СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Шымкент, 20 ж.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері
1. 2 Жоғары оқу орнындағы педагогикалық іс-тәжірибенің тарихи- педагогикалық сипаттамасы
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ
МАҢЫЗЫ
2. 1 Мектепте болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-тәжірибесін кешенді ұйымдастыру жолдары
2. 2 Педагогикалық практиканы ұйымдастыру ерекшеліктері
3ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТАЛАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 3. 1 Тәжірибені өткізу бойынша негізгі оқу-әдістемелік құжаттарҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (2011. 24. 10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. «Білім беру қызметін ұйымдастыру»
5-тарау 38-ші бабында Білім алушылардың кәсіптік практикасы төмендегідей пунктерден тұрады:
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын кәсіптік оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіптік практикасы тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
2. Кәсіптік практикасының түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.
3. Кәсіптік практиканы өткізіу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары күнтізбелік кестелерін бекітеді. Шарттарды білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.
4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын ұйымдарда көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.
5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар білім алушылардың кәсіптік іс-тәжірибесін өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.
Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім - бұл болашақ маман. Осы тұрғыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады. Бастауыш мектеп педагогикасы- арнайы ұйымдастырылған бастапқы тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Бастауыш мектеп педагогикасы адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға - мұғалім.
Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теориялық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр. Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық үрдісті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.
Жоғары оқу орындарында теориялық білім берумен қатар педагогикалық іс-тәжірибені қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол.
Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе негізгі және шешуші роль атқарады. Ол жоғарғы оқу орнының тұтас педагогикалық үрдістен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қаматамасыз етеді. Педагогикадан, психологиядан, анатомиядан, физиологиядан, жеке методикалардан арнаулы ғылымдардан алған білімдерін нақтылайды және байыта түседі. Педагогикалық практиканы өту барысында студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады, оның шығармашылық өзінділігі, педагогикалық құбылыстарды зерттеуге қабылеті дамиды, педагогикалық ойлауы, тәрбиелік жұмыстың дара стилі қалыптасады, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.
Педагогикалық практика мына шарттар арқылы өткізіледі:
- Болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің обьектісі-тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
- Студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері;
- Психологиялық-педагогикалық ғылымдардың және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы;
- Бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау.
Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламаларымен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа буын оқулықтарының енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.
Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі даму және бір-бірімен байланыста болатынын түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық іс-тәжірибе кезінде қалыптасады.
Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н. К. [1], К. Д. Ушинскийден [2] бастап, Сухамлинский В. А. [3], Каменский Я. А. [4] . А. С. Макаренка [5] т. б. атақты педагог классиктердің бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлардың болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық іс-тәжірибенің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық іс-тәжірибенің өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар.
Ғалым педагогтар, психолог, әдіскерлер: О. А. Абдуллин [6], Б. Р. Айтмамбетов [7], А. Е. Әбілқасымова [8], Л. К. Керімов [9], Н. Д. Хмель [11], Халықова К. З. [10], Қ. Әбдіжамитұлы [12] педагогикалық м іс-тәжірибенің мақсатын, мәнін зерттеу барысында оны жастарды мұғалімдік қызметке дайындаудың бірден-бір үрдісі ретінде дәлелдейді. Бұл зерттеулердің әр қайсысы мұғалім дайындау мәселесінің әр саласына арналған. Бірі педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының жүйесін ашса, енді бірі студенттерді маман етіп дайындауда педагогикалық іс-тәжірибенің білімдік, тәрбиелік мәнін жүйелеуге арналған.
Теориялық, әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алғанда да, педагогикалық жоғарғы оқу орнында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптарға жоғары білімді маман дайындауға арналған білім стандарты мен типтік оқу жоспарының мазмұнынан туындайды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне сан-салалы ғылымдар негізінен теориялық берумен бірге бірнеше пәнді қатар оқытудің әдістемесін меңгертіп, олардың әрқайсысына тән мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктерін жете білетін маман дайындау жан-жақты зерттеуді керек ететін күрделі мәселе.
Зерттеудің мақсаты: педагогикалық іс-тәжірибе барысында бастауыш сынып мұғалімдерін қазіргі талапқа сай кәсіби шеберлікке баулудың педагогикалық және әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу объектісі: жоғарғы оқу орнында бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі.
Зерттеу пәнi: ЖОО-ның студенттері
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен мектеп тәрбиесін біріктіре отырып, мектеп пен жоғары оқу орнына негізделген тәжірибе беру үрдісінің жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық -психологиялық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған жеке тұлға мен сана-сезімі оянған жастарды кәсіби біліктілікке тәрбиелеуге мүмкіндік туады.
Зерттеудің мiндеттерi:
Жоғары оқу рындарында мұғалім кадрларды дайындаудың әсіресе, бастауыш мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін жетілдірумен айналысудың даму тарихымен танысып, оны ғылыми тұрғыда тұжырымдау негізінде алдыңғы қатарлы әс-тәжірибелерді анықтау.
- Мектептердегі педагогикалық іс-тәжірибенің қазіргі жағдайын саралап, кездескен кемшіліктерді жоюдың жолын ұсыну;
- педагогикалық іс-тәжірибе барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бағдарламасын жасау;
- бастауыш сыныптардағы педагогикалық іс-тәжірибенің алдын-ала жүргізілетін жұмыс түрлерінің жүйесін жасау;
- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін баулудың әдістемелік нұсқауын эксперимент нәтижесінде ұсыну;
Зерттеудің жетекші идеясы: тәжірибелі оқытушылар мен мектептің озық үлгілерін пайдалана отырып, сонымен қатар жоғары оқу орнының педагогикалық іс-тәжірибенің қалыптастыру арқылы ұлттық сана-сезімі оянған, жан-жақты жетілген жастар тәрбиелеу.
Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне философия, социология, мәдениеттану, этнопедагогика, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған адамгершілік теориясына қатысты қазақ ағартушыларының идеялары мен еңбектері, гуманистік ілімдер, этномәдениет, этнос және этнопсихология саласындағы тәжірибелі зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, ұлттық мектепте гуманитарлық, этномәдени білім мен тәрбие беру; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық теориялар; жеке тұлға және оны дамытудағы қарым-қатынас, басқару қызметі және тәрбие теориясымен байланысты педагог, психолог, социолог ғалымдардың еңбектері негізге алынып отыр.
Зерттеу әдістері: мектептегі және педагогикалық жоғарғы оқу орнында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
-жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауға арналған білім стандартының мазмұнын жасау;
-педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспа материалдарымен танысу, оларға талдау жасау;
-бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқауларға шолу;
-жоғары оқу орнының педагогикалық іс-тәжірибеге арналған оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқауларымен танысу;
-бастауыш сыныптарда студенттердің өткізетін педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және әдістерімен танысу;
-педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу;
-мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу;
-жоғары оқу орнындағы педагогикалық іс-тәжірибенің алдын-ала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен танысу;
Зерттеу көздерi: Педагогика және психология тарихы мен теориясы, философия, этнопедагогика мен этнопсихология саласындағы ағартушылардың ғылыми еңбектері, ресми оқу-әдiстемелiк құралдары мен басылымдар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары және тағы басқалар.
Зерттеу базасы: Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
-жоғары оқу орнының педагогикалық іс-тәжірибеге арналған оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқауларымен пайдаланды;
-бастауыш сыныптарда студенттердің өткізетін педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және әдістерімен танысты;
-педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу;
-мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен бөлісті;
-жоғары оқу орнындағы педагогикалық іс-тәжірибенің алдын-ала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен жұмыс жасалды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
-жоғары оқу орнының педагогикалық іс-тәжірибеге арналған оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқауларымен танысу;
-бастауыш сыныптарда студенттердің өткізетін педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және әдістерімен танысу;
-педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу;
-мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу;
-жоғары оқу орнындағы педагогикалық іс-тәжірибенің алдын-ала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен танысу;
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жоғары оқу орнының педагогикалық іс-тәжірибеге арналған оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқаулары;
- бастауыш сыныптарда студенттердің өткізетін педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұнымен, құрылысымен, оны ұйымдастырудың түрлерімен және әдістері;
-педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу және сауалнамалар жүргізу;
-мектептегі оқу процесін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелері;
-жоғары оқу орнындағы педагогикалық іс-тәжірибенің алдын-ала жүргізілетін жұмыстардың мазмұнымен танысу;
Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi: зерттеу объектiсiндегi негiзгi тұжырымдардың әдiснамалық тұрғыда дәйектi дәлелденуiмен, зерделеу назарына iлiккен теориялық материалдарды объективтi тұрғыда талдаумен, алға қойған мақсаттарға сай пайдалануымен және зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлдi.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерiн сынақтан өткізу:
Зерттеу нәтижелері диссертанттың авторлық жобалары мен практикалық тәжірибелері арқылы жүзеге асырылды. Оның негізгі идеялары халықаралық
ғылыми журналдарда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы.
Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде ғылымда және білім беру жүйесінде интеграция процестерінің жедел жүзеге асуының маңыздылығы тұсында, танымның диалектикалық бірлігі және шындықтың қайта құрылуының маңыздылығы арта түсуде.
Педагогикалық іс-тәжірибе әр түрлі, әсіресе интегралды, кешенді білімді қолдануды қажет етеді, сондықтан оны қолданудың соңғы нәтижесі жаңа білім алу және жаңа іскерлікке үйрену болып табылады. Педагогикалық мамандықтың мәнін тану және меңгеру ұзақ уақытты керек етеді де, әлеуметтік дамудың әрбір кезеңінде оқу-ағарту ісіне жаңа талаптар мен міндеттер қойылған сайын жаңарып, жасарып, дамып отырады.
Қандай да болмасын маман дайындау мәселесінің нәтижелілігі теориялық білім мен практикалық іскерліктің қабысуынан келіп туындайтыны белгілі. Осыған байланысты педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі міндеті студенттің педагогикалық ойын дамытып, іскерлігін шыңдау.
Педагогикалық іс-тәжірибе студенттердің өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, өз икемдігі мен талантын анықтауына да көмектеседі. Себебі, қазіргі таңда педагогтар алдына қойылып отырған талаптардың басты бір саласы - мұғалімнің, жалпы адамның өзін-өзі бағалай білуі. Сырттан біреудің берген бағасынан гөрі адамның ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін есептей отырып, өзін-өзі анықтауы оның бойындағы күш-қуатты шығарып қана қоймай, білімі мен тәжірибесін орынды жерінде, тиімді пайдалануына жағдай туғызады.
Педагогикалық іс-тәжірибе мамандық бойынша оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін саралауға, іріктеуге, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді тиімді қолдануға да үйретеді. Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінің оңтайлы, қолайлы, жаңа түрлерін бақылай білуге, анықтауға, бағалауға, талдауға, қорытынды жасауға да төселеді. Басқа педагогтың жұмысындағы жақсы жақтарын көре білу үлкен дайындықты, мұғалімдік этиканы, мәдениеттілікті, білімділікті қажет етеді.
Өз ісін жете білетін маман дайындауда педагогикалық іс-тәжірибенің алатын орнын айтып қана қоймай, оның ішкі мазмұнын түпкі мақсатын түсінген педагогтар бұл туралы өз пікірлерін ертеден-ақ ортаға салып келеді. С. Т. Шацкий “Жас мұғалімдер өмірмен байланысты педагогикалық ортада үйрену керек. Жастар үшін академиялық қажеттілікпен шектелу және практикалық қызметке сырттай бақылаушы ретінде қарау зиянды. Өз күшімізді байқау үшін курстардың арнайы жағдайларында пайда болған идеяларды тексеріп көруді дамытуымыз керек”-деп, атап көрсетті [11, 69] . Осы сияқты Ресейдің әлеуметтік тәрбие беру Академиясын басқарған белгілі педагог П. П. Блонский де өз естелігінде “Тек лекциялар мен кітаптар арқылы ғана педагогикаға үйрену мүмкін емес, сонымен бірге практика қажет, бірақ ол дәл көшірме емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы керек”-деп жазған болатын [11, 75] . Сонымен қатар, Н. П. Блонский теориялық білім мен практикалық процестің үйлесімді бірлікті болуын жақтады. Осы бағыттың жалғасын қазіргі көрнекті ғалымдар О. А. Абдуллина [13], Ю. К. Бабанский [14], Н. И. Болдырев [15], И. В. Кузмина [16], Б. Я. Гудзенко [17], В. А. Сластенин [18], т. б. еңбектерінен де кездестіруге болады.
Іс-тәжірибе таным әдісінің өзі болып табылады. Шындығында, студенттер іс-тәжірибе кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.
Іс-тәжірибе жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез-келген ғылым саласына маман дайындауда да іс-тәжірибе осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде танымның концепциясын әр-түрлі түсіндіру кездеседі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылыми ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексеріледі.
Студенттің танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға, деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтижелеріне тікелей байланысты. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы педагогикалық іс-тәжірибе.
Методологиялық білімнің абстрактілі негізі жанама немесе тікелей іс-тәжірибеге бағытталатынын атап өту керек. Студент мұғалімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық іс-тәжірибе болашақ педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың ара қатынасын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды. Педагогикалық іс-тәжірибені студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде құрастыруға болады.
Жоғарғы оқу орнында маман дайындау мәселесінің жаңа бағыт, жаңа мазмұн, жаңа мақсатқа ие болуына байланысты, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында мектептерге мұғалім мамандарды дайындау күрделі де, жауапты да істердің біріне айналып отыр.
Нормативтік құжаттар бойынша жоғары оқу орнына келген студенттер алғашқы күннен бастап-ақ, педагогикалық, психологиялық арнаулы пәндер теориясымен қатар жеке пәндер әдістемесін оқып, семинарлық, практикалық сабақтар барысында мұғалімдік жұмыстың қыры мен сырына төселе бастайды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі іс-әрекеттерімен танысып қана қоймай, сабақ және тәрбие жұмыстарының жоспарларын жасайды.
Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық және практикалық білімдері үшінші курстан бастап педагогикалық іс-тәжірибемен жалғасады. Бұл бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға бүртұтас үрдіс ретінде қарап, педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру, сол арқылы кәсіптік шеберліктерін дамытуды педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеудің керектігін көрсетеді.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өз дәрежесінде шешу үшін ең алдымен адам жайындағы ғылым салаларын меңгеріп, күнбе-күн жедел қарқынмен өсіп, дамып отыратын жасөспірімдерді анатомиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, өз іс-әрекетінде осы ерекшеліктерді ескере білетіндей, әрежеге жетуі тиіс. Сонда ғана мұғалім оқушылармен бірлестікте жұмыс істеу тәсілін меңгеріп, олармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz