұл диалогке қатысушылардың біреуі актив, екіншісі пассив қызмет атқарады. Алғашқы сұраулы сөйлем диалогтің тақырыбын бір бағытқа қойып, сөйлеушілердің логикасын анықтауға қызмет етеді. Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" атты шығармасынан мысал:

- Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға

- Әбдірахман ғой, - дедім.

- Әбдірахманың кім?

- Қазақбайдың баласы.

- Иә, әлгі учитель баласы ма?

- Иә.

2. Хабарлау диалогі. Бұл диалог қатысымдық-хабарлау қызметін атқарады. Диалогті ашушы, өз алдына хабарлаушы адамдары болады. Айтушының қатысымдық мақсаты - нақты бір хабарды жеткізу. Бұл мақсат өзіндік бейнесінде бір нәрсені сұрай сөйлеуінде, жауап қайтаруында білінеді. Екінші қатысушы диалогте актив қызмет атқарады.

- Не болды?

- Қазанғап қаза болды.

- Қашан?

- Әлгіде ғана байғұсқа әлдене керек емес пе екен деп үйіне кіріп едім, шамы жанып тұр, өзі төсегінде жатыр. Бірақ, сақалы аспанға шаншылып қалыпты. Жақындап барып, "Қазеке, Қазеке", -деймін, "ыстық шай ішесіз бе? "- деймін. Сөйтсем жүріп кетіпті. (Ш. Айтматов. «Боранды бекет») .

3. Әңгімелесу диалогі. Әңгімелесу диалогінің хабарлаушылық бағыты жоғары тұрады, нәтижесінде қатысушылардың пікірлесуі күшейеді, тұлғалық жағы ашылады. Әңгіме бір немесе бірнеше затқа байланысты айтылуы мүмкін. Әңгімелесу диалогінде құрылымы бір-бірін жалғастырушы сөйлем бірлігі, қайталай сөйлеу болады. Бірден жауаптың сапасы әңгімелесуде көрінеді, диалогтің құрылуы (сәлемдесу, құттықтау, сұраулы сөйлемдер), олардың мақсаты әңгімелеушінің пікірлесуге ниеті бар ма екенін анықтауды көздейді. Мысалы:

- Шөпті қанша алдыңдар?

- Сұрама шырағым. Мынау алаптан Қосымға екі мың шөп шауып
беретінбіз ғой. Осы алап бізге тигесін шөпсіз болармыз ба! Қазынадан
алған екі машина салып жіберіп едік, бір айда жылға жететін шөп түсіреді.

  • Газет, журнал оқисыңдар ма?
  • Оқығанда біз оқиық. Кешке таман жұмыстан келгесін біздің үйге жиналып аламыз да, Сембек оқиды, біз тыңдаймыз. Көбіміз хат білмейміз ғой. Қыстыгүні оқу үшін, Болжықтың бір бөлмесін үлкенірек етіп салдық. ( Ғ. Мүсірепов. «Қос Шалқар») .

4. Қоштау диалогі. Модальдік диалогтің бұл түріне әңгімесушілердің пікірлерінің сәйкес келуі, тән екі қатынасушы жақ та актив болады, бірдей дәрежеде пікірлерін айтуға тырысады. Қоштау диалогінің ішкі сөздік нәтижесі болмайды, негізгі құрылымы лексика-синтаксистік паралельдік арқылы диалог бірлігін құрайды. Сөйлеудің дамуы жауаптың бірін-бірі қолдауымен, алынған хабардың мазмұнына сәйкес, екі қатысушының ойлары бірдей, бір уақытта айтады, толықтырады, нақтылайды. Сөйлеушілер қоршаған адамдарды, оқиғаны бірдей бағалауы мүмкін, бірдей сезімде болады. Мысалы:

Өткен жазда ғана Сырдариядан отгонға тартылған каналды қазып жатқандарға барып қайтқаны есіне түсті. Ол арадағы сайлаушылары:

- Автолавка айына екі-ақ рет келеді.

- Автоклуб одан да сирек.

- Артистерді, жазушыларды көретін күніміз бола ма? - десіп
қалған (Ғ. Мүсірепов. «Қос Шалқар») .

5. Егес диалогі . Модальды диалогтің мағыналы түрі. Онда қатынас екі немесе бірнеше қатысушылардың сөйлесулерімен жүзеге асады. Егес диалогінде әр сөйлеуші бір-бірінің пікірлерімен келіспеушілікте болады. Екі сөйлесушінің біреуінің пікіріне екіншісінің пікірі сәйкес келмеуінен талас туады, сөйлеушілер бір затқа, бір оқиғаға өз ойларын айтады, бірақ бір мәселеге әр түрлі пікірлері, әр түрлі көзқарастары болуы мүмін. Сондықтан, әр сөйлеуші өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады, ол үшін дәлел іздейді, өзінің бәсекелесінің әлсіз жағын табуды көздейді. Мысалы:

- Мен кіріс деп жалынбаймын. Адам деп айтқан сөзге осылай
қарау лайық болса тарта бар. Болмаса, реті жоқ десең, оны айт.

  • Турасын айтқанда, реті жоқ қой деймін.
  • Ол біреудің аузынан уызы арылмаған жас баласы. Сен жерортаға келген адамсың. Обал қайда?
  • Неге бермесін, малдың боғын жегелі отырған кедей, көзіне көпмал көрсетсе, бермек түгіл лақтырып жіберер . . .
  • Малға ағасы қызықпайды, бермейді!
  • Мен алам.
  • Қалай аласың? Зорлық қыласың ба?

- Зорлық қылғанда кайтесің ?

- Жоқ, қыла алмассың !

  • Көрерсің!
  • Көрсек көрерміз (С. Мұқанов. «Алма бағында») .

6 . Мақсатты диалог . Сөйлеушінің тыңдаушыға байланысты шараларын, қасиетін айтып салуда ол өзі көздеген мақсатына жетеді. Осының нәтижесінде пайдалы әрекеттері болашаққа ұмтылуды көздейді. Сөздік іс-қимыл, ойды айтып салуда анықталған мақсат болады, ішкі сезім толғанысын оятады. Сөйлеу әрекетінің дәлелдік және мақсаттылық жағы айтушының әрекетті, ойды айту, тудыру себебі болады.

Мақсатқа жету диалогінің компоненттерінің семантикалық-құрылымдық моделі үш мүше бірлігінен тұрады (қорыта сөйлеу, мағыналы-анықтаулы хабарлы, сұраулы сөйлем, жауап күте сөйлеу немесе сұраққа жауап ретінде қайталай сұрау) . Мысалы:

  • Әй, имансыздың ісін қарашы . . . Е, айта бер . . . Шешесі қайтіпті?
  • Шешесі ойбайын салып қызына жабысқан екен, "сенің керегің жоқ, сүйгеніме қосыламын" - деп милициялардың арбасына мініп алыпты, - дейді . . .
  • Астапыралда-ай, құдай-ай, не сұмдықты көрсеттің-ау! . . . Не деген бетсіздік еді!
  • Сол қыз биыл ауылына келген екен. Ауыл да жағасын ұста отыр дейді. Бұрынғы киімнің бәрін тастап, құйрық-жалын күзеген байталша, сып-сида болып, коммунистің киімін киіп алса керек, мойнында кресі бар дегенді де айтады . . .
  • Не дейді, шешей-ау! Рас дей ме? Ол бетпақты ауылдан неге қумайды?
  • Қайдан қусын, қит етсе коммунисіне айтады.
  • Бәсе, десейші . . . Ай, заман азды ғой. Кешегі біздің жас күндерімізде, ол Биағаларды қараңғы үйге қамау түгіл, жан бетіне қарай алмаушы еді . . . Өзіміз өткен өмірімізде сол кісінің үстіне кіріп көрген емеспіз.
  • Ол атамды ұрлыққа араласқаны үшін жауапты дейді ғой, - депесік жақта отырған жас әйел Рәш күңк ете қалды. (Б. Майлин. «Раушан-коммунист») .

Экстралингвистикалық факторлар сөйлесімдердің жұмсалу себебін негіздейді, бірақ диалогтің құрылымын, шегін, төменгі белгілерін анықтаушы шарт бола алмайды.

Диалогтің табиғаты диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің тиісті жауап реакциясының тууына түрткі болатын репликалардың алмасуында ашылады. Диалогтік қатысымның дәл осы ерекшелігі қазіргі уақыттағы диалог теориясының репликаларды реплика-стимул мен реплика-реакция етіп бөліп, диалог барысындағы олардың орнын да белгілеген болатын. Диалогті зерттеуде психологиялық және психолингвистикамен шектесетіні белгілі. Өйткені, таза лингвистикалық зерттеулер ауызша қатысымның барлық аспектілерін толық сипаттай алмайды. Қазіргі тіл білімінде диалогтің құрылымы мен сипатын анықтайтын мәнбілерді қарастыратын, экстралингвистикалық жағдайларды ескеретін психолингвистикалық бағыттың динамикасы байқалады [1, 13] .

Қарым-қатынастың диалогтік бірлігін анықтауда басшылыққа алынатын принцип-мақсаттардың өзара әсерінен туындап өзара үйлесетін кем дегенде екі түрлі сөйлеу бірлігі (көндіру - қарсылық білдіру) жасалады. Шағылысқан сөйлеу бірліктері коммуникативті бағдарына қарай негізгі және қосалқы түрлерге бөлінеді. Соңғылар негізгіні дәлелдейді, түсіндіреді. Олар әр түрлі қызметте жұмсалуы мүмкін. Сөйлесім мақсаты жасырын не ашық түрде көрінеді.

  • Апа-ау, кедейлер малын бақпай қойса, қайтер еді?
  • Қайтсін? Өзі баға алмас еді, малдан айырылар еді.
  • Ендеше неге сөйтпейді?
  • Ойбай, қарағым-ау! Туысы бір болған соң, қимайды. (Б. Майлин. «Раушан-коммунист») .

Сөйлеушінің сұрағы қарсы сұрақ пен дәлел жауапты қалыптастырады. Жауаптың мазмұны келесі сұрақты - нақтылаушы сұрақты туғызады. Нақтылау, ашу мақсатында жауап алуды көздейді. Онсыз сұхбаттың аяқталмайтындығын аңғартатын мақсат та бар. Сондықтан, тыңдаушы оның сол сұрағына ғана жауап беріп отыр. Диалогке тұтастық сипат беріп тұрған сөйлеу актілерінің мазмұндық жағы мен оның бір бағытта дамуы болып отыр. Ал ол сұрау есімдіктерінің көмегімен жүзеге асады.

Бұдан шығатын қорытынды мақсаттардың өзара ықпалы диалогтік бірлікті қарым-қатынас жасаудың тұтас ауқымды сипаттағы түріне айналдыра алады. Бұл тұтастықтар қайталанатын кем дегенде екі бірліктен құралады. Қайталау жай өзгеріссіз қайталану емес, жаңа мазмұнда, қосымша мақсаттардың үстемеленіп қайталануы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Ауызша сөз түрлері
Ауызша сөзге үйрету
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz